Мазмұны

Кіріспе_______________________________________________4 бет

Негізгі бөлім__________________________________________6-12 бет

Қорытынды___________________________________________13-14бет

Пайдаланған әдебиеттер________________________________15 бет

ПІКІР 

Қазақ халық ертегілерінің тәрбиелік мәні уақыт талабына сай қоғамымызға, халқымызға, өскелең жеткіншектерге қажетті ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан өзекті еңбек деп білеміз.

Ізденуші Берікқызы Сезім өзінің зерттеу жұмысында қазақ халық ертегілері арқылы қазақ жастарын  ұлтжанды, отансүйгіш азамат етіп тәрбиелеуге болатынын жан-жақты талдап көрсете білген.

Ғылыми жобада ата-ана мен бала тәрбесіндегі ұлтжанды, ауызбірлігі мол, қайсар, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты халық екенімізді танытыу міндеті, осындай абзал қасиеттерді ұрпақ бойына дарыту қажеттілігі қамтылған.

Оқушы көп ізденген, жұмыс жүйелі, тілі жатық, талапқа сай сауатты орындалған.

Ғылыми-зерттеу журналы

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының кезеңдері Зерттелетін тақырыпқа байланысты жұмыстар Мерзімі
Тақырыпты жүйелеу, тақырыпқа байланысты әдеби деректер жинау 1.Жұмыс тақырыбын бекіту

2. Ғылыми-зерттеу жұмысының жетекшісін бекіту. Ғылыми жетекші – М.Ә.Төленова,

№8Төле би атындағы гимназияның бастауыш пәні мұғалімі

3. Д.А.Қонаев, М. Әуезов кітапханаларында және мектеп кітапханасында тақырып бойынша әдеби материалдар жинау

 

 

 

 

Қаңтар  2021 ж.

 

 

 

 

 

Ақпан  2021 ж.

 

 

Зерттеу жұмыстары 1.Әдебиеттер іздеу және танысу

2.Алынған мәліметтерді сараптау, талдау

3. Ғылыми-зерттеу жұмысын рәсімдеу

 

 

 

Наурыз  2021 ж.

Сәуір  2021 ж.

 

Мамыр  2021 ж.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын тапсыру 1.Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша мектеп оқушыларының ғылыми жобасына өтініш   жасау

2. Мектеп ғылыми қоғамы алдында ғылыми-зерттеу жұмысын алдын ала қорғау.

 

 

 

 

 

Қыркүйек  2022 ж.

 

 

 

 

Қазан 2022 ж.

Аннотация

Қазақ халық ертегілерін ұлттық құндылық ретінде жандандырып, оны әрбір жас ұрпақтың бойына сіңіру қажет. Қазақ халық ертегілері ауызша айту арқылы жүзеге асырылған. Ертегілер – ұлттық тәрбиенің негізі, ал ұлттық тәрбие алған ұрпақ еңбекқор, дені сау, білімді, ақылды, иманжүзді, адамгершілігі мол, сұлу да сымбатты, ұлтжанды азамат болып өседі.

Қазіргі қазақ қоғамында шешімін таппаған мәселелер кеңінен орын алып отыр. Олар: ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрлерін және дінін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, қарттар үйінде жылап отырған әжелер мен аталар, жастардың түрлі қылмыс жолына түсуі, жұмыссыздық, ата-аналардың бала тәрбиесімен айналысуға жағдайы мен уақытының жетіспеуі.

Осы аталған қайғылы құбылыстар мен қасіреттерден құтылудың, оларды болдырмаудың ұзақ та қиын, бір ғана жолы бар, ол қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ескеріп, қазіргі таңдағы  жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру. Қазақ халқында отбасылық ұлттық тәрбие ана құрсағынан басталып, адамды о дүниеге шығарып салумен аяқталатын әдет-ғұрыптар мен салт- дәстүрлер негізінде үздіксіз жүргізіліп, іс-әрекеттер мен қарым-қатынастар арқылы жүзеге асырылған.

Аннотация

Сказка – это основа национального воспитания, молодое поколение, воспитанное в духе национального воспитания, вырастет умным и красивым, духовного и нравственно богатым, образовынным, здоровым, трудолюбивым и настоящим патриотом своего народа.

К сожолению, в нашем обществе есть нерешенные проблемы это: незнание родного языка, историю национальную культуру предков, обычаев и традицией своего народа. В детских домах плачут сироты, брошенные на произвол судьбы и пожилые люди в домах для постарелых. У наших родителей не хватают средств и времени на воспитание собственного ребенка.

Я думаю что можно решить все эти проблемы, соблюдая национальные особенности, изучить достояния народа. У казахов семейное национальное воспитание начинается в утробе матери. Оно непрерывно связано  с обычаями и традициями народа и осуществляется через различные и взаимо отношения людей которые продолжаются от рождения до конца своей жизни.

Кіріспе

Қазақ ертегісі – есте жоқ ескі замандардан бастап беріге шейін болған талай ұзақ-ұзақ дәуірлердің кездерінде туған, өсіп, көбейіп келген мол дүние. Онда сонау арғы Үйсін, Қаңлы руларының кезінен санап, Қыпшақ елдігінен, монғолдар жорығының тұсынан, Алтын Орда үстемдігі дәуірінен айтылып келген көне әңгімелер көп. Қазақ атты ел құралмастан бұрын, мұсылман діні кірместен бұрын ескі руларға түгел ортақ болған ертегілер бар. Дүниетану, дінге нану шамасы шаманизм, буддизм бағытында болған кездерде шыққан ертегілер де бар тәрізді. Одан беріде ислам діні арқылы, кітап арқылы тараған діни ертегілер тағы бар.

Зерттеу жұмысының өзектілігі.

Қазақ халық ертегілерін  көлемді түрде  мектеп оқулықтарына енгізудің, арнайы «Қазақ халық ертегілері» атты факультативтік курсты мектептік оқу жоспарына ендіріп өткізудің және ата-аналар мен оқушыларға арнайы «Ертегі сайысы» байқауын ұйымдастырып өткізудің бүгінгі таңда тәрбиелік мәні ерекше. Себебі ұлтжанды, рухы берік адамгершілігі мол, Отансүйгіш  тұлға қалыптастыру білім саласында жүрген әрбір ұстаздың парызы. Біз қазақ халық ертегілерінің тәрбиелік маңыздылығын талдай отырып қазақ жастарына берер тәлімнің келешекте де өміршеңдігіне көз жеткіземіз.

   Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті:

  1. Ертегілердің бала тәрбиесіндегі ролін ашып көрсету.
  2. Қазақ ертегілерінің өміршеңдігін дәлелдеу.
  3. Ертегі жанрын тәрбие үрдісінде қолдануды

жандандыру.

  1.   Ертегілерді насихаттау жолдарын  көрсету.                                                                                                                     

   Зерттеудің ғылымилығы, жаңашылдығы.

1.Ертегіні күнделікті қолданудың жаңа түрлері.

2.Аудиодискілер шығару, күнделікті қолданылатын  қағаз, полиэтилен пакеттер сыртына ертегі кейіпкерлері суреттерін шығару.

3.Ойынға киетін бас киіміне, футболкаларға қазақ ертегілерінің атын жазып. кейіпкерлерінің суретін салу.

4.Дәптер, күнделік, қойын дәптер сыртында насихаттау.

5.Шокалад қораптары сыртына суреттерін салу.

6.Компьютер, ұялы телефон беттеріне қазақ ертегілерінің  суреттерін шығару.

7.Қазақ ертегілерін дәріптеп, насихаттау туралы арнайы  ереже қабылдау керек.   

Зерттеу жұмысының теориялық, практикалық маңызы.

      Қазақ халық ертегілерінің тәрбиелік мәні өмірмен сабақтастырыла зерттелуі жұмыстың теориялық маңыздылығын белгілейді. Ғылыми жұмыстың негізгі тұжырымдарын орта мектепте, арнайы оқу орындарында өткізілетін курстарда пайдалануға болады.

Жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспе

Фольклордың қара сөзбен айтылатын, ерекше мол түрінің бірі — ертегі. Ол халықтың ауызша айтатын көркем әңгімесі. Осы ауызша әңгімелері, ертегілері арқылы еңбекші халық бақыт туралы, еркін өмір жайлы, мекен туралы үміт, армандарын баяндайды. Ертегіде баяндалатын сан алуан қызық уақиғаларды шындықтан гөрі, көбіне қиял дүниесі тудырған. Ғажайып хал, қиял әңгімелері, орасан уақиғалы қазақ әңгімелері, салтпен, тарихпен байланысты оқшау әңгімелер – бәрі де ертегінің түрлері. «Ертегі» деген ат ертеде, ерте күндегі деген сөздерден туған. Кейде «ертек» деп те айтылады. Содан ертегі айтушыны «ертегіші», «ертекші»  дейді. Қазақ ертекшісінің де көптен-көп ертегісін: «ертеде бір бай бопты», «ертеде бір хан бопты», «ертеде бір кемпір мен шал бопты» деп бастайды. Немесе «ертек-ертек ерте екен» деген сияқты көп ертектерге ортақ, ерекше өлеңше бастаумен келеді.

Қазақ ертегісі – есте жоқ ескі замандардан бастап беріге шейін болған талай ұзақ-ұзақ дәуірлердің кездерінде туған, өсіп, көбейіп келген мол дүние. Онда сонау арғы Үйсін, Қаңлы руларының кезінен санап, Қыпшақ елдігінен, монғолдар жорығының тұсынан, Алтын Орда үстемдігі дәуірінен айтылып келген көне әңгімелер көп. Қазақ атты ел құралмастан бұрын, мұсылман діні кірместен бұрын ескі руларға түгел ортақ болған ертектер бар. Дүниетану, дінге нану шамасы шаманизм, буддизм бағытында болған кездерде шыққан ертектер де бар тәрізді. Одан беріде ислам діні арқылы, кітап арқылы тараған діни ертектер тағы бар.

Бертінде қазақ халқы қалыптанып, тілі жекеленіп, шаруашылық, салт-саналық, қоғамдық өзгешелігі айқындалған сайын, сол ел ортасында бұрынғы ескі әңгіменің қайсысы болса да тыңнан қорытылып, жаңғырып, қайта туғандай боп әңгімеленетін болған.

Қазақ халқының аузында сақталып қалған, өзінше өңделген, өзгертілген, өз тәні болған ертегілер қазақ фольклорындағы ұшан-теңіз қазына болмақ керек.

Негізгі бөлім

Менің зерттеу жұмысымның тақырыбы «Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні»  деп аталады. Ертегілерге деген қызығушылықтан оны зерттеу туралы ниет туындады. Ертегісі жоқ ел жоқ әлемде. Бірақ әр елдің әр халықтың ертегілері сол халықтың сарқылмас рухани қазынасы.

Әр ертегі арқылы біз өткен ата-бабаларымыздың ой-қиялдарын, тұрмыс-салтын, тіл байлығын білеміз. Әр ертегі тұнып тұрған тәрбие құралы. Мысалы, балаларға арналған  ертегілер баланы адалдыққа, тапқырлыққа, адамгершілікке тәрбиелейді.Өкінішке орай қазіргі кезде радио, телевидение арқылы шетелдік ертегілер желісімен түсірілген  көркем фильмдер, мультфильмдер жиі көрсетіледі. Ондағы кейіпкерлер есімі, жер-су аттары таныс емес  және біздің менталитетімізге  жат оқиғалар баяндалады. Ал, қазақ ертегілерін көру немесе тыңдау олардан гөрі  әлдеқайда тиімді. Мен өзімнің зерттеу жұмысымды қазақ ертегілерін  зерттеп, оқып, оларды қазіргі ғылым мен техника дамыған заманда қалай дамыту керектігін және насихаттау жолдары туралы өз жаңалығым мен ұсыныстарымды көрсеттім. Бұл жаңалықтарым әрі пайдалы, әрі тиімді. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткізіп келді. Ауыз әдебиетінің  басқа түрлері секілді ертегілерде адам баласының еңбекке, тұрмыс тіршілік жағдайларына байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неден болатынын толық түсінбеген ертегідегі адамдар әр нәрсені қиял еткен, өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған.  Бұл жөнінде өз жай-күйлерін әңгімелеп айтатын болған. Бертін келе адам баласының ой-өрісінің ұлғайып өсуі  ертегілердің туындауына  көп әсер еткен. Ертегілердің алғашқы үлгілері әр түрлі өзгерістерге түскен, мұнымен қатар жаңа ертегілер  туа бастайды және онда халықтың  тұрмыс-салты, іс-әрекеті басты орын алады. Бұлардың бәрін халық ертегілері арқылы көркемдеп, әр түрлі образдар арқылы бейнелейді.  Ертегі  балалардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтеді. Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, сүйіспеншілікке, сезімге баулу ісінде шешуші орын алады.

Нелер жауыздық, зұлымдық жасаушылар, тоғышарлар, ел арасындағы алаяқ қулар т.б. халық ертегілерінде жиіркенішті роль атқарады. Оларға халық арасынан шыққан қарапайым адамның ақылы мен қайратын, көпшілік үшін жасаған адал еңбегін қарама-қарсы қояды да, үлгі етеді.

Ертегілердің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшеліктері бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиға желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Кейіпкерлер арасындағы қайшылықтар өрістей келе әділдік, үстемдік құрып, зұлымдық жеңіліс табумен  аяқталады. Әсіресе адам өміріне байланысты іс-әрекеттер өткір сықақ-мысалмен бірігіп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Мысалы: Тазша бала туралы ертегілердегі әке-шешесі жоқ басы таз Тазша атанған баланың тапқырлықтары  ханның ақылынан да асып кетеді «Қырық өтірік» ертегісіндегі шындыққа келмейтін қиял-ғажайып оқиғаларды қызықты етіп баяндау арқылы Тазша бала ханның байлығына ие болып, қызын алады. Ертегіні тыңдаған балалар жағымсыз кейіпкердің жексұрын әркетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады. Ертегіні қызықты етіп жеткізу айтушының шеберлігіне де байланысты.

Ертегілер мазмұны ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Солардың ішіндегі бастылары:

1.Қиял ғажайып ертегілері.

  1. Хайуанаттар жайлы ертегілер.

3.Тұрмыс-салт ертегілері.

4.Аңыз ертегілері.

Балалардың ой-өрісін кеңітіп, дүниені молырақ танытатын ертегілер бала ұғымын, түсінігін, дүниетанымын кеңейтеді. Тілін ұстартып, ұштай түседі, ойлау мен қиялын дамытады. Мысалы: «Қаңбақ шал» ертегісіндегі қауқарсыз шалдың ақылмен жеңуі, дәулердің күші көп, ақылы аздығы тыңдаушыны қызықтырып, тіпті ертегіні баяндаушыға қосылып айтып кеткісі келетіндей әсерге бөлейді.

Халқымызда қай тақырыпта да табылатын, тілге жеңіл, жүрекке жылы тиерлік ертегілері қаншама?! Ол ертегілер арқылы бала өз халқының тілін, мәдениетін, дәстүрін біледі және ой-өрісі, қиялы дамиды және адамгершілікке тәрбиеленеді. Мысалы: «Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң – қаларсың ұятқа» деген мақалды, «Жаман дос жолдасын жолда қалдырар»  деген мақалдарды «Екі дос», «Кедей мен бай» атты ертегі желісінен оқуға болады.

«Бай баласы мен жарлы баласы» атты қызықты ертегі арқылы еңбек адамның кез келген қиыншылықты жеңуге үйрететінін және өмірлік тәжірибесі арқылы жеңіске жететінін көреміз және «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақал да дәлелдей түседі.

«Мақта қыз бен мысық» ертегісі өте тартымды, қызықты. Бұл ертегіде Мақта қыздың досы мысық Мақта қыздың тілін алмай қатығын төгеді де, оны қайтарып беру үшін көптеген адамдарға жолығып, көп қиыншылық көріп барып, қатықты төлей алады. Бұл жерде адамды әрбір іс-қимылына жауап беруге, қателік арқылы тәрбиелейді.

«Бес ешкі» ертегісі хайуанаттар жайлы ертегіге жатады. Өте қызық, тартымды. Мұнда кедейдің бес ешкісі қарлы боранда далада қалады да, қасқырға жолығады. Сол кезде бәрі бірігіп, береке-бірлік танытып, қасқырдан аман қалады. Бұл ертегі балаларды бір-біріне көмектесуге, береке бірлікке, бауырмалдыққа үйретеді.

«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі аңғалдықтың кесірін, шапшандықтың пайдасын айтады. Онда аңқау түйе жыл басынан құр қалады, шапшаң тышқан жыл басы атанады.

«Шық бермес Шығайбай» ертегісі сараң, қайырымсыз байларды қарапайым кедей Алдардың ақылмен алдап кетуін баяндайды.

«Жақсымен жолдас болсаң-жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң-қаларсың ұятқа», «Жаман дос,  жолдасын қалдырар  жауға» деген мақалды осы ертегі желісінен оқуға болады.

«Зеректік» ертегісіндегі үш жолаушының жол бойында кездескен нәрселерге зер салғандарын баяндайды. Яғни,балаларды қағілездікке, зеректікке тәрбиелейді.

Қазақ ертегілеріндегі ақылдылықтың тағы бір көрінісі – көрегендік алдын ала болжай білу. Мысалы, «Ер Төстік» ертегісі көп ертегілермен салыстырғанда, мазмұны, сюжеті, сөйлем құрылысы, тілі жағынан ерте заманда шыққан ертегі екендігін аңғартады. Ертегіден қазақ халқының ескі мал шаруашылық өмірін  және олардың дүниетану көзқарасын көреміз.

Ертегінің оқиға желісін алсақ, табиғаттың асау күштерімен алысып, малды аман сақтап қалу жолында, елінен, жерінен адасып кеткен ағаларын іздеп тапқан Ер Төстіктің ерлігін суреттесе, екінші жағынан, әр түрлі дию, пірілерімен күресі баян етіледі. «Ер Төстік» ертегісінде жалпы ертегілердің қаһармандарына тән іс-әрекеттер толық сақталады. Ер Төстіктің өзі – асқан күш иесі емес, жүректі жігіт. Ертегінің алға қойған негізгі мақсаты – табиғаттың сыры мәлімсіз күштерін жеңу. Адамға зиян ойлайтын Бектөре, Темірхан, Шойынқұлақ тәрізді жауыздың иелерінен үстем шығып, оларды қалай да өздеріне бағындыру болғандықтан, ер Төстікке көмекші әр түрлі жолдастар, серіктер береді. Әр түрлі жауыздықтардың ұясы болған адам баласына қастық қана ойлайтын кейіпкерлер Бектөре,   Шойынқұлақ, Темірхан, пері, жын, дию, мыстан кемпірлер қаншама күшті, айлакер болса да, Ер Төстіктен жеңіледі. Халық жақсылықты алдан күтеді, болашаққа сенеді.

«Ер Төстікте» кездесетін ұнамды, ұнамсыз кейіпкерлер басқа ертегілерде де бар. Кейде олардың іс-амалдары, айла-тәсілдері де өзара бір-біріне жақын. Ертегілердің бірыңғай жауыздық өкілі ретінде жиі кездесетін ұнамсыз кейіпкерлер – мыстан кемпір. Ол қай ертегіде болсын қастық істейді және жер жүзі халықтары ертегілеріне тән зұлымдық бейнесі. «Ер Төстік» әңгімесінің оқиғасы да басқа ертегілер тәрізді, тыңдаушыларға ауызша айтып беруге лайықты құрылған.

Оқиғаның алғашқы басталуы шындық өмірде бола беретін құбылыстарша басталады. Алдағы қыстың қатаң болатындығын ерте сезген ел жылқысын алыс отарға қыстауға айдатуы, Ерназар балаларының көп жылдар келмеуі, шал-кемпірдің ашығуы – бәрі де шындық оқиғаларға ұқсайды. Бірақ мұның бәрі келешек негізгі оқиғаның кіріспесі – экспозициясы. Сюжет жүйесіндегі алғашқы байланыс – «Шаңырақтың күлдіреуішінде керулі тұрған кер биенің төстігі». Ер боп туған ұлдың есімі, ертегінің аты, әңгімеде кездесетін шындық және ғажайып оқиғалардың бір тамыры сол кер биенің төстігінде жатыр. Ертегі желісіндегі екінші байланыс – Ерназардың Сорқұдыққа қонуы, жанынан қорқып, жалмауыз кемпірге садағының ұшын шығаратын Ер Төстіктің егеуін қалдырып кетуі. Осыдан әрі қарай оқиға шиеленісе түседі. Егер біз осыған дейінгі оқиғалар Ер Төстіктің ағаларын іздеп жатуы, айдауға жүрмеген көп жылқының күрең биенің ертуі, Ерназардың тоғыз баласына қыз іздеу, үйлендіруі бәрі де халықтың өміріне шындық өміріне жанасса, Ер Төстіктің жер астына түсуінен қиял-ғажайып оқиғалар басталады.

Жылан патшасы бапы Ер Төстікпен достасып, оны жер астының патшасы Темір ханға жұмсайды. Ертегі оқиғасы қиындай, шиеленісе түседі. Темір ханға беттеген сапарында: Саққұлақ, Таусағар, Көлтауысар, Қиян-қырағы тәрізді жақсылық иелері болмаса, Ер Төстіктің не болары белгісіз еді. Қиын жағдайда көмектесу үшін және зұлымдық өкілдерін Ер Төстіктің жеңіп шығуы үшін енгізілген бұл эпизодтық қаһармандар, бір жағынан, ертегіге қиял-ғажайыптық сипат берсе, екінші жағынан, Темір хан мен Кенде ханды қалай жеңгеніне дәлелдеме болып отыр.

Ертегідегі оқиғаның шарықтау шегі – Ер Төстіктің жер бетіне шығып, Шойынқұлақпен күресуі, ал оны жеңіп, үйіне келуі оқиғаның шешуі болып саналады. Қандай ертегі болса да аяғы жақсылықпен  бітеді. «Ер Төстік» ертегісі де осыны дәлелдейді. Ер Төстікке сандаған бөгет, қиындықтар кездеседі. Оның әрқайсысы – жеңуге болмастай қиындықтар. Әйтсе де әр түрлі себептермен бас қаһарман сол бөгеттердің бәрін жеңіп шығады да, «барша мұратына жетеді».  Бұл барлық ертегілерге тән шешу және халықтың өмірге оптимистік көзқарасын көрсететін  тұрақты шешім.

Қазіргі кезде теледидардан көптеген шетел мультфильмдері жиі көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан телеарнасында сенбі, жексенбі күндері «Дара» ағылшын ертегісі, «Кайлан» қытай ертегісі, «Спорт Кус», «Диего»  ағылшын ертегісі, ал сенбі күні  «Барби күнделігі» деген шетел мультфильмдері болады. Ал, Еуразия  телеарнасында жексенбі күні «Робот» деген шетел мультфильмі болады. Осы шетел мультфильмдерінің орнына қазақ ертегілерінің желісі бойынша мультфильмдер көрсетілсе. Тек қана «Қазақстан» телеарнасында ғана Алдар Көсе ертегісі желісі бойынша  мультфильм көрсетіледі. Басқа да ұлттық теленарнамызда көптеген қазақ ертегілері көрсетілсе, нұр үстіне нұр болар еді.

Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Адамгершілік тақырыбы мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілікті сіңіру ертегі  арқылы беріледі. Адамгершіліктің қайнар  бұлағы – қазақ ертегілерінде десем артық айтпаған едім.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін,  өмірін жалғастыратын салауатты,  саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Ендеше,  ақпараттық технологиялар дамыған кезеңдегі балалардың ой-қиялдарын өз ертегілері арқылы жеткізу мүмкіндігі бар.

Руханилық – жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады,  ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі өзін мейірімділікке,  ізгілікке шақырады.

Қазақ халқының салт-санасымен ата-бабасымен келе жатқан дәстүрін  өз бойындағы ерекше қасиеттерін талантымен, дарындылығымен, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрсеткен. Қасиетті ертегілер арқылы тәрбие берген, салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалған. Сонымен қатар еліміз егемендік алғалы мемлекеттік тілде сөйлеуіне, бұл қасиетті ертегілердің  халық ауыз әдебиетінде ең маңызды орын алатыны сөзсіз екенін салыстырып көрсету.

Халқымызда «Ізденген жетер мұратқа» деген сөз бар. Яғни, әр нәрсені білуге талпынып, білімнің тереңіне бойлау – дамуды кемелдікке жеткізеді, рухани байытады. Дүниеде балалар біле бергісі келетін олар «Ол кім?», «Бұл не?», «Неліктен?», «Қайда?», «Қашан?» деген сұрақтарға жауап іздеп, бір тыным таппайды. Олардың осылайша ізденімпаздық танытуы табиғи заңдылық.

Қорытынды

Ертегіні тыңдай отыра біз кейіпкерлермен бірге қуанамыз, ренжиміз. Кейде болып жатқан оқиғаларда өзіміз де жүрген секілдіміз, жақсылық пен зұлымдықты, батылдық пен қорқақтықты ажыратамыз, өмір туралы және қалай өмір кешу керектігін үйренеміз. Қазақ халық ертегілері – тәрбиенің айнымас көмекші құралы, олар бізге түсінікті тілде өмір туралы, қиын жағдайлардан шығу жолдарын көрсетеді. Ертегілерді оқи отыра, біз өзіміздің ішкі әлемімізді дамытып,шығармашылыққа машықтанамыз. Ертегілер өмір бойғы тәртібімізді, қарым-қатынасымызды қалыптастырады, шыдамдыққа, қайсарлыққа, болашаққа міндеттер қойып, соған жетуге үйретеді. Ертегі ойлау қабілетін, қиялдауға да көп септігін тигізеді.

Мен өзімнің ғылыми жобамда қазақ халқының әр ертегісінің өзіне тән ерекшелігін саралай білуді жоспарладым. Жобамдағы мақсат қазақ ертегілері адам өміріне байланысты іс-әрекеттер, күнделікті тұрмыстағы заттар арқылы берілсе, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Бала жағымсыз кейіпкердің жексұрын әректінен  бой тартып, жақсылыққа құмартады.

Ертегінің осындай әр жақты сырын қызықты, тартымды бала санасына лайықтай жеткізуді мен өзімнің жаңалығым, шеберлігім деп  таптым.

  1. Күнделікті пайдаланатын заттар арқылы. Мысалы, ойынға киетін кепка, футболка, сумка және күнделік сыртына, қағаз пакет, қойын дәптер, шокалад сыртына шетел ертегілерінің суреттерін жапсырғанша, қазақ ертегілерінің кейіпкерлерінің суреттері салынса;
  2. Қазақ ертегілер кейіпкерлерінен ойыншық жасап, драма театрларда ойын көрсетілсе (қуыршақ театры);
  3. Көлеңке театры (теновой театр) Қазақ ертегілерінің мазмұнын көлеңке театры арқылы көрсетілсе;
  4. Аудиодискілерге жазылып, балабақшаларға таратылса. Үйде ұйықтар алдында балалар тыңдаса.

Ұрпақ тәрбиесі-келешек қоғам тәрбиесі. Ендеше, ақпараттық технологиялар дамыған кезеңдегі балалардың ой-қиялдарын өз ертегілері арқылы жеткізу мүмкіндігі бар. Осы мүмкіндікті жіберіп алмай, аға буын өкілдерінің қолдауымен дамытсақ.

Менің ұсынысым: жоғарыда аталып көрсетілген пікірім мен ұсынысым туралы ереже немесе заң қабылданса, бұл мәселе мемлекеттік дәрежеде шешілер еді.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.«Иман және инабат» К. Оразбекова «Ана тілі» – 1993

  1. Ауыз әдебиеті үлгілерін балалар бақшасында пайдалану. Р. Жұмағұлова
  2. «Ол кім? Бұл не?» балалар энциклопедиясы.
  3. Мәшһүр Жүсіп. Түлкі, қасқыр, түйе, арыстан. Ташкент, 1929.
  4. Мәулікей. Қисса «Шәкір-Шәкірат». 1888-1916. Мұңлық-Зарлық. 1899-1911.
  5. Қисса «Мәлика – Хасан». 1883-1898.
  6. Шардөруіш. 1908. Қаһарлы заман. 1910, т.б.
  7. Алтын балық. 1914. Қырық уәзір. 1911.
  8. Шаһмұран. Қазан, 1901.
  9. Ғабдулиев Г. Жиренше. Қазан, 1909.
You May Also Like

Қызмет ету қуанышы, Өзін-өзі тану пәнінен ғылыми жоба

Өзін-өзі тану пәнінен ғылыми жоба. Тақырыбы: «Қызмет ету қуанышы» Жобаның мақсаты: Оқушының…

Сабын жасайтын өсімдіктердің түрлері құрылысы мен географиялық таралу жолдары, ғылыми жоба

Секциясы: Биология Тақырыбы: Сабын жасайтын өсімдіктердің түрлері құрылысы мен географиялық таралу жолдары.…

Тарихи таңбалардың қолөнерде көрініс табуы, ғылыми жоба

ҒЫЛЫМИ   ЖОБА Секция: Этномәдениеттану.  Тақырыбы:  «Тарихи таңбалардың қолөнерде көрініс табуы» МАЗМҰНЫ  КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………………………….…

Жүнді қолөнер саласында тиімді пайдалану, ғылыми жоба

Ата-бабамыздан қалған төрт түлік малдың жүнін қолөнер саласында тиімді пайдалану Орындаған: Нурали…