Аннотация

 Жұмыстың мақсаты: Қазақ анимация тілін зерттеу арқылы жастардың   бойына ұлтжандылық қасиеттін дарыту.

Гипотезасы. Қазақ анимациясының дамуы туралы ақпарат беру

Қазақ анимациясы дегенде ойға Әмен Қайдаровтың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмі оралары сөзсіз. 1967 жылы жарық көрген қазақ мультипликация өнерінің тұсаукесер туындысынан кейін де дүниеге келген Қайдаровтың «Ақсақ құлан», «Құйыршық», «Қожанасыр – құрылысшы» сияқты мультфильмдері ұлттық анимацияны әлемге танытқан болатын.

Зерттеу кезеңдері:

Біріншісі – «экранизация» халық ертегілері мен аңыздарының экрандалуы. Бұл фольклорлық дәстүрдің тікелей баяндалуы болып табылады. Мысал ретінде «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Ақсақ құлан» мультфильмдерін жатқызуға болады;

Екіншісі – «интерпретация» немесе басқаша айтқанда «бейне әдеби». фольклорлық  шығармалардың оқиға желісін, оның үстіне бір ғана емес, бірнеше ертегілердің кейіпкерлерін әдейі қатар қолдану  орын алады. «Қожанасыр – құрылысшы», «Ғажайып құсты аулау» мультфильмдерін атауға болады.

Үшіншісі – «цитаталық». Бұл сатыға Ерсайын Әбдрахмановтың орындалу тәсілі тұрғысынан комбинациялық мультфильмі «Бозторғайды» атап өту қажет. Осы мультфильм қазақ анимациясындағы фольклорлық дәстүрдің дамуындағы жаңа белесті көрсетіп берді. Бұл киношығармада фольклорлық  дәстүрді өзгерту бір ғана сюжет пен фабуланың айналасында тоғыспайды: фольклорлы-экрандық байланыс экрандық нұсқадағыдай тура емес, жанама сипатқа ие, мұнда біз фольклорды қолданудың қазіргі «цитаталық» күрделі әдісін көреміз, яғни кино түрлері мен баяндамалық және баянсыз элементтер жалпы анимациялық фильмнің көркем суреттік келбетін құрайды». Анимация өнері шексіз, себебі ол қиялмен астасып жатқан өнер.

Тәжірибенің әдістемесі. Осы тақырып жөнінде зерттеу жүргізген ғалымдар .

Зерттеу жаңалығы және дербестік дәрежесі: Бүгінде қазақ киноөнерінде Ә.Қайдаровты ұстаз тұтқан режиссерлер легі жемісті еңбек етіп келеді. Бірақ оның қазақ ұлттық анимациялық студиясын ашу арманы орындалмай бақиға аттанды. Ең бастысы Әмен Қайдаровтың қолы жетпеген арманды кезек күттірмейтін мақсатқа айналдырып, орындауымыз керек.

Жұмыстың нәтижесі және  қорытындысы: Зерттеу нәтижесінде бірнеше нақты мысалдар келтіріліп, тұжырым жасалады.

                                               

                                                   Аннотация             

 Цель работы: обучить молодежь национальным традициям, изучая казахский язык анимации.

Гипотезы. Предоставление информации о развитии казахской анимации

Анимация казахской анимации неизбежна для мультфильма «А почему лебедь?» Амен Кайдаров. Родившийся в 1967 году в презентации казахского мультфильма, мультфильм Кайдарова «Аксак Кулан», «Куйырчик», «Козанасир – Строитель» представил мир национальной анимации.

Этапы исследования:

Первый . показ народных сказок и легенд. Это прямое выражение народной традиции. Например, можно сослаться на мультфильм «Хвост ласточки почему?» И «Акашак Кандан»;

Второе – «интерпретация» или «видео литературный». сюжетная линия фольклорных произведений и преднамеренное использование не только одного, но нескольких героев сказок. «Кожанжир – Строитель», мультфильм «Чудесная охота на птиц».

Третье – «Цитатник». «Стоит отметить, что на данном этапе объедините мультфильм« Бозторгай »в контексте спектакля Эрсайна Абдрахманова. Этот мультфильм показал новое измерение в развитии народных традиций в казахской анимации. Народная традиция в этом фильме не сходится вокруг одной истории и другой: общение между фольклором и экраном не так прямое, как в экранизации, но мы видим современный «цитативный» изощренный метод использования фольклора, то есть кинематографические типы и элементы повествования, сделать картину. » Анимационное искусство бесконечно, потому что это искусство фантазии.

Методы практики: Ученые, которые изучали эту тему.

Новость новизна: сегодня в казахском кинотеатре режиссеры А.Кайдаров работают успешно. Но его мечта открыть казахскую национальную анимационную студию не удалась. Самое главное – мечтать о намерениях Аминь Кайдарова безуспешно.

Результат и результат работы: Результаты исследования дают несколько конкретных примеров и выводов.

 Abstract

Purpose of the work: To educate young people on national traditions by studying the Kazakh language of animation.

Hypothesis: Providing information on the development of Kazakh animation  he animation of the Kazakh animation is inevitable for the animated cartoon «Why the Swan of the Swan?» By Amen Kaidarov. Born in 1967 in the presentation of the Kazakh animated cartoon, Kaidarov’s cartoon «Aksak Qulan», «Kuyyrchik», «Kozanasir – Builder» presented the world of national animation.

Research stages: The first is screening. screening of folk tales and legends. It is a direct expression of folk tradition. For example, it is possible to refer to the cartoon «Swallow’s Tail Why?» And «Akasak Kandan»;

The second is «interpretation» or «video literary». the storyline of folklore works, and the deliberate use of not only one but several heroes of fairy tales. «Kozhanzhir – Builder», «Wonderful bird hunting» cartoon

Third – «citational». «It is worth mentioning that at this stage, combine cartoon» Boztorgay «in the context of Ersain Abdrakhmanov’s performance. This cartoon has shown a new dimension in the development of folk traditions in the Kazakh animation. The folk tradition in this filmmaking does not focus on one single story and the phobia: folklore-to-screen communication is not as direct as the onscreen version, where we see the current «citational» sophisticated method of folklore use, that is, cinematic types and storytelling elements, make a picture. » Animation art is infinite because it is a fantasy art.

Methods of practice. Scientists who have studied this topic.

News novelty and independence: Today, in the Kazakh cinema, the directors of A.Kaidarov are working successfully. But his dream of opening the Kazakh national animation studio did not succeed. The most important thing is to make an unsuccessful dreams of Amen Kaidarov’s intentions.

Outcome and Outcome of the Work: The results of the study provide a few concrete examples and conclusions.

