Секция: География

Жобаның тақырыбы: «Ақжал жерінің экологиялық әлеуеті»

Аннотация

В этой статье пишется о том как  влияет цинк на организм человека. Коэффициенты экологической опасности рудных минералов. Колчеданные и полиметаллические руды являются серьезным источником загрязнения окружающей среды на всех стадиях их технологической переработки: добыча, обогащение, металлургия.

Бұл мақалада  қорғасынның адам ағзасына зияны мен қоршаған орта жағдайына антропогенді кері әсері жайында жазылады.Экологиялық қауіптілік деңгейлері күрделі экологиялық проблемаларды туғызатыны туралы деректер келтірілген.

This article is written about the effect of zinc on the human body. Odds environmental hazard ore minerals. Pyrite and polymetallic ores are the major source of pollution of the environment at all stages of technological processing: extraction, refining, and steel

Мазмұны

І Кіріспе : Рухани жаңғыру өскелең ұрпақтың – дара жолы!

  • Қоршаған орта және денсаулық

ІІ Негізгі бөлім

  1. 1 Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануы

2.2 Қорғасынның адам денсаулығына әсері

2.3 Қоршаған ортаның  улануының негізгі көздері

2.4 Зерттеу жұмысы..

Кіріспе

Елбасымыз Отанымыздың ғылыми – техникалық дамуының бес басым бағытын айқындап берді. Олар нанотехнология, биотехнология, ғарыштық технология, көмірсутек және кен металлургиясы өнеркәсіптеріне арналған технология. Болашақта біз осы бағыттардың барлығын терең меңгеріп, өз еліміздің экономикасының дамуына үлес қосуымыз қажет. Біз өзге елдердің   мамандарымен тең дәрежеде сол технологияларды меңгеруге тиіспіз. Осындай жоғары дәрежеге жетсек, біз елімізді, өз өмірімізді,болашағымызды жақсартпақпыз.

Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі.

Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «рухани жаңғыру дәлел». Көне замандағы көрікті қалаларымыз, сән салтанатты таласқан озық ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз бұртартпас айғақ болып табылады.Адамның денcаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері зор. Адамға дем алатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуынын маңызы ерекше. Адамның мұкият ойланбай жасаған кейбір іс әрекеттері денсаулығына зиянды. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта жағдайларының зиянды өзгерістері адам денсаулығына кері әсер етеді.   Адамның денсаулығы үшін қажетті жағдайлар- таза ауа,су, топырақ.

Қазіргі кезде адам табиғаттың тепе – теңдігін бұзғаны үшін өзінің денсаулығына зиян келтіргенін сезеді. Тыныс жолы және ас қорыту мүшелері арқылы ағзаға түсетін улы заттар ластанған ауада және суда болады . Ластанған  топырақ және су тамақ арқылы ағзаны улап, немесе ауыл шаруашылығында пайданалуға да жарамсыз болып қалады.Үнемі қаладағы үлкен қорғасын төбені көрген  кезде мына жердегі адамдардың денсаулығы қалай екен деп ойланатынбыз. Қорғасынның адам денсаулығына қаншалықты әсерінің бар екендігін біле отырып өз ауылымыздың тазалығы қандай дәрежеде екендігін анықтау мақстаныда осы жұмысты орындадық.Кентімізде қорғасын өндіріледі, өнеркәсіп дамыған аймақта әрине пайдасы мен қоса зияны да болып жатады . Кентте өндірілетін қорғасынның және қоршаған ортаға зияны жайында ғылыми жоба жазылды. Сонымен бірге кентте жиналған қоқыстардың да зиянды факторлары тілге тиек етіліп отыр.Себебі сындай келеңсіз жағдайлар жер ғаламшарының барлық аймақтарында кездестіріледі, Қазақстан жерлерінде де кеңінен таралған. Барлық үйлерді аралап «судың да сұрауы» бар суды үнемдейік және электр көздерін үнемдеп ұстайық акциясын да жасадым.Дүкендер мен мектеп тағы басқа мекемелердің алдына барып есіктеріне «қоқысты тастамаңыздар» деп  хабарламалар ілдім. «Бірінші байлық- ден саулық» дегені жайдан-жәй айтылған емес.

