Тақырыбы: «Зімбір өсімдігінің емдік қасиеттері»

Ғылыми жұмысты жазған:

Секция:Биология

Аннотация 

Жұмыстың мақсаты:

Зімбір өсімдігінің тамырының емдік қасиетін анықтау

Гипотеза:

Зімбір өсімдігінің адам ағзасына  әсері туралы түсінік беру

Зерттеу кезеңдері:    

Зімбір өсімдігінің тамыры

Зерттеу жаңалығы:

Зімбір өсімдігіне тәжірибие жүргіздім

Зерттеу әдісі:

Тәжірибие

Жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы:

Зімбір өсімдігінің адам ағзасына біршама әсері бар, соның ішінде асқорыту, тыныс алу мүшелеріне, ауыз қуысына тағыда басқа мүшелерге біршама емдік пайдасы бар.

Аннотация 

Цель работы:

Выявлять целебные свойства имбиря

Гипотеза:

Показать влияние имбиря на организм человека

Стадии исследования:

  1. Корень растения имбирь

Открытие исследования: 

Исследовала имбирь

Исследование методов:

Лабораторный

Заключение работы:

В ходе исследования убедилась и доказала, что имбирь при использований имеет большое влиание на организм человека в гастности на пищеварительную систему.

The summary 

The purpose of work:

То expose healthful properties of ginger.

Hypothesis:

To show influence of ginger on the organism of man.

Stages of research:

A root of  plant is a ginger.

Opening of research:

Investigated a ginger.

Research of methods:

Laboratory.

The conclusion of work:

During research made sure and proved, that ginger at the uses has large influence on the organism of man in to take breathing on the digestive system.

Мазмұны:

  1. Кіріспе.……………………………………………………………………………………. 
  1. Негізгі бөлім

2.1.Зімбір өсімдігі……………………………………………………………………………

2.2 Зімбір өсімдігінің химиялық құрамы………………………………………..

2.3 Зімбір өімдігінің емдік қасиеті ………………………………………………….

2.4 Өсімдікті қолдану аясы…………………………………………………………….. 

ІІІ. Қорытынды………………………………………………………………………………..

-ғылыми жұмысына

ПІКІР

Қай заманда болмасын, адамзат баласы өсімдік өнімдерінің тағамдық жағынан ғана емес, емдік шипалық жағына да көңіл бөлген. Ата-бабаларымыз дәрілік өсімдіктерді тани біліп, оның емдік қасиеттерін және тиімді пайдалану жолдарын өз тәжірбиелерінен өткізген. Ақыл мен еңбегінің арқасында жабайы өсімдіктер тұқымын алып, мәдени өсімдіктерді қолдан өсіріп шығарған. Сөйтіп қазіргі кезде олар адамның игілігіне айналып отыр.
Мәдени өсімдіктер арасынан тараған зімбір өсімдігінің де емдік қасиеті ұшан теңіз. Ол денсаулық пен ұзақ өмір сүрудің бірден бір белгісі. Табиғаттың адам денсаулығына берген сыйы. Зімбір өсімдігінің емдік ерекшелігін пайдалану арқылы көптеген аурулардың алдын алуға болады. Адамның денсаулығын сақтауда бұл өсімдіктің маңызы зор. Жоғарыда айтылған жайттарды ескере отырып, Мәдібек Азаматтың  «Зімбір өсімдігінің  емдік қасиеттері» тақырыбындағы зерттеу жұмысын таңдап алу маңызды, әрі негізді. Оқушы зерттеу жұмысының жоспарын өте жақсы құрып, сол жоспарға сай алдына бірнеше міндеттер қойып, тақырыпты ашуға талпынған. Зімбір  өсімдігінің емдік қасиетін, түрлерін, құрылымын, күту жолдарын жан-жақты тоқталып, зімбір өсімдігінің емдік қасиеті туралы ғылыми еңбектердегі көзқарастарды сараптап анықтамалық әдебиеттерді орынды қолдана білген. Зімбір өсімдігін жан-жақты зерттеу және емдік ерекшеліктерін көрсету жұмыстың теориялық мәні болып табылады.
Ғылыми жұмыс кіріспе,негізгі бөлім,қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың құрылымы, баяндалуы ғылыми жұмыс талаптарына сай орындалған зерттеу жұмысы деп есептеймін.