                                          КІРІСПЕ  

 Зерттеудің мақсаты: Қазақ анимация тілін зерттеу арқылы жастардың бойына ұлтжандылық қасиеттін дарыту.

Зерттеу жұмысының маңыздылығы:

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Қазақ анимация тілінің зерттелу тарихы жайында мағлұмат беру;
  • Қазақ анимациясының дамуы туралы ақпарат беру.

Қазақ анимациясы дегенде ойға Әмен Қайдаровтың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмі оралары сөзсіз. 1967 жылы жарық көрген қазақ мультипликация өнерінің тұсаукесер туындысынан кейін де дүниеге келген Қайдаровтың «Ақсақ құлан», «Құйыршық», «Қожанасыр – құрылысшы» сияқты мультфильмдері ұлттық анимацияны әлемге танытқан болатын.

Қазақ анимация тілін түйіндеу 3 кезеңге бөлінді.

  • Біріншісі – «экранизация». халық ертегілері мен аңыздарының экрандалуы. Бұл фольклорлық дәстүрдің тікелей баяндалуы болып табылады. Мысал ретінде «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Ақсақ құлан» мультфильмдерін жатқызуға болады;
  • Екіншісі – «интерпретация» немесе басқаша айтқанда «бейне әдеби». фольклорлық  шығармалардың оқиға желісін, оның үстіне бір ғана емес, бірнеше ертегілердің кейіпкерлерін әдейі қатар қолдану  орын алады. «Қожанасыр – құрылысшы», «Ғажайып құсты аулау» мультфильмдерін атауға болады;
  • Үшіншісі – «цитаталық». «бұл сатыға Ерсайын Әбдрахмановтың орындалу тәсілі тұрғысынан комбинациялық мультфильмі «Бозторғайды» атап өту қажет. Осы мультфильм қазақ анимациясындағы фольклорлық дәстүрдің дамуындағы жаңа белесті көрсетіп берді. Бұл киношығармада фольклорлық  дәстүрді өзгерту бір ғана сюжет пен фабуланың айналасында тоғыспайды: фольклорлы-экрандық байланыс экрандық нұсқадағыдай тура емес, жанама сипатқа ие, мұнда біз фольклорды қолданудың қазіргі «цитаталық» күрделі әдісін көреміз, яғни кино түрлері мен баяндамалық және баянсыз элементтер жалпы анимациялық фильмнің көркем суреттік келбетін құрайды». Анимация өнері шексіз, себебі ол қиялмен астасып жатқан өнер.

                                               Зерттеу бөлімі

Анимация (Animation) – ол қозғалыстың әр түрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін экранда жылдамдата көрсету арқылы дене қозғалысы динамикасын бейнелеу тәсілі.Мультимедиа жүйесінде – қозғалыстың әр түрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін жылдамдата көрсету арқылы қозғалыстағы объектіні экранда бейнелеу тәсілі. Қазақ мультфильмнің бастауы Қазақстан республикасына еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әмен Әбжанұлы Қайдардың есімімен тығыз байланысты.Қазақ анимациясы дегенде ойға Әмен Қайдаровтың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмі оралары сөзсіз. 1967 жылы жарық көрген қазақ мультипликация өнерінің тұсаукесер туындысынан кейін де дүниеге келген Қайдаровтың «Ақсақ құлан», «Құйыршық», «Қожанасыр – құрылысшы» сияқты мультфильмдері ұлттық анимацияны әлемге танытқан болатын.Әмен Қайдардың өмір жолы сонау Ұлы Отан соғысы жылдарынан басталады. Ол  10-шы сыныпты бітірісімен, өз еркімен сұранып, бірден майдан даласына аттанады. Соғыстан оралғаннан кейін ол, сол кездері қазақ жерінде сирек кездесетін мамандықтың бірі суретшілікті меңгеруге ұмтылды. Әмен Әбжанұлы 1946–1950 жылдары Алматы театр және көркемсурет училищесіне оқуға түсіп, бітіріп шықты. Алғашқы еңбек жолын «Қазақстан әйелдері» журналының көркемдік редакторлығынан бастап, сонымен қатар, әзіл – сықақ «Ара» журналында, саяси графика саласында түрлі суреттер салып, қызмет атқарды. Жасы отыздан асқанда, білімін ары қарай ұштау үшін, Мәскеудегі Бүкілодақтық кинематографиялық институтының көркемсурет факультетіне оқуға түседі. Оқып жүріп, ол өзінің ең алғашқы мультфильм сценарийін жазды. Оның ұйықтаса түсінен, ойласа есінен кетпей жүрген мультфильмі «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» деп аталған еді.Көптен бері арманында жүрген мақсаттары жүзеге асырылып, орындала бастайды. Қазақ киносының тарихындағы бірінші мультипликациялық топты ұйымдастыру Әмен Әбжанұлына сеніп тапсырылды. Осы жылдары жас суретшілерге киностудия мен Республикамыздың кино басшылығы үлкен қолдау көрсетті. 1966 жылдың сәуір айында Әмен Қайдар бастаған топ «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты, бір бөлімді, түрлі-түсті графикалық мультфильмді жасауға кірісіп кетеді. Мультфильмнің режиссерлігі де, сценарий жазу да өзіне тапсырылады. Ол кездері техникада қазіргі мүмкіндіктер қайдан болсын. Сондай қиындыққа қарамастан, Әмен Әбжанұлы жоқтан бар жасауға бел буады. Ол уақытта өндірістік база мен кәсіпқой кадрлар жоқтың қасы еді. Бұрын кино саласында жұмыс істемеген суретшілер, сурет түрінде салынған мультфильм жасау – күрделі және көп еңбекті қажет ететін техникамен жұмыс істеуге мәжбүр болады. Фильмді жасау ұзаққа созылып кетті. Алғашында күдікпен қарағандар да болды. Жас суретшілер жұмыстарын әліптен бастады. Қарапайым мультқозғалыстарды меңгере отырып, сурет өнерінің белгілі заңдары мен ұстанымдарына бейімделді. Сонымен қатар, киноматографиялық уақыт пен кеңістікке баса назар аударылды. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» фильмі  1967 жылдың тамыз айында жарыққа шықты. Кино топтың бірінші фильмі болған соң, мультфильм еліміздің ірі киностудиясының фильмдерімен қатар көрсетіле бастады. Жаңа мультфильмді көрермен қауым жылы қабылдады, әсіресе, оның ішінде бүлдіршіндер үшін ең тамаша мультфильм болып шықты. Кезінде кеңестік кино шеберлері де жоғары баға берді. Кейін ол, Ленинград қаласында өткен 3–ші Бүкілодақтық кинофестивалінде жүлдеге ие болады. Сондай–ақ, 48 елде көрсетілді. 1975 жылы Халықаралық Нью–Йорк мультфильмдер фестивалінде «Қола Праксиноскоп» жүлдесін жеңіп алады. Көптеген жүлделерге ие болған қазақтың тұңғыш мультфильмінің үлкен жетістікке жетуінің құпиясы – ұлттық фольклордың негізімен үндесіп, халық музыкасымен қабысып жатуында болса керек. Қазақ мультипликациясы – Қарлығаш бейнесі ретінде әлемнің барлық құрлықтарын аралап, дүниежүзілік аренада өз орнын алды. Яғни, қазақ мультипликациясының тарихы осы қарлығаш туралы аңыздан басталады.

