Тақырыбы : Ақын-жыраулар поэзиясындағы «жалған дүние» концептісі 

Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективті туристік бағыттар 

Секциясы:   әдебиет

АННОТАЦИЯ 

Ғылыми жұмыстың тақырыбы: Қазақ әдебиетіндегі ақын-жыраулар поэзиясындағы «жалған дүние» концепциясы

Ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеттері: қазақ әдебиетіндегі ақын-жыраулар пэзиясындағы «жалған дүние» концепциясын талдау. Бұл мақсат негізінде төмендегідей міндеттер шығады:

Зерттеу міндеттері:

– жыраулар поэзиясындағы тарихи концепцияларды бөлу

– жыраулар поэзиясындағы «жалған дүние» концепциясы мен ақындар поэзиясындағы дәстүр жалғастығын зерделеу;

Зерттеудің әдістері: Жұмыстың әдістемелік негіздері ретінде классификациялық, сипаттамалық, талдау, жинақтап топтау әдістері қолданылды.

Ғылыми жоба жұмысының дереккөздері: Зерттеу жұмысын жазу барысында жыраулар мен ақындар поэзиясы, қазақ әдебиетінің тарихына арналған зерттеу еңбектер пайдаланылды.

Жоба жұмысының кезеңдері:

2019 жыл (қаңтар – маусым): сыпайылық ұғымын білдіретін тілдік бірліктерді жинақтау;

2019 (шілде – желтоқсан): сыпайылық мәнін беретін атаулардың лингвомәдени сипатын мәдениетаралық қатысым тұрғысынан қарастыру;

2020 (қаңтар – маусым) жоба жұмысын жүйелеу.

2020 (шілде – желтоқсан) жоба жұмысын  қорытындылап, қорғауға дайындау.

Жобаның құрылысы: Жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

АННОТАЦИЯ

Тема научной работы: Концепция «ложного мира» в поэзии поэтов-жырауов в казахской литературе.

Цель и задачи научной работы:  анализ концепции «ложного мира»в казахской литературе. В основе этой цели лежат следующие задачи:

Задачи исследования:

– выделение исторических концепций в поэзии жырауов

– изучить концепцию «ложного мира» в поэзии жырау и преемственность традиций в поэзии поэтов;

Методы исследования: в качестве методических основ работы использованы методы классификации, описания, анализа, обобщения.

Источники работы научного проекта: при написании исследовательской работы были использованы исследовательские труды, посвященные поэзии жырау и акынов, истории казахской литературы.

Этапы работы проекта:

2019 год (январь-июнь): обобщение исторических концепций в поэзии жырауов;

2019 (июль – декабрь): изучение концепции «ложного мира» в поэзии жырау и преемственности традиций в поэзии акынов;

2020 (январь – июнь) систематизация проектной работы.

2020 (июль-декабрь) подведение итогов работы проекта и подготовка к защите.

Построение проекта: работа состоит из введения, 2 глав, заключения и списка использованной литературы.

 ANNOTATION

The theme of the scientific work: The concept of «false world» in the poetry of poets-zhyrau in Kazakh literature.

Purpose and objectives of scientific work: analysis of the concept of «false world» in the poetry of poets-zhyrau in Kazakh literature. This goal is based on the following tasks::

Research objectives:

– distribution of historical concepts in the poetry of zhyrau;

– study of the concept of «false world» in the poetry of zhyrau and the continuity of traditions in the poetry of poets;

Research methods: classification, descriptive, analytical, cumulative grouping methods were used as methodological bases of the work.

Sources of the scientific project: when writing the research paper, research works on the history of Kazakh literature, poetry of zhyrau and akyns were used.

Stages of project work:

2019 (January-June): To collect  sepavately historical concepts in zhyraus` poetry.

2019 (July-December): To study  the concept  of  «false wolrd»  in the poetry of zhyraus and the continuation of the tradition  in the poetry of  poets.

Zhyraus (a musician  who sings legends)

2020 (January – June) systematization of project work;

2020 (July – December) summing up the results of the project work and preparing for defense.

Construction of the project: the work consists of an introduction,

2 sections, a conclusion and a list of references.

Ғылыми жұмыстың мазмұны 

Кіріспе 

Негізгі бөлім:

  1. Жыраулар поэзиясындағы «жалған дүние» концепциясы 
  1. ХІХ ғасыр ақындары поэзиясындағы жалған дүние концепциясы: дәстүр жалғастығы

Қорытынды

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ әдебиетінің ең үлкен негізгі арналарының бірі – жыраулар позиясы. Осы поэзияда бірнеше әдеби концепциялар көрініс табады. Сол концепциялардың бірі – «жалған дүние» концепциясы. ХҮІІІ-ХІХ ғасыр аралығындағы әдебиетте өзіндік «мендері» бар ақын-жыраулар өмір сүрді. Қазақ әдебиетіндегі «мен» концепциясы қазақтың өзінің ішкі менін өзін көрсетуде, жердің өзінікі екенін, елдің де өзінікі екенін, халықтың да өзінікі екенін көрсететін, ішкі мені арқылы рухы мықты адам, қала берді халық екенін көрсететін концепция болды.

Жыраулар поэзиясында елдік, ерлік концепциясы ең бірінші және ең көп көтерілген концепция болды. Қазақ өзі жеке хандық құрған соң, халық алдында үлкен жауапкершілікке ие болды. Бір халық болып өмір сүру уәдесін жекелеген тайпалар алдында орындау, бір ту астына бірігу, жерді сақтап қалу, бірлікті игеру, халықты бір идеяға жұмылдыру деген секілді ірі-ірі істердің хандық алдында тұрғаны мәлім. Ал ханның кеңесшісі ретінде ел сөзін ханға, ханның ой-арманын елге жеткізуші жыраулардың арманы асқақ болды. Әр толғауларында ерлік, елдік, арман, жақсы өмір, бірлік, бір идеяға ұйысу мәніндегі тақырыптар қазақтың кең даласын біріктіріп тұрған еді.

Қазақ әдебиеті қазіргі Қазақстан жерін жайлаған тайпалар туғызған бай рухани қазынаның заңды мұрагері еді. Ол өзіне дейін ғасырлар бойы жасалған мол мұрадан нәр алды, ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар игеру соны соқпақтар салу нәтижесінде кемелденді. XVІ–XVІІІ ғасырларда өмір сүрген ақын-жыраулардың поэтикалық мұралары сан қырлылығы және айшықты көркем мазмұнымен ғана емес, сонымен бірге өте зор мәдени маңызы бар ұлағатты эзотериялық мазмұнымен дараланады. Тұрмыс-тіршіліктен алған тәжірибе мен өмірлік қағидаларын айтып, жыр-толғауларында беріп отырды. Эзотериялық мазмұн өскелең ұрпақ үшін ақыл, насихат, өсиет айтып, дидактикалық сипаттағы концепциялардың басын біріктірді.

Ақын-жыраулар поэзиясындағы «жалған дүние» концепциясын екі үлкен арнаға бөліп қарастыруға болады. Бірнішісі жыраулар поэзиясындағы, екіншісі – қазақ ақындарындағы дәстүр жалғастығы.

Зерттеудің нысаны: қазақ әдебиетіндегі ақын-жыраулар пэзиясындағы «жалған дүние» концепциясын талдау

Зерттеу жұмысының дереккөздері. Зерттеу жұмысын жазу барысында жыраулар мен ақындар поэзиясы, қазақ әдебиетінің тарихына арналған зерттеу еңбектер пайдаланылды.

Зерттеу мақсаты: қазақ әдебиетіндегі ақын-жыраулар пэзиясындағы «жалған дүние» концепциясын талдау

Зерттеу міндеттері:

жыраулар поэзиясындағы тарихи концепцияларды бөлу

– жыраулар поэзиясындағы «жалған дүние» концепциясы мен ақындар поэзиясындағы дәстүр жалғастығын зерделеу;

– «жалған дүние» концепциясының діни мәні және оны құрайтын компоненттерді анықтау.

Зерттеудің әдістері: Жұмыстың әдістемелік негіздері ретінде классификациялық, сипаттамалық, талдау, жинақтап топтау әдістері қолданылды.

Жұмыстың құрылымы. Ғылыми жоба жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген. 

                                         НЕГІЗГІ БӨЛІМ 

1 Жыраулар поэзиясындағы «жалған дүние» концепциясы 

«Концепция и план также соотносятся друг с другом, как стратегия и тактика. Первое –указывает основное направление к светлому будущему, а второе – шаг за шагом прокладывает путь, по которому можно туда дойти. А разновидностей у них ещё больше» [1].

Егер қазіргі заман адамы ешқашан ғылым саласында еңбек етпеген болса, оның ғылыми қағидаларды (концепцияларды), қаншалықты білуі қажет? Ғылым – тек білімнің, фактілердің және т.б. жиынтығы ғана емес ол сондай-ақ, қоғамның мәдени-әлеуметтік маңызды құбылыстарының бірі. Яғни ғылым дегеніміз бұл:

1) мәдениеттің бір саласы;

2) дүниетанымдық әдістің бірі;

3) адамды және табиғатты қайта өңдеуші өндіргіш күш;

4) арнаулы институт (институт түсінігіне тек жоғары оқу орны емес, сонымен қатар ғылыми қауымдастықтар, академиялар, лабораториялар, журналдар және т.б, кіргізіледі).

Біздің жаңа капиталистік дәуірімізде көптеген құбылыстар ғылыми методологияға сәйкес қалыптастырылып отыр. Әрине адамзат еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыруға әлі қол жеткізе қоймаса да, дегенмен ғылыми қағидалар қазірдің өзінде еңбекте қолдануда. Осыған сәйкес бұл қағидаларды қолдану үшін, ең алдымен оларды білу қажет – себебі дамып келе жатқан капиталистік өндіріс жаңа табиғи ресурстарды, технологиялар мен машиналарды енгізуді талап етіп отыр. Осы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін капиталистік қоғамның өндіргіш күштері ретінде қазіргі заманғы ғылыми концепцияларды білу қажет.

Сонымен, концепция дегеніміз не? Ғылыми зерттеулердің нәтижесі болып теориялар, заңдар, модельдер, гипотезалар, эмпирикалық тұжырымдар болатындығы белгілі. Әрқайсысының өз мәні, мағынасы бар, бірақ бұл түсініктерді бір ғана «концепция» сөзімен ақ біріктіруге болады. Яғни «концепция» термині белгілі бір көзқарастардың жүйесі, белгілі бір құбылыстардың, процестердің түсінігі, белгілі бір туындының басты ойы ретінде түсінілуі .