Пікір

Қазақстан Республикасының айналадағы қоршаған ортаны қорғау туралы заңы адамның өмірі мен денсаулығы үшін айналадағы табиғи ортаның қолайлы болуына тиісті құқығын қамтамасыз етуге, қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделерін көздеп, айналадағы табиғи ортаны қорғаудың құқықтық, эканомикалық және әлеуметтік негіздерін белгілеуге және адам қызметінің осы табиғи ортаға зиянды ықпал жасауына жол бермеуге, табиғи тепе-теңдікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалану ісін ұйымдастыруға бағытталған. Қоршаған табиғи орта – адамның өміріне, тіршілік ету жағдайына және денсаулығына әсер ететін табиғи компоненттердің жиынтығы.Орта қалыпты болмаса адам ден саулығының бұзылуына әкеліп соғады.

Оқушылардың ғылыми жобасы жан-жақты терең теорияға негізделіп жазылған.Эксперименттік  деңгейде кенттегі өнеркәсіп орындарының ашық карьерлік әдіспен өндірілетін полиметалл кендерінің адам ағзасына кері әсері жайында  және жануарларға да зиянды әсерлері зерттелген.Қоқыстардың бейберекет тасталуының салдарынан табиғатқа зиянды әсерлері жайында жақсы деректер келтірілген. Жай ғана үйдің мұржасынан шыққан түтіндер жиынтығы мен фабрикадан шыққан түтіндердің болашақ ұрпақ үшін аса зиянды әсерлері жайында келтірілген шынайы деректермен толықтырылған. Оқушының еңбегі ғылыми тұрғыда жазылған.

Тақырыптың өзектілігі:                                

Еліміздің басты байлығы ол – адам.

Әр адамның бірінші байлығы- денсаулығы қоршаған ортаның , ауаның,ауыз судың , топырақтың тазалығына және құрамына байланысты. Сондықтан да ауылымыздың тұрғындары пайдаланып отырған  ауа арқылы әсер ететін өнеркәсіп орындары мен төңіректе күнделікті тасталатын қоқыстардың қоршаған ортаға әсерін зерттеу, ең өзекті мәселе болып табылады.

Құрлық ортасында орналасқан Қазақстан аумағында алдағы 40-45 жылда болатын өте қатал қуаңшылық және апатты жағдайлар қалыптасуы мүмкін. Бұл жағдайлардың алдын алу үшін күшті фотосинтездеуші әрі ұзақ жыл өмір сүретін емен, арша, акация, үйеңкі, талшын т.б. ағаштарын көптеп өсірудің ең арзан технологиясын дайындап өндіріске енгізу. 

Зерттеу проблемасы

Қоршаған ортамыздың ашық карьерлік әдіспен өндірілетін өндіріс орындарының адам ағзасы мен қоршаған ортаға жан жануарларға тигізетін әсерін  және қоқыс арқылы тасталатын әр түрлі заттардың айналадағы ортаға зиянды әсерлері ,  ластану көздерін анықтап,   оларды жою жолдарын іздестіру

 Зерттеу мақсаты

Ақжал кентінің  тұрғындарының ден саулығына назар аудара отырып, Адамзат алдында тұрған бүгінгі таңдағы ең басты міндет ауаға таралатын көмірқышқыл газын (СО2) азайту болып отыр. Дүние жүзіндегі ауаға таралатын көмірқышқыл газының 30 пайызын көмірмен жұмыс істейтін электр стансалары шығарады. Ал электр энергиясына деген сұранысы күннен-күнге артып келеді.

«Білім мен дағдылардың болашағы: Білім беру-2030» атты жаңа жобаны іске асыруды бастады. «Нұрлы Болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру. Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына «Мәңгілік ел» құндылықтарын енгізу мақсатында «Туған жердің экологиялық әлеуеті» тақырыбы бойынша «Мәңгілік ел» құндылықтарын жүзеге асыру. Ауылдық жерлердің экологиясын жақсарту.