Оның жарты ғасырдан астам арпалысып, аяқтай алмаған күресі, жете алмай кеткен арманы қалды артында. Ол – ұлттық анимация өнерін «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» (1967); «Құйыршық» (1969); «Жанар» (1972); «Күн сәулесінен пайда болған көжек» (1975); «Ақсақ құлан» (1968); «Қожанасыр – құрылысшы» (1970); «Қырық өтірік» (1978) сияқты мультфильмдер жауһарымен толықтырған тұлғалы режиссер. Оның өмірі тек шығармашылыққа арналмапты. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан жауынгер майдан даласынан аман оралады. Соғыстан кейін Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсуретшілер училищесін бітіріп (1951 ж), Мәскеудегі мемлекеттік кинематография институтының көркемсурет факультетін (1958-1965) тәмамдап, елге келді. Міне, Әмен Қайдаровтың ұлттық руханият үшін өлшеусіз еңбек етуге кіріскен кезі осы еді. Жас аниматор үшін алғашқы туындысын жасау оңайға соққан жоқ. Өйткені ол шақта Қазақстанда анимациялық фильм жасауды ешкім де ойға алмаған болатын. Режиссер жоспарда, жобада жоқ алғашқы мультфильмін құпия түрде дайындауға кірісті. Ә.Әбжанұлына сол тұста қазақ киностудия­сын басқарып отырған Камал Смайылов қолдау көрсетіп, қаражат тауып береді. Туынды дайын болғанда Ә.Қайдаровтың құпиясы ашылады. Сынға ілікті. Жігерлі жігіт жасқанған жоқ. Мәскеу кинематографистер одағы қазақ режиссерінің анимациялық фильм жасағандығына, жоспардан тыс жаңа туындының өмірге келгеніне қайран қалысты. Ең бастысы қазақтың халық ертегісі желісімен түсірілген «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмі аниматор мамандарды сүйіндіріп, мақұлдауын бірден алады. Ә.Қайдаров жасаған мультфильм 1968 жылы Ленинград қаласында өткен Бүкілодақтық кинофестивальде, 1975 жылы Нью-Йоркте өткен Халықаралық мультипликациялық фильмдер фестивалінде жүлдегер атанады. Бүгінде жарты ғасырлық тарихы бар анимациялық фильм – бірнеше ұрпақты ізгілік нәрімен сусындатып, ғасырмен, уақытпен бірге жасасып келе жатыр. Әлі де жасай берері анық. Ә.Қайдаров бастаған қазақ мультипликаторлары қазақтың өнерін дамытумен ғана шектелген жоқ. Олар бауырлас қырғыз, түрікмен және тәжік елдеріндегі тұңғыш мультфильмдерді жасауға ат салысып, шығармашылық қолдау көрсетті. Бұл кезеңді қазақ анимациясының «алтын дәуірі» деп атауға негіз бар. Өйткені Совет өкіметі тұсында қазақ мультипликаторлары түсірген графикалық және қуыршақ фильмдердің саны жүзге жетіп, ғажайып туындылар қатары молайған еді. Мысалға, режиссер-суретшілер Ж.Дәненов пен Ұ.Қыстауовтың “Алпамыс батыр”, “Айдаһар аралы”, Е.Әбдірахмановтың “Тапқыштар”, “Бозторғай”, Б.Омаровтың “Үш шебер”, “Қаңбақшал”,Т.Мұқанованың “Жібек шашақ”, “Қайшы”, Қ.Сейденовтің “Тігінші мен ай”, “Қадырдың бақыты” атты мультфильмдері – қазақ мультипликациясы тарихында жоғары бағаланған шығармаларға айналды. Сондай-ақ қазақ анимациясының дамуына А.Әбілқасымов, А.Тоқшабаев, Ұ.Бекішев және басқа да шеберлер зор үлес қосты. Алайда тәуелсіз Қазақстанның анимациясы дамып кете алған жоқ. Ә.Қайдаровты өмірінің соңына дейін күреске итермелеген түйткіл осы еді. Өнердің абыз қариясы көз жұмғанымен, көңілі алаң ұрпақ тәрбиесі, экранға телмірген қазақ балаларының келешегі оны соңғы деміне дейін мазалады. Себебі жарты ғасыр бұрын халық ертегісін анимацияға айналдырып, әлемді таңғалдырған режиссер, соңғы кездері әлем елдерінің анимацияға баса назар аударып, арнайы студиялар аша бастағанына қызыға қарап жүрген еді. Мысалы, Ресейде ежелгі «Союзмультфильм» студиясы, Қытайда 20-дан астам жаңа анимациялық орталықтар ашылыпты. Ал көптеген елмен терезесі теңескен, экономикасы дамып арнаға түскен қазақ елінде анимацияға арналған жеке мекеменің болмауы жанашыр мамандарды қынжылтты. Әрине, Әмен ағаның тәлімін алған талай жас режиссер талпынып, ұлттық анимацияны жасауға тырысып бағуда. Бірақ «жаяудың шаңы шықпастың» кебі. Бүгінде жеткіншектер үшін шетелдік «Шрек», «Спандж Боб», «Бетмэн», «Өрмекші адам», «Кунг Фу Панда» анимациялары құныға көретін фильмге айналып үлгерді. Еңбекқор Әмен аға қазақ анимациясының болашағы жастар екенін әуелден аңғарып, шәкірт тәрбиелеу ісін жолға салды. Өнер академиясы жанынан Өнер факультетін, кейіннен анимация кафедрасын ашуға бастамашы болып, ұстаздық етті. Бүгінде қазақ киноөнерінде Ә.Қайдаровты ұстаз тұтқан режиссерлер легі жемісті еңбек етіп келеді. Ең бастысы Әмен Қайдаровтың қолы жетпеген арманды кезек күттірмейтін мақсатқа айналдырып, орындауымыз керек.

1984 жыл – «Қазақфильм» киностудиясына ұлттық кинематографияның көрнекті қайраткері Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың аты берілді (Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы).

2000 жылғы 28 мамыр – Ш. Айманов атындағы қазақ кинофабрикасы, ҚР Ұлттық продюсерлік орталығы, Қазкинопрокат және Мемфильмқоры бірігу жолымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық компаниясы РМҚК – Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны болып құрылды;

2005 жылғы 6 маусымдағы N 563 «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық компаниясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы» болып қайта құрылды.

