Ең үздік ғылыми жоба «Табиғи балдың пайдасы» Зерттеуші: Көшбаев Мұхамеджан

Мазмұны: 

1.Аннотация 

  1. Негізгі бөлім: 
  2. Балдың шығу тарихы жайында.
  3. Балдың түрлері.
  4. Балдың құрамы.
  5. Балдың жасалу жолдары
  6. Дәрігерлер кеңесі.
  7. Балдың қолданылуы.
  1. Біздің зерттеу жұмысымыз
  2. Дәрігермен кездесу
  3. Балдыңқолданылуын зерттеу
  4. Табиғи бал мен жасанды балды ажырату тәсілі.
  5. Сауалнама нәтижесі

Аңдатпа

Мен табиғатымнан жиі ауыратын баламын.Ауырған кезде анамның емдік шараларының бірі-балды қолданады.Анам балды сүтке қосып ішкізеді.Осындай кезде маған мынадай ой келді: «Бал деп нені айтады?Оның тарихы қайдан бастау алады?Аралар оны қалай жасайды?»

Менің ойымша бал-бұл тәтті тағам деп есептеймін.Бірақ менің сыныптас досым Айнұр,бұл әрі тағам,әрі дәрі деп есептеймін деді.

Осы сұрақтарға жауап іздеп ең алдымен энциклопедияны ақтарып,мынадай анықтама таптым:

«Бал-жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығаратын өнімі – қоймалжың, тәтті сұйықзат.» 

Аннотация

Я с детсво часто болею. Моя мама для моего лечения постоянно применяет натуральный мёд. Мама добовляет мёд в молоко. В это время и пришла мысль. Изучить произхождение мёда.Откуда берут пчёлы мёд ?

Я считаю что мёд это – сладость.Но моя однакласница Айнура говоритчто мёд это – продукт и лекарство.

Перевернув энциклопедия,я нашел такую справку этим вопросам: рабочая пчела из сока цветов собирает жидкую смесь. Это и есть «МЁД» Искав ответы на интересуюший вопрос я решил написать научную работу. 

Annotation

I with childhood am often ill. My mother for my treatment constantly applies natural honey. Mother adds honey in milk. At this time and an idea came. To study production honey.Where do bees take honey from ?

I consider that honey it is a sweetness.But my we study in a  class Айнура talks that honey it is a product and medicine.

Inverting encyclopaedia, I found such certificate to these questions: a worker bee from juice of colors collects liquid mixture. This is «HONEY» of searched  answers for a interest question I decided to write the advanced study. 

Біздің жобамыздың басты мақсаты– балдың пайдасын зерттеу,адамдардың оны қандай жағдайларда пайдаланытынымен кеңірек танысу.

 Міндеттері:

  • Балдыңпайда болу тарихыментанысу;
  • Балдыңжасалутехнологиясыментанысу;
  • Балдыңқұрамыноқып-білу;
  • Балдыңтүрлерінанықтапбілу;
  • Балдыңқалайжәнеқайжердеқолданылатыныноқып-білу. 

Зерттеу  нысаны– адам  

Зерттеу заты- бал  

Зерттеудің өзектілігі-біз балды күнделікті өмірде жиі қолданылғанымен,оның көптеген пайдасын,өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейміз.  

Зерттеудің болжамы-егер біз бал  жайлы көбірек оқып білсек, онда балдың көптеген сырларын ашар едік. 

Зерттеу әдістері

– ғылыми әдебиеттердегі анықтамалармен танысу;

– бақылау;

-зерттелген нәтижеге талдау жүргізу.    

Негізгі бөлім: 

Балдың шығу тарихы

Археологтардың зерттеуіне сүйенсек,аралар алғашқы адамдардың пайда болуына дейін 56 миллион жыл бұрын пайда болған дейді.

Ежелгі мәдени ескерткіштердің сақталу негізінде алғашқы адамдар балды тәтті,нәрлі өнім ретінде қолданған екен.Испания мемлекетінің  Валенсия мекенінде табылған ежелгі ескерткіште адамның балды алып жатқаны бейнеленген.Адамның балды аралар арасынан алып жатқан таңбасы  тастарда бейнеленіп,сақталған екен.

Балдыңғажайып қасиетін алғашқы адамдар да өте бағалаған.Барлық уақытта әр халық оны емдік мақсатпен қолданған.Египет папирустарында  3000  жыл бұрын ауруды емдеу,аурудың алдын алу мақсатымен қолданылған деген жазбалар сақталған.

Ежелгі қытай және үнді жазбаларында да балдыңғажайып,ең керемет қасиеттерге ие екендігін көрсеткен.Үнді құдайы Вишну лотос гүлінде қонып отырған бал арасы бейнесінде бейнеленген екен.Ежелгі үндістер,бал адамға зор ғанибет сыйлап,денсаулығын нығайтып,жастықты сақтайды деп санаған.

