Тақырыбы:Қарағанды-менің туған өлкем

Кіріспе

Мен Қарағанды облысы сұрыптау бекетінде дүниеге келдім.Қарағандыдай әсем қалада дүниеге келгеніме және өсіп білім алып жатқаныма өте қатты қуанамын. Сондықтанда «Қарағанды- менің туған  өлкем» деп құшағымды  айқара ашамын мақтанамын .Былтыр туған өлкем  Қарағанды шаhарының қала мәртебесіне ие болғанына 80 жыл толды. Қарағанды көмір кенін пайдалану барысында пайда болған елді мекенге 1934 жылғы 10 ақпанда Бүкілресейлік Орталық Атқару комитеті Президиумының қаулысымен қала аты берілді. Төмендегі жазбаларда Қарағанды кен орнының ашылу тарихы, кенішті игеру барысында қаланың қарышты қадаммен дамуы, сөйтіп Қазақстанның ірі өнеркәсіпті, мәдени және ғылыми орталығына айналуы  баяндалады . Ертеден мәлім деректермен қатар архив қазынасынан, түрлі әдебиеттен келтірілген тың мәліметтер, сондай-ақ, тарихтан белгілі адамдардың беймәлім тағдыры да әңгімеге арқау болады.

Орталық  Қазақстандағы өндіріс орындарының  Ресейдің орталығынан қашықтығы, теміржолдың болмауы, білікті мамандардың жетіспеуі ғасыр соңына қарай осы кәсіпорындардың  құлдырауына әкеп соқты. Бұл жайдан Еуропа алпауыттары хабардар болатын. 1904 жылы Францияның бұрынғы президентінің ұлы Клод-Эрнест Жан Карно  Николай-ІІ патша сарайындағы тамыр-таныстығын пайдаланып, Қарағанды кенішін сатып алады.Ағылшын алпауыттары да кәсіпорын жұмысшыларын, әсіресе жалдамалы қазақтарды қатты қанайды. Ақысы төмен, ең ауыр жұмыстарға қазақтың тақыр кедейлері, жергілікті байлардан тығырық көрген еті тірі жігіттер қабылданады. Қазақ жұмысшыларының көрген күні адам айтқысыз болған. Маман ретінде сырт­тан келгендерге тәуір жалақы тө­ленсе, 12-14 сағаттық жұмыс үшін қазақтарға 70 тиыннан 1 сом 40 тиынға дейін ғана ақы төленеді. Қарағанды мен Спасск, Өспеннің жұмысшылары бірігіп, «Орыс-қазақ одағын» құрды. 1905 жылдың желтоқсанында Өспен руднигінде үлкен ереуіл өтеді. Оның басты ұйымдастырушылары П.Топорнин және Ә.Байшағыров тәрізді азаматтар болған. Ереуілшілер өз талаптарын хат жүзінде таратады, тіпті, олар жазған талап–петиция 1906 жылғы 5 қаңтарда «Сибирская жизнь» газетіне жарияланады (Петицияның мәтінін осы жолдардың авторы Мәскеуден сұратып,  1986 жылы жарыққа шыққан «Қарағанды. Қарағанды облысы» энциклопедиясында тұңғыш рет көшіріліп басылды). 

Мақсаты

Үлкен –кішінің сүйікті қаласы туған өлкем Қарағанды жайлы,қаланың тарихы,қазба байлықтары мәдени орындары туралы мәліметтер жинақтай  отырып туған қаламның  тарихын  терең  білу.

Негізгі бөлім:

