Айран – қасиеті бар тазартқыш»

Пікір

Осы жоба бастауыш сынып оқушыларын өз Отанының тарихын, мәдениетін, оның ішінде ерекше ұлттық тағамдарымызды тани білуге  және олаодың қасиетінің маңызын үйрету мәселерін қарастырады.

Көптеген әдебиеттерді зерттей отырып, айран түрлерімен, тарихымен, атауларымен танысты. Жоба авторы сауалнама жүргізу барысында адамдардың қаншалықты айранның маңызын білетінін, олармен қаншалықты таныс екеніне көз жеткізді.

Теориялық бөлімінде оқушы ақпараттар жинады.
Адам ағзасына сүт тағамдарының қаншалықты шипалық әсері күшті екенін білсек те, бұлардың кейбіреулерінің емдік қасиеттері бар екенін біле бермейміз. Гипертонияға, гастрит аурулардан емделуге болатының анықтады.
Жұмыс мұқият тілмен рәсімделген, сауатты , жеңіл оқылады және түсінікті. Онда қажетті көрнекті материалдар бар.Оқушы зерттеген жұмысын біледі, ғылыми және практикалық мақсаттарды қойып оны шешті.
Ғылыми болжаулар жасады. Тартылған майсызданған сүттен жасалған айранмен, шәйнек ішіндегі қоспақты жұмсартып тазартады деген жорамалдау шығарды. Жаңа шыққан қымбат тазартқыш ұнтақтардың орнына экологиялық таза айранды қолданған жөн екенін шештік.
Ғылыми жұмыс барлық талаптарға сәйкес келеді.
Зерттеу жұмысы керек деңгейде орындалды

Жоба жетекшісі:                    Г.Сейтжапарова

Аңдатпа

Бұл жоба қазақ халқының байырғы тағамы – айранның пайдасын зерттегу арналған.
Айран – сүттен жасалған ұлттық тағам. Айран – өте күшті тазартқыш және адам ағзасына пайдалы тағам болып табылады. Бұл тағам ақуыздарға өте бай, адам денсаулығына өте пайдалы.
Жобамда айранды Қазақстанның ұлттық тағамының тұрмыста да тағам ретінде де, косметикалық тұрғыда да қолдануға болатын зерттедім.

Аннотация

Этот проект посвещается древнему продукту Казахскогог народа – «Айран» что в переводе означает «Кефир»

Кислое молоко – моя национальная еда, которая сделалась из молока. Кислое молоко – очень сильный очиститель и органу человека  является полезным напитком. «Айран» – очень богат белком и полезно человеческому организмы.

Я можно исследовал кислое молоко в моем проекте, и на национальном еда Казахстана и в быту и на разе, косметическом подходе моей подковы применять.

Я представляю национальный продукт «Айран» как напиток и полезным очистителем в быту и косметичиским средством очищения.

Аbstract

This project of посвещается to the ancient product of Казахскогог of people is «Айран» that in translation means «Kefir»

Sour milk is my national meal that was made out of milk. Sour milk is a very strong purifier and is the organ of man  useful drink. «Айран» – very rich in an albumen and useful human organisms.

I it is possible investigated sour milk in my project, and on national meal of Kazakhstan and in the way of life and on time, cosmetic approach of my horseshoe to apply.

I present a national product «Айран» as drink and by an useful purifier in the way of life and косметичиским means of clearing.

Жұмыстың тақырыбы: «Айран – қасиеті бар тазартқыш»

Мазмұны:

  1. Теориялық бөлімі
  2. .Сүт тағамдары
  3. .Айран ұйыту
  4. Айранның құрамы
  5. Шаш жууға пайдалану
  6. Бет тазартуға пайдалану
  7. Эжемнің тері тазалау эдісі
  8. Актуалдық
  9. Проблемалық сұрақ
  10. Ақпаратты жинақтау
  11. Ғылыми болжам
  12. Практикалық маңыздылық
  13. ІІ Практикалық бөлімі
  14. 1 кезең. Айран ұйыту
  15. 2 кезең. Айранның ашуы
  16. 3 кезең. Айранмен шәйнектерді толтыру
  17. кезең. Шәйнектерді тексеру
  18. Зерттеудің нәтижесі
  19. IVҚорытынды
  20. V Қолданылған материалдар

Мақсатымыз: 
Шәйнек ішіндегі қоспақты тазартуға жол іздеу .
Қоспақты тазарту үшін айранның құрамын және қасиетін зерттеу.
Айранмен шәйнек ішін тазартып көру.

