ҒЫЛЫМИ   ЖОБА

Секция: Этномәдениеттану. 

Тақырыбы:  «Тарихи таңбалардың қолөнерде көрініс табуы»

МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………………………….

1.ТАСТАҒЫ ТАҢБАЛАР ……………………………………………………………………………………………..

  1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАСТАҒЫ ТАҢБАЛАРДЫҢ МӘНІ……………………………………………………
  2. ҚОЛӨНЕРДЕ ТАҢБАЛАРДЫҢ КӨРІНІС ТАБУЫ…………………………………………………….

4.ТАСТАҒЫ ТАҢБАЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ …………….

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………………………………………….

«Тарихи таңбалардың қолөнерде көрініс табуы» атты ғылыми жоба жұмысына жыл бойы  жүргізілген жұмыстарына

К  Ү  Н  Д  Е  Л  І  К

Қыркүйек Тақырып таңдау. Материал жинақтау.

 

Қазан Тастағы таңбалар зерттеліп, жинақталады.

 

Қараша Жұмысты орындауға материалдар жинақтау.

 

Желтоқсан Таңбалардың тарихи мәні бойынша материал жинау.

 

Қаңтар Тастағы таңбалардың тәрбиелік мәнін түсіну,қолдану.

 

Ақпан Тастағы таңбалардың Қазақстанның туризміне әсері

 

Наурыз Жұмысты жинақтап қорғауға дайындау.

 

Сәуір Жұмысты қорғау.

 

Аннотация. 

«Тарихи таңбалардың қолөнерде көрініс табуы». 

Жұмыстың маңыздылығы:

Дәстүрлі қолөнерімізді дамытып, жас ұрпаққа тәлім тәрбие берудің маңызы зор. Бүгінгі қолөнердің қалық қажетін өтейтін тамаша үлгілері көп-ақ. Осындай мәдени мұраны көне деп қарамай, оны байырғы байлығымыз деп бағалап, халқымыздың тұрмысына, қажетіне тиімді пайдаланып, сол жолда оқушыларды эстетикалық жағынан тәрбиелеп, он саусағынан өнер тамған ұрпақ тәрбиелеу басты мақсатымыз.Қазіргі кезде сол ұлттық қолөнерді жас ұрпақтың бойына дамыту, талапты оқушылар дайындау, жұмыс жүргізу.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті:

Тастағы таңбаларды киіз бетіне және тоқыма өнерінде қолдана отырып, таңбалардың тарихи мәнін түсіну және зерттеу. Тастағы таңбаларды әлемге таныту арқылы туризмді дамыту.

Жұмыстың жаңашылдығы:

Тастағы таңбалардың мәнін келешек ұрпаққа жеткізу.

Қолдану аясы:

Киіз бетінде және тоқыма жұмыстарында таңба түрлерін паннода бейнелеу.

Аннотация. 

«Искусство вязание». 

Значение работы:

Важно развивать наши традиционные ремесла и воспитывать подрастающее поколение. Есть много прекрасных примеров ремесел, отвечающих потребностям современного населения. Наша главная цель – не считать такое культурное наследие древним, а использовать его как древнее сокровище, эффективно использовать для жизни и нужд нашего народа, эстетически воспитывать студентов и воспитать поколение талантливых людей. .

Цель и задачи работы:

Понять и изучить историческое значение символов на каменных поверхностях и текстиле. Развитие туризма за счет введения в мир каменных символов.

Новизна работы:

Передать значение символов на камне будущим поколениям.

Область применения:

Изображение типов символов на панно на фетре и текстиле.

Annotation. 

«The art of knitting». 

Work value:

It is important to develop our traditional crafts and educate the younger generation. There are many wonderful examples of handicrafts that meet the needs of today’s population. Our main goal is not to consider such cultural heritage as ancient, but to use it as an ancient treasure, to use it effectively for the life and needs of our people, to educate students aesthetically and to bring up a generation of talented people. work.

Purpose and objectives of the work:

Understand and study the historical significance of symbols on stone surfaces and textiles. Development of tourism through the introduction of stone symbols to the world.

The novelty of the work:

To pass on the meaning of the symbols on the stone to future generations.

Application area: 

Representation of types of symbols on the panel on felt and textiles.

П І К І Р

Қазақ халқының ұлттық қолөнерінің өркендеуі арқылы, жеткіншек ұрпақтың, ұлттық рухани негіздерін қалыптастыру, халық дәстүрімен тәрбиелеудің маңызы зор. Қазақ халқының өнер шеберлерінің қолынан шыққан алуан түрлі заттар мен бұйымдарды таныстырып бұрынғысы мен бүгінгісін салыстыра отырып, ұлттық өнерді сүюге, құрметтеуге баулып, бүгінгі жас ұрпақ, ертеңгі еңбекқор жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу, жас жеткіншектердің жүрегіне жол тауып, олардың бойына еліне жеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға қосар үлесі мол.

Кіріспе.