Ежелгі Грецияда бал «жастықтың сусыны» деп,табиғаттың керемет сыйы деп есептеген.Олар құдайға құрбандыққа бал жағылған жемістерді қойған,бұл құдайға мәңгілік өмір береді деп сенген.

Ұлы грек математигі Пифагор,өзініңұзақ жасауының себебі осы балды жиі қолданғандықтан деген.Сол сияқты белгілі ойшыл,философ Демокрит те,өзінің 100 жасауының,денсаулығының мықтылығы балды пайдаланудан деп айтқан.

Ресейде бал жайлы 945 жылдың  Лаврентьев жазбаларында айтылған екен.Бірақ тағам түрінде емес,сусын ретінде көрсетілген.

Осыдан бір жарым ғасыр бұрын Өскеменнің іргесіне алғашқы араларды әкеліп,

қолға ұстай бастаған.Сол себепті Шығыс Қазақстан облысы Орталық Азия аймағында омарта шаруашылығының отаны саналады.Елімізде өндірілетін балдың 80  пайызға жуығы Шығыс Қазақстанныңүлесінде.  

Балдың түрлері

Өсімдіктің бір түрінен жиналған бал «бір шырынды», ал бірнеше өсімдік түрінен жиналған бал «көп шырынды» деп аталады. Оны өсімдіктің түріне қарай атайды. Қазақстанда әр ұядан орта есеппен жылына 15 кг-ға дейін, жекелеген тәжірибелі бал ара өсірушілер 180 кг-ға дейін бал жинайды екен. 

Ара балының бөлінуі

Негізінен, ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді.

Бір шырынды бал – тек өсімдіктердің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктердің түріне қарай – қара-құмық балы, жөке ағашының балы деп, неше түрлі атайды.

Көпшырынды бал – өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Оны табиғи бал беретін өңірлерге байланысты дала балы, тау балы, бақ балы деп ерекшелейді. 

Табиғи балдың түрлері

Өмірде табиғи балды ажырату оңай емес. Қантты бал араны қант шырынымен қоректендіру арқылы алынады.

Сатушылар оны табиғи балға араластырып сатады. Бұл орайда табиғи, жасанды балды ажыратуға ешқандай анализ көмектеспейді. Жасанды балдыңқұрамында қант, қант крахмалы, ұн, желім, гипс болады. Оның кейбірін үй жағдайында анықтауға мүмкіндік бар. Ол үшін бір стақан қайнаған су аласыз да оған балды араластырасыз (Бір стақан суға жарты стақан бал). Сол кезде тұнбаның төменгі жағында немесе бетінде механикалыққалдықтар шыға келеді. Ол –балдыңқұрамында крахмалдың бар екендігінің айғағы.

Гүлдейтін қанша ма өсімдіктер бар болса, сонша ма балдың түрлері бар.

Гүлдейтін қанша ма өсімдіктер бар болса, сонша ма балдың түрлері бар. Біз енді солардың бастыларын атап айтсақ.

Түйебұршақ (донник) балы бірінші сортты балға жатады. Ақ немесе ашық – янтарь түсті болып келетін хош иісі бар балдың бұл түрі глюкозаға бай. Түйебұршақ балы ішек ауруларына пайдалы. 

Шайқурай (кипрей) балы мөлдір жасыл сары түсті сұйық бал. Балдың бұл түрін әлсіздікке, жараны қайтаруға пайдаланылады.  

Жөке (липа) балы жақсы сортқа жатады. Сары жасыл түсті балдың бактерияға қарсы қасиеті бар. Жөке балының тамақ ауруларына пайдасы мол. Сондайақ, тыныштандыратын, ұйқыны жақсартатын қасиеті бар.

 

Шабындық (луговой) балы бірінші сортты балға жатады.   Сары қоңыр немесе алтын түсті балды шабындықтағы түрлі гүлдерден алады. Бұл бал арқылы тыныс алу, жүйке,                       жүрек және ас қорыту жүйесін емдеуге болады.

 

Таңқурай (малина) балы ақ түсті болады. Жоғары сортқа  жататын балдың бұл түрі суық тигенде тұмаудың алдын алу үшін пайдаланылады.

Қарақұмық (гречишный) балы қою қызыл немесе қоңыр   түсті болады. Жоғары сортқа жататын бұл балдың ерекше иісі бар.Қарақұмық балы темірге, магний, мысқа бай   болғандықтан, түрлі қан ауруларын емдеуге    пайдаланылады. Жүйке жүйесіне де қарақұмық балы   бірден-бір ем. Сондай-ақ, тері ауруларын да балдың осы  түрімен емдеуге болады.

