Секциясы: Жаратылыстану

Жобаның тақырыбы: «Үй жағдайында слайм жасау және оның пайдасы мен зияны»

«Үй жағдайында слайм жасау және оның  пайдасы мен зияны» туралы

ғылыми жобасына

пікір

1 «Б» сынып оқушысы Талапбек Мирас  «Үй жағдайында слайм жасау және оның пайдасы мен зияны» туралы  жобада слайды жан-жақты зерттеген. Оның адам денсаулығына пайдасы мен зияны, слаймды қалай жасауға болатынын, оның кей жағдайда адамның шаршауын шығарып, нерв жүйесіне көмегі тиетіні туралы көп ақпараттар мен мәліметтер жинастыра отырып жазған. Слаймның пайдасымен қатар денсаулыққа зияндылығы да бар екенін, қолға, денеге бөртпе пайда болатынын дәлелдеп жаза отырып, өз сыныптастарына түсіндіре білген. Ол ата-анасымен бірлесе отырып, үй жағдайында арнайы желімдер мен борная кислотадан слайм жасап, анасының шаршауын басу үшін қолданған.

Бұл жұмыста оқушының көп ізденгенін көруге болады. Жинаған ақпараттары мен жасаған зерттеу жұмыстарына қарап, балаларға ойын ретінде қолданса, ата-аналарға, үлкендерге шаршауын басу үшін, нерв жүйесін тыныштандыру мақсатында қолдануға тигізетін пайдасы барын көруге болады. Денсаулығымызды нығайтуды ойласақ слаймды үнемі қолдануға болмайтынын айтып, сыныптастарына үндеу тастаған.

Болашақта өз мамандығын таңдап, фармацевт болуға, жеке кәсібін ашсам деген арманы орындалар деп сенемін.

Аннотация

Бұл ғылыми жобада оқушы слаймды үй жағдайында қалай жасау керектігін, қандай қажетті заттар арқылы жасауға болатынын және оның адам денсаулығына пайдасымен қатар зиянынның көп екенін дәлелдеп жаза білген.  Слаймның зиянын достарына айтып дәріптеп, денсаулықты сақтау сақтау үшін слаймды көп қолданбау керек екендігін басты назарда ұстаған. Слаймның құрамындағы химиялық заттардың көп екенін ескертіп, денсаулыққа зияны жоқ, үй жағдайында слайм жасап қолдануға болатыны жайында зерттеген.

Аннотация

В этом научном проекте школьник умел доказывать, как делать слайм в домашних условиях, через какие необходимые вещества он может быть сделан, и что помимо пользы для здоровья человека он несет еще и большой вред. Во внимание обращали вред слайма и то, что для сохранения здоровья не следует использовать слайм слишком много. Напомню, что в составе слайма много химических веществ, которые не вредны для здоровья, можно использовать в домашних условиях.

Annotation

In this research project, the student learned how to make slime at home, what necessary substances can be made, and proved that it is not only useful for human health, but also harmful. He told his friends about the harm of Slytherin, noting that Slytherin should not be used too much to protect his health. He noted that there are a lot of chemicals in the composition of slime, it is not harmful to health, and he studied how to make slime at home.

Мазмұны

І.Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

ІІ.1. Слайм туралы жалпы мағлұмат

ІІ.2. Слаймды жасауға қажетті құралдар

Жұмыстың зерттеу бөлімі

ІІІ.1. Слаймды үй жағдайында жасау жолдары

ІІІ.2. Тұрмыстық заттардан жасалған әр түрлі слаймдар.

ІІІ.3. Слаймның пайдасы мен зияны

ІҮ. Қорытынды

Тақырыбы: Слаймның пайдасы мен зияны

Мақсаты: Слайм жасай отырып, оның адам денсаулығына пайдасы мен зиянын жан-жақты зерттеу жүргізу.