Пікір жазушы:   

Зерттеудің мақсаты:

Зімбір өсімдігінің тамырының емдік қасиеттерін анықтау  

Зерттеудің міндеті:

  1. Өсімдік тамырының адам ағзасындағы ауруларға әсер ету қасиетін анықтау
  2. Жұмыс бойынша қорытынды жасау.

Жұмыстың өзектілігі:

Қазіргі таңда аурулардың түрлерінің дәрі-дәрмектердің
сапасыздығы немесе басқа ауруларды қоздыруы, дәрі-
дәрмектердің қымбаттылығы адамның әлеуметтік
жағдайының нашар болуы. Сондықтан қолда бар
өсімдіктің шипалық қасиетін білу.

Жұмыстың жанашылдығы мен практикалық маңызы:

Зерттеу жұмысында зімбір өсімдігінің тамыры ағзадағы біршама ауруларға шипалы ем екендігі  айқындалып көрсетілген. Жұмыс нәтижелерін биология сабағында өсімдіктерге  байланысты тақырыптарды оқыған кеде пайдалануға болады.Жұмыс нәтижелерін биология сабағында өсімдіктерге  байланысты тақырыптарды оқыған кеде пайдалануға болады. 

Ұсыныс:

Өз елімізде имбирь өсімдігін егетін плантациялар, дәрілік
өнімдер өндіретін заводтар ашылса деп ойлаймын

Кіріспе 

Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis) , шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған

Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі

Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады

Дәрілік препараттардың 40 пайызынан астамы дәрілік өсімдіктерден жасалған. Шөптерден жасалынған препараттардың химиялық құрамы адамға улы әсерінің аздығымен және көп мөлшерде пайдалануға болатын қасиетімен ерекшеленеді. Дәрілік өсімдіктердің шипалы қасиеттері ерте заманнан (Египет, Үндістан, Қытай, Греция) белгілі Дәрілік шөптер әлемі әліде болса толық зерттелген жоқ.

Медицина саласының жетістіктері көбінесе дәрілік өсімдіктерге байланысты. Дәрілік өсімдіктер бұрынғы кезде де адамға өте пайдалы болған, болып қалада береді. Кейінгі кездері дәрілік өсімдіктерге деген талап та біршама өсті. Дәрілік өсімдіктерге деген сұраныс Орта Азияда 1970-1980 жылдарда пайда болған. Адам баласы өсімдіктерді сонау көне дәуірден бастап күні бүгінге дейін өз қажетіне жаратып, пайдасына асырап келеді. Сондықтан халық өсімдіктерді — басқа пана, жанға сая деп бағалаған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының мәліметі бойынша алдағы он жыл ішінде халықты дәрімен қамтамасыз етуде өсімдіктерден алынған препараттардың үлесі 60 пайыздан астам болуы мүмкін. Дәрілік өсімдіктің вегетативтік мүшелерінің анатомиялық диагностикалық белгілерін анықтау шикізатты фармакологияда пайдалануға іріктеп алу сапасын жоғарылатады.