«Оян, қазақ!» деп күңіренген алаштың абзал азаматы Міржақып Дулатұлы ел үшін еңсе тіктер уақыттың жеткенін, ұлт санасын ояту мәселесін көтеріп, өткен ғасырдың басында-ақ шырылдаған еді. Кеңестік жүйенің қамытын киген қазақ елі Міржақып үндеуінен сырт айналуға мәжбүр болды. Ұлтымыздың бет-бейнесін танытар ұлттық құндылықтар ескерусіз, елеусіз күйде қалып, келешек ұрпақ санасына басқа сипатта сіңірілді. Мұның бәрі ұлттық санамыздың дамуына кері әсерін тигізгені хақ. Міне, осы олқылықтың орнын толтыру ұлттық санамызды ояту арқылы жүзеге асатынын түсінген қазақтың зиялы қауымы дабыл қағуда.

Көшпелі дала руларының бірлік-пәтуасына айғақ, тұтастығына белгі, ант беріп, ауыз біріктірген, қазақ тарихындағы Мәртөбе, Ордабасы, Күлтөбе сынды ұлы жиындарға негіз болған «Таңбалы тас» тарихы ел жадынан елеусіздеу күйде қалып барады. Ата-бабаларымыздың ерте заманда-ақ ел болып, бас құрап, пәтуа-бірлікке тұтқа болған орынды қасиетті мекен демеске болмайды. Өкініштісі, дала руларының таңбасы басылған белгі-ескерткіш күні бүгінге дейін тарихшы ғалымдардың назарынан тыс қалып келеді.

«Таңбалы тас» тарихы – қазақ халқының тарихы. Тақырыбымыздың негізгі арқауы «Таңбалы тас» тарихын зерттеп білу үшін алдымен «Таңбалы тас» қай дәуірде пайда болған?. Ол алдына қандай мақсат қойған еді? Алдымен осы сауалдарға жауап іздеп көрелік. «Қазақ» атауы ұлттық ұлылығымыздың, халықтық қасиетіміздің айшықты белгісі, бірден-бір үлкен «Төлқұжаты» деп ұғынуымыз керек. Бір ұлттың ұлттық атының шығу тегін, мән-мағынасын анықтау сол ұлттың арғы тегі мен алғашқы кездегі тарихын түсінуге көмегі көп маңызды мәселелердің бірі. Сондықтан «Таңбалы тас» тарихын баяндаудан алдын бұрын-соңды «қазақ» атауы жайлы айтылған болжам-пікірлер мен дәлел-деректердің басты-бастыларына тоқталуды тиімді көрдік.

   Іздену жұмысының мақсаты.

Таңбалы тас – қазақ елінің тарихының бір бөлшегі ретінде өте көне жәдігер болып есептелгендіктен қазіргі таңдағы оның орны мен маңыздылығын талдап көрсетуді, осы мәселені зерттеуде толағай табыстарға жеткен қазақстандық модулдың ерекшелігін айқындауды мақсат еттік.

Осы мақсатқа жету жолында мынадай міндеттерді алдымызға қойдық:

  • Қазақстан жеріндегі таңбалы тастары бар табиғи қорықтарды қорғауға алуына байланысты оның еліміздің тарихындағы рөлі мен орнын айқындау;
  • Қоғамның өміріндегі, адамдардың күнделікті тіршілігіндегі ешбір теңдесі жоқ аса қуатты құрал – өз тарихынан хабардар болып, оны құрметтеу. Сондықтан Қазақстандағы таңбалы тастары бар өңірлерді қорғауға алу мәселесіне көңіл аударып, оған талдау жасау.

