Тігін шеберханасы

Жоспары

Жобаны ұсынушы: Рашит Айнаш Әлібекқызы
Тігін шеберханасының (жобаның)  мақсаты: -тапсырыс бойынша киім тігу

-киімдерді жөндеу

-өлшемдері стандартты емес адамдарға арнап тапсырысқа киім үлгілерін тігу

-қыз жасауларын тігу және тағыда басқа жұмыстармен айналысу

Өнімді/қызметті тұтынушылар: Қызылорда облысының жергілікті тұрғындары
Тігін шеберханасын(материалдық) базасы: -арнайы тігінші мамандығын бітірген мамандар жұмыс жасайды

– Швейная машина JANOME тігін машинасы

– Швейный оверлок Jaguar M-714D

-керекті құрал жабдықтармен толық қамтамасыз етіледі

 

 

Жобаның сипаттамасы

Қазіргі кезде жастар шағын бизнес ашу туралы көп ойлануда. Себебі, шығын бизнес ашу арқылы жастарға қолдау көрсетіп жатқан түрлі бағдарламалардың иегері атанғысы келеді. Осындай қолдауларды пайдалана отырып менде өзімнің тігін шеберханамды ашқым келеді.

Жобаның артықшылығы

  1. Қазіргі таңда көптеген адамдар сәнді киінгісі келетіні мәлім. Кейбіреулері киім дүкендерінен кейінгілері келмейді, себебі оларда барлығына ұқсағым келмейді деген ой болады. Сол үшін олар өз ойындағы сапалы киімді кию үшін менің тігін шеберханамның көмегіне жүгінетін болады.
  2. Көп жағдайда адамдар өзіне ұнайтын сапалы әрі әдемі киімін лақтыруға қимайды. Сол үшін ең қажет ететін жұмыс  киім жөндеу. Яғни түйме немесе басқа да бұзылған, сөгілген жерлерін қайта қалпына келтіру жұмыстары менің шеберханамда болады.
  3. Көп тігін шеберханаларда өлшемдері стандартты емес адамдарға киім тікпейді. Менің шеберханамда халықтың қалтасы көтеретін, сапасы таңдай қақтыратын өлшемдері стандартты емес адамдарға қызмет ететін болады.
  4. Қазіргі таңда сұранысқа ие тауарларды (қыз жасауларын, ) уақытылы әлі сапалы тігетін боламыз.
  5. Театрда өнер көрсететін актриса, актерлерге және үлкен сахнада өнер көрсететін әншілерге арнайылап киім тігуге тапсырыс қабылдайтын боламыз. 

Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:

жаңа жұмыс орындарын құру, бұл жұмысшылардың тұрақты пайда табуына мүмкіндік береді;

-экологиялық таза өнім өндіру;

Өнімдерге сипаттама /қысқаша/

Көрпе – дүрия,  батсайы, торғын, шағи, шәлі, жібек, сәтен, атлас т.б матадан жасалып, сырты кестеленеді. Тұтыну қажетіне қарай қалың, жұқа, үлкен, кіші етіп жасаса, дәулетіне сай арзан, қымбат материалдан дайындайды, соған сай бала көрпе, шәлі көрпе, төсеніш көрпе, жүн, қалың, атлас көрпе деген түрлері болады. Ал енді түрлі геометриялық пішіндегі мата қиындыларынан әшекей, өрнекпен құралып жасалған түрін құрақ көрпе деп аталады.

Жастық — адамның басына жастауға арналған үй бұйымы. Жастықтың ішіне көбінесе құстың мамығы салынып, сырты матамен тысталады. Оны «бидай шүберек» деп атайды. Бидай шүберектің сырты әртүрлі асыл матамен қапталады. Оны «жастық тыс деп атайды. Жастық тысын ауыстыруға қолайлы болу үшін түйме қадалады не бау тағылады. Құстың мамығынан жасалған жастықты «құс жастық» дейді. Жастық көбіне бір кісілік болады. Ал оның салт атқа мінгенде ер үстіне салынатын түрін  «көпшік» деп атайды.

Қыз жасауы –Қазіргі кезде қыздың жасауына оюлы, сырылған көрпелерді арнайы тапсырыспен тіккізеді. Әрбір ана осы көрпелердегі ою-өрнек арқылы өзінің сүйікті қызына жүрегінің бір бөлшегін бөліп бергендей еңбектенеді. Сонымен қатар, қолдың көрпесі дүкен көрпесінен жылығымен, ішіне салған салмасының жылжымай қапсырылып тігілуімен, ұзақ уақытта жарамдылығымен бағаланады.

Жасауға кіретін заттар:

9 көрпе: 6 жамылшы, 3 төр көрпе. Оның ішінде біреуі «махаббат көрпесі», бір төр көрпе «құдағи көрпесі» болып кетеді. Бәрін бірдей базар көрпе жасауға да болмайды, себебі «анасы қолдан жасатқан көрпесі» екен деген сөз өзіңе де сондай ыстық болады.

  • төсек-орын
  • 3 көрпе тыстары
  • 2 жастық
  • 2 кілем: біреуі қыстыратын, біреуі төсейтін есебінде жүреді
  • 9 қол орамал
  • терезе пердесі
  • төсек жабқыш
  • басқа тағатын орамал

Түрлі сахналық образдарға арналған киім тігетін боламыз

Тігін машиналары

Швейная машина JANOME Exact Quilt 60,             Швейный оверлок Jaguar M-714D                 

Қорытынды

Жоба жүзеге асырылған жағдайда 1 жұмыс орны ашылады. Жобаның әлеуметтік экономикалық маңызы зор.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Бет терісінің түлеуі дерттің белгісі ме?

Бет терісінің түлеуі тері ауруы немесе ағзадағы дерт белгісі болып табылады. Кей…

Мыс кендерін үйінді, жер астында сілтілеу әдістерімен кешенді өңдеу, дәріс жоспары

5 дәрістің Мыс кендерін үйінді, жер астында сілтілеу әдістерімен кешенді өңдеу Дәрістің…

ПРОЕКТ по переработке и утилизации шин

Количество автомобилей на дорогах Костанйской области постоянно увеличивается. В связи с этим…

Жануарлардың қора-жайларында көмірқышқыл газы мөлшерін анықтау

Зтс 5  Бақылау сұрақтары: 1көмір қышқыл газының үлесін анықтау  ЖАНУАРЛАР ҚОРА-ЖАЙЛАРЫНДА КӨМІРҚЫШҚЫЛ…