Аңдатпа

 Оқушының «Лимон жемісінің таңғажайып әлемі» атты ғылыми жобасы лимон жемісінің өзіндік ерекшеліктерін сипаттай отырып, оның пайда болу тарихы, оның адам ағзасына пайдасы мен зиянын танып білуге, оның емдік қасиеттерін ашуға арналған.

Зерттеудің мақсаты: Лимон жемісінің өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып, оның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтарына терең талдау жасау. Лимоннан дайындалатын сусындар мен ем-домның жасалу жолдарын зерттеп танып-білу.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер лимон жемісінің өзіндік қасиеттері мен құпия сырлары жан-жақты таныстырылып, оның адамзат үшін пайдалы жақтары ашылса, сонымен қатар емдік қасиеттері жүйеленіп берілсе, лимон туралы таным-түсініктеріміз арта түсер еді, олардың пайдасын жетік меңгеріп, өз қажетімізге тиімді жарата алар едік.

        Зерттеу барысында:

  1. Лимонның сан алуан қыр-сыры ашылды;
  2. Оның адамзат өміріндегі алатын орны айқындалып, маңыздылығы ашылды;
  3. Лимонның адам ағзасына пайдасы айқындалды;
  4. Лимоннан дайындалатын сусындар мен ем-домдардың дайындалу жолдары мен оның емдік қасиеттері көрсетілді.

Жұмыстың орындалу әдістері. Лимон туралы баспасөз, энциклопедия, интернет материалдарымен жүйелі түрде танысу, оларды жүйелеп, жинақтау; ғылыми ізденіс, зерттеу, деректер жинау.

«Лимон жемісінің таңғажайып әлемі» атты ғылыми жобасына

Пікір

Оқушының «Лимон жемісінің таңғажайып әлемі атты ғылыми жобасы лимонның өзіндік құпия сырларын ашуға, оның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтары мен шипалық қасиеттерін танытуға арналған.

Зерттеу жұмысында оқушы оның шығу тарихына сипаттама бере отырып, оның жер бетіне таралуы туралы кеңінен талдау жүргізеді. Лимонның адам ағзасына тигізетін пайдасына нақты мәліметтер келтіре отырып сипаттама жасалған.  Оның өмірінде алып отырған орнын көрсетуге, адам өмірінің денсаулығын жақсартуда көптеген шипалық қасиеттерінің қыр-сырын ашып көрсеткен. Лимонның кеңінен таралған түрлеріне анықтама бере отырып, олардың әрқайсысын жүйелеп, талдаған.

Зерттеуші лимонның пайдалы жақтарын, емдік қасиеттерін танытуда көптеген еңбектермен, интернет материалдарымен таныса отырып, оның барлық қырын ашуға тырысқан.

Жалпы алғанда ғылым жоба өз дәрежесінде жасалынған деуге болады.

Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын.

Жоспары

Аңдатпа. 1

Пікір. 2

Жоспары.. 3

Кіріспе. 4

І. Теориялық бөлімі 6

1.1 Лимонның шығу тегі 6

  1. 2 Ботаникалық сипаттамасы.. 7

1.3 Лимонның құрамы.. 9

1.4 Емдік қасиеттері 10

1.5 Лимоннан дайындалатын ем-домдар. 16

  1. 5 Лимонның иіс кетіргіш және тазартқыш қасиеттері 17

ІІ. Тәжірибелік бөлімі 18

  1. 1 Әлеуметтік зерттеу жүргізу. 18

2.2 Лимонның тазартқыш қасиетін тексеру. 20

2.3 Лимон электр қуатын жақсы өткізетінін анықтау. 20

2.4 Лимонның шай түсін өзгертетуін дәлелдеу. 21

Қорытынды.. 22

Пайдаланған әдебиет тізімі 23

Қосымша № 1. 24

Қосымша №2. 26

 

Жетекшісі : Кулекешова Сауле

     Кіріспе

   Зерттеу жұмысының өзектілігі:

— Күз, қыс және көктем айларында жөтеліп, тұмауратып қалатын кездеріміз болып қалады. Дәрігерлер мұндайда үйреншікті әдіспен — дәрі-дәрмектің, ине салу көмегімен емдесе, кей жандар дәрілік шөптердің көмегіне сүйенгенді жөн санайды. Әсіресе, дәріханалардағы дәрі-дәрмектің бағасы әрдайым қалта көтере бермейтін  шақта емдік қасиеті бар жемістерді тиімді пайдалану туралы кеңірек мағлұмат алып, оларды дұрыс қолдану туралы көбірек білу тиімдірек.

Жеміс (лат. fructus) — жабық тұқымды өсімдіктер өнімі. Жеміс ұрықтанған аналықтан дамиды, бірақ көптеген өсімдіктерде басқа бөліктерінен де (гүл кіндігі, гүл серігі, т. б.) дамиды. Аналықтан дамыған жемісті нағыз жеміс, ал басқа бөліктерінен дамыған жемісті жалған жеміс деп атайды. Жеміс тұқымнан және жемісқаптан тұрады. Жемісқаптың ішінде бір немесе бірнеше тұқым болады, партеногенездік жолмен дамыған жеміс тұқымсыз болады. Өсімдік түріне байланысты жемістің пішіні, көлемі, түсі әр түрлі болады. Жеміс құрғақ жеміс және шырынды жұмсақ жеміс деп бөлінеді. Шырынды жемісті көп тұқымды — лимон

Қазіргі таңда адам денсаулығын сақтауға көп көңіл бөлінеді. «Тазалық – денсаулық негізі, денсаулық – байлық негізі» деп халқымыз бекер айтпаған, себебі адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтауға байланысты деп ойлаймын.  Денсаулық пен тазалықты сақтаудың жаңа жолдарын іздестірудеміз. Химиялық тазартқыштар мен жасанды дәрі-дәрмектің орнына экологиялық таза ауыстырылғыш табу керек деп байқадым. Сондықтан жеміс-жидектердің арасынан лимонды таңдап, ол туралы мәлімет тауып, оның қасиеттерін ашып, күнделікті өмірде қолдану тәсілдерімен таныстыруды жөн көрдім.

Лимонның көптеген ауруларға қарсы ем ретінде қолданылатын бағалы жеміс екендігі белгілі. Ол дәрумендерге бай өнім.Лимон тілімдері қосылған суды «Денсаулық сусыны» деп атайды. Ол иммунитетті жақсартуға, склероз, анемия сияқты аурулардан арылуға жол береді.

Лимон құрамындағы магний, калий мен С дәрумені ми, жүрек және жүйке жүйесі жұмысын жақсартады, қан қысымын бір қалыпқа келтіреді. Теріге нәр береді, тырнақ, шаш өсіміне оң әсерін тигізеді. Қант диабетімен ауыратындарға оның жапырағын көлеңкеде кептіріп, ұнтақтап, сосын бір ас қасығын жарты литр суға салып, шай сияқты демдеп, күніне 3 рет 30 грамнан 2 ай ішкізіп, ауруынан жазады.

Лимонды кесіп алып, шайға салып, ішіп жүрсе, қан жүрісі реттеледі, қан қысымының көтерілуі бәсеңдейді. Лимонмен шай ішкен адамның жүйкесі бірқалыпты болады.

