Бағыты: Психология

Тақырыбы: «Солақай жазатын балалардың даму ерекшелігі»

Мазмұны 

Кіріспе…………………………………………………………………………………………………………..4

  1. Солақай балаларға жалпы сипаттама…………………………………………………………..5

1.1 Солақайлылық сыры…………………………………………………………………………………5

1.2 Қыста туған балалар жиірек солақай болады…………………………………………….6

  1. Солақай балалардың психологиясы…………………………………………………………….7

2.1 Солақай балалардың психологиялық ерекшелігі……………………………………….8

2.2 Әйгілі солақайлар…………………………………………………………………………………….9

3.Эксперимент жұмысы………………………………………………………………………………..10

3.1Солақай балалардың даму ерекшелігін зерттеу нәтижесі………………………….10

3.2.Оңақай және солақай балалардың қызығушылықтарын салыстыру жұмысы………………………………………………………………………………………………………..11

3.3.Солақайлылықтың пайда болу түріне байланысты зерттеу жұмысы………..12

Қорытынды …………………………………………………………………………………………………14

Бұл зерттеу жұмысында «Солақай жазатын балалардың даму ерекшелігі» жайлы мәліметтер қарастырылған. Бұл жұмыста солақай балаларға толық сипаттама беріліп, осындай ерекшелігі бар балалардың жоғары жетістіктерге жету мүмкіндіктері зор екенін оқырманға аңғарту арқылы осындай балаларға әрқашан қолайлы жағдай жасалып, қолдау беру керектігі айтылған. Зерттеу жұмысының эксперимент бөлімінде Солақай балалардың даму ерекшелігін зерттеу нәтижесі айқын көрсетілген.

Салимова Еркежан –  ШҚО, Көкпекті ауданы, «Көкпекті орта мектебінің» 8 «А» сынып оқушысы. Еркежан – үздік оқушы, әрбір ісіне тиянақты, ұқыпты қарайды, әрдайым ұстаздары мен достарының мақтанышы болып жүреді.

Кіріспе

Мен таяуда көше бойымен жүріп келе жатып, ойнап жүрген кішкентай бүлдіршінді көрдім. Байқасам балақай ойыншықтарын  жерден сол қолымен жинап жүр екен. Бір мезетте әлгі сәбидің анасы періштеге «осы сенің оң қолың жоқ па, күннен-күнге солақай болып барасың» деген зілді сөзі құлағыма түрпідей тиді. Содан ойлана келе солақайлықтың құпиясына үңіліп көруді ұйғардым. Жалпы солақай адамдар тумысынан дарынды келеді дейді білетіндер. Себебі, ондай жандар өз мақсатына жету үшін қандай қиыншылыққа көнуге даяр. Бір қызығы, осы қағиданы желеу етіп, солақайлық қасиетті қолдан жасайтындар да бар екен.

Оң қолдық балалардың қабілетіне қарағанда  солақай балалардың қабілеті басым болады. Солақай балалар өте мазасыз болып, тез ашуланады, дұрыс тамақтанбайды, дұрыс ұйықтамайды. Олар үнемі оң  қолдыларға шыдамдылықпен, төзімділікпен қарайды, соған бейімделеді. Өткен ғасырларға үңілсек, солақай адамдардың ішінде дарынды, атақты адамдар аз болмаған.  Солақайлардың көпшілігінің шығармашылық қабілеттері мол болып келеді.

Менің ойымша солақай балалар жөнінде теріс пікір болмауы тиіс. Сондықтан, мен зерттеу жұмысымда солақай балалардың даму ерекшелігін ашып көрсетіп, солақайлардың ерекше дарын иесі екендігі дәлелдеу зерттеу жұмысымның өзектілігі болып отыр.

Зерттеу мақсаты: Солақай балалардың даму ерекшелігін анықтап, солақайлықтың сырын ашып көрсету.

Зерттеу міндеті: Солақай балалардың даму ерекшелігін зерттеу.

Зерттеу болжамы: Егер солақайлық ерекшелігі бар балаларға қолдау көрсетсек,   келешекте солақай балалардан әйгілі, атақты азаматтар шығады .

Зерттеу жаңалығы: Солақай балалардың ерекше қабілет пен дарын иесі екендігін анықтау.

Зерттеу нысаны: психология ғылымы

Зерттеу әдісі: зерттеу, іздену, байқау, салыстыру, мысал келтіру. 