Қарағандының ескі сүрлеу сыры

Қарағандының Оңтүстік-Шығыс елді мекенінен шығатын  айнадай асфальт жол  көз ұшынан мұнартып көрінетін –  Сораң, Ақбұйрат, Байдәулет тауына, Көкөзек өзені бойындағы Спасск зауытының  тарихи орнына  апарады. Біраздан кейін сол  жол­мен қабаттаса ұзыннан-ұзақ сұлап жатқан, әбден жерге шөгіп, шөп басып, көмескіленген топырақ үйіндісінкөресіз. Бұл да жол болған-ау деп қаласыз?! Жер бетінде айқұш-ұйқыш  қаншама жол бар. Бәрі де өмірдің өшпес әжімі тәрізді.  Тіршілік бар жерде жол қарымы қысқарған ба? Бірақ мына жолдың мәні басқа.  Бұл сонау 1908-1917 жылдар аралығында  Ескі Қарағанды басындағы «Карно» шахтасынан Спасск мыс қорыту зауытына дейін тартылған, ұзындығы 40 километр тар табанды темір жолдың ескі сүрлеуі. Спасск пен кеніш аралығында көмір, қорытылған мыс, басқа да жүктер таситын темір жолдың жылжымалы құрамы кішірек алты паровоздан, 95 платформа мен үш жабық вагоннан тұрған екен. Қазір Қарағандының ескі шахталарынан ештеңе қалған жоқ. Спасск зауытының жұрты да қалмаған. Ескі кеніштен көмірді қайталап қазған, ескі пештен терлеп-тепшіп мыс қорытқан  алғашқы қазақ пролетариатының еңбегінің белгісі осы ғана шығар…

Тарихтан мәлім, 19-ғасырдың орта тұсында Қарағанды, Сораң, Өспен мен Спасск, сол сияқты Байқоңыр көмірі мен Жезқазған кен орнын А.Ушаков, А.Рязанов, Т.Зотов сияқ­ты орыс өнеркәсіпшілерінің  меншігіне көшуі бір-бірімен қатарлас келеді, яғни 1847 жылдың шамасы болады, Қарағандыбасынан таскөмір табылғаннан соң, араға көп уақыт салмай орыс көпесі С.Попов Берікқара жайлауынан(қазіргі Қарқаралы ауданы жерінде) мыс және күміс-қорғасынның мол қорын «ашады». Ал, 1856 жылдың наурыз айында Петропавл көпесі аймақты жете зерттеп, байлықтың молдығына көз жеткізген соң, өндірісші көпестер Рязанов, Зотовтармен бірге Қарағандыбасында  көмір   табылған  тоқымдайжерді 250 сомға сатып алады.

Бұл өңірдің атадан балаға мирас етіп, иеленіп келе жатқан қожасы, тарихтан есімі жақсы танымал Игілік Өтепов болатын. Советтік құрылыс тұсында Игілік биге сол кездің көз­қарасы бойынша баға беріліп, оның үстем тап өкілі ретінде танылып келгені мәлім.

Алайда, өткендегі көзқарас өзгерген тұста Игілік Өтепов қазақтың іскер адамы, ел билеген тұлғасы ретінде оң бағасын алды. Сондай-ақ,  классик   жазушы шығармасында онымен жағаласып, жерге таласқан  қазақтың атақты Жұман байы мал соңында өлген сасық бай емес, Кенесарының ұлтазаттық көтерілісіне көмек берген, байлығының игілігін ел көрген азамат болып шықты («Қарағанды. Қарағанды облысы» энциклопедиясы, 271, 280-беттер).

Ол еліміздің орталық бөлігінде орналасқан.. Аумағы– 428 мың ш. км.   Қарағанды облысы  екі облысқа бөлінді: Солтүстік  Қазақстан (орталығы Петропавл қаласы) және Қарағанды (орталығы Қарағанды қаласы). 1936 жылдың 29-шы шілдесінде Қарағанды қаласы облыстың әкімшілік және мәдени орталығы болды. 1929 жылы қарашада «Қазаққөмірқұрылысы» басқармасы ашылды. 1930 жылы басқарма «Қарағандыкөмір» тресі болып қайт құрылды. 1931–1936 жылдары жер бетіне жақын жатқан көмір қабаттарын барлау ісінепайдаланатылатын шахталар салынды.1959–1965 жылдары Қарағанды көмір бассейні өнім өндіру жөнінен басқа бассейндерің ішінен бірінші орынға шықты.

Қарағанды қаласының тоқыраудан – толысуы

Қарағандылықтардың сонау отызыншы жылдардан  басталған қажырлы еңбегі, Ұлы Отан соғысы жылдарында   неміс-фашист басқыншыларын талқандауға қосқан үлесі сол кездегі одақтық үкімет тарапынан лайықты бағаланды. 1984 жылы 6 сәуірде қала Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Отанның жоғары наградасын СОКП Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед  Қонаев тапсырды.Қарағанды соғыстан кейінгі жылдары елдің тек индустриалды жүрегі   болып қана қоймай, көміршілер қаласы мәдениеттің, білім мен ғылымның ордалы ортасына айналды.