Жумыстың міндеттері

  1. Ақжал жерінің экологиялық жағдайын зерттеу..Қоршаған ортамыздың ауыр металдар мен ластану көздерін анықтап, тірі ағзаларға әсерін зерттеу.
  2. Кент тұрғындарымен кездесіп сұхбат алу, кент дәрігерімен кездесу және пікірін тыңдау, экологиялық және экономикалық акциялар жүргізу.
  3. Оқушылырмен және ұстаздармен бірге көшеттер отырғызып кентіміздің көгалдандыру жұмыстарына ат салысу.

Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануы

Біздің Ақжал кентінде қорғасын мен мырыш ашық карьерлік әдіспен өндіріледі. Ал қорғасын уранның ыдырауынан пайда болған қалдық өнім. Ашық карьерде кендерді өндіру үшін жарылғыш  заттарды пайдаланады. Одан барлық атылған кендер ауа арқылы кеңістікке таралады. Ауаға таралған ақ түтін тәрізді улы заттар желдің әсерімен ауа кеңістігі арқылы адам ағзасына әсер етпей қоймайды.Әр түрлі  зиянды заттармен атмосфералық ауаның ластануы тыныс алу жолдарының ауруларын туғызады. Өкпенің пәле ауруын тудыратын канцерогендік заттардың ауада кобеюі ерекше  қауіпті. Түсті металлургия зауыттарының ауаға шығаратын улы заттары адам ағзасында қантамырлар аурулары, жүйке жүйесінің бұзылуы, мүшелерде қатерлі ісіктердің пайда болуына себепші болады.  Ақжал кентінің ауасының ауыр металдармен ластануы  қаланың және оның маңындағы ауыл  адамдарында  неше түрлі созылмалы қауіпті аурулар тудырады. Ақжал кентінде мырыш пен қорғасын ашық карьерлік әдіспен өндіріледі. Ауада көзге көрінбейтін радиоактивті элементтер болатындығы үйлердегі шаңдардың аппақ түсінен байқауға болады. Менімен оқитын оқушылардың бастары жиі ауырады. Сыныптағы менімен оқитын сыныптастарым жиі қалаға барып ем дом алып келеді. Сыныптастарымда қан аздық және көз аурулары, тіс креукелері жылдам бұзылып сонымен бірге аллергиялық дерттермен қоса демікпемен ауыратындары да жыл өткен сайын көбейіп келеді. Өнеркәсіп орындарының пайдасы болғанымен де оның зияндары жетіп артылады. Жыл сайын Қазақстанда тұрғындардың әр түрлі ауруларының саны өсіп келе жатқаны байқалады.  Металдар және басқа микроэлементтер қоршаған ортадан тағам өнімдеріне жиі түседі. Олар тек тағаммен ғана емес демалатын ауамен, ас суымен түсуі мүмкін. Бірнеше ауыр металдар (сынап, кадмий, қорғасын) ерекше улы болып саналады. Металдардың тағамдық өнімдерінде кездесу мөлшері 2-3 есе жоғары фондық, ал ШРЕК тен жоғары – жарамсыз. ФАО және ДДСҰ бірлескен комиссиялары тағам өнімдерінің халықаралық саудасының азық-түлік кодексі бойынша бақылауда өнім құрамындағы 8 (сынап, кадмий, қорғасын, мышьяк, мыс, стронций, мырыш, темір) металдың болуын енгізеді.Бұлардан басқа қажетті жеті химиялық элемент: сүрме, никель, хром, аллюминий, фтор, йод бақылауға алынған.

Аймақтағы белгілі бір элементтердің жеткіліксіздігі немесе көп болуы адамның денсаулығының бұзылуына  негізгі себепші болады. 

