Жоба тақырыбы:

«Сүлік- сиқырлы емші»

Мақсаты: емдік қасиеттерімен аты аңызға айналған «әулие құрт» -медициналық сүлікті зерттей отырып емдік ерекшеліктерін тиімді пайдалану және насихаттау.

Міндеттері: медициналық сүліктің дұрыс пайдалану ерекшелігінің құпия сырларын дәлелдеу арқылы сүліктің адам өміріндегі маңыздылығын көрсету.

Зерттеу өзектілігі:

Адам денсаулығын қорғауда, ауруды емдеу мен күресуде-медицина ғылымы ерекше орын алады. Соның ішінде халық медицинасының орны ерекше. Адамдар ерте кезден бастап, табиғаттан іртүрлі ауруларға ем іздеген.

Халық медицинасында жан-жануарларды, суды, топырақты да емге пайдаланады. Табиғатта бостан-босқа ештеңе жаралмайды. Медициналық сүлікті де медицинада әртүрлі ауруларды емдеу үшін пайдаланады.

Зерттеу жұмысының негізгі болжамы:

Медициналық сүліктің емдік ерекшелігін пайдалану арқылы көптеген аурулардың алдын алуға болады.

Зерттеу жұмысының әдістемесі:

  • Ғылыми – әдебиеттерге шолу жасау;
  • Тәжірибелер жүргізу;
  • Оқушылар арасында сауалнамалар жүргізу.

Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі:

– медициналық сүліктің емдік ерекшеліктеріне жан-жақты сипаттама берілді.

– медициналық сүліктің емдік қасиеттерінің тиімді пайдаланудың жолдары көрсетілді.

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні:

ғылыми – әдебиеттерге шолу жасау арқылы жан – жақты зерттеу және емдік ерекшеліктерін көрсету жұмыстың теориялық мәні болып табылады.

Зерттеу әдісі:

Статистикалық мәліметтер, сауалнамалар, талдау, іздену.

К і р і с п е

Халқымыздың баяғыдан келе жатқан сөз саптауларында «сүліктей сұлу», «сүліктей жұтынған», «сүліктей қаракөк немесе сүлікқара», «сүліктей сорды», «сүліктей жылтыр» дейтін ауыспалы мағынадағы тіркестер кездеседі. Сүліктің жып-жылтыр, мөлдіреген, қара түсті көркем бейнелері көз алдымызға келе қалады және оның өте жабысқақ екенін, қадалған жерінен қан алмай қоймайтынын да нақты көрсетеді емес пе?! Олай болса ерте заманда-ақ көпшілік қауым сүліктің сыр-сипатын, ерекшеліктерін жақсы тани білгендігіне күмәнім жоқ. Ал бүгінде біз сүлік жайлы не білеміз?

Сүлікпен емдеу ежелден бар әдіс. . Сүлік медицинада 30 ғасырдан астам қолданылып келеді. Египет фараондарының медициналық сүліктерді қалай салғанын елестету қиын-ақ, дегенмен фараондар қабірі қабырғаларынан осындай емдердің болғанын растайтын жазулар табылғаны ақиқат. Тағы бір тарихи деректі алға тартып көрелік. Үндістанның көп қолды Дханвантари емші Құдайының бір қолында сүліктің суреті болса, бір қолында шөптің суреті бейнеленген екен. Демек, сүліктің көне заманнан бастап емдік қасиеті болғанына бұлар бірден-бір дәлел емес пе?! Сүлікпен емдеу тарихында өрлеулер де, құлдыраулар да болды. Емдеудің бұл тәсілінің өркендеген кезеңі деп ХVІІІ–ХІХ ғасырларды айтуға болады. Сол кезеңде оларды көптеген ауруларды емдеу және аурудың алдын алу үшін, организмді тазалау мен жасарту үшін қолданғаны белгілі.

Тері бетіне жабысып алып, қан соратын сүлікті көргенде денеміздің түршігетіні рас. Алайда медицина саласында осы бір жәндіктің пайдасы зор екенінен хабарым бар .

                 Сүлік – бұл денсаулықтың сұлулық пен жастықтың биофабрикасы.