Қалада  жетпісінші жылдардың басында республикадағы  екінші университет ашылды, оған кейін осы университеттің негізін   қалаған тұңғыш ректоры, академик   Евней Бөкетовтың есімі берілді.Техникалық, Экономикалық, Медициналық  универ­ситеттер, ҚР ІІМ заң академиясы, басқа да ондаған жеке меншік жоғары оқу орындары мен колледждер, лицейлер мен мектептер жастарға сапалы білім, саналы тәрбие беру ісімен айналысып келеді. Назарбаев интеллектуалдық мектебі дарынды балаларға заманауи білім берудің үлгі орталығы болмақ. Қазіргі кезде қалада үш театр, Кеншілердің мәдениет сарайы, концерттік бірлестік, басқа да көптеген мәдени ошақтар  жұмыс істейді.

1989 жылы кеншілердің жаппай ереуілі тұсында қордаланып қалған сайланған  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев асқан іскерлікпен шеше білді. Толқу басылды, ел сабасына түсті.

Сондықтан да, 1991 жылы 1 желтоқсанда Президент сайлауы болғанда қарағандылықтар Нұрсұлтан Назарбавтың кандидатурасын бірауыздан қолдады.  Кейін де оның барлық сарабдал саяса­тына қолдау білдіріп келеді. Қарағандылықтар Елбасының еңбек және саяси қайраткерлік қызметі Орталық Қазақстан өңірінде басталғанын мақтан етеді.

Тәуелсіздік жылдары қарағандылықтар   Елбасы, Ұлт көсемі Н.Назарбавтың басшылығымен экономикалық және әлеуметтік салада тамаша та­быстарға қол жеткізіп келеді. Жеделдетілген индустралдық-инновациялық даму бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асырылуда.

Қарағанды Көмір Алабы – Сарыарқадағы тас көмір және қоңыр көмір кендері шоғырланған алқап. Қарағанды облысыныңсолтүстігінде орналасқан, Қарағандықаласының төңірегіндегі 3600 км² аумақты қамтиды. Ұзындығы 120 км, ені 35 – 50 км. Абсолюттік биіктігі 540 – 650 м. Қарағанды Көмір Алабы құрылымдық жағынан Қарағанды квазисинклинорийінің батыс бөлігінде орналасқан. Алап Алабасантиклиналі мен Майқұдық көтерілімі бойынша үш ірі (батыстан шығысқа қарай): Шерубайнұра,Қарағанды және Жоғарғы Соқыр синклинальдарына бөлінеді. Олар өз кезегінде ұсақтау мульдалар мен антиклинальдардан тұрады. Жоғарғы Соқыр синклиналіндегі палеозой құрылымдары қалың юра тысымен жабылған.