Дәрілік өсімдіктерден — қазіргі кезге дейін әртүрлі дәрілік препараттар алынады. Адам ағзасындағы ауыр, қатерлі ауруларын емдеуде өсімдіктерден жасалған препараттар кеңінен қолданылуда. Жүрек-қантамырларының ауруларын емдеуде, олар 80 %-ға дейін, ал бауыр жэне асқазан-ішек ауруларында шамамен 70 % құрайды. Сондықтан мамандар көптеген ауруларға сондай-ақ қатерлі ісік ауруына қарсы препараттар алуда жаңа дәрілік өсімдіктер түрлерін қарастыруда. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті өте ерте кезден белгілі болған. Атақты ойшыл, шығыс дәрігері Ибн-Сина (Авиценна). «Медициналық ғылымның Каноны» деген еңбегінде: «Дәрігердің 3 қаруы бар — сөз, өсімдік, пышақ,» деп жазады. Қазіргі кезде дәрілік өсімдіктерді зерттеумен көптеген ғалымдар айналысуда

Негізгі бөлім

2.1. Зімбір өсімдігі

….Адам денесінің жетілуі оның денсаулығы:

егер денің сау болса,оны сақтамақ керек,

ал егер сау болмаса, денді сауықтыру

керек.

Әл-Фараби

Ең пайдалы әрі кез келген ауруға ем, қолдануға ыңғайлы медициналық шөп тамыры – Зімбір. Қай заманда болмасын, адамзат баласы өсімдік өнімдерінің тағамдық жағынан ғана емес, емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Жер жүзіндегі дәрілердің 40% өсімдіктен дайындалады. Жанға шипа, дертке дауа дәрілердің көпшілігі өсімдіктен алынады. Шипалы өсімдіктер қатарына әр түрлі сәнді өсімдіктер де жатады. Сондай-ақ, біздің бау-бақшамызда аяқ астында қаптап өсетін арамшөптер жөнінде де осыны айтуға болады. Өздерінің жер үстінде және жер астында өсетін мүшелерінде аса бағалы «үй дәріханасына» қажетті заттардың болуы арқылы олардың көпшілігі аса пайдалы. Адам баласы ақылы мен еңбегінің арқасында жабайы өсімдіктерден тұқым алып 20 мыңнан астам мәдени өсімдіктерді қолдан өсіріп шығарады. Сөйтіп қазіргі кезде олар адамның игілігіне айналды. Ерте заманнан-ақ ата-бабаларымыз дәрілік өсімдіктерді тани біліп, оның емдік қасиеттерін және тиімді пайдалану жолдарын өз тәжірибелерінен өткізген . Қазірде қолданысқа енгізіліп жүрген ең пайдалы әрі кез келген ауруға ем, қолдануға ыңғайлы медициналық шөп тамыры – зімбір тамыры.

Зімбір дәрілік – Zingiber officinale Roscoe –көпжылдық шөптекті, тропикалық өсімдік. Зімбір туысына жатады,  латынша  (Zingibiraceae) деп аталады. Зімбір – мәдени өсімдік, жабайы түрде кездеспейді. Жапырақтары ірі болып келеді. Тамырсабағы қысқа, жуан, көп басты, диаметрі 6-7 см .  Тамыры сары-жасыл түсті.  Гүлдері қызыл түсті. Тамырсабағы арқылы көбейеді. Отырғызу уақыты көктем айлары: наурыз және сәуір болып табылады. Тамырын отырғызған соң, ол жылылықты өте көп қажет етеді. Бірақ суды аса ұнатпайтын өсімдік болып табылады. Өну мерзімі 6 айдан 10 айға дейінгі аралықты қамтиды.

Таралуы: Тропикалық Азияда 3000 жылдан астам уақыт бойы өсіріледі. Отаны Солтүстік Үндістан болып табылады. Бірақ зімбір өсімдігі Қытай, Ұлыбритания, Жапония,  Греция, Рим мемлекетерінде кеңінен таралған. Сонымен қатар әр мемлекет өсімдікті түрлі мақсаттарда қолданады.

Үндістанда өсімдікті дәмдеуіштердің ең пайдалысы деп  саналып, санкриште оны «вишвабхесадж» деп атайды, оның мағынасы «әмбебап дәрі». Зімбір өсімдігін үндістанда көптеген тәтті тағамдармен қоса сусындарына да қосып пайдаланады.