Қорғасынның негізгі қасиеттері

Қорғасын  адамзаттың ең алғаш қолданған ауыр металдарының бірі. Оны біздің заманымыздан бұрынғы ІІІ-ІІ мыңжылдықтырынан бері қолданылып келеді.Ең алдымен Римдіктер қорғасыннан су өткізетін құбыр жасапты.Содан кейін шарап құйып сақтап қоятын ыдыстар жасап, шарап сақтап қойыпты.Қорғасын ыдыста сақталған шарапты олар жоғары бағалапты. Өйткені қорғасын зиянды зат бөліп, шараптың дәмін өзгертіпті. Бұл дәмнің қаншалықты ден саулыққа зиян екенін римдіктер ол кезде білмепті.Қорғасынның атауы «Өте лас» деген мағына береді.

Химиялық қасиеттері:Табиғатта қорғасын таза күйінде сирек кездеседі.Ол жұмсақ, майысқақ және икемделгіш метал.Азот қышқылында тез ериді.Оның барлық қоспалары қатты улы болады.

Пайдалануы:Қорғасынды электр желілерін, аккумляторлар,оқ-дәрі өндірісінде кеңінен қолданылып келеді. Қорғасын гамма сәулелерін жақсы сіңіреді.Сондықтан оны радиоактив заттармен және рентген сәулелері мен жұмыс істегенде қолданып келеді.Ренткенге түсіретін адамдардың алжапқыштары мен қолқаптары өте ауыр болады.Өйткені ол қорғасын қосылған жіптен жасалады. Қорғасын адамды рентгеннің өткір сәулесінен қорғайды. Кейбір еріген  қосылыстары  медицинада қолданылады.Қалай айтсақта қорғасын, бағалы, дүниежүзілік саудада сұранысқа ие метал.

Қоршаған ортадағы өнеркәсіп орындарымен тағы басқа заттардың зиянды әрекеттері.

Қорғасын-бұл ауыр метал,улы,улылығы 1-3 грамм,адам өміріне қауіпті мөлшері 10 грам. Ағзаға қорғасын қосылыстары  асқорыту жүйесі ,тыныс алу жүйесі, тері арқылы түседі.  Қорғасынмен уланған кезде миға зақым келеді (энцефалопатия), эритроциттердің бұзылуынан қанның тыныс алу қызметі, ас қорыту жүйесінің қызметі бұзылады. Оқушылардың шаштарының құрамындағы қорғасын мен кадмийдің деңгейі олардың ақыл ойының дамуына әсер ететіндігі  анықталған.Англияда 40 мың мектеп оқушысының қанының  құрамындағы қорғасынды тексеріп,орташа 2,5 микрограм/децилитр болыпты Мамандар мұның өзі улы әсер ететінін дәлелдеп отыр. «Қорғасын жоғары жүйке жүйесіне қатты әсер етіп, баланың мінез-құлқын өзгертіп  жібереді»-дейді мамандар. Балалардағы төмен салмақ, аласа бой, есту кемістігі сияқты аурулар қорғасынмен уланудан болады. Қанда қорғасынның шектен тыс көбеюі ақыл кемістігіне әкеліп соғады.Қорғасын қосылыстары ересек  адамдарда қан қысымының жоғарылауы, жүйке жүйесінің, бауырдың, бүйректің  қызметінің бұзылуына зиянды әсер етеді. Сонымен қатар қорғасының адамның репродуктиві  қызметіне әсері осыдан 100 жыл бұрын  белгілі болған. Жүктіліктің 12-14 апталарында  қорғасын қосылыстары жиналып, соның салдарынан түсік, тастау, іштей өлі туылуы, жаңа туылған сәбидің жүйкесінің зақымдануы ,кемтар баланың дүниеге келуі байқалады. Қорғасын  ағзаға түскеннен кейін бірнеше минут өткен соң қан жасушасына қосылып, эритроцитке жабысады, өйкені эритроцитте плазмаға қарағанда 16 есе көп мөлшерде қорғасын сақталады.Сүйек құрамындағы кальций жетіспеушілігне шалдықтырып, тіс құрамын  бұзады. Ерлер организімінде қорғасының спрематогенезге зиянды әсер зор. Мысалы оған хромосомдық  аберрациялар, сперматозидтар санының азаюы, олардың пішіні мен қызметінің бұзылуы дәлел болды. Ағылшындар қазіргі кездегі тәрбиелеуі қиын балалардың, үлгерімі төмен балардың біразының қан құрамын зерттеп, қорғасын қосылыстарының көп мөлшерде екендігін анықтап,олардың осындай болуына бірден-бір себеп осы удың әсері деп ұйғарды.Біздің ауылымызда ден саулығы жақсы, мүлдем ауырмайтын, бірақ сабаққа мүлдем үлгермейтін балалар  бар. Мұның себеп салдары сол ауыр металдармен улану екеніне дәрігерлердің көзі  енді ғана жетіп отыр.