Қазақфильм – Алматыдағы киностудия. 1934 жылы құрылған Алматы кинохроника студиясы мен Алматы көркем фильмдер студиясы (1941) негізінде ұйымдастырылған. 1941 – 1944 жылы Алматы көркемфильмдер киностудиясы көшіп келген “Мосфильм” және “Ленфильм” киностудияларымен қоса Бірлескен орталық киностудиялар (ЦОКС) құрамына кірді. Соғыс жылдары ЦОКС-та КСРО фильмдерінің 80%-ы түсірілген. 1944 жылдан бастап өз алдына дербес Алматы көркем және хроникалы фильмдер киностудиясы болып құрылды, ал 1960 жылдан “Қазақфильм” деп аталды. 1984 жылы Ш.Айманов аты берілді. 2000 жылдан бастап Ш.Айманов атынд. “Қазақфильм” Қазақ ұлттық компаниясы деп аталады. Студияның алғашқы туындысы Мұхтар Әуезовтың сценарийі бойынша қойылған “Абай әні” (режисер Григорий Рошаль, Е.Арон) фильмі болды. “Қазақфильмнің” қалыптасып, өркен жайып өсуіне Шәкен Айманов, Мәжит Бегалин, Сұлтанахмет Қожықов,Ораз Әбішев сияқты белгілі киноөнер қайраткерлерінің қосқан үлестері елеулі. 1953 – 1970 жылы Айманов студияның көркемдік жағын басқарды. “Махаббат туралы дастан” (реж. Айманов, К.Гаккель), “Жамбыл” (реж. Е.Дзиган), “Ел басына күн туса” (реж. М.Бегалин), т.б. фильмдер қойылды. “Қазақфильмде” ұлттық кино өнерінің қайталанбас туындылары “Атамекен”, “Біздің сүйікті дәрігер”, “Алдар көсе”, “Атаманның ақыры”, “Мәншүк туралы ән”, “Қыз-Жібек”, т.б. фильмдер түсірілді. Кинохроника, деректі және ғыл.-көпшілік фильмдермен қатар анимац. фильмдер де түсірілді. Қазақ анимациясының негізін салушы Әмен Қайдаров “Қарлығаштың құйрығы неге айыр?” деген мультфильмін түсірді (1967). “Қазақфильмде” 100-ден астам осындай фильм түсіріліп, 1000-нан астам шет ел және ТМД елдерінің фильмдері қазақ тіліне аударылды. 1990 жылдан бастап “Қазақфильм” киностудиясы Франция, Жапония, Ресей сияқты елдердің киностудияларымен бірлесіп фильмдер түсіріп келеді. Сондай “Нәзік жүрек”, “Ақсуат”, “Фара”, т.б. фильмдер халықаралық кинофестивальдердің жүлделерін иеленді, шет елдерде кеңінен жарнамаланып, көрсетілді. “Қазақфильм” павильондарында “Тоғысқан тағдырлар”, “Саранча” (“Шегіртке”) секілді телевизиялық көп сериалы фильмдер түсірілді. 2003 жылы “Қазақфильм” киностудиясында “Көшпенділер” (сценарийдің авторы Р.Ибрагимов, режиссерілері И.Пассер, Талғат Теменов), “Сардар” (сценарийдің авторы О.Агишев, режисер Болат Нұрғалиұлы Қалымбетов), “Ащы көлдің жағасында” (сценарийдің авторы И.Вовненко, режиссер Асанәлі Әшімұлы), “Аңшының отбасы” (сценарийдің авторы және реж. Серік Апырымов), т.б. фильмдері түсіріле бастады. “Қазақфильм” аумағында (19 га) 2 павильонды киноға түсіру ғимараты, сол сияқты декоративтік-тех. құрылыстар, дыбыс студиясы, өндірістік-лабораториялық құрылыстар орналасқан.Осы леппен жарық көрген режиссер-суретшілер Ж.Даненов пен Ұ.Қыстауовтың «Алпамыс батыр», «Айдаһар аралы», Е.Әбдірахмановтың «Тапқыштар», «Бозторғай», Б.Омаровтың «Үш шебер», «Қаңбақ шал», Т.Мұқанованың «Жібек шашақ», «Қайшы», Қ.Сейденовтың «Тігінші мен ай», «Қадырдың бақыты» сияқты шығармалары да қазақ мультипликациясы тарихында жоғары бағаланады. Ендеше, 50 жылдық тарихты еңсерген қазақ анимациясының бүгінгі күйі қандай? Технология дамыған заманда мультфильмді ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүріміз бен тарихымызды ұрпақ санасына құятын құрал ретінде пайдалануға не кедергі?

Қазақ мультфильмінің қарлығашы Әмен Қайдардың туындыларындағы бейнелеу кеңістігі мен сюжеттік көріністе орта азиялық кілемдер мен миниатюралардың, ою ‑ өрнектерінің классикалық стиль элементтері кеңінен пайдаланған. Графикалық мультфильм мен шығыс миниатюрасының ара қатынасындағы сабақтастық көзге айқын көрінеді. Мультфильм жасаушы суретшінің басты мақсаты – картинаны миниатюраға немесе ою‑өрнекке стильдеу емес, шығыс миниатюрасы мен қазақ ою‑өрнегінің пластикалық элементтерінің көркемдік дамуын жетілдіруге баса назар аударған.

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмі өзінің лирикалық нақышымен көрерменді бірден баурап алады. Әсем көріністерді жасаған көңіл–күй мен түстік колорит өз мәнін аша түседі. Кинокадрлар құрылысы қарапайым, бөлшектермен жүктелмеген. Бояулары нәзік және ашық. Көңіл–күй бойынша фон келесі оқиғаны дайындайды, сол оқиғаның іс ‑ әрекетін жасайды. Рольдерді орындаушы адамдар, хайуанаттар мен әсем көрініс, фольклорлық кейіпкер мен ұлттық ертегі ортасының стилистикалық бірлігі мен үйлесімділігінің өзіндік бейнелеу пластикасын жасайды.

Әдебиеттік негізі мультфильмнің жанрлық ерекшеліктерін, оның кеңістік – уақыт, бейнелеу және музыкалық шешімдерін анықтады. Картинада оқиғаның сыртқы сұлбасы ғана сақталған. Жақсы ойластырылған және шыңдалған драматургия нәтижесінде адам өмірін сақтау мақсатында құйрығының бөлігінен айрылған Қарлығаш тарихы экранда ақындық және тереңдетілген пәлсапалық нысанға ие болады. Мұнда бәрі логикаға сәйкес және кейіпкерлер белгілі бір ашық әлемде өмір сүреді. Сондықтан да, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісінде де қарама-қарсы күштер айқын көрсетілген.