Жалпылай айтсақ, ғылым – жүйелі түрде теоретикалық білімді дүниеге келтіретін адамның әрекеттерінің бір түрі болып табылады. Сонымен қатар ғылым қоғамның аса маңызды өндіргіш күштерінің бірі бола отырып, ғылым адамның өзін-өзі тану процесінің түрі болып табылады.

Жалпы, білім берудің, яғни, жаратылыстану концепциялары пәнінің де басты мақсаты, тек жаңа білімге ие болу ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемдік жаратылыстану ғылымында қоршаған әлем туралы қалыптасқан түсініктер мен ойлаудың ғылыми, рационалды ойлау қабілетін қалыптастыру болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, эрудицияны дамытып, қоршаған дүниеге, жалпы мәдениетке деген концептуалды көзқарасты, жалпы мәдениетті және білгірлікті қалыптастыру.

Мысалы, тақырыбымызға сәйкес ақын-жыраулар поэзиясында философиялық тақырыптағы шығармалары ірі концепцияларды қамтиды. Яғни философиялық толғамдары ірі концепция тұрғысынан жазылған деуге болады. Мысалы, Бұқар жыраудың «Бірінші тілек тілеңіз» атты толғауында толғауы тоқсан философиялық концепция, стратегия байқалады.

Бірінші тілек тілеңіз:

Бір Аллаға жазбасқа.

Екінші тілек тілеңіз:

Ең шұғыл пасық залымның

Тіліне еріп азбасқа.

Үшінші тілек тілеңіз:

Үшкілсіз көйлек кимеске.

Төртінші тілек тілеңіз:

Төрде төсек тартып жатпасқа.

Бесінші тілек тілеңіз:

Бес уақытты бес намаз

Біреуі қаза қалмасқа.

Алтыншы тілек тілеңіз:

Алпыс басты ақ орда,

Ардақтаған аяулың.

Күнінде ертең біреуге

Тегіннен тегін олжа болмасқа.

Жетінші тілек тілеңіз:

Желкілдеген ту келіп,

Жер қайысқан қол келіп,

Сонан сасып тұрмасқа.

Сегізінші тілек тілеңіз:

Сегіз қиыр шар-тарап,

Жер тұлданып тұрмасқа.

Тоғызыншы тілек тілеңіз:

Төреңіз тақтан таймасқа,

Тоқсандағы қарт бабаң

Топқа жаяу бармасқа.

Оныншы тілек тілеңіз:

Он ай сені көтерген,

Омыртқасы үзілген,

Аязды күнде айналған,

Бұлтты күнде толғанған,

Тар құрсағын кеңейткен,

Тас емшегін жібіткен,

Анаң бір аңырап қалмасқа.

Он бірінші тілек тілеңіз:

Он бармағы қыналы,

Омырауы жұпарлы,

Иісі жұпар аңқыған,

Дауысы қудай саңқыған,

Назыменен күлдірген,

Құлқыменен сүйдірген,

Ардақтап жүрген бикешің

Жылай да жесір қалмасқа.

Бұқар жыраудың тілегінде де терең ойлар жатыр. Бір аллаға жазып қалмайық, кінәлі болып қалмайық деген ой жатыр. Кінәлі, күнәлі болып қалмау дегеннің де өзінің де түр-түрі бар. Ұрлық жасамау, зина жасамау, өтірік айтпау, біреуге қиянат жасамау, ғайбаттамау, арамзалық жасамау, кісі ақысын жемеу т.б. деген секілді кішігірім концепциялары бар. Қазір өзіміз «жазу» ұғымының мәнін түсінетіндей көрінеміз. Сөйтсек, шын мәнінде «жазу» ұғымының бірінші мағынасы тікелей қалам мен қарындашқа қатысты болса, екінші мағынасы «күнәлі болу» дегенді білдіреді екен. Бұрынғы қазақтардың дінді жақсы түсінгендігі сонша, «жазу» ұғымына қатысты терең ойлар қалдырса керек. Қазақтың тілінде «жазмыштан озмыш жоқ», «Алланың жазғанын көреміз» дейтін ұғымдар әлі бар. ХҮІІІ ғасырдың өзінде қазақтың жыраулары осындай терең ұғымды айтқан болса, Бұқардың бұл тілегін түсінген сол кездің қазақтың діни концепциясы қазіргімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары болған екен.

«Екінші тілек тілеңіз,

Ер, шұғыл, пасық, залымның,

Тіліне еріп азбасқа»-дейді.

Пасық пен залым деген сөздердің мағынас біз үшін түсініті ғой. Бірақ ер, шұғыл деген сөздерді Бұқар жырау не себепті қолданған екен? Әрине, мұндай ой бізге, ХХІ ғасыр қазағына келеді. Ал сол заман адамдары оны түсінген болар. Ал енді осы сөздің мағынасына тоқталайық. Біздің түсінігімізде біреудің сөзіне еру, ерме адам, ерме деген сөздердің орнына ер деген сөз қолданылған секілді. Бұл туралы Амангелді Құрметұлының «Бұқар жыраудың «Тілек» атты толғауы» атты мақаласында былай депті: «Ердің» сөзіне неге еруге болмайды деп қоямын ғой баяғы. Жақсы ұғым ғой бұл деймін. Ал, «шұғыл» дегенге қалай еруге болады деймін тағы да. Біз үшін «шұғыл» сөзі жедел, тез арада, жылдам деген мағынаны беретіндей көрінеді емес пе?! Түсініксіз дүние. Содан не керек, осы мәселе жайлы әңгіме

арасында Омар Жәлелұлынан тағы сұрадым. Омар «ертеректе «ер» деген ұғымның бірнеше мағынасы болыпты, соның бірі «пенде» дегенді білдіреді екен» дейді. Міне, түсінікті Бұқар жырау қазаққа «пендешілікке ерме» деген екен-ау деп топшыладық. Ал, «шұғыл» сөзіне келсек оның да айрықша мағынасы бар екен. В.Ф. Гиргась деген ресейлік ғалымның 1881 жылы Қазанда басылған, кейін 2006 жылы қайта жарық көрген «Арабско-русский словарь к Корану и хадису» деген сөздігінде «шұғыл» сөзінің мағынасы «ол оны алаңдатты, алаңдатушы істер» дегенді білдіретіндігі жазылыпты. Яғни, «щұғыл» деген дүниенің ісі» дейді менімен сұхбаттасқан зерттеуші» [2]. Расында Бұқар жырау екінші тілегінде «пасықтың, залымның, пенделердің тіліне ерме, Аллаға құлшылыққа бастайтын жолдан алаңдатып тұратын дүниелік істерге ерме» депті ғой деген ой түйдік. Бұл жердегі концепцияның бір кіші бөлшегі туры сөз болып жатқан секілді. Ол біреудің сөзіне ермей, дұрыс жолды таңдау деген ой жатыр.

Бұқар жыраудың бір толғауының өзінен біраз дүниеннің қыр-сырына көз жеткізгендей болдық. Бір- екі ұғымнан, қазақтың бұрынғы ұғымдарынан осындай терең мән таптық. Хандық дәуірдің қазақтары дінге берік болғандығын, иманды болғандығын осы ұғымдар көрсетіп тұрғандай.

Енді үшінші тілекке келейік. Үшінші тілектегі «үшкілсіз көйлек» деген кебінді білдіреді екен. Жалған дүниені жалған болса да, адамзат баласына үшкілсіз көйлек кимеуін тілеп жатқандығынан түсінуімізге болады. Үшінші тілек, жасың жетпей, маңдайың сәждеге бір рет те болса тимей жатып, тәубеңе келмей, бақиға аттанудан сақтасын дегенді ұқтырып тұр. Бабалардың таным-түсінігі осындай екен. Философ, мәдениеттанушы Әуезхан Қодар «Конечно, здесь явственно ощущается налет суфийских идей о бренности мира, но тема все равно решается жизнеутверждающе и оптимистически, совсем не по-мусульмански» [3].

Төртінші тілекте Төрде төсек тартып жатпасқа, бесінші тілекте бес уақыт намаздың біреуі қаза болмасқа, алтыншы тілекте «алпыс басты ақ ордаң мен ардақтаған аяулың біреуге тегіннен тегін олжа болмасқа» туралы айтылады. Осындағы тілектер сол заманның ағымына, ыңғайына, жай-күйіне байланысты болып келеді екен. Жаугершілік заманда ордаңды біреу ойрандап, қыздарын тартып әкетіп жатқан заманда ондай әрекеттердің орындалмауы, орын алмауын айтудың өзі жақсы тілек болған. Жетінші тілек те алтыншы тілектің заңды жалғасы сияқты. Жетінші тілек тілеңіз, желкілдеген ту келіп, жер қайысқан қол келіп, сонан сасып тұрмасқа» деген жолдар сол заман әдебиетіндегі негізі концепция болып саналған. Дінге берік болғандығы сонша бес уақытты бес намаздың біреуін де қалдырмай оқу – адамзаттың жалған дүниеге деген көзқарасын, иманының күштілігін, қала берді істеп жүрген нәрсесінің (намаз оқуын) жүйелі орындауды да тілек етіп айтып кеткен. Ал жалған дүниедегі адамға ең керегі денсаулық екенін, қалғанының бәрі жай дүние екендігін де осыдан көруімізге болады.

Сегізінші тілекте сегіз қиыр шартарап жердің тұлданбауын, қалыпты күйде болуын тілейді. Себебі табиғаттың тылсым күштерінен кез келген

адамзат қорыққан. Ал маған қатты әсер еткені – тоғызыншы тілек. Тоқсандағы қарт бабаң топқа жаяу бармауын тілеген бұл тілекті екі түрлі сипатта түсіндім. Біріншісі, ер қанаты – ат болған, жылқы – дүние-мүліктің үлкені болған. Сондықтан малсыз күн көрісті қазақ көз алдына елестете алмаған болуы мүмкін. Екінші болжам – ұрпақсыз қалмау мәселесін меңзеген болуы да мүмкін. Бабасын атқа мінгізіп, топқа апаратын ешкімі, тұяғы болмай қалуы мүмкін дегенді айтқысы келді ме екен. Қалай болғанда да 90 жастағы бабасын жаяу, жалғыз жарым барғанын жөнге санамай тұр.

Ал оныншы тілекте «Он ай сені көтеріп, Омыртқасын үзген, Аязды күнде айналып, Бұлтты күнде толғанған, Тар құрсағын кеңейтіп, Тас емшегін жібіткен, Анаң бір аңырап қалмасқа» деген жолдардан қазақтың үлкен кісілерінің «Е, құдай, алсаң, балаларымның алдында ал» деген жалған дүниеден көңілі жай кейіпте кеткенін қалайды. Қазақтың осы бір ауыз сөзінің астарында осындай терең философия жатыр.

Он бірінші тілекте «Он бармағы қыналы, Омырауы жұпарлы, Иісі жұпар аңқыған, Дауысы қудай саңқыған, Назыменен күлдірген, Құлқыменен сүйдірген, Ардақтап жүрген бикешің Жылай да жесір қалмасқа» дегенде өзінің де амандығын ойлаған. Сонымен, біздің бір ғана Бұқар жыраудың толғауынан сол кезеңдегі бабаларымыздың концепцияларын айқындап отырмыз. Бірінші өмір, дүние деген ірі концепциясын айқындап алдық. Өмір сүру үшін материалдық құндылықтан гөрі рухани құндылықтарды бағалаған бабаларымыз кіші концепциялардың өзін үлкен құндылыққа балаған.

Бұқар жыраудың бұл толғауындағы негізгі стратегия – адамзаттың, оныңішінде халықтың, оның ішінде ұрпағының сау болып, саналы болып, рухани таза, адами ар мен ожданның, ата-ананың бала алдындағы, сондай-ақ баланың парыз бен міндеті болса, тілек айта отырып, оны жеткізуді тактика ретінде ұстанып отыр. Негізгі концепциясы да өмір, осы жалған дүниедегі негізгі қағида ақиқат дүниеге деген шынайы жол екенін көрсеткісі келеді.

А.Ж. Жақсылықовтың: «Предметно закрепленные образы прочитывались адекватно как современниками, так и потомками по той причине, что эти единицы были претворены и осмыслены, воссозданы как таковые в необычайно устойчивом семантическом космосе ритуально-мифологической культуры кочевников. Существование такого ритуально-мифологического космоса как чрезвычайно устойчивого понятийного кластера обрядового мира с корпусом формульной паремиологии, изощренной и развитой языковой картиной мира, многослойной системой концептов, отражающих мир культуры, просуществовавшего много тысячелетий, как правило, обуславливает и жизнеспособность когнитивных единиц, которые дошли до нашего времени в неизменном смысловом гнезде» деген пікірі сол кезең адамдарының концепцияларының көптүрлі болғандығын дәлелдейді. Бұны жоғарыдағы Бұқар жырау толғауында концепцияның ірі концептісі ретінде «жалған дүниенің» бейнелері арқылы кіші концепцияларын көрсеткенінен байқаймыз [4, 308 с.].

Осылайша жыраулар поэзиясындағы бірнеше концепцияны анықтап алуымызға болады. Жыраулар поэзиясындағы концепциялар жеке-дара ашыла алмайды. Себебі олардың бәрі бір-бірімен тығыз байланыста болады. Ертедегі адамдардың концепцияларын түсінуге де жұмырлай, жинақтай зерттеудің пайдасы тиеді. Жыраулар айтайын деген негізгі ойларын бір сөзбен айта салмайды. Түсіндіре отырып, бірнеше ұғымдардың басын шалып, мақұлдата отырып, толғауларының соңында негізгі шешімін, нүктесін айтады. Мұны тағы бір толғауын талдау арқылы көруімізге болады.

Алтын, күміс байда бар,
Сақтаған орап бүлдемен.
Құйрығы бітеу қойда бар,
Қысы, жазы борланған.
Жүйрік жарау атта бар,
Бәйгені жылда қоймаған.
Қиыла қарап жымиған,
Бұралған бикеш тағы бар,
Назына жаның тоймаған.
Өмірдің сырлы жағы бар,
Ойынды бөліп қоймаған.
Адамзаттың бағы бар,
Тірлігінде тойлаған.
Өлеңде менің хақым бар,
Қанағат қылмай ойлаған.
Ойланындар, жарандар,
Сөзіме бір толғанған.
Бұл күнімде орным тар,
Елім үшін тарманған.
Шөлде суға болдым зар,
Түтегім түтеп зарланғам.
Бұл тірліктен алдым зар,
Жаным түңіліп жалғаннан.
Ажалдан кім қалған бар,
Өтті күнім қарманған.

«Алтын, күміс байда бар» деп басталатын толғауы біздің айтқан ойымызды дәлелдей түседі. Соңғы шешімінде:  «Бұл тірліктен алдым зар, Жаным түңіліп жалғаннан. Ажалдан кім қалған бар, Өтті күнім қарманған» деп жалған дүние туралы ойымен түйіндейді. Ал осы толғаудың басқы жағында:

Алтын, күміс байда бар,

Сақтаған орап бүлдемен.

Құйрығы бітеу қойда бар,

Қысы, жазы борланған.

Жүйрік жарау атта бар,

Бәйгені жылда қоймаған.

Қиыла қарап жымиған,

Бұралған бикеш тағы бар,

Назына жаның тоймаған, – деп келетін жолдар бар. Ал енді осы басқы позиция мен соңғы позицияның байланысы тікелей байланыс емес. Байқасақ, жалған дүниеге алтын, күміс, құйрығы бітеу қой, жүйрік жарау ат, бикештің қатысы қанша деген ой түюге болады. Бірақ жыраулар поэзиясының да ерекшелігі осында. Алыстан орағытып келіп, сатылап, соңғы түйінін негізгі ойға орап береді.

Әрі қарай талдар болсақ:

Өмірдің сырлы жағы бар,

Ойынды бөліп қоймаған.

Адамзаттың бағы бар,

Тірлігінде тойлаған.

Өлеңде менің хақым бар,

Қанағат қылмай ойлаған.

Ойланыңдар, жарандар,

Сөзіме бір толғанған.

Бұл күнімде орным тар,

Елім үшін тарманған.

Шөлде суға болдым зар,

Түтегім түтеп зарланғам.

Міне, негізгі ойға деген баспалдақ осы жерден басталады. Жырау мынау жалған дүниеден өзге «өмірдің сырлы жағы бар екені, оның үнемі адам ойын бөліп, тылсым дүниенің шын ақиқатын сан саққа жүгіртетіні, сонда да кейбіреулер айтатын ақиқат дүниенің бет-бейнесіне көңілі толмай, «қанғат қылмай ойланатыны», «шөлде суға зар болдым» деп, айтып тұрған шөлі – осы заман екені, оған ешқашан тоймайтынын, зар болатын суы – ана дүние екендігін айтып өтеді. Міне, осы астарлы ой – Бұқар жыраудың жалған дүние деген ойын метафоралап, синекдохалап, метонимиялап беріп тұрғанына хабар береді.

Осылайша, Бұқар жыраудың осы толғауындағы жалған дүние туралы ойының сатылап дамуы мына суретте айқын көрініс тапқан.

Ай, заман-ай, заман-ай,
Түсті мынау тұман-ай.
Істің бәрі күмән-ай.
Баспақ, тана жиылып
Фәни болған заман-ай.
Құл-құтандар жиылып,
Құда болған заман-ай.
Арғымағын жоғалтып,
Тай жүгірткен заман-ай.
Азаматың құлапты,
Жұрт талық болған заман-ай.
Арғымақтың жалы жоқ,
Жабылар жалымен теңелер.
Жақсылардың малы жоқ,
Жамандар малымен теңелер.
Арғымақ жалсыз, ер малсыз,
Алланың аманаты – жан,
Қай күн алары болжалсыз. 

Қазақ әдебиетіндегі толғау жанрын зерттеп, оның табиғаты мен ерекшелігіне алғашқы анықтама берген А.Байтұрсынов еді. Ол хандық дәуірі әдебиетінде, негізінен, жанр толғау екенін айта келе: «Толғау – қысқасын

айтқанда, іш қазандай қайнаған уақытта шығатын жүректің лебі, көңіл құстың сайрауы, жанның тартатын күйі», – дейді [5, 4 б.].

Ғалым толғау жанры айтушының көңіл – күйіне байланысты әртүрлі сәтте туатынын айтып, бірнеше түрге бөліп қарастырады: 1) Сап толғауы; 2) марқайыс; 3) намыс – таныс – адамды алға жетелейтін рухани тірек; 4) сұқтаныс; 5) айнамалдау [5].

Жыраулар толғауларында көтерген мәселе бойынша шешім бірнешеу болуы мүмкін. Мысалы, сап толғауында ерлік, елдік, батырлық т.б. Марқайыс – бір нәрсеге риза болу, марқаю, намыс толғауында – намыс үшін күресу, сұқтаныс – таңдану т.с.с. айтылатын ой ұшан теңіз. Жырау мұраларының барлығы толғау болып келетінін, бүкіл адамзаттың даналық ой – пікірі, толғамы, дүниетанымы көзқарасын жыраулар толғаулары арқылы жеткізгенін байқайсыз. Ал айнамалдау түрі қазіргі біз сөз етіп отырған түрі болса керек. Алыстан орағытып, айналп келіп, соңғы шешімде негізгі ойын айтатын толғауларда жалған дүние соңғы шешімде салмақты ой ретінде көрінеді.

Қазақтың ханы Абылай
Абылай ханым, бұл қалай?
Ақиықты аспанға
Ұшпастай ғып торлады.
Құлағанға ұқсайды
Қазақтың қамал қорғаны.
Қайғырмаңыз, ханзадам,
Айтпасыма болмады,
Батырың өтті Бөгенбай.Кәрілік шіркін не қылмас,
Аяғың қалар басылмай.
Қолыңа таяқ ұстатар,
Бүгілер белің жазылмай.
Келіндерің келгенде,
Аузың қалар ашылмай.
Уақыттың ісі қиын-ақ,
Кәрілік әбден жеткен соң,
Айтып-айтпай не керек,
Мезгіліміз жеткен соң.
Кеудедегі жалын-өрт
Су құйылып өшкен соң.
Жастық дәурен, жалын мәрт
Басымыздан көшкен соң.
Айтуға бәрін әлім жоқ,
Уақытым менің өткен соң.
Кәрілік шіркін не қылмас,
Мезгіліміз жеткен соң.
Қатты тағам шайнарға
Мен пақырда тіс бар ма?
Арыстан ем айбарлы,
Бұл күнде қауқар, күш бар ма?
Кәрілік шіркін не қылмас
Мезгіліміз жеткен соң. 

Бөгенбайдың өлімін Абылай ханға естіртуінің өзінде мән жатыр. Бұл толғауда жалған дүние концепциясы бірнеше тілдік сипатта беріледі.

Ақиықты аспанға
Ұшпастай ғып торлады.
Өлді, сол себепті ақиық аспанға көтеріле алмайды
Құлағанға ұқсайды
Қазақтың қамал қорғаны.
Енді қайтып қамал қорған бола алмайды, себебі өлді.

Бәріміз де бұл жалғаннан ойынымыз аяқталған соң кететінімізді, кетпей тұрып, «қолымызға таяқ ұстап, беліміз бүгіліп, жазылмай, кеудемізде жалын-өртіміз сөніп, бір адамға қарап сөзімізді өткізе алмайтынымызды, бір кездерде айбарлы арыстан, енді қауқарымыз, күшіміз қалмаған соң, бұл жалғанның несі қызық дей келіп, адамзаттың жалғанды қимау сезімін осындай сөздермен басқандығын көреміз.

