Зерттеу тақырыбы:

«Қойдың құйрық майының пайдасы»

Аннотация

Бұл ғылыми жобада, қойдың құйрық майының пайдасы туралы айтылған. Қойдың құйрық майының  құрамы, емдік қасиеттері және одан жасалған тағамдардың адам ағзасына пайдасы туралы көптеген ақпараттар ұсынылған. Зерттеу жұмысының өзектілігі ашылған. Қойдың құйрық майы ертеден келе жатқан ем болсада дәріхана дәрілеріне қарағанда қол жетімді ем екендігі зерттелген.

Кіріспе 

Мақсаты: Қойдың құйрық майының құрамын зерттеп, емдік  қасиетін анықтау. 

Міндеттері:

1)Құйрық май туралы ғылыми деректер негізінде жалпы мәліметтер жинау.

2)Өз тәжірибемде зеттеп, нәтижесіне талдау жасау.

3)Қойдың қорегінің құрамын зеттеп, дәрілік қасиетін анықтау.

Тақырыптың өзектілігі:   Елбасымыз Н.Ә.назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты атты халыққа жолдауында былай деген еді: «Ұлт денсаулығы-біздің табысты болашағымыздың кепілі.Біз балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз етуге жаңа тәсілдер енгізу мәселесімен жұмыс енгізуіміз қажет…..». Елбасымыз халықтың денсаулығын жақсартуға бағыттар ұсынып, алдағы кезеңде тиісті нәтижелер күтетінін айтып өтті.Осы орайда қойдың құйрық майынан адам денсаулығына кері әсері болмайтын,экологиялық таза, химиялық қоспасыз дәріні әзірлеу мәселесі қазіргі таңда қөзекті болып табылады. 

Зерттеу әдісі: салыстыру, ақпарат жинау ,  монирторинг , кестелер арқылы жұмысты қорытындылау. 

Жұмыстың жаңалығы: Құйрық майдың емдік қасиетін анықтау

Негізгі бөлім

Қой сүтқоректілердің жұпаяқтылар отрядының күйіс қайыратындар тобына жатады.Қой мен ешкілерді ұқсастық белгілеріне сәйкес бір топқа біріктіреді.

Қойың пайда болған кезі — осыдан 10-11 мың жыл бұрын.

Қойдың жабайы арғы тегі- жабайы қой муфлон және арқар таулы алқаптарда таралған.

Қойдың алғаш қолға үйретілген орталығы- Жерорта теңізінің маңы, Орта Азия,Оңтүстік Азия.

Қойдан алынады:жүн,тері,елтірі,ет,сүт,май.

Қазақстандағы қой шаруашылығы әрбәр аймақтың табиғат ерекшеліктеріне сәйкес 4 бағытта жүргізіліп келеді.

Зерттеу жұмысы еділбай және дегерес қойларынан алынған құйрық майға жүргізіледі.

Құйрық май-қойдың құйрық жағындағы май жиналатын орны. Бұл майды ерітіп құйрық май алынады. Қатты күйінде ақ немесе ақ-сары түсті болады. Еріткенде түссіз болады. Құйрық және қойдың іш майында көп мөлшнрде қанықпаған май қышқылдары болады. Малшылар ерітілген құйрық майды тек тамаққа емес күйікті, шаш түсуін тоқтатуды және ірінді немесе жараларды емдеуге қолданады [1]. Қойдың майы-өзіне тән иісі бар. Негізгі иістің көзі — майлар болып табылады. Жануарлардың майлары пальметин , стеорин , олеин май қышқылдарынан тұрады. Стеорин қышқылы басқа жануарларға қарағанда қойда көбірек болады.  Ол 30%-ға дейін кездеседі.  Ал қанықпаған және тез еритін олеин қышқылы қойда азырақ болады.Қойдың майының құрамына А,В1,Е витаминдерін,бета-каротин, стеорин, фосфолипиттер кіреді.Белгілі бір мөлшерде ас қорытуды, қан аздықты емдеуге пайдаланылады. Қойдың майы нашар еритіндіктен және жақсы сақталатындықтан, азықтық маңызы бар. Азия елдерінде, азпаздықта тағамдық маңызы бар майларды алу үшін құйрықты қойларды арнайы өсіреді.