Өкінішке орай, бұл фильм жақсылықпен аяқталмайды. Атап айтқанда, бір тамшы адам қанынан далаға гүлдер шықса, ал жерге түсіп жарылған Айдаһар денесінен кішкене жыландар жан–жаққа қашады. Яғни, Жамандық толық жоғалған жоқтығы айқындалып отыр. Ол бар, ол уақытша жеңіліс тапты. Жамандық қайтадан пайда болуы мүмкін. Сондықтан бұл мультфильмге хайуанаттар туралы дәстүрлі ертегі емес, балалар мен ересектерге бірдей қызық пәлсапалық маңызы бар мультаңыз түрінде қарау керек.

1.2 Ұлттық анимацияның ақуалы қалай?

Біз тәуелсіз мемлекет, егемен ел болғаннан бері білімі мен білігі ұштасқан интеллектуалдық ұлт болуға, жаңа үлгідегі заманауи технологияларды игеруге талпыныс жасай бастадық. Десек те, дәл осы тұста біз өмірдің оңы мен солын жаңадан тани бастаған жас ұрпақтың ұлттық санасын қалыптастыру жағын ескере бермейтін сияқтымыз. Ал, ертеңгі болашағымыз болатын ұрпағымыздың тамырына рухани нәр бермей, біз ешқандай да интеллект иесі бола алмайтынымыз анық. Осы тұста, бүгінгі күннің балаларына тәрбие құралы саналатын анимациялық мультфильмдер жайлы сөз қозғап, оның тарихына аз да болса көз шалып өтсек артық болмайды деп ойлаймыз. Сонымен, әуелі, мультипликациялық кино ұғымына түсініктеме беріп, тарихына тоқталайық.  Бұл (латын тілінде multіplіcatіo – көбею; ағылшын тілінде – жандандыру) – cуреттердің, қуыршақтардың қозғалыс кезең-кездерінің фазаларын жеке кадрларға түсіріп, ретімен көрсетуден туатын кино өнерінің бір түрі. Мультипликациялық кино ісінің белгілі үш тәсілі бар: бірінші, суреттер (графикалық мультипликация); екінші, қуыршақтар (көлемді мультипликация); үшінші, жалпақ, жұқа қуыршақтар (жазық пішінге салып қию) пішінінде пайдаланылады. Алғаш суретке жан бітірген бельгиялық физик Ж.Плато (1832 ж.). Ол бірнеше сурет жапсырылған дискіні жылдам айналдыру арқылы, қолын сілтеп жүгіріп бара жатқан адам бейнесін жасады. Ал, 1877 ж. француз суретшісі әрі инженері Э.Рейно траксиноскоп арқылы суреттің қимылын ұзартты. Онда музыка және әнмен сүйемелденген түрлі-түсті бейнелі бірнеше комедиялық лента, 15-20 минутқа созылды. Америкалық С.Блэстон мен У.Маккей, француз Э.Коль, т.б. мультипликациялық киноның көшбасшысы болып саналады (1906-08). Олар суреттерді кадрлеп бөлшектеп, бөліп түсірудің жаңа жолдарын пайдаланып, мәнерлі қозғалысқа келтіріп, оларға жан берудің құпияларын ашты. Мультипликациялық киноның негізін салушылардың бірі, әйгілі Микки Маус атты мультфильмнің авторы – Уолт Дисней. Америкалық режиссердің  қарамағында бірне­ше елдің талантты суретшілері қызмет атқарып, ширек ғасыр бойы техникалық жетістік биігінен көрінді. Оның әйгілі Освольд (қоян), Микки Маус (тышқан), Дональд (үйрек), т.б. кейіпкерлері миллиондаған көрермендердің көңілінен шықты. Бірнеше серияны құрайтын қойылымдардағы қимыл мен сөздің дәлдігі, музыка, шудың қозғалыспен қатар естілуі үйлесім тапты. ХХ ғасырда «Союзмультфильм» (1936 ж. құрылған) студиясынан жарық көрген фильм­дер, мультипликациялық кино ісін дамытты. В.М. Котеночкиннің «Тұра тұр, бәлем!» (Ну, погоди) көпсериялы фильмі, режиссер В.Поповтың «Простоквашинадан шыққан үшеу», т.б. фильмдерін миллиондаған жас көрермендер тамашалады. Мультипликациялық кино әрдайым жаңалықтар мен ізденістерді қажет ететін өнер. Жақсы мультипликация үшін, тек суретшілердің ғана еңбек етуі аз. Бұл өнерде режиссердің, сценаристің еңбегі­мен қатар қолөнершілердің қолтаңбасы мен компьютерлік графика ісінің үйлесуі де маңызды. Ал, қазақ мультипликация өнерінің тұсау­кесер мультфильмі ертегі негізінде тү­сірілген, 1967 жылы жарыққа шыққан «Қар­­лығаштың құйрығы неге айыр?»мультфильмі. Қазіргі жас ұрпақ «Тасбақа-ниндзялар», «Трансформер», «Мегамозг», «Халк», «Аватар» сияқты құбыжықтарды құрметтеп, солардың тәлім-тәрбиесімен өсіп келе жатқандығы баршамызды алаңдатарлық жәйт болу керек. Бұл жағдайға кім кінәлі? Бұған барлығымыз бірігіп, ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, мультфильм шығарайық деген ұсыныстар айту керекпіз. Ойлап қарасақ, шет елдің мультфильмдерінде терең мазмұн болмайды. Ерекшелігі де осында, яғни, ең бастысы, оқиға (сюжет) аса күрделі емес. Оған қоса жарнамасының өзі бала тұрмақ үлкен кісіні қызықтырары анық. Біздің алпауыт батырларымызды, тарихымызды, салт-дәстүрлеріміз бен мәдение­тімізді, елдігімізді жас өркенге көгілдір экран­дағы мультфильм арқылы да жеткізе алатынымызды түсінетін уақыт келді. Қазақ мультипликациясының атасы Әмен Қайдаровтың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» сынды туындыларының дең­гейіне әлі де жете алмай жатырмыз. Мульт­фильм­дер жоқ емес. Бар. Бірақ, өте аз. Әмен Қайдаровтың өзі берген бір сұхбатында жылына бар-жоғы жарты сағаттық мульт­фильм шығаратынымызды айтты. Бұл халық сұранысын қанағаттандырмайтыны белгілі. «Мен Алдармын, Алдармын, сақалымды талдармын» деп әндетіп, бірақ өзінде сақал түгіл, мұрт та жоқ қазақ ауыз әдебиетінің кеңінен танымал кейіпкерін білмейтін адам жоқ. Қай телеарнаны ашпасаңыз да,алдыңыздан Алдардың киносы, не Алдардың мультфильмі шығады. Бұл қуантарлық жәйт. Десек те, қазіргі Алдардың бейнесі Шәкен Айманов сомдаған парасатты, қу да болса, елдің қамын ойлаған, жарлының байда кеткен ақысын алып беру үшін түрлі айлаға баратын Алдардан мүлдем өзгеше. Бүгінгі Алдарда сол парасаттылықтан еш нәрсе қалмағандай. Бір сөзбен айтқанда, қазіргі заманның нағыз алаяғы сияқты көрінеді. Сәби санасына да бұның кері әсері бары анық. Бұл жерден психологтар мен педагогтар пікірі ескертілмейтінін байқаймыз. Мультфильм жасау инемен құдық қазғандай ерен еңбекті талап ететінін түсіну қажет. Деген­мен, еліміздегі мультипликациялық кино жасаудың шебері саналатын студиялар да бар. Солардың бірі 2001 жылы құрылған «САҚ» (бұрынғы «Жебе») киностудиясы. Киностудия атауы біріншіден, осы тайпаның құрметіне берілсе, екіншіден, «САҚ» – Сапалы Анимациялық Қойылым болып шыға келеді. Студия тек сапалы ұлттық өнер туындыларын шығаруға бел буған екен. Аз уақыттың ішінде бұл киностудияны бүкіл Қазақстан мойындап отырғанын айта кетуге болады. Бұған дәлел ретінде, «Қазақфильмнің» төрт мультфильмге тапсырыс беруін тілге тиек етуге болады. Олар Ә.Тәжібаевтың поэмасының желісі бойынша жасалған «Толағай» мультфильмі және «Қошқар мен Теке», «Момын мен қарақшылар», «Маймақ қаз». Барлығы аяқталып қойған дүниелер. Жалпы, киностудия қорында жиырмаға жуық мультфильм бар. Бес минуттық, он минуттық мультфильм болсын әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері мен тәрбиелік мәні ерекше. Айтар болсақ, көпсериялы «Қазақия» мультфильмінің бір сериясында қазақтың «Көп түкірсе көл» деген мақалының мағынасы түсіндіріледі. «Қазақия» Қазақстандағы тұңғыш мультсериал. 6-7 минуттан тұратын қазақтың мақал-мәтелін, дәстүрін үйрететін осындай сериалдардың бар болғаны қуантарлық жәйт. Тек, бұл мультсериалдарды телерадио арналарымыздан көріп есіте алмау­ларымыз өкінішті. Олар бағасы арзан кел­ген шетелдің ескі мультфильмдерін сатып алуға құмар. Экономикалық жағынан бұл тиімді де шығар, ал, таңертеңнен кешке дейінгі бос уақытын көгілдір экран алдында өткізетін бала психикасы мен мінез-құлқына кері әсері болатынын көпшілік түсіне де, біле де бермейді. Тіпті, кей тұста түсінсе де, білсе де мән бермейтінін байқаймыз. Біздің қателігіміз, анимациялық мультфильмдер шығаруды кино шығарумен тең дәрежеде қарамауымызда. Асқан төзімділікті қажет ететін анимациялық мультфильм жасауды еріккеннің ермегі санайтын сияқтымыз. Бұл да кино жасаумен тең келетін өнер саласы. Балаларға арналған «Балапан» телеарнасы ашылды. Бұған бек қуанамыз. Тек, тағы бір, өкініштісі, бұл арнада қазақшаға аударылған шетелдік өнер туындылары көп. Сонда, біз шетелдік тәрбиені балаларымызға қазақшалап оңай жеткізіп жатқанымызды түсінбейміз бе?! Әлде, түсінсек те, бәрі қаржыға тіреле ме?! Біздің ойымызша, ұлттық анимациялық мультфильмдер сапалы да мазмұнды дайындалуы үшін, біріншіден, оған бөлінген қаржы кино туындысына бөлінетін қаржыдан кем болмау керек. Екіншіден, ұлттық мульт­фильмдердің идеологиялық құрал екенін, өсіп келе жатқан ұрпақ санасы үшін олардың әсері мол екенін ұмытпау керекпіз. Осы тұста, ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүрлерімізді, тарихи тұлғаларымыз бен батырларымызды дәріптейтін мультфильмдерді көбейту керек. Үшіншіден, шет елден келетін мультфильм көрсетілімін азайтып, не болмаса таңдаулы мультфильмдерді ғана экранға шығару керек. Төртіншіден, мемлекеттік тапсырыс бойынша анимациялық өнер туындыларын шығаруға киностудиялар арасында конкурс жарияланса, бұл өзара бәсекелестікті арттырары анық. Бесіншіден, шыққан ұлттық анимациялық көрсетілімдерімізді жарнамалау мәселесін ұмытпаған жөн. Мультфильм кейіпкерін ұлттық брендке айналдыруға тырысу керек. Ұлттық үлгідегі қуыршақтар, ойыншықтар шығарудың өзі үлкен жарнама болары анық. Болашақта ұлттық мультфильм кейіпкеріміздің бейнесі бар балалар киімдерін шығаруды да ойлаған абзал.