Тастағы таңбалар

Елбасымыздың бастауымен 2003 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданында «Таңбалы» қорық-мұражайы құрылды. Тастардың тылсым сырын ашатын, ерекшелігімен көргенді таң қалдыратын тағы бір қорық туристерге өз есігін  айқара ашты.
Мұндағы тарихтың ізі сонау қола дәуірінен бүгінгі күнге дейін сайрап жатыр. Мәселен, қола дәуірі тұрғындарының тұрағы, обалары, Сақ тайпаларының өмірінен мәлімет беретін жәдігерлер, Үйсін тайпаларының қоныстары мен оба-молалары, Түркі қағанаты кезеңіне сай келетін жартас суреттерінен аңғара аламыз.
Таңбалы тастың мәнділігі: қола дәуірінің  суретшілері алғаш рет құдайға антропоморфтық кескін бере отырып, оны көріп білуге болатын бейнесін жасауында. Таңбалының әлемдік мәні де терең: мұнда адам ашық аспан астында Күн Ордасын жасай отырып, ландшафтың табиғи  өзгешелігімен өзінің шығармашылық даналығын біріктіре білген.
Таңбалыдағы қола дәуір адамдарының тұрақтары, көне обалары, жартастағы сурет бейнелері мен жазулар бұл жердің тарихы ежелден басталғандығын дәлелдейді. Таңбалы  өзені бойында көне қоныстар мен  құрбандық шалатын арнайы орындардың да ізі жатыр. Бұл тұжырымға осы жерлердегі қазба жұмысы кезінде табылған көптеген мал сүйектері мен жартас суреттері нақты айғақ бола алады.
1957 жылы еліміздің зерттеушілері Таңбалы жартас суреттері туралы мәліметтерді, соның ішінде сапалы көптеген фотоматериалдарды, алғашқы рет ғылыми айналымға енгізді. Сол уақыттан бері осы тамаша ескерткішке зерттеуші археологтар, тарихшылар, өнертанушылар, геологтар, суретшілердің қызығушылығы арта түсті, нәтижесінде «Таңбалы» танымал ескерткішке айналды.
Кең-байтақ Қазақстанның әр өңірінде әр ғасырда тас бетіне салынған таңбаларымен әйгілі «Арпа өзен таңбалы тастары», «Баянжүрек суреттері», «Ақбауыр үңгірі», «Қаратау шимайлы тастары», «Қойбағар таңбалы тасы» деп аталатын қасиетті жерлер бар. Бүгінде өзіміз тілге тиек етіп отырған бұл «Таңбалы тас» – соның бірі. Ол Іле өзенінің оң сағасында, Қапшағай суқоймасынан солтүстік-батысқа қарай 20 шақырым жерде орналасқан. Бұл сонау өткен ғасырлардан бері көзіқарақты қауымға алғашқы зерттеушілер Шоқан мен Пантусовтың жазбалары арқылы етене таныс Жетісу жеріндегі көне ескерткіш.
Сырттай қарағанда «Таңбалы тастың» жан-жағының бәрі толған сай. Орналасқан жері де бірыңғай жылғалар мен өзектерден тұрады. Ол жерде қараған жанның бірден көзіне шалынатын нәрсе – әбден күнге күйіп қақталған, беті айшықты суреттерге толы жалпақ гранит тас. Тасқа қашалып салынған таңбалардан  бұғы, таутеке, жылқы, киік, шошқа, бұқалардың кескіндерін көруге болады. Бұған қоса, өте әдемі бейнеленген, қолдарына найза ұстап, белдеріне қылыш асынған, желбірете ту ұстаған ұзын саны 22 салт атты сарбаздың суреті де көзге бірден шалынады. Зерттеушілердің айтуынша, бұл V-VІІ ғасырлардағы түрік жауынгерлерінің бейнесі. Археологтардың «Таңбалы тасқа» жүргізген зерттеу нәтижесінде бұл жердің тас дәуірінде адамдардың табынатын қасиетті мекені болғаны анықталған.

Қазақстандағы тастағы таңбалардың мәні
Аталмыш таңбаларға қатысты пікірлер легі сан алуан.  Оның бәрін жіпке тізбей, бір ғана «Atalarmirasy» ресми сайтында жарияланған дерекке көз жүгіртсек, басқаны айтпағанда, мұндай тасқа қашалған суреттер мен таңбалардың ең алдымен ежелгі көшпенділер өмірімен тығыз байланысты болғаны былайша сипатталады: «Еуразия кеңістігінде тарихта «прототүрк» деп танылған ата-бабаларымыздың тілдік деректері, жазулы мәтіндері бізге  жетпеді. Қазірге дейін тілі мен жазуына қатысты айғақтар анықталынбаған. Өйткені ол кезеңдерде жазу-сызудың болмауына байланысты оның ілкі формалары – алғашқы қарапайым суреттер, петроглифтер, пиктограммалар, идеограммалар, жартас суреттері, символдар, таңбалар көптеп қолданыла бастады. Ол сызба суреттерде күн, ай, жұлдыздар, жылқылар, жыртқыш аңдар,  бұғылар, адамдар, арба көлік құралдары, қару-жарақтары сияқты алуан түрлі семантикалық көріністер болатын. Демек, аталмыш артефактілердің барлығы дерлік жазудың, жазба мәтіндердің алғашқы көріністері деуге болады. Көсемдер мен ру-тайпалық қатынастарында мүліктік айырмашылықтар пайда болды, айырбас саудалар дамыды. Бір сөзбен айтқанда, Еуразия кеңістігінде әйгілі аттылы көшпелілер өркениетінің негіздері басталып, әлемдік өркениетке өлшеусіз үлес қосты»..
«Таңбалы тастың» қадір-қасиеті исі қазақ үшін Сарыарқа төсіндегі Ұлытау мен Атыраудағы Сарайшықтан бірде-бір кем емес. Содан да болар, отандық тарихшылардың ішінде өткен ғасырда алғашқылардың бірі болып зерттеу жұмыстарын жүргізген тарихшы-ғалым Әлкей Марғұлан өз жазбаларында: «Қазақ сахарасындағы мәдениеттің жарқын бір түрі – тарихи дәуірлерде осы арнаны қоныстанып келген тайпалардың тас бетіне жазып қалдырған белгілері», – деп атап өтеді. Анығында, ежелгі адамдардың тасқа қашап бұлай таңба салуы олардың  этникалық мәдениетке деген талпынысы екенін еске салатындай.
Айта кету керек, ХІХ ғасырдан бастап тасқа басылған бұл таңбалар мен дұға мәтіндердің мәнін ашу барысында бірқатар тарихшы-ғалымдар еңбектенді. Солардың ішінде есімдері «Таңбалы таспен» байланыстылары Ш.Уәлиханов К.Ларионов, еңбектерімен танымалдары  Н.Пантусов пен А.Познеевтер. Мұнда ескі заманнан бері сақталған петроглифтер мен қорым-қоныстарды қорғап, зерттеу мақсатында 2003 жылы  «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық мұражайы ашылып, жұмыс істеуде. Бүгінде аталмыш мұражайдың 3800 гектар аумағында 3000-нан аса тарихи жәдігерлер қоры тұтастай Іле өзені бойындағы құнды ескерткіштер болып табылады. 2004 жылы аталмыш мұражай-қорық кешені ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілді.
Жаңа ғасыр басталысымен «Таңбалыдағы» құнды жәдігерді зерттеудің жаңа кезеңі басталды. Десек те, мұражай-қорық ашық аспан астында орналасқандықтан, ауа райының әсеріне орай, тастардағы кейбір суреттердің көмескілене бастағаны да көңілге мұң ұялатады. Бәлкім, болашақта оның да бір шешімі табылар. Қуантатыны – бүгінгі таңда мұнда 5000-нан астам петроглифтер құжатталып, көшірмелері жасалған. Лайым, бұл «Таңбалы тасқа» қатысты тың ізденістердің бастамасы деп білейік.
Осыдан бірнеше мың жыл бұрын өмір сүрген адамдар өз үңгірлеріне өмірдің ең басы аспектілерін таңбалап кеткен. Бұл – ең бірінші өздерінен кейінгі ұрпақ үшін жасалған әдіс. Біз осы суреттерге қарап, бұрынғы адамдардың қалай өмір сүргендігін, немен айналысқандығын біле аламыз. Мұндай суреттер әлемнің түкпір-түкпірінде бар, тіпті, қазақ даласында да тұнып тұр. Соның бірнеше түрлері жайлы айтатын болсақ:
Баянжүрек суреттері – Алматы облысындағы Ақсу ауданының Қапал ауылынан шығысқа қарай 25 шақырым жерде, Жетісу, Алатау сілеміндегі Баянжүрек тауында сақталған жартастағы суреттер. Олар құрамы мен мазмұны жағынан алуан түрлі. Суреттердің арасында қола дәуіріне жататын басын жан-жағына шашырай тараған, 7 сәуле көмкерген екі ғажайып бейне бар. Баянжүрек суреттерінің ішінен сақ және ғұн-
-3-
сармат кезеңіне жататын көріністер де кездеседі. Жартастағы суреттердің көпшілігі, негізінен, салт атты сарбаздар бейнесінде берілген ежелгі түрік дәуірін сипаттайды.
Қапшағай таңбалы тасы – Алматы қаласынан солтүстікке қарай 100 шақырым жердегі Іле арнасының жарқабағындағы суреттер мен жазулар. Қапшағай таңбалы тас бетіндегі таңбалардың кейбірі қоңырқай түс болып тұрса, кейбірі ақшыл рең тартқан. Оның себебі: қоңырқай түстілері, бұрынғы тас бетіндегі бейнелер пайда болған замманнан бергі сақталып тұрғандары болса, ақшыл рең тартқандары одан 1-2 ғасыр бертінгі бейнелер болып саналады. Ең қызығы тас бетіндегі таңбалар кеш қарайып, көлеңке түскен кезде анық және айқын көрінеді.Сондықтан болса керек тастардағы бейнелер күннің шығысына емес батысына қарап салынған. Тек тасқа бейнеленген таңбалармен ғана емес, қола дәуірінен қалған молалармен де танысып қайттық. Ол кездегі адамдар ана құрсағында жатқандай бүктеліп жерленген көрінеді. Сол себепті обалардың ені мен ұзындығы тым қысқа болып келген.

– Өтелбек Мырзабекұлы, тастағы таңбалар не мағынаны білдіреді? Олар қандай мақсатта пайдаланылған? 

– Таңбалардың пайда болу уақыты болжаммен неолит (жаңатас) дәуірінің соңы –энеолит дәуірінің басын қамтиды. Таңбалар – әрбір ру мен тайпаның жекеменшіктігін білдіретін құралы болған. Ең алғаш энеолит дәуірінде адамдар жылқыларға таңба басу арқылы жануардың иесі екенін білдірген. Уақыт өте келе белгілер әрбір ру мен тайпаның елдігін білдіретін символына айналды. Қазіргі кезде әрбір елдерде елтаңба бар. Сол сияқты өткен дәуірде таңбалар әрбір ру мен тайпаның шығу тегін ұмытпас үшін қолданылған. Елдік сипатты білдірумен қатар, рулар арасындағы туыстық қарым-қатынасты таңбалар арқылы ажыратқан.

Найман руының таңбалық белгілері XVIII-XX ғғ.

Таңбалар жерлеу дәстүрінде жиі қолданылған. Адамның аты-жөнімен қатар қай ру мен тайпадан шыққанын білдіру үшін құлпытасқа сол елдің таңбасы қойылған. Мәселен, Аңырақай шайқасы мен Бұланты шайқасы өткен жерлерде жауынгерлердің басына қойылған тастарда аты-жөндері емес ру таңбасы көрсетілген. Сол маңнан қазақ жүздеріндегі рулар мен тайпалардың көптеген белгілері кездеседі.
Сонымен қатар, көне дәуірлерде ру тайпалардың мекендеген жерлері, мал жайылымдары болды. Сол жерлердегі тау-тастарға, обан ағаштарына, жалпы алғанда табиғатқа өз таңбаларын салып кетіп отырған. Яғни бұл арқылы олар көшіп-қонатын аймағы немесе шекарасы екенін білідіретін болған. Бұнымен қоса, XVIII-XIX ғасырлардағы архивтік құжаттарды қарасақ, рулар мен тайпалардың таңбаларды сот істері немесе басқа құжат істерінде мөр ретінде пайдаланғанын көруге болады.

– Таңбаларды тек Қазақ еліне тиесілі деп айта аламыз ба? 

– Жоқ, таңбалар түрік халықтарының бәріне ортақ. Яғни, көшпелі халықтардың бәріне ортақ деп айтсақ болады. Таңбалар қазақ дәуіріне дейін көне түрік тайпалары оғыз, сақ, үйсіндерде де болған. Оғыз тайпаларының таңбалары туралы Махмұд Қашқаридың еңбектерінде, орта ғасырлық деректерде жазылған. Сондай-ақ, түрік халықтарының құрамына кіретін башқұрт, түрік, әзербайжан, түрікмен, қазақ, қырғыз халықтарында таңба белгілері бар. Тағы бір қызық жайт, америкалық үндістерде де түрік халықтарындай таңбалар бар болып шықты. Үндістердің көне таңбалары біздің бұрынғы таңбаларымызға ұқсайтыны анықталды.

– Бүгінгі таңда қазақ таңбалары қаншалықты жақсы зерттелген?

– Қазіргі уақытқа дейін қазақ ру-тайпаларының таңбалары толық зерттелген жоқ. Осы тақырыпқа арналған монографиялық еңбек жоқ. Жеке ру-тайпалардың таңбалары туралы айтылады. Дей тұрғанмен ортақ көлемде жазылған ғылыми-зерттеу еңбегі жоқтың қасы. Кейбірі туралы С.Аманжоловтың, Ж. Артықбаевтың еңбектерінде жеке-жеке айтылған. XX ғасырдың басынан бері түрлі ғылыми мақалалар жарық көрді. Таңбалардың түркі жазуымен байланысы туралы деректер айтылып жатады. Аристовтың еңбегінде, “егер біз бүкіл түркі халықтарының таңбаларын толықтай зерттегенде олардың ортақ тарихын білуге жол ашылатын еді” деп жазылған. Түркі халықтарының, оның ішін қазақ халқының таңбаларын жан-жақты зерттесек, әрбір ру мен тайпаның тарихи байланыстарын білер едік. Таңбалардың астында үлкен мән бар. Біздің ұлттық кодымыз деп айтуға болады. Таңбаның мән-мағынасын терең зерделесек, әрбір ру мен тайпаның қайдан шыққанын нақты білетін едік.
Кеңес дәуірі мен кейінгі уақыттарда жеке ру-тайпалардың таңбаларын зерттеуге қорқыныш бар. Өйткені ғалымдардың көпшілігі трайбализмге (рушылдық – ред.) ұшырап кетуден қорқады. Шын мәнінде, қазақтың ортақ тарихын жазу үшін әрбір рудың, әрбір тайпаның жеке тарихына тереңірек тоқталу керек. Сонда ғана біз ортақ тарихты шығара аламыз. Әрине, ұлттық идея керек. Бірақ қазақ тарихының бір ерекшелігі оның ішіндегі әрбір ру мен тайпаны зерттей отырып, олардың өзара сабақтастығын, ортақ тарихын байланыстыра аламыз. Бұл туыстық қарым-қатынасты одан сайын нығайтуға көмегін тигізбек.