Негізгі бөлім

2.1 Сүліктердің түрлері

Сүлік (Hirudinea) – буыл-тық құрттар типінің бір класы. Сүліктердің табиғатта кең тараған 3 отряды, 5 тұқым-дасқа бірігетін 400-ден астам түрі мәлім. Олар теңіз-дерде, тұщы суларда және топырақта өмір сүреді. Еркін қозғалатын жыртқыштардың, жануарлардың қанын қорек етеді. Сол себепті сүліктерді эктопаразиттер деп те атайды. Денесінің ұзындығы – 0,2-20 сантиметр, бас және аналь бөлімдері жоқ, денесі 33 сегменттен түзілген, олардың ал-
дыңғы төртеуі қосылып алдыңғы сорғышты, артқы жетеуі артқы сорғышты құрайды.

2.1.3 Сүлік сілекейінің емдік қасиеті

Медициналық сүлік тұщы суда тіршілік етеді. Ұзындығы 8-12 сантиметр болады. Оның сілекейінде гирудин және гиалуронидаза деген заттар бар. Гирудин қанның ұюына кедергі келтіреді, гиалуронидаза дене талшықтарында зат алмасу процесіне әсер етеді. Гирудиннен дәрі-дәрмектер жасалады.

Зерттеушілердің айтуынша, сүліктің сілекейі қабыну процесіне қарсы күресу, иммундық жүйені қоздыру, қан тамырларының склероздық процесін азайту, қан ұю үрдісін болдырмау және ұйыған қанның түйіршіктерін езу қасиеттеріне ие. Ғалымдар сүліктің сілекейінен дестабилаза деген фермент жасалып шығатынын анықтап отыр. Бұл фермент фибриндік қоюланған заттарды жою дәрежесіне жеткізе алады. Сүліктің сілекейіндегі осындай қа-
сиеттерді анықтаған дәрігерлер оны адам қанын азайту-ға және қанды ұйымайтын жағдайға жеткізу үшін пайдаланып келеді.

Сүлікпен емдеу қолданылады

  1. герентологияда
  2. офтальмологияда
  3. гинекологияда
  4.  урологияда
  5.  хирургияда
  6. неврологияда
  7. дерматологияда
  8. кардиологияда

1.8«Әулие құрт» туралы аңыз

Медициналық сүліктің арқасында өрнегі бар. Сол жөнінде мынандай аңыз әңгіме бар: «Ертеде Сүлеймен пайғамбар (ғ.с.) алыс сапардан шаршап, шалдығып, аяғы ісіп келе жатқанында бір көлшіктің басына келіп тоқтайды. Сол жерде ол ісіп кеткен аяғын суға салып, демалып отырғанында қалғып кетеді.

Бір кезде пайғамдар оянып, басын көтерсе, шаршағаны басылып, аяғының ісігі жазылғанын көреді. Тек аяғының астында майда құрттар жатыр екен. Пайғамбар риза болып, арқасынан сипағанда, олардың үстіне төрт саусағының іздері түсіп қалады. Қазақтар осы аңыз әңгімеге сәйкес медициналық сүліктерді «Әулие құрттар» деп атаған.

Яғни, біздің ата-бабаларымыздың түсінігінше, медициналық сүліктер су патшасы Сүлейменнің (ғ.с.) әулие құрты.

60 минут ішінде науқастың артық арам қанын сорып, ісінеді. Қанға тойған сүлік өз бетінше түспесе немесе алып тастау қажет болса, сүлік жабысып тұрған жерге тұзды, ащы су құяды. Сонда ол сылқ етіп түсіп қалады.

Денеге жабысқан сүліктің қан соруы бәсеңсісе, үстіне жылы су жағады, сол кезде оның қимылы қайтадан күшейеді.

Сүлік сорған жерге таза стерильденген сулық (салфетка) салады, оның үстіне мақтаны көп салып, орап тастайды. Сүлік тістеген жер 6 сағаттан 24 сағатқа дейін қансырап тұрады да, осы уақыт ішінде қан тоқтамаса, қанды перманганат калий ерітіндісімен тоқтатады. Әйтпесе, басып, қысып тұратын шүберек салады, қатты орап қояды. Сүлік тістеген теріні Н2 О2 ерітіндісімен немесе йод ерітіндісімен сүртеді. Бұл жер 2-3 күннің ішінде жазылып кетеді.