Демек, жалған дүниеге тән нәрселерді толғамалап, өмірді тастап кетуге аса бір қатты қиналмауын жеңілдетеді. Ол үшін мынадай сөздермен жан жарасын емдейді.

Белгілі ғалым Р.Бердібай: «Жыраудың философ ойшылдығы мен ғибратшылдығы дүние сырын кеңінен шолып, терең салыстырулар жасайтындығы толғаулардан айрықша көрініс береді. Мұндай жырау жеке адамдағы немесе топтарға қарап емес, биік мінбеден бүкіл халыққа арнап сөйлегендей болады», – дейді [6].

Ғалымның осы пікірі жыраудың бүкіл табиғатын ашып тұрғандай. Демек, жыраулар толғаулары арқылы дүние сырына шолып, әр заманның тарихи оқиғаларына үн қосқан.

Жоғарыдағы толғауда адамзаттың іс-әрекеті арқылы жалған дүние концепциясын берген болса, мына төмендегі толғауда табиғат құбылыстарымен астастыра дүнеиенің жалғандығын түсіндіруге тырысқан.

Ай не болар күннен соң?
Күн не болар айдан соң?
Құлпырып тұрған бәйшешек
Қурай болар солған соң.
Хандар киген қамқа тон
Шүберек болар тозған соң.
Еңсесі биік кең сарай
Мортық болар бөлген соң.
Төрде отырған қарт бабаң
Төресін жаңылар малдан соң.
Төркіндеген бикешің
Тіркеусіз о да қайтар малдан соң Доңғалақ арба жүре алмас,
Қос арысы сынған соң.
Жігіт жақсы бола алмас
Алғаны жаман болған соң.
Қос – қос орда, қос орда
Қосыла қонбас малдан соң.
Қоспақ өркеш сары атан
Қом жасамас майдан соң.
Төс аршынды сұлуың
Сілкіп төсек сала алмас жардан соң.
Байдың ұлы көрпелдес
Шұбалаңқы тартады
Айдап жүрген малдан соң.
Үлдемен басын ораған,
Семсермен шашын тараған,
Қиғаштап қасын қараған,
Күлгенде күрек тісі қасқайған,
Қынайда белін буынған,
Ол не болар ерден соң?

Бұл өмірдің жалған екенін табиғатпен астастыра түсіндірген жыраулар табиғаттың тылсым күштерін түсіндіріп бере алмайды. Шындығында, түсіндіріп бере алмайды емес, сол сұраулар қою арқылы жалған дүниенің ішкі сырына үңіледі. Күн шыққан соң, ай қайда кетеді, бір кездерде құлпырып тұрған бәйшешек неге қурай болып солады … дей келіп, бұл жалғанның уақытқа тәуелді екендігіне тоқтайды. Міне, осыдан кейін қазақтың халық ұғымындағы уақыт төреші деген сөздің мән-мағынасы түсінікті болып шыға келеді.

Жиырма деген жасыңыз
Ағып жатқан бұлақтай,
Отыз деген жасыңыз
Жарға ойнаған лақтай.
Қырық деген жасыңыз
Ерттеп қойған құр аттай.
Елу деген жасыңыз
О да бір көшкен ел екен,
Алпыс деген жасыңыз
Қайғылы – мұңлы күн екен,
Сексен деген жасыңыз
Қараңғы тұман түн екен,
Тоқсан деген жасында
Ажалдан басқа жоқ екен. 

Бұл суреттің алғашқы тізбегі – жақсылыққа толы болса, екінші дөңгеленген дүниенің жартысы мұң мен қайғыға, қиындыққа толы екен де, соңы ажалға барып тіреледі екен. Міне, жыраулар поэзиясындағы арман болған дүние жалғанның көріністері осындай сипатта.

Демек, жалған дүние концепциясы «адам», «қоғам», «табиғат» секілді үштік негізінде түсіндіргенін көреміз.

«Таким образом выясняется важность гнездовых лексических единиц – предметно насыщенных концептов в поэзии жырау не только для правильного прочтения смыслов этой древней системы, но и для переводческой дешифровки этого смыслового поля. То есть поэзию жырау должны изучать и воспроизводить в переводе филологически достаточно подготовленные мастера – поэты, хорошо понимающие вековое значение поэзии жырау не только для казахского народа, но и для многих других тюркоязычных этносов, но и умеющие читать и идентифицировать образные коды ушедшей от нас древней культуры. Между тем образная система поэзии жырау изобилует такими предметными концептами, знаками и маркерами, смысл которых при всей внешней простоте всетаки бывает иногда затемнен и ассоциативно усложнен. В таких случаях без специального анализа и этнокультурных комментариев не обойтись. Необходим также этнолингвистический словарь наиболее важных лексем поэзии жырау. Такая необходимость давно назрела. Здесь нельзя не посетовать по поводу отсутствия хороших толковых этнографических и этнокультурных словарей казахского языка, которые представляли бы своего рода карту для путешествия в древний языковой мир номадов Великой степи», -деп жазған А. Жақсылықовтың пікірі толыққанды шындыққа жанасымды [5].

Жалпы жыраулар поэзиясында ойдың негізгі түйінін толғауларының соңына жинайтын әдет, дәстүр бар. Бұл тек толғауларда ғана емес, шешендік сөздерде кездеседі. Асан қайғының «Еділ бол да, Жайық бол» деген толғауында мынау жалған дүние үшін ешкіммен ұрыспауды мақсат ет деген дидактикалық ой айтады.

Еділ бол да, Жайық бол,
Ешкімменен ұрыспа.
Жолдасыңа жау тисе,
Жаныңды аяп тұрыспа.
Ердің құны болса да,
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң,
Аса кеш те қоя бер,
Бұрынғыны қуыспа.
Ақың болса біреуде,
Айыбын тап та ала бер,
Ерегесіп ұрыспа.
Сенікі жөн болса да,
Атың шықпас дұрысқа.
Мінезі жаман адамға
Енді қайтып жуыспа.
Тәуір көрер кісіңмен
Жалған айтып суыспа.
Өлетұғын тай үшін,
Көшетұғын сай үшін,
Желке терің құрысып,
Әркімменен ұрыспа.
Ашу – дұспан, артынан
Түсіп кетсең қайтесің
Түбі терең қуысқа!..

Қобылан Бәрібайұлы (1760-1840 жж.) ХҮІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында Орталық Қазақстанда өмір сүрген ақын. Бұқар жыраудың жолын берік ұстанып, өнердегі өнегесін жалғстырушы ретінде әдебиетте танылған. Шал ақынның сыншылдық дәстүрін қадір тұтқан ақындардың бірі.

Жыраулық, ақындық өнерді қатар алып жүрген Қобылан таңды таңға ұрып жыр толғаған екен кезінде. «Бес ғасыр жырлайды» атты жинақата Қобылан ақынның сегіз қырлы, бір сырлы жырау екендігі, әншілік өнерімен танылған, «Қайнаған тұтас денем күй менен жыр» деп өзі айтқандай, әр шертісінен күй төгілген күйші, жүрген жерін сайрандатқан сері болған екен. Жасы сексенге таяғанша қолынан домбырасы түспепті. Жастайынан 80 жасқа таянғанша кедейліктің қамыты мойнынан түспепті. Жай-күйін өлеңінде былай береді:

Кедейлік, жас кезімде келмеп пе едің,

Жеңем деп мені жаста сенбеп пе едің?

Сексенге кеп, селкілдеп отырғанда,

Кәрілікпен қосылып мені жеңдің.

Қызығын дүниенің малмен баспай,

Жақсылық табылмайды алдын тоспай.

Жамандық табылады сатып алмай,

Жігіттер, өтірік пе осы, осы рас пай-ай?! (34, 7 б.).

Осы өлең жолдарында ақын дүниенің қызығы мал боп тұрған шақта нағыз жалғандыққа алданып, шынайы ақиқатты малмен  шатастырып алып жатқандығы туралы жазады.

«Всероссийской научной конференции с международным участием «Бренное и вечное: идеология и мифология социальных кризисов» [7]; Ресейде осындай тақырыппен конференциялар да өткізіліп тұрады екен. Осы конференцияда Бренный мир, будто лодка, раскачивается. Непонятно, – где низ, где верх… Он заканчивается, заканчивается – долгий, совесть продавший – век. Это в нём, по ранжиру построясь, волей жребия своего, мы, забыв про душу, боролись, надрывая пупки, боролись, выбиваясь из сил, боролись то – за это, то – против того!.. Как ребёнок, из дома выгнанный, мы в своей заплутались судьбе… Жизнь заканчивается, будто проигранный, страшный чемпионат по борьбе!

Роберт Рождественскийдің өлеңінде: «Жизнь заканчивается, будто проигранный, страшный чемпионат по борьбе!» деген жолдары осы дүниенің жалғандығынан, оның барлық уақытта жеңіліс табатынын, әр адамға бақилық келген күні жалған дүниенің жеңіліс табатынын ХХ ғасыр тілімен, түсінігімен бейнелеп берген [8].

А.Жақсылықов жыраулар поэзиясы тек 5 ғасырлық қазақ поэзиясының ғана емес, сонымен бірге түркі әдебиетінің, атап айтқанда, ноғай, башқұрт, қарақалпақ, татар, Қырым татарлары әдебиетінің іргесін қалаушы мағынаға ие. ХIV-ХVIII ғасырларда осы туыстас әдебиеттердің дамуы барысында, поэтика, ритмика, бейнелілік, композиция, поэтикалық сөз бен троптарды қолданудың өзара ұқсас фундаменталды қағидалары қалыптасқандығын айтады. Ғасырлар бойы дамып отырған жыраулар поэзиясының өзіндік ерекше әлемі бар еді. Бұл әлем біртұтас менталдылық билеген, қалыптасқан қарым-қатынастар жүйесіне, өзіндік тақырыптық-концептуалдық бейне, маркер, символ, культурогема, идиологема, мифологемаларға негізделген өзі өмір сүретін кеңістікті тану болатын. Өзінің таныған нәрсесін сөз етіп, атадан балаға мұра етіп қалдырды. 

2 ХІХ ғасыр ақындары поэзиясындағы жалған дүние концепциясы: дәстүр жалғастығы

Қазақ әдебиеті ХІХ ғасырда аса бір елеулі, құнарлы кемелденуді , түрленіп, түлеуді бастан кешті. ХІХ ғасыр қазақ әдебиетінің бел асқан кезеңі болды. Әдебиет тарихының мәселелері түпкілікті қозғала бастаған жиырмасыншы ғасырдың басынан бері ХІХ ғасыр әдебиеті айрықша назарда болды : шұқшия зерттелді.