Майларды жануарлар мен өсімдіктерден бөліп алады.Майларды синтездеуші алғаш рет француз химигі М.Бертло (1854) жүзеге асырды.Бірақ тиімсіз болғандықтан, майлар синтездік жолмен алынбайды.Майлар судан жеңіл , тығыздылығы 0,9-0,95 г/см3

Кесте 1. Майлардың жіктелуі

Агрегаттық күйіне байланысты майлар сұйық және қатты болып бөлінеді. Өсімді майы, әдетте, сұйық,ал жануар майы қатты болады. Бірақ кейде жануар майының ішінде сұйығы (балық майы) , ал өсімдік майларының қаттысы да (какос майы) кездесіп қалады. Майдың сұйық немесе қатты болуы оның құрамына кіретән карбон қышқылының табиғатына байланысты. Құрамына қанықпаған карбон қышқыл қалдығы кірсе,май қатты болады.

Ерітілген қойдың майы- кең таралған азықтық өнімге жатпайды және әр түрлі тағамдарды даярлауда сирек қолданылады. Оның себептері көп.

Біріншіден,иісі және демі жағымсыз. Екіншіден,салқындауы жоғары температурада. Үшіншіден, түсі ақ немесе сарғыш.

Құйрық майдың биологиялық құндылығы басқа жануар майларымен салыстырғанда төмендеу. Себебі, пайдалы қанықпаған май қышқылдары қойдың майының құрамына кіреді.

Құйрық май- тыныс алу жолдарының ауруларына: бронхит, трахей,бронхопнемания , суық тию ауруларына қолдануға таптырмайтын ем. Түндекеудеге және арқа бөлігінің жоғарғы жағына, аяқтың астына жұқалап жағады. Жақсы күтілген, далада жайылған ұқойлардың құйрығында 30 кг май болады.Таулы аймақтарда құйрықта кептірілген күйде қолданылады. Құйрық майды жасқа толмаған сәбилерге ішкізеді,суық тиген жағдайда қыздырып, денесін майлайды. Себебі,құйрық май жас сібидің ағзасынығ қорғаныштық қабілетін күшейтіп, септігін тигізеді. Табиғи құндылығы жоғары болғанымен қарапайым халыққа қол жетімді болып табылад

Құйрық майдың құрамы

Май қышқылдары: Витаминдер: Басқа да элеметтер:

1.Қаныққан май 1.А витамині 1.Макроэлеметтер:

қышқылдары: 2.В витамині -К элементі

  • каприн -Са элементі
  • лаурин -Mg элементі
  • миристин -Na элементі
  • пентадекан 2.Микроэлементтер
  • пальмитин -Fe элементі
  • маргарин -Йод
  • стеорин -Cu элементі
  • лигноцерин

2.Қанықпаған май

қышқылдары:

  • миристолеин
  • пальмитолеин
  • олеин
  • нерон

Ғылыми деректедегі мәліметтерді назарға ала отырып , зерттелініп отырған құйрық майдың құрамын анықтау мақсатында арнайы зертханамен тығыз байланыс жасалынды. 2012 жылы 29 наурызда үйде өсірілген құйрықты қойдың құйрығының құрамын жетекшіммен бірге  зерттеп, нәтижесін алдым.  Зеттеу нәтижесіндегі әрбір құрамдас бөліктің биологиялық ерекшелігіне тоқталып, құйрық майдың биохимиялық әсерін анықтадым. Зерттелінген құйрық майдың құрамы төмендегі кестеде келтірілген.

Көрсеткіш атауы мен мөлшері Алынған мөлшері
А витамині

Е витамині

Макроэлементтер, мг:

К элементі

Caэлементі

Mgэлементі

Naэлементі

Микроэлементтер, мкг:

Fe элементі

Йод

Cu элементі

Қаныққан май қышқылы

Қанықпаған май қышқылы

Қанықпаған май қышқылдары

Май қышқылдарының жалпы мөлшері

0,064

0,5

1,1

0,6

0,8

1,0

49

9,7

10,1

51,66

0,12

0,23

0,97

95,00

1-сызба.Құйрық майдың химиялық құрамы

Зерттеуді ғылыми деректерде көрсетілген мәліметтерге сүйене отырып жүргіздік. Құйрық майдың қандай да бір емдік қасиетін анықтау үшін міндетті түрде оның құрамы қажет.

Ғалымдар не дейді?

1831 жылы неміс ғалымы Вакенродер оны өсімдіктерден ашты. Эмпирикалық формуласы С20Н30О ретинолдың химиялық формуласын 1937 жылы швейцар химигі Каррер тапты.