Теріге сүлікті дұрыс салмаса, басқа қосымша аурудың пайда болуына жол ашады. Яғни, мұндай жағдайда тері қабынады, іріңдейді, сол жерде ісік пайда болады.

Сүлік салған жерден қан кету тоқтасымен 3% сутегі тотығы ерітіндісіне малынған залалсыздандырылған дәке-мен 2-3 күнге байлап қояды.

2.1.9 Қазақстанда сүлік салу

Ресейде бір сүліктің емі 5-10 доллар тұрса, ол Еуропада – 10-15 доллар, Америкада 20 долларға дейін, Қазақстанда небәрі 2-3 доллар ғана. Қазір республикамызда сүлік салумен айналысатын медициналық орталықтар бар.

Алайда бүгінгі таңда Қазақстанда сүлік салумен айналысатын меди­циналық орталықтардың саны артып келеді. Солардың бірі –ШҚО,Зайсан қаласында орналасқан «САПА» Медициналық Орталығының дәрігер хирургымен кездесіп, әңгімелесудің сәті түскен еді. Әңгімелесу барысында Бас хирург  Кошпанов Бітімхан Кошпанович   инемен емдеу, суджок, балшықпен, шөппен, арамен емдеу секілді

дәстүрлі емес медицинаға енді сүлік те етене араласып, науқастың сауығуына тікелей ықпал тигізе алатындығын айтып, оны іс жүзінде де көрсетті.

«Күніне қанша ауруды қабылдайсыз, сүліктің бағасы қанша?» деген сұрақтарыма хирург Б.Кошпанов былай жауап берді: күніне 15-20 адам ем алады, бір сүліктің бағасы- 700 теңге. Сүлікті арнайы Алматыдан алдыртамыз (500-1000 шт.)

Практикалық кезең

Сұхбат барысында хирург дәрігер сүлікпен емдеудің бірнеше факторларын айтып берді.

факторлары

  1. Рефлекторлы терапия
  2. Механикалық әсері-ағзаның қан айналу процесін дұрыстайды.
  3. Биологиялық әсері.
 №     Мерзімі Ауру белгісі Салатын орын Сүлік салу ұзақтығы Нәтиже
1 21.09.2018жыл Буын ауруы, аяқ ісінуі, ауырлық, жүрудің қиындауы Тізе буынынан төмен 45-50минут Тізе қақсауының

6 айға жоғалуы

2 17.12.2018жыл Вена тамырының кеңеюі, тізе қақсауы Тізе арты, буыннан төмен 30-35минут Жеңілдік

Түнде аяқ қақсауының жойылуы ісінудің жойылуы

 

Қорытынды бөлім

 Адамдар медициналық сүлікпен емделуді мыңдаған ғасырлар бұрын пайдаланған,   медициналық сүлікпен емдеу өте ертеден келе жатқан денсаулық сақтау әдісі, бұл әдіс денсаулық үшін зиянсыз әрі өте тиімді әдістердің қатарына жатады. Гирудотерапияны тек қана халық медицинасында ғана емес, жекелей медицинада да қолданады.Қазіргі таңда гирудотерапевт мамандар еліміздің түкпір-түкпірінде осы сала бойынша еңбек етіп жатыр. Бұрын дүниежүзі бойынша гирудотерапевт маманы болмаған, ең алғаш 2003 жылы Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен елімізде гирудотерапевт маманы тіркелген. Дүниежүзі бойынша, ең алдымен, біздің еліміздің сүлік емін түсініп, оны ем ретінде қолдануға деген ұмтылысы біздің еліміз үшін үлкен жетістік болды. Ресей, Германия, Франция мемлекеттері бізден кейін ғана бұл салаға бет бұра бастады. Медициналық сүлік-дәрілік препарат ретінде Ресей Федерациясының Реестріне тіркелген. Сүлік пайдалы үш қасиеті арқылы барлық ауру түрлеріне ем ретінде қолданылады. Сүлік – ерте заманнан келе жатқан ем.

Зерттеу барысында емделіп жатқан пациенттерді суретке түсіріп. ауру тарихтарымен таныстым.  2-3 сеанс қабылдағаннан кейін емделушілердің жағдайы дұрысталып, көңіл-күйлері жақсарып, аурулары бәсеңсіп жазыла бастайды.Осы клиникадағы зерттеу жұмыстарын қорытындылай келе медициналық сүліктің адам ағзасына тигізетін әсері кешенді түрде табиғи өнім екендігіне көз жеткіздім.