Міндеті: Слаймның пайдасы мен зиянын зерттеу;

Үй жағдайында слайм жасау , құрамындағы заттарды анықтау;

Слаймның пайдасы мен зиянын басқаларға ұғындыру;

Өзектілігі: Үй жағдайында жасалған слайм

Зерттеу әдістері:

-Слайм туралы мәліметтер жинау, өңдеу;

-Ақпараттарды іздеу, кітапханамен жұмыс жасау;

– Ғылыми әдебиеттердегі анықтамалармен танысу;

– Талдау , зерттеу, қорытынды жасау;   – Сұрақ-жауап;

Зерттеу объектісі: Слаймның пайдасы мен зияны

Болжам:

Егер, біз слаймның пайдасы мен зиянын зерттеп, үй жағдайында слайм жасай отырып, денсаулықты сақтауға үйренсек, жанға шипа, ерекше дауа болары сөзсіз екендігін білеміз;

Күтілетін нәтиже:

Егер, біз слаймның пайдасы мен зиянын зерттеп, үй жағдайында слайм жасай отырып, денсаулықты сақтауға үйренсек,  анықтай отырып, болашақта осындай пайдасы мен зиянын басқаларға ұғындыру,  түсіндірме жұмыстарын жүргізу, саламатты өмір салтын қалыптастыруда тиімді қолдана білер еді.

Тема: создание слайма в домашних условиях его польза и вред

Цель: провести комплексное исследование его пользы и вреда для здоровья человека, делая слайм в домашних условиях.

Задача: изучить пользу и вред слайма;

Составление слайдов в домашних условиях, определение содержания;

Осознание пользы и вреда слайма другим;

Актуальность: слайм, сделанный в домашних условиях

Методы исследования:

– Сбор, обработка сведений о слайме;

– Поиск информации, работа с библиотекой;

– Знакомство с определениями в научной литературе;

– Анализировать, исследовать, делать выводы;-задавать вопросы;

Объект исследования: польза и вред слизи

Прогноз:

Если мы изучим пользу и вред слайма, научимся сохранять здоровье, делая слайм в домашних условиях, мы узнаем, что это будет исцеление для души, особый спор;

Ожидаемый результат:

Если бы мы изучили пользу и вред слайма, научились бы сохранять здоровье, делая слайм в домашних условиях, то в дальнейшем могли бы эффективно использовать его в формировании здорового образа жизни, вести разъяснительную работу, разъяснять окружающим такую пользу и вред.

Subject: Making slime at home its benefits and harms purpose: to conduct a comprehensive study of its benefits and harms for human health by making slime at home.

Task: To study the benefits and harms of slime;

Making slime at home , determining the substances contained in it;

Understanding the benefits and harms of slime to others;

Relevance: SUHJHlime made at home

Research methods:

Collection and processing of information about slime;

– Search for information, work with the library;

– Familiarization with definitions in the scientific literature;

– Analysis, research, conclusion; – questions and answers;

Object of research: benefits and harms of slime

Forecast:

If we study the benefits and harms of slime, learn how to maintain health by making slime at home, we will definitely find a healing, special voice;

Expected result:

If we could study the benefits and harms of slime and learn how to maintain health by creating slime at home, we would be able to understand these benefits and harms to others in the future, conduct explanatory work, and effectively use them in the formation of a healthy lifestyle.

І.Кіріспе

Слайм немесе лизун  – кішкентай балалар арасында ойнауға қызықтайтын өте танымал жабысқақ, қоймалжың зат. Бұл ойыншықты кез-келген сауда нүктелерінен табуға болады. Кішкентай балақайлардың қолына ұстап, ойнап жүргенін байқайсың. Алайда оның құрамындағы заттардың денсаулыққа зиян тигізбейтініне ешкім кепіл бере алмайды. Жылбыраған затты көргенде, қолға ұстамай-ақ сыртынан қарасаң өте ыңғайсыз сияқты көрінеді. Бірақ оны қолға алып, ойнай бастасаң басқаша күйде боласың.

Слаймды қолға ұстап ойнау кезінде адамның шаршауы басылып, нерв жүйесі тынышталады. Дегенмен пайдасынан зияны көбірек деуге болады. Бұл слаймның құрамындағы желім мен спирттің химиялық заттардың бар екенін ескерген жөн. Құрамындағы қоспалар адамның қолына бөртпелер мен қотырлар шығаруы мүмкін. Аллергиялық қасиетке ие. Сондықтан басты назарда ұстап, есте сақтайтын нәрсе, слаймды үй жағдайында жасаған кезде де, дүкен сөрелерінен сатып алғанда да, жиі қолданып, ойнай беру қауіпті болмақ.