Адамның және жануарлардың ағзаларында А витамині бірнеше қызмет атқарады: тері қабатында , тыныс алу жолдарында және ас қорыту жолында эпителий клеткаларының түзілуін реттейді, өсіп келе жатқан ағзадағы клеткалардың түзілуін реттейді, өсіп келе жатқан ағзадағы клеткалардың өсуіне және олардың жіктеліп бөлінуіне қатысады.А витаминінің альдегид туындысы опсинбелогімен бірігіп, көздің тор қабатында жүретін химиялық процестерді реттейді.Қорғаныш белоктар (антителалар) мен лизоцим ферментінің түзілуіне қатысады.

Адам ағзасы тәулігіне орта есеппен 105 мг Авитаминін қажет етеді.Осы мөлшнрдің 1/3 ретинол ретінде алынса, 2/3 каротин арқылы алынады.Ал, бұл провитаминнің 1/Темір иондары көптеген ферменттердің қалыпты қызм3 ғана А витаминін алу үшін тамақта үш мг каротин болуы керек. Сонымен күнделікті тамағымызда шамамен 0,5 мг ретинол және 3-5 мг каротин болуы тиіс.

Өте суық немесе ыстық күндері А витаминін ағза көп қажет етеді. Ал бала емізетін әйелдер бұл көрсетілген мөлшерді шамамен екі есе артық қабылдайды. Ағзада ретинол жетіспесе адамның көз жанары нашарлайды (тауық көз болады,көзі іріңдейді және т.б. көз ауруларына шалдығады). Ағза ойдағыдай өсіп жетілмейді, терісі құрғап, қабыршақтанады,бөрітеді, шаштың түсуі оңып, түсе бастайды. Қазіргі уақытта мұндай клиникалық белгілер сирек кездескенімен, ағзада газ алмасуының көптеген прцестері нашарлайтыны байқалады. Осыған байланысты ағзаның ауруға төзімділігі әлсәрейді. Сондықтан тағамның құрамында әрдайым А витамині мен каротиннің болуы қажет екенін ұмытпау керек. Яғни сары немесе қызыл түсті өсімдіктер, балық, теңіз жануарлары, сүт,сары май, жұмыртқа, мал мен балық бауырынан жасалған тағамдар дастарханымыздан жиі орын алған жөн.Сөйтіп, адам мен жануалар ағзасы тек бос түріндегі А витамині ғана сіңіріп қоймай, сонымен бірге каротиндердің құрамына енетін А витаминін де сіңіре алады [5].

Зерттелініп отырған құйрық майдағы темірдің мөлшері-49 мг.Темір ағзаларда болады. Ересек адамның денесінде 4-5 г. темір болады, оның 65%-ы қанның гемоглабинінде болады.Гемоглабин қанға қызыл түс беріп,тыныс алу мүшесінен оттегіне әр түрлі ұлпаларға тасымалдайды. Темір иондары көптеген ферменттердің қалыпты қызмет етуіне, қан түзілу үдрісіне және ағзада зат алмасупроцессі жүру үшін ұажет. Темір атмосферлық азоттың фиксациясы кезінде және өсімдіктердегі фотосинтезде жүретін реакцияларға қатысады.Қанда темірдің жетіспеуі адамның денсаулығына кері әсер етіп, қаназдық ауруына алып келеді.

Калийдің зеттелген құйрық майдағы мөлшері-1,1 мг, ал натрийдің мөлшері-1,0 мг.K және Na табиғи қосылыстарының тірі ағзалардың тіршілігі

үшін маңызы ерекше.Натрий хлориді адам тағамы мен жауар азығының қажетті компоненті болып табылады.Ағзада калий мен натрий иондары үнемі дерлік қарама-қарсы бағыттарда көптеген биохимиялық реакциядарға қатысады.