Балдың құрамына осы күнге дейін жүздеген зерттеулер жүргізіліп, көл-көсір пайдасы бар екені анықталып,ол туралы кеңінен сөз қозғалып жүр. Жақында тағы бір осындай зерттеу жасалып, табиғи балдың пайдасы одан сайын дәлелдене түсті. Зерттеумен Алматы облысы, Түрген ауылының тұрғыны Манасбек Сарыбаев айналысқан. Оның дәйегі бойынша кәдімгі әсел баланың ақыл-ой қабілетін дамытып, сабақ үлгерімін арттыратын көрінеді.

Аралардың тіршілігі адамға ұқсас

Күніне 30 грамм бал жеңіз

Манасбек Сарыбаев Алматы облысындағы бірнеше мектепте тәжірибе өткізеді. Алдымен, табиғи балдың пайдасы мен шипасы жайында тренинг-дәрістер оқиды. Содан соң әр оқушыны күн сайын мөлшерлеп бал жеуге әдеттендірген. Тәжірибенің кереметі сол,әрбір оқушының сабақ үлгерімі жақсарып, мейірімділігі артыпты. Мұндай терең гармонияға тек бал әсер етті деп біледі Манасбек мырза. Зерттеуге қатысқан сынып оқушылары араның ұясындай ұйысқан, ынтымағы жарасқан ұжым. Істеріне ұқыпты, тәртібі түзу, сабаққа зерек. Бұл қасиет – балдан дарыған – дейді ғалым. 9 айда бал жеген балалардың сабақ үлгерімі бірден 84%-ға өсіпті. Тағы бір кереметі, балалардың денсаулығы түзеліп, ауру-сырқауы азайған. Демек, балдың бала денсаулығы үшін берері көп.

Бал – табиғи қант алмастырғыш. Орта есеппен бір адам жылына 37 келі қант жейді. Яғни, күніне кемінде 100 граммнан көп шекерді шайға салып ішеміз. Бұған қант қосылған тосаптар мен түрлі күлшелерді қосыңыз. Мұның адам ағзасына зияны болмаса, пайдасы жоқ. Егер қант орнына бал жесек, онда жылына 6-7 келі бал жұмсаған болар ек. Бұл біріншіден, арзанға түседі. Екіншіден, ол түрлі дәрумендер мен минералға, ақуыз, калий, кальций, натрий, сияқты элементтерге бай. Сондықтан,әрбір адам күніне кем дегенде 20-30 грамм табиғи таза бал жегені жөн.

Біле білсеңіз бал арасынан фармацевтика, электротехника, авиация өнеркәсібіне пайдаланылатын органикалық зат – балауыз алынады. Арадан прополис (ара желімі), ара уы, гүл тозаңы, биологиялық белсенді заттары бар және емдік әсері өте күшті сүт дайындалады. Бұл өте қымбат өнім. Соңғы кезде косметология саласында көп қолданылып жүр. Сонымен қатар, бал арасының тіршілігін бақылау адамды табиғатты жақсырақ білуге, байқағыштыққа, еңбексүйгіштікке баулиды.Мұны да зерттеген ғалымдар бар.

Бал таңдау оңай емес

Бал таңдау оңай шаруа емес. Тек саланың білгір мамандары ғана таза балды жасандысынан ажыратып бере алады. Дәрілік мақсатта өндіретін балды отқа жылытып, сұйылған сүзгіден өткізіп әзірлейді. Мұндай балдың екі түрі бар. Ақ және сарғылт түсті. Жаз, күз мезгілдері тұнық өсімдік майы тектес сұйықтау болып, қыс мезгілінде қоюланып, шекер өңдес іріткі кристаллға айналады.

Қантты бал бар. Мұндай балды араны қант шырынымен қоректендіру арқылы алады. Сатушылар оны табиғи балға араластырып сатады. Сатылымдағы балдардың басым бөлігі осы. Омарташылар мұны даладағы гүлдердің жоқтығымен, жайылымның аздығымен, құрғақшылықтың орын алуымен түсіндіреді.

Табиғи бал мен жасанды балды ажырату оңай емес. Дегенмен, жасанды балдың құрамында қант, қант крахмалы, ұн, желім, гипс болады. Мұны үй жағдайында анықтауға мүмкіндік бар. Ол үшін бір стақан қайнаған су аласыз да, оған балды араластырасыз (бір стақан суға жарты стақан бал). Тұнбаның төменгі жағында немесе бетінде механикалық қалдықтар шыға келеді. Табиғи балдың түрі көп. Гүлдейтін қанша өсімдік бар болса, балдың да сонша түрі бар.

 Балдың емдік қасиеті

Бал барлық ауруға дауа. Тіпті ұяшықтары да халық емінде кеңінен пайдаланылады. Мұны дәрігерлер де мойындап отыр. Балдың құрамындағы пайдалы элементтер араның денесінде бар. Тіпті ара уы да көп дертке шипа.