Қарағанды Көмір Алабы қабылданған геологиялық-өндірістік аудандау бойынша төрт көмірлі ауданға бөлінеді: Тентек пен Шерубайнұра – алаптың батыс бөлігінде, Қарағанды – орталықтарында және Жоғарғы Соқыр – шығысында. Қарағанды алабының көмірін алғаш 1833 ж. жергілікті қойшы Байжанов Аппақ ашқан, оның өндірістік бағамын 1920 ж. А.А. Гапеев бастап жүргізген зерттеулер анықтады. Содан бері Қарағанды Көмір Алабы үздіксіз зерттеліп келеді. (Г.Ц. Медоев, Г.Л. Кушев, М.В. Голицын, Л.Ф. Думлер, И.В. Орлов, М.Ә. Ермеков, т.б.). Қарағанды Көмір Алабы жекелеген аудандарының зерттелу дәрежесі әр түрлі. Ең толық зерттелгені – Қарағанды ауданы Ал Шерубайнұра ауданының орталық бөлігі мен Тентек ауданының солтүстік бөлігі түбегейлі барланған. Алаптың оңтүстік бөлігі мен Жоғарғы Соқыр ауданы толық зерттелмеген. Қоңыр көмір Қарағанды ауданындағы Дубовка кен орнының «Орталық» телімі мен Жоғарғы Соқыр ауданындағы «Күмісқұдық» телімінде барланған. Қарағанды Көмір Алабы геология құрылысына Жоғарғы девон, тас көмір, юра және кайнозой түзілімдері қатысады. Алаптың іргетасы негізінен девонның жанартаулық және жанартаулық-шөгінді жыныстарынан құралған. Өнімділіктілері – тас көмір және юра түзілімдері.Жалпы қалыңдығы 4000 м шамасындағы тас көмірлі түзілімдері көмірлігі, литол. құрамы, фаунасы, т.б. белгілері бойынша жеті шоғырға (свитаға) бөлінеді (төменнен жоғары қарай): көмірсіз төменгі визелік аққұдық (қалыңдығы 500 – 700 м), көмірлі төменгі және орта визелік ащылыайрық (585 – 600 м), Жоғарғы визе-серпухов жікқабаттарындағы өнімді қарағанды (695 – 755 м), көмірсіз қарағанды үсті (450 – 550 м), орта тас көмірлік өнімді долинка (450 – 550 м) мен көмірлі тентек (520 – 560 м), Жоғарғы тас көмірлік шахан (350 м). Бұл шоғырлар негізінен сұр түсті аргиллит, алевролит, құмтас, тас көмір қабаттары мен қабатшаларынан, туфқұмтас, туффит және күлді туфтың сирек жұқа қабатшаларынан тұрады. Тентек шоғырында конгломерат горизонттары кездеседі. Қарағанды үсті және шахан шоғырларында түрлі түсті тау жыныс қабатшалары бар. Алаптың өнеркәсіптік көмірлілігі тас көмір және юра түзілімдерімен байланысты. Тас көмірдегі жоғары өнімді қарағанды, долинка және көмірлі ащылыайрық, тентек шоғырларынан тұратын қат-қабатта 80 көмір қабаты мен қабатшалары бар, олардың жиынтық қалыңдығы 87 м.

Орташа алғанда жиынтық қалыңдығы 40 м болатын 30 жұмыстық қабаттың баланстық көмір қоры есептелген. Көмір қабаттарының орташа есептік қалыңдығы ащылыайрық және тентек шоғырлары үшін 1,0 – 1,2 м, ал қарағанды және долинка шоғырларында 1,6 – 1,7 м. Көмір қабаттары 1200 м тереңдікке дейін барланған. Қарағанды Көмір Алабы тас көмірінің петрографтар құрамы күрделі. Өнімді қат-қабат қимасында көмір қабаттарының сапасы төменнен жоғары қарай жақсарып, жылтыр және жартылай жылтыр көмір түрлерінің мөлшері артып, жартылай күңгірт және күңгірт түрлері азаяды. Алап ауқымында көмір аймақтық метаморфталуға шалдыққан. Көмір метаморфталуының дәрежесі алапта оңтүстік бағытқа қарай артады: солтүстік бөлігінде ІІ – ІV сатыдағы, ал оңтүстігінде – ІV – VІ сатыдағы көмірлер таралған.

Бүгінде, Қарағанды күн санап қарыштап көркейіп, қарқынды дамып келе жатыр.

Ол жердің тоңы алтын, түгі торқа,

Қанша алсаң қазынасы түспес орта;

Өшпейтін өміріңе от береді

Жігіті Қарағанды, салсаң қолқа.

Жырласа әнге, шерткенде күйге ұласқан Сарыарқаның сыры мен көркіңе бас имеген адамзат кемде-кем. Арқа дегенде алдымен көз алдымызға не келеді? Асанқайғы жерұйық деп тапқан, Абылайды ақ киізге көтеріп хан сайлаған, барлық үш жүздің басын қосқан көне тарихтың куәсі қарт Ұлытау ма? Аты аңызға айналған Алашахан, Жошыхан, Едіге батырдай алыптардың бүгінге жетіп сақталған мазарлары сол күндердің айғағындай. «Ұлытауға бардың ба, ұлар етін жедің бе?» деген аталы сөз де   Ұлытаудың  шоқтығын танытады. Әлде, «Атыңнан айналайын Қарқаралы» деп жалғыз Мәди емес,  бар қазақ әнге қосқан жыр елі Қарқаралыны айтарсыз ба? Сарыарқаның саясындағы бұл өңір табиғатынын әсемдігі, ел ішіндегі алтын кенішінен бөлек, заманында Абайға Ділдәдай аруын ұзатып даңқы шыққан. Мүмкін, кезінде даласында қаптап жезкиік жосып жүретін, қойнауы әлемге таңдай қақтырған мысты байлыққа толы Жезқазғанды алдымен ауызыңызға аларсыз.Ал, тарихта өзіндік орны бар Балқаш Сталиндік солақай саясаттағы аштық жылдарында қалың бұқараны балығымен өлім аузынан алып қалып, көлінін етегіне паналатқан. Осы жерлердің торабы бір жерде тоғысатын көмірдің ордасы Қарағанды бүгінде Қазақстанның орталықтағы ұйытқысына айналып отыр.