Зерттеудің практикалық маңыздылығын ашу.
Аталған мақсатымызға жету үшін алдымызға төмендегідей міндеттер қойдым:

Міндетері:
Ұлттық тағам туралы түсінік алып және оны өмірде пайдалана білуге үйренем.
Айранның құрамын және қасиетін анықтаймын.
Шәйнектің ішіндегі қоспақты тазалаймын.
Зерттеу күнделігін толтырып отырамын.  

Жұмыстың кезеңдері: 
І – кезең 20.10.-23.11. 2014 жылы тақырыпқа қатысты материалдар жинақталып, жүйеленді. Жинақталған материалдар іріктелді, жұмыстың бағыт – бағдары айқындалып, жоспар құрылды.
ІІ – кезең 23.01.-28.02.2015 жылы жұмыс жасалып, зерттеу бөлімі тиянақталды, қол жеткізген нәтижелер анықталды.  

I.Теориялық бөлімі

Көптеген салада дәрі ретінде де қолданылатын айранның пайдалары өте көп. Сүт және айран – темекінің зиянды әсерлерін және С дәрумені жетіспеушілігін жоятын ең маңызды тағам. Жүрек, кәрілік, холестерин және катаракта аурулары үшін өте жақсы дәрі. Айранның суы да өте құнарлы келеді, асқазанға ешқандай салмақ түсірмейді. Созылмалы диарея, дизентерия, желдену, астың қорытылмауы салдарынан болатын ауыз иісі, іш қату және асқазан қанаулары секілді ауруларға қарсы емдік қасиеті бар. 

Өзге де біршама пайдасы төмендегідей: 

  1. Ас қорыту жүйесін реттейді.
    2. Жара және күйіктерді емдейді.
    3. Көз үшін А витамині бар.
    4. Жетілу үшін Е витамині бар.
    5. Антибиотиктердің қосалқы әсерлерін жояды.
    6. Жүйке және жүрек үшін қажетті В1 витамині бар.
    7. Іш өту және ішек ауруларын емдейді.
    8. Терінің жақсаруы үшін В2 витамині бар.
    9. Құрамындағы ақуыз адамның күшін арттырады.
    10. Сүйектің жетілуі үшін D витамині бар.
    11. Ішек улануларынан сақтайды.
    12. Ішектердің жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
    13. Ауруларға қарсы емдік қасиеті бар.
    14. Минерал ретінде кальций мол.
    15. Әртүрлі аурудан сақтайды.

1.Сүт тағамдары
Сүт тағамдарын қазақ халқы бір сөзбен “ақ” дейді.Ақтан тағамдар әзірлеуде бірнеше мыңдаған жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай отырып, одан жүзден астам тамақ түрлері мен дайындау әдістерін жасаған[1] .Сиыр сүтінен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ түріндегі ұлттық тағамдар жасаған. Сүт тағамдарының құрамы белок, май және көмірсуларға өте бай, олар адам организмінде оңай қорытылады әрі сіңімді болады. Кейбір Сүт тағамдарында түзілетін сүт қышқылы адамның ас қорыту жүйесіндегі шіру процестерінің дамуын тежеп отырады. Адам ағзасына сүт тағамдарының қаншалықты шипалық әсері күшті екенін білсек те, бұлардың кейбіреулерінің емдік қасиеттері бар екенін біле бермейміз. Мысалы, гипертонияға шалдыққандар күніне 2 рет тамақ ішкеннен кейін жарты сағат өткенде 1 кесе айранды асықпай, баптап ішетін болса, бірнеше күннен кейін қан қысымы төмендеп, өзін жақсы сезінетін болады. Сондай-ақ ұйқы қашқанда түнемелік жатар алдында 1-1,5 кесе жылы айран ішсе, оның жақсы ұйықтап шығуға әсері мол. Тағы бір жайт, айранның гастрит ауруына да пайдалы екендігі. Ол денсаулыққа пайдалы және қоректік қасиеті мол[2] тағам.

  1. Айран ұйыту.
    Айран – қазақ аспаздығында айран кеңiнен қолданылады. Оған салқындатылған сусын, әрi тағам болып табылатын түрлi сорпалар қосады. Айранды дайындау үшiн сиырдың сүтiн қайнатады да, +35, 40 С-қа дейiн салқындатады. Онан соң айран (1 стақан айранды 5 литр сүтке) құяды. Онан соң ыдысты қақпақпен жауып, сүлгiмен орап, жылы жерге қояды. 4-6 сағаттан кейiн айран дайын. Сүт – өте бағалы өнім. Олай дейтініміз, организмге оның құрамдас бөлігінің 95-98 пайыз сіңеді[3]. Сүт, сондай-ақ, амин қышқылдарының, макро және микроэлементтердің, витаминдердің таптырмайтын көзі. Сүттің тағы бір қасиеті – түрлі азық-түлікпен керемет үндесіп, адам тағамының биологиялық құндылығын көтереді. Қаймағы алынған немесе алынбай пісірілген сүтке азырақ айран ұйтқысын қосып ұйытылады. Ол жеңіл және сусындық тамақ[4].

3.Айранның құрамы
Өнімдер Сан Энергетикалық құндылығы (ккал) Ағуыздар (г) Майлар (г) Көмірсулар (г) [5] Айран 0 % 100 мл 30 3,0 0,1 3,8
Айран 2 % 100 мл 51 3,4 2,0 4,7
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті.
Ветеринарлық медицина кафедрасының профессоры В.Ғ.Д.
Жақыпов Исатай Түсіпұлы
4.Шаш жууға пайдалану
Сонымен бірге айранды ертеректе халқымыз шаш жуу үшін де пайдаланған. Айранмен жуған шаш әрлене түседі әрі шашқа қайрат береді.
Шаштың тез өсуіне көмектеседі.
4. ә. Бет тазартуға пайдалану
Айран жаққан кезі таңертең және кешкі уақытта
4б.Эжемнің тері тазалау эдісі
Кезінде, тіпті, айранды тері илеуге де пайдаланған. Тері илеу үшін малма жасайтын қасиеті де бар. Қалмақтар айранды ашытып, көкір (арақ) жасаған.

Әжемнің терінін илеуі әдісі[6].
5 ) Актуалдық:
Әжемнің жануарлардың терісін ащы айранмен тазалау әдісін бақылап, өзім бір ойға келдім. Айранмен шәйнектің ішіндегі қоспақты тазартып көру керек. 

6 Проблемалық сұрақ
Айранмен шаш жуады, бетті ағартады, тері тазалайды…………………………………..
ал жемірілген шәйнекті айранмен тазартуға бола ма?

7Ақпаратты жинақтау
Мектеп кітапханасынан қосымша айран туралы ақпараттар жиналды [7] Химия пән мұғалімі жемірілу (коррозия) туралы мәлемет алынды[8].
Интернеттен ақпараттар қарастырылды[9]

Қарапайым айран ағза үшін өте пайдалы. Бұл табиғи қышқыл сүт – тері мен шаш күтімін қамтамасыз ететін тамаша құрал. Айран құрамындағы ақуыз, ашытқы, кальций, В және Е дәрумендері, ұйыған сүт талшықтары шашты құнарландырып, саулығын нығайтады.

Айран негізінде шаштың жылтырауы мен жібектігін қайта қалпына келтіретін, құрылымын жақсартатын, сынғыштығы мен түсуінің алдын алатын, күн, жел және басқа да факторлардың теріс әсерінен қорғайтын шашқа арналған түрлі маскаларды дайындауға болады

Шаштың әсемдігіне арналған айран

Ең қарапайым айран маскасы жалғыз құрам – айраннан тұрады. Шашыңыз бен бас терісіне айранды молынан жағыңыз, басыңызға полиэтилен пакетін киіп, орамал не бас киіммен басыңызды ораңыз. Осы маскамен бір жарым сағаттай жүріңіз, кейін сусабынмен басыңызды жуыңыз. Мұндай маскадан кейін кондиционер немесе бальзам қолдану міндетті емес.

Тек, ескере кететін жайт, мұндай күтімді құрғақ шашты жандар жиі жасап тұрса болады. Егер шашыңыз майлы болса, онда айран маскасын айына 1-2 рет жасап тұру жеткілікті.

Барлық маскаларды мейлінше таза шашқа жағып, нәтижелі болу үшін жылыда ұстау керек.

Егер шашыңыз жиі түсетін болса, төмендегі масканы жасап көріңіз:
– айран – 1 стақан;
– сыра ашытқысы – 1 шай қасық;
– қыша ұнтағы – 1 шай қасық;
– кез келген эфир майы – 3–5 тамшы.

Масканың әсерін арттыру үшін төменде келтірілген ингредиенттерді қосыңыз:
– түйежапырақ, иіртамыр немесе қалақай қайнатпасын;
– жұмыртқаның сарысын – 1 дана;
– түйінді пияздың шырынын – 1 шай қасық;
– бал – 1 үлкен қасық;
– ошаған майын – 1 үлкен қасық немесе
– коньяк – 1 үлкен қасық.
Қоспаны мұқият араластырып, шашыңызға жағыңыз да, басыңызды орап, масканы 30-40 минут ұстаңыз. Кейін шашыңыздың типіне сәйкес сусабынмен жуып тастаңыз.

Қайызғаққа қарсы айран маскасы

Шашты қайызғақ басқанда халық емі келесі амалды пайдалануға ұсынады. Қалақай немесе түйежапырақ тұнбасы мен айранның теңдей қоспасын араластырыңыз. Шашта мұндай масканы бір сағат ұстау керек. Бұл әдіс шашты қайызғақтан тазартып қана қоймай, шаштың тез өсуіне әсер етеді.

Сонымен қатар қайызғаққа қарсы айраннан жасалған мына масканы да жасауға болады:
– жарты стақан айран;
– 1 үлкен қасық кез келген өсімдік майы;
– бір уыс қара нанның жұмсағы;
Бәрін араластырып, шашқа жағып, 20 минут ұстаңыз. Кейін шашыңызды сусабынмен жуыңыз.

Құнарлы маскалар

Құрғақ шашты ылғалдандыруға келесі маска көмектеседі:
– үш ас қасық айран;
– бір үлкен қасық кез келген сұйық май (зәйтүн, ошаған немесе үпілмәлік майы);
– бір жұмыртқаның сарысы.
Қоспаны шашта бір сағаттай ұстау керек.

Айран, сұлы ұны, бірнеше қасық майонез немесе ерітілген сары майдың қосындысынан жасалған маска шашты өте жақсы құнарландырады.

Майлы шаштыларға келесі маска жарайды:
– 150 г айран;
– жұмыртқаның көпіршіген ағы.

Сонымен қатар бұл қоспаға картоп крахмалын немесе картоп шырынының сығындысын қосуға болады. Бұл шаштың ұшып тұратындығына тосқауыл қояды. Ал айранмен араластырылған лимон шырыны шашқа жылтыр мен көлем береді.

Химиялық бұйралау немесе бояудан кейін шашты қайта қалпына келтіру үшін де айранды пайдалануға болады. Бірақ ескере кететін жайт, сүт қышқылы шаштағы бояу пигменттерін кетіру қасиетіне ие, сондықтан мұндай жағдайда айранды абайлап пайдаланған жөн.

8.Ғылыми болжам
6 а)Ғылыми болжау: Мен тартылған майсызданған сүттен жасалған айранмен, шәйнек ішіндегі қоспақты жұмсартып тазартады деген жорамалдау шығардым.
6ә)Ғылыми болжау: Тартылмаған майлы сүттен жасалған айранмен шәйнектін ішіндегі қоспақты жақсы тазартады деген жорамалдау шығардым.

9.Практикалық маңыздылық
Жаңа шыққан қымбат тазартқыш ұнтақтарды қолданғанның орнына экологиялық таза айранды қолданған жөн.
Құрамы:минералды және органикалық қышқылдар, арнайы қоспалар бар.
Терісіне немесе көздің сілекей қабығына тиіп кетуден сақтаңыз!.
Тиген жағдайда сумен әбден шайыңыз.
Тамақ өнімдерінен аулақ жерде сақтау қажет!

II.Практикалық бөлімі
Зерттеу жұмысы бақылау әдісі арқылы орындалды, және өзгерістері күнделікке толтырылды
1кезең
Айран ұйыту
1.Сүтті пісіріп айран ұйыттым.
Тартылған сүттен және тартылмаған сүттен айран ұйыттым.
2.Тартылмаған майлы сүттен жасалған айран 2 күннен кейін ашыды. Бөлме температурасы 19º С градус.
2 кезең. Айранның ашуы
3.Тартылған сүттен жасалған айран бір күннен кейін аши бастады.
Бөлме температурасы 19ºС градус. 23.11.2011ж
3 кезең.
№1 шәйнек
Айранмен шәйнектерді толтыру
4.Ашыған айранды шәйнектер ішіне құйдық 25.02.2015ж
4кезең.