Бұл дәуірдің әдебиет үлгілері , оның туу жасау себептері тек қана сырт мазмұндау емес, көркемдік негіздерімен дәлелденіп, айғақтала бастады. ХІХ ғасыр әдебиетінің сан-саласы, оны туғызушылардың өмірбаяны, шығармашылық мұрасы ғылым назарына ілікті. Өкінішке орай, түрлі саяси қаулы-қарар: әдеби мұраны ары тартып, бері тартып саясаттың, идеологияның көкпарына айналдырған тұстар аз болған жоқ: ол уақыттарда көркемдік әлем , сөз өнері жайлы ғылым жалаңдыққа, жасандылыққа барды, тоқыраған сәттері болды.

Соның өзінде әдебиеттану ғылымы әдеби мұраны жиып, теріп, жариялап, бастырып: зерттеу ісін тоқтатқан жоқ.

Қазіргі күнде қолымызда ХІХ ғасырда жасаған қазақ әдебиеті үлгілерінің қырау мұрасы бар: сол әдебиетті туғызушылардың өмірбаян, шығармашылық ғұмыры жайлы толып жатқан мәнді, маңызды мәлімет бар. Негізігі, басты сипаттары, ерекшелектері қамтылған ғылыми-зерттеу еңбектер бар.

Соңғы уақыттарға шейін ХІХ ғасыр әдебиеті түрлі атауларымен бөлініп келгені мәлім. Бірақ ол атауларға көбіне сол әдебиеттің көркемдік негізі , әдеби үлгісі емес, көбіне мазмұндық, саяси мән жағынан берілген жалпы баға негіз болды. Кертартпа романтикалық, сыншыл реалистік деген атаулар әдебиет ерекшелігін ажыратуға қатысты қолданыстар, айғақтар болғанымен, өз мәнінде қолданылды деуге болмас. Бір кездерде біздің әдебиеттану ғылымымызда, көркемдік танымымызда реализм тек Абайдан басталды деген ұғындыру басым болды. Көркем әдебит реалистік негізсіз тумайтынын, жасамайтының мойындағымыз келмеді.

ХІХ ғасырдағы әдебиеттің өзіне шейінгі жасап келген әдебиетпен сабақтастығы бола тұра , көркемдік жөнінде де, басылым, шығармашылық тақырып, мазмұн жөнінен де, бірнеше ерекшелігі, айырмасы бар. Негізінен, ХІХ ғасырға шейін ауыз әдебиеті, жыраулар поэзиясы болып келсе, енді әдебиет сырт түрі, үлгісі жағынан бірнеше түрлі болды. Ішкі көркемдік сапа жөнінен де көп өзгеріс, жаңалық туды.

Х. Досмұхамедұлы халық әдебиетін көркемдік жөнінен жіктеп отырып, ХІХ ғасыр әдебиетінің бір қырын көрсетер мына бір жайларға тоқталады.

«Халық әдебиеті ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап жүйелі түрде хатқа түсе бастады. Әдетте оны қызығушылар мен Радлов, Потанин, Ильминский, Мелиоранский сияқты шығыстанушы мамандар жазып алды.Қазақ халық әдебиетінің нағыз жинаушысы этногроф Әубәкір Ахметжанұлы Диваев болды. Қырық жылдан астам уақыт бойы ол шаршамай-талмай қазақ халық әдебиеті үлгілерін жинады, жүйеледі және орыс тіліне аударды».

Халық әдебиеті үлгілерін Омбыдағы орыс оқымыстыларының, зиялыларының тапсыруымен Шыңғыс Уәлихановтың, Шоқан Уәлихановтың жиыстырғаны белгілі.

ХІХ ғасырдың соңына қарай қазақ тіліндегі баспасөзде «Түркістан уәлаятының газетасы», «Дала уәлаятының газетасы » беттерінде әдебиет материалдары, оларға қатысты пікір, сыни ойлар жарияланды.Орыс тіліндегі түрлі басылымдарда, қазақ тіліндегі басылымдарда Алекторовтың, Диваевтың, Радловтың, Лютшьтің еңбектеріндегі әдебиет үлгілері жарық көріп жатты.

ХІХ ғасырдың соңын ала, төңкеріске шейін Қазанда көптеген өлең кітап, жинақтар басылып шықты. Дулаттың «Өсиетнамасы», Шортанбайдың «Бала зары», түрлі қиссалар.

ХІХ ғасырда жазба әдебиет туғанын М.Әуезов те нығыздай айтты.

М.Әуезов түрлі саяси күйдің әдебиетке жаңа сарындар әлеуметшілдік, азаматтық бағыт әкелгенін айтты.

ХІХ ғасыр әдебиетіне байланысты Сәбит Мұқанов 1942 жылы мынандай тұжырым жасады. ХІХ ғасыр әдебиетінің дәуірлері одан бұрынғы ғасырлардың әдебиет дәуірлеріндей көмескі емес, айқын, ашық. Мәселен: ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында ұлт бостандығын жырлайтын әдебиет жасалды. ХІХ ғасырдың 50-70 жылдарында «Зар заман» әдебиет басым болды. ХІХ ғасырдың 70 жылдардан бастап просветительдік (мәдениет үндеуші) әдебиет туды.

С.Мұқанов ХІХ ғасыр әдебиетінде Айтысқа айрықша тоқталды.

Айтыс- ХІХ ғасырда жасаған әдебиет үлгілерінің бір түрі.

С. Мұқанов жіктеуінде, бөлуінде (1942 ж.) сыншыл реализм атауы жоқ, Абай дәуіріндегі әдебиетті мәдениетке үндеу деп бөледі [8].

ХІХ ғасыр әдебиетінің негізгі бітім-болмысы, саяси-тарихи жағдайлары Х. Досмұхамедұлы, М.Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Ы. Дүйсенбаев, Ә. Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев, Х. Сүйіншәлиев, С. Қирабаев, Т. Кәкішов, Р. Бердібаев, М.Мырзахмедов. М. Мағауин, А. Жақсылықов, Б. Омарұлы т.б ғалымдар еңбектерінде жан-жақты қарастырылды.

ХІХ ғасыр әдебиет үлгісі, түрі мол, сан жанрлы әдебиет. ХІХ ғасырда қазақ әдебиетінде жыр үлгісінің түрлі дәстүрлі жанрымен бірге жаңа өлең түрлері туып дамыды. Уақиғалы дастан-поэмалар, түрлі сырлы лирикалық өлеңдер, сатира, айтыс түрлері қатар жасады. Көркем прозаның үлгілері (Ыбырай әңгімелері), сыни мақалалар, түрлі баспасөз жанрлары, аударма әдебиет ғылыми-публицистика туып, қалыптаса бастады. Мазмұн мен түрдің жалпы сырт сипатына қарағанда әдебиет мынадай үлгілерде, салаларда көрінеді:

  1. Жыр үлгісінде келген түрлі толғау, терме, үгіт-насихат өлең: Ерлік, бостандық күрес жырлары. Тарихи жырлар: жоқтау, естірту, зар:
  2. Ақыл-нақыл , афоризм:
  3. Айтыс өлеңдер
  4. Сал-серілердің ән өлеңдері.
  5. Қиссалар
  6. Саяси-әлеуметтік көңіл-күй лирикалары
  7. Поэмалар
  8. Көркем қара сөз
  9. Публицистика
  10. Сын
  11. Аударма.

ХІХ ғасыр әдебиетінің аса көрнекті өкілдері бостандық рухты жырлаған Махамбет ақын, Шернияз.

– зар заман әдебиетінің айтулы тұлғалары Дулат, Шортанбай, Мұрат, Әубәкір.

– әйгілі айтыс ақындары Шөже, Орынбай, Кемпірбай, Түбек, Марабай.

– атышулы сал серілер Сегіз Сері, Біржан сал, Жаяу Мұса, Ақан сері.

– қиссашыл ақындар: Қоқан езгісіндегі өңірдің әдебит өкілдері Сүйінбай, Мәделі, Құлыншақ, Майлықожа, Базар:

– жаңа жазба әдебиет өкілдері: Абай, Ыбырай, Шоқан.

Қазақ әдебиеті тарихының төртінші томындағы зерттеулер мен талдаулар ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы (1800-1850 жылдар аралығындағы) әдебиеттің даму заңдылықтарын қамтиды. «ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті» атты шолу мақала осы кезеңдегі әдебиет тынысына сараптама жасап, негізгі бағыттары мен көркемдік ерекшеліктерін көрсетуге арналды. ХVІІІ ғасырдың соңында дүниеге келіп шығармашылық ізденістері ХІХ ғасырда көрінген ақын-жыраулар мен ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүріп, әдеби шығармалар жазған тарихи тұлғалардың өмір жолы мен әдеби қызметі ғылыми айналымға ұсынылды. Отыздан аса ақын-жыраулар мұралары қарастырылды. Сол кезеңдегі әдебиеттің даму тынысының өзіндік ерекшеліктері сипатталып, негізгі заңдылықтары зерделенді, он бес ірі суреткерлердің шығармашылық портреттері жасалды.

Әдетте, әдебиет тарихына қатысты академиялық басылымдарға шығармалары жете зерттеліп, зерделенген, белгілі бір ғылыми тұжырымды көзқарас қалыптасқан тұлғалар қосылатындығы белгілі. Қай ғасырда да қазақ ақын-жыраулары, көркем сөз шеберлері көп болғандығы да шындық. Бұл ХІХ ғасыр әдебиетіне де қатысты жай. Қолжазбалары мұрағат қорларында сақтаулы, мерзімді баспасөзбен бірді-екілі кітаптарда шығармалары тиіп-қашып жарияланған, немесе мұралары жарық көрсе де зерттеліп, бағалана қоймаған ақын-жыраулар тіпті көп. Кейбірінің әдеби-көркем мұралары ауқымды болып келсе, енді біреулерінің үш-төрт, әлде оншақты өлеңдері мен айтыстары ғана сақталып қалған. Тәуелсіздік алған жылдардағы егемендік пен еркіндік бұл салаға да өз жаңалағын әкелді. Көптеген ақын-жыраулар әдеби айналымға қосылды. Сонымен бірге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, әр ауылдан ақындар мен батырларды атап-түстеп, дәріптеу үрдісі басталды. Бұл көбінесе жер-жердегі әуесқой әдебиетшілер мен әдебиет жанашырлары тарапынан шашыраңқы, стихиялы түрде жүрді. Кейінгі жылдарда арнайы ғылыми мамандандырылған экспедициялар шығару дәстүрі мүлде тоқтап қалғандықтан, ел ішінде бастау алған әдеби мұраларды жинап-насихаттау мақсатындағы талаптардың бәрі бірдей ғылыми тұрғыда тиісті деңгейде нәтиже бере бермейді. Міне, осындай себептермен, жеткілікті зерттеліп, белгілі бір ғылыми тұжырым түйіп үлгермегендіктен ақын-жыраулардың енді бір қатарының шығармаларын академиялық зерттеу кітабына қосудың реті келмеді. Бұл әдебиеттану ғылымының үздіксіз жалғаса беретін, кезең-кезеңімен атқарылатын төл ісі. Енді бірқатар ақындардың есімдері мен шығармалары аталып, қысқа мағлұматтар ұсынылды.

«Жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің даму заңдылықтары (ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезі)» [9] ғылыми-зерттеу жобасы авторларының құрамында көрнекті әдебиетшілер мен белгілі әдебиет зерттеуші мамандар атсалысты. Енді еңбектің құрылысына келсек, төртінші томды жазуға

ғылыми жобаның жетекшісі, филология ғылымдарының докторы, профессор А.Қ.Егеубаев («Кіріспе», «ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму заңдылықтары», «Көтеш Райымбекұлы»), филология ғылымдарының докторы, профессор Ж. Ысмағұлов («Шал ақын Құлекеұлы»), ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор С.С. Қирабаев («Жанақ Сағындықұлы»), ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Қ. Жұмалиев, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор С.А. Қасқабасов («Махамбет Өтемісұлы»), ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Жұмалиев («Шернияз Жарылғасұлы»), филология ғылымдарының докторы, профессор Ә. Дербісалин («Шөже Қаржаубайұлы»), филология ғылымдарының кандидаты Қ.Сыдиықов («Абыл Тілеуұлы», «Нұрым Шыршығұлұлы») филология ғылымдарының докторы, профессор Ж.Тілепов («Қобылан Бөрібайұлы»), филология ғылымдарының докторы, профессор С.Негимов пен филология ғылымдарының кандидаты Н. Ахат («Орынбай Бертағыұлы»), филология ғылымдарының докторы, профессор М. Жармұхамбетов («Шортанбай Қанайұлы»), филология ғылымдарының докторы, профессор М. Жолдасбеков пен әдебиетшілер К.Ахметова, М.Төлепбергенов («Ұлбике Жанкелдіқызы»), филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.С.Қорабай («Сабырбай Ақтайлақұлы»), филология ғылымдарының кандидаты Қ.Раев («Дулат Бабатайұлы»), Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің кіші ғылыми қызметкері С. Қамшыгер («Түбек», «Сүйінбай Аронұлы») қатысты. Зерттеу жұмысында еңбектері ғылыми айналымға тартылды. Социалистік реализм әдебиеті тұсында жазылса да ғылыми құндылығын жоғалтпаған, әдебиеттану тарихында маңызды орын алатын бірді-екілі еңбектерді ғылыми айналымға қосқанда, кезінде кеңестік идеология тұрғысынан айтылған байламдарды қайта қарап, тиісті жерінде ғылыми сипатына нұқсан келмейтіндей етіп редакциялап ұсынуға тура келді дейді еңбекті құрастырушылар

Шал Құлекеұлының толғауларында өмір жайлы толғаныс бар. Әдебиет тарихында Шал ақын деген атпен қалса да, жыраулар толғауларының сарыны бар екендігі байқалады. «өттің бір дүние-ай» деп келетін жолдар жалған дүние концепциясын толықтыратын ойлармен өрілген.

Пасыл да пасыл, пасылман,

Аққа құлпы жасылман,

Жақсыға сырым жасырман,

Жаманға, сірə, бас ұрман.

Мен бір шапқан жүйрік ат,

Бір желіксем басылман.

Өттің бір дүние, өттің-ай,

Теңселе басып кеттің-ай,

Мен бір жүрген жорға тай,

Жылжи да басып кеттім-ай.

Домбыра қолда қарағай,

Қолға да оны алған соң,

Əріден бері салам-ай.

Жоғары мен төменге,

Ылди менен өреңге

Даңқым кеткен баламын.

Шын ажалым жеткен соң,

Сызықтан мəлім өткен соң,

Айтпасам да, жараңдар,

Мен де бір күн өлем-ай.

Түйе деген бір мал бар,

Тамағы тойса көп кетер,

Қас жаманның белгісі

Жиын тойға барғанда

Тамағына өкпе етер,

Өкпелеймін деп кетер.

Нəпсің бір көкжал бөрідей,

Иманың бағлан қозыдай,

Егер тыю салмасаң,

Иманыңды жеп кетер.

Ел елдетер, елдетер,

 

Пасыл да пасыл, пасылман,

Аққа құлпы жасылман,

Жақсыға сырым жасырман,

Жаманға, сірə, бас ұрман, – деп келетін жолдардың жалғасын оқысақ:

Өттің бір дүние, өттің-ай,

Теңселе басып кеттің-ай, – деген жолдар жалған дүниенің паңдығынан хабар беретін сияқты. Себебі, теңселе басып кете беру – көңілі тоқ адамдарға айтылатын сөз болса керек. Осы көңілі тоқтық өмірдің ешкімге қарайламай, тоқтап қалмай, белгілі бір кеңістікте, уақытқа да тәуелсіз сырғып өтіп бара жатқандығын көрсетеді. Тіпті мына бір шіркін менен де озыпты-ау, мені артқа сырыпты-ау, қалдырыпты-ау деп, бір уақыт артына да бұрылып қарамайтындығын көрсетеді.

Шын ажалым жеткен соң,

Сызықтан мəлім өткен соң,

Айтпасам да, жараңдар,

Мен де бір күн өлем-ай.

Шал ақын туындысындағы «Сызықтан мәлім өткен соң» деген жолдар қазақтың ұғымындағы өлім сызығы туралы мәліметтердің бар екенін көрсетеді. Өмір мен өлім арасындағы белгілі бір сызықты өлім сызығы деп атаса керек. Осы туралы мәліметті «Мәртөбенің көшесі өлім сызығына айналып барады» деген мақаланы оқи отырып, қазақ танымында өлім сызығы деген ұғымның бар екеніне көз жеткіздік [10]. Егер ондай ұғым болмаса, бүгінгі күнде де осында тілдік қолданыс болмас еді, БАҚ беттерінде жарияланбас еді деп ойлаймыз. «Өлім сызығы» деген атаудың тек БАҚ беттерінде ғана емес, әлеуметтік желілерде де посттардан көреміз «Ренжітті. Айғайлады. Адам құрлы көрмеді. Құрғырдың телефонына хабарласпасам да болар еді. Таңатпай әлемтапырық болып кетті. Хайырлысы болсын! Сабырымнан айырмағай!!! Пенде ғой. Ол да пенде ғой…

Жұмысын ойлайды. Бастығын ойлайды. Бастығының бастығын ойласа нетті…

Сынайды. Тырнақ астынан кір іздейді.

Deadline-нан дэдлайнға дейін күн көретін болдым. Өлім сызығын аттам өтсем, келесісі шығады. Сабырдан айырма! Жұдырығыңды түй. Алға жүр! Өзің үшін жауап бересің!!!» [40].

Шал Құлекеұлының өлеңдерін талдауды жалғастырайық.

Ашылған тұман желдетер,

Жақсылардың алдында

Біразырақ сөйлесем,

Онан да менің нем кетер.

Өлгеннен соң басыңа

Топырақ үйіп белгі етер,

Белгі еткеннің белгісі

Көміп бір тастап ел кетер.

Қайырсақ та сазда өтер,

Қаңқылдаған қаз да өтер,

Үш ай тоқсан жаз да өтер.

Ақ бетіне қан құйған,

Орамалын дəл құйған,

Ерініне бал құйған

Қылықты туған қыз да өтер.

 

Біреуді жақсы демесең,

Біреуді жаман демесең,

Бұл дүниеден өткен соң,

Шын дүниеге жеткен соң,

Көтеріп көрге салған соң,

Көр қараңғы болған соң

Кімнің жақсы, жаманын

Бір жаратқан хақ білер.

Адамзаттың белгілі

Бұл дүниеден өтері,

Өлгеннен соң белгілі

Тірлік бір жауап бітері.

Бұл айтқан сөз, құрбылар,

Бір күні болар керегі.

Басты бір аяқ қылады

Бір алланың шебері.

Шал ақынның бұл толғау-өлеңінде жалған дүние концепциясы өлгеннен кейінгі осы жалған дүниедегі адамның өмірі қалай жалғасатыны айтылады. Енді бұл жерде бұны өлгеннен кейінгі өмірі деп түсіндіру артығырақ шығар. Бұны өлгеннен кейінгі оған көрсетілетін салттар туралы айтылған десек дұрысырақ болар.

Өлгеннен соң басыңа

Топырақ үйіп белгі етер,

Белгі еткеннің белгісі

Көміп бір тастап ел кетер.

Бұл дүниедегі жалған дүние концепциясы, негізінен, өлгеннен кейін көміп, топырақты үйіп, басына бір белгі қойып кетумен аяқталады.

Қаңқылдаған қаз да өтер,

Үш ай тоқсан жаз да өтер.

Ақ бетіне қан құйған,

Орамалын дəл құйған,

Ерініне бал құйған

Қылықты туған қыз да өтер.

Бұл жалғанда құдайдың жаратқан бір-де бір дүниесіне мәңгілік тән емес деп санайды ақын. Сондықтан да қаңқылдаған қаз да, жаз да, қыз да бұл дүниеде мәңгілік емес деп тұр.

Дүние деген шолақ депті,

Жан кеудеге қонақ депті.

Ақырет деген бір киім,

Алып қайтар сол-ақ депті [11].

Жалған дүниенің өте қысқа екенін шолақ деген сөзбен береді де, жанның да кеудеде мәңгі тұрмайтынын, уақыт сәті келгенде оның да ұшып кететінін қонақ деген сөбен беріп отыр. Сонда адамға дүние де, жан да қонақ, тек ақырет деген жылғыз киім ғана ғана бұл ажлғаннан алып кетері дегенді осы толғауы арқылы түсіндіргісі келеді.

Шал ақынның:

Өлімнен құтылмассың қашсаң-дағы,

Атадан арыстан туып ассаң-дағы.

Алладан шынымен жарлық келсе,

Жұлдыз да жерге түсер аспандағы.

Кәрі өлсе, соқан дауыл тынғандай-а.

Жас өлсе, бәйтерегі сынғандай-ақ,

Жігіттер жас кезіңде тәубаға кел,

Ажал деген көзді ашып-жұмғандай-ақ.

Міне жалған дүниенің өтерін, мәңгілік емес екенін жер-әлемдегі барлық заттардың соңғы уақыттағы жай-күйлерімен астастыра ассоциациялап береді.

