Күлкінің пайдасы

Таңертең айнадан өзіңізге қарап,жымисаңыз, көңіл-күйіңіз көтеріледі. Күлкісіне қарап адамдардың қандай екендігін байқауға болады. Үнемі күліп жүретін адамдардың мінезі жақсы,достары көп болады, олар көп ашуланбайды.

Күлкінің адамның денсаулығына тигізетін пайдасы өте көп. Ғалымдар көп күлетін адамдар аз ауырады дейді. Және ондай адамдардың жүрегі өте жақсы жұмыс жасайды екен. Басыңыз ауырғанда біраз уақыт жақсылап күлетін болсаңыз, басыңыздың ауырғаны да басылады. Тіпті тісіңіз ауырып отырса да, қызықты бір күлкілі фильм қараңызшы, ауырғаныңызды ұмытып та кетесіз. Және күлкі тыныс алуды да жақсартады. Күлген кезде тыныс жолдары өте жақсы жұмыс жасайды.

Сонымен қатар көп күлетін адамдардың иммунитеті де мықты болады, олар күлмейтін адамдармен салыстырғанда аз ауырады.  10 минут жақсы күлкі велосипед тепкендей пайда әкеледі екен. Күлкі адамның миына да әсер етеді.Күлкіден соң ми жұмысы жақсы бола бастайды.

Күлкі шаршағанды да басады. Күндіз жұмыстан соң ата-аналарымыз шаршайды.Біз сабақтан шаршауымыз мүмкін. Сол кезде қызықты,күлкілі комедия қарауға болады. Сонда біз демалып қаламыз. 5 минуттық көңілді күлкі 40 минуттық жақсы демалыспен тең.

Күлу арықтағысы келген адамдарға да пайдалы екен.

Адамдармен сөйлескенде жымиып тұрған дұрыс. Сол кезде сөйлесіп тұрған адам да сізге жымияды. Сол кезде әңгіме де жақсы болады. Тіпті телефонмен сөйлескенде де жымиып тұрыңыз. Сіздің көңіл-күйіңізді сөйлесіп тұрған адам сезеді.

Үнемі күліп жүру балаларға да өте пайдалы. Егер біз жымиып жүретін болсақ, достарымыз көп болады. Мектепке де тез үйренеміз.

«Күлкі терапиясы» деген бар. Ол дегеніміз – күлкі жаттығулары. Мысалдар келтірейік. 1.Арқаңызбен жерге жатыңыз. Аяқтарыңызды жоғары көтеріңіз. Велосипед  тепкендей аяғыңызды қозғаңыз және осы кезде барынша күліңіз. 2. Көңіл-күйіңіз жоқ болса да,жымиыңыз. Жай ғана жымиғанның өзі көңіл көтереді. Айнаның алдында орындаған дұрыс. Телефоннан оятқыш қойып қойсаңыз да жақсы. Телефон шырылдады ма, жымиямыз! 3. Таңертең көңілді ән тыңдаңыз. Тек күлкілі  фильмдер қараңыз. 4. Көңілді адамдармен дос болыңыз. Осындай жаттығуларды көп жасап жүрсеңіз, әрқашан көңілді жүресіз!

Ғалымдар осыдан 60-70 жыл бұрын адамдар күніне 20 минуттай күлетін болған дейді. Ал қазір адамдар көп күле бермейді екен. Орташа алғанда алты минуттай ғана күледі екен. Сондықтан көбірек күліп жүруге тырысу керек!Кішкентай сәбилер үлкен адамдарға қарағанда 20 есе көп күледі.

Америкада мынадай зерттеу жасаған. Ауырып жатқан адамдарға дәрілермен қоса анекдоттары бар жаңа газеттер алып келеді. Адамдардың жағдайы жақсы бола бастайды. Демек, күлкі денсаулықтың жақсаруына әсер ете алады.

Күлкінің адам денсаулығына тигізетін пайдасы өте көп. Сондықтан әрқашан күліп жүрейік! Бірақ күлгенде әдепті сақтай білу керек. Айғайлап күлу, адамды мазақ етіп күлу дұрыс емес. Күлгенде де сыпайылығыңызды сақтаңыз!

You May Also Like

Құрамында мырыш бар шлактарды кешенді өңдеу, дәріс жоспары

9 дәрістің Құрамында мырыш бар шлактарды кешенді өңдеу Дәрістің конспектісі: Дәрістің конспектісі:…

Картоптан жасалған крокеттер

Қажетті өнімдер: – 500 г картоп; -1 бас пияз; – 3 жұмыртңа;…

Аспан туралы мағлұмат

Аспан Аспан – Жер үстіндегі кеңістік немесе кез келген астраномиялық нәрсенің беті.…

Иммуноферменттік талдау әдісі арқылы өсімдікті вирус тасымалдаушылыққа диагностикалау

Өсімдіктерді сауықтырумен қатар оларды вирус тасымалдаушыға тексеру мәселесі қатар жүреді. Қазіргі уақытта…