Мазмұны

Кіріспе……………………………………………………………………………………………………….4                                                                1.Теориялық бөлім

1.1.Табу  дегеніміз не?…………………………………………………………………………………6

1.2.Ауру атауларымен байланысты қалыптасқан табулар……………………………..7

1.2.Сөздің сиқырлы қуатына сенуден пайда болған табулар. ……………………….7

2.Практикалық бөлім…………………………………………………………………………………..8

2.1. Көркем шығармалардан жинақталған табу сөздер …………………………………9

Абстракт

  Ғылыми жұмыстың мақсаты: Көркем шығармалардан табу сөздерді жинақтау, бүгінгі күні  табу сөздерді қолданудың маңыздылығын дәлелдеу. Ғылыми болжам: табу сөздерді қолдану-бүгінгі күн талабы.Ғылыми жұмысты жазу барысында алдымен тақырып таңдалды. Табу сөздерінің ережесі,түрлері топтастырылды.Қолданылу ерекшеліктері анықталды. Көркем шығармалардан қолданылған табу сөздер топтастырылды. Ж.Аймауытов «Ақбілек» романынан, «Қыз Жібек» дастанынан, Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романынан,   М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романынан, М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясынан т.б. шығармалардан жинақталды.

Осы жұмысты жазу барысында  теориялық әдіс қолданылды. Яғни табу сөздерді теория түрінде түсіндіріп, талдап, оның бүгінгі күнгі өзектілігін дәлелдеу.

Өзектілігі: табу сөздерді орынды қолдану адамдар арасындағы сыйластыққа және  түрлі бәле-жалалардан сақтануға  көмектеседі.

Ғылыми жұмыс мынадай кезеңдерден тұрады

Кіріспе, негізгі бөлім,негізгі бөлімде табу сөздер туалы түсінік және оның қолданылу мақсаты ,көркем шығармалардан алынған табу сөздер

және қортынды бөлімнен тұрады .

Қолданылу мақсаттарына қарай есімдерді атамау, аурулардың аттарын атамау, табиғат құбылыстарын атамау, жыртқыш аңдар мен жәндіктердің атын атамау.

Табу сөздер арқылы бұрынғы ата-бабаларымыз салт-дәстүрді ұстанған, адамдар арасындағы сыйластық ,әсіресе, әулетке түскен келіннің өз күйеуінің және оның тума-туыстарының атын атамауы, келіннің әдептілігін,ибалылығын,күйеуінің туыстарына деген сыйластықты білдіреді.

Табуда екі ұғым — киелілік пен тыйым салынғандық, қасиеттілік пен қорқыныш тоғысады. Табу белгілі бір тұлғаларға да, белгілі бір қоғамдық ұжымдарға да қатынасты қолданылады.

Айсары орта мектебінің  5-сынып оқушысы  Миликатова Асылай  ,қазақ тілі секциясындағы «Табу сөздердің киелілігі» тақырыбындағы ғылыми жұмысының теориялық бөлімінде табу сөздер туралы мәліметтер жинақталып, ал практикалық бөлімінде табу сөздердің мағынасын ашты, көркем шығармаларды оқып, табу сөздерді тапты, және мағынасын ашты.Табу сөздерді қолдануды ұсынады.Себебі, табу сөздерді орынды қолдану адамдар арасындағы сыйластыққа және  түрлі бәле-жалалардан сақтануға  көмектеседі.

Маркабаева Мөлдір ғылыми жұмыс жазу барысында көркем шығармалар оқыды.Көркем шығармалардан қолданылған табу сөздер топтастырды. Ж.Аймауытов «Ақбілек» романынан, «Қыз Жібек» дастанынан, Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романынан,   М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романынан, М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясынан т.б. шығармалардан табу сөздерді жинақтады. Жұмыс барысында өзі білмейтін табу сөздермен танысып, оның мағыналарын ашты.

«Табу сөздеердің киелілігі» тақырыбындағы ғылыми жұмысты оқушылардың аудандық ғылыми жұмысына ұсынуға болады.

Ғылыми жетекші:     қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі   Кайнарбаева А.О.

Кіріспе

Ғылыми жұмыстың тақырыбы «Табу сөздердің киелілігі»

Ғылыми мақсаты: Көркем шығармалардан табу сөздерді жинақтау, бүгінгі күні маңыздылығын дәлелдеу.Міндеттері:  Тіліміздегі табу сөздер туралы мәліметтерді білу; Табу сөздердің қасиеттілігін түсіну,көркем шығармалардан табу . Зерттеу нысаны: табу сөздер. Осы жұмыс барысында теориялық әдіс қолданылды, табу сөздердің ережесін,қолданылу мақсатын түсінідіріп, оның қазіргі уақытта да қолданылу адамдар арасындағы сыйластыққа, бауырмалдылыққа жетелейтінін, сондай-ақ түрлі бәле-жалалардан, апаттардан қорғайтынын дәлелдеу.Өзектілігі: табу сөздерді орынды қолдану адамдар арасындағы сыйластыққа және  түрлі бәле-жалалардан сақтануға  көмектеседі.

Ғылыми болжам: табу сөздерді қолдану-бүгінгі күн талабыҒылыми жұмыс мынадай кезеңдерден тұрады:Кіріспе, негізгі бөлім,негізгі бөлімде табу сөздер туалы түсінік және оның қолданылу мақсаты ,көркем шығармалардан алынған табу сөздержәне қортынды бөлімнен тұрады . Ғылыми жұмыс жазу барысында практикалық бөлімде көркем шығармалардан қолданылған табу сөздер топтастырылды. Ж.Аймауытов «Ақбілек» романынан, «Қыз Жібек» дастанынан, Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романынан,   М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романынан, М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясынан т.б. шығармалардан жинақталды.  Осы шығармалардан табу сөздерді жинақтау барысында байқағанымыз: табу сөздердің көбінесе адамдардың атын өзгертіп айтуы көп ұшырасады. Ол мысалы, келіннің қайынжұртының туыстарын атын атамай, басқа атпен атауы барлық шығармаларда кездесіп отырады.Келіндер өзі түскен әулеттің руларын да атамайтын болған. Бұл-сол үйге түскен келіннің күйеуінің туыстарына деген ыстық ықыласы,ибалылығы. Сондай-ақ балаға көз тимеу үшін оны жаман бала,жалбыр шаш т.с қолданылған табу сөздер кездесті. Баланың дүниеге келуіне де байланысты көз тимеу үшін, «Кесте тігер келді»,  «қамшы ұстар келді», «тақия тігер келді» сияқты тіркестерді ауыстырып қолданған.   Тағы да басқа табиғаттың дүлей күшіне байланысты тұрмыс-тіршілікке қауіпті сөздердің атын атауға тыйым салынған. Мысалы, жай түсті десе, адамға қырсығы тиеді деген сеніммен жай сөзін жасыл сөзімен алмастырып қолданған;

Адам өміріне қауіп-қатер төндіретін жыртқыш аңдар мен жәндіктