Тақырыбы: «Қымыздан жасалған балмұздақтың адам ағзасына пайдасы»

Секциясы: медицина, биология

АННОТАЦИЯ

Секция: медицина, биология

Тақырыбы: Қымыздан жасалған балмұздақтың адам ағзасына пайдасы»

Зерттеу мақсаты: Ұлттық балмұздақтың балаларға да, ересектерге де биологиялық құндылықтарға бай, құнарлы, ағзаға пайдалы азық-түлік болып табылатындығын дәлелдеу. Оқушыларға өзіндік зерттеу қабілеттерін шыңдау.

Зерттеу әдістері: Жеке тәжірибе арқылы зерттеу, журнал, кітаптардан және ғаламтордан алынған ақпараттар мен мәліметтермен жұмыс жасау.

Жобаның өзектілігі: Өз елімізде шығарылатын Отандық өнімді  ешқандай консерванттар қоспасыз, таза дәрумендерін сақтап, жасауға болатыны дәлелдеу. Қымыздан жасалған балмұздақтың түрі адам ағзасына пайдалы  екенін дәлелдеу.

Нәтиже мен тұжырымдар:

Нәтижесі:

  1. Қазақтың ұлттық сусынынан жасалған балмұздақты ұсыну.
  2. Қымыз сусынының адам ағзасына тигңзер пайдасын дәлелдеп көрсету
  3. Осы кішкене ғана жобамен үлкен жобаларға аяқ басу.

Кіріспе

          Қазіргі кезде букіләлемдік пондемия кезінде карантин талабына сай балалар да, ересек адамдар да компьютер алдында жұмыс жасап отыр. Ал, бұл ғылыми жобада қарастырылып отырған қымыздан жасалған балмұздақтарды ұзақ уақыт компьютерде отырып жұмыс істегенде, не болмаса кітап оқып болған соң, жеудің пайдасы өте көп екендігіне дәлелдер келтірілген. Тағы айта кететін жаңалық, ұлттық балмұдақтардың бұл түрлерінің жаздың аптап ыстық күндері басыңнан күн өтіп ауырғанда, мұрныңнан қан кетуі жиілегенде қан тоқтату қасиеті бар екендігіне мысалдар келтірілген.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі:

Қымыздың адам ағзасындағы  өкпе мен бауыр үшін емдік қасиеттері аңызға айналған десе де болады. Қаншама дәрі- дәрмектен жазыла алмаған аурулар осы қымыздан құлан- таза айығып кеткеніне дәлелдер мен мысалдар өте көп. Бірақ бұл ұлттық сусынды ересек адамдар жақсы көргенмен, балалар көп іше бермейді.  Сондықтан да, балалардың ағзасына витаминдерін дарыту үшін,  қымыздың  құрамын өзгертпей балмұздақ жасауға болатынына көз жеткізгіміз келді. Бұл емдік қасиеті бар, пайдалы  сусынды балмұздақ күйінде ұсыну адам ағзасына бала кезінен-ақ пайдасын тигізері сөзсіз. Өйткені балмұздақты ересектер де, балалар да мезгіл таңдамай сүйіп жейді.  Балмұздақтың бұл түрін ұлттық балмұздақ  ретінде экспортталуына жол ашуымыз керек. Өз елімізде шығарылатын Отандық өнімге ешқандай консерванттар қоспасыз, таза дәрумендерін сақтап, жасауға болатыны дәлелденген. Бұл,  балмұздақтың дәл осы түрлері адам ағзасына пайдалы екендігінің тағы да бір дәлелі.

Зерттедің мақсаты:

Бұл жобадағы мақсат ұлттық балмұздақтың балаларға да, ересектерге де биологиялық құндылықтарға бай, құнарлы, ағзаға пайдалы азық-түлік болып табылатындығын дәлелдеу. Бие сүтінен жасалған балмұздақтың сиыр сүтінен жасалған балмұздақтан айырмашылығы отқа пісіріліп, құрамы өзгертілмей, табиғи таза өнім күйінде пайдалануда екендігін түсіндіру. Оқушыларға өзіндік зерттеу қабілеттерін үйрету. 

Зерттеудің міндеті:

          Бұл жобадағы таңдалып отырған тақырыптың міндеті болашақ ұрпағымыздың дені сау, экологиядан келетін, компьютер, ұялы құрылғылардан келетін қауіптерден  барынша сақтауға үлес қосу.

Зерттеудің жаңашылдығы:

          Қымыздан жасалған балмұздақтың басқа балмұздақтардан айырмашылығы ешқандай зиянды түс бергіштер мен дәмдендіргіштер қоспай, отқа пісірмеген табиғи күйінде пайдалануы адамға ешқандай зиян тудырмайтындығында. Керісінше бұл сусында табиғи иммундық қасиеті адам  денсаулығына  пайдалы түйіршік белоктар бар екендігінде.          

Зерттеу әдісі:

Жеке тәжірибе арқылы зерттеу, журнал, кітаптардан және ғаламтордан алынған ақпарат.

Нәтижелер мен тұжырымдар:

«Қымыздан жасалған балмұздақтың адам ағзасына пайдасы» тақырыбының басталуына түрткі болған қызығушылық, ол жылқы малының ерекшелігінде. Жылқының щаруашылыққа пайдалы қасиеттері ұшан-теңіз. Ол мінсе көлік, сүті – қасиетті диеталық сусын, еті-дәмді тағам. Барлық түліктен де жылқы өсіру жеңіл.Оны бағуда шығын шықпайды. Еті де, сүті де қазақ халқы үшін аса қадірлі тағам. Өз бойын таза ұстайтын,өз жерін қашықтан танитын сезімтал қасиетті жануар. Төрт түлік малдың ішіндегі ең сүттісі сиыр болғанымен сиыр сүтінің жарамдылық мерзімі өте қысқа. Сиыр тез ауруға шалдыққыш мал болып табылады. Сүті де көбірек қайнатылмай қолданымға берілсе, адам ағзасына зиян келтіретін бактериялар болу қаупі де жоқ емес. Біз осы тақырыпты таңдамас бұрын «Қазақтың жылқы малы неге жеті қазынаның біріне жатқызған?» –  деген сұрақтарға жауап іздеуден бастадық. Шындығында да осынау  жануардың сүтінің құрамында да адам ағзасына пайдалы дәрумендер бар екендігі айқын көрініп тұрғандай болды. Сондықтан да біз төрт түлік ішіндегі осы түліктің сүтінің құрамын зерттеуге кірістік. Ол үшін ғаламтор парақшалары мен денсаулық газеттері және кітапхана сөрелеріндегі «Жануарлар әлемі» кітаптары көп көмегін тигізді. Бізге алынған ақпараттар жеткілікті болғанымен бұл түлік сүтіне балалардың қызықпайтындығы тағы да кедергі бола бастады. Яғни, балалардың барлығы қымызды жақсы көреді деп айта алмаймыз. Сондықтан да, осынау дәруменге бай сусынды балалар көп тұтынуы мақсатында, біз балалар нені жақсы көрсе соған қосуды көздедік. Әрине, барлық балалардың ең сүйікті тағамы балмұздақ екені баршамызға белгілі. Сондықтан да балмұздақты осы өте пайдалы  сусыннан жасау қызығушылығы туындады. Қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе- үлкен-кішіге ортақ компьютерленген заман талабы. Ал компьютердің зиянды сәулелер шығаруы белгілі болғанымен, одан қорғану әдістерін қолдана бермейміз. Дәл осы тұста айта кететін басты мәселе, қымыздан жасалған балмұздақтың компьютер алдында ұзақ отырып жұмыс істейтін қызметкерлер мен ыстық күн астында ұзақ жүруге тура келетін жұмысшылар үшін пайдалы екендігінде.

Негізгі бөлім:

Төрт түліктің ішіндегі ең таза мал – жылқы. Оның тазалығы соншалық – суды да кешіп барып, таза жерден ішеді. Ол өте сезімтал мал. Қолға тез үйренеді. Бір ғажабы жылқыда өт болмайды.Төрт түліктің ішінде жылқыны өсіру жеңіл. Себебі жылқыны бағуда артық шығын кетпейді. Жылқы- жеті қазынаның бірі. Ол сезімтал, талғампаз жануар. “Жылқы –малдың патшасы» деген мақал қазақта тегін айтылмаған. Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ. Дегенмен жылқының адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары бағаланатын. Мереке-қуанышта, қайғы-қасіретте, басқа түскен небір ауыр күндерде бұл түлік адамның жан серігі, айырылмас досы болған. Барлық түліктен де жылқы өсіру тиімді. Оны бағуда шығын шықпайды. Еті де, сүті де қазақ халқы үшін аса қадірлі тағам.

Бүгінде жеміс- жидек, жаңғақ, шоколад, не болмаса кофе қосылған  балмұздақпен ешкімді де таңғалдыра алмайсыз. Сондықтан ұлттық сусынымыз, қымызды қоса отырып, балмұздақ жасау туралы ой келді. «Қымыз қырық ауруға ем» демекші  бұл сусын ақуыздар мен дәрумендердің алмасуын реттеп, ағзаны күшейтеді, жүйке жүйесін нығайтады. Жобаны әзірлеу барысында «Ақшың» сауда үйінде орналасқан «QAZ_ice» алғашқы қымыз балмұздағын жасаушы кәсіпкерге жолықтық: «Күбідегі қазақтың бал қымызын балмұздақ қып өзіне қайтарамын». «Мұндай балмұздақты консервант қоспастан ұзақ мерзімге сақтауға болады. Балмұздақ құрамына 40-45-  пайыз қымыз, 35 пайыз қаймақ, сондай- ақ қант ұнтағы мен жұмыртқаның ағы да қосылады екен. Сан түрлі балмұздақ сөреде самсап тұрғанымен, ұлттық сусыннан жасалған өнім тез таусылып кетіп жатыр. Бір жақсысы, тез бұзылмайды. Тіпті еріп кетсе, қайта қатырып алуға жарамды. Одан дәмі де, құрамы да өзгермейді. -18 градуста 6 айға дейін сақтауға болады»,  – деді ол

Жуырда ағылшын ғалымдары мұздай балмұздақтың ми қызметін жақсартуға өте пайдалы екендігін анықтады. Сондай-ақ қазіргі заман талабына сай балалар да, ересек адамдар да компьютер алдында жұмыс жасайтыны анық. Ал қымыздан жасалған балмұздақты ұзақ уақыт компьютерде отырып жұмыс істегенде, не болмаса кітап оқып болған соң, жеудің пайдасы өте зор. Бұл ұлттық балмұздақ түрлерінің жаздың қатты ыстық күндері басыңнан күн өтіп ауырғанда, мұрныңнан қан кетуі жиілегенде қан тоқтату қасиеті бар екендігі анықталды. Бұл өте керекті де, жағымды жаңалық емес пе?

Балмұздақ балалардың да ересектердің де сүйіп жейтін тағамы. Қазіргі таңда балмұздақтың түрлері өте көп. Дегенмен, қазақ халқының өзіндік ұлттық тағамдары мен сусындарының құнарлылығы мен ағзаға пайдасы басқа  ұлттарға да белгілі. Сондықтан да қазақтың ұлттық сусыны шұбатты жақсы көрмейтіндер жоқ шығар. Осы себептермен осы күнге дейін сиыр сүтінен жасалып жүрген балмұздақтарды бие сүтінен жасап көру қызығушылықты тудыратыны анық. Өйткені сиыр сүтінен жасалған балмұздақтар сүтті әуелі пісіріп, суытып, одан кейін ғана балмұздақ әзірленетіні анық. Себебі, сиыр сүті түйе сүтіне қарағанда тезірек бұзылып, адам ағзасына қауіп төндіретін бактериялар құратыны анық. Ал бие сүті дәмі қышқылтым кейіпке өзгергенмен адам ағзасына ешқандай қауіп төндірмейді.

Қымыздың құрамы:

Қымыздың құрамында адамға қажетті витаминдер мен минералдардардың барлығы дерлік бар: магний, фосфор, күкірт, хлор, кальций, натрий, , йод, цинк, А, B1, B2, B12, D витаминдері, дисахаридтер, лактоза бар. Сондықтан да қымыздан жасалған тағамдарды балмұздақ күйінде ұсыну адам үшін пайдалы тағам. Қымыздың адам ағзасындағы  өкпе мен бауыр үшін емдік қасиеттері аңызға айналған десе де болады. Қаншама дәрі- дәрмектен жазыла алмаған аурулар осы қымыздан құлан- таза айығып кеткеніне дәлелдер мен мысалдар өте көп. Бірақ бұл ұлттық сусынды ересек адамдар жақсы көргенмен, балалар көп іше бермейді.  Сондықтан да қымыздың  құрамын өзгертпей балмұздақ жасауға болатынына көз жеткізгіміз келді. Өйткені бұл емдік қасиеті бар, пайдалы  сусынды балмұздақ күйінде ұсыну адам ағзасына бала кезінен-ақ пайдасын тигізері сөзсіз. Өйткені балмұздақты ересектер де, балалар да мезгіл таңдамай сүйіп жейді.  Балмұздақ- тәтті сергіткіш өнім. Бұл өнім қант және тұрақтандырғышпен сүтті немесе жеміс- жидек қоспаларды мұздату және қопсыту арқылы алынады. Балмұздақ жылдың кез- келген маусымында, кез-келген жастағы адамның жалықпастан жеуіне болатын дәмді тағам. Ең тиімдісі әр жастағы адамдар өзіне ұнамды жемістерді немесе шоколад түрлерін қосу арқылы жасауға бола беретін тағам екендігінде. 

Қымыздың емдік қасиеттері:

Қазақ үшін жылқы қасиетті мал. Төрт түліктің төресі атанған жануардың сүті – ем, еті – азық. Жылқы сүтінің адам денсаулығы үшін пайдалы жақтары көп. Оның етінде май аз кездеседі. Ал жылқы сүтінен дайындалатын қымызда қант аз да, сүт қышқылы, спирт, әртүрлі қош иісті заттар мол. Осыған байланысты қымыз адам тәбетін ашып, асқазан мен бауырдың жұмысын жақсартады. Оны көптеген аурулар үшін ем ретінде пайдалануға болады. Жылқы өнімдеріне деген ынта-ықылас бүкіл әлем бойынша артып келеді. Осы уақытқа дейін жылқы сүтін ішіп көрмеген кейбір елдер енді оны өздерінің ас мәзіріне кірістірді. Еуропа халықтарының кейбірі қымыздың адам денсаулығына аса пайдалы екендігін сезініп, оны дайындаудың технологиясын меңгеруге ұмтылып отыр. Соның жарқын бір мысалы Германия, Израиль елдерінің кейбір азаматтары қымыз өндіруді өздері ойлап шығарған технология ретінде патенттеп алып та қойған секілді. Оның үстіне жуықта ғана Интернетте бір компанияның Еуропаны қымызбен қамтуды жоспарлап отырғандығы белгілі болды. Қымыздың құнарлылығы 528 ккал. «Жылқы – жаным, қымыз қымыраным» деген атам қазақ. Қымыз ішкен адам күні бойы шөлдемей жүреді. Құрамында А, В1, Д, Е, С дәрумендері бар сусын ұзақ уақыт емделуді қажет ететін туберкулез ауруына да бірден бір шипа. Қазіргі дәрі- дәрмектер тек вирустың салдарын ғана емдейді. Қымыз сол вируспен күресе алады екен. Қымызды негiзiнен қыс мезгіліне дейiн сақтауға болады. Қымыз ішу арқылы жүйке ауруларын емдеуге болады. Қымыз ағзаға жан-жақты әсер етеді. Ол ас қорыту органдарының , жүрек-қан тамырлары аппаратының, жүйке жүйесі мен басқа органдардың қызметін жақсартады. Қымыздың әсері бүкіл ағзаны өзгертеді. Физиологиялық және биохимиялық процестер күшейіп, зат алмасу қалпына келеді. Қымыз тәбетті ашады. Қымыздың құрамында сүт қышқылы бар. Соған орай ол тағамның құрамындағы белоктардың, майлардың, әр түрлі қанттардың жақсы қорытылуына ықпал жасайды. Ал құрамындағы көмір қышқылы аздығына қарамастан ас қорыту бездеріне әсер етіп, қарын сөлінің бөлініп шығуын тездетеді. Қымыз ішкенде тәбеттің ашылатыны сондықтан. Бие құлындағаннан кейін алғашқы 2-3 күндей сүт бездері уыз бөліп шығарады, ал сол уыздың құрамында белок пен витаминдер 2-3 еседей көп. Қазақ халқының бір ғасырлық тарихын басынан өткізген Жамбыл Жабаев атамыз: …Үйірілген сары алтындай сары қымыз, Ауруға – ем, сауға – қуат, дәрі қымыз. Елімнің баяғыдай сүйген асы, Шығаршы тағы нең бар кәрі қымыз, – деп жырлаған екен.

Балмұздақтың шығу тарихы:

Тарихшылардың айтуынша, балмұздақ осыдан 5000 жыл бұрын пайда болған. Әлемдегі ең алғашқы «жемістен жасалынған мұздың» авторы америкалық Френк Эпперсон. Бір күні ол 11 жасында лимонады бар стаканын үйдің сыртында ұмытып кетеді. Стаканда тәтті сусынды жасауға арналған содалық ұнтақты сумен араластыру үшін салынған таяқша қалып қалады. Ертеңінде Френк,  түнде болған аяздың әсерінен сусынның қатып, таяқшасы бар цилиндрлі мұзға айналғанын байқайды. Сонымен, 1905 жылы таяқшасы бар балмұздақ ойлап табылды. 18 жыл өткен соң есейген Эпперсон өзінің өнертабысын бизнесте пайдаланып, мұздалған лимонадты сатуға шығарады. Ол тегін «айсикл» (icicle-мұз) сөзіне қосып, өзінің «тәтті мұздарын» «Эпсикл» деп атады.  Кейінірек Еуропада белгілі «попсикл» сөзіне өзгертілді.

Біздің заманымызға дейін 3000 жылы Қытай патшасының ас мәзірінде балмұздаққа ұқсас мұзбен, не қармен араластырылған десерт ретінде жеміс шырыны болған. Ал оның жасалу жолдары мен құрамы біздің заманымызға дейінгі ХІ ғасырда ғана «Шикинг» кітабы арқылы жарық көрген екен. Кейіннен бұл ас түрін араб, грек, үнді халықтары да ұнатқан. Антик дәуірінің дәрігері Гиппократ денсаулықты жақсарту мақсатында осы балмұздақты жеуді ұсынған. Ал балмұздақты Еуропаға таныстырған – венециялық жиһангер Марко Поло. Бұған оның күнделік жазбалары дәлел бола алады. Ал Ескендір Зұлқарнайынға оның Үнді мен Персия елдеріне жорығы кезінде балмұздақтан дәм татқызған. Бүгінгі таңда әлемде ең көп сұранысқа ие «эскимо» балмұздағын 1919 жылы америкалық Христиан Нельсон дейтін аспаз-кәсіпкер ойлап тапқан екен. Солтүстіктегі көршіміз Ресей елі Мәскеудің атақты Сокольники саябағында 14 жыл бойына «Балмұздақ мерекесін» өткізіп келеді екен. Елімізде аталмыш мереке биыл тұңғыш рет атап өтілді. Ғаламторға көз жүгіртсек, әлемде небәрі 1 сағатта 1 миллион балмұздақ сатылады деген деректерге кезігеміз. Осының өзі-ақ сан мың жыл тарихы бар бұл тәтті шәрбаттың қашанда жас пен кәрінің сүйсініп жейтін асы болып қала беретінін тағы бір дәлелдеген. 1846 жылы қол құралын /фризер/ ойлап шығарған.  Бірақ құралды патенттік тіркеуден өткізбеген. Тек, 1848 жылы 30 мамырда Йонг есімді азамат “Джонсонның балмұздақ жасау фризері” деген атпен  тіркейді. Қазірге дейін балмұздақтың әкесі саналатын американдық балмұздақ өндіруші Якоб Фусселл Солтүстік Америкада, Балтық теңізінде, Мэрилендте 1851 жылы әзірлейді. 1926 жылы Кларенс Вогтың көмегімен үздіксіз жұмыс істейтін ең алғашқы фризер жасалынады. Бұдан кейін өнім көлемді мөлшерде шығарыла бастайды.    Ең қызығы, ежелгі Ресейде де балмұздақтың жасау әдісін білген көрінеді. Десерт тағамдарына олар қант қосып қатырылған сүт ұсынады екен. Кейіннен бұл әдісті фрнацуздар да қолданған. Уақыт өте келе балмұздақтың түрлері жер жүзіне тараған. Әрбір ұлт өкілдері дайындау әдісіне өзгеріс енгізуге тырысқан. Австрия жұртшылығы балмұздаққа шоколод, итальяндықтар түрлі жемістер, жаңғақ дәндерін қосуды ойлап шығарған. Бәрімізге жақсы танымал «Эскимо» алғашында «эскимо-пай»(эскимос бәліші) деп аталған. Бұл – шоколадпен глазурленген әлемдегі тұңғыш балмұздақ. Оны жасап шығарушы – Кристиан Нельсон есімді америкалық еді. Ол өз балмұздақтарын қала аралап сатып, эскимостар туралы фильм көрсетіп жүрген екен. Венесуэллалық Coromoto атты балмұздақ-кафесі өз келушілеріне 709-ға жуық балмұздақ түрін ұсынады. Бұл әлемде ешбір жерде жоқ көрсеткіш. Ол жерден пияз, шошқа шыжығы, сәбіз, қызанақ, сыра, майшабақ, спагетти, сарымсақ, тіпті ащы бұрыш қосылған балмұздақтарды жеуге болады.  Балмұздақтың  көптеген түрлері  үшін қажет болған жағдайда қошқыл түсті жүзім сұрыптарынан сығылып алынған, тағамдық құнарландырған бояғыштарды, сондай-ақ қызылша, мүк жидегі, қарақат және т.б. шырындарын қолданады. Хош иістендірілген балмұздақ үшін, сондай-ақ қаймақ кремін бояу үшін қантпен бірге көпіршіктелген қаймақ және сілікпе, торттар мен кекстерді безендіру үшін қажетті кармин қолданады (ашық қызыл түс), тартразин (сары түс) және индиго (көк түс) .  Еліміздегі балмұздақ өндірісінде «ФудМастер-Айс Кримнің» айы оңынан туған десе де болады. Сондай-ақ Орталық Азия аумағында ең ірі өндіруші компания болып есептеледі. Заманауи жабдықтармен «ФудМастер-Айс Крим» компаниясы «Creamary», «ФудМастер», «Страдивари», «Десерт», «Фруктовый лед», «Пеппи», «Снежок» маркалары бойынша балмұздақ түрлерін өндіреді. Жоғары сапалы өнім өндіріп, бағасының да қолжетімді болуының арқасында компания өнімі қазіргі таңда елде кең танымал.

Ең майлы балмұздақ – пломбир, оның орташа майлылығы 12–15 пайызды құрайды. Оның аты француз қаласы Пломбьердің құрметіне аталған. Бұл балмұздақты осы қалада ойлап тапқан. Одан кейін – «Сливочноеның» құрамындағы май 8–10 пайыз. «Молочноеның» май құрамы тек 2,8–3,5 пайыз. Жеміс-жидек балмұздағы мен жеміс мұздарының құрамында май жоқ, оларды жеміс-жидек, пюре, табиғи жеміс шырыны, повидло және джем қосып жасайды.

Ғалымдардың пайымдауынша, балмұздақтар депрессиядан шығудың бірден- бір жолы. Сондай-ақ, балмұздақтың арқасында адам ағзасында серотонин деп аталатын көңіл күй гормоны пайда болады. Көңіл-күйіңізді көтеріп, жаныңызды сергіткіңіз келсе, балмұздақтан дәм татыңыз. Балмұздақтардың құрамында триптофан болады, ол ұйқысыздықтан арылуға жол береді.

Балмұздақты сүйіп жемейтін бала жоқ шығар. Сондықтан, қарапайым үй жағдайында балмұздақты қалай жасауға болатынын көрейік. Әдетте біздің аналарымызға дүкеннен алынатын тәттілердің құрамы ұнай бермейтіні анық. Ал бүгінгі балмұздағымыздың дәмі тіл үйіріп қана қоймайды, сонымен қатар, түрлі дәрумендерге толы әрі пайдалы.

Балмұздақтың жасалу жолдары:

Балмұздақ– тоңазытылып жасалған тағам. Балмұздақты сүт, қаймақ, қант, сары май, жеміс-жидек, сондай-ақ, дәмді, хош иісті тамақтық заттар қоспаларынан жасайды. Құрғақ қоспаға карамель сірнесі, қышқылдар, жұмыртқа ұнтағы, бал, хош иісті шәрбәт, шырындар және агар, альгинат, желатин, крахмал, пектин сияқты тұрақтандырғыштар қосады. Қоспа цилиндрлі немесе дискілі сүзгімен сүзіледі. Қоюлығы біркелкі болу үшін қоспа гомогенизатор арқылы 150 — 300 атмосфералық қысымнан өткізіледі. Гомогенизатордан өткен қоспатоңазытқышта 2—4°С-қа дейін салқындатылады. Дайын балмұздақтың сапасын тексеру үшін 12—18 сағат сақталады да, өлшеніп бөлшектеледі. Бөлшектеу әр түрлі. Мысалы,Алматы сүт комбинатында балмұздақ гильзаға (қаңылтыр ыдыс) салынып, вафлямен жұмыртқа, қаймақ араласқан жұқа нан) қапталады немесе арнаулы қағазбен оралады. Балмұздақ — жұғымды және адам ағзасына жеңіл, шөл басатын сіңімді тағам.

Қымыздан жасалған балмұздақтың құрамы:

Қымыздан дайындалған балмұздақта А, В, Д, Е, ал  оған жеміс-жидек қоссақ С  дәрумені бар балмұздақ болып шығады. 

Қажетті нәрселер:

  • қымыз — 300 мл
    • кілегей 35% — 250 мл
    • құрғақ сүт — 35 грамм
    • қант — 90 грамм
    • ванильді қант — 1 ас қасық
    • жүгері крахмалы — 10 грамм

Дайындау әдісі:

Темір ыдыста қант пен құрғақ сүтті араластырыңыз. Оның үстіне 300 мл қымыз қосып, араластырыңыз. Крахмалға қалған 50 мл сүтті қосып, ерітіңіз. Ыдысты баяу отқа қойып, сүт қайнағаннан кейін крахмал еріген қоспаны қосыңыз. Жақсылап тұрып араластырып, қоюланғанын күтіңіз. Одан кейін қоспаны оттан түсіріп,  сүзгішпен сүзіп, бетін полиэтилен қабығымен жауып, суығанын күтіңіз. Бұл уақытта кілегейді миксермен жақсылап тұрып араластырыңыз. Оны суыған қоспаға қосыңыз. Енді балмұздақты тоңазытқышқа салып, 20 минут сайын араластырыңыз. Қымыз қосылған балмұздақ дайын.

 Ем болатын аурулары: Қырық түрлі дертке ем қымыз. Жылқы сусыны қымыз жай ғана сусын түрі емес, емдеу мақсатында қолданылатын өнім. Қазіргінің тілімен айтсақ, бұрынғының «энергетик» сусыны. Ел арасында қымызды көңіл сергіту үшін, денсаулықты қалпына келтіріп, ұзақ жасау үшін пайдаланған. Халық емшілері қымызды адамның ішкі органдарын емдейтін айырықша дәрі деп санаған. Айталық, асқазан, тыныс жолдары, ішек ауруларының алдын алған екен. Қымызды тек қазақтар ғана ішпейді. Қымызды көршілес қырғыз, түркілес татар, башқұрт елдері де емдік сипатта тұтынады. Қымыздың құрамындағы барлық элементтер адамның бойына тез тарайды. Жылқы сүтінің майлылығы тіл үйірер, ақуызы сіңімді. Қымызды қазақтар ет жегеннен кейін ауыр асты қорыту үшін ішкен. Яғни, қымыз құрамындағы көмір қышқылы тәбетті басып, асқазан жұмысын жеңілдетеді. Жылқының жаңа сауылған саумалының құрамында «С» дәрумені мол. Қазіргі таңдағы иммунитеттің қорғаны, вирустың алдын алушы да осы дәрумен екені белгілі. Сол себепті, өкпе-тыныс ауруларымен ауырған адам ең бірінші саумал ішкені дұрыс. Ғылымда қымыздың пайдасы мен емдік негіздері ашылған сәттен бастап барлық дәрігерлердің нұсқаулығында дәрі-дәрмек ретінде көрсетіліп келеді. Заман дамып, сусынның неше түрі шығарылып жатқанымен ешбір сусын қымызбен тең түскен емес. Қымыз құрамындағы дәрумендер мен ақуыздар қырық аурудың емі, жүздеген дерттің алдын алушы. Қымыз ас қорыту жүйесін реттеп, адам бойында жасырынып жатқан ісік ауруының алдын алады екен.

Балмұздақтың қатерi: Ата-аналардың көбі кішкентайларға балмұздақ жеуге болмайды деген пікірде. Алайда, балмұздақ балаларға да пайдалы. Үш жастан асқан балаларға айына 1-2 рет шоколад қосылмаған сүт балмұздақтарын жеуге болады. Себебі, балмұздақтың құрамында кальций мен ақуыз бар. Жаздың ыстық күндері басыңыздан күн өтіп, мұрныңыздан жиі қан ағатын болса, аптасына 2-3 рет балмұздақтан дәм татыңыз. Балмұздақ қанның ағуын тоқтатады.  Балмұздақты көпшілік жүріп көше бойымен жаяу келе жатып, жеп жатады. Бұл мәдениетсіздіктің белгісі. Сондай-ақ, балмұздақ өзіне айналадағы шаң-тозаң мен ауадағы зиянды заттарды тез сіңіреді. Балмұздақтан үйде немесе дәмханаларда дәм татқан абзал.   Кез келген жерде сатылып жатқан «құймалы балмұздақтар» адам денсаулығы үшiн қауiп тудыруы мүмкiн. Себебi,  ондай өнiмдер кейде сүзгiден өтпеген шикi сүттен жасалынып жатады. «Мұндай балмұздақтарда «бруцеллез», «селиллез» кеселiне алып келетiн белгiлер бар», — дейдi санэпидемиолог мамандар.

Ал ұлттық балмұздаққа келетін болсақ, айтарлықтай аса зиянды тұстары деп айтуға келмегенмен, сәнқой қыз-келіншектер артық салмақ қосудан қорқатыны белгілі.  Балалар үшін тамақ ауруларынан сақтану мақсатында балмұздақ жейтін кезде аз мөлшерде және ауызбен ерітіп жеу керек және таза болған жерлерден алу керек. Балмұздақты көбіне жаз маусымдарында қоданғандықтан, аптап ыстықтарда ауада жүретін микроптар тез жабысатындығын ескеріп арнайы жабық дімханаларда жеген дұрыс. Жаздың аптап ыстығында шөліңізді балмұздақпен басыңыз. Балмұздақтардың әр түрлілігі көздің жауын алып, тәбет ашқанмен көбі оның денсаулыққа зиян тұстарын айтып жатады. Ал тәттіқұмар әрі келбеті келісті қыз-келіншектер балмұздақтан дәм татпас бұрын артық салмақ қосып алуым мүмкін деп ойланады. Алайда, диетолог мамандар балмұздақтың пайдасының бар екенін дәлелдеуде. Себебі, алуан түрлі балмұздақтардың әрқайсысының зияны да, пайдасы да бар. Сүт балмұздақтарында майлар мен көмірсулер көптеп кездескенменен бұл балмұздақтар кальцийге бай. Өз кезегінде кальций шаш пен тырнақ өсіміне, сүйектердің мықты болуына ықпал етеді.

Қорытынды

Қымыздан жасалған балмұздақ халықтың балмұздаққа деген сұранысын арттырады. Ол үшін өндіру кезінде жаңа технологиялар қолданып, жоғары сапалы өнім шығару ұсынылады. Қазіргі таңда балмұздақ – тұтынушы нарығында ең пайдалы сұранысқа ие тауар. Елімізде болып жатқан індетке байланысты, балмұздақты адам иммунитетін жақсарту үші де пайдасы мол. Ең жақсысы және қымбаты табиғи шикізаттан және заманауи технологиямен жасалады. Мұндай балмұздақ ешқандай консервантсыз цельсий өлшемі бойынша – 20 градустан төмен жағдайда бұзылмай, екі жыл сақталады. Балмұздақты оңды- солды сатып алып тұтына бермей, оның пайдалы- зиянды жағына да мән берген жөн. Балмұздақты жегенде, шикі сүттің иісі шығып тұратынын көпшілік байқай бермейді. Ал, қымыздан жасалған балмұздақта мүлдем басқаша. Біріншіден, шикі сүттің дәмі шықпайды, екіншіден, қымыздың тәбет ашатын жағымды иісі аңқып тұрады. Балмұздақтың бұл түрі қауіпсіз әрі пайдалы. Бұл сүтті негізді алынған өнім құрамында, сүт майы, ақуыздар, көмірсулар, минералды заттар, B, D, E, P тобындағы А дәрумені бар. Балмұздақ құрамында, С дәруменіне бай, жемістер немесе жидектер болады және осы дәруменнің маңызды мөлшерінен тұрады.

Қымыздан жасалған балмұздақ белгілі болғандай, өзге тағамдық майлармен салыстырғанда құнды болып табылады. Ол жағымды дәмімен, жоғары сіңімділікпен, құрамы бойынша ерекше, бірнеше ондаған май қышқылдарынан тұратын, сонымен қатар табиғилығымен ерекшеленеді. Ұлттық қымыздан жасалған балмұздақ бiздiң елде ең қалаулы және тұрғындардың арасында әйгiлi өнiмдерiнiң бiрi болып табылады деген сенімдеміз. Бұл оның жағымды дәмдi қасиеттерiмен ғана емес, сонымен бiрге оның жоғары азық– түлiк және биологиялық құндылықтарымен бағалану керек.

You May Also Like

Су – өмір негізі, ғылыми жоба

ҒЫЛЫМИ ЖОБА  Тақырыбы : «Су – өмір негізі» Секциясы : Жаратылыстану Мазмұны …

Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі, ғылыми жоба

Дұрыс тамақтану- денсаулық кепілі Біздің тамағымыздың пайдасы мен зияны Мазмұны: Кіріспе І.…

Анықталмаған теңдеулерді шешу жолдары, ғылыми жоба

Секция: Математика Жоба тақырыбы: «Анықталмаған теңдеулерді шешу жолдары» Аннотация Анықталмаған теңдеулерді шешу…

Ертегілердің тәрбиелік мәні, ғылыми жоба

 Мазмұны Кіріспе_______________________________________________4 бет Негізгі бөлім__________________________________________6-12 бет Қорытынды___________________________________________13-14бет Пайдаланған әдебиеттер________________________________15 бет ПІКІР  Қазақ…