Жалған дүниені артқа қалдырып, өмірден озудың өзін адалдап бер деп хақ тағаладан сұрайды:

Иман – қой, ақыл – қойшы, нәпсі – бөрі,

Бөріге қой алдырмас ердің ері.

Таяқты қатты ұстап, қойшы тұрса,

Жоламас ешбір пәле, шайтан-пері.

Жарлығы екі болмас Хақ Құдайым,

Жанында серігі жоқ, дақ Құдайым.

Жанымды алса, Құдая, иманмен ал,

Шайтанның қазасынан қақ Құдайым.

Міне, жай ғана өлу емес, біздің үлкен ата-әжелеріміз айта беретін әдемі өлім бер, хақ өлім бер деген тілекті осы жолдардан да көруімізге болады.

Бір құдайдан тілеймін өмірімді

Ғұмыр берсең, кірсіз қыл көңілімді.

Имансыздың көрінде от жанады.

Отқа салсаң көремін не күнімді.

Бір Құдайдан тілеймінәуелі иман,

Иманымнан айрылсам, көрге сыйман.

Бес уақыт намазымды қазақ қылма.

Қарынбайды жер жұтты дүние жиған.

Бір құдайдан тілеймін мал-басымды,

Мал менен қартайтып ал жүз жазымды.

Өлерімде аузыма иманым сал,

Білгенмін бұл өлімнен қалмасымды.

Бір құдайдан тілеймін иман, ғақыл,

Ақылсыздан әрбір ісім өтті ғафыл.

Ораза ұстап, бес намаз оқығанның,

Ол дүниеге барғанда ісі мақұл, – осы жолдардың негізігі айтар ойы ақынның алдыңғы ойларымен үндес. Осы жалғанның барлық қызығынан айырарда иман бер, жақсы өлім бер деп тілейді.

Пайдасыздық, керексіздік туралы Жақсы атансаң – басқаның хақын жеме. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Алдау мен өтірік – сұмның ісі. Өсек-өтірік туралы Байды құдай атқаны – дәулетіне мас болар, ханды құдай атқаны – қарашасымен хас болар, кәріні құдай атқаны – аңдығаны ас болар. Дін, иман туралы Ата-ананы, мейманды құрметтесең – Меккедей нұрға толар үйдің іші. Құрмет, ізет туралы Қарт жақсы жас жақсысын күндемеген. Адам өмірі туралы Адам әуелі бастан қартаяды. Адам өмірі туралы Көңілі өсіп мейманасы асқан адам кәрілікті мойыңдамайды. Адам өмірі туралы Дүние – ұшып өткен құс, жақсылық,- көрген түс. Дүние туралы Шешен жігіт- дүрмен тең, иманды көңіл – нұрмен тең, іс бітірмес надандар – жүз болса да, бірмен тең. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Жақсыдан сыр жасырма. Жақсы мен жаман туралы Жаманның бір белгісі – жиын-тойға барғанда тамағына өкпе етер. Жақсы мен жаман туралы Нәпсі – бері, иман – қозы. Дін, иман туралы Елінде жақсы жігіттің алыста даңқы зор болар. Ер жігіт туралы Ағайын-туған кімде жоқ, сыйласпасаң – жатша жоқ. Ағайын-туыс туралы Қамқа тонның тозғанын көп жасаған қарт білер, ағайынның озғанын жақын емес, жат білер. Ағайын-туыс туралы Бақ көшсе ақылыңа қарамайды. Бақыт, бақ туралы Жаман әйел алғанның – жауы үйінде, жақсы әйел – алғанның тойы үйінде. Әйел, ана туралы Жаман достан жақсы дұшпан артық. Достық туралы Пайдаңды жақсы болсаң тигіз көпке, жатырқап еш адамды шетке теппе. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Әйел алсаң қарап ал ақылдысын, Сол болар басқалардан жақын кісің. Ағайынға, туысқа қайырылса, Дүниеде нағыз сол ғой мақұл кісің. Ерге – аю, балаға – қасқыр болса, Ондай қатын алғанның күні құрсын. Әйел, ана туралы Жаман өзін зорға балар. Жақсы мен жаман туралы  «Дос» оғы – ғапыл. Достық туралы Мың теңгелік қайғыдан бір теңгелік пайда жоқ. Пайдасыздық, керексіздік туралы Ашу – дұшпан, нәпсі – жау. Ашу, ыза, кек туралы Өткен іске өкінген өмір зая. Адам өмірі туралы Жақсының жүрген жері – той. Жақсы мен жаман туралы [42].

Бұл бір соққан желдей есіп өткен қызық дәурен. «Қынаптағы қылыштай» қырықтан соң күрк-күрк жөтелген, ақ таяқты ақбас кәрілік жетеді.

« Кәрілік жарасады сәніменен,

Оның сәні келеді малыменен,

Жолдасы арқа жылтар, аяқ сипар,

Жұмсақ төсек, тәтті тамақ бәріменен.»

Шал мұның бәрінен де марқұм еді. Жиын тойдың көркі болған ақын бойда қайраты бар жас шағын шаруа жайын ойламай, мал жимай, өнермен, өлеңмен өткізген.Сондықтан төсек тартып жатса да, жез таңдайы құрғамаған ақынды жетінші жұт – жетімсіздік бір жағынан қысады.Бұрынғы ойын-күлкі тағы жоқ.Дулы өмір кешкен ақын бұған көнгісі келмейді.Бірақ бойдан күш кеткен,қуаты күн сайын семіп барады.Тек күмбірлеген көмейі ғана сол бұрынғы қалпында сияқты, әлі қарлықпаған, әлі шабысынан танбаған.Жыр төге береді. Кәрілікті даттап, шер тарқатады.

«Қартайғанда мүкістеу болар құлақ,

Жас ағып екі көзден тұрар жылап..»

«Ауыздан опырайып кетер пішін…»

«Белгісі кәріліктің кеудең толар..»

«Қартайсаң аяқ, тізең ауырады,

Жатудан жамбастарың жауырады…»

«Таяққа қартайғанда асыларсың…»

Осының бәрі – өмірдің өткендігінің белгісі, кеше «отызында ор қояндай, қырқында қынаптан шыққан қылыштай» болған жанды бүгін «илеген терідей» еткен селкілдеген сексеннің кесірі.Әрине, Шал өз басының күйін ғана жырлап отырған жоқ, бұл – бақырбасты пенденің бәрінің көретін күні.Сондықтан ақын бұл тақырыпқа қайта- қайта оралып соға береді.

«Сексенде тұяғыңды серіппейсің,

Селт етіп ешнәрсеге елікпейсің.

Тоқсанда тотықсыған сен қорғасын,

Май құйып қорытқанмен бірікпейсің.

Келеді тоқсан тоғыз, тағы да жүз,

Ер бар ма жүзге келген,

Біз байғұстан күдеріңді үз».

Адам өлді. Келді, кетті. Түк тындырған жоқ.Басқаша болуы да мүмкін емес.Қатардағы қарапайым көшпендінің өмірінде айтарлықтай ерекше не бола қойсын.Туды. Күш – қайраты тасып тұрған жиырма мен елудің арасында табиғат аясында, болмыс, материя туралы ойлардан аулақ, қамсыз тірлік кешті.Ажал жеткен күні өлді.Бар болғаны осы-ақ.Демек, Шал өз өлеңдерінде көшпенді жанның басынан өтуге тиіс жайларды тегіс дерлік қамти алған [12]

Адам өлді.Өйткені жарық дүние – фәни, өткінші; өмірден көрген қызығымыз аз күндік қана, оған алданбауға тиіспіз:

«Өлімнен құтылмассың қашсаңдағы,

Атадан арыстан туып ассаңдағы,

Алладан шыныменен жарлық келсе,

Жұлдыз да жерге түсер аспандағы.

Жігіттер, ғибадат қыл маған нансаң,

Намаз оқы алланы ойыңа алсаң.»

«Жігіттер, жас кезіңде тәубаға кел,

Ажал деген көзді ашып жұмғандай-ақ».

Шал – сопы емес, әйткенмен біршама діндар адам. Шығармаларына діни сарының араласуы Шал өмірінің соңғы кезеңінде болса керек.

«Елу жасқа келген соң,

Пірдің сөзін сақтадым»,-

дейді ақынның өзі де.Әйтпесе, Шалдың «домбыра безеп, жын қуған» жас шағы өзі үгіт айтып отырған адамдарға үлгі бола алмайды.

Шал – мұсылман.Ол үшін құдай бір, пайғамбар хақ; «Лә илләһи илә-аллаһ – иманымыз .Құран шын, алланың құдіретінде шек жоқ».

«Жартты Мәкка менен Мәдинаны,

Жартты иман, дұға, шын дүнияны

Мұхамед үшбу жүрген үмметіне

Жаратты сынамаққа бұ дүнияны.

Жаратып он сегіз мың ғалам етті,

Бірісін ғалым, бірісін надан етті,

Жаратып жын-періні от пен нудан,

Жаратып топырақтан адам етті»,-

дейді ақын [13].

Сондықтан бәрі де құданың әмірінде. Біз – пендеміз, бақты, бақсыз болуымыз, жер басу, баспауымыз – бәрі алланың қолында; құдайсыз қурайсынбайды.

«Адам баласы алланың добы деген,

Қайда айдаса сол жаққа домалайды».

Алайда қазақта мұны түсінуші аз.Мейманасы тасқан жұрт тәңіріні ұмытқан, құдайды – бір, пайғамбарды – хақ деп білмейді.Ораза ұстамайды, дәрет алып бес уақыт намаз оқымайды.Әрине, мұндай жандардың тілі мұсылман болғанымен, ділі – кәпір.Сондықтан бірде қымыз ішіп қызара бөртіп желігіп отырған жұрт: «Сіз біздей надан емессіз, естуімізге қарағанда сіздің сөзіңіз кітап сөзіне жақын көрінеді, қандай адам бейішке барады?» – деп сұрағанда Шал: құранның айтуы рас болса, бұл отырғандардан жұмаққа енер бір жан жоқ деген жауап береді.Сондықтан да ақын:

«Жігіттер ораза ұста, намаз оқы

Ғарасат майданы бар тергеледі», –

деп, шариғат жолын ұстанбаған жанды о дүниенің азабы күтіп тұрғанын ескертеді; керісінше, құдай жолымен жүрген адамға әзірленген бейіш, мәңгілік рахат бар.

«Құранда уассамаһи дастан болар,

Бірталай сөйлей берген астам болар,

Аллаға құлшылығы жаққан құлға

Есігі сегіз жұмақ бостан болар».

Ал Шалдың өзі бес уақыт намазын қаза жібермей, Ислам дінінің қағидаларын берік ұстанған адам болса керек.