Қойдың азығы

Құйрық майдың құрамында түрлі қосындылар мен элементтердің болу себебін анықтау үшін қойдың азығына баса назар аудардым.  Жоғарыда айтып өткеніміздей қойдың негізгі азығы кәдімгі жусан, ермен, дермене, жоңышқа болып табылады. Малдың ағзасында болатын кез-келген элемент оның жейтін азығынан түзіледі. Қойдың негізгі азығы болып табылатын ермен мен дермене жусандарының емдік қасиеттеріне тоқталсақ. Қазақ емшілері ерменді өңірлерге жайылған ұсақ малдың сорпасы мен еті жеңіл аурулардың емі деп есептелген. Шындығында да , ерменге жайылған қойдың еті мен сорпасынан ерменнің иісі аңқып тұрады. Сонымен қатар, ерменді асқынған жараны емдеуде , іріңді жаралардың іріңін шығаратые, қанды тазартатын дәрі ретінде де қолданған. Оны сары ауруға, бауырдың, қуықтың, ішектің ауруларына қолданып, ұстамалы,созылмалы сырқаттарға да ұтымды пайдалана білген.

Қытайдың халық медицинасында буын ауруларына , сулы бөртнеге ерменді қолданған. Олар буын қабынып, сыздап ауырған кезде ащы ерменді қайнатып,жылыдай сумен ауырған жерді жуады.Бұл аталған сырқатқа 3-5 күн ішінде өз нәтижесін берген.Ғылыми зерттеуді жүзеге асыру барысында мен ерменге 10 г. қызылмия тамырын қосып, қайнатып, жылы күйінде бөртпеге жағып көрдім.2 күн өткен соң бөртпе жоғалып, оң нәтижелер берді.

Қазақ халқының емшілері де ежелде ерменді көбінесе асқазан ауруларына қолданған .Осы орайда оның асқазан асты безіне оңды ықпал жасайтынын білген.

Аталған шөптердің құрамы иен биологиялық ерекшелігін талдау мақсатында келесі кестені құрастырдым.

Өсімдік атауы Құрамы Биологиялық ерекшелігі
Жусан Қоректік заттар мол, эфир майы, каротин, аскорбин қышқылы, алкалойдтар бар Жемісі-тұқымша.Көп жылдық шөптесін өсімдік, қиын жұлынады.
Ермен Ащыермен глюкозиті,

Ұшқыш май, С дәрумені бар.

Сабағы тік өсетін, түсі қою-күлгін түсті.Тамырының жоғары жағы жуандау, қысқа, шашақ тамырлы.

Жапырақтары қысқа, бет жағы ашық –жасыл түсті, гүлдері ұсақ сары және қоңыр түсті.Себет гүлшоғыры шілде айынанқыркүйек айына дейін гүлдейді.

Дермене Антгельминитин сантонин, глюкозиттер, алколойдтар бар. Жаз,күз мезгілдерінде гүлдейді. Сабағы-төселмейді,тік орналасқан. Іш ауруларына қарсы қолданылатын сантонин дәрісі, медицинада,порфюмерияда қолданылатын эфир майы алынады.
Жоңышқа А, В, С Е витаминдері, ақуыз және амин қышқылы Жоңышқаныңкөмегімен жасалған дәрілік препараттар ішті жұмсартады, денені қуаттандырады, қанды көбейтеді,ісікті қайтарады.Іштегі жиналған керексіз заттарды айдап шығарады.

Жоғарыдағы кестеден көріп отырғанымыздай, қойдың негізгі азығы болып табылатын өсімдіктердің барлығы дерлік медицинада қолданылып, емдік қасиетке ие болып табылады.Құйрықты қойдың ас қорыту жүйесін ғылыми әдебиеттермен зерделей отырып, азық арқылы келетін пайдалы, дәрілік элементтердің барлығы дерлік қойдың құйрық майына жиналатынына көзім жетті.

Қойдың құйрық майының химиялық құрамына талдау жасай келе құрамында көптеген адам ағзасна пайдалы элементтердің бар екені анықталды.Әрине, осындай пайдалы, емдік құрушылардың болуына жоғарыда айтылған қойдың негізгі азықтарының (ермен,дермене,жоңышқа) да үлесі басым.

Халық арасында құйрық май ежелден емдік қасиетімен танымал.Ертеде көшпелі халықтар алыс жолға шыққанда, қасындағы жас сәбилердің аузына кішкене құйрық майды салып қояды екен.Оның себебі , құйрық май сәбидің қорғаныштық қызметін арттырып суық тию және т.б. аурулардан сақтайды екен.Сонымен қатар,құйрық майды суық тиген кезде адам денесіне ерітіп жағып емдеген.