Қолөнерде таңбалардың көрініс табуы
Қазір заман ағымына қарай тұрмыс тіршіліктің өзгеруіне байланысты киіз басу өнері кенже қалып барады. Киізді, оның түрлерін соңғы кезде арнайы көрмеден немесе мұражайдан көретін болдық. Ал, сән-салтанатпен жабдықталған киіз үйді тек қана Наурыз мерекесі күні орталық алаңнан тамашалаймыз. Былайғы күні бұл дәстүрді ұлықтап, ұстанып отырған ауыл халқының да сиреп бара жатқаны рас. Соның бірі ретінде киіз басу дәстүрін, оның қалыптасу тарихы мен киіз басу барысы жайлы тарқатып айтуды жөн көрдік.
Төрт түлік малдың жүні қазақ халқының өмір тіршілігінде үлкен роль атқарған және оны ұқсатуды ел бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген. Қазақ халқының шаруашылығында мал жүнінің ең асылы және бұйымдар жасауға ең көп қолданатыны түйе және қой жүндері, ешкі түбіті, оның қылы, содан кейінгісі жылқының жал-құйрығы, түйенің жүні, шудасы.
Қойдың жүнін «жабағы», «күзем жүні»  атайды. Қойдың жабағы жүнінен  шапанға , жастыққа салады. Жабағы жүнді киімнің, көрпенің арасына салады, неше түрлі иіру ісіне, бізбен, сыммен тоқу жұмысына қолданады.
Ал күзем жүнінен, қозы жүнінен киіз басылады, текемет, сырмақ, қалпақ, кебенек, киіз етік, пима сияқты киім-кешектер жасалады. Күзем жүні мен қозы жүні иіруге келмейді, ол киімнің, көрпенің арасына тартуға да жарамсыз.
Қой жүні және одан жасалатын бұйымдар. Қазақ халқының ескі заман дәуірінен сөнбес мұра болып, ұрпақтан ұрпаққа, әкеден балаға сабақтасып, ұзақ жылдар өзіндік тарихымен елімізді бүкіл әлемге мәдени қол өнерімен танытып келген«далалық өркениеттің» алтын бесігі Ұлы Дала кеңістігінде қалыптасқан.Қазақ халқы мол байлығымен республика жерінде ескіден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді, салтты өркендетуші, ары қарай жаңғыртып, байытушы.  Түр салынған киіз текемет деп аталады. Яғни киіз бен текеметтің айырмасы киіздің оюлы немесе ою-өрнексіз басылуына байланысты.
Сырмақтың пайда болуының тарихын шолу арқылы оның этномәдени мазмұнын ашып көрсетуге болады.Киіздер мен текеметтер қай заманда да тұтынушылардың қажеттіліктерін өтеп келгендігі даусыз. Дегенмен, қоғам дамуы мен тұрмыс мәдениетінің өсіп-өркендеуіне қарай бұл бұйымдардың осы күйінде кейде тазалыққа, тұтынуға тиімсіздігі байқала бастаған. Осыған орай адамдардың тұрмыс деңгейінің, талап-талғамының өсуінің әсерінен қолдануға ыңғайлы, жеңіл әрі көркем, көлемі шағын төсеніштер пайда болды. Сырмақтың пайда болуына о баста тұрмыста кездесетін қарапайым жағдайлар себеп болған тәрізді. Айталық, көнерген киіздерді қабаттап төсеу, одан соң оны қобырай бермеу үшін қабаттап көктеу. Осындай жағдайдан бара-бара қабаттауды белгілі бір пішінге келтіріп, ықшамдап төсеніп, көктеуді де бірте-бірте жиі тігістерге ауыстырып, одан әрі сыруға көшкен деп санауға болатын сияқты. Алғашқы сырмақ пішіні осылай қалыптасқан. Бұдан әрі басылған кесек киіздерден қалаған мөлшерде кесіп алып, оны қабаттап сырып, шағын төсеніштер жасала бастаған. Зерттеушілердің айтуынша, мұндай сырмақтар алғашында, әрине, орта салынбай жасалды.
Жүн – ұйысуға бейім бірден-бір талшық. Ол ылғал мен температура әсерінен және механикалық әрекет нәтижесінде ширайды да, жасалып жатқан бұйымның көлемі кішірейіп, тығыздығы артады.
Киіз Басу ісімен қазақ халқы өте ертеден таныс. Ғасырлар бойы көшпелі өмірге ыңғайлы тұрмыстық бұйымдардың бірқатарын киізден жасады. Дәстүрлі қазақ қоғамында Киіз Басу ісі маусымдық сипатта болған. Ол қойды қырқудан басталады да (күзде), қырқылған күзем жүннің барлығын өңдеп болғанға дейін созылады.
Жүні таза болу үшін, қойды қырқар алдында 3 – 4 рет ағынды суға тоғытады.
Киіз басу барысы бірнеше кезеңдерден тұрады:
-6-
Сабау-алдымен жүн жасалатын бұйымдарға ыңғайланып, ақ, қара түстерге бөлініп жиналады да, оны ешкі терісінен жасалған тулаққа салып, сабайды.