ІІ.Негізгі бөлім

ІІ.1. Слайм туралы жалпы мағлұмат

Слайм қазір балалар қызыға ойнап, ойыншық ретінде қолдануда.  Слаймды лизун деп те атайды. Слайм ойыншығы барлық сауда дүңгіршіктерінде көптеп сатылуда. Слаймды балаларды қойып ересектердің өзі қызыға ойнап, үй жағдайында өз қолдарынан жасап қолдануда. Дегенмен оның денсаулыққа кері әсері де бар. Құрамында денсаулыққа зиян химиялық заттың бар екені анық. Слаймды қолға ұстап ойнау кезінде адамның қызыға ойнауының бірден-бір себебі ол созылып, жиырылып, қайта қалпына келуі, шаршаған адамның шаршауы басылып, нерв жүйесі тынышталатынын байқауға болады. Слаймды үй жағдайында жасаған кезде қаншама жылтырақтар мен қажетті заттарды қолданады.

ІІ.2.Слаймды жасауға қажетті құралдар

Слаймды желімсіз қалай жасауға болады?

Слайм жасаудың бірнеше тәсілдері бар. Бірақ ол тәсілдер үшін желім қажет. Егер жаныңыздан желім табылмаса, ештеңе етпейді. Слаймды онсыз қалай жасауға болатынын біліңіз.

Сізге мынадай материалдар қажет:

  • сусабын — 100 мл;
  • су — 100 мл;
  • крахмал — 200 г;
  • бояғыш— қалауыңызға қарай.

Пластикалық немесе шыны ыдысқа крахмал сеуіп, су құйып, түйіндер қалып қоймас үшін жақсылап араластырыңыз. Кішкене сусабын мен бояғышты қосыңыз. Ыдыстың бетін қақпақ не пленкамен жауып, тоңазытқышқа 12 сағатқа қойып қойыңыз.

Слаймды желімсіз дайындаудың басқа да тәсілі бар. Ол үшін мынадай қажет болады::

  • сұйық сабын — 2 ст. л.;
  • тіс пастасы— 1,5 ст. л. (шамамен 20 мл);
  • ұн — 2,5 ст. л.

Металлдан жасалған ыдысқа тіс пастасын сығып алыңыз. Содан соң сабын құйып, паста еритіндей жақсылап араластырыңыз. Артынан ұн қосып, түйінді қалмайтындай жиірек араластырып тұрыңыз. Соңында су сеуіп, қайта араластырыңыз.

ІІІ.Зерттеу бөлімі

ІІІ.1.Слаймды үй жағдайында жасау жолдары

Тетраборатсыз слаймды қалай жасаймыз?

Бора немесе тетраборат — классикалық слаймның құрамында бар екінші танымал зат. Оны дәріханадан рецептсіз немесе шаруашылық дүкендерінен ала аласыз. Бора слаймның құрамын жақсартады. Дегенмен оның көмегінсіз де жақсы өнім шығаруға болады.

Слаймды дайындау үшін келесі ингредиенттер қажет:

  • ПВА желім — 50 г;
  • ас содасы— 1 ш.қ.;
  • су— 100 мл;
  • бояғыштар— қалауыңызға қарай.

Желімді жарты су нормасымен араластырып, бояғышты қосыңыз. Қалған сумен соданы сөндіріп, сулы-желімді сұйықтыққа қосыңыз. Араластырыңыз.

Слаймды ермексаздан жасаңыз. Ол үшін мына заттар қажет:

  • желатин — 1 пакет;
  • ермексаз — 100 г;
  • су — 50 мл.