адамның тыныс алу жолдары аурулары:бронхит, бронхо-пневмононияда

әр түрлі жағдайлардан адам  ағзасына суық тиген кезде; шаштың түсуін тоқтатуда; адам денесінің күйген жерлеріне жаққанға;

ас- қорыту жүйесін жақсартуға, қан аздықты (анемия) емдеуде;

қант диабеті ауруында;

бауыр дистрофиясын емдеуде;

2-сызба.Құйрық майды емдік препарат ретінде қолдануға болатын аурулар

Алматы «Тағамтану академиясының» мәліметтер көрсетілген кестедегі майдың құрамындағы дәрумендер және макроэлементтер мен микроэлементтерді ғылыми деректермен салыстырып талдадық.   Ғылими жұмыстарды орындауда жұмыстың бастапқы мақсаты мен міндеті толығымен орындалды. Бастапқы кезеңде зерттеуге қажет ақпараттар, атап айтсақ қойдың азығы, құйрық май, оның қасиеті мен қолданылуы жайлы теориялық мәліметтер жиастырылды. Теориялық мәліметтерге сүйене отырып, қажетті зерттеу жұмыстары жүргізілді. Алматы қаласы «Тағамтану академиясымен» байланыс орнатылып, зертханада құйрық майдың химиялық құрамы, биологиялық ерекшеліктері зерттелінді. Құйрық майдың құрамындағы элементтерге, олардың қасиетіне талдау жасалынды. Құйрық майдың құрамында маңызды элементтердің болуы қойдың негңзгң азығының емдік шөптер болуымен түсіндіріледі. Олар:ермен, дермене, жоңышқа. Аталынған шөптердің де құрамы, биологиялық ерекшеліктері анықтарып, зерделенді. Адам денесі суық тигенде, әр түрлі жарақат , күйген жерлерге сыртқы қолдануға ұсынылады.  Әсіресе,жас сәбилердің денесіне жаққан тиімді. Препарат жас сәбидің қорғаныштық қызметін қатайтып, суық тиюден сақтайды.Сонымен қатар, дәрілік препаратты шаш түсу кезінде де қолдануға болады.

Құйрық май химиялық қоспасыз табиғи шикізат

Түрлі жарақат : Күйген жерге кезінде пайдалануға жағуға, суық тигенде, экологиялық таза денеге жағуға өнім.  Экономикалық жағынан тиімді, арзан шикізат.

3.Құйрық майдың қоспасынан жасалған препарат басқа химиялық қоспалардан жасалған дәрілерге қарағанда зиянсыз, экологиялық, экономикалық жағынан тиімді, қолжетімді әрі денсаулық үшін таптырмас құрал екеніне көзім жетіп, оны денсаулық сақтауда жаппай қолдануды ұсынамын.

4.Құйрық майдың құрамында бауырды зақымдайтын холистериннің аз екенін ескеріп, оны тек сыртқы қолданысқа емес , сонымен қатар, ішке қолдануға да ұсынылады.

Дәрі ретінде көбінесе құйрық май пайдаланылады. Ем болатын аурулары:

  1. Жөтелді басып, қақырықты босату үшін құйрық майды шыжғыртып, 50 г мөлшерінде ыстықтай ішеді. Тұмаудан болған созылмалы жөтелге құйрық майды ыстық сүтке қосып ішеді.
  2. Жаңа туған бөбектерді әр жетіде бір рет тұзды суға шомылдырғаннан кейін, суықтан сақтану және теріні жұмсарту мақсатында қой майымен сылайды.
  3. Балаларға тұмау тиіп жөтелгенде, алқымды, алақанды, табанды қойдың жылы майымен сыласа, сауығады.
  4. Ішуге және денедегі тері ауруына қолдану үшін қойдың майына дәрі өлтіреді.
    5. Қойдың құйрық майын шыжғырып, жылы күйінде 100 грамм ішсеңіз жөтелді басып, қақырықты түсіреді. Қойдың құйрық майын шыжғырып банкаға құйып алсаңыз, еш азбайтын жақпа май болады.
  5. Жөтелген кезде кешке жатарда майды ысытып, кеудені сылап, жылы жатса 2-3 күнде жөтел сап тиылады.
  6. Кез келген жараға жағамын

8.Бәтеңке қажаған жерді де кешке жатарда  кір сабынмен жуып, майды жағамын,

Пайдасы жақсы. Қазір құлақ ауырса да, жөтелсе де, жара болса да қойдың құйрық майын жағуды әдетке айналдырғанмын. Дәрі іздемеймін. Зияны жоқ.  Қойдың құйрық майы емдік үшін өте пайдалы. Суық тиіп, аяқ-қолың сырқырағанда пайдасы өте зор. Ыстық суға аяғыңды салып болғаннан кейін жағып жатсаң, жақсы көмектеседі.