         Шабақтау.-жүн сабалып болған соң, басылатын киіздің көлеміне қарай, шиді жаяды да, оның үстіне жүнді салып, шабақтайды. Осыдан кейін бет тартылады, яғни киіздің оң жағына арналған неғұрлым таза, әдемі жүнді сол қолмен уыстап алып, әлгі шабақталған жүннің үстіне салып отырып, оң қолдың қырымен басып қалып, үзіп қалдырады. Үзілген жүн бірімен-бірі жалғаса, біртегіс болып төселе береді. Бұл істі бұрыннан бет тартып машықтанған, жүн тартудың шебері деп танылған бір адам ғана орындайды. Себебі, екі-үш адам орындаса, жүн ала-құла тартылады да киіз біркелкі шықпайды.
      Булау- содан кейін қайнап тұрған ыстық суды шелекпен әкеліп,  сүзгімен немесе шөміштің сырт жағымен шашыратып шидің бір жақ шетінен бастап себелеп құяды. Жоғарыдан шашырап құйылған су өз салмағымен жүнді басып, шабақталған жүн мен тартылған жүнді біріне-бірін қосып жабыстырады. Ыстық су жүннің талшықтарын буландырып жібітеді де, оның өзара кірігіп, тез киізденуіне жағдай жасайды. Су себіле басталысымен қатар отырған 3 – 4 әйел басылып жатқан жүнді сыртындағы шимен қабаттай шиыршықтап, жинап отырады. Шиді ширатып орап жинаған сайын әлсін-әлсін ыстық су құйылады. Түгел жиналған шидің сыртынан жіппен шандып, жұмырлап байлайды да, ортан белінен бір жерінен немесе екі жерінен арқанды өткізіп алып домалатады, екі басын тұйықтап бос салып қояды. Бүктеліп әзір жатқан шидің өн бойын бойлай 10 – 12 адам қатар жүріп келе жатып, шиге ораулы киізді аяқтарымен теуіп отырады. Бұларға қарама-қарсы бір адам – “қой бастар” киізді алға қарай (өзіне қарай) домалата сүйрейді. Бұдан кейін шидің шандуларын шешіп, шиыршықталған киізді жазып босатады. Киіздің асты-үстін ауыстырып отырып, 3 – 4 рет шиыршықтап, бүктейді де, екі басын түйістіріп шұжыққа ұқсатып көктеп алып, тағы да ыстық су құйып сығымдап, үстін күпімен, тонмен жылылап жауып тастап булайды.
Білектеу-ыстық буымен балбырап жатқан киізді мөлшерлі уақыт өткен соң шешіп алып, қайыра ширатып, тағы да жіппен шандып байлайды. Қатарласа отырған киізшілер шидің үстінде көлденең жатқан киізді өздеріне қарай жұла тартып алып, тізесіне соғады, білегімен ұрып басады. Білектеліп болған киізді ұзыннан екі қабаттап бүктеп, оның екі басын бір-біріне түйістіре шуда жіппен көктейді.
Қарпу– киіз басушылар киізді ақ шидің үстіне салып, айнала отырады. Қусырылған киіздің әр жерінен қамти ұстап, оңды-солды қарпиды. Қарпылған киіздің шет-шеті жиналып тегістеледі де, екі жақ бетіндегі кірікпей қалған бос қылшықтары түседі. Білектеу мен қарпудан кейін кірігіп, ширай түскен киіз біраз қуырылғандай болып көлемі шағындалады. Енді оны ұзынынан шығара созғылай есіп шиыршықтайды да, әуелі бір жақ шетін жұмарлай білектеп есе отырып, екінші басына жеткізеді. Одан кейін екінші басын тағы да соза білектей отырып бірінші басына дейін апарады. Сонда киіз молығып, созыла түседі. Киізді білектегенде және ұзындағанда оның екі жақ басына жуан ағаш, жинаулы ши сияқты нәрселерден тиянақ қойып отырады. Сонда киіздің ұзына бойының екі жақ шеті олпы-солпы болмай, тегістеліп шығады.

Киізді халқымыз көшпенді тұрмысының барлық қажетіне жаратты. Мәселен, баспанасына жабынды, басына сая, еденіне төсеніш, үстіне киім, өлісін арулайтын, тірісіне сән – салтанат бағыштайтын аса қажетті тұтыну материалы болды. Халқымыз тарихтағы хандарын да ақ киізге көтеріп тағына отырғызған.

Тастағы таңбаларды негізге ала отырып жүннен және былғарымен бейнеленген жұмыстар:

Тастағы таңбаларды мата бетіне бейнелей отырып көркемдеп тоқу

Тастағы таңбалардың Қазақстанның дамуындағы рөлі

– Қазақстанның қай жерлерінде бұндай белгілер көп кездеседі? 
– Қазақстанның барлық аймақтарынан кездестіреміз. Мысалға, оңтүстік аймақтағы “Таңбалы тасты” айтуға болады. Шығыс Қазақстаннан, Маңғыстау аймағынан да көптеп табылған. Әсіресе, жерлеу дәстүрлерінен таңба белгілерін кездестіріп жатамыз. Тіпті, Ресей территориясындағы Орынбор, Астрахан аймақтарынан, Қытай жеріндегі Алтай өлкесінен сақ, үйсін дәуіріндегі таңбалардың сақталғанын байқаймыз. Яғни, бұл өмірлерде қазақ тайпаларының мекен еткенін білуге болады. 1930 жылдары ашаршылық кезінде қазақтарды Қытайға көшіп барды деп айтып жатамыз. Шын мәнісінде олар көшіп барған жоқ, керісінше бұрынғы ата-бабаларының мекеніне барды. Оған сол жерде табылған таңбалар мен жерлеу дәстүрлері дәлел бола алады. Ал Алматы облысы территориясынан Ұлы жүз руларының таңбаларын кездестіреміз.

– Ашық дерек көздерінде, оқулықтарда жүрген таңбалар шынайы ма? Оларды дұрыс пайдаланып жүрміз бе?

– Қазіргі уақытта әртүрлі ғаламтор мәліметтерінде, оқулықтарда кейбір таңбалардың қате белгісін көруге болады. Сондай-ақ, даулы мәселелер бар. Найман таңбасын алып қарайтын болсақ, оны мүйіз таңба деп жатамыз. Бірақ бұның найманның негізгі таңбасы екендігіне күмәнданып жатады. “Негізгі таңбасы бұл емес” деген пікірлер де бар. Тағы бір таңбасы ретінде дөңгелек шетінде сызық қойылған белгіні айтып жатады. Бірақ, мүйіз таңбаны негізгі таңбасы болып есептеледі. Өйткені наймандардың Өкреш деген ханының Өзбекстан территориясында ескерткіші бар. Сол жерде мүйіз таңба көрсетілген. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының территориясында тауға белгіленген белгілер бар. Сол жерде де мүйіз таңбалар көрсетілген.

