1.Кіріспе

 Музыка әлемі түрлі ғажайыптарға толы, өзіндік ерекшеліктері мен қызығарлық дүниелерден тұрады. Соның ішінде әсем үнімен, көркем бейнесімен  әр адамның музыкаға деген құштарлығын ашатын аспаптардың бірі-фортепиано. Итальян тілінен  «fortepіano» сөзін аударғанда, «forte» — қатты және «pіano» — ақырын деген мағынаны білдіреді. Ішекті соқпалы-клавишті рояль мен пианино музыкалық аспабының жалпы атауы. Фортепианоның алғашқы үлгісін Италияда Б.Кристофори 1709 — 1711 ж. жасап шығарды. Фортепиано екі түрге бөлінеді  «рояль» және «пианино» . Осы заманғы клавишті механикасы бар рояльды 19 ғасырдың басында С.Эрар Парижде ойлап тапқан. Фортепианоның екі педалі болады, ол дыбысты қатты немесе жайлап шығару үшін қолданылады; дыбыс көлемі 8 октава. Фортепианоның дыбыс шығаратын соқпалы балғашықтары мен ішектері сырт кескіні құстың қанатындай сандық ішіне орналастырылады. Фортепианоның ұзындығы 150-ден 270 см-ге дейін, ал ені 150 см-ге дейін жетеді.

2.Жобаның өзектілігі

21 ғасырда музыка жан-жақты дамуда.Оған себеп,қазіргі жастардың әртүрлі жанрдағы әндерді фортепиано аспабында орындау арқылы өзінің өнерін көрсете алуы.Сол себепті «Forte & Piano» музыка орталығы жастарға фортепиано аспабын жетік меңгеруге көмектеседі және жан-жақты дамытады.

3.Жобаның мақсаты

  • Музыкалық қабілетті жетілдіру.
  • Фортепиано аспабын үйреніп қана қоймай, сабақты өнімді әрі пайдалы өткізу.
  • Фортепиано аспабы арқылы шәкірттердің рухани және музыкалық есту қабілетін дамытуға,белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыруға жәрдемдесу.

4.Жобаның міндеттері

   Білім беру: Фортепиано аспабының техникасын меңгеру, теория арқылы музыкалық терминдер қорын байыту;

   Дамыта оқыту: Білім алушылардың фортепиано аспабында ойнау заңдылықтарымен таныстыру,соның ішінде отыру мәнері,қолды дұрыс ұстау техникасы,эмоциямен жұмыс жасау;

   Тәрбиелік: Жаттығуларды өз бетінше орындау арқылы ұйымдастырушылық қабілеттерін тәрбиелеу және дамыту;

  1. Жобаға қатысушылар: балалар, жасөспірімдер, ересектер.

    6.Жобаны іске асыру мерзімі: 2023-2024 жылдар аралығында

7.Жобаның іске асырудың
кезеңдік жоспары: 

  • 1 Кезең – Жоспарлау;
  • 2 Кезең – Дайындық;
  • 3 Кезең – Практикалық; 
  • 4 Кезең – Қорытынды. 

Бірінші кезең – жоспарлау:

 

А) Заманауи  талаптарға сай дәрісхана;

Б) Дәрісханада орналасатын құрал-жабдықтар мен жиһазды  дайындау;

В) Акустикалық және электронды фортепианоларды сатып алып, орналастыру;

Г) Әлеуметтік желілерге  жарнама жіберу;

Д) «Forte & Piano» музыка орталығының маңдайшасын дайындау;

Е) «Forte & Piano» музыка орталығының ашылуын өткізу.

Екінші кезең – Дайындық :

 

Осы жоба аясында дәрісхана толық жабдықталған. Бұл орталыққа балалар, жасөспірімдер және ересек адамдар келіп, қатыса алады.  

«Forte & Piano» музыка орталығында әр жасқа сай жеке жұмыс бағдарламалары жасалынады.

Жас ерекшеліктеріне қарай топ мүшелеріне іріктеу өткізіледі және оқу процесінің кестесі құрылады.

Іріктеу талаптары:

Музыка орталығына келетін үміткерлердің есту қабілеті, 

Музыкалық деңгейі мен ырғақты сезінуі,

Аспапта ойнау икемділігі мен шыдамдылық, 

Музыкаға деген құштарлығы мен қызығушылығының болуы.

Ушінші кезең – Практикалық:

«Forte & Piano» музыка орталығының әрбір топ жұмыс уақыты 1 сағат көлеміне шақталған.Балалар тобына аптасына 2 рет дүйсенбі және сәрсенбі күндері, жасөспірімдер тобына 2 рет сейсенбі және жұма күндері, ересектер тобына 2 рет- бейсенбі және сенбі күндері сабақ өткізіледі. 

Фортепиано сабағы  бойынша өткізу кезінде сөздік (түсіндіру, әңгімелесу), көрнекі (Презентацияларды көрсету, иллюстрация әдісі), практикалық (техникалық жаттығулар) әдістер қолданылады.

Жобаны жүзеге асырудың бір тәсілі – әр топтың белсенді мүшелерін әртүрлі деңгейдегі музыкалық (Облыстық, Республикалық, Халықаралық ) байқауларға қатыстыру.

Төртінші кезең – Қорытынды:

 

Әр жарты жыл сайын қорытынды мерекелік концерт ұйымдастыру арқылы нәтижелерін айқындау.

Дайындық кезені:

1)Үлкен концерттік зал тауып келсім шартқа отыру;

2) Салтанат залын безендіріп дайындау;

3)Жүргізушілерді тағайындау;

4)Марапаттау қағаздарын шығару;

5)Шақыру билеттерді дайындап, тарату (отбасы,достары,туыстары);

Қорытынды  кезеңі:

Салтанатты концертті биік деңгейде өткізу.

 

You May Also Like

Компьютерлік мультфильмнің жасалу жолдары, ғылыми жоба

Гидразин туындыларының ағзаның гематологиялық және цитогенетикалық көрсеткіштеріне әсері, ғылыми жоба

ҒЫЛЫМИ ЖОБА Тақырыбы: Гидразин туындыларының ағзаның гематологиялық және цитогенетикалық көрсеткіштеріне әсері   МАЗМҰНЫ …

Қаламның ғажайып әлемі, ғылыми жоба слайд

Компьютерная зависимость современных школьников: причины и последствия, научный проект

Компьютерная зависимость современных школьников: причины и последствия Аннотация В данной исследовательской работе…