Қойдың құйрық майы ертеден келе жатқан ем ғой, қандай ауруға болсада ( жөтел, брохит, тамақ ауырғанда,жараларға оған пенициллин ұнтағын қосады, іш ауырғанда, крем ретінде т.с.с. Ата- бабамыздың   таптырмайтын емдері емес пе!

Дәрілік препарат медицинада кеңінен қолданылып, фармацевтикада шығарылуы болашақтың еншісінде. Құйрық майдың құрамын, емдік қасиетін дәлелдеп, ғылыми жұмыстың жалғасы ретінде басқа да дәрілікөсімдңктерге құйрық майды ақылы дәрілер ойлап табуды алдыма мақсат қоямын.  Тұздалмаған қойдың құйрық майын шыжғырып, түскен майына ампициллин ұнтағын араластырып, іріңді жараларға жақса ізі қалмай жазылып кетеді. Еш укол мен қымбат маздардың керегі жоқ.

Зерттеу жұмысын қорытындылай келе келесідей ұсыныстар білдіремін:

  1. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиялық жолдауында «Ұлт денсаулығы — біздің табысты болашағымыздың негізі» деген сөзіне сай қазіргі таіда адам денсаулығына аса мән беріліп отыр.Осы орайда мен ұсынған таза табиғи препаратты қолдану азаматтар денсаулығын сақтауда дұрыс шешім екеніне баса назар аударылды.

2.Мен құйрық майдың биохимиялық құрамын зерттей келе болашақта медицина саласында қолдануға тиімді биопрепаратты қолдануды, оны одан әрі формацевтикада өңдеп, қолданысқа енгізуді ұсынатын едім.

Қорытынды

  1. Шопан атаның  пайдалы    жағын  зерттеу кезінде мақсатыма қол  жеткіздім деп ойлаймын. Зерттеу нәтижесінде    құйрық майдың да өзіндік пайдасының мол  екеніне   көзім анық жетті. Дәріхана дәрілеріне үнемі жүгіне бермей, қол жетімді  пайдасы мол құйрық майды  пайдалануды да ұмытпайық.

ПІКІР

ШҚО, Зайсан ауданы, Айнабұлақ ауылының   Айнабұлақ  орта мектебінің  2 «Б»  сынып оқушысы Ораз Дина  «Құйрық майдың пайдасы» атты зерттеу жұмысын жүргізді.    Динаның бұл зерттеу жұмысы өте өзекті тақырып  деп ойлаймын.

Дина үйіндегі қойларының құйрық майының пайдасын бұрыннан білген. Себебі үйінде атасы да, әке-шешесі де құйрық майды ем ретінде үнемі пайдаланып жүрген. Зерттеу жұмысында құйрықмайдан жасалатын тағамдардың пайдасы да кеңінен қамтылған.

Шағын зерттеуінде  қорытындысында шопан атаның   пайдалы    жағын  зерттеу кезінде мақсатына қол  жеткізген. Зерттеу нәтижесінде   құйрық майдың да өзіндік пайдасының мол  екеніне   көзім анық жетті. Дәріхана дәрілеріне үнемі жүгіне  бермей, қол жетімді  пайдасы мол құйрық майды     пайдалануды ұсынған.

Дина  бұл  зерттеу жұмысын ары қарай жалғастыра түседі деп ойлаймын. Сондықтан бұл жұмысы  маңызды деп есептеймін.

You May Also Like

Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеттері, ғылыми жоба

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеттері» Бағыты:Таза табиғи орта…

Мал өсірсең – қой өсір, ғылыми жоба

«Мал өсірсең – қой өсір» Аннотация Зерттеу нысаны: Мал  өсірсең – қой…

Телефонның адам ағзасына тигізетін зияны мен қоғамдағы пайдасы, ғылыми жоба

Т А Қ Ы Р Ы Б Ы: «Телефонның адам ағзасына тигізетін…

Қазақстан мен Түркия: бауырластықтың жаңа көкжиегі, ғылыми жоба

Ғылыми жоба тақырыбы: Қазақстан мен Түркия: бауырластықтың жаңа көкжиегі  Жоспар:  Кіріспе………………………………………………………………………………………….. І.…