Адам ағзасының улы заттарға реакциясы оның жасына, жынысына, денсаулығына байланысты. Улы заттар жас балаларға, қарт адамдар мен  ауру адамдарға  көп әсер етеді. Улы заттардың әсері ұзақ уақытқа созылса, онда ағза қатты уланады да, адамның мінезқұлқы өзгеріп, нейропсихологиялық өзгерістерге ұшырайды: тез шаршау, жиі есінеу, ұйқы қашу,тәбеттің нашарлауы, зейіннің төмендеуі , ұмытшақтық, көңіл – күйдің ауытқуы, т.б

Зерттеу жұмысы. Ақжал кентіндегі  өнеркәсіп орындарының адамдар денсаулығына зиянын анықтау және қоқысқа төгілетін заттардың қоршаған ортаға зиянды әсерлерін зерттеу.  

Табиғаттың берген сыйы ғаламат, адамзат барлық керекті заттарын табиғаттан алады. Өмір сүру ортасы, адамға керекті «Д» дәруменін Күннен алса, ағзаға керекті дәрумендерді немесе минералдарды да адам қоршаған ортадан алады. Табиғаттың адамға берер сыйы ғаламат.Кейінгі жылдары «Экология» ғаламдық проблемаға айналып кетті. Озон қабатының жұқаруы, топырақ қабатының тозуы, жер қойнауының босап жеңілдеуі т.т айта беруге болады. Осындай проблема біздің Ақжал кентінен де кездестіруге болады.

Ақжал кентінің  тұрғындарының денсаулығына назар аудара отырып, кентте өндірілетін қорғасынның адам ағзасына әсері мен қоршаған ортаға теріс ықпалы мен зерттеу нысаны ретінде жай ғана тіршілік иесі иттің күшігі алынып ағзасына қорғасынның әсерінен аяғы қисайып кеткені жайында , қорғасынмен қаншалықты ластанғанын білу, ол мөлшердің денсаулыққа әсерін анықтау болып табылады.

Адам ағзасының улы заттарға реакциясы оның жасына, жынысына, денсаулығына байланысты. Улы заттар жас балаларға, қарт адамдар мен  ауру адамдарға  көп әсер етеді. Улы заттардың әсері ұзақ уақытқа созылса, онда ағза қатты уланады да, адамның мінезқұлқы өзгеріп, нейропсихологиялық өзгерістерге ұшырайды: тез шаршау, жиі есінеу, ұйқы қашу,тәбеттің нашарлауы, зейіннің төмендеуі , ұмытшақтық, көңіл – күйдің ауытқуы, т.б

Осы деректерді дәлелдеу мақсатында кент тұрғыны, бірнеше жыл NOVOZINK кәсіпорынында жұмыс істеп, зейнетке шыққан Төлеутаев Серік мырзамен жолығып дертке шалдығуының себептері сұралды.

–         Мен: Сіз  NOVOZINK  мекемесінде қанша жыл қызмет істедіңіз?

–         Серік мырза: Жиырма жыл істедім.

–         Бұл мекеменің сіздің денсаулығыңызға тигізген зияны болды ма?

–         Серік мырза: Әрине ашық карьерден шыққан әр түрлі зиянды заттардың әсері болмай қоймады, менің қан қысымым көтеріліп, мүгедектікке шықтым.Қазір жүрегім де ауырады, жиі ауырамын, қант диабеті де қосылды.