Медициналық сүлік- адам ауруын емдеуге таптырмайтын зиянсыз препарат, сұлулықтың бастауы, семіздікті жою және арықтату үшін қолданылады, денсаулықты нығайту үшін таптырмайтын ем, табиғи өнім, кешенді түрде пайдалануға жарамды өнім, өте арзан қолжетімді препарат, денсаулыққа жағымсыз әсері жоқ адам ағзасын жасартатын препарат, денсаулық кепілі.

Менің ұсынысым:

Мен өзімнің «Сүлік-сиқырлы емші» тақырыбындағы ғылыми жобаны қорғай отырып, бүгінгі таңда медицина саласына айтар үлкен ұсынысым бар.

Медицина гирудотерапия саласынды гирудотерапевт мамандар халқымызды сүлікпен емдеуді тоқтаусыз жалғастыруда.Осы мамандықты игере отырып, «сүлік салу, сүліктің адам ағзасына зияны жоқ, халық медицинасы » туралы деректерді іс жүзінде жүзеге асырамын. Қазіргі таңда қаржыны талап ететін орталықтар көп. Бірақ оған денсаулығы да нашар, ақшасы жоқ адамдар емделе алмайды. Осы менің  жүрегіме түрлі ой салады.

Мен «Гирудо» медициналық орталық ашып, онда барлық адамдарға ақысыз қызмет атқарамын. Орталықтың ерекшелігі «сүлікпен сауығыңыз» деген айдарымен бөлімі адамдарды сүлік салу арқылы ақысыз ем жүргізеді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2050

бір мүдде, бір болашақ, бір мақсат» атты Қазақстан

Республикасының халқына жолдауында да медицина

саласын көтеру, Қазақстан Республикасында білікті

мамандар керек екенін басым айтты. «Медицина» деген

сөзбен бірге халық, адам, жеке тұлға деген ұғым егіз келеді.

Әрбір дені сау адам – қоғам байлығы. Еліміздегі қоғам

байлығы адамдарды сақтап қалу үшін білікті маман,

медицина саласындағы әр түрлі құпияларды жетік

меңгеруді әрбір дәрігер «басты парызым» деп білуі

керек.Мен Гиппократ антын қабылдап, ел алдында үстіме

киген ақ халатымдай парасатымды пайымдап, ақ,

адал қызмет атқаратын боламын.

Сүлікпен тегін емдеу орталығы жұмыс

атқарса, халық тұрмыс-тіршілігіне қосқан

өз үлесім деп білемін.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақ энциклдопедиясы 8 том
  2. «Қазақстандағы жануарлар әлемі». Алматыкітап. 2003.
  3. 3. «Биология және салауаттылық негізі» журнал. №4.2013.
  4. 4. Н.Башкитцева. Лечимся пиявками. Санк-Петербург издательство «Крылов» 2008

5.К.Дәуітбаева. Омыртқасыздар зоологиясы.2004

  1. 6. Б.Карменова. «Омыртқасыздар зоологиясының зертханалық жұмыстары» Оқу құралы. Өскемен. 2011

7.Т.Павлова. «Пиявка лечит все: и душу, и тело»  2009 г

 

You May Also Like

Қазақстандағы ұйғыр әдебиетінің Тәуелсіздік кезеңіндегі өзгерістері мен жетістіктері, ғылыми жоба

Тақырыбы:                 «Қазақстандағы ұйғыр әдебиетінің Тәуелсіздік кезеңіндегі өзгерістері мен жетістіктері» «Қазақстандағы ұйғыр…

Ең үздік ғылыми жоба «Ұрпаққа дарыған баба қасиеті»

Ең үздік ғылыми жоба «Ұрпаққа дарыған баба қасиеті»  Орындаған: Асылханова Айбибі Ұрпаққа…

Шуда жүнінің емдік қасиеті, ғылыми жоба

Мазмұны Кіріспе Түйе малының ерекшелігі Негізгі бөлім. 1 Шуда жүнінің қасиеті 2.Шуда…

Анимация, Ғылыми жоба

Аннотация  Бұл ғылыми жобада компьютерлік анимация туралы айтамын. Анимация туралы түсінік, анимация…