Желатинге суық суды құйып, жақсылап араластырып, бір сағатрқа қойып қойыңыз. Содан кейін суға малынған желатинді қайнату керек болады. Біраз уақыттан кейін оны оттан алып тастаңыз. Ермексазды басқа ыдысқа салып, суға бұқтырыңыз. Ермексаз ери бастамағанша қыздыра беріңіз. Содан кейін салқындап қалған желатинді ермексаздың үстіне құйыңыз. Илеңіз.

Слаймды қырынуға арналған көбіктен қалай жасауға болады

Слаймды мына ингредиенттермен жасасаңыз, өкінбейсіз. Көбіктен жасалған лизун ұстанғанда жағымды болып тұрады. Сізге мына нәрселер керек:

  • көбік — 20 мл;
  • ПВА жілім — 80 мл;
  • тетраборат — 1 ч. л.;
  • сұйық сабын — 20 мл;
  • бояғыш және иістендіруші — қалауыңызға қарай.

Көбік, сабын мен желімді араластырып, ақырын тетраборатты асықпай құйып алыңыз. Бояғыш пен иістендіргішті қосыңыз. Егер о баста сапалы желім қолданған болсаңыз, слайм бірден қоюлана түседі.

Аталған рецепттің басқа нұсқасында тетраборат жоқ. Тек желім мен көбікті араластыру қажет. Қолға жабыспас үшін сұйықтықты ұзақ уақыт араластыру керек болады.

Шар мен ұннан жасалған антистресс: танымал рецепт

Ойыншықтардың кең таралған танымал түрі – доп іспеттес антистресс. Оны жасау үшін: сапалы шар, ұн немесе крахмал, бос бөтелке (немесе пластикалық құйғыш), ағаш таяқ, қайшы, кез келген әсемдеуіш құралдар қажет.

Ойыншық-антистрессті былайша жасаңыз:

  1. Шар созылмалы болу үшін оны бірнеше рет үрлеп, желін қайта шығарыңыз.
  2. Шарды ұнмен жақсылап толтыру үшін бөтелкені қолданыңыз. Бөтелкенің бас жағын құйғыш секілді етіп кесіңіз.
  3. Содан соң, шарды бөтелкенің басына абайлап кигізіп, құрғақ ингредиенттерді шардың ішіне ағаш таяқшамен итеріп салыңыз.
  4. Шарды абайлап шешіп, ұшын қатты байлап тастаңыз. Шығып тұрған бұрышын қайшымен қиып қойыңыз.
  5. Ойыншықты қалауыңыз бойынша әсемдеңіз. Балалар шардың сыртына түрлі бет әлпеттердің суретін салғанды ұнатады.

Ойыншықты бірден қолданып, кез келген жерде сақтауға болады

Түссіз слаймды өз қолыңызбен жасаңыз

Слаймның пайдасы да жоқ емес. Оны қолға ұстап созған кезде үзіліп кетпеуін, созылуын қызыға жасау арқылы өз қиындығын ұмытып, слаймды үзбеуге тырысады. Созу, мыжғылау арқылы адам қолының бұлшық еттері жұмыс жасайды. Денедегі шаршауды шығарады. Нерв жүйесі тыныштанып, қайтадан мыжғылап жасай бергісі келеді.

Бұл тәсілдің бір ерекшелігі – сіз дайын болған слаймға түрлі әсемдеуіштерді (бисер немесе жылтыр) қосып, оны қайталанбас ете аласыз.

Ол үшін: түссіз желім – 100 мл, бор қышқылы – ½ ш.қ., ыстық су – 200 мл, бөлме температурасындағы су – 2 ш.қ. керек.

Егер түссіз слаймды әсемдегіңіз келсе, қосымша түрлі жылтырларды алдын ала дайындап қойыңыз. Содан соң, мына әрекеттерді жасаңыз:

  1. Бор қышқылы мен ыстық суды жақсылап араластырыңыз. Қоспаның түссіз болғанына көз жеткізіңіз.
  2. Бөлек ыдысқа желімді салып, оған бір қасық су қосыңыз. Араластырыңыз.
  3. Келесі деңгей – бор қышқылын қосу. Ең бірінші, желімге 2-3 а.қ. ерітіндіні қосып, араластырыңыз. Қоспа жабысқақ болуы қажет.
  4. Содан соң, ингредиенттердің сапасын жақсарту үшін слаймды қолмен илеңіз. Егер оның тым тығыз болып бара жатқанын байқасаңыз, тағы желімді құйыңыз. Ал одан кейін қоспа шектен тыс жабысқақ болса, біраз бор қышқылын қосқан жөн.