Осыдан соң  дәрігермен  кездесу өткіздім.

–         Өндірістің адам ағзасына және қоршаған ортаға тигізер қандай әсері бар?

–         Жаңагүл ханым: Әрине пайдасы мен қоса зияны да бар, қай аймақта өндіріс болса, сол аймақта экологиялық проблемалар туындамай қоймайды.

–         Экологиялық алаңдаушылық туғызған деректер келтіре аласыз ба?

–         Әрине қазіргі таңда 190- ға жуық адамдар жүрек ауруымен тіркелсе, гипертониктер саны да 100- ге жуық адам гипертонямен ауырады, 100- ге жуық адам аллергиямен және 73  адам ХОБЛ (хроническая обструктивная болезнь лёгких) осы дертке шалдыққан. Ауа өкпеге өтпей адам қиналады, бұл дертке шалдыққан адамдар жазылмайды.

Тағы да көптеген адамдар аллергиямен және демікпе ауруларымен , қан аздық сияқты дертке шалдыққандары жайында мәліметтер белгілі болды. Аурулардың жасарып бара жатқандығы жайында дәрігеріміз алаңдаушылық білдірді. Балалар дерттері көбейіп бара жатыр деп күрсінді.

Осыдан соң барлық үйлерге және дүкендерге  барып есіктеріне  «Төңіректі ластамаңыздар, қоқыстарды тастамаңыздар» деп жазылған алтернативті деректер жазып ілдім.

Осындай мәтінде алтернативті үсыныс жазылған себебі мынада еді.

–         Мысалы қоқысқа тасталған қағаз суланады, одан соң кебеді сөйтіп ыдырауына 5 жыл уақыт кетеді.

–         Сағат батареясы мен балалардың ойыншық батареялары жайында мысал келтірейік. Батарея құрамында ауыр металдар бар : цинк, кадмий,марганец, сынап бар олар өте зиянды. Батареялар ауамен су әсерінен ыдырап топыраққа одан соң жер асты суларына өтеді.Осылайша қоршаған ортаға орны толмас зиянын тигізеді.

Ақжал кентінде қорғасынды ашық  әдіспен өндіреді  өнеркәсіпте пайдасы болғанымен , бірақ кентте жұмыс істейтіндердің денсаулығына  кері әсерін тигізуде.. Ақжал кентінде фабрикада жұмыс істейтін адамдардың аяқ қолдарының қисайып кеткені туралы анамнан естіген едім. Жақында кент карьеріне жақын аймақта тұратын бір үйден аяғы қисайып кеткен иттің күшігін көрдім. Мен фабрикада жұмыс істейтін адамдарға фабрикада флотация кезінде пайдаланған реагенттердің ықпалынан болады деп ойлаушы едім. Мына иттің күшігін көріп таң қалдым және аяп кеттім. Жануар екеш жануарларда , яғни жеті қазынаның бірі ретінде саналатын итке де экологиялық зардаптардың ықпалы әсер еткен бе, онда болашақ адамзаттың күні не болар екен?. Болашағымыз мен үшін бұлыңғыр, мені алаңдататын мәселелер көбейіп кеткендей көрінді. Үйдің иесіне барып жолықтым.

  • Мына итке не болған?
  • Иттің аяғы неге қисық?-деген сауалдар қойдым.

Үй иелері: Туғаннан осындай кеміс болып туды, кент карьерінің зардаптары деп ойлаймын деді.

Мен осы иттің күшігін фотаға түсіріп алдым.

Кентте қоқыс жәшіктерінің жанында қаптаған пластикалық ыдыстарды кездестіресің, әрине адамдар пайдаланып болған соң оларды лақтырмасқа амалдары жоқ. Ал сол зиянсыз болып көрінген баклашкалардың зияны қаншама дейсің. Топырақта 500 жылда ыдырайды, қаншама улы заттар бөледі.  Зардаптары адамдардың денсаулықтарына тигізері  қаншама дейсің

Егер әр нәрсеге ұқыптылықпен қарасаң әрине ертеңгі күніміздің жарқын болары сөзсіз. Сондықтан әр адамға айтар ұсынысым көп.