Апақ туралы аңыз

Қарағанды  көміркенішін  алғаш  ашқан  Апақ Байжанов, ол1833 жылы Нұра өзенінен оңтүстікке қарай Қарағанды басыдеген жерде тас көмір кесектерін табады. Ел аузындағы аңызға қарағанда, қазіргі Қарағандыдағы Ескі қаланың орнында қалың қараған өседі екен.  Сол қарағанның ішінде соңында екі тазысы бар Апақ – бір байдың қойшысы қой жайып   жүреді. Бір  кезде қойдың бір шеті дүрете қалады. Жалт қараса бір суыр қашып бара жатыр  екен. Тазылар тұра бастыртады, бірақ, суырдың іні таяу  екен,суыр ініне кіріп кетеді. Күн кешкіріп  қалғандықтан, Апақ  суырдың інінің аузын тас пен бекітіп кетеді. Келесі  күні ерте  келіп, суырды інінен қазып  алады.Сол күні  ін түбінен көмір шыққан  екен дейді. Әуелде  Апақоның не екенін білмейді… Қарабояума деп  ойлайды. Бір сыпырасын үйіне  алып  келіп, жүн бояп көреді. Жүнді тек кірлеткені  болмаса  жүнге  бояу  болып қаппайды. Содан ауыл ақсақалдарына  көрсетеді. Олар да шеше  алмайды. Бір күні кешкілікте тезектің маздап жанған оты найнала қоршап отырғандар тағы да сарапқа салады. «Бірақ, бұл алтын да емес, күміс те емес, жез де емес, ал жәйтас та емес. Не екенін «бір Алла өзібілсін»,– депотырғанда, біртасотқатүсіпкетеді. Олжанабастайды. Отырғандар: – Тасжаныпжатыр, тасжаныпжатыр!– деп шу етекалысады. Басқаларқолындағытастарынотқасалады, әлгітасонансайынқызажанады. Солжерде «бұл – жәйтасемес», «Жанатынтас» болдыдеседі. Ертеңінде-ақсол «Жанатынтас» туралы хабар жоғарғыжергежеткенекен. СолтастытапқанАпақтыбіртөреіздепкелгендейді. Апақәлгітөрегетастытапқанжерінкөрсетеді. ОлүшінАпаққааттұяғындай алтын, қойтұяғындайкүмісбергенекен. Қарағандыдағытұңғышрееташылған «Қаразабой»деген шахта солАпақтыңкөмірінтапқанжеріненашылғандейді.Сондықтан да, суырдыңҚарағандыбелгісіболаржөні бар болсакерек. 

Қараған  ағашы

Қараған  бұршақтар тұқымдасына жататын бұта ағаш. ШығысЕуропа мен Азияның далалық, шөлдіжәнетаулыаймақтарында (4000 м биіктіккедейін) кездесетін 80-ге жуықтүрібелгілі. Қазақстанда Ақмола, Алматы, Атырау облыстарыныңөзеналқаптарында, орманшетінде, шөлде, ормандыдалада, тоғайда, таудыңтастақтыбеткейлеріндеөсетін 18 түрі бар. Қараған – топырақталғамайды, құрғақшылыққа, суыққатөзімдіөсімдік. ЖиікездесетінісарыҚараған  мен бұтаҚарағанныңбиіктігі 0,5 – 2 м. Жапырағықосқауырсынтәрізді, оныңсабағытікенектіболыпбіткен. Гүлібір-бірден не шоқтаныпгүлсабағында, жапыраққолтығындаорналасқан. Гүлтостағаншасытүтікпішіндес, қапшыққаұқсайды. Гүлшоғырысары, кейінқоңыртүстіболады. Жемісі – көптұқымдыбұршақ. Жапырағы мен тұқымында 20,8 – 35,3% протеин, 4,3 – 8,2% май, 12,5 – 16,3% клетчатка бар. Топырақтықұнарландырады. Қарағанныңсүрегіненқұрсаужасайды, жіңішкежасбұтақтарынансебеттоқылады. Мал азықтық, шірнелі, әсемдікөсімдіктер. Сары Қараған – дәрілікөсімдік, оныңқайнатылғантұнбасын бас, бауырауырғанда, атеросклерозда, гиповитаминоз кезіндеішеді. Ал жапырағынанқайнатылғантұнбасыныңбактерияныжоятынқасиеті бар.