Мұндай слайммен ойнаған кезде, оның арасында көпіршіктердің пайда болуы мүмкін екенін ескеріңіз. Оны бастапқы күйіне қайтару үшін бірнеше күн тіспей тұрыңыз. Міндетті түрде герметикалық контейнерде немесе целлофанда сақтаңыз.

ІІІ.2. Тұрмыстық заттардан жасалған әр түрлі слаймдар.

Слаймды әр түрлі тұрмыстық заттардан жасауға болады. Күнделікті жуыну бөлмесі мен ас бөлмесінде қолданып жүрген тіс пастасы мен сұйық сабыннан, балалардың көркем еңбек сабағында қолданатын ермексазынан да слайм түрлерін жасауға болады. Тіс пастасы мен сұйық сабыннан жасайтын классикалық рецепт және ермексаздан жасалған танымал рецепті слайм әзірлеудің ең оңай жолы.

Көгілдір слайм: әзірлеудің ең оңай жолы

Теңіз толқыны түсті слайм – бұл қызықты әрі көз тартарлық ойыншық.

Қолайлы негізді жасап, оны керек түске бояу үшін: жылы су- ½ стақан, кез келген сусабын – 15 г, ұн- шамамен – 100 г, көк және жасыл гуашь немесе көгілдір түсті ас бояуыш қажет.

Қауіпсіз ойыншықты былайша жасаңыз:

  1. Суға сусабын қосып, көбігін ажыратпай ақырындап араластырыңыз.
  2. Сабынды сұйықтыққа араластыра отырып аздап ұн қоса бастаңыз.
  3. Лизун дайын бола бастағанда бірнеше тамшы бояуышты қосыңыз. Бір түс пайда болмағанша слаймды жақсылап араластыра беріңіз.
  4. Дайын болған өнімді тоңазытқышта бір сағатқа жуық уақыт сақтап тұру керек.

Нәтижесінде ең танымал слайм пайда болады. Оның бір ғана кемішілі бар. Ол ұзақ уақыт қызмет ете алмайды.

Үлкен қызғылт түсті слайм: танымал рецепті

Уақытыңызды барынша кетіру үшін үлкен қызғылт түсті лизунды дайындаңыз. Мұндай ойыншықтар Instagram-да өте танымал, бірақ оларды интернет-дүкендерден сатып алудың қажеті жоқ.

Бар болғаны мыналарды сатып алу жеткілікті: кеңсе желімі – 2 түтік, қырынуға арналған көбік — 1 үлкен құты, қолға арналған крем — ½ түтік, балаларға арналған сепкіш— қалауыңызға қарай, дене лосьоны — 1 а.қ., қызыл бояғыш, жууға арналған гель.

Барлық компоненттерді келесі ретпен араластырыңз.

  1. Үлкен ыдысты желім мен қырынуға арналған көбікпен толтыврып қойыңыз. Осы өнімдерді жақсылап араластырыңыз.
  2. Дайын қоспаға қолға арналған кремді қосып, кейіннен сепкішті себіңіз. Бір қалыпты болу үшін жақсылап араластырыңыз.
  3. Кішкене ғана денеге арналған лосьонды қосып, бояғышты себіңіз. Жақсылап араластырыңыз. Қоспаның тығыздығын көбік пен сепкішті қосып отырып, бақылаңыз.
  4. Ыдыстағы қоспа слаймға ұқсауы үшін оған аздап кір жууға арналған гельді қоса бастаңыз. Ең бастысы – бірден көп құймаған жөн. Әйтпесе лизун қатты болып шығуы мүмкін.

Дайын болған ойыншық көлемді болуы міндет.

Ермексаздан жасалған баттер-слаймды үй жағдайында қалай жасаймыз.

