Аннотация 

Бұл ғылыми жобада компьютерлік анимация туралы айтамын. Анимация туралы түсінік, анимация түрлері, пайдасы мен зиянын, қазіргі замандағы анимацияның рөлі туралы жазылған жұмыс. Мақсат, өзектілігі, зерттеу салалары бәрі толық қаралған. Нақты айтатын жайт бұл анимация туралы компьютерді жетік меңгеруге шақырамын. ХХІ ғасыр заман талабы болғасын, АКТ құралдарын көбірек қолдану, жастардың біліктілігін арттыруға шақыру.

Зерттеудегі мақсатым:

Негізі компьютердің пайдасы көп болғанымен зиянында қаншалықты екенін білеміз. Сол сияқты анимацияның да пайдасы мен зиянын анықтап көрейін деп шештім. Мақсатым: анимация туралы толық түсінік беру және пайдасы мен зиянын сонымен қатар қолдану тәсілдерін көрсету.

Зерттеу өзектілігі:

Еліміз тәуелсіз мемлекет болғалы, көп нәрсенің өзгергенін байқаймыз. Қазір заман талабы компьютер бол,андықтан, біз тек алға ұмтылуымыз керек. Біз заман көшінен қалмай дамыған ел болуымыз керек. Дамыған ел болу үшін, білімді, тәжірибелі оқушылар керек. Болашақта компьютерді жетік меңгеруге жастарды шақыру.

Мазмұны:

  • Анимация туралы ақпарат
  • Анимация түрлері
  • Қазіргі заманда анимация рөлі
  • Анимацияның пайдасы мен зияны
  • Анимацияның қолданысын көрсету

Анимация туралы

Суреттерді қозғалыстағы суреттер түрінде көрсету әдісі. Дәстүрлі анимацияда, фильмдер суретке түсіру және көрсету қажет мөлдір целлулоид парақтарында қолмен боялған түрде көрсетіледі. Бүгінде көптеген анимациялар компьютерлік суреттер (CGI) арқылы жасалады. Компьютерлік анимация 3D анимациясы болуы мүмкін.

Анимация тарихы

Анимация (француз тілінен аударғанда  animation – «тірілу; жандану»). Анимация саласына алғашқы қадамдар ағайынды Льюмерлердің кинематографияны ойлап тапқанға дейін жасалған болатын. Тарихта алғаш рет суретке жан бітіріп, жүріп бара жатқан адамның бейнесін салған – бельгиялық физик Жозеф Плато.

Ал, австрялық профессор-геометр Симон Фон Штамфер және басқа да ғалымдар экранда қозғалмалы бейнелерді көрсету үшін айналмалы дисктер немесе сурет салынған ленталарды қолданып, фенакистископ және стробоскоп құрылғыларының пайда болуына себепші болды. Кейінен бұл құрылғылар суретпен байланыстырылып киноаппарат пайда болды.

Анимация түрлері:

  • Кадрлық анимация  -телевизиялық шоу, коммерциялық қосымшалар, компания логотиптері, фильмдер, бейнелер немесе ойындар үшін сандық кейіпкерлер жасауға болатын анимацияның негізгі түрлері
  • Дәстүрлі анимация – кейіпкерлерді алдын-ала дайындау үшін қолданылады. Бұл процесс өте қымбат болуы мүмкін және уақытты қажет етеді, себебі аниматорлар секундына 24 кадр жиілігінен бастап түрлі кадрлар жиынын жасауы керек.
  • 2D және 3D векторлы анимация. Ең көп қолданылатын анимациялық стиль. Оның кадрлары біркелкі жазық бетте жасалады.
  • 3D және 2D анимацияларын жасау үшін уақыт толығымен тапсырмаға байланысты. Тез дайындалатын бірнеше тапсырма бар, ал басқалары айтарлықтай инвестицияны қажет етеді. 

Рисуем мультфильмы деген приложениені телефонға Плеймаркет арқылы көшіріп алып, содан суреттерді таңдап неше түрлі анимациялар жасауға болады. Біз мұғалім екеуміз осы программамен «Жол дауы» деп аталатын қысқаметражды мультфильм жасадық. Екінші мультфильміміз де қысқаметражды. Оны біз «Ашу дұшпан-ақыл дос» деп атадық. Себебі, қанша ашулы болсаңда, жылы сөйлесу керектігі туралы айтқымыз келді. Үшінші SCRATCH бағдарламасымен жасадық. Ондада мейірімді қыз туралы. Қысқаша айтар болсам, кішкентай қыз адасып қалады. Оған мейірімді қыз жол көрсетуге ұсыныс жасайды. 

Анимацияның пайдасы:

  • Болашақ жастар компьютерді меңгергені
  • Балаларға мағыналы мультфильм жасауға болады.
  • Мультфильм жасап әр адам өз жағдайын жасап алуға болады

Анимация зияны:

  1. Адамдар компьютерде жұмыс жасау үшін белгілі бір қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.
  2. Сол ережені сақтамаған жағдайда, адам денсаулығына үлкен зиян келтіруі мүмкін.
  3. Қазіргі заманда баланың санасын улайтын қорқынышты анимациялық мультфильмдер шығып кетті. Ол да бір зиян болып табылады. 

Қорытынды:

Мен бұл ғылыми жұмысты зерттей келе түсінгенім, анимацияның бізге берері мол. Түрлі жанр-бағытта жұмыс істеуге болады. Менің анимация туралы айтқандарым өмірде көп қолдануға жарайды.  Анимация адам өмірін өзгертуі әбден мүмкін.  Бір жағынан мағыналы кино немесе мультфильм жасап, балаларға бір пайдамыз тисе, бір жағынан ақша табу мүмкіндігі бар. Ұсынысым: Анимация жасауды жастар көбірек үйреніп, болашаққа деген бағыттарын анық бңлңп, акт құралдарын  қолдана білсе екен.

You May Also Like

Физика тұрғысынан 3D форматының құпиясы, ғылыми жоба

ФИЗИКА ТҰРҒЫСЫНАН  3D – ФОРМАТЫНЫҢ ҚҰПИЯСЫ  Бағыты: Ғылыми –техникалық  прогресс –экономикалық  өсудің …

Адыраспан өсімдігінің емдік қасиеті, ғылыми жоба слайд

7- санының қасиеті, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «7- санының қасиеті» Орындаған: Сүлейменов Демеу Мазмұны Кіріспе.…

Ерлігімен елге танылған қазақ қыздары, ғылыми жоба