  1. Солақай балаларға жалпы сипаттама

1.1. Солақайлылық сыры

Солақайлылық – ми жұмысының ерекшелігімен байланысқан организм дамуының бір түрі. Мидың әр жартышарларының өзіне тән ерекшеліктері бар.  Мидың сол жақ жартысын рационалдылогикалық деп атайды. Сол жақ жартышар дененің оң жағын, яғни, оң көздің көруі, оң құлақтың естуі, оң қол мен оң аяқтың жұмысына жауап береді. Ал оң жақ жартысын эмоционалды деп атайды. Оң жақ жартышар дененің сол жақ жұмысына әсер етеді. Әдетте 4-5 жасқа дейінгі балалардың  жұмысқа бейім қолы қалыптаса бастайды. Осы жасқа дейінгі бала оң қолымен де  сол қолымен де   заттарды ұстап, сурет сала алады. Себебі, оның миының жартышарларында доминанттылық қалыптаспаған. Осы кезде  баланы оң қолмен жұмыс жасауға мәжбүрлемеу маңызды. Себебі, бала миының жартышарларындағы доминанттылық қалыптасқан кезде ғана баланың оң қолымен немесе сол қолымен жұмыс жасау ептілігі өзінен өзі айқындалады.

Дәрігерлер бала құрсақта жатқан 10-13 аптада-ақ оның оңқай не солақай екенін анықтауға мүмкіндіктің бар екенін айтады. Ана құрсағында жатқан нәресте оң қолының бас бармағын сорса-оңқай, сол қолының бармағын сорса-солақай болып дүниеге келетіндігі анықталған.

Жалпы, мамандардың пікірінше, солақайлардың пайда болуының басты төрт себебі бар екен. Біріншісі – тұқымқуалаушылық, екіншісі – әйелдің кеш босануынан, сол себепті босануы ауыр жағдайда өткендіктен, үшіншісі – жүре пайда болу, яғни, бүлдіршін кезінде оң қолын күйдіріп, не жарақаттап алып, амалсыздан сол қолға бейімделуінен, төртіншісі – әдейі еліктеумен солақай болғандар.

1.2. Қыста туған балалар жиірек солақай болады

Қыста туған ұл балалар жазда өмірге келгендерге қарағанда жиірек солақай болады. Бұл туралы зерттеу деректерінде хабарланған, деп жазады Росбалт.

Вена университетінің мамандары 13 мың ересек адамды зерттеген көрінеді. Осының нәтижесінде әйелдердің 7,5 пайызының және ер адамдардың 8,8 пайызының солақай екені анықталды. Сонымен қатар ерлер арасындағы солақайлардың 8,2 пайызы ақпан мен қазан айларының аралығында өмірге келген. Ал 10,5 пайызы қарашадан қаңтарға дейінгі аралықта туған. Осы орайда ғалымдар солақай болу мүмкіндігін анықтайтын гормондар мөлшерінің деңгейімен жыл мезгілінің байланысы бар дегенді алға тартуда.
Атап айтқанда, ана құрсағында жетілу кезеңінде тестостеронның жоғары деңгейі адамдарды солақай қылады екен. Күн неғұрлым ұзақ болған сайын тестостерон деңгейі де соғұрлым жоғарырақ болады. Осы орайда қыста туған балалар жаз бойы жатырдағы даму кезеңінде болғандықтан, олар көбірек гормон алады.

  1. Солақай балалардың психологиясы

2.1. Солақай балалардың психологиялық ерекшелігі 

Психологтар мен мұғалімдер солақай балаларды мектепте оқыту мәселесіне аса назар аударғаны дұрыс болар еді. Баланың солқолдығына емес, оның жалпы солақайлығына көңіл бөлген дұрыс. Себебі, баланың оқу қабілетіне,  ынтасына ол да әсер етеді.   Солақай балалар мектеп қабырғасында жазу, оқу, есептеу үйрену кезінде көптеген қиындыққа тап болады. Олардың айналадағы кеңістікке деген көзқарасы өзгеше. Сондықтан көру, түсіну, қабылдау, ойда сақтау, салыстыру қабілеттері қиындаққа тіреледі.

1.Күрделі жазылатын әріптерді ойда сақтамауы баяу оқуға әкеледі.

  1. Ұқсас әріптерді , цифрларды ажырата алмауы, артық элементтерді жазуға немесе толық жазбауға соқтырады.
  2. Геометриялық фигуралардың ұқсастығын таба алмауы;
  3. Заттың көшірмесін жасай алмауы;
  4. Әріптерді қалыпты түрде жаза алмауы немесе кез келген жаққа қисайтып жазуы;
  5. Жазу жылдамдығы өте төмен , баяу болады, бұл кезде мұғалім тез жазуға үйрету үшін оларды асықтырады. Бала жазуға үлгермеген соң ойы бөлініп, ұзақ үзіліс жасайды. Көп қате кетіріп, оқу қабілеті төмендейді.