Баттер-слайм – жұмсақ майды еске түсіретін өте нәзік лизун. Мұндай слаймның рецептін қайталау қиынға соқпайды.

Сізге келесі заттар қажет болады: жеңіл ермексаз, ПВА желімі – 120 г, қырынуға арналған көбік – 1 құты, балаларға арналған сепкіш және крахмал — шамамен 50 г, қолға арналған крем және сусабын — 20-30 г, бояғыш — қалауыңызға қарай, натрий тетрабораты.

Ермексаз мұндай ойыншық үшін мінсіз негіз болады. Дайындық жұмысын жүргізіңіз:

  1. Желім мен көбікті біркелкі етіп араластырыңыз, содан кейін құрғақ ингредиенттерді қосыңыз.
  2. Қоспаны жақсылап илегеннен кейін, сол ыдысқа крем мен сусабынды құйыңыз. Қайтадан бәрін мұқият араластырыңыз.
  3. Егер бояғышты пайдалансаңыз, оны осы кезде қосыңыз. Оның түсі ермексаздың түсімен сәйкес келсе, тіпті жақсы.
  4. Бұдан әрі слайм қоюлану керк. Ол үшін натрий тетраборатын сумен араластырып, қалған өнімдерге аздап қосыңыз. Қажетті консистенцияға қол жеткізгенде, қоспаны қолыңызбене илеңіз.
  5. Ермексаз бен слаймды жақсылап қолмен араластыру қажет.

Флаффи-слайм: классикалық рецепт

Күн сайын көптеген әлеуметтік желілердегі аккаунттар керемет әуе лизундарының видеосын жариялап отырады. Үй жағдайында осындай өнімді жасау үшін: ПВА желімі — үш түтік, мөлдір желім — жарты банкі, су— шамамен 30-50 мл, жұмсақ саз балшық — мүмкіндігінше, қырынуға арналған көбік — ¼ құты, кез келген бояғыш — қалауыңызға қарай, қоюландырғыш (бор қышқылым немесе натрий тетрабораты) — қанша қажет болса.

Осы рецепт бойынша сіз суретке ұқсас жұмсақ флаффи-слаймды жасай аласыз. Келесі жұмыс кезеңдерін орындаңыз:

  1. Терең ыдысқа барлық желімді құйыңыз. Біраз су қосып, мұқият араластырыңыз.
  2. Егер жұмсақ балшық таба алған болсаңыз, оны жабысқақ қоспаға қосып жақсылап біріктірніңіз.
  3. Сол ыдысқа алдын ала жақсылап шайқалған қырынуға арналған көбікті қосыңыз. Осы кезде бояғышты да кұйып, араластырсаңыз болады.
  4. Соңғы кезең – қоюландырғышты қолдану. Оның мөлшері слаймының консистенциясына қарай анықталады.

Тіс пастасы мен сұйық сабыннан жасалған керемет слайм: жеңіл рецепт

Егер сіз өте созылмалы слаймды қаласаңыз, тіс пастасымен жасалатын осы тәсілге назар аударуды ұсынамыз. Әзірлеу үшін: хош иісті сұйық сабын, тіс пастасы, бояғыш және аз ғана ұн пайдаланыңыз.

Аталмыш рецепт өте қарапайым, келесі әрекеттерді жасаңыз:

  1. Сабын мен тіс пастасын тең мөлшерде қосу керек, сондықтан ингредиенттердің аз мөлшерін араластыра бастап, біртіндеп көлемін ұлғайтыңыз. Қоспаға бірден бояғышты қосып, араласыңыз.
  2. Ыдыстағы сұйықтықты қоюландыру үшін ақырындап ұн себіңіз.
  3. Лизунның ішінде түйін жоқ екеніне көзіңіз жеткенде, ыдысқа кішкене су құйып, жабысқақ слайм жасаңыз.

Мұндай ойыншықтың компоненттері тез кеуіп кетуі мүмкін, сол себепті тіс пастасынан жасалған лизунды герметикалық ыдыста сақтау қажет.

Слайм жасаудың шығармашылық процесі балаларға және олардың ата-аналарына ұнауы мүмкін. Өзіңіз қызық деп тапқан кез келген рецептті таңдап, тәжірибе жасап көріңіз.