Тағы бір жиі кездесетін қателік –арғын руының таңбасында кездеседі.  Олардың белгісі көз ретінде бейнеленген. Соны кейбіреулер бір-біріне айқастырып қолданып жатады. Бірақ негізінде олар жақын тұрғанымен түйіспеуі керек. Зерттеуші ғалымдардың архив деректерінде солай қолданылады. Алайда әр адамның жазуына байланысты кейбір таңбалар аздап өзгеріп кетеді. Сондықтан кейбір таңбаларды астына үңіліп, толықтай зерттеуіміз керек.

– Қазіргі таңда таңбаларды пайдаланудың қажеттілігі бар ма? 

– Қажеттілік бар. Заманауи өмірде имидж деген нәрсе бар. Мысалға, кез келген шетелдік машинаның өзінің логотипі бар. Яғни, өзіндік бір белгісін көрсетіп тұр. Сол сияқты әрбір рудың таңбаларын неге қолданбасқа? Әрбір қазақтың бойынша мынау менің руымның таңбасы деген ой болады. Ең бастысы қателеспеу керек. Дауласып, трайбализмге салынбаған жөн. Керісінше, ұлттық идеяны біріктіруіміз керек. Сондай-ақ, таңбаларды білу арқылы біз тек қазақ халқын емес бүкіл түркі халықтарының тарихын біле аламыз. Мысалға, кіші жүздің таңбалары сияқты белгілер башқұрттарда бар.
– Таңбалар қалай қорғалады? 
–  Монография жазылмаған. Ешқайсысы қорғалмайды. Мысалы, “Таңбалы тасты” таудан уран зерттеушілер жарып жіберген. Оларды әдейі жарды ма білмейміз. Үстілеріне жазу жазып тастаған. Мемлекет жағынан мүлде қорғалмаған. Негізі, қиын жағдайда тұр. Тарихи ескерткіш қатарына енгізілген. Бірақ мемлекет тарапынан қорғау, қолдау жағы жүзеге асып жатқан жоқ.

Қорытынды. 

Қорыта айтқанда: тастағы суреттер сыры – көне дәуірден сыр шертетін тарихи дерек. Оны зерттеу өткенімізді  ғана емес, адамзаттың саналы ғұмырын құрайтын ойшылдығын тануға, дүниетанымын ұлықтауға бағдар болады.

Қай қырынан қарасаң да, ондағы сонау көне дәуірде жазылып, бүгінгі күнге дейін сақталып қалған таңбалар ғасырлар бойы қазақ жерін қоныстанған тайпалардың тасқа қашап түсірген шежіресі екенін айғақтайды

Бүгінде жер-жерде тарихи-мәдени мұраға деген қызығушылық күн санап артуда. Сол себепті елімізде мәдени-саяхат шаралары да қарқынды дамуда. «Таңбалы тас» жәдігері ашық аспан астында орналасқан нысан болғандықтан да, отандық саяхаттаушылардан бөлек, оған жыл сайын дүниежүзінің түкпір-түкпірінен туристер ағылып келіп жатады. Шетелдік қонақтарды әркез таңғалдыратыны – жартастарға бейнеленген суреттер ғана емес, ондағы ежелгі киелі орындары мен тұрақтар.

Адамзат қай ғасырда, қай құрлықта өмір сүрмесін, оның ғұмырының шынайы жылнамасы тарих екені даусыз. Егер өткен мен бүгіннің арасын жалғайтын алтын көпір – тарих болмаса, онда ешбір ұлт пен ұлыс өз шежіресін тарқата алмас еді. Бүгінде көнеден сыр шертетін қазақ даласындағы тарихи жәдігердің бірі де бірегейі – «Таңбалы тастар».

Біздің мақсатымыз-сол жасалынған туындылар арқылы әлемге қызықты Қазақстанның танылмаған жерлерін әлемге таныту.

Қазақстан жеріндегі таңбалы тастары бар тарихи бет-бейнесін таныстырып, ұлттық құндылықтарды келешек біздердің санамызғы сіңіріп, дәріптеп болашақ ұрпақтың еншісінде қалдырып, ары  қарай ұрпақтан-ұрпаққа қалдыру біздің міндетіміз. Таңбалы тастағы бейнелерді мұрагер біздер ары қарай қолөнер арқылы дамытып, керемет шығармашылық жұмыстар жасау, ғажайып өркениетті мұраға қалдыру.

You May Also Like

Зімбір өсімдігінің емдік қасиеттері, ғылыми жоба

Тақырыбы: «Зімбір өсімдігінің емдік қасиеттері» Ғылыми жұмысты жазған: Секция:Биология Аннотация  Жұмыстың мақсаты:…

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕТІ КЕРЕМЕТІ, ғылыми жоба

Аннотация 2017 жылы 12 сәуірде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа…

Кресс-салатты өсірудегі биологиялық белсеңді заттарды пайдаланудың ерекшелігі, ғылыми жоба слайд

Физика тұрғысынан 3D форматының құпиясы, ғылыми жоба

ФИЗИКА ТҰРҒЫСЫНАН  3D – ФОРМАТЫНЫҢ ҚҰПИЯСЫ  Бағыты: Ғылыми –техникалық  прогресс –экономикалық  өсудің …