1.3. Өнертанушылардың қазақ мультфилмдеріне көзқарастары

Мультипликациялық өнерге өнертанушы көзқарасымен қарайтын болсақ, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты мультфильмнің бірінші кадрға арнайы жасалған эскизді талдауға міндеттіміз. Эскиздің негізгі тақырыбы – ол бейбітшілік пен тыныштық. Суреттегі түпкі ой – ананың өзінің кішкентай баласына деген махаббатында жатыр. Ал, сюжетке келетін болсақ, бұл жерде суретші мультфильмнің сюжетіне байланысты адам мен қарлығаш құсының арасындағы достықты бейнелеген. Бұл кадрда тұрмыстық жанрды көруге болады. Суреттегі композицияның негізгі элементтері: ана мен бала, олар қарапайым геометриялық фигураны – үшбұрышты құрайды. Эскизде ашық композиция көрсетілген, суретші панорамдық әсем көріністі бейнелегісі келді. Көлденең композиция кеңістікті, тереңдікті көрсетеді. Фигуралар көрерменге жақын орналасқанымен, артқы план керісінше, терең қыйырға жайылған. Эскиздегі ана мен бала негізгі кейіпкерлер болып табылады, олар суреттегі сюжеттік-композициялық орта. Ендігі композициялық элемент – ритмге келетін болсақ, оны біріншіден, кейіпкерлер отырған сырмәшекейлерді сызықтар ырғағында көруге болады. Көркемөнер шығармасының құрылысын талдағаннан кейін, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты арнайы бұл мультфильмге жасалған эскизді суреттеуге тоқталайық. Суретте қазақ халқының кең даласын көруге болады. Бірінші планда – ашық жасыл шөптің үстіне төселген әдемі ою ‑ өрнекпен безендірілген сырмақта ана мен нәресте және бесік бейнеленген. Бесік пен шаңырақ – қазақ халқы үшін ең киелі ұғымдар. Ә. Қайдар мультфильмдерінің өзегі де осы екі ұғымнан бастау алады. Шаңырақ – Отан болса, бесіктегі бала – бейбітшіліктің символы. Суретші ана мен нәресте арасындағы махаббатты, сүйіспеншілікті жақсы көрсеткен, өйткені ана мен бала – өмірдің жалғасы, ал екінші пландағы үй төбесінің астында қарлығаш құсының ұясы бейнеленген, мұнда да құс пен балапандарының бір-біріне деген жылы сезімін көруге болады. Сонымен қатар, аналық мейірімділікті суретші ана мен нәрестені айнала қоршаған құлыншақ пен бие, қозылар мен қойлар, бота мен інген және де бұзау мен сиыр, жемісі бар алма ағаш арқылы әдемі бейнелеген. Ал, эскизде көрсетілген кішкене бұлақ та – өмірдің белгісі, өйткені, өмір – өзен. Көркем, жылы жазды күні ана бесікті тербетіп, баласына бесік жырын айтып отыр. Ана бейнесі қарапайым қазақ әйелдерінің сары жиекпен әшекейленген күрең қызыл–күлгін түсті камзолында, қызғылт көйлекте, аяғында өкшесі бар қоңыр түсті етігімен көрсетілген. Қолында кішкентай баласы ұйықтап жатыр. Сары түсті көрпемен оралған күйінде бейнеленген. Кейіпкерлердің астындағы сырмаққа келетін болсақ, бұл жерде кілемнің ою‑өрнектері әр жерде бірдей болғанымен бояулық шешімдері қайталанбас түрде көрсетілген. Сырмақ «қос мүйіз», «қошқар мүйіз» өрнектерімен безендірілген. Дәл ортасында «қошқар мүйіз» ою‑өрнегі, шет–шетінде тұмар, шаршы оюлары бар. Мұндай өрнектер «туған жер төсін толтырған отар–отар қой болсын» деген халықтың арман–тілегін білдіреді. «Қошқар мүйіз» оюы молшылықтың нышаны ретінде қолданылған. Сырмақтың негізгі түсі ақшыл қоңыр, үстіндегі ою‑өрнектер қызғылт–сары түсті бейнеленген. Екінші планда, екі терезесі мен бір қоңыр есігі бар қызғылт–сары үй бейнеленсе, үй төбесінің астында қарлығаш құсының ұясы көрсетілген. Суретші қарлығаштың ұясын бұл жерде тектен–тек көрсеткен жоқ. Себебі, қарлығаш – адамның досы. Суретші адам мен қарлығаш арасындағы достықты көрсеткісі келді. Бейнелеу кеңістігі – ол қоршаған табиғат. Көгал жерлердегі жасыл шөп, кішкене алқызыл түсті гүлдер, сарғылт құм–жер. Үйдің артқы жағында жасыл, күлгін түсті ағаштар бейнеленген. Жалпы бұл эскиз жылы түстерде орындалған. Ашық, жылы түстер, мультфильмде – ізгілікті, қайырымдылықты, мейірімділікті, бейбітшілікті білдіреді. Қараңғылау, суық түстер – жамандықты, қулықты, жауыздықты, жарамсақтықты, қайырымсыздықты, сатқындықты көрсетеді. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмінен кейін Әмен Қайдар сурет түрінде салынған «Ақсақ құлан» фильмін жүзеге асырады. «Ақсақ құлан» да фольклорлық аңызға негізделген болатын. Бұл жолы фильм сюжеті ретінде халық ертегісі емес, эпикалық аңыз «Ақсақ құлан мен Жошы хан» туралы болды. Жошы хан Шыңғыс ханның үлкен баласы және Бату ханның әкесі еді. Бұрынғы дала аңызы бойынша, Жошы хан құландарды аулау кезінде мерт болған.

«Ақсақ құлан» ‑ өнердің күші мен мәңгілігін мадақтаған тамаша қазақ аңыздарының бірі. Жошы ханның өлімі туралы хабарды ұлы Шыңғыс ханға айтуға ешкімнің де батылы жетпеді. Қаралы хабаршыны қатал өлім жазасы күтіп тұрды. Ханзада Жошының өлімін Кет – Бұға жырау домбырамен күй түрінде орындап берді. Қаралы хабарды жеткізген домбыраға ашулы Шыңғыс хан қорғасын құюды бұйырды. Міне, содан бері домбыраның жоғарысында тесік пайда болды. Орта Азия республикалары және Қазақстан киноматографистерінің сегізінші көрме – сайысында «Ақсақ құлан» (1969 ж.) фильмі – ең таңдаулы мультипликациялық фильм ретінде дипломмен марапатталған.Әмен Қайдардың шығармашылығындағы ізденімпаздық қасиеті «Қожанасыр – құрылысшы» (1970 ж.) деген фильмде жаңа қырынан танылды. Экранда аңыз бейнесі – Қожанасырдың астарлы ирониялық күлкісі, пәлсапалық өткір шешімдермен өрнектелген. Ә. Қайдардың мультипликациялық ленталарының бейнелеу әлемінің жартылай түстері жоқ, нақты қарама – қарсы. Ол қара мен аққа, яғни Жақсылық пен Жамандыққа бөлінген. Тіпті әзілқой, тапқыр Қожанасырды түсіргенде де, ол өзінің көркемөнер бағытынан айнымайды. Ол пәлсапалық аңыз – фильмді түсіреді. Бұндай жанр сәйкестік сюжеттің құрылуын, іс‑әрекеттің дамуын талап етеді. Сөзі жоқ, тек ымдаумен орындалған фильм–толғаныстарда, фильм–тезистерде бірінші планға іс‑әрекет шығады. Бұл бағыттағы фильмдер айтылған ойлардың талдап қорытылуымен, мульткейіпкерлердің шартты карикатурасымен және нысанның әсем ықшамдалуымен сипатталады. «Қожанасыр – құрылысшы» фильмінде авторлар бұрында қолданылған әңгімелерден алшақтады. Экранда – тез қимылдық драматургия, яғни нысанның ықшамдылығы, ойды бейнелік модельдеу. Мультфильмнің сюжеті бойынша, далада үйсіз қалған Қожанасыр тастан киіз үй қалай бастайды. Жұмыс істеп отырып, ол көршілерінің пікірін тыңдайды, олардың ақылы бойынша, Батыс пен Шығыстың барлық сәулет стильдерін пайдалана отырып, құрылысын жалғастырады, бірақ та одан жөні түзу ештеңе шықпайды. Ә. Қайдардың «Қожанасыр – құрылысшы» атты мультфильмі табысқа жетті. «Қожанасыр – құрылысшы» мультипликациялық фильмі 1972 жылы Тбилиси қаласында өткен 5 – Бүкілодақтық кинофестивальда арнайы дипломмен марапатталды және 1‑Халықаралық Загреб мультфильмдер фестивалында көрсетілді.Келесі сурет түріндегі мультипликациялық фильмі .«Құйыршық» (1969 ж.) деп аталады. Мульфильмнің сюжеті бойынша, шал мен кемпірдің кішкентай ақ ешкісі болады. Күндердің күнінде сол жақсы көретін ешкісін жабайы қасқыр жеп қояды. Ешкіден тек қана кішкене құйрығы қалады. Шал мен кемпір құйрықты алып, жабырқаңқы көңілде жылап отырады. Құйрыққа тамған жастан, ол кішкентай сүйкімді балаға айналып кетеді. Содан бастап, құйыршықтың қызық оқиғалары басталады.