Қытайда зімбір өсімдігі ерте заманда ақ ғалымдар мен дәрігерлердің назарын өзіне аударған өсімдік болып саналады.  Тіпті зімбір өсімдігі туралы мәліметтер атақты Қытай философы Конфуцидің еңбектерінде де кездеседі. Қытайлықтар зімбірді адамның ойлау қабілетін жақсарту үшін қолданған, әсіресе қартайған шақта. Сонымен қатар теңізшілер  зімбірді өздерінің ұзақ сапарында цингадан сақтану үшін пайдаланған.

Шығыс Азия аймағында емшілер  зімбірдің тамырын адамның өмір жасын ұзарту үшін ,бас ауруларында қолданған.

Орта ғасырларда зімбір өсімдігі Греция мен Римнен  Ұлыбританияға да жеткен. Х ғасырда өсімдіктің бойында шипалық қасиеттердің болуына байланысты ағылшындар  зімбірді «Англосаксандық» медициналық кітапшаға енгізген. Сонымен қатар өсімдік сол кездегі ғылыми еңбектерде өте көп аталады. Ұлыбритания  мемелекетінде зімбір өсімдігі өте қымбат тұрса да, ол қызыл бұрыш секілді өте әйгілі болып есептеледі. Генрих ҮІІІ  зімбір өсімдігін оба ауруына қарсы дәрі ретінде пайдаланған.

Зімбір өсімдігі

Зімбір өсімдігін егу:

Өсімдік тамырын екіге бөліп, біршімі уақытқа жылы суға салып қою қажет. Белгілі мөлшерде құнарлы топырақ, шұңғыл ыдысалып өсімдікті топыраққа толығымен кіргізбей отырғызады. Өсімдікті үнемі суғаруға болмайды. Өсімдік өнгенде бүртік пайда болады. Содан кейін сабақтары шығып, жапырақтары пайда бола бастайды.

Зімбір өсімдігінің тамырын тазалау жолдары:

Тамырды пайдалану үшін оның алдымен тазалап жуып, сыртқы қабығын өте абайлап қыру арқылы аршу қажет. Егер қабығын өте қалың қылып аршитын болсақ, онда құрамындағы пайдалы заттар қабықпен сыртқа шығып кетеді.

Зімбірді сақтау жолдары:

Зімбір өсімдігінің тамырын сақтау үшін өсімдік жас болуы қажет, ондай жағдайда тоңазытқышта 6-7 күн сақтауға болады.  Сыртын қабығынан аршымай өте жұқа етіп дөңгелектеп кесіп қараңғы жерде 2-3 күн кептіру керек, сосын тоңазытқышта герметикалық ыдысқа  сақтауға болады. Кептірілген күйінде зімбір өзінің құрамындағы пайдалы қасиеттерді 4 айға дейін сақтайды. Ал ұзақ уақыт сақтау үшін тағамдық қағазға орап тоңазытқышқа салуға болады. Бірақ тоңазытқыштан шығарып еріткен соң қайта тоңазытқышқа салуға болмайды. Себебі өсімдік химиялық құрамын және бойындағы витаминдер мен пайдалы қасиеттерін жоғалтады.

2.2. Зімбір өсімдігінің химиялық құрамы

Зімбірдің құрамындағы белсенді компоненттер: зімбір пайдалы заттар мен витаминдерге бай өсімдік. Зімбір шөптекті өсімдік болғанымен оның тамыры эфир майына бай. Мысалы: басқа цитрусты өсімдіктер құрамында эфир майы 05–1,5 %  кездессе, зімбір тамырында  1–3 %   кездеседі. Сонымен бірге өсімдік аминқышқылдарына бай. Әсіресе мына аминқышқылдар адам организмінде міндетті түрде болуы қажет: лейцин, метионин, треонин, фениланин, валин, триптофан. Зімбір тамырының құрамы бұл қант, крахмал, цингеберин, гингерол, цинеол, борнеол, фелландерин, камферон,цитраль, линалол, бисеболин кездеседі. Гингерол зат өсімдікке күйдіретін ащы дәм береді. Құрамындағы эфир майларының болуынан өсімдік қош иісті. 100 г ұнтақталған зімбірде шамамен 80 ккал бар.