Қарағанды қаласы туралы жылнама

  • 1934 жылы Қарағанды қала  мәртебесіне    ие  болды.
  • 1935 жылы қала  халқының   саны  135  мың   адамға  жетті. Осы   жылы  жалпы  көлемі 10906  шаршы  метр  кірпіш  және   тас  үйлер  салынды.
  • 1936 жылғы шілде де БОАК  президиумының  қаулысымен   Қарағанды  қаласы  облыс  орталығы  мәртебесін   алды.
  • 1938 жылы Киров, Ленин,  Сталин  аудандары   құрылды.
  • 1940 жылы тамыз   айында  Ботаникалық   бақ   ашылды.
  • 1941 жылы Ворошиловградтан  эвакуацияланған   Пархоменко  атындағы  машина   жасау   зауыты   іске  қосылды.
  • 1942 жылғы 16  наурызда  «Қарағанды  көмір» тресінде   Киров,  Ленин  және   Сталин  көмір  трестері   құрылды.
  • 1943 жылдың 9  наурызында  Мемлекеттік   Қорғаныс  Комитеті      «Қарағанды  көмір»  бассейінінде   ашық   әдіспен  көмір  өндіруді   дамыту  туралы  қаулы  қабылдады.
  • 1943 жылдың 10 маусымында  «Қарағанды тұрғын үй құрылысы»  мемлекеттік  тресі   ұйымдастырылды.
  • 1948 жылдың 27  тамызында  тұңғыш  рет  Кеншілер  күнін   атап  өтті.
  • Осы күні 10  қарағандылық   кенші   көмір   өндірудегі   шахта  құрылысындағы   тамаша  табыстары,  еңбекті   ұйымдастырудағы  озық   әдістері  үшін  Социалистік   Еңбек   Ері   атағына  ие  болды.
  • 1949 жылғы 2  шілдеде  Қарағанды  геологиялық  басқарма  құрылды.
  • 1951 жылы 27  қаңтарда  «Қарағанды  гипрошахт»   мемлекеттік   жобалау   институты   құрылды.
  • 1952 жылы Ғ. Мұстафиннің  «Қарағанды»  романы  жарық  көрді.
  • 1958 жылғы 27  сәуірде  спорт  сарайы  ашылды,  оған  кейін                  Н.Әбдіров  есімі   берілді.
  • 1966 жылы Л. Данзбергтің бригадасы  проходкадан   әлемдік   рекорд  жасады. Олар  1  айда  2523 метр  кен  қазбасын  дайындады.
  • 1969 жылы 14 мамырда  Қарағанды   қаласының  Совет   ауданы  құрылды
  • 1972 жылы «Октябрь» ( қазір «Ақжолтай») спорт  сарайы   ашылды.
  • 1989 жылы қала мен  облыс  тұрғындары   ұзақ   үзілістен  кейін   алғашқы   Наурыз  мерекесін   тойлады.
  • 1990 жылы «Қарағанды.  Қарағанды  облысы»  энциклопедиясы

қазақ  тілінде   жарық  көрді.

  • 2003 жылғы 17 қарашада  Қарағандыда  ұлтымыздың   ұлы    ғұлама   ғалымы   Қаныш   Сәтбаевтың   ескерткіші   ашылды.
  • 2008 жылы 8  желтоқсанда  С. Сейфуллин   атындағы   облыстық  қазақ   драма   театры   ашылды.
  • 2008 жылдың 9  желтоқсанында   қазақ   халқының    ұлы   ақыны   А.  Құнанбаевтың    ескерткіші   ашылды.

