Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні:20.04.2021ж

Білім-беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Сауат ашу негіздері

Тақырыбы: «Дыбыстар еліне саяхат»

Мақсаты: Балалардың дыбыстар туралы алған білімдерін бекіту, сөзге дыбыстық талдау жасай білу, буын туралы түсініктерін кеңейту. Жуан және жіңішке дыбыстарды ажырата білуге үйрету.Дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білуге үйрету. Әріптерді танып білуге деген қызығушылықтарын арттыру. Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ойын – ойнау арқылы сөздік қорларын дамыту.
Балалардың білімдерін жетілдіру және қызығушылықтарын арттыру

Әдіс-тәсілдер: (сұрақ-жауап,слайд,түсіндіру,сергіту сәті,сурет көрсету арқылы)

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеттері
Мотивациялық-қозғаушылық Балалар,бүгін бізде ерекше күн!

Бүгін бізге қонақтар келіпті,қане,амандасайық.

Білер қазақ баласы
Сәлем – сөздің анасы

Өнегелі өренбіз.

Ұл – қыз сәлем береміз

Шаттық шеңбері

— Балалар, шаттық шеңберіне жиналайық!

Біз қандаймыз қандаймыз
Күліп шыққан таңдаймыз
Біз қандаймыз қандаймыз
Күлімдеген күндейміз
Ренжісуді білмейміз.
Біз бір құшақ гүлдейміз.

Ұйымдастыру-іздестіру Балалар, келген қонақтарға өзіміздің білімімізді көрсетеміз бе?
Балалар,мен жұмбақ жасырамын,ал,сендер шешуін табындар.Апам менен атамнан,

Домалап кеп қашамын.

Өлең айтып тақпақтап,

Ойдан,қырдан асамын.

Кезіксендер,балалар,

Тағы әнге басамын.

Қай ертегі деп ойлайсыңдар?  Ендеше «Бауырсақ» ертегісін есімізге түсірейік.

Балалар,бүгінгі бұл ертегінің ертегінің мазмұны өзгерген. Ертегіде бауырсаққа жолыққан кейіпкерлердің тапсырмалары болады, соны орындаса  бауырсақты босатып жібереді.

-Балалар бауырсақтың өлеңі қалай басталады?

Домалаймын,домалаймын,

Майлы бауырсақ мен боламын

Атамнан да қаштым,апамнан да қаштым.(балалар бауырсақтың өлеңінің бас жағын айтады.)

Балалар,бауырсаққа біз тапсырма орындауға көмектесуіміз керек.

Көмектесеміз бе?

Ендеше бауырсақпен бірге саяхатқа шығамыз.Сонымен бауырсақ саяхатқа шықты. (1 слайд) Бауырсақ домалап көк майсалы жерлерден,кең далалы егістіктерден өтеді. Осы-лай  домалаған күйі орманға келеді.Орманда оған Қоян кездеседі.

Бауырсақ:Сәлеметсіз бе?

Қоян: Сәлемет пе! Бауырсақ мен сені жеймін,менің қарным ашып тұр.

Бауырсақ: Қоян мені жемеші мен сенің кез келген тапсырмаңды орындаймын

Қоян: Жарайды,егер сен менің тапсырмамды орындасаң мен сені жіберемін,ал егер орындамасаң жеп қоямын.

Қоянның тапсырмасы:

1. . Мен туралы тақпақ айтып бер.

-Ұзын құлақ,сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып секірді.

Қарап еді артына

Қиығын сап көзінің

Келе жатқан томпандап

Көжегі екен өзінің.

2. Сауат ашу негіздері сабағы не үйретеді? (Әріппен, дыбыспен танысамыз. Буынды, сөзді, сөйлемді үйренеміз. 3.Дыбыс дегеніміз не?

Әріп дегеніміз не?

Дыбыстар ненеге бөлінеді?

Дауысты дыбыс қандай текшемен белгіленеді?

Дауыссыз дыбыс қандай текшемен белгіленеді?

(Бауырсақ әрі қарай домалап кетеді,қарсы алдынан Қасқыр шығады.

 Бауырсақ:Сәлеметсіз бе?

Қасқыр:Сәлемет пе! Сен менің тапсырмамды орындауың керек, әйтпесе мен сені жеп қоямын.

Қасқырдың тапсырмасы: 1.

Жұмбақ

Бұл әріпте бұрыш жоқ,

Өзі дөп-дөңгелек,

Сондай өзі дөңгелек

Дөңгелейді дөңгелеп.(О)

Ендеше ,балалар, «О» дыбысы бар сөздерді атап айтайық.