100 г зімбір тамырының құрамында кездеседі:

Су – 78.9 г

Ақуыз – 1.8 г

Май – 0.8 г

Көмірсу – 15.8 г

Жасұнық (клетчатка) – 2 г

Витаминдер:

Витамин В1 (тиамин) – 0.025 мг

Витамин В2 (рибофлавин) – 0.034 мг

Ниацин (витамин В3 немесе витамин РР) – 0.75 мг

Витамин В5 (пантотенов қышқылы) – 0.2 мг

Витамин В6 (пиридоксин) – 0.16 мг

Фоли қышқылы (витамин В9) – 11 мкг

Витамин С (аскорбин қышқылы) – 5 мг

Витамин Е (токоферол) – 0.26 мг

Холин (витамин В4) – 28.8 мг

Витамин К (филлохинон) – 0.1 мкг

Макроэлементтер:

Калий – 415 мг

Кальций – 16 мг

Магний – 43 мг

Натрий – 13 мг

Фосфор – 34 мг

Микроэлементтер:

Темір – 0.6 мг

Марганец – 229 мкг

Мыс– 226 мкг

Селен – 0.7 мкг

2.3. Зімбір өсімдігінің емдік қасиеті

–  ұлпаларды құнарландырады

–  асқорыту және тыныс алу жүйелеріне әсер етеді.

Қуатты терапевтік қасиеттерге ие:

  • жалпынығайтқыш
  • желқуарлық
  • терлеткіш
  • ауруды басатын
  • қақырық түсіргіш
  • құстыруға қарсы

Мынанадай аурулар кезінде ұсынылады:

  • суық тиу
  • тұмау
  • тамақтың қорытыла алмауында
  • құсу
  • ларингит
  • бас аурулары
  • уралогиялық аурулар (цистит, қуықтың қабынуы).

Зімбірді сондай-ақ, сал аурулары, сарыауру, ішек құрт аурулары, іш өтуі және азықтық улану кезінде де қолданады

Зімбір есте сақтау қабілетін, тамақты қорыту күшін және асқазанды нығайтады, бауырды емдейді ,қан құрамындағы холестерин мөлшерін азайтады. Асқазаннның, ішектердің және басқа да органдардың қабырғаларында пайда болған қою, жабысқақөңезді ерітеді. Қазіргі заманға зерттеулер зімбірдің әлсіз және қалтыраған асқазанға тек қана жағымды әсер ететінін көрсетеді, әсіресе тәбеттің мүлдем болмауында. Сонымен қатар зерттеулер көрсеткендей зімбір өсімдігі адам организіміндегі обыр ауруын жазуға септігін тигізетінін дәлелдеген.  Яғни дамып келе жатқан обыр жасушаларын тоқтату қасиетіне ие.. Онкологиялық аурулар барысында зімбірді күнделікті тамақ құрамына қосу қажет. Себебі: онкологиялық ауру кезінде адам организімі аурумен күресіп, химиотерапия және түрлі дәрілерді пайдалану барысында әлсірейді. Осы кезде өсімдік организімге қуат беріп,химиотерапиядан кейінгі жүрек айнуларды басады.

Зімбірдің осы барлық ғажайып қасиеттері оның құрамында зат алмасуын басқаратын яғни биологиялық «оттың» көп мөлшері болуымен түсіндіріледі. Зімбірді үнемі тамаққа аздаған мөлшерлерде пайдалану ішкі жылуды ұлғайтады, тәбетті ашып, асқазан мен қанды жылыта отырып асқорытуға дем береді. Мюнхен қаласының «Бунте» деген журналы атап өткендей: «Зімбір қанды сұйылтады, соның арқасында ми оттегімен жақсырақ қамтамасыз етіледі». Осы себептермен зімбір интеллектуалды еңбекпен айналысатын адамдарғы, журналисттерге, өнер қайраткерлеріне өте пайдалы.