Шәйнектерді тексеру
№1 шәйнек
5.Бір тәуліктен кейін ашыған айран быршыды, түсі өзгерді.Бөлме температурасы 19ºСградус.26.02.2015ж

№2 шәйнек
6.Ашыған айранды шәйнектер ішіне құйдым. Қақпақтарын жауып қойдым.
19ºС градус 25.02.2015ж

№2 шәйнек
7.Екі тәуліктен кейін айранды төгіп тастадым. Түсі өзгерді.
27.02.2015ж

5 кезең Айранды төгу
8.Айранды төгіп тастадым, шәйнектің ішін сумен жудым 28.02.2015ж
№1 шәйнек № 2 шәйнек  

III.Зерттеудің нәтижесі: 
1.Тартылған сүттен жасалған айран

№1 шәйнек
Шәйнекті таза сумен шәйіп қырып көрдім. Шәйнектің ішіндегі қоспағы жеңіл алынды

2.Тартылмаған сүттен жасалған айран

№2 шәйнек
Шәйнекті таза сумен шәйіп қырып көрдім. Шәйнектің ішіндегі қоспағы қатты және оңаймен алынбады.

IV.Қорытынды:

Ақ құйып шығару (салт, ырым).

«Үйге кірген жыланға да ақ құйып шығарады» (мәтел). Халқымыз ақты жерге төкпейді, аяққа баспайды. Ал кейде сол ақты жерге төгетін де ырымдар бар. Мысалы, қалың өрт келгенде алдына ақ шашады. Сол сияқты үйге жылан кіріп кетенде де оның басына ақ (сүт не айран) құйып, үйден шығарып барып өлтіреді. Мұндай әдет халықтың өз аулына немесе үйіне келген дос, дұшпанына да алдымен құрметпен қараудан шыққаны болуы керек. [1]

Ақты қастерлеу.

Сүттағамдарына байланысты халық арасында қалыптасқан түсінік, тәрбие көзі – қазақта басқа халықтар секілді сүт және одан дайындалған түрлі (сүт, айран,қымыз, құрт, ірімшік т.б.) тағамдарды қасиетті, киелі, емдік қасиеті бар деп санаған. Ымырт түскен соң қазақтарда сүтті далаға алып шығуға, ішінде сүті бар ыдыстың бетін ашық қалдыруға тыйым салған. Алып шығуға тура келіп жатса, сүт құйылған ыдысқа ай сәулесі түспесі үшін, оның бетін жабады. Олай жасалынбаса, мал ауруға ұшырайды деп санайды. Сондай-ақ, ағын суға сүті ауатын ыдысты жумау, онымен су тасымау, оның шайындысын да ағын суға төгуге тыйым салынған. Оның «су аяғы құрдыммен» түсінігімен байланысты.[1]

Сондықтан да 1-ші гипотиза бойынша ең абзалы – таза, табиғи әрі адам денсаулығына кері әсері жоқ сүт тағамдарының бірі тартылған сүттен жасалған айранмен шәйнектің қоспағын тазартуға пайдаланғанымыз жөн.

You May Also Like

Кәрі жіліктің құпиясы, ғылыми жоба

Тақырыбы: «Кәрі жіліктің құпиясы» Кіріспе………………………………………………………………………. 3 Негізгі бөлім………………………………………………………………. 3 1. Теориялық бөлім……………………………………………………….…

Қымыздан жасалған балмұздақтың адам ағзасына пайдасы, ғылыми жоба

Тақырыбы: «Қымыздан жасалған балмұздақтың адам ағзасына пайдасы» Секциясы: медицина, биология АННОТАЦИЯ Секция:…

Табиғи балдың пайдасы, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Табиғи балдың пайдасы» Зерттеуші: Көшбаев Мұхамеджан Мазмұны:  1.Аннотация …

Шымқаланың көне тарихы, ғылыми жоба

Бағыты: қоғамдық гуманитарлық Секциясы:  Тарих, өлкетану  Ғылыми жоба тақырыбы:     «Шымқаланың көне тарихы»…