2.Дидактикалық ойын:  «Сөз ойла, тез ойла»

Шарты: Допты лақтырып қағып алу арқылы А,Ә, Б,Т,С т.б. дыбысынан келетін сөздерді тез айту

3.«Буынға буын қос» ойыны
Буын ұйқас: буындарды орналастырып, сөздер құрастырады.
Ақ – ақ – ақ
Сарғайды күзгі жапырақ.
Са – са – са
Шағып алды маса.
Із – із – із
Қандай дәмді  сәбіз.

Ын-ын-ын

Ызылдайды шыбын
Ой – ой – ой
Маңырайды қой.
Ай – ай – ай
Шырылдайды торғай.

Кер – кер – кер
Тоқтар аға ғарышкер.

 

Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса, оған Аю кездеседі.

Аю:Баурсақ мен сені жеймін.

Бауырсақ: Жеме мені, Аю,қандай тапсырма берсең де орындаймын.

Аю:Жарайды, тапсырмамды айтайын .

1. Сөздерді буынға бөл.(Тақ-та,ба-ла-пан, ба-ла-бақ-ша,қа-рын-даш,са-мау-рын,қар-быз,ке-се,, ,те-ре-зе т.б)(суреттері)

2.Әр топ берілген бірдей екі суреттің айырмашылықтарын тауып бер. 3.Сөйлем түрлерін: хабарлы, сұраулы, лепті сөйлем)

Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса,Түлкі кездеседі.

Түлкі:Енді сен менен кете алмайсың, саған ешкімде көмектеспейді.-дейді түлкі бауырсаққа.Сен сондай сүйкімдісін,сап-сарысың менің қарным ашып тұр еді,мен сені жеймін.

Бауырсақ:Түлкі сен мені жемеші,мен сенің кез-келген тапсырмаңды орындап берейін.

Түлкінің тапсырмасы:

1. Мына сөздерді кім батыл тақтада дыбыстық талдау жаса: бауырсақ,орман,ертегі

2.Әрқайсысыңа берілген сөздерге орныңда дыбыстық талдау жаса

3. Ойын:«Суретті таңда,сөзді оқы»

Шарты:Тақтада әртүрлі суреттер берілген .Бала шығып өзі сурет таңдайды, артындағы сөзді оқып береді.

Тамаша, Бауырсақ ,сен менің тапсырмаларымды орындадың,мен сені атаң мен әжеңе босатамын.Осы кезде секеңдеп қорқақ қоян да келеді, тісін ақситып қасқырда келеді, қорбаңдап балын құшақтап аю да жетеді.

Балалар, сендердің көмектеріңмен барлық тапсырманы орындадым ,сендерге рахметімді айтамын.

Балалар, сендердің көмектеріңмен бауырсақ аңдармен достасып, оларды атасы мен әжесінің үйіне қонаққа шақырыпты.

 

 Балалар бүгінгі іс-әрекетіміз қай ертегінің желісімен жүргізілді?
( «Бауырсақ» ертегісі бойынша)
Аңдар бауырсаққа қандай тапсырмалар берді?
сөз, сөйлем деген не екенін, дыбыстардың дауысты, дауыссыз болатындығы туралы, буынға буын қосу, дыбыстық талдаулар, оқу тапсырмалары болды.)
балалар бүгінгі қамқорлықпен өткен іс-әрекет ұнады  ма?(ұнады).
Балалар, бүгінгі іс-әрекетіміз сендерге ұнаса, сендердің жауаптарың да  маған ұнады .сабаққа жақсы қатыстыңдар. Енді менің сендерге арнаған сыйым бар.

Рефлексивті-түзетушілік Педагог қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды.

Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.

Балалардан  смайликтер арқылы сабақтың ұнағанын,ұнамағанын көрсетуді өтінеді.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:Берілген тапсырманы мұқият тыңдап барып орындауды.

Нені игерді:Топпен және жеке тапсырма орындай алды

Нені білу керек: Сөзге дыбыстық талдау жасай біледі.

You May Also Like

Аспан әлемінің құпиялары, сабақ жоспары

Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер, сабақ жоспары

Ер және қыз баланы қалай еркелетеді? Бауыржан Момышұлының бала тәрбиесі туралы айтқан өнегесі. сабақ жоспары

Жақсы мен жаманды зерттеймін. Ээ дыбысы, сабақ жоспары