Ұсынылады: мәселен, шығармашылық жиындар алдында шай қасықтың ширек (төрттен бір) бөлігін».

Зімбір қарапайым және тиімді құрал болып табылады: бас ауруларын түсіру үшін, соғып алу кезінде, созып алу, арқа аурулары (радикулит): бұл мақсаттар үшін зімбірді паста түрінде (зімбір ұнтағы+ыстық судың бірнеше тамшылары), компресстер мен емдік былауға түсу кезінде.

Мақтаған синтетикалық дәрілер зімбірдің табиғи шипалық күшімен салыстырғанда өзінің жағымдылығын жоғалтады. Зімбір – айналымын арттырып, ревматизм ауруын тоқтатады.

Иммунитет үшін коктейл (лимон, сарымсақ, зімбір тамыры) үшеуі бірге қосылып сіздің иммунитетіңізге қамқорлық жасайды. Лимонның вирустар мен бактерияларды жоятын фитонцидтері бар. Инфекция қоздырғышымен күресетін лимонның құрамындағы С дәрумені иммундық құзырлы жасушалардың белсенділігін арттырады және иммунитетті көтереді.                   Сарымсақ – үздік табиғи антисептик. Тыныс алу жолдарына түскен инфекцияны, әсіресе тұмау вирусын жою үшін сарымсақтың ащы иісін иіскеу ғана жеткілікті екені бәріне белгілі. Сарымсақ суық тию мен тұмаудың алдын ала қоймай, аурудың алғашқы белгілерін жоққа шығаруға да көмектеседі. Сарымсақтың белсенді компоненттері иммунитетті ынталандырады және инфекцияның ағза жасушаларына енуге жол бермейді.    Зімбір – табиғи адаптогендер мен иммундық ынталандырғыштардың алтын стандарты. Иммунитетті жұмсақ ынталандырады, ағзаны ерекше инфекциялардан қорғайды. Инфекцияның ауыз қуысының лимфалық сақинасы, жоғары тыныс алу жолдарының жыбырлағыш эпителиі, ішек қабырғасына түсетін жолды бөгейді. «Иммунитет үшін коктейлдің» компоненттер үйлесімі ауру жайлы мүлде ұмытуға көмектеседі.

Зімбір қарапайым және тиімді құрал болып табылады: бас ауруларын түсіру үшін, соғып алу кезінде, арқа аурулары (радикулит) Бұл мақсаттар үшін зімбірді паста түрінде (зімбір ұнтағы+ыстық судың бірнеше тамшылары), компресстер.Зімбірді сонымен қатар әйел адамдарға бедеулік, токсикоз, бас айналуы, әлсіздік кезінде пайдалануға ұсынады. Сондықтан жүкті әйелдерге 3 айға дейін пайдалануға болады. Ал жүктіліктің екенші кезеңінде пайдалануға болмайды.

2.4. Өсімдікті қолдану аясы

Зімбір, бал, лимон қосылған қоспа:

300-350 гр зімбір тамыры

150 гр лимон

150-200 гр бал

Зімбірдің тамырын қабығынан тазалап, еттартқыштан немесе блендерде турап,үстіне лимонды да еттартқыштан турап, бал қосып араластыру керек. Бұл қоспаны тұмауратқанда шайға қосып пайдалануға болады.

Зімбір шайын дайындау жолдары: 

Шай дайындау үшін зімбір өсімдігінің тамырының бір бөлігін бөліп алып, сыртын сәбіз өсімдігін тазалаған секілді жұқалап аршып, үккіштен өткізу       қажет. Үстіне 1 қасық бал, 1 қасық лимон шырынын, көк немесе қара шай қосып демдеу қажет. Бұл демделген шай асқорыту, суық тию және салмақ тастау кезінде көп көмегін тигізеді. Сонымен қатар асқорыту жолында жиналған қалдық заттарды шығаруға септігін тигізеді.