Қорытынды:

Қарағандыдай  әсем қала туралы өте көп мәліметтер алдым. Рамазан атадан туған  өлем  туралы  көп мәліметтер білдім ,  ата жақсы кісі маған Қарағанды туралы әңгімесін айттып  берді . Туған  өлкем  Қарағанды шаhарының қала мәртебесіне ие болғанына 80 жыл толғанын . Қарағанды көмір кенін пайдалану барысында пайда болған елді мекенге 1934 жылғы 10 ақпанда Бүкілресейлік Орталық Атқару комитеті Президиумының қаулысымен қала аты берілгенін. Төмендегі жазбаларда Қарағанды кен орнының ашылу тарихы, кенішті игеру барысында қаланың  қарышты қадаммен дамығанын, сөйтіп Қазақстанның ірі өнеркәсіпті, мәдени және ғылыми орталығына айналуын , ертеден мәлім деректермен қатар архив қазынасынан, түрлі әдебиеттен келтірілген тың мәліметтер, сондай-ақ, тарихтан белгілі адамдардың беймәлім тағдыры  туралы  орталық Қазақстандағы өндіріс орындарының  Ресейдің орталығынан қашықтығы, теміржолдың болмауы, білікті мамандардың жетіспеуі ғасыр соңына қарай осы кәсіпорындардың  құлдырауына әкеп соққаны. Бұл жайдан Еуропа алпауыттары хабардар  болатыны туралы  білдім. Қазір Қарағандының ескі шахталарынан ештеңе  қалмағаны. Спасск зауытының жұрты да қалмаған. Ескі кеніштен  көмірді қайталап қазған, ескі пештен терлеп-тепшіп мыс қорытқаны  алғашқы қазақ пролетариатының еңбегінің белгісі осы ғана шығар.Тарихтан мәлім, 19-ғасырдың орта  тұсында  Қарағанды, Сораң, Өспен мен Спасск, сол сияқты Байқоңыр көмірі мен Жезқазған кен орнын А.Ушаков, А.Рязанов, Т.Зотов сияқ­ты орыс өнеркәсіпшілерінің  меншігіне көшуі бір-бірімен қатарлас келгені, яғни 1847 жылдың шамасы болады, Қарағандыбасынан  таскөмір табылғаннан соң, араға көп уақыт салмай орыс көпесі С.Попов Берікқара жайлауынан(қазіргі  Қарқаралы ауданы жерінде) мыс және күміс-қорғасынның мол қорын «ашады». Ал, 1856 жылдың наурыз айында Петропавл көпесі аймақты жете зерттеп, байлықтың молдығына көз жеткізген соң, өндірісші көпестер Рязанов, Зотовтармен бірге Қарағандыбасында  көмір   табылған  тоқымдайжерді  250 сомға сатып алғаны.Апақ  туралы  аңызды  оқып  білдім  аңыз  маған  өте  қатты  ұнады  әрі қызықты  Қарағанды  көміркенішін  алғаш  ашқан  Апақ Байжанов, ол  1833 жылы Нұра өзенінен оңтүстікке қарай Қарағанды басыдеген жерде тас көмір кесектерін тапқаны туралы білдім. Қарағаг ағашы  туралы білдім пайдасы көп екен. Қарағанды  қаласы  туралы 1934  жылдан бастап  2008 жыл аралығындағы  тарихы мен   қысқаша  таныстым.

You May Also Like

Ақжал жерінің экологиялық әлеуеті, ғылыми жоба

Секция: География Жобаның тақырыбы: «Ақжал жерінің экологиялық әлеуеті» Аннотация В этой статье…

Қазақ әдебиетіндегі ақын-жыраулар поэзиясындағы «жалған дүние» концепциясы, ғылыми жоба

Тақырыбы : Ақын-жыраулар поэзиясындағы «жалған дүние» концептісі  Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және…

Жылқы малына қатысты тұрақты тіркестерді зерттеу, ғылыми жоба

Биологиялық ерітінділердің электрокинетикалық қасиеттері. Электрофорез. Электроосмос. Медицинадағы электрофоретикалық зерттеу әдістері

Биологиялық ерітінділердің электрокинетикалық қасиеттері. Электрофорез. Электроосмос. Медицинадағы электрофоретикалық зерттеу әдістері Кіріспе Негізгі…