Пияздың құпия қасиеттері

Мазмұны

  1. Кіріспе ………………………………………………………………………………………………….1
  2. Зерттеу бөлімі

1.Пияздың құпия сырлары……………………………………………………………….2

  1. Пияздың емдік қасиеттерін    анықтау…………………………………………4
  1. Пияз, сарымсақ өсімдіктерінің денсаулыққа  тигізетін

пайдасына зерттеу жұмысы ………………………………………………………….6

Зерттеу  жұмысымның   мақсаты :

  1. Пияздың қоршаған орта жағдайларына, адам ағзасына оң әсерін анықтау.
  2. Ауру туғызатын микроағзаларды  жоятын  қабілетін  зерттеу және оның  экологиялық  маңызын анықтау 

Зерттеу  міндеттері:  

  1. Пияз туралы ғылыми әдебиеттерді жинақтау   және   оларға  шолу   жасау.
  2. Пияздың тірі организмге  әсер  ету  тәсілдерін  айқындау.
  3. Өсімдіктердің фитонцидті белсенділігін анықтау әдістерін меңгеру.

Фитонцидті қасиеті бар өсімдіктердің түрлерімен танысып,солардың ішінде қай өсімдіктің көбірек қолданысқа еніп жүргендігін анықтадым . Жер жүзіндегі өсімдіктердің бәрін де фитонцидтер болады. Бірақ соның ішінде мыңға жуық өсімдіктер күшті фитонцидтері  бар өсімдіктер ретінде ғылымға белгілі. Фитонцидтік қабілеттері өте күшті өсімдіктердің қатарына біздің флорада кездесетін қылқанжапырақты ағаштар: қарағай, шырша, қайыңжәне жасмин, лавр өсімдіктері; сондай – ақ дермене, қыша ,жалбыз, апельсин, лимон,қызыл бұрыш , қызанақ өсімдіктері жатады. Ал сарымсақ, пияз сияқты өсімдіктерге келсек, олар медицина мен ауылшаруашылығында күшті фитонцидтік өсімдіктер ретінде қазірдің өзінде – ақ жиі қолданылып жүр.

Өсімдіктердегі  фитонцидтер клетка шырынында еріген сұйық күйде де, сол сияқты газ күйінде де болады. Шырындық сұйық фитонцидтерді  не сол өсімдіктерді езу арқылы алады да, не суға салып қайнатып, тұнба түрінде алады. Ал газ күйіндегі фитонцидтер өзі өскен жерде сыртқа түрлі иіс шығарып, сол арқылы белгілі болып тұрады. Өсімдіктердің шырындық фитонцидтері де, газ күйіндегіфитонцидтері де микроорганизмдердің бәрін де өлтіре алады.

  1. Пияздың құпия сырлары

 Өсімдіктерді дәрі – дәрімекке пайдаланғанымен, олардың құрамында нендей заттар бар екені және ауру қоздырушы бактерияларға сол өсімдіктердің құрамындағы қандай заттардың әсер ететіні соңғы кезге дейін ғылымға белгісіз болып келді. Тіпті бактерияларға әсер етуші  көптеген өсімдіктердің құрамындағы заттардың химиялық жаратылысы әлі де белгісіз.                           Міне, сол ауру қоздырушы микроорганизмдерді өлтіретін өсімдіктердің құрамындағы заттар фитонцидтер деп аталады.

Фитонцидтер тек микроорганизмдерге ғана әсер етіп қоймайды. Олар хайуанаттарға, көп клеткалы организмдерге, жәндіктерге, тіпті сүтқоректі жануарларға да күшті әсер етеді. Мысалы, суда болатын қарапайым организм ­­­­­­­­– инфузориялардың клеткалары пияз фитонцидтерінің әсерінен еріп кетеді.

Фитонцидтерді ғылыми тұрғыдан тұңғыш рет терең зерттеген совет ғалымы Б. П. Токин. Ол 1928 жылы бірсыпыра өсімдік  өсімдік түрлері микроорганизмдерді өлтіруші заттар заттар бөліп шығаратынын анықтап, фитонцидтер жайындағы ғылымға негіз салады.

Жер бетін өсімдік түрлері де, олардағы фитонцидтер де өте көп. Фитонцидтердің сырын ашып, олардың биологиялық, биохимиялық ерекшеліктерін терең зерттеудің ғылымға да, халық шаруашылығынада тигізетін пайдасы орасан зор. Әсірсе оның медецина үшін үлкен маңызы бар. Сондықтан сарымсақ пен пияздан езіп алған суды іріңдеп кеткен жараларға дәрі орнына пайдаланатын себебі де оның осы дәрілік қасиетіне байланысты. Соңғы жылдары сарымсақтың құрамынан сативин деген фитонцидтік препарат алынды.

Мен фитонцидтердің маңызы жайында бірер мысалдар ғана келтірдім. Жалпы алғанда фитонцидтердің адам баласына тигізетін пайдасы ұшан – теңіз. Сондықтан оны зерттей түсіп оның ғылымға әлі де белгісіз сырларын таба білу керек.

Фитонцидтер – өсімдік дүниесінің адам баласына берген үлкен сыйы. Олардың өсімдіктерге болатыны ғылымға белгілі болғанымен, бұл жөнінде әлі де белгілі бір теория жоқ, дегенмен ол үшін көптеген материалдар жиналып жатыр.

 2.Пияздың емдік  қасиеттерін    анықтау

Өсімдіктерді дәрі – дәрімекке пайдаланғанымен, олардың құрамында нендей заттар бар екені және ауру қоздырушы бактерияларға сол өсімдіктердің құрамындағы қандай заттардың әсер ететіні соңғы кезге дейін ғылымға белгісіз болып келді. Тіпті бактерияларға әсер етуші  көптеген өсімдіктердің құрамындағы заттардың химиялық жаратылысы әлі де белгісіз.                           Міне, сол ауру қоздырушы микроорганизмдерді өлтіретін өсімдіктердің құрамындағы заттар фитонцидтер деп аталады. Фитон – өсімдік, цид – басқа тірі органимздерді өлтіруші  заттар деген мағынадағы сөз. Фитонцидтер – өсімдіктердің эволюциялық даму жолында олардың өмір сүру үшін күрес нәтижесінде пайда болған заттар. Олар өсімдіктерді сыртқы ортадағы әртүрлі зиянды әсерден  сақтайды.

Фитонцидтерлің бәрі де химиялық жағынан алғанда активтік заттар. Олар туберкулез, қантышқақ , оба және басқа аурударды қоздрушы бактерияларды бірнеше минуттың ішінде-ақ өлтіре алады.                                                     Фитонцидтер тек микроорганизмдерге ғана әсер етіп қоймайды. Олар хайуанаттарға, көп клеткалы организмдерге, жәндіктерге, тіпті сүтқоректі жануарларға да күшті әсер етеді.

2-сыныптан бастап досымның  көзінің көргіштігі төмендеп, көзілдірік киюге мәжбүр болды. Бір күні газет – журналдардан пияздың көзге байланысты  ерекше қасиетін оқып, досыма тәжірибе ретінде қолданып көргім келді.  Сөйтіп досыма пиязды қайнатып ішіп және  үнемі аршып жүруіне кеңес бердім.

3.Пияз, сарымсақ өсімдіктерінің денсаулыққа  тигізетін пайдасына  зерттеу жұмысы

Фитонцидтердің  микроорганизмдерге және басқа да жануарлар мен хайуанаттары әсер етуі өте қызық. Мысалы, кейбір бактериялар фитонцидтер әсер еткенде өліп , әуелі сол күйінше қатып қалады,  содан  кейін оның денесі ыдырайды. Тағы бір микробтардың  денесі фитонцидтер әсер етісімен – ақ еріп кетеді. Ал кейбір фитонцидтер хайуанаттардың тыныс жолдарын тарылтады, оларды тұншықтырып жібереді.

Мені  тағыда   мазалаған  нәрсе  шаштағы  қайызғақ   еді.                     Әр  түрлі  шаш жуғыштармен   жуғанмен  пайдасы    болған   жоқ . Содан сарымсақты  қолданып  көрдім.

Сарымсақты үккіштен өткізіп,қою ботқа жасап әзірлеп алып. Шашымды жуардан 2 сағат бұрын жағып қойдым. 10 күнде 1 рет қайталап жүрдім. Нәтижесінде шашымдағы қайызғақ кетіп, шашымның түбі жақсы бола бастады.

Қатты суық тигенде, қатты жөтел, кезінде сарымсақтан қойыртпақ жасап, табанға қалың етіп жағып, аяққа жылы жүннен тоқылған носки киіп, кеудені құйрық майымен ысқылап, жылы киініп жату керек. 1 стакан бал мен портвейнді тең мөлшерде қосып, жылытып, асықпай аз – аздан ұрттап ішу керек. Осыдан кейін қандай жөтел болса да (тіпті көк-жөтелдің өзі де ) бұл емнің тегеурініне төтеп бере алмайды екен.

Қорытынды 

Пияздың  емдік қасиеттері: Көкжөтелге;буын сырқырауына;шаш  түбін   бекітуге; есту , көру  жүйесіне ; туберкулезге;ірінді  жараға.

Өзімнің зерттеу жұмысыма сүйеніп фитонцидті  өсімдіктер әсіресе пияз, сарымсақ туралы көп мәліметтер  жинадым. Қандай қол тұқымдары  кеңірек қолданып жүргенін, қандай ауру түрлеріне пайдалы екенін анықтадым.Зерттеу жұмысы кезінде жинаған мәліметтерге және жергілікті  халықтармен  әңгімелесіп жүргізген сұхбаттарға, өз ағзама  жүргізген  тәжірибелерге сүйене отырып, пияз және сарымсақ өсімдігінің емдік қасиетін анықтадым.Қолда бар ғылыми зерттеулер  мен практикалық тәжірибе фитонцидті өсімдіктердің  қоршаған  орта , адам  денсаулығы   үшін  маңызы зор  екендігін дәлелдеп отыр.Шіріткіш   және   ауру   тудыратын    микробтарды   жоюға  әсер   ететін   әрі  организмнің    әр түрлі   жұқпалы   ауруларға   қарсылығын  күшейтетін    фитонцидтер   пиязға,  сарымсаққа   ең   алдымен   емдік  күш   береді. Көне Шығыс мәтелдері былай дейді: «Пияз сенің демін, ауру біткенді жояды.» «пияз еккейсің, азап шекпейсін» , «пияз – ауруға мың да бір ем». Бұл мақалдар халықтың ғасырлық тәжірибесін, пияздың шипалық күшіне деген адамдардың сенімін аян етеді. Болашақта пияз, сарымсақты дәмдеуші, тәбет ашатын өсімдік ретінде қарамай,олардың емдік қасиетіне көп көңіл аударылса, адам денсаулығына үшін маңызы зор болар еді.

You May Also Like

3D модельдеу, ғылыми жоба

Ғылыми жоба тақырыбы: «3D модельдеу» Аннотация Мақсаты: 3D  модельдеудің заманауи жолдары мен…

Тұрмыстағы математика мен абакус тәсілдері, ғылыми жоба

«ТҰРМЫСТАҒЫ МАТЕМАТИКА МЕН АБАКУС ТӘСІЛДЕРІ» Мазмұны: Кіріспе……………………………………………………………………………………….8 I тарау Негізгі бөлім 1.1.…

Қаңғыбас иттердің қоршаған ортаға әсері, ғылыми жоба

П І К І Р “Қаңғыбас иттердің қоршаған ортаға әсері” жобасына пікір…

Қазақстандағы ұйғыр әдебиетінің Тәуелсіздік кезеңіндегі өзгерістері мен жетістіктері, ғылыми жоба

Тақырыбы:                 «Қазақстандағы ұйғыр әдебиетінің Тәуелсіздік кезеңіндегі өзгерістері мен жетістіктері» «Қазақстандағы ұйғыр…