Ауыз қуысына тұмба жасау: 

Бір стакан жылы (қайнатылған) суға бір шымшым зімбір ұнтағын салып, тамақтанып болған сайын шайып отыру қажет. Осылай жасаған жағдайда ауыз қуысынан шығатын жағымсыз иістен құтылуға болады.

Ваннаға қолдану: 

1 стакан суға 2-3 қасық зімбір ұнтағын салып араластырып, 10 минут қайнату қажет.  Дайын юолған тұнбаны суға құйып ванна қабылдаса бұлшық еттегі ауруды басады.

Жарты шай қасық зімбірді алып шай немесе сумен араластырып тамаққа  дейін жарты сағат бүрын пайдаланса токсикозды басады.

Зімбірді пайдалануға болмайды:

Зімбір өте ащы өсімдік болғандықтан ол организмге түскен соң бірден қарын және ішекке әсер етеді. Сондықтан  бұл аурулар кезінде пайдалануға болмайды

  • асқазан жарасы
  • гастрит
  • онекі елі ішек ауруларында
  • бауыр баріштенуі
  • өт жолдарында тас жиналу
  • дене қызуы көтерілгенде
  • аллергиялық реакция болған жағдайларда пайдалануға болмайды.
  • Гипертонияда

Қорытынды

   Зімбір өсімдігі тамырсабақты тропикалық өсімдіктердің ең ежелгісі.Витаминдер мен эфир майларына бай өсімдік болып табылады. Құрамында көптеген микроэлементтер кездесетін пайдалы өсімдік. Зерттеу барысында өсімдіктің тамырын түрлі мақсаттарға пайдалануға болатынын анықтадым.Эімбір өсімдігін алып оның тамырының бір бөлігін бөліп алып, тазалап, үккіштен өткізіп үстіне қара немесе көк шай, 1 қасық лимон сығындысын, 1 қасық бал, қайнаған су құйып тұндырып пайдаландық. Пайдалану барысында асқорыту жүйесінде біршама жақсаруларды байқадым.

Ауыз қуысына да тұнба жасап пайдаланса септігі мол екенін көрдім. Сонымен қатар өсімдікті тазалау, қолдану, тұнба жасау, егу жолдарын үйрендім. Өсімдікті егу барысында өсімдіккен қажеттті жағдайдың қаншалықты қажет екені жайлы мағлұмат алдым. Өсімдікті қандай аурулар барысында қолданатынын, ал қандай аурулар барысында пайдалануға болмайтынын білдім. Жалпы зімбір өсімдігі тропикалық өсімдік болғанымен үй жағдайында өсіруга болатын өсімдік екен. Ол көптеген ауруларға шипа.

You May Also Like

Табу сөздердің киелілігі, ғылыми жоба

Мазмұны Кіріспе……………………………………………………………………………………………………….4                                                                1.Теориялық бөлім 1.1.Табу  дегеніміз не?…………………………………………………………………………………6 1.2.Ауру атауларымен байланысты қалыптасқан табулар……………………………..7…

Ақын Серікбай Оспановтың сан қырлары, ғылыми жоба

Ақын Серікбай Оспановтың сан қырлары АННОТАЦИЯ  Бұл ғылыми жұмыста Серікбай Оспановтың ақындығы мен…

Ата-бабамыздың сандар әлемін жаңғырту, ғылыми жоба

«АТА – БАБАМЫЗДЫҢ САНДАР ӘЛЕМІН ЖАҢҒЫРТУ» Мазмұны: Кіріспе 1.1. Өлшеу не үшін…

Босаға ауылының географиялық жағдайы, ғылыми жоба