– Бал зеңдер мен саңырауқұлақты жұқпаларға қарсы тұратын құрамға ие. Сондықтан гинекологияда, инфекциялық ауруда кеңінен қолданылады;

– түрлі жаралар мен күйіктерде, іріңді жұқпаларда да пайдалы. Бал таңу әдісі жараның тез жазылып, тыртықтың бітелуіне сеп;

– спортшылардың таңдаулы тағамы. Құрамындағы қуатты элементтер жаттығуда жоғалтқан күшті қалпына келтіріп, ағзадағы тепе-теңдікті сақтап тұрады,

– қант диабетімен ауыратындар үшін, табиғи бал қант алмастырғыш болып табылады. Бірақ, қант диабетімен ауыратындардың барлығы бірдей бал жеуі керек деген сөз емес. Тек екінші түрімен ауыратын науқастардың ғана пайдаланғаны жөн;

– тұмау кезінде таптырмас дәрі. Тамақтың бітелуін, көздің іріңдеп, балшықтануында және өкпе қабынғанда пайдалансаңыз, тез сауығып кетесіз.

– балды косметологиялық мақсатта да кеңінен қолданатындар бар. Бет терісін жұмсартып, терінің құрғауына қарсы пайдаланады. Шаштың түсуін азайтып, әжімдермен күреседі.

Табиғи балдың кез келген түрі пайдалы, сондықтан өзіңізге ұнайтын түрін пайдалана беріңіз. Сондай-ақ денсаулығыңыз мықты болуы үшін күніне тым болмағанда бір қасықтан жеп тұрғаныңыз жөн. Балдың ең бағалы сұрыбының бірі – жөке балы. Әдетте, ол мөп-мөлдір, сарғыш түсті болып келеді, сондай-ақ ұзаққа дейін кристалданбайды және қабынуға, бактерияға қарсы әрекет етеді. Тау балы теңіз деңгейінен 2200 м биіктіктегі қараған (акация), долана (боярышник), талшын (каштан), шомырт (терновник), мойыл (черемуха), итмұрын (шиповник), ырғай (жимолость), қызылтал (верба) және алғашқы көктем гүлдерінен жиналады. Ағзаны нығайтуға, сонымен бірге жүрек-қан тамырлары жүйесін қалыпқа келтіруге пайдалы. Өзіне тән ерекше иісі бар қарақұмық балы (гречишный мед) қоңыр түсті болып келеді және құрамында темір көп. Қараған балы – асқазан жұмысын жақсартуға, көздің көру қасиетін арттыруға және дене қызуын түсіруге таптырмайтын ем. Балдың құрамына 60-қа жуық зат жинақталған. Олар балдың қай мезгілде, қандай өсімдік гүлдерінен жиналғанына, ауа райы мен жер жағдайына байланысты өзгеріп тұрады. Бұлардың құрамында ең көп кездесетін көміртегі, глюкоза мен фруктоза. Олар балдың 70-75 %-ын құрайды. Балдың құрамындағы көміртегі адам бойына жақсы сіңеді. Көміртегі әсіресе, жүйке клеткалары мен бұлшық ет үшін ерекше қажет. Егер қан құрамында көміртегі азайса, адамның ойлау қабілеті мен дене еңбегіне деген қабілеті күрт төмендейді. 100 грамм балдың өзі 355 калория береді. Сонымен қатар балдың құрамында минералды заттар, микроэлементтер де, ферменттер де, дәрумендер де жеткілікті. Осы қасиетімен бал ас қорытуды, ішек қарынның қызметін жақсартады. Бұл организмнің жалпы жағдайын нығайтып, асқазан қышқылының бір қалыпты болуына жағдай жасайды.

Асқазанында жарасы барлар мен асқазан қышқылы шамадан тыс көп адамдар балды таңертең және түскі тамақтан бір жарым, екі сағаттай бұрын, ал кешкі тамақтан соң үш сағаттан кейін пайдаланғаны жөн. Сонда бал асқазан сөлінің бөліну процесін тежеп, қышқылын төмендетеді, жүректің қыжылын басады. Сөйтіп ол ойық жараның жазылуына жақсы жағдай туғызады. Оны тамақ алдында пайдаланса керісінше асқазан сөлін едәуір көбейтеді. Сондықтан тамақтан кейін жеген дұрыс. Есте ұстайтын нәрсе – балды дәрігер белгілеген дәрі-дәрмекпен пайдаланса, балдың емдік қасиеті арта түседі.