Зерттеудің мақсаты: Лимон жемісінің өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып, оның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтарына терең талдау жасау. Лимоннан дайындалатын сусындар мен ем-домның жасалу жолдарын зерттеп танып-білу.

Міндеттері:

— Лимонның шығу тегін анықтай;

— Лимонның ботаникалық сипаты мен химиялық құрамы зерттеп білу;

— Лимонның емдік қасиеттері айқындау;

— Лимонның иіс кетіргіш және тазартқыш т.б. өзіндік ерекше қасиеттерін анықтау.

І. Теориялық бөлімі

1.1 Лимонның шығу тегі

 Лимон бізге сонау Үндістан мен Қытай жерлерінен келген екен. Кезінде экзотикалық болған бұл жеміс қазірде елімізде орнығып, халқымыздың көңілінен шығып жатыр.

Цитрологтардың (цитрус дақылдардың мамандары) арасында лимонның шығу тегі туралы біртұтас пікір жоқ. Оның цитроннан ауып кетіп шыққан мутация деген жорамалдар кездеседі. Қалай болса да, табиғатта лимон жабайы түрде кездеспейді.

Лимон жемісі туралы алғашқы мәлімет Қытайдағы VIII ғасырға жатады. Ал XI ғасырда арабтар оны Испанияға әкелген. Тап сонда осы өсімдік қазіргі түрінде қалыптасқан деп саналады.

 

Александр Македонскийдің әскерлері Еуропаға Үндістаннан лимон жемістерін алып келді. Оларды үнді алмалары деп атап кеткен. Ал атақты теңіз саяхатшысы Джеймс Кук өз теңізшілерін цинга ауруынан қорғау үшін лимон жегізген, XVII ғасырдың британдық теңізшілерін «лаймиз» (лимондықтар) деп атап кеткен.

Осыдан жүз жылдан аса Нижний Новгородтың маңайындағы Павлово селосындағы орыс шаруалар лимонды өз үйлерінде өсіре бастаған. Осы лимондар павлов бөлме лимондары деп аталды.

Лимон ағашынын мекені – Үндістан, Қытай және Тынық мұхитының тропикалық аралдары. Қазіргі кезде тропикалық аймақтарда ғана емес, сонымен қатар мәдени түрлері субтропикалық Кавказ, Орта Азия, Калифорния, Флорида, Жерорта теңізі аймақтарында да өсіріледі.

1. 2 Ботаникалық сипаттамасы

Лимон – цитрустар тұқымдасына жататын көпжылдық мәңгіжасыл өсімдік. Лимон ағашының биіктігі 5-8 метр. Бұтақтарының инелері болады. Жапырағы жұмыртқа пішінді, ұшы сүйірленген. Жапырағындағы эфир майы әсерінен өсімдік жағымды иіс бөліп тұрады. Гүлі ақ түсті, хош иісті. Лимон ағашының жемісі жұмыртқа пішінді, кейбір сұрыптарында домалақ түрлері кездеседі. Жемісінің ұзындығы 7-12 см, диаметрі 8-10см, салмағы 120 г. шамасында. Лимон жемісінің қабығының қалыңдығы 2-5 мм, сары түсті. Лимонның шырыны ақшыл-сарғыш түсті, дәмі ащы.

Қазақстанда климаттық жағдайымызға байланысты бақшаға өсіре алмағанымызбен, жылыжайда өсіруге болады.

Елімізде осы уақытта екі жерде ғана лимон өсіріледі. Ол Шығыс Қазақстан облысында, Өскемен қаласының маңайындағы Украинка деген ауылда Земляные Николай мен Людмиланың отбасы және Оңтүстік Қазақстан облысының Дидар Имашев басқаратын «Нығметолла» деген шаруашылығы. Онда «Бейбітшілік» деген лимон түрін өсіре бастады. Шаруашылықта 5 жылыжай бар, оларда 1500 лимон көшеті салынған. Қазақстанға лимондарды Испания, Аргентина және Турция елдерінен әкеледі.

Шығыс Қазақстан облысында, Өскемен қаласының маңайындағы Украинка деген ауылындағы лимон шаруашылығы

Дұрыс күтіп баптаса, лимон үй жағдайында да гүлдеп, жеміс береді. Үйде өсірілетін лимонның қабықтары жұқа, дәні майда, хош иісі көбірек болады. Дәнінен өсірген лимон 7-8 жылдан, кейде 15-20 жылдан кейін ғана жеміс береді. Бұл процесті тездету үшін, бір жылдық көшетті жеміс беретін ағаштың бұтағымен телу керек. Мұндай өсімдік 2-3 жылда гүлдей бастайды. Бір лимон жемісі толық жетілу үшін сабақ бойында кем дегенде 10-15 жапырақ болуы керек.

Лимон өсімдігін үйде де өсіруге болады, арнайы сұрыптары бар. Бұл ағаштар көктем-жаз кезеңінде 2-3 рет гүлдейді, ал қыста жарық жетіспесе демалып тұрады. Жақсы сұрыптары жылына1-4 рет гүлдеп, жеміс береді. Бөлме лимондарының жемістері жақсы жетіліп, піседі. Олардың дәмдік сапасы сырттан әкелінген лимондарға қарағанда жоғары болады. Бөлмеде өсіп тұрған лимон ағашының жапырақтарынан фитонцид деген зат бөлінеді де, бөлмені ауру таратушы микробтардан тазартып тұрады, ауаны хош иістендіреді. Сол себепті цитрус өсімдіктерін өсірушілер суық тиіп ауруды білмейді. Лимонның иісі шаршағанды басады, көңіл-күйді сергітеді, көздің көруін жақсартады, жұмысқа қабілеттілікті арттырады екен. Компьютермен көп жұмыс істейтін адамдарға пайдасы өте зор, оның иісі жемісінен ғана емес, жапырақтарынан да жақсы иіс шығып тұрады.

Қыста 15—18°С жылыда, ылғалды ауада, жарықта жақсы сақталады. Құрғақ ауаны, қатты ыстықты сүймейді. Терзенің алдына қойғанда желдеткіш жабық болуы керек. Көктемде баққа топыраққа ыдысымен отырғызып, ерте күзде үйге қайта кіргізу қажет. Лимонды күннің қысқа мерзімінде отырғызса тез гүлдеп, өнім береді. Бөлмеде газ, түтін, мұнай өнімдерінің иісі болса өспей қалады.

1.3 Лимонның құрамы

Оның құрамында пектин, эфир майлары, биофлавоноидтар бар. Лимон асқазандағы қорытуға көмектесетін заттардың бөлінуіне әсер етіп, ағзаға темір мен кальцийдің сіңіруін жеңілдететін энзимдарды бөледі. Өзі қышқыл болғанына қарамастан, ол асқазан суларының қышқылдығын төмендетеді. Әрине лимон құрамындағы С дәрумені жайлы айтпай қоймасқа болмайды. Ол жалпы иммунды жүйені жақсартып, түрлі ауруларға тосқауыл болады. Лимон ағзадан қажет емес кір-қоқыстарды шығаруға да көмектеседі. Мысалы ұзақ уақыт дәрі, антибиотик қабылдасаңыз, лимонның көмегімен бауырыңызды улы заттардан тазартсаңыз болады.