Солақай балалардың даму ерекшелігін анықтау үшін баланың барлық болмысын зерттеп тексеру қажет. Қазіргі таңда жаңа психология тарабында «ПЛА» жеке терминді қолданады. П – оң жақ функция басымдылығы, Л – сол жақ функция, А – осы екі функциялардың теңдігі. ПЛА солақайлықты анықтау үшін үш топтап тұратын арнайы методика шығарған. Осы топтардан 27 жеке профилі анықталып белгіленген.  Мектептегі қиындықты байқай келе ата-аналар, мұғалімдер баланы оң қолмен жазуға мәжбүр етеді. Бірақ бұлай жасау дұрыс емес. Бұның барлығы орталық жүйке тамырлар жүйесімен байланысты.  Бұның соңы баланың сөйлеуіне, оқуына әсер етеді. Соның салдарына тұтықпа пайда болады. Жиі-жиі басы ауырып, әлсіздік, мазасыздық , қорқыныш пайда болады, жүйке жүйесіне (еріксіз көзі, аузы, бетінің қимылдауына), зәрін ұстай алмауына әкеп соғады. Сондықтан баланың бойындағы табиғи бітімді өзгерту дұрыс емес. Ол әрқашан кері әсер береді.

2.2. Әйгілі солақайлар

Бір қызығы, дарындылардың дені солақайлар арасынан шығатын көрінеді. Себебі, психологтардың пайымдауынша, олардың шығармашылық потенциалы мықты болады екен. Яғни, оңқайларға қарағанда солақайлардың шығармашылық жұмысқа аса қабілетті болатынындығын айтады. Тарихқа аздап шегініс жасасақ, есімдері жалпақ әлемге танымал мынадай адамдар аз емес. Олар әйгілі солақайлар Аристотель, Гай Юлий Цезарь, Наполеон Бонапарт, А.С.Пушкин, Лев Толстой, Чарли Чаплин, Том Круз, Николь Кидман, Брюс Уиллис,  Леонардо да Винчи, Исаак Ньютон, Марк Твен, Елизавета патшайым, сондай-ақ Американың үш президенті Джордж Буш (үлкені), Билл Клинтон, Барак Обама,  әлемнің ең бай адамының бірі Билл Гейтс, киножұлдыздар Мерлин Монро, Сильвестр Сталоне, Том Круз  сынды тұлғалар аз емес. Мұндай таланттылар қазақ халқында да жетерлік. Атап айтсақ, ұлтымыздың біртуар азаматы, сазгер-күйші Нұрғиса Тілендиев  домбыраны сол қолымен  тартқан.

  1. Эксперимент

3.1. Солақай балалардың даму ерекшелігін зерттеу нәтижесі

Осы әйгілі адамдардың көбі солақай екендігі мені таңғалдырып, мен Көкпекті орта мектебі және Ж. Шайжүнісов атындағы орта мектептің бастауыш сыныптарында қанша солақай балалар бар және олардың оқу үлгерімі қалай екендігі туралы төмендегідей диагностика жұмысын жүргіздім:

1-сыныптарда 12 солақай, оның 10-ы оқу озаты;

2-сыныптарда 7 солақай, оның 5-уі оқу озаты;

3-сыныптарда 13 солақай, оның 12-сі оқу озаты;

4-сыныптарда 12 солақай, оның 11-і оқу озаты.

Бастауыш сыныптарда барлығы 44 солақай балалар, оның 38-і оқу озаттары екенін анықтадым. Яғни, келешекте осы солақай балалардан әйгілі, атақты азаматтар шығады деген болжамға келдім.

3.2. Оңақай және солақай балалардың қызығушылықтарын салыстыру жұмысы.

Жетекшім – Хамида Оралбекқызының айтуымен мен зерттеу жұмысына бірнеше адамдарды қатыстырдым.  Нәтиже төмендегідей.

Қызығушылық түрі Солақай

4 адам

Оңақай

4 адам

1 Құрастыру мен модельдеу 2 3
2 Сурет салу 2 2
3 Көркем еңбек: жапсырма, көлемді құрал жасау 2 2
4 Музыка 4 2
5 Спорт 2 4
6 Механикалық заттарды жөндеу, қызығу 1 3
7 Шығармашылық қызмет (өз ойынан ойлап шығару) 3 2
8 Оқу (оқу құралдарын көп оқу) 4 2
9 Ауызша сөйлеуге қызығушылық (мазмұнын айту, жатқа айту, рольдерді сомдау) 4 2
10 Және тағы басқа… Топтастыру – 1

Осы берілген таблицаға қарап солақай және оңақай балалардың қызығушылықтарының әртүрлі болатындығын байқадым.

