Аймақты қорғаныс. Жеке қорғаныс.

Қорғаныс аймағы — инженерлік құрылыстармен жабдықталған жергілікті жер ауданы. Қорғаныс аймағы құрамалар (бірлестіктер) ұрыстық ретке (операцияға тізілу) жайылып, қорғаныс ұрысын (шайқасын) жүргізеді. Ұлы Отан соғысы жылдары мен соғыстан кейінгі кезенде қорғаныс аймағы тактикалык және оперативтік болып бөлінген.

Қорғаныс ауданы — қорғаныстағы бөлімшелердің, бөлімдердің, батальондардың және полктердің жаудың шабуылын қорғаныстың алдыңғы шебіне жеткізбей тоқтатып, тойтарыс беретін немесе қарсылас сыналап кірген жағдайда оны атыспен және қарсы шабуылға шығу арқылы қуып шығып, қорғаныстың бастапқы қалпын сақтап қалу үшін қолданылатын қорғаныс аймағы. Қорғаныс ауданы атыс құралдарын барынша қолдануға, әсіресе ядролық қаруларды пайдалануға негізделеді. Бірінші эшелондағы батальондар — көлденені 3 км, үзындығы 2,5 км, роталар — көлденеңі 1,5 км, взводтар — 750 м аудандағы қорғанысты алады.

Қорғаныс белсенділігі — қорғаныстағы әскерлердің қарсыласқа көрсететін үздіксіз әсері; қорғанысты ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын негізгі бір талап. Қорғаныс белсенділігі қарсыластың шабуылға және лап қоюға дайындалу кезеңінде оны авиациялық және атыс соққыларына ұшыратуға, сондай-ақ қорғаныс ұрыс барысында аса қауіпті өңірлеріне (бағытына) қорлар және атыспен маневр жасауға негізделеді. Ұлы Отан соғысында әскерлердің Қорғаныс белсенділігі дайындалған шептерді (позицияларды) қарсы соққылар және қарсы шабуылдармен ұстап түруда, танкіге қарсы және басқа қорларды кен қолдануда жатыр.

Қорғаныс жолағы — қорғауға арналған және бірлестік немесе құрамалар қорғайтын жер жолағы. Ол қарсыластың шабуылына тойтарыс беру және аумақты сақтау мақсатында құрылады. Қорғаныс жолағыда күштер мен құралдардың топтастықтары орналасады, қарсыласты атыспен жою жүйесі ұйымдастырылады, фортификациялық құрылыстар мен бөгеттер салынады. Қорғаныс жолағы мандайшептен — алғышеппен, тылдан — оперативтік сап (ұрыстык, рет) тереңдігімен, қапталдан — шектеуші сызықтармен шектеледі. Бірлестіктердің корганыс жолақтарында бірнеше қорғаныс шептері: бірінші қорғаныс шебі, аралық корганыс шебі, әрі қарай терендікте — корпустык (армиялық) және маңдайшептер құрылады. Құраманың корғаныс жолағында — бірнеше корғаныс позициясы құрылады. Қорғаныс жолағы, сондай-ақ бөлу позицияларынан, танкілік және мотоатқыштар бөлімдері мен бөлімшелерінің атыс шептерінен, екінші эшелондардың (қорлардың) қарсы соққыларына арналған жайылу шептерінен, танкіге қарсы қорлардың жайылу шептерінен, әскери әуе күштері, әуе шабуылына қарсы қорғаныс, арнайы әскерлер мен қорлар топтастықтарының орналасу аудандарынан тұрады. Қорғанысқа күні бұрын көшу кезінде бірінші қорғаныс шебінің алдында, кейде тереңдегі қорғаныс шебінің алдында қамтамасыз ету жолағы құрылуы мүмкін.

Қорғаныс қоршауы — белгілі бір объектінің немесе оның маңайының периметрі бойынша орналасқан бекініс желісі. Қорғаныс қоршауы болған, олардың әрқайсысы қорғаныс жолағы (шебі) ретінде жабдықталған. Мыс., 1942 ж. Сталинград маңында сыртқы, ортаңғы, ішкі және қалалык 4 Қорғаныс қоршауы құрылған.(Оборонительный обвод) — белгілі бір объектінің немесе оның маңайының периметрі бойынша орналасқан бекініс желісі. Қорғаныс қоршауы болған, олардың әрқайсысы қорғаныс жолағы (шебі) ретінде жабдықталған. Мыс., 1942 ж. Сталинград маңында сыртқы, ортаңғы, ішкі және қалалык 4 Қорғаныс қоршауы құрылған.