Бүгінде қазақ мультипликациясы қайтадан қолға алынып, жаңадан жүріп келе жатқан сәби секілді аяқтан тұрып  келеді. Жаңа компьютерлік технологиялар арқылы жасалынған «Құйыршық» (2001 ж.), «Тағдыр» (2005 ж.) мультфильмдерінің тұсаулары кесіліп, дүйім жұртты қуантты. Тек бұл фильмдермен шектеліп қана қоймай, қазақ мультипликаторлары өз жұмыстарын әрі қарай жалғастыруды көздейді. Қазір үш сериялы «Құйыршықтың» төртінші сериясы жобаланып жатыр. Мұнда арманнан туған Құйыршық бала Шырақ деген атқа ие болып, қазақ тарихын аралап шығатын сүйкімді кейіпкерге айналады.

Аниматорлар сценарийді де өздері жазады, өздері жасайды. «Тағдыр» атты мультфильм сценарийінің авторы  Әмен Қайдар аға  бала көзімен өзі секілді майдан тылында болып келген ардагерлерге арнайды.

                                                         Қорытынды

Сонымен, Әмен Қайдар жасаған мультипликациялық фильмдер көптеген халықаралық жүлделерге ие болды. Қазақ деген елдің бар рухани байлығын дүние жүзіне таныстырды. Мультфильмдер өз уақытында шет елдердің көрермендерін таң – тамашаға қалдырған. Оған басты себеп – қазақ мультфильмдерінің сапасы ғана емес, ұлттық нақыштағы ерекшелігі еді.

Жалпы, мультипликация өнерінің адам баласын тәрбиелеудегі құдіреті зор. Оның ана сүтімен санаға сіңетін зор күшке ие болып тұрғаны осы. Ендеше, осы ұлы өнердің – мультипликация саласына бүкіл ғұмырын арнаған Әмен Әбжанұлы Қайдар өте бақытты адам. Осы өмірдегі ойлаған арманына, абыройлы мақсатпен жеткен адамның бірі. «Әр елдің мәдениетінің шыңы – мультипликация» ‑ деген сөз бұл Әмен Әбжанұлының төл пікірі. Ә.Қайдар өмірінің басты мұраты – ұлттық мультфильм. Ұлттық мультфильмде ұлттық тәлім–тәрбие мол, ұлағатты ұлы өнерінің, әдебиетінің, мәдениетінің кіршіксіз айнасы екені белгілі.

Жалпы мультфильм, өнер саласының басын құрайтын – синтетикалық өнер. Ол ұлттық мәдениетіміздің бір іргелі саласы болып табылады. Мультфильм – елдің мәдениетінің өскендігінің бір белгісі. Ол жиынтық өнер. Онда әдебиет, сурет, саз, кино, театр бәрі-бәрі бар. Еліміздің ғасырлар бойы жинаған ауыз әдебиеті: ертегілер, аңыздар, қиссалар – мультфильм үшін таусылмайтын азық. Сонымен қатар, құнды қазына – қазақтың күйлері. Ә.Қайдар фильмдерінің музыкасын жазған аса көрнекті композитор Нұрғиса Тілендиев болатын.

Қазіргі замандағы мультипликацияға шын мәнінде көңіл бөліп қарайтын болсақ, бұл сала өнердің ғажайып түріне айналған, яғни, кішкентай көрермендер түгілі үлкен адамдарды да күлдіреді, қуантады немесе қорқытып, жылатады, сондай–ақ тебірентіп, ойға қалдырады.

Мультипликация өнері ‑ өте күрделі еңбекті керек ететін үрдіс екені дәлел. Суретке жан бітіру – үлкен өнер. Мультфильм арқылы адамның тамаша жарқын ойларын іске асыруға болады. Ә. Қайдардың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Ақсақ құлан», «Қожанасыр – құрылысшы», «Қырық өтірік», «Айна күн», «Құйыршық» т.б. атты мультфильмдері қазақ халқының рухани қазынасына қосылған қомақты дүниелер. Қазақстанда мультипликациялық киноның негізін қалаған – Әмен Қайдардың шығармашылығына зер салғанда, оны сом тұлғалы суретші-күрескер деп тануға тура келеді. Оның өмір жолы, көрген қиындығы, мультипликация саласында тәрбиеленген шәкірттерінің табыстары – оның шығармашылығына тікелей қатысты. Бұл күндері мультфильм жасаушылар қазақ мультфильмдерінің атасы Әмен Әбжанұлы салған сара жолды әрі қарай жалғастырып келеді. Бұл өмірдің заңдылығы.

You May Also Like

Шудың адам ағзасына зияны, ғылыми жоба

Ғылыми жоба: «ШУДЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ЗИЯНЫ»                                                        Мазмұны І Кіріспе ІІ Негізгі…

Квадраттық функция құрылыста, ғылыми жоба

Зерттеу жұмысы  Бағыты: Жаратылыстану-математика бағыты Секция:  математика Тақырыбы: Квадраттық функция құрылыста Мазмұны:…

Үй тауығы балапандарымен бройлер балапандарының өсіп, жетілу ерекшеліктері, ғылыми жоба

Тақырыбы: Үй тауығы балапандарымен бройлер балапандарының өсіп, жетілу ерекшеліктері Үй тауығы балапандарымен…

Қазақ халқының ақиық ақыны М.Мақатаев пен шотланд ақыны Роберт Бернс поэзиясының үндестігі, ғылыми жоба

Жұмыстың  тақырыбы:  Қазақ халқының ақиық ақыны М.Мақатаев пен шотланд ақыны Роберт Бернс поэзиясының…