Мазмұны

І   Кіріспе  6 бет

ІІ Теориялық   бөлім

2.1 Қағаздың шығу тарихы 7-11 беттер

2.2 Қағаз  түрлері мен  оның  ерекшелігі. 12-16 беттер

2.3 Қағаз жасаудағы тәжірибе жұмыстары. 17-18 беттер

ІІІ Қорытынды  19 бет

ІҮ Пайдаланған әдебиеттер 20-бет

Аңдатпа

Біз осы  жобамызда қағаздың шығу тарихы,  оның   түрлері   және қағаз жасайтын машина жайлы  толық  түсінік  бердік. Қағазды басқа материалдармен ауыстыруға болмайтындығын, себебі, оның берік, жұқа, жоғары диэлектрлік сияқты қасиеттерінің бар жақтарымен ерекшеленетіндігін, қағазды  тұрмыстық жағдайда  қалай  жасап, қол  жетімділікті  арттыруға  болатындығы  туралы толық  нұсқада мәлімет  беріп,  келешек  ұрпаққа  насихаттамақпыз

Аннотация

В этом проекте мы  дали  подробное объяснение истории бумаги, ее типов и производителя бумаги. Лучше не заменять бумагу другими материалами, поскольку она обладает широким спектром характеристик, таких как долговечные, тонкие, с высоким диэлектрическим свойством, способ изготовления бумаги в комфортных условиях и доступность, а также ее применение для будущих поколений.

abstract

In thisn project, I gave a detailed explanation of the history of the paper, its types and the paper maker. It is best not to replace paper with other materials, because it has a wide range of features such as durable, thin, high-dielectric properties, how to make paper in a comfortable environment and accessibility, and apply it to future generations

Зерттеу мақсаты: Қағаздың алғаш пайда болу тарихына тоқталу. Оның түрлерін танып, қалай жасалатынын білу. Қағазды үй жағдайында жасау әдісін меңгеріп, қағаздың қасиеттерін анықтау, зерттеу.

Зерттеу  жұмысының  міндеттері:

  • Қағаздың шығу  тарихы мен оның  түрлері,  қағаздың  қасиеттері  туралы   түсінік  беру ;
  • Қағаздың өмірде  алатын орны  мен  пайдасы  және  тұрмыстық жағдайда қолжетімділікпен жасалу  жолдары  туралы  көрсету,  дәлелдеу.

Зерттеудегі қадамдарым: Осы тақырыпты қорғамас бұрын алдымен қағаздың шығу тарихы мен қасиеттері жөнінде ақпараттар (интернет, ғылыми әдебиеттер,әдебиеттер, сөздіктер, оқулықтар) жинақтау. Жиналған ақпараттарды тәжірибе жасап, шындығына көз жеткізу арқылы ой түю, қорыту.

Зерттеу кезеңдері:

1-кезең – Зерттеу тақырыбын табу, әдебиеттермен танысу және материалдар жинақтау;

2-кезең- Экспериментті жобалау;

3-кезең- Жинақталған материалды сұрыптап, негізгі мақсатты ашуға

жұмыстану;

4-кезең-  Эксперимент жасап, жұмысты жүйелеу, рәсімдеу, қорытындылау,   жазу.

Зерттеудегі ұстанымымыз: Зерттеу барысында сан алуан өнер бар екенін түсіндіре отырып, негізгі нысанаға қағаздың жасалуын өмірмен сабақтастыра отырып, жүйелі баяндауды мақсат тұттық, әрі деректерді келтіре отырып, қарастырдық.

Зерттеу кезіндегі тұстар: Зерттеу кезінде көптеген кедергілер кездесті. Мысалы қағаз жасайтын жергілікті өндіріс орындарының болмауы, қағаз қалдықтарының қайта өңдеуден өтпей, қоқысқа айналатыны.

Жұмыстың нәтижесі: Күнделікті үйде де,түзде де қолданып жүрген қағаздың қайдан келіп жатқанынан кейде бейхабармыз. Қағаздың қиын еңбекпен келетінін білдім,әрі теория мен практиканы ұштастыра отырып, әр түрлі қасиеттерге ие екеніне көз жеткізу, дәлелдеу.

Ізденістегі ұсыныстарымыз: Зерттеу жұмысын жүргізу нәтижесінде төмендегідей ұсыныстарды алға қойдық.

-ақ қағазды үнемдеу;

– макулатура қабылдайтын орындар ашу;

– жасыл желектерді көптеп отырғызу;

Зерттеу барысында үйренгеніміз:

-Ылғи да іздене беруге, жаңадан жаңаны  табуға үйрендік ;

– үлкендерді терең ойландыратын күрделі  сұрақтарды жүйесімен қоя білуге үйрендік;

– қосымша ақпараттарды өзіміз іздеп табуды үйрендік;

Кіріспе

Бір – бірімен бет формасында қосылған ағаш целлюлозасының өсімдік талшықтарынан арнайы таңдалып жасалған материалдарды қағаз және картон деп атайды. Шартты түрде массасы 2 граммнан 250 граммға дейінгі аралықтағы материалды қағазға жатқызады. Барлық алуан түрлі қағаз кластарға бөлінеді. Олардың ішінде негізгілері баспаға арналған қағаз, әшекейлік, сызу мен сурет салуға арналған, электротехникалық, бумаға, орамға, жарыққа сезімтал қағаз болып бөлінеді.

Әртүрлі қағаздардың қасиеттерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер ретінде қалыңдығы, көлемдік массасы, желімденудің дәрежесі, тегістігі, ақтығы, мөлдірлігі, жыртылуға, сынуға, басып жабылуға кедергілігі, суланғандағы деформациялануы, сіңіру қабілеттілігі және т.б. жатады. Қағаз (картон) өндірудің технологиялық схемасы келесі процестерден тұрады: қағаз массасын дайындау, қағазды қағазшығару машинасында жасау, кесу және буып-түю. Қағаз және картон шығару үшін машиналардың екі түрі қолданылады: жалпақторлы түрі– қағаз үшін және домалақ торлы түрі– картон үшін. Осындай  қасиеттері  мен ерекшеліктерін басшылыққа  ала  отырып,  біз  осы  тұста  күнделікті  жазып отырған  дәптеріміздің  беттері,  оқып  отырған оқулықтарымыздың  мұқабалары  мен  газет  –  журналдардың  сан мың  данасы  басылып шығатын қағаздың  қалай  пайда  болатынынына  қызығушылық таныта  отырып, сіздерге  жобамызды  ұсынуды  жөн көрдік.

Теориялық  бөлім

2.1 Қағаздың  шығу  тарихы

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясында «Біздің табиғи ресурстарымыз орасан зор байлық. 2030 жылы Қазақстан ауасы таза, суы мөлдір, жасыл желекті елге айналуы тиіс. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай біздің бақтарымызға енбейтін болады» деп жазылған.

Қағаз бетіне күнделікті қажетті мағлұматты түртіп жүреміз. Қағазсыз адам баласының өмірін көз алдымызға елестету мүмкін емес. Сондықтан да, қағаз жайындағы көптеген қызықты деректермен, қасиеттерімен таныса отырып, осы тақырыпты зерттеуге бел байладық .

Тарихқа үңілер болсақ қағаз жасау өнері ежелгі замандардан-ақ халыққа белгілі болған. Әлемдегі ең алғашқы қағазды 2-ғасырда 105 жылы қытайлық Цай Лунь жасап шығарған. Еуропада 11 – 12-ғасырларда пайда болды. Оған негізгі материал ретінде зығыр, мақта, кендір пайдаланылды. Қағаз өндіру кітап басу мүмкіндігі ашылғаннан кейін қауырт дамыды. 17 – 18-ғасырлар аралығында Голландияда ұнтақтауыш жаңа аппараттың – роллдың жасалуы және француздық Николас Луи Робер ұсынған (1799) механикалық әдіспен үздіксіз қағаз құю әдісі шыққаннан бастап, машиналық өндіріс пайда болды. Шикізат есебінде ағаш, целлюлоза талшықтары қолданылды.

Қағаз (парсыша: كاغد‎ — «кағоз»)  – өсімдік талшықтарын белгілі бір тәсілмен өңдеу және бір-бірімен ұйыстыра байланыстыру арқылы жұқа парақ түрінде жасалатын материал.  Италиянша мақта деген ұғымды білдіреді; кейін осыдан барып қағаз сөзі өмірге келді. [1.62-63бет]

Алғашқы қағаздар бамбук жапырақтарынан, тұт ағашының қабығынан жасалды. Қағаз дегеніміз – бүктеуге, бояуға, майыстыруға, қаптауға, қиюға,жазуға  арналған  материал. Ежелгі мысырлықтар мен индустар құрма ағашының жапырағына жазыпты. Кейбір  Ніл дария жағасында орналасқан халықтар  папирус деген өсімдіктің  жапырағын  пайдаланып  жазған. Ал
Ежелгі Пергамда жануарлардың терісін жазу жазуға болатындай қып икемдеп  алып,  сол  жазуды теріге  түсіретін болған.

Қағаз жасайтын шикізатты дайындау үшін ағаштарды кеседі. Бұтақ, жапырақ, тамырынан тазартады. Сонан соң ұсақталғанша үгітеді де, ол ұнтағы шыққанша майдалана береді. Бұдан соң ұлпа әр түрлі өңдеуден өтеді. Дымқыл әрі борпылдақ ұнтақ машинадан өтіп, тығыз да теп – тегіс аппақ қағазға айналады.

Қазір әлемде АҚШ, Канада, Жапония, Швеция елдері әлемдегі қағаз өндірісінің басым бөлігін шығарады. Индустриялық мемлекеттерде тұратын халықтың 20 пайызы әлемдегі қағаз өндірісі көлемінің 85 пайызын пайдаланып отыр. Бүгінде жер бетіндегі қоқыстың төрттен бірі қағаз

өнімдерінен қалған қалдық болып отыр. Бір ғана дерек, америкалықтар жыл

сайын пошта арқылы 4 миллион тоннаға жуық хат-хабар, бандероль алады екен. Бұл әрбір америкалыққа шаққанда, ондаған келіге тұратын зат болып табылады. Ең қызығы, осының барлығы электрондық байланыс арқылы келсе, жыл сайын 150 мың ағашты сақтап қалуға мүмкіндік бар екен. Егер бір тоннадан астам қағаз қалдықтарын қайта өңдеуден өткізетін болса, 17 ағашты аман алып қалады екенбіз. Жалпы қағазды тиімді пайдалану жағына келсек, әр елдің тұтынуы әртүрлі. Мысалы, Қытай мен Үндістанда оны көп пайдаланады. Орташа есеппен алғанда, әрбір еуропалық жыл сайын 4 тонна қағаз тұтынады, ал австралиялыққа қажеттілігі-130 келі ғана екен. Ал британдық отбасы жыл сайын кесілетін 6 ағаштан жасалатын қағаз қалдықтарын далаға тастайтын көрінеді.

Шикізат ретінде тұт ағашының талшығы қолданылған. Қалай болғанда да, біздің заманға дейін жеткен қағаз өндірісі қызықты да күрделі технологиялық процесске айналды. Бүгінде әлем бойынша қағаз өндіру көлемі жылына

350 млн тоннаны құрайды. Бұл сандарда қазақстандық өндірушілердің де үлесі бар. Алматы облысындағы кәсіпорында тәулігіне 160 тоннаға дейін қағаз шығарылады.

Тұт ағашы, балдыр және папирус – осындай шикізаттардан біздің ата-бабаларымыз бірнеше ғасыр бұрын қағаз жасаған. Бүгінгі таңда шикізат

ретінде заманауи материал – макулатура қолданылады. Өз мерзімін өтеген ескі газет, журнал, қораптарды бүкіл ел бойынша жинайды. Оларды үлгілері бойынша сұрыптайды да, макулатуралық куб ретінде пресстеп, кәсіпорынға жеткізеді.

Дегенмен бұл технологияның кемшілігі сол – қағазды жасап шығару өте күрделі жұмысты талап ететін. Ақыры, ғалымдар қағазды тек шөптерден ғана емес, сонымен қатар, ағаштардан да жасауға болатындығын тапты. Осылайша қазіргі кезге дейін пайдаланылып келе жатқан жаңа технология пайда болды.

Қағаз өндіру үшін әр түрлі ағаштар мен бір жылдық өсімдіктер целлюлозасы және ағаш массасы (уатылған ағашқа су араластырылған талшықты қойыртпақ) жұмсалады. Қасиетін жоғарылату үшін қағаз массасына (қағаз және картон жасау үшін пайдаланылатын ұнтақталған талшықты материалдар, су, үстемелер, бояғыш, желімдегіш заттар қоспасы) қосымша минералдық үстемелер қосады: минералдық заттар (каолин, тальк, т.б.) қағаз түсін ағартады, тығыздығы мен тегістігін арттырады және жақсы баспалық қасиеттер (мөлдір емес, бояу жұғатын, т.б.) береді; желімдік материалдар (канифоль желім, крахмал, шайыр, т.б.) қағаздың сия сормайтын қасиетін және парақтың беріктігі мен тығыздығын арттырады; кейбір қағаз түрлерін жасауда бояғыштар, химиялық талшықтар, т.б. қолданылады.

Қағаз – ағаш діңдерінен жасалады. Қағаз өндіру үшін қолданылатын ағаштар кесіліп, бөрене халіне келтіріледі.[9.3бет] Алдымен қабықтары алынып, кейін майда-майда бөлшектерге бөлінеді. Бұл бөлшектер жуылып, ұнтағыш машинадан өтеді. Машинаның ішінде әртүрлі химиялық заттармен араластырылып, талшықтарға бөлінеді және қамыр халіне келтіріледі. Бұл қамыр ағаруы үшін жеке бір процедурадан өтеді.Кейін қамыр миксерге (араластырғышқа) салынады. Қамырдың ішіне қағаздың сапасын, суға төзімділігін арттыратын, немесе рең беретін түрлі-түсті химиялық заттар қосылады. Миксерден шыққан қамыр бір текті халге келеді. Қамыр жылжымалы лентаның үстіне төселеді. Суы сүзілетін және тығыз цилиндрлердің арасынан өтеді. Осылайша қағаз беттері пайда болады. Соңында ыстық цилиндрлердің арасынан өтіп, құрғатылады. Фабрикадан шыққан қағаздар үлкен рулон түрінде шығады. Оны өңдеушілер қалаған көлемде қырқып сатады. Бірі мектеп оқушысына, зейнеткерге, енді бірі болашақ ақынға, әйгілі саясаткерге жеткізіледі. Бұл жұмыстың жүру барысын әдейі жасалған бейне көріністен қарап алдық.

2.2 Қағаздың  түрлері  мен  қасиеттері

Қағаз алуан түрлі болады. Бірінен-бірі салмағы, тығыздығы, түсі сияқты қасиеттерімен  ерекшеленеді. Қағаздың 600-ден астам түрі бар. Қағаз 11 топқа бөлінеді:[4.40-42 бет]

Кітап-журнал қағазы – полиграфиялық және кітап өнімдерінде қолданылатын қағаз. Қолдану мақсаты мен басу әдісіне қарай сипаттамасы әртүрлі болатын қағаздың бірнеше түрі болады – автотипті, сөздікті, нотобасатын, литографиялық, офсеттік, фототиптік, батып түскен баспа үшін (тифдручтік), сандық баспа үшін, эстампті және т.б.

Газет қағазы – газет және сол іспеттес өнімдерді басуға арналған қағаз. Газет қағазы негізінен желімденбеген, ал кей кезде толтырғышсыз, ағаш массасынан (60 г/м2 аз емес) тұрады. Газет қағазы тез уақытта ескіреді (сарғаяды, тез жыртылады). Сондықтан газет қағазында кітап басу жөн емес және де тек бір рет қолданылатын ұзақ сақталмайтын басылымдарды шығаруда ғана қолдануға болады.

Санитарлық – гигиеналық қағазы тек адам организіміне зиянды емес заттар мен бояғыштар  қолданылатын жоғары сапалы целлюлоза мен жоғары сортты макулатурадан шығарылады. Қағаз көбінесе тегіс емес болып шығарылады, ол оның ылғалды сіңіру және жұмсақтық қасиеттерін жақсартады.

Синтетикалық қағаз. Целлюлозадан басқа материалдардан жасалған қағаз синтетикалық қағаз деп есептеледі. Мысалы, май өткізбейтін, суға төзімді және тағы басқа сипаттамаларға ие болады.

Дизайнерлік қағаз — әртүрлі тығыздығы, қалындығы, түсі және фактурасы болатын қағаз, әртүрлі шығармашылық ойларды іске асыруға арналған. Дизайнерлік қағаздың сан алуан варианттары бар, олар шығармашылық процесті неғұрлым әртүрлі және мәнерлі болуына арналған.

Буып-тюуге арналған қағаз – сульфат массасынан өндірілген қатты қағаз. Ақталуы, боялуы немесе өзінің табиғи қоңыр түсін сақтауы мүмкін.  Гофрланған картон, қаптар мен пакеттер, баспа өнімдерін, пошталық қағаздарды және т.б.  орауға қолданылады. Буып-тюуге арналған қағаз сонымен бірге суға төзімді.

Картон (фр. carton < ит. cartone, carta — қағаз) —Қалындығы 0,5 мм (шартты түрде 250 г/м2 бастап) болатын ағашталшықты қағаз, ол қағаз тәрізді ағаш массасынан, целлюлозадан, макулатурадан шығарылады. Сонымен қоса синтетикалық минералды талшықтарда қолданылады. Картон кітап мұқабасын, футлярын жасауда, кейбір баспа басылымдарының және буып-түю қағазын шығаруда қолданылады.

Тыс қағаз — тұтас қағаз мұқабаларды желімдеуге және кітап-журнал тыстарын шығаруға арналған қатты қағаз.Тыс қағаз жоғары

желімдеулілігімен ерекшеленеді және әртүрлі түстерге боялады.

Құжат қағазы — ақша, облигация, лотерея билеттерін, төлқұжатты, пошта маркаларын, карточкалы құжаттарды шығаруда қолданылады.

Көшіру қағазы — түпнұсқаны копир қағазынсыз көшіруге мүмкіндік беретін қағаздың белгілі бір сорты. Көшірме қатты басып жазу нәтижесінде пайда болады. Көшіру қағазы негізінен есеп шоттарын және басқада құжат бланктарды көшіруге арналған.

Баспа қағаз (баспаханалық, офсеттік, иллюстрациялық, картографиялық, т.б.) – тегістігімен, түсінің ақтығымен ерекшеленеді, баспа бояуы жақсы жұғылады. Тұсқағаздар мен газеттік қағаздар да осы топқа кіреді.

Жазба қағаз (жазуға, конверттік, карточкалық, т.б. поштаға арналған қағаздар) – бетінің жылтырлығымен, жақсы желімделгіштігімен және сия сормайтындығымен ерекшеленеді.

Сызба және сурет салу қағазы (сурет салу, сызба сызу қағаздары, сызбалық мөлдір және калькалық), әдетте толтырғышсыз (немесе аздап қосылған) массадан жасалады. Мөлдір болу үшін кейбір сорттары көбірек суланып, жоғары қысыммен каландерленеді.

Сіңіргіш қағаз (сүзгілік, сорғыштық, т.б.) фибра, жарғақ, санитарлық-гигиеналық бұйымдар, т.б. өндіру үшін қолданылады. Бұлар кеуектеу келеді

де, сұйықты жақсы сіңіреді.

Аппараттық қағаз (таспалық, перфокарталық, т.б.) өте жоғары механикалық беріктігімен сипатталады. Жарық сезгіш қағаз фотографиялық және жарықпен көшіруге қажетті, т.б. қағаз жасауға пайдаланылады.

Қағаз пішімі — см. өлшемінде берілген стандартты қағаз табағының ені мен ұзындығы: 60×90; 70×90; 70×108; 84×108; 90×120 т.б. қ.п болады.

Қағаздың қасиеттерін білу бұйымды жасау кезінде тиісті материалды таңдап алуға мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде жұмыс пен безендіру  сапасын   әлдеқайда жоғарылатады. Қағазды таңдау кезінде оның сапасы мен қасиеттерін ескеру керек.

  • Тегістік- қағаз бетінің қалпы (тегіс, кедір-бұдырлы)
  • Уақ тесіктік қағаз бетінің қалпына әсер етеді. Уақ тесіктік неғұрлым кем болса соғұрлым жазық беті тегіс болады.
  • Су өткізбеушілік суды өткізу және оған төзу қасиеттерімен анықталады. Мысалы майлықтар суды жақсы өткізеді, ал парафинделген қағаз суды өткізбейді.
  • Қағаздың өзгеру мүмкіндіктері: майысу, салмақ түскенде тығыздалу, серпімдік – мыжылу және алғашқы формасына қайта қалпына келу.
  • Мықтылық- қағаздың жыртылуға төзуі, тәжрибе жүзінде тексеріледі. Құрғақ қағаз су қағаздан мықтырақ, бойлау бағытында көлденең бағыттағыдан мықтырақ.
  • Оптикалық қасиеттерге келесілер жатады: түсі, тотығы, мөлдірлігі, жарық өткізбеушілігі және т.б

2.3 Қағаз жасаудағы тәжірибе жұмыстары

Қағаз – ағаш діңдерінен  жасалады. Қағаз өндіру үшін қолданылатын   ағаштар кесіліп, бөрене халіне келтіріледі.

Алдымен қабықтары алынып, кейін майда-майда бөлшектерге бөлінеді. Бұл

бөлшектер жуылып, ұнтағыш машинадан өтеді. Машинаның ішінде әртүрлі

химиялық заттармен араластырылып, талшықтарға бөлінеді және қамыр халіне келтіріледі. Бұл қамыр ағаруы үшін жеке бір процедурадан өтеді.
Кейін қамыр миксерге (араластырғышқа) салынады. Қамырдың ішіне қағаздың сапасын, суға төзімділігін арттыратын, немесе рең беретін түрлі-түсті химиялық заттар қосылады. Миксерден шыққан қамыр бір текті халге келеді.      Қамыр жылжымалы лентаның үстіне төселеді.  Суы сүзілетін және тығыз цилиндрлердің арасынан өтеді. Осылайша қағаз беттері пайда болады. Соңында ыстық цилиндрлердің арасынан өтіп, құрғатылады. Фабрикадан шыққан қағаздар үлкен рулон түрінде шығады. Оны өңдеушілер қалаған көлемде қырқып сатады.

Қорытынды

Қағаздың пайда болуы тарихтағы маңызды оқиға болып есептеледі, және көпке дейін оны шығару құписы қатаң сақталды. Бұл ғажайып материалды шығару технологиясы өте қарапайым екенін ешкім аңғармады да, білмеді. Алғашқы кезде қағазды бамбуктың сабағынан және тұт ағашының қабығынан өндірді. Шикізатты шыланған әк таспен өңдеп, ағаш балғалармен соғып, сумен араластырған. Осының нәтижесінде пайда болған қағаз массасын рамаға тартылған тормен көсіп алған. Су тор арқылы ағып кеткен соң, оның бетінде ылғалды беттер қалған, оларды содан кейін қысып нығыздап кептірген. Қытай саудагерлері бұл бағалы жүкпен Самарқанд қаласына жеткен. Мұнда арабтар олардын құпиясын ашып қағаз жасау технологиясын Испанияға жеткізген. Одан қағаз жасау өнері бүкіл дүние жүзіне тараған.

Ұсыныс

  • Арнайы қағаз шығаратын  қондырғылар  орнатылып,  өз  өңірімізде  қағаз  жасау  цехы  ашылса;
  • Қағазды қалдықтардан жасап,  табаиғатты  аяласа;
  • Қағазды маңызы мен  пайдасы  туралы  таратпалар  жасалып,  халыққа  наихатталса;
You May Also Like

Слова-ловушки переводчика, научный проект

Секция: ағылшын тілі Жобаның тақырыбы: «Слова-ловушки переводчика» Оглавление Абстракт Введение– Исследовательская часть…

Имам Әлімбековтың көсемсөздері, ғылыми жоба

Ғылыми жұмыстың тақырыбы: Мазмұны І Кіріспе Алаш арысы-Имам Әлімбеков ІІ Негізгі бөлім…

Таңғажайып «жеті», ғылыми жоба

Таңғажайып «жеті» (математика, информатика) Кіріспе Сандардың пайда болуы “Жеті” санына байланысты логикалық…

Тырнағымды неге жеймін? ғылыми жоба слайд