Лимонның жеуге жарайтын бөлігінің 100 граммының энергетикалық құндылығы — 27-29 калория. Онда құрғақ зат 9,6-10,2% құрайды, 8,4% — көмірсу, олардан 3,5%-ға дейін — қант, 0,6-1,1% — ақ, 0,3-0,8% май, 0,4-0,9% клетчатка. Лимондар органикалық қышқылдарға (лимонмен және алмамен) — 6-8% бай, сол себептен олар лимон қышқылын жасау үшін пайдаланылады

Жемістің минералдық құрамына кальций (26-27 мг), фосфор (22-26), натрий (1), темір (0,3-0,5), калий (235 мг) кіреді.

Лимон жемісі дәрумендерге өте бай. 100 грамында 40-85мг С дәрумені, 0,4 мг бета-каротин, 0,04мг – В1 дәрумені, 0,2 – В2, 0,2 – В3, 0,1-0,3мг – Р дәрумені бар.

(Лимонның құрамында 5-8% лимон қышқылы, азот пен пектинді заттар, қант, фитонцидтер, калий, мыс, флавоноидтар, А, В1, В2, С, Д, Р дәрумендері мен эфир майы бар).

Лимонның құрамындағы басты бөліктері ол, әрине су мен лимон қышқылы. Бірақ, олардан басқа адам ағзасына қажетті дәрумендер де бар. Ең көп мөлшерін адам ағзасындағы заттардың дұрыс алмасуы мен қоректенуіне қажетті С дәрумені құрайды. Онымен қатар А, В1, В2 мен D дәрумендері және тек цитрус дақылдарына лайық цитрин (Р витамины) бар. Химиялық құрамына қарасақ, бұл, биологиялық белсенділік пен емдік қасиеттері мол, өте күрделі фенолдық құралым. Минералдық тұздар мен лимон қышқылына бай болғандықтан, лимонды жеу адам ағзасына көп пайда келтіреді.

Құрамындағы адам ағзасына пайдалы заттарға бай болғандықтан лимон қажетті азық-түлік, бағалы дәрілік және косметикалық құрал деп саналады.

1.4 Емдік қасиеттері

Катарактаның қалыптасу қаупін азай-тады, кіші қан тамырлардың қабырғаларын қа-тайтады. Анемияны және ревматизмді емдеуге жәрдемдеседі. Құрамында С дәрумені 100 грамда 48 мг.

Лимон – құрамындағы дәрумендердің мол болуына байланысты оның адам ағзасына тигізер пайдасы зор. Жалпы, лимон бактерияға қарсы және иммунитетті жақсарту әсері жөнінен бірінші орынды алады. Бәріміз білеміз, лимон С дәруменіне бай, ал ол қыс мезгілінде иммунитетті жоғарлатуда, әртүрлі тыныс жолдарының ауруларында көп септігін тигізеді. Біле білсеңіз, 100 г лимонда 150 г С дәрумені бар. Ал, ересек адамға тәулігіне 60 г С дәрумені қажет.

Лимонның барлық пайдалы қасиеттері оның ішкі жұмсағында , дәл осы жұмсағында дәрумендер көзі жинақталған. Ал, лимон жұмсағы 90% судан, ал қалған бөлігі суда еритін дәрумендер және алма, лимон қышқылынан тұрады. Құрамындағы калийдің маңыздылығы соншалықты, жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын реттейді, яғни қан қысымы жоғарылаған науқастарға, жүрек инфарктін, инсульттің алдын алуда пайдасы зор. Кейде тіпті, адамның көңіл-күйі болмаған кезде, тәбеті тартпай тұрса, 1 тілім лимонды шайға салып ішсеңіз болады. Ол әрі тіске пайдалы, әрі қызыл иектің қанауында көмектеседі. Суға лимон шырынын қосып, тісіңізді шайсаңыз да болады.

Жүкті әйелдерге аса қажетті өнім. Себебі оның құрамындағы жоғары мөлшерде С дәрумені бар және бұл әсіресе жүкті әйелдердің токсикоз кезінде пайдалы, сол кезде 1 тілім лимонды күніне 1 рет жесе басылады. Бірақ, ескерте кету керек, лимон цитрустық жеміс болғандықтан, кейбір аллергиялық реакциялар туындауы мүмкін. Әсіресе, асқазан-ішек жолдарының созылмалы аурулары бар әйелдерге қолданбағаны абзал, себебі оның құрамында қышқыл бар.

Лимонды шаймен бірге ішсеңіз пайдасы көп. Оның қасиеті ағзадағы артық жиналған заттарды, шлактарды шығарады және өзіңізді тыныштындырып, жақсы көңіл-күй сыйлайды. Таңертең тұрғанда 1 тілімін шайға салып ішсеңіз, сіз өзіңізді күні бойы сергек, әрі жеңіл сезініп жүресіз.

Қандай лимонды таңдау керектігін айта кеткен жөн. Қазіргі кезде лимонның түрі өте көп. Оның түрі көп болғанымен, барлығының тигізер пайдасы бірдей. Лимонның ең бірінші сыртқы түсіне, яғни сыртқы түсі қанық сары түсті, сырты тегіс және піскен екендігіне көз жеткізуіңіз керек, бірақ дақтары болмағаны абзал.

Судың адам ағзасына қаншалықты пайдалы екені бұрыннан-ақ белгілі. Диетолог-мамандар су диетасына сәйкес күн сайын аш қарынға 1 стақан таза су ішу керектігін айтады. Сондай-ақ, олар таза суға лимон тілімдерін қосып, ішкен дұрыс екенін дәлелдей білген.

Цитрус өсімдіктерінің шырыны табиғи дәрумендерге өте бай, адамның көңіл-күйді көтеріп, сергітеді. Шырынның адам ағзасына әсері мол. Оны қарапайым адамдардан бастап, даңқты спортшылар да жаттығуларда, сайыстарда пайдаланады. Қазіргі уақытта сапалы шырынды пайдалануға әлемдік деңгейде көңіл бөлініп отыр.

Лимонның көптеген ауруларға қарсы ем ретінде қолданылатын бағалы жеміс екендігі белгілі. Ол дәрумендерге бай өнім. Лимон тілімдері қосылған суды «Денсаулық сусыны» деп атайды. Ол иммунитетті жақсартуға, склероз, анемия сияқты аурулардан арылуға жол береді.

Лимон құрамындағы магний, калий мен С дәрумені ми, жүрек және жүйке жүйесі жұмысын жақсартады, қан қысымын бір қалыпқа келтіреді. Теріге нәр береді, тырнақ, шаш өсіміне оң әсерін тигізеді. Қант диабетімен ауыратындарға оның жапырағын көлеңкеде кептіріп, ұнтақтап, сосын бір ас қасығын жарты литр суға салып, шай сияқты демдеп, күніне 3 рет 30 грамнан 2 ай ішкізіп, ауруынан жазады.

Лимонды кесіп алып, шайға салып, ішіп жүрсе, қан жүрісі реттеледі, қан қысымының көтерілуі бәсеңдейді. Лимонмен шай ішкен адамның жүйкесі бірқалыпты болады.