ІІІ.3.Слаймның пайдасы мен зияны

Слаймның пайдасы да жоқ емес. Оны қолға ұстап созған кезде үзіліп кетпеуін, созылуын қызыға жасау арқылы өз қиындығын ұмытып, слаймды үзбеуге тырысады. Созу, мыжу арқылы адам қолының бұлшық еттері жұмыс жасайды. Денедегі шаршауды шығарады. Нерв жүйесі тыныштанып, қайтадан мыжғылап жасай бергісі келеді.

Слаймды дайындау рецепттері өте көп. Сіз ең қарапайым ингредиенттерді пайдалана отырып, өзіңіздің рецептіңізді құрастыра аласыз. Егер химиялық заттарды пайдалансаңыз, өте сақ болыңыз. Слаймның зияндылығы балалардың қолы бөртіп, ісінеді. Құрамындағы химиялық заттар адам терісіне кері әсерін беріп, тері құрғап, жарылады, қызарады. Артынан аллергия пайда болып бөрткендер шығады. Адамның ішкі ағзасына да зиян. Құрамындағы химиялық заттар адам қолымен ауыз арқылы асқазанға, ішек жолдарына кері әсерін береді. Сондықтан слайм жасау кезінде тиімдісінше химиялық заттарды қолданбай жасаған дұрыс.

ІҮ.Қорытынды:

Қорыта келе, слайм жасау қызықты іс болып саналады. Оны жасауға қызықпайтын адам кемде-кем. Кішкентай балаларды қойып, ересектерде, үлкен адамдарда қызыға жасап, үй жағдайында өз тәжірибелерін жүргізеді. Созылмалы, жабысқақ, құрғақ, жылтырақ неше түрлісі қолға ұстап созған кезде, қайталап соза бергің келеді. Қолыңа, аяғыңа мыжғылап, денені тітіркендіріп, массаж жасауға да болады. Бірден шаршауыңды шығарып, жүйке жүйеңді тыныштандыратынын байқайсың. «Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ» дегендей осы слаймның құрамында химиялық заттар көп қосылатыны белгілі. Олардың адам ағзасына тигізетін зияны көп. Денеге бөрткендер пайда болдырып, адам терісін құғатады, жарылады, қызарады. Ақыр соңында бөртіп, қотырға айналады. Сондықтан химиялық қоспалары бар слаймды көп қолданбаған абзал. Аурудың алдын алуға абай болу керек. Сол себептен слаймды үй жағдайында пайдалануды ұсынамын. Бұл ең қолжетімді әрі үй жағдайында химиялық қоспаларсыз жасаудың қарапайым жолы дер едім.

Ұсынысым:

1.Химиялық қоспаларсыз үй жағдайында түрлі слайм жасап пайдалану;

2.Салауатты өмір салтын қалыптастыруда шаршауды басуға, жүйке жүйесін тыныштандыруға, денсаулыққа пайдасын көріп, көп жұмыс істеп шаршаған кездері слаймды қолдануға кеңес беремін.

You May Also Like

Шымқаланың көне тарихы, ғылыми жоба

Бағыты: қоғамдық гуманитарлық Секциясы:  Тарих, өлкетану  Ғылыми жоба тақырыбы:     «Шымқаланың көне тарихы»…

Қойдың құйрық майының пайдасы, ғылыми жоба

Зерттеу тақырыбы: «Қойдың құйрық майының пайдасы» Аннотация Бұл ғылыми жобада, қойдың құйрық…

Ұлттық ою-өрнектер, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Ұлттық ою-өрнектер» Орындаған: Өмірбаев Дильшат І. КІРІСПЕ. ………………………………………………………………………………1-3…

Жасанды тағамдар, ғылыми жоба

«ЖАСАНДЫ ТАҒАМДАРДЫҢ ЗИЯНЫ» МАЗМҰНЫ Кіріспе………………………………………………………………………………………………………7 I тарау      Негізгі бөлім Жасанды тамақтандырудың ережесі…………………………………………………9…