3.3. Солақайлылықтың пайда болу түріне байланысты зерттеу жұмысы.

Жұмысымның басында берілген мәліметтер бойынша солақайлылықтың пайда болуының 4 түрі бар. Олар:

  1. Тұқымқуалаушылық;
  2. Әйел адамның кеш босануынан болатын солақайлылылық;
  3. Жүре пайда болған солақайлылық (оң қолын жарақаттап алуына байланысты);
  4. Еліктеумен пайда болған солақайлылық.

Көкпекті орта мектебі мен Ж.Шәйжүнісов атындағы орта мектептердің бастауыш сыныптары бойынша жалпы 44 солақай оқушы бар. Осы 44 оқушының солақайлылығының пайда болу себебін анықтап көрдім. Ол үшін осы оқушылардың сынып жетекшілерімен кеңестім. Жетекшім мен сынып жетекшілер ата-аналармен кеңес жүргізді. Ал мен оқушылармен әңгімелесіп, солақайлылықтарының пайда болуын анықтауға байланысты сауал жүргіздім.  Зерттеу қорытындысы төмендегідей:

  1. Тұқымқуалаушылықтан пайда болған солақайлылық – 36 оқушы;
  2. Әйел адамның кеш босануынан пайда болған солақайлылық – 1 оқушы;
  3. Жүре пайда болған солақайлылық (оң қолын жарақаттауына байланысты) – 5 оқушы;
  4. Еліктеумен пайда болған солақайлылық – 2 оқушы.

Хамида Оралбекқызының көмегімен солақайлылықтың пайда болуына байланысты оқушылардың пайыздық көрсеткіштерін анықтадым.

Бұл зерттеуден  солақайлылықтың көбінесе тұқымқуалаушылықтан болатындығын анықтадым.

Қорытынды

         Біріншіден, балаға солақайлықтың ауру емес, табиғи өзгеріс  екенін түсіндіру қажет. Мұндайлардың көптігін және керісінше, солақайлардың білімді де дарынды келетінін ұғындырған жөн. Өкінішке орай, мектептерде солақай балаларға арналған оқу- әдістемелік құралдары, оқу және еңбек құрал-жабдықтары жоқпен тең. Сондықтан, солақай балалар қиындыққа қарамай оң қолды балалармен оқу жүйесін меңгеріп келеді. Осындай балалардың мектепте оқуын жеңілдету үшін мына ұсыныстарды ұсынамын:

  1. Солақай балаларға өзінің оқу орнын сайлап алуына мүмкіндік беру;
  2. Солақай балалардан оң жаққа қисайтып жазуды талап етпеу;
  3. Қаламды үзбей жазуды талап етпеу;
  4. Арнайы жаттығулар жасатып, ұстамдылыққа, қимылын тежеуге үйрету;
  5. Солақай балалардың ата-аналарына баласының даму ерекшелігін түсіндіріп, психологиялық, физиологиялық тұрғыда баласының денсаулығын сақтау жөнінде жұмыс жасау.

Өз басыма келетін болсам, оларға қамқор болып әрқашанда қуаныш сыйлауға ат салысамын. Таяуда дүкендерден солақай балалардың ойларын дамытуға арналған дәптерлер, көркем жазу дәптерлер, еңбек сабағына арналған құрал-жабдықтарды көрдім.

Әр жылдың 13 тамызында солақайлардың халықаралық күні. Өткен жылы осы күні  теледидардан барлық теледидар көрермендерін солақайларға арналған мереке күнімен құттықтады. Әр жылдың 13 тамызы оларға ерекше күн деп білемін! Сондықтан, осындай ерекшелігі бар балаларға қолдау көрсетейік, ағайын!

You May Also Like

Қарағанды-менің туған өлкем ғылыми жоба

Тақырыбы:Қарағанды-менің туған өлкем Кіріспе Мен Қарағанды облысы сұрыптау бекетінде дүниеге келдім.Қарағандыдай әсем…

Н.Назарбаев ұлы даланың жеті қыры мақаласы 2018 ж., ғылыми жоба

                                    АННОТАЦИЯ. Бұл мақалада ел тарихының айшықты қырлары мен оны түгендеп, терең…

Қобызшы Молықбай және оның ұрпағы, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Қобызшы Молықбай және оның ұрпағы» Орындаған: Омирзакова А.…

Cүт және сүт өнімдерінің пайдасы, ғылыми жоба

«Cүт және сүт өнімдерінің пайдасы»                                    Пікір Ол өз жұмысында сүт және…