Лимон асқазандағы қорытуға көмектесетін заттардың бөлінуіне әсер етіп, ағзаға темір мен кальцийдің сіңіруін жеңілдететін энзимдарды бөледі. Өзі қышқыл болғанына қарамастан, ол асқазан суларының қышқылдығын төмендетеді. Әрине лимон құрамындағы С дәрумені жайлы айтпай қоймасқа болмайды. Ол жалпы иммунды жүйені жақсартып, түрлі ауруларға тосқауыл болады. Лимон ағзадан қажет емес кір-қоқыстарды шығаруға да көмектеседі. Мысалы ұзақ уақыт дәрі, антибиотик қабылдасаңыз, лимонның көмегімен бауырыңызды улы заттардан тазартсаңыз болады.

Лимон шырыны мен қабығы антисептикалық қасиетке ие. Онымен жараларды сүртіп, ерітіндісімен тамақ шайса болады. Лимон қан құрамындағы холестерин деңгейін төмендетіп, тәбетті ашады. Лимон құрамындағы Р дәрумені қан тамырларын беріктендіріп, қан қысымын көтереді. Әрине лимонның ең танымал қасиеті — жұқпалы тұмау ауруына төтеп бере алуы. Үнді йогтары лимонды денсаулықты қорғауға арналған жақсы құрал деп санайды. Сондықтан әр адамның күніне бір лимон жеуге үйренуді талап етеді.

Артық салмақтан арылуды мақсат тұтқан жандарға лимон қосылған су көмегін тигізе алады. Лимон шырынының құрамындағы пектин ас қорыту жүйесін жақсартып, артық салмақтан арылуға жол береді. Ол үшін күнделікті 1 стақан лимон қосылған суды үш мәрте қабылдау керек. Лимон қосылған қайнатылған жылы су бауыр, өт, бүйрек ауруларының алдын алып, бұл мүшелердің жұмысын жақсартады. Өт жолында тастардың жиналмауына ықпал етеді. Ағзаны зиянды қалдықтардан арылтады. Қан құрамындағы токсиндерден арылтып, терідегі пигментті дақтардың көзін жояды. Безеу, секпіл, әжімнің түсуіне жол бермейді. Теріні тазалап, оны ағартады.

Күнделікті таңертең аш қарынға қабылданған лимон қосылған су жүйке жүйесінің жұмысын бір қалыпқа келтіріп, бойға күш-қуат пен сергектік береді. Стресс, күйзеліс, көңілсіздіктің болмауына ықпал етеді. Жаздың аптап ыстық күндері бұл шырын шөлден құтқарса, қыстың күні жанға жылулық пен күш сыйлайды.

Қайнаған 1 литр ыстық суға лимон тілімдерін салып қойыңыз. Суыған кезде аз-аздан қабылдай бастаңыз. Кейін қабылдау мерзімін жиілетеңіз. Сондай-ақ, қалауыңыз бойынша, бұл шырынға 1 шәй қасық бал немесе жалбыз жапырағын қосуға болады.

Жылдың қай мезгілінде болсын бет терісі ерекше күтімді қажет етеді. Арнайы косметика өнімдерімен қатар үй жағдайындағы күтімнің де бет терісіне өзіндік пайдасы бар. Табиғи өнімдерден әртүрлі маскалар қолдану бет терісін тазалауға, нәрлендіруге және ылғалдандыруға көмектеседі.

Бет терісі түріне қарай құрғақ, майлы, біріктірілген (комбинированный) және қалыпты болуы мүмкін. Оны анықтау үшін бетті тазартқыш құралдардың көмегімен тазалап, 3 сағаттан кейін қағаз майлықтың бірін мағдайға, тағы бірін бетке 15 секунд қойып тексеріп көруге болады. Майлықтарды салыстыру барысында екі майлықта да май дағы байқалса, терінің түрі қалыпты саналады. Майлықтың кез келгенінде май дақтары әзер байқалса, онда тері құрғақ болғаны. Немесе екі майлыққа да көп мөлшерде сіңген болса, ол майлы тері болып табылады. Егер қағаз майлықтың біріндегі май дағы екіншісінен көбірек болса, тері түрі біріктірілген болып табылады. Ендеше бетке косметика өнімдерін немесе маскаларды терінің ерекшелігіне сәйкес қолдану қажеттігі айтпаса да түсінікті.

Лимонның осыншама пайдасына қарамастан, ол да зиян болуы мүмкін. Тым көп мөлшерде қабылданған лимон ем емес, керісінше болуы мүмкін. Лимон қатты аллергия қоздырғышы болуы мүмкін. Лимонды тіс эмальдары нашар жандар сирек жегені дұрыс, лимон шырыны оны біржолата құртуы мүмкін. Тамағы қабынған, ісінгендер де лимон жемегендері жөн, лимон тамағыңызды ашытып, күйдіріп жібере алады. Гастрит, асқорыту жолдарының ауруына шалдыққандарға лимон жеуге мүлдем тыйым салынған.

Судың адам ағзасына қаншалықты пайдалы екені бұрыннан-ақ белгілі. Диетолог-мамандар су диетасына сәйкес күн сайын аш қарынға 1 стақан таза су ішу керектігін айтады. Сондай-ақ, олар таза суға лимон тілімдерін қосып, ішкен дұрыс екенін дәлелдей білген.

Лимон тілімдері қосылған суды «Денсаулық сусыны» деп атайды. Ол иммунитетті жақсартуға, склероз,анемия сияқты аурулардан арылуға жол береді.

Лимон құрамындағы магний, калий мен С дәрумені ми, жүрек және жүйке жүйесі жұмысын жақсартады, қан қысымын бір қалыпқа келтіреді. Теріге нәр береді, тырнақ, шаш өсіміне оң әсерін тигізеді.

Артық салмақтан арылуды мақсат тұтқан жандарға лимон қосылған су көмегін тигізе алады. Лимон шырынының құрамындағы пектин ас қорыту жүйесін жақсартып, артық салмақтан арылуға жол береді. Ол үшін күнделікті 1 стақан лимон қосылған суды үш мәрте қабылдау керек.

Лимон қосылған қайнатылған жылы су бауыр, өт, бүйрек ауруларының алдын алып, бұл мүшелердің жұмысын жақсартады. Өт жолында тастардың жиналмауына ықпал етеді. Ағзаны зиянды қалдықтардан арылтады. Қан құрамындағы токсиндерден арылтып, терідегі пигментті дақтардың көзін жояды. Безеу, секпіл, әжімнің түсуіне жол бермейді. Теріні тазалап, оны ағартады.

Күнделікті таңертең аш қарынға қабылданған лимон қосылған су жүйке жүйесінің жұмысын бір қалыпқа келтіріп, бойға күш-қуат пен сергектік береді. Стресс, күйзеліс, көңілсіздіктің болмауына ықпал етеді. Жаздың аптап ыстық күндері бұл шырын шөлден құтқарса, қыстың күні жанға жылулық пен күш сыйлайды.

Қайнаған 1 литр ыстық суға лимон тілімдерін салып қойыңыз. Суыған кезде аз-аздан қабылдай бастаңыз. Кейін қабылдау мерзімін жиілетеңіз. Сондай-ақ, қалауыңыз бойынша, бұл шырынға 1 шәй қасық бал немесе жалбыз жапырағын қосуға болады.

1.5 Лимоннан дайындалатын ем-домдар

Сүйелдер
Екі лимонның ұсатылған қабығын 30% сіркесудан 0,5 стақан құйыңыз, тығыз жабылған ыдыста, кезеңдеп шайқап отырып, 8 күн ашыту. Сүзіңіз. Осы тұңбада суланған тампонды, күніне бір неше рет сүйелдерге жағыңыз.