«Құдая мұсылманның дінінде қыл…

Шарабын өліміңнің ішкен шақта,

Сапарымды айт, жұма күнінде қыл,

Тәнімнен ғазиз жаным айырғанда,

Иманымды ұмыттырмай тілімде қыл,

Жиылып халық соңыра сап тұрғанда,

Мұхаммедке үммет болған еліңде қыл!»

Бұл тұрғыдан алғанда, Шал, шынында да Мұхаммедтің үмметі деген атын ақтаған жан, сәждадан маңдайы кетпеген тақыр басты таза мұсылманның нақ өзі [13].

Шалдың этикалық көзқарастарының Ислам қағидаларымен үндесіп, қабысып жатқанына төмендегі ғақлияты айғақ:

« Жақсыны алыс, жаманды жақын деме.

Жақсы атансаң біреудің хақын деме,

Жақсымын деп момынның малын жеме,

Жаман адам сол болар, мақұл деме».

Зұлымдыққа жол бермеу, Жамандықты бетке қағу әрбір жанның парызы дейді ақын.Жақсылықтың отын маздататын да адам, жамандықтың түтінін бықсытатын да адам. Шариғат – жақсыдан, кесапат – жаманнан.Бәрі адамға байланысты деп ұғады Шал.Сондықтан да ол өз шығармаларында жақсылық қайдан шығады, жақсы адам дегеніміз кімдер, жамандық неден туады, жаман адамдар қандай деген мәселенің төңірегінде біраз сөз қозғайды.

Бір толғауында шал ақын:

Бұл дүниенің мысалы

Ұшып өткен құспен тең,- деп осы жалған дүниедегі уақыттың тез-ақ зымырап өте шығатынын айтқан. Демек, жалған дүниенің мезгілі – ұшып өткен құстың тездігімен ассоцицияланып тұр.

Өмірде көрген жақсылық

Ұйықтап өткен түспен тең, – дегендегі айтқаны – бұл өмірде көрген жақсылығың түс сияқты, яғни оянып кетсең, жоқ болады деп тұр. Демек, жалған дүие көзді ашып-жұмғанша, уақытша нәрсе екендігін шығармалары арқылы ұқтырып тұр.

Сүйінбай Аронұлының:

Дүние әлі-ақ өтер қимағанмен,

Сыйласқын өз басыңды сыйлағанмен.

Жалғанның ақырында баяны жоқ,

Қазына қызыл-жасыл жинағанмен, – деген жолдар да бұл жалғанның соңы, шеті-шегі жоқ екенін, тек адам өмірі аяқталуымен ғана соңын көре алатынымызды айтады. Бұл әлемдегі дүниенің бәрі де артта қалатын бір уыс бағасы жоқ нәрсе екенін ұғындырып тұрғандай.

Қорытындылай келгенде, ХҮІІ ғасыр аяғы мен ХІХ ғасыр ақындары поэзиясындағы жалған дүние концепциясын өлең толғауларда беруде жыраулар поэзиясынадағы дәстүр жалғастығын көруімізге болады. Қай кезеңде де адамзаттың бір тілері ақ өлім беріп, осы жалған дүниеден иман байлығын алып кету. Негізінен, иман мен оның байлығы деген сөздер тәңіршілдіктен кейін пайда болған сөздер. Бірақ біз талдау жасап отырған жыраулар поэзиясы мен ХҮІІІ ғасыр мен одан бергі ақындар тілінде де ислам діні лексикасын қолдану байқалады. 

Қорытынды 

Қазақ әдебиетінде «Мен Сүйінішұлы Қазтуған», «Мен, мен едім, мен едім» деп келетін ХҮІІІ-ХІХ ғасыр аралығындағы әдебиетте өзіндік мендері бар ақын-жыраулар өмір сүрді. Қазақ әдебиетіндегі «мен» концепциясы қазақтың өзінің ішкі менін өзін көрсетуде, жердің өзінікі екенін, елдің де өзінікі екенін, халықтың да өзінікі екенін көрсететін, ішкі мені арқылы рухы мықты адам, қала берді халық екенін көрсететін концепция болды.

Жыраулар поэзиясында елдік, ерлік концепциясы ең бірінші және ең көп көтерілген концепция болды. Қазақ өзі жеке хандық құрған соң, халық алдында үлкен жауапкершілікке ие болды. Бір халық болып өмір сүру уәдесін жекелеген тайпалар алдында орындау, бір ту астына бірігу, жерді сақтап қалу, бірлікті игеру, халықты бір идеяға жұмылдыру деген секілді ірі-ірі істердің хандық алдында тұрғаны мәлім. Ал ханның кеңесшісі ретінде ел сөзін ханға, ханның ой-арманын елге жеткізуші жыраулардың арманы асқақ болды. Әр толғауларында ерлік, елдік, арман, жақсы өмір, бірлік, бір идеяға ұйысу мәніндегі тақырыптар қазақтың кең даласын біріктіріп тұрған еді.

Ақын-жыраулар поэзиясындағы «жалған дүние» концепциясын екі үлкен арнаға бөліп қарастыруға болады. Бірнішісі жыраулар поэзиясындағы, екіншісі – қазақ ақындарындағы дәстүр жалғастығы.

Жыраулар поэзиясында жалған дүние концепциясы бірден айтыла салмай, алыстан орағытып, сатылап дамиды.

Бәріміз де бұл жалғаннан ойынымыз аяқталған соң кететінімізді, кетпей тұрып, «қолымызға таяқ ұстап, беліміз бүгіліп, жазылмай, кеудемізде жалын-өртіміз сөніп, бір адамға қарап сөзімізді өткізе алмайтынымызды, бір кездерде айбарлы арыстан, енді қауқарымыз, күшіміз қалмаған соң, бұл жалғанның несі қызық дей келіп, адамзаттың жалғанды қимау сезімін осындай сөздермен басқандығын көреміз.

Демек, жалған дүниеге тән нәрселерді толғамалап, өмірді тастап кетуге аса бір қатты қиналмауын жеңілдетеді.

Жырау мынау жалған дүниеден өзге «өмірдің сырлы жағы бар екені, оның үнемі адам ойын бөліп, тылсым дүниенің шын ақиқатын сан саққа жүгіртетіні, сонда да кейбіреулер айтатын ақиқат дүниенің бет-бейнесіне көңілі толмай, «қанғат қылмай ойланатыны», «шөлде суға зар болдым» деп, айтып тұрған шөлі – осы заман екені, оған ешқашан тоймайтынын, зар болатын суы – ана дүние екендігін айтып өтеді. Міне, осы астарлы ой – Бұқар жыраудың жалған дүние деген ойын метафоралап, синекдохалап, метонимиялап беріп тұрғанына хабар береді.

Бұл өмірдің жалған екенін табиғатпен астастыра түсіндірген жыраулар табиғаттың тылсым күштерін түсіндіріп бере алмайды. Шындығында, түсіндіріп бере алмайды емес, сол сұраулар қою арқылы жалған дүниенің ішкі сырына үңіледі. Күн шыққан соң, ай қайда кетеді, бір кездерде құлпырып тұрған бәйшешек неге қурай болып солады … дей келіп, бұл жалғанның уақытқа тәуелді екендігіне тоқтайды. Міне, осыдан кейін қазақтың халық ұғымындағы уақыт төреші деген сөздің мән-мағынасы түсінікті болып шыға келеді.

Жалған дүние концепциясы «адам», «қоғам», «табиғат» секілді үштік негізінде түсіндіріледі. Жалпы жыраулар поэзиясында ойдың негізгі түйінін толғауларының соңына жинайтын әдет, дәстүр бар. Бұл тек толғауларда ғана емес, шешендік сөздерде кездеседі. Асан қайғының «Еділ бол да, Жайық бол» деген толғауында мынау жалған дүние үшін ешкіммен ұрыспауды мақсат ет деген дидактикалық ой айтады.

Өмip философиясы қазақ жырауларының толғауларында орын алған, субъективті көзқарастарымен қоса, өмірден көрген-түйгендерінен жинақталған, кең мағынада өмірдің мәні мен мағынасы туралы мәселелерді қарастыратын философия түрі. «Жалған дүние» концепциясының діни мәні өмірдің тылсымдығымен байланысты болса керек. Тылсымның ар жағында не бар екенін білмегендіктен, сонымен қатар қорыққандықтан өздерінің діни болжамдарымен түрліше тілдік бірліктермен, тілдің оралымдармен берілген. Осы тілдік оралымдарды жалған дүние концепциясын құрайтын компоненттер деп атаймыз.

Жалған дүние концепциясын құрайтын компоненттерге адам, табиғат құбылыстары, табиғаттағы заттар, кеңістік, уақыт жатады.

  • Адамның өлетінін, бұл әлемді тастап, ақиқат дүниеге бет алатынын, сөз етеді;
  • адамдардың жастық шағындағы бетіне шығып тұратын қызылының да жоғалатын күні келетінін, қара шашқа ақ түсетінін де жазу арқылы бұл өмірде бәрі өткінші екенін жыр-толғауларына қосады;
  • сонымен қатар адамдар осы дүниеде болмашы нәрсеге бір-бірімен ұрысып, керісіп қалмауын жыр-толғауларына қосады;
  • табиғаттағы ай мен күннің бататынын өлдіге балап, соның өзінен философия іздейді;
  • кеңістіктегі заттарға да бір күндері ескіру, көнеру уақыты келетінін жазу арқылы философиялық ой түйіндейді;
  • адамның әр жасындағы өзгерістерге, оның да өтіп, мезгілі жететіндігін жыр-толғауларына қосады.
You May Also Like

Квадраттық теңдеулер және оларды шешу жолдары, ғылыми жоба

ҒЫЛЫМИ  ЖҰМЫС Тақырыбы: Квадраттық теңдеулер және оларды шешу жолдары. Квадрат теңдеу 2-дәрежелі…

Аңыз бен ақиқаттың үндестігі, ғылыми жоба

Ғылыми жоба Тақырыбы:  «АҢЫЗ БЕН АҚИҚАТТЫҢ ҮНДЕСТІГІ» Мазмұны Кіріспе…………………………………………………………………………………………………2 Негізгі бөлім…………………………………………………………………………………………3 Қазақтың …

Шертпе күй шебері–Тәттімбет Қазанғапұлы, ғылыми жоба

ШЕРТПЕ КҮЙ ШЕБЕРІ – ТӘТТІМБЕТ ҚАЗАНҒАПҰЛЫ ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ Ж О С П…

Пияздың құпия қасиеттері, ғылыми жоба

Пияздың құпия қасиеттері Мазмұны Кіріспе ………………………………………………………………………………………………….1 Зерттеу бөлімі 1.Пияздың құпия сырлары……………………………………………………………….2 Пияздың…