Олар:

1.Егер таңертеңгілік жуынғанда аққан суды тоқтатпастан жуына берсек әр жуынған адам , суды пайдаланған сайын 80литр су жұмсайтыны анықталған. Көреген қазақта «Судың да сұрауы» бар деп тегін айтпаған шығар… Осы ілімді негізге ала отырып көршілерге және сыныптастарыма суды және энергияны үнемдейік деп ұсыныс жасадым. 

Альтернативті ұсыныстар.

  1. «Экономика» акциясын жүргізу, су мен энергияны үнемдеу жұмыстарын оқушылыр мен ұстаздар арасында жүзеге асырдым.
  2. Кент тұрғындарының үйлері мен дүкендерге «Төңіректі ластамайық» акциясын үйді үйге кіріп айту және хабарландыру ретінде жүзеге асырдым.

3 Оқушыларға көшеттер отырғызу жайында  үгіт насихаттар жүргіздім.Жол жағалауларына ағаш отырғызу мәселесін қозғадым.

  1. «Террикондарды» топырақпен бүркеп тастау керектігі жайында тиісті адамдармен кездесулер жүргізілді.

Барлық үйлердің подьездеріне « Төңіректі ластамаңыздар, қоқыстарды тастамаңыздар» акциясын жүргіздім.

Өзгелерге өнеге болу үшін өзім үйде көшеттерді үй жағдайында отырғыздым,барлық сыныптарға кіріп сынып сағаттарында суды үнемдеу мен электр көздерін үнемдеу мақсатында акциялық шаралар жүргіздім.

Қорытынды

Келтірілген дәлелдер химиялық өндірістердің көптеген экологиялық проблемалар тудырып отырғанын көрсетеді. Алайда ол өркениеттің дамуының ажырамас бөлігі болғаны үшін біз одан бас тарта алмаймыз. Сондықтан географияны экологияландыру – бүгінгі күннің ең басты мәселесі болып табылады. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді дана халқымыз.осы жұмысымызды жүргізу барысында көптеген білмейтін нәрселерімізге көз жеткіздік. Қорғасынның ағзаға әсері өте үлкен. Ауамызда, топырағымызда, ауыз суларымызда таза болса екен дейміз.Біздің ауылымыздың тұрғынарының көбі жеміс-жидекті егіп. Көк-өністі өздері егіп алады. Топырақ құрамын жақсарту мақстанында жоңышқа, жүгері мен кезектестіріп егіп жүргендерде бар. Ақжал кенті кен өндірілмеген кезде, топырағы құнарлы болыпты.

Қорғасын қалдығының ішінде пайдалы және сирек кездесетін элементтер көп, оларды кезегімен өңдеп алуға да болады. Сондықтан келешек ұрпақ қажетіне жарату үшін, мамандар қалдықты осындай жолмен сақтауды ұсынып отыр.Қорғасын қалдығының ішінде пайдалы және сирек кездесетін элементтер көп, оларды кезегімен өңдеп алуға да болады. Сондықтан келешек ұрпақ қажетіне жарату үшін, мамандар қалдықты осындай жолмен сақтауды ұсынып отыр.

You May Also Like

Ұлыбритания және Қазақ елдерінің ырым-тыйым сөздерінің ұқсастықтары мен айырмашылығы, ғылыми жоба

Ғылыми жұмыстың тақырыбы: Ұлыбритания мен Қазақ елдерінің ырым-тыйым сөздері. Зерттеудің мақсаты:    Британдықтар мен…

Компьютер: польза или вред? научный проект

Проект «Компьютер: польза или вред?»  Автор: учащаяся 7 б класса Градинар  Алина…

Фразеологизмы в речи современных детей, научная работа

                Тема:     «Фразеологизмы в речи современных детей»                  Секция:      русский язык и…

Қан топтары сіз туралы не айтады, ғылыми жоба

Қан топтары сіз туралы не айтады… Айболатқызы Альбина Гипотеза (болжамы) Қан құю…