Жүрек-қан тамырлары ауруларына қарсы да балды қолданады. Құрамындағы глюкоза жүректің қызметін күшейтіп, көңіл-күйді жақсартады. Жүрек аурулары кезінде күніне бір шай қасықтан 2-3 рет жеңіз. Өйткені, шамадан тыс жеген бал денеден терді көп бөліп жүрекке салмақ түсіреді. Өкпе туберкулезіне, анемия (қанның азаюы) ауруларына шалдыққанда, шаршап қажығанда балды сүтпен араластырып ішкен пайдалы. Бал жас балалардың өсіп жетілуіне жақсы жағдай жасап, әртүрлі ауруларға ағзаның қарсылық күшін жоғарылатады. Балалар күніне 1-2 шай қасық бал жесе жетіп жатыр. Ұйқысы қашқан, жүйке ауруларына шалдыққандарға да бал таптырмас ем. Мысалы, ұйқысы қашқан адам бір қасық балды бір стақан жылы суға ерітіп, жатар алдында ішсе, ұйқысы тынышталып, жақсы тынығады. Балдан артық ұйқы шақыратын әрі ағзаға залалсыз дәрі жоқ екенін еске сала кетейік. Балды пайдалы екен деп оны бей-берекет қолдана беруге де болмайды. Орынсыз жеген бал да аллергияға шалдық-тырады. Ал панкреатит, қант диабеті аурулары бар адамдардың балды тек дәрігердің кеңесінен кейін ғана пайдалануы керек.

 Балдың құрамы

Балдың құрамы мен қуаты

Ара балының химиялыққұрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, ол өскен топыраққа, сол жердің ауа-райының жағдайына және балдың түрлеріне тығыз байланысты.

Гүл балыныңқұрамында 12-13 пайыз су, 0,4 пайыз белок, 0,3 пайыз күл, көмір сутегі, глюкоза, жүзім қанты, сахороза, мальтоза, т.б. бар. Және де В3, В5, А, С, Н, Е, К дәрумендері, минералды тұздар, ферменттер, сон-дай-ақ, химиялық элементтер (калий, кальций, фосфор, хлор, күкірт, натрий, темір, марганец, мыс, т.б.) кездеседі. Бұлардан басқа алма, жүзім, қымыздық тәрізді қышқылдар да болады Ара балының сапасын, негізінен, хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдығы, қоректік, жабысқақтыққасиеттері арқылы анықтайды. Ара балыныңқуаты жоғары. Оның 1 келісі 3150 кал қуат береді. Ара балы адам ағзасын дәрумендермен, белокпен, ферменттермен тағы да басқа тіршілікке қажетті заттармен байытып, қамтамасыз етеді. Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5 градустан 10 градусқа дейінгі температурада сақтайды.

Балды  жинау

Бал аралары өте еңбекқор жәндік. Бал жинауда жыл мезгілі, ауа райы, ара ұясының күйі, өсімдік түрі және оның омартаға қашықтығы, шірненің бөліну дәрежесі маңызды рөл атқарады. Бал арасы балға қажетті гүл шірнесі мен тозаңын жинау үшін тынбастан гүлден гүлге қонады. Негізінен бұл істі «жұмысшы» аралар ғана атқарады. Аралар жайылған кездері ондаған шақырымға дейін алаңсыз ұшып кете береді. Және адаспай өз ұяларын тауып қайтады. Барлауға шыққан ара ә дегеннен шырынды гүл мен шүйгінді шөпті іздейді. Тапқан кезде өздеріне тән белгілермен кейінгілерге хабар береді.

Әр ара өзінің «қоржынына» өз салмағының жартысына жететіндей шірне жинай алады. Олар жинаған шірнесін ұядағы жас араларға жеткізеді. Жас аралар шірнені тор көзшелерге салады. Іле қанаттарымен желдетіп, артық ылғалын жояды. Араның сілекей безі шірнедегі қант құрамын өзгертіп, оны балға айналдырады. Көзшелер балға толғаннан кейін ара оны балауыз қақпақшамен жабады. Мұндай бал ұзақ сақталады. Араның бал жинауы өсімдіктердің жаппай гүлдеуіне тұстас келеді, сондықтан әсіресе көктемде жиналған балдың сапасы өте жоғары бағаланады. 

Ара ұяшықтары

Олар ұясын алты бұрышты геометриялықпішінде жасайды. Математиктердің есептеуінше, бал ұяшығын алты бұрышты етіп жасауда үлкен тиімділік бар екен. Алты бұрышты ұяға материал өте аз жұмсалып, балдың сыйымдылығы мейлінше артатын көрінеді. Яғни, бұл өте тиімді ұя жасау тәсілі.

Бал ұяшықтарын жасаудағы аралардыңқолданатын тәсілі де таңғаларлық. Аралар бұл іске бірден екі-үш жерден бастап кіріседі. Бәрі бірдей өлшемде алты бұрыш жасап, бұларды кейіннен бір-бірімен біріктіріп әкеліп бал ұяшықтарын тоқиды. Сонда барлығы бір жерден шығады екен. Алты бұрыштардың бір-бірімен шебер жымдастырылғаны  сондай, әрбір қабырғаның бөлек тоқылғандығын байқау өте қиын.