Қорғаныс құрылыстары— әскерлердің қорғаныс жүргізуі, олардың шығындарын азайту мен қарсыластың шабуылға шығуын қиындату мақсатында жергілікті жерде салынатын фортификациялық құрылыстар. Қорғаныс құрылыстары мынадай түрлерге бөлінеді: атыс жүргізу үшін — окоптар, әрлар, атыс құралдарына арналған алаңдар және т.б.; жеке құрам мен әскери техниканы түрлі жою, зақымдау құралдарынан қәрғау үшін — саңылаулар, орлардың бүркемеленген бөліктері, блиндаждар, паналар, таса жерлер және т.б.; жасырын қатынас жасау үшін — потерндер, орлар, байланыс жолдары. Қорғаныс құрылыстары, сондай-ақ, қорғаныштык қасиеттеріне, қолданылатын материалдарға, конструкцияларға, салу шарттарына және т.б. қарай да бөлінеді. Қорғаныс құрылыстарының темірбетоннан, толқынды құрыштан (болатын) және басқа да материалдардан өнеркәсіптік жолмен жасалған элементтері мен конструкциялары кеңінен қолданылады.

Қорғаныс позициясы — мотоатқыштар мен танк бөлімдерінің қорғаныс ұрыстарын жүргізуге арналган аймағы. Қорғаныс позициясы аралары 1 1,5 км кашықтықта әрналасқан рәталардан, тірек пунктінен тұрады. Қорғаныс позициясы инженерлік тәсілмен атыс шебін есепке ала отырып, танк бөлімдеріне және танкіге қарсы қолданылатын құралдарға арналып ұйымдастырылады, әр түрлі атыс құралдары үшін окоптар қазылып, әскерлер үшін паналар және т.б. қорғаныс құрылыстары жасалады.

Қорғаныс тереңдігі — қорғаныстағы алқаптың (учаскенің, ауданның) алғы шебінен құрама, бірлестіктің (бөлім, бөлімше) оперативтік тізілуіндегі элементтер орналасуының тыл шекарасына дейінгі қашықтығы. Құраманың корғаныс терендігін әдетте мынандай аймактарға бөледі: тактикалық және оперативтік. Бұл аймақтарды кейде тактикалык корғаныс терендігі деп атайды.

Қорғаныс торабы – Батальонның қорғаныс ауданының маңызды бөлігі. Құрамына роталардағы басты тірек пункттері, қордағы тірек пункті мен батальонның бекіністегі ату құралдары, барлық ату жүйелерінің жиынтығы кіреді. Қорғаныс торабы бекіністермен қоршалып, айнала қорғануға дайындалады. Танк өтетін жерлерде Қорғаныс торабы танкіге қарсы қарулармен жабдықталып, танкіге қарсы торап деп аталады. Қорғаныс торабы Ұлы Отан соғысы жылдарында құрылды. ~ Күшейтілген ауданның бір бөлігі. Құрамына ұзақ мерзімді атыс ғимараттары, бірнеше тірек пункттері кіреді. Қорғаныс торабыр бір-бірімен тығыз байланысты болып, бір ғана (нүктеден) орыннан жалпы басқарылады. 1950 жылдардың ортасынан бері Қорғаныс торабы термині ресми құжаттардағы қолданыстан шығып қалған.

Қорғаныс өңірі — полктің қорғануына арналған жергілікті жер, құраманын қорғаныс шебінің бір белігі. Қорғаныс өңірі көлемі полктің ұрыс жүргізу мүмкіндігіне, құрамада орналасқан жеріне, жергілікті жер мен оған бөлімшелердің орналасуына байланысты болады. Қорғаныс өңірі шеңберінде қорғаныс позициялары, қорлар орналасатын аудандар, жылжымалы бөгет жолақтары мен оларға арналған миналанған шептер, ату шебі мен жарылу шебі, артиллериялық ату позициялары мсн әуе корганыс құралдары, басқару пункті орындары, бөгеттер, қосымша және жалған атыс шептері, маневр жасау жолдары дайындалады.

Қорғаныстың беріктігі — қорғаныстағы әскердің өз позицияларын сақтап, қарсылас шабуылын дарытпауы және олардың шабуылын тоқтатып, қорғанысқа көшуге мәжбүр ететіндей етіп қарсыласты өз атысымен бөгеуі және қарсы шабуылмен тойтарыс беруі.

Қорғаныстың тактикалық тереңдігі — армияның 1-эшелонындағы дивизиялардың иемденіп, қорғайтын жергілікті жер алқабы; қорғаныстың алдыңғы шебінен дивизияның тыл шекарасына дейінгі ара кашықтық.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Қазіргі замандағы этиканың дамуы

Этика (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын…

Күлкінің пайдасы, шығарма

Күлкінің пайдасы Таңертең айнадан өзіңізге қарап,жымисаңыз, көңіл-күйіңіз көтеріледі. Күлкісіне қарап адамдардың қандай…

Бөлгіш құрылымдарды жылуфизикалық есептеу

Бөлгіш құрылымдарды жылуфизикалық есептеу Ғимараттың сыртқы қоршауы жылу техникалық сапасына байланысты: –…

Кен айыру және шахта қалдықтарын өңдеу

3.Кен айыру және шахта қалдықтарын өңдеу                                                            Пайдалы қазбаларды  ашық каръерлерде өндіргенде…