Секпілдер
100 г бал алып, бір лимонның шырынымен араластырыңыз. Осы қоспамен дәкеден жасалған майлықтарды дымқылдатыңыз және секпілдер жабылған жерлерге 15 — 20 минутқа жағыңыз. Табысқа жету үшін үнемі 15-20 маска жағуғу болады.

Гипотония
төмен қан қысымы болған кезде климактериялық кезеңінде тамақтан соң үгітілген кофе дәмдерінен 50 г, 0,5 кг балдан және бір лимонның шырынынан жасалған қоспаны 2 сағаттан кейін 1 шай қасықтан қабылдаңыз. Қоспаны тоңазытқышта сақтаңыз.

Бас ауыруы. Жаңа піскен лимонның қабығын алыңыз, цедрадан тазартыңыз, қабаққа салыңыз және бірнеше уақыт ұстаңыз. Кейін терінің үстінде лимон қабығының астында қызыл таңба пайда болады, ол қызиды және қышиды, ал бас ауыруы басылады.

Бели
Стақанға бір лимонның шырынын сығыңыз және оған қайнаған су қосыңыз. Ашпа кішкене суғаннан кейін, оны дәкемен сүзіңіз. Жаңа сауылған сүттің температурасына дейін суытылған ашпамен, қынапты жуыңыз. Салқын суды еш уақытта қолданбаңыз – одан жатыр мен анабезде шаншулар болуы мүмкін.

Тістерді нығайту. Егер сіз тістеріңіз ақ, ал тамырлары — мықты болсын деп тілесеңіз, тістеріңізді лимонның қабығымен ысыңыз.

Мүйізгектер. Ұйықтар алдында аяқты ыстық сумен буындырыңыз, құрғақ болғанша сүртіңіз және кішкене балдырмен лимонның қабығын – лимонның шетін мүйізгекке байлап қойыңыз. 4 — 5 күннен кейін мүйізгек толығымен жоқ болып кетеді.

Аяқ сіңірінің тартылуы.  Аяқтың табанына таңертен және кешке лимонның шырынын жағыңыз және жүрмеңіз, аяқ кимді шырын кеппегенше кимеңіз. Емделу курсы – екі жетіден аса емес.

Тырнақтарды күту. Тырнақтар икемділік пен қаттылықты жоғалтпау үшін, оларға лимон шырыны мен май қоспасын жиі жағу керек.

Талып қалу. 100 г құрғақ лимон қабықтарын ұсатыңыз, 1 л арақ құйыңыз, анда санда шайқап отырып, 3 апта жылы жерде ашытыңыз. Сүзіңіз. Күніне 3 рет 25-30 тамшыдан қабылдаңыз.

Жасарту. Қабығымен 3 лимонды, 3 бас сарымсақ, 3 стақан мүк жидекті сығыңыз, 7 стақан қайнатылған сумен ашытыңыз, 2 күнге салқын жерге қойыңыз, сүзіңіз, 400 г бал құйыңыз, араластырыңыз және тағы 2 күнге салқын жерге қойыңыз. Күніне 3 рет 1 ас қасықтап ішіңіз.

Бұлақ. Құлаққа 2-5 тамшы лимон шырының тамшылаңыз – бұл ауыруды басады және естуді жақсартады.

Қайызғақ. 4 лимонның қабығын 1 литр суда 15 минут пісіріңіз, қайнатпаны сүзіңіз. Шашты қайнатпамен аптасына бір рет шайыңыз.

1. 5 Лимонның иіс кетіргіш және тазартқыш қасиеттері

Лимонды үй шаруасында да қолдануға болатынын көбі білмейді. Бірақ оның тазартқыш және иіс кетіргіш қасиеттерін қолдану тәсілдері өте көп.

Мысалы: азық-түлікті кесетін тақтай әртүрлі жағымсыз иісті (сарымсақ, пияз, балық, т.б.) сіңіп алса, оны лимонның жартысымен сүрту керек, ол барлық иістерді бірден кетіреді. Егер жеміс-жидектерді жуатын суға лимон шырынын қосса, ол бактерия мен микробтарды өлтіріп, жемістерге хош иіс береді, себебі оның антибактериалдық және дезинфекциялық қасиеттері бар.

Құрап қалған салат жапырақтарын суық суға салып, оған лимон жартысын сықсақ және бір сағат тоңазытқышта ұстасақ, ол жаңадан ашылады.

Егер лимонға қалампыр бұтағын кіргізіп, оны шқапқа салсақ, ол кеуіп, өзінен жағымды хош иіс шығарады. Ауаны тазартып, тамаша иіс қалтырады.

Ас бөлмесіндегі сұр алюмин заттар мен ыдыстар ұнамаса, оларды лимонның жартысымен сүртіп жылтырлатуға болады.

Киімдегі дақтардан бір стақан лимон шырыны көмектесе алады, оны кір жуғанда жуатын машинаға кұю керек. Жуған киім хош иісті сіңіп алып, дақтардан айырылады. Ал үлкен дақты кетіру үшін, ас содасын лимон шырынын 50/50 ара қатынаста алады. Жуу алдында осы ерітіндіні даққа жағу керек.

Ваннаны тазарту үшін де лимон жақсы көмекші болып табылады. Оның шырынына су және сірке суын (уксус) қоссақ, ол дақтар мен кірді жақсы кетіреді.

Кейбір бұнақденелілердің иістерді жақсы сезетіні белгілі, сондықтан лимон шырынын бөлме бұрыштарына, терезе астына сеуіп қоюға болады. Сол уақыттан бастап, үйге өрмекшілер, құмырсқалар, бүргелер мен тарақандар кіруін қояды. Ал еден жуатын суға лимон шырынын тамсақ, ол дезинфекция жасап, жағымды иіс қалтырады

ІІ. Тәжірибелік бөлімі

2. 1 Әлеуметтік зерттеу жүргізу

Мектеп медбикесімен кездесуімнен және ғаламтордан тапқан мәліметтер арқылы мен лимонның емдік қасиеттерімен таныстым. Енді «олар туралы басқалар біле ме?» – деген сұрақ туындады. Оған жауап беру үшін, мен 3-4 сынып оқушыларына сауалнама бердім (қосымша №1)

Қазақ және орыс 3-4 сыныптарында 28 оқушы.  25 жауап берді. Осы сауалнаманың жауаптарын есептегенде, осындай қорытынды шықты:

«Лимонды жиі жейсіңдер ме?» деген сұраққа

күнде -8 оқушы (32%)

2 күнде 1 рет – 6 оқушы (24%)

аптасына 1 рет – 3 оқушы (12%)

айына 1-2 рет – 8 оқушы (32%)

деп жауап берді. Осыған қарағанда лимонның пайдасы туралы білетін оқушы аз деп санауға болады. Сонымен қатар лимонды жақсы көретіндер аз емес 76 % (19 оқушы) болып табылды. Лимонның түгелімен пайдалы екенін білетіндер  шамалы — 20% (5 оқушы).

Сонымен қатар ауыл дүкендерде лимонға қандай сұрау бар екенін анықтағым келді. Теңге  ауылында 4 дүкен бар.

Дүкен Айына лимонды сату мөлшері
1 Рахат 8-10кг
2 Нұрайса 12-15 кг
3 Демеу   8-10 кг
4 Мерей 12 -15 кг
Барлығы 40-45 кг

Оларды аралап, дүкеншілермен әңгімелестім. Олардың жауаптарын қорытындылағанда ауылымда қысқы мезгілде лимонды алатын адамдар көбірек, ал жазда шамалы. Онымен қатар, айына әр дүкенде 10-15кг лимон сатылады екен, ол елімнің адам саны 794 деп анықтап білдім. Егер балаға лимондарды 1 жасынан беретін болсақ, онда елімде 1 жасқа дейін 9 бала бар. Адам санынан оларды азайтып, 40-45кг (40000-45000г) 785 адамға бөлсем, әр адамға айына 50-57 г лимон алынады екен, деп есептедім.

Осы сұраудан мен Бостандық ауылында лимон аз сатылатынын анықтадым.

 2.2 Лимонның тазартқыш қасиетін тексеру

Лимонның тазартқыш қасиеттерін тексеру мақсатымен тәжірибе өткіздім.

1 тәжірибе: Лимон шырынымен матадағы дақтарды кетіру

Қажетті құралдар: йод, лимон, мақта дисктері.

Мақта дискіне йодты тамшыладым, одан кейін пайда болған даққа лимон шырының құйдым. Оны 5 минут уақытқа қалтырдым. Лимон шырынындағы лимон қышқылы дақты  кетірді.

Тұжырым: қымбат, зиянды дақ кетіргіштердің орнына лимон шырының қолдануға болады.

2 тәжірибе: аллюминийден жасалған ыдысты тазарту

Қажетті құралдар: алюминийден жасалған ыдыс, лимон, су, шүберек.

Алюминийден жасалған ыдыстың ішін лимонның жартысымен сүртіп, 10 минутқа қалтырып кеттім. Кейін шүберекпен сүртіп, сумен шайдым. Лимон ыдысты тазартты.

Тұжырым: Ыдыс тазартқыштардың орнына лимон шырының қолдануға болады.

2.3 Лимон электр қуатын жақсы өткізетінін анықтау

Ғаламторда лимон туралы мәлімет жинағанда, мен оның ішінде электр қуаты барын оқыдым. Ол мені таң қалтырды, сондықтаноны тексергім келді.

3 тәжірибе: Лимонда электр қуаты барын тексеру

Қажетті құралдар: лимон, 2 сым, мыс тиыны,  шеге,  вольтметр

Лимонда қанша электр қуаты бар екенін тексеру. Ол үшін мұғалімнің көмегімен лимонға тиын мен шегені жартылай кіргізіп, сымдармен вольтметрге қостым. Вольтметр 1 лимонда 1-ге жуық вольт бар екенін көрсетті.

Тұжырым: лимондағы электр қуатын пайдалануға болады

2.4 Лимонның шай түсін өзгертетуін дәлелдеу

4 тәжірибе: Лимонның шай түсін өзгертетінін тексеру

Қажетті құралдар: 2 шыны ыдыс, аққұман, шай, қайнаған су, лимон

Шайды аққұманға шығарып, екі ыдысқа құйдым. Біреуіне лимон шырынын қостым. Сол ыдыстағы шайдың түсі ағарды.

Тұжырым: лимон шайдың түсін ағартып, біздің тісімізді сарғаюдан қорғай алады.

SWOT талдау барысында төмендегі нәтижелер анықталды:

 

Жағымды жақтары

 

Жағымсыз жақтары

 

Лимонның барлық бөліктері пайдалы;

 

Тұқымы мен ақ қабығы тамақтың дәмін бұзады (ащы дәм береді);

 

Лимонның құрамындағы С дәрумені басқа жемістермен салыстырғанда ұзақ уақыт сақталады;

 

Қазақстан жерінде аз өсіріледі (басқа мемлекеттерден әкелінеді);
Тазартқыш, ақтағыш, иіс кетіргіш қасиеттері бар, электр тогын өткізеді. Елімізде лимонның бағасы қымбат (иіс кетіргіш, тазартқыш ұнтақ пен кәдімгі батарея сатып алу арзанға түседі).
Мүмкіндіктері

 

Қатерлері

 

Мемлекетімізде лимонды жылы жайларда өсіру саласын дамыту; Жылыжай салып, лимон көшеттерін сатып алу үшін мүдделі ұйым немесе адам керек;

 

Үйде өсіру. Лимон тұқымынан өсірілген ағаш жеміс бермейді, оған жеміс беретін шыбықша ұластыру қажет.

Лимонды үйде өсіру әр адамның қолынан келеді деп ойлаймын. Осы жобаны орындау барысында лимонды үйде өсіру тәсілімен таныстым, ендігі жоспарлаған кезеңім – лимон ағашын өсіріп, жеміс алу.

 Қорытынды

Лимон туралы мәлімет жинағанда, оның шығу тегі мен ботаникалық сипаттамасы туралы көп білім алдым. Оның көмегімен қандай ауруларды алдын алып, емдеуге болатынын анықтадым. Лимонды үй шаруасында қолданудың бірнеше тәсілін таптым. Мен осы мәліметті іріктеп, бір кітапшаға жинадым. Оны әр үйдің тазалығын сақтап, ас бөлмесінің жарқырап шығуына жақсы көмекші құрал деп санаймын.

Лимонның көптеген ауруларға қарсы ем ретінде қолданылатын бағалы жеміс екендігі белгілі. Ол дәрумендерге бай өнім. Оның сөлі шипалы әрі косметикалық мақсатқа да кеңінен қолданылады. Тұмауға, баспаға қарсы ем ретінде халық арасында көптеп пайдаланылады. Егер басыңыз ауырып тұрса, онда ащы кофеге лимон шырынын тамызып ішкен жөн. Тістің еті қанталап, ісініп тұрса, оны лимон қабығымен ысқылап, массаж жасау керек.Сығылған лимонды тастай салмаңыз, оны пайдаға асыруға әбден болады. Жатар алдында екі қолыңызды лимон қабығымен ысқыласаңыз, терісі жұмсарады. Лимонның езілген қабығын тастамаңыз, оны қайнаған ыстық суға салып қойсаңыз, біраздан соң жап-жақсы иіс су (туалетная вода) аласыз. Онымен теріні, жуылған шашты шаюға болады.

Тәжірибе арқылы мен лимонның шын мәнінде таңғажайып жеміс екенін дәлелдедім. Ол үй шаруасына жақсы көмектеседі: киімдегі дақтардыкетіреді, ыдыстарды тазартады, тістің ақ болуына жақсы ықпал етеді, тіпті электр қуатын да береді. Ал адам денсаулығына деген пайдасы шексіз. Сондықтан жемістердің арасында лимонға тең жеміс жоқ деп анықтадым. Күнде бір лимон жесеңіз – ешқашан ауырмайсыз, — деп жұмысымды қорытындылауға болады.

Қосымша № 1

Аты-жөні—————————————————

Сынып——————————

  1. Лимондарды жиі жейсің бе?

А) күнде                              Б) аптасына бір рет

Ә) екі күнде бір рет   В) айына 1-2 рет

  1. Лимонның қай бөліктері адам денсаулығыңа пайдалы?

А) толығымен

Ә) жұмсағы

Б) қабығы мен жұмсағы

В) жұмсағы мен тұқымы

  1. Лимонды ұнатасың ба?