Ұяларындағы тазалық, бұзылған жерлерін жөндеу, жас араларды қоректендіру жүйелі түрде іске асады. Егер ұяның іші қапырық тартса, қанаттарынқағып жұмыртқаларын салқындатады. Ал суық болса жұмыртқаны жан-жағынан көлегейлеп жылытады.

Жұмысшы  ара  небәрі  30 – 35 күн  ғана  өмір  сүреді екен.Алайда, бал  арасының  еңбекқорлығы  бекерден – бекер  мақалға  айналмаған: өйткені, бір  бал  арасы  сағатына  6,5 км  жылдамдықпен  ұшып,  бір  жұмыс  күнінің  ішінде  шамамен 7000 гүлге  қонады  екен. Оның  барлық  органдары  гүлдеген  өсімдіктерден  шырын  жинауға  бейімделген: артқы  аяқтарындағы арнайы  щеткалары  мен себетшелері  арқылы  тозаң  жинайды  әрі  оны  тасымалдайды. Ұзын  тұмсығымен  гүл  шырынын  сорады, жемсауында  гүл  шырыны  балға  айналады,  тіпті  тапқан  шырынды  өсімдіктерін  біріне – бірі хабарлайтын  күрделі  хабарлауыш жүйесі де бар.

Жұмысшы  аралардың   қызметтері  қатаң  ажыратылған: біреулері  тамақ  тауып  ұяға  алып  келеді, екіншілері  оны  алып  балауызға  құяды, үшіншілері  балауызды  тазартады,  төртіншілері  қанаттарымен  ұяны  желдетеді. Бесіншілері  «күзетшілік»  қызметін  атқарып, ұяның  есігін  бағады  және  жауларын  ішке  кіргізбейді. Ал  алтыншылары  лечинкаларды  тамақтандырады.

Аналық  аралар  ешқандай  жұмыс  жасамайды  екен, олар  тек  өздерінің   күтімімен  ғана  болады  және  соны  басқа  аралардан  да  талап  етеді  екен.

Міне, қызық!  Ара  бір   ғана  рет  шағады  екен. Өйткені  оның  құйрығындағы  шаншары  адамның  денесінде  қалып  қояды  да, шаншарынан  айырылған  ара  көп  кешікпей  өледі  екен.

Араның бәрі бал бермейді

Араның үш түрі бар. Көзіміз көріп жүрген кәдімгі сары жолақты ара жұмысшы ара деп аталады. Тәттіге, жеміс-жидекке тез үймелеп шыға келетін бұл аралар өте еңбекқор. Бірақ бұл аралар балды өзіндік жолмен жинайды. Жалпақ тілмен айтқанда, жабайы әдіс. Үй қуыстарына, шіріген ағаш діңіне ұя салып, бал бөледі. Мұндай бал сұйық бал деп аталады. Өздері бөліп, өздері жейді. Себебі сары жолақты ара өте улы, ұясына жақындап, балын сарқып алатындар кемде-кем. Балы сұйық болғандықтан, омарташылар мұндай араны көп өсірмейді. Еркек ара деген бар. Бұл нағыз бал өндіруші жәндік. Еркек ара жұмысшы арадан сәл үлкен, құйрық жағы жұмыр болады. У безі және шанышқы инесі болмайды. Ауыз қуысы кішкене келеді. Аяғында гүл тозаңдарын жинайтын тозаң себеті, сондай – ақ балауыз шығара-тын безі болады. Ең пайдалы, дәмді балды бөлетін де осы аралар. Көбіне қыр гүлдерін тозаңданды-рып, сөл бөледі. Еркек ара бөлген балдың иісі аңқып тұрады. Жұпары керемет. Аралар топтасып өмір сүреді. Әрқайсысының өз міндеті бар. Барлық ара бал бермейтінін біле жүріңіз. Бал беретіндері бөлек, тұқым басатындары мен ұя тазартушылары, өзге араларды бағып-қағатындары болады. Омарташылар аралардың тіршілігі адам өміріне өте ұқсас екендігін айтады.

Дәрігерлердің пайдалы кеңестері

 Балдың  пайдасы

Мамандардың айтуынша, балдың адам денсаулығы үшін пайдасы көп. Атап айтқанда, бал қан құрамын жақсартады, ішкі ағзалардыңқызметін жандандырады, иммунитетті арттырады, дененің физиологиялыққызметін, күш-қуатын қалпына келтіреді. Мидың жұмысын жақсартады, тыныс алу жолдарын артықөңезденуден сақтайды. Ол сондай-ақ жүрек-қан тамырлары ауруына, бауырға, бүйрекке, ішек-қарын жолына, суық тиюге, құяң  мен өтке пайдалы. Балды құрт ауруына, ұйқысыздыққа, бас ауруына, қан қысымына, асқазан жарасына, тіпті күйікке де ем ретінде пайдалануға болады. Балдың сондай-ақ аллергияға, бактерияға, қабынуға қарсы да қасиеттері анықталған.

Балдың химиялыққұрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, топырағына, ауа райының жағдайына және балдың түрлеріне байланысты өзгереді. Балдың сапасы негізінен хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдылығы, қоректік және жабысқаққасиеттері арқылы ажыратылады.

Өте құнарлы, тойымды болғанына қарамастан құрамында ауыр қорытылатын элементтер кездеспейді. Бал құрамы қанға, одан жасушалар мен тіндерге тез сіңіп кететін көмірсулар, белоктар, протеиндер (аминқышқылдары мен органикалыққышқылдар), минералды тұздар (калий, кальций, натрий, темір, хлор тұздары және күкірт т.б.), пайдалы микроэлементтер мен ферменттерге (каталаз, липаз, амилаз) өте бай.Құрамындағы фруктоза, глюкоза және құраққант бұлардың барлығы да адам ағзасына аса қажетті.

Арамен емдеу

Араменемдеу медицина ғылымында «Апитерапия» депаталады. Отандықдәрігер, апитерапия маманы А. Құрманбаевтыңбергенмәліметтерінесүйенсек, араменемдеугеараның балы, прополис (ара желімі), ара уы, гүлтозаңыжәнеемдікәсеріөтекүштісүтжатады. Ал ара уыныңқұрамындаадамағзасыүшінпайдалытүрліферменттер мен аминқышқылдарыжәнемилитин бар. Апитерапия арқылыкөптегенауруларды, соныңішіндеревматикалық полиартрит, артрит, ревматизм, жүйкеаурулары, остеохондроз, остеопороз, псориаз, ішкіқұрылыс, буынаурулары, колит, асқазанжарасы, холецистит секілдіаурулардыемдеугеболады. Негізіненемгежұмысшыараларпайдаланылады. Ара уыныңшипасыбүгінгікүнітолықдәлелденген.

Білікті дәрігерлердің пікірінше, балды дәрумен ретінде еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін пайдаланғаны дұрыс.Себебі, бал — шипалы тағам. Құрамында адам ағзасына өте қажетті жетпістен астам зат бар. Бал адамның есте сақтау қабілетін арттырып қана қоймай, жоғары қан қысымын түсіреді, күш- қуатты толықтырады, әсіресе іш құрылысына, жүрек ауруына пайдалы. Балдан жасалған сусынныңасқазан ауруын емдеуде әсері зор. Дегенмен, дәрігерлер балмен емделуді бастамас бұрын кеңес алғанды дұрыс көреді.

 Балдың қолданылуы

Медициналық жағдайдаТағам түрлерін жасауда

Косметологиялық жағдайда

Бал-керемет,бірегей қасиеттерге ие болғандықтан,адамдар оны кеңінен қолданады.

Мысалы,кулинарияда,косметологиялық жағдайда және медицинада.

Кулинарияда қантты балмен алмастырып,түрлі тәтті тағамдар жасауда қолданылады.Түрлі бақылаулар,тәжірбиелер өткізілу барысында,балдың тағам түрінде кеңінен қолданылатыны анықталған.Ол адамның тәбетін ашады,иммунитетін жақсартады.Бал әсіресе балаларға және қарт адамдарға өте пайдалы.

Медицина саласында да балды кеңінен қолданады.Балдың ертіндісін инфекциялық және тұмаумен ауырған кезде тыныс алу жолдарын емдеуде жиі қолданылады.Қазіргі таңда балдыңқолданылуы ғылыми медицинада да өз жолын табуда.

Косметолиялық жағдайда да бал өз орнын тапқан.Сұлулық салондарында балдан түрлі маскалар жасалып,кейде массаж жасау кезінде де қолданылады.Құрамында балы бар сусабындар,шаш бояғыш бояулар,түрлі кремдер жақсы қолданысқа ие. 

Біздің зерттеу жұмысымыз  

Дәрігермен кездесу

Балдың денсаулыққа қаншалықты пайдалы екенін білу үшін,мектебіміздің дәрігері Алма Қаиркенқызымен әңгімелесіп,кеңес сұрадық.Ол кісіге сұрақтар қоя отыра,тағы да көп нәрсені біліп,таныстық.

Біздің болжауымыз бойынша балдың кері әсері де болуы керек қой.Сондықтан нақтырақ түсіндіруін сұрадық.Дәрігер бізге оны да түсіндіріп берді. «Әрине,ол адамда аллергиялық реакция туғызуы мүмкін,оныңөзінде тек кішкентай балаларда.Өйткені олардың ағзалары әлі түгелдей қалыптаспағандықтан.Сондықтан 1 жасқа дейінгі балаларға балды қолданғанда өте сақ болған жөн.» -деді. 

Балдың қолданылуын зерттеу

Косметологиялық жағдайда зерттеу үшін ірімшік пен бал қосылған масканың рецептін тауып алдық.Ол үшін-1 шай қасық ірімшік,1 ас қасық сүт,1/2 қасық бал қажет.

Бұл кезде бізге менің тәтем көмек көрсетті.Ол осы қоспаны  3 апта қолданып көріп,нәтижесінде бет терісінің ылғалданғанын,өңінде өзгеріс пайда болғанын айтты.

Кулинариялық жағдайда зерттеу үшін бізге анамыз көмектесті.Анам алма мен бал қосылған бәліш пісірді.Ол үшін-2 алма, 4 ас қасық бал,1 стақан қант,1,5 стақан ұн,100 гр маргарин,2 жұмыртқа қажет.Бізде оған көмектестік.Бұл жұмыс өте қызықты болды. 

Сауалнама нәтижесі

Осы тақырыпты зерттеу жұмысын жүргізе отыра біз өте көп маңызды мағлұматтармен таныстық.

Бал-бұл бірегей өнім.Ол бізге зиянынан пайдасы көп екенін аңғардық.Өзімізге қажетті көптеген қызықты деректер аштық.

Біздің осы тақырыпқа деген қызығушылығымыз арта түсті.Сондықтан біз 2-4 сынып оқушылары арасында сауалнама жүргіздік.

Балдың қай түрі аса пайдалы? Cауалға жауап:

Өз басым балды өте жиі пайдаланамын. Бірақ көбінесе таңдай алмаймын, реті келгенін сатып ала беремін. Өзінің түрі де көп қой. Сұрайын дегенім, балдыңқай түрі ең пайдалы болып есептеледі?

Табиғи балдың кез келген түрі пайдалы, сондықтан өзіңізге ұнайтын түрін пайдалана беруіңізге болады. Сондай-ақ денсаулығыңыз мықты болуы үшін күніне тым болмағанда бірқасықтан жеп тұрғаныңыз жөн. Балдың ең бағалы сұрыбының бірі – жөке балы болып есептеледі. Әдетте, ол мөп-мөлдір, сарғыш түсті болып келеді, сондай-ақұзаққа дейін кристалданбайды және қабынуға, бактерияға қарсы әрекет етеді. Тау балы теңіз деңгейінен 2200 м биіктіктегі қараған (ака­ция), долана (боярышник), талшын (каштан), шомырт (терновник), мойыл (черемуха), итмұрын (шиповник), ырғай (жимолость), қызылтал (верба) және алғашқы көктем гүлдерінен жиналады.

Ағзаны нығайтуға, сонымен бірге жүрек-қан тамырлары жүйесін қалыпқа келтіруге пайдаланылады. Өзіне тән ерекше иісі бар қарақұмық балы (гречишный мед) қоңыр түсті болып келеді және құрамында темір көп болады. Қараған балы – асқазан жұмысын жақсартуға, көздің көру қасиетін арттыруға және дене қызуын түсіруге таптырмайтын ем.

  1. Қорытынды

Балды пайдасы өте зор .Оның емдік  қасиеттеріне байланысты кеңінен қолдануға болады және қолдану керектігін түсіндік. Балдыңқұрамында адам ағзасына пайдалы барлық химиялыққоспалар бар екенін аңғардық.  Балдыңөте ертеде алғашқы адамдарға  дейін пайда болғанын,ата-бабаларымыз оны тағам ретінде де,ем-дом ретінде де пайдаланғанын оқып білдік. Біз алдымызға қойған мақсатқа жеттік деп ойлаймыз.Осы тақырып төңірегінде көптеген мағлұматтар ала отыра,өз зерттеу жұмысымызды жүргізіп,көзімізбен көріп,дәлелдеуге тырыстық.Бұл жұмыс бізге қатты ұнады.Осы жұмысымызды келешекте ары қарай жалғастыру жоспарымызда бар.

Дана қазақ халқы « Бірінші байлық- денсаулық» -деген екен. Денсаулығымыз мықты болу үшін  « Мысқылдап кірген ауруды» балмен емдеп шығаруға болады. Дертке дауа болатын ара балы денсаулығымызды сақтауға көмектеседі.

You May Also Like

Ең үздік ғылыми жоба «Сегіз қырлы, бір сырлы»

Ең үздік ғылыми жоба «Сегіз қырлы, бір сырлы» Орындаушы: Мұрат Аңсар Аннотация Зерттеу…

Қазақ халқының ақиық ақыны М.Мақатаев пен шотланд ақыны Роберт Бернс поэзиясының үндестігі, ғылыми жоба

Жұмыстың  тақырыбы:  Қазақ халқының ақиық ақыны М.Мақатаев пен шотланд ақыны Роберт Бернс поэзиясының…

Қағаздың пайдасы, ғылыми жоба

Мазмұны І   Кіріспе  6 бет ІІ Теориялық   бөлім 2.1 Қағаздың шығу тарихы…

Ауруға ем, сауға қуат дәрі қымыз…. ғылыми жоба слайд