А) иә                    Ә) жоқ

Фамилия-имя—————————————————

Класс———————————

  1. Как часто ты ешь лимоны?

А) каждый день                    В) раз в неделю

Б) через день                         Г) 1-2 раза в месяц

  1. Какие части лимона полезны для здоровья?

А) полностью

Б) мякоть

В) кожура и мякоть

Г) мякоть и семена

  1. Любишь ли ты лимоны?  А) да                  Б) нет

Қосымша №2

 Сенің досың – лимон (лимонды қолдану тәсілдерінің жинағы)

Ыстық өлке тұрағы,

Көп витамин — құрамы.

Шайға қосып ішкенде

Тұмауыңды қуады.

Дәмі қышқыл ептеген,

Ауруға ем көптеген.

Иісін айт аңқыған,

Лимонға жеміс жетпеген

 Лимон (Citrus limon) – руталар тұқымдасына жататын субтропиктік және тропиктік мәңгі жасыл өсімдік. Шыққан жері Үндістан, Оңтүстік және Үнді Қытай аралдары болып саналады. Жабайы түрі жоқ, қолдан өсіріп, өнім алады.

Жемісі ірі, салмағы 200-400 грамм, сопақша, сары түсті, қалың қабықты. Ішінде шырын жемісі бар. Ол 8-10 бөлікті, дәмі қышқыл.

Лимонның құрамындағы заттар

Лимон жемісінде әртүрлі органикалық қышқылдар (негізінен, лимон қышқылы), қант, 40 миллиграмм пайызда С дәрумені, В1, В2, РР дәрумендері бар. Қабығы эфир майына, пектин заттарына, дәрумендерге бай. Шырынының құрамында 5-7,2 пайыз лимон қышқылы, 1,9-3 пайыз қант, темір, эфир майы, кальций, калий кездеседі. Лимонның жемісін шырын және лимон қышқылын алуға пайдаланады.

Лимонның емдік қасиеттерін пайдалану нұсқалары

  • Басыңыз ауырса, жаңа піскен лимонның қабығын алып, цедрадан тазартып, қабаққа салыңыз және бірнеше уақыт ұстаңыз. Кейін терінің үстінде лимон қабығының астында қызыл таңба пайда болады, ол қызады, ал бас ауруы басылады.
  • Тіс жиегіңіз жиі қанайтын болса, тістеріңізді лимонның қабығымен ысыңыз.
  • Егер, аяғыңыздың сіңірлері тартылса, аяқтың табанына таңертен және кешке лимонның шырынын жағыңыз. Бірақ одан соң сәл жүрмей қоя тұрыңыз. Аяқ кимді шырын кеппегенше кимеңіз. Емделу мерзімі – екі жеті.
  • Тырнақтарыңыз сынғыш болса, оларға лимон шырыны мен май қоспасын жиі жағып тұрыңыз.
  • Ал құлағыңыз ауырса, 2-5 тамшы лимон шырынын тамызыңыз – бұл құлақтың ауруын басады және естуді жақсартады.

Лимоннан дәрі-дәрмектердің бірнеше рецептері

Сүйелдер

Екі лимонның ұсатылған қабығын 30% сіркесудан 0,5 стақан құйыңыз, тығыз жабылған ыдыста, кезеңдеп шайқап отырып, 8 күн ашыту. Сүзіңіз. Осы тұңбада суланған тампонды, күніне бір неше рет сүйелдерге жағыңыз.

Секпілдер

100 г бал алып, бір лимонның шырынымен араластырыңыз. Осы қоспамен дәкеден жасалған майлықтарды дымқылдатыңыз және секпілдер жабылған жерлерге 15 – 20 минутқа жағыңыз. Табысқа жету үшін үнемі 15-20 маска жағуғу болады.

Гипотония

төмен қан қысымы болған кезде климактериялық кезеңінде тамақтан соң үгітілген кофе дәмдерінен 50 г, 0,5 кг балдан және бір лимонның шырынынан жасалған қоспаны 2 сағаттан кейін 1 шай қасықтан қабылдаңыз. Қоспаны тоңазытқышта сақтаңыз.

Бас ауыруы

Жаңа піскен лимонның қабығын алыңыз, цедрадан тазартыңыз, қабаққа салыңыз және бірнеше уақыт ұстаңыз. Кейін терінің үстінде лимон қабығының астында қызыл таңба пайда болады, ол қызиды және қышиды, ал бас ауыруы басылады.

Тістерді нығайту

Егер сіз тістеріңіз ақ, ал тамырлары – мықты болсын деп тілесеңіз, тістеріңізді лимонның қабығымен ысыңыз.

Қан кету

Жатырдан қатты қан кетуде 6 жұмыртқаның ақтарын 0,5 шай қасығы лимон қышқылымен араластырып, ішіп қойыңыз. Егер қажет болса қайталаңыз.

Мүйізгектер

Ұйықтар алдында аяқты ыстық сумен буындырыңыз, құрғақ болғанша сүртіңіз және кішкене балдырмен лимонның қабығын – лимонның шетін мүйізгекке байлап қойыңыз. 4 – 5 күннен кейін мүйізгек толығымен жоқ болып кетеді.

Аяқ сіңірінің тартылуы

Аяқтың табанына таңертен және кешке лимонның шырынын жағыңыз және жүрмеңіз, аяқ кимді шырын кеппегенше кимеңіз. Емделу курсы – екі жетіден аса емес.

Талып қалу

100 г құрғақ лимон қабықтарын ұсатыңыз, 1 л арақ құйыңыз, анда санда шайқап отырып, 3 апта жылы жерде ашытыңыз. Сүзіңіз. Күніне 3 рет 25-30 тамшыдан қабылдаңыз.

Жасарту

Қабығымен 3 лимонды, 3 бас сарымсақ, 3 стақан мүк жидекті сығыңыз, 7 стақан қайнатылған сумен ашытыңыз, 2 күнге салқын жерге қойыңыз, сүзіңіз, 400 г бал құйыңыз, араластырыңыз және тағы 2 күнге салқын жерге қойыңыз. Күніне 3 рет 1 ас қасықтап ішіңіз.

Құлақ

Құлаққа 2-5 тамшы лимон шырының тамшылаңыз – бұл ауыруды басады және естуді жақсартады.

Қайызғақ

4 лимонның қабығын 1 литр суда 15 минут пісіріңіз, қайнатпаны сүзіңіз. Шашты қайнатпамен аптасына бір рет шайыңыз.

Бет терісін тазарту

Лимонның құрамында бет терісіне өлген жасушалардан құтылуға көмектесетін ферменттер бар. Бет терісін лимонмен тазалау негізінен терісі майлы немесе аралас адамдарға арналған. Өз қолыңызбен жасаған табиғи косметика бетіңіздің терісін сергітіп, беттегі артық майдан құтылуға көмектеседі. Бетті лимон көмегімен тазалау үшін сізге 1 лимон және 1 стақан су қажет болады. Лимонды алып тураңыз да, оны шыны немесе пластик ыдысқа салып, үстінен мұздай су құйыңыз. Ыдыстың бетін тығыз жауып қойыңыз. Бетті тазалауға арналған осы суды 2-3 сағат ішінде тұндырыңыз. Содан соң оны сүзіп алып, бір тәулік ішінде қолдансаңыз болады. Ол үшін суға мақтаны салып, осы мақтамен бетіңізді сүртесіз. Әрбір сүрткен сайын, таза мақта қолдану керек. Бетті лимонмен тазалау 3-4 күн ішінде қоданылады. Тазалау барысында, теріңізді мұқият бақылаңыз. Егер қандай да бір аллергиялық реакциялар байқасаңыз, бетті лимонның көмегімен тазартуды тоқтатыңыз.

Тісті ағарту

Тісті ағарту үшін тіс пастасына лимон шырынының 1-2 тамшысын қосуға болады. Лимон шырыны сондай-ақ қызыл иектің қанауы мен қабынуын төмендетеді.

Теріні  ылғандандыру

Құрғақ әрі сезімтал теріні ылғандандыру үшін 8 шәй қасық жоғары сұрыпты өсімдік майына 4 шәй қасық лимон шырыны мен 1,5-2 шәй қасық балды ыдысқа салып, араластырып жағуға болады.

Терінің майлылығын азайту

Лимон терінің майлылығын азайтып, безеуден арылуға да пайдалы. Бір жұмыртқаның ақуызы мен лимон шырынын араластырып 20 минуттан кейін жуып тастаса, тері әрленіп тазаланады.

Тырнақтарды күту

Тырнақтар икемділік пен қаттылықты жоғалтпау үшін, оларға лимон шырыны мен май қоспасын жиі жағу керек

Алақан терлесе

Қолды жуғаннан кейін 4 ас қасық глицерин мен 2 ас қасық лимон шырыны және 2 ас қасық спирт қосылған ерітіндімен сүртіп отырады. Көп ұзамай қолыңыз терлемейтін болады.

Лимонды үй шаруашылығында пайдалану

Лимонды үй шаруасында да қолдануға болатынын көбі білмейді. Бірақ оның тазартқыш және иіс кетіргіш қасиеттерін қолдану тәсілдері өте көп.

  • Азық-түлікті кесетін тақтай әртүрлі жағымсыз иісті (сарымсақ, пияз, балық, т.б.) сіңіп алса, оны лимонның жартысымен сүрту керек, ол барлық иістерді бірден кетіреді.
  • Егер жеміс-жидектерді жуатын суға лимонды қосса, ол бактерия мен микробтарды өлтіріп, жемістерге хош иіс береді, себебі оның антибактериалдық және дезинфекциялық қасиеттері бар.
  • Құрап қалған салат жапырақтарын суық суға салып, лимон жартысын сықсақ және бір сағат тоңазытқышта ұстасақ, ол жаңадан ашылады.
  • Егер лимонға қалампыр бұтағын кіргізіп, оны шқапқа салсақ, ол кеуіп, өзінен жағымды хош иіс шығарады. Ауаны тазартып, тамаша иіс қалтырады.
  • Ас бөлмесіндегі сұр алюмин заттар мен ыдыстар ұнамаса, оларды лимонның жартысымен сүртіп жылтырлатуға болады.
  • Киімдегі дақтардан бір стақан лимон шырыны көмектесе алады, оны кір жуғанда жуатын машинаға кұю керек. Жуған киім хош иісті сіңіп алып, дақтардан айырылады. Ал үлкен дақты кетіру үшін, ас содасын лимон шырынын 50/50 ара қатынаста алады. Жуу алдында осы ерітіндіні даққа жағу керек.
  • Ваннаны тазарту үшін де лимон жақсы көмекші болып табылады. Оның шырынына су және сірке суын (уксус) қоссақ, ол  дақтар мен кірді жақсы кетіреді.
  • Автомат кір жуғыш машинаның ішін қаспақтан тазарту үшін оған 1 ас қасық лимон қышқылын салып, 90ͦ температураға қойып, жүргізу қажет. Осы әдісті 3 айда бір рет қолданған жөн.
  • Кейбір бұнақденелілердің иістерді жақсы сезетіні белгілі, сондықтан лимон шырынын бөлме бұрыштарына, терезе астына сеуіп қоюға болады. Сол уақыттан бастап, үйге өрмекшілер, құмырсқалар, бүргелер мен тарақандар  кіруін қояды.
  • Ал еден жуатын суға лимон шырынын тамсақ, ол дезинфекция жасап, жағымды иіс қалтырады.

Лимон ас бөлмесінде

  • Лимонның көмегімен дәмді ірімшік дайындауға болады. 1 литр қайнаған сүтке 1 лимон шырышың қосып, сүзіп қойыңыз. Қалған сүзбені ішуге немесе нан илеуге қолдануға  болады.
  • Егер сіз тазаланған картопты біраз уақытқа суда қалтырғыңыз кесе, оған бірнеше тамшы лимон шырының немесе қышқылын қосыңыз. Картоп қараймайды.

Лимоннан тағамдарға әшекей жасау

Лимоннан гүл жасау үшін, оның қабығын тігінен жолақшалап кесіп, дөңгелетіп немесе бөліп турайды. Оларды тағамға әдемілеп қояды.

 

«Змейка» жасау үшін – лимон дөңгелегін ортаға дейін кесіп, жан-жаққа қаратады немесе үзбей кесіп созады.

Лимоннан «Көбелек» те жасауға болады.

Әшекейлерді лимон қабығынан  да жасауға болады. оның иісін күшейту үшін пайдаланудың алдында қайнап тұрған сумен шаю керек. Өткір пышақпен лимон қабығын кесіп алып, раушан гүл сияқты орап қою керек.

Жіңішке жолақшамен кесілген лимон қабығын спиральдап орау керек. Олармен балықтан және еттен жасалған тағамдарды әшекейлеуге болады.

Сен білесің бе?

Ақпан айында француз қаласы Ментонада Лимон мерекесі тойланады. Бұл «қышқыл» емес, керісінше өте көңілді мереке. Оған мыңдаған адам жиналып, ол екі аптаға дейін созылады. Барлық адамдар өз қалауларымен түрлі лимон шырындарының, одан жасалған тәттілердің дәмін көреді. Мереке барысында 130 тоннадай лимон желінеді.

Лимон ертегі кейіпкері де болды. Ол итальян жазушы Джанни Родариның «Чипполиноның басынан кешкендері» деген ертегісінде Ханзада Лимон, деп аталған. Автор

«Принц Лимон басынан аяғына дейін сары киім киініпті, басындағы сары тақиясында алтын қоңырау сыңғырлайды.» — деп Лимон Ханзадасын сипатталған.

You May Also Like

АЛАШ ЖҰРТЫ АРМАНДАҒАН – МӘҢГІЛІК ЕЛ, ғылыми жоба

М А З М Ұ Н Ы АННОТАЦИЯ……………………………………………………………………………………..1 бет КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………..7 бет НЕГІЗГІ …

Жалбыздың адам өміріне пайдасы, ғылыми жоба слайд

Қарағанды-менің туған өлкем ғылыми жоба

Тақырыбы:Қарағанды-менің туған өлкем Кіріспе Мен Қарағанды облысы сұрыптау бекетінде дүниеге келдім.Қарағандыдай әсем…

Үй жағдайында слайм жасау және оның пайдасы мен зияны, ғылыми жоба

Секциясы: Жаратылыстану Жобаның тақырыбы: «Үй жағдайында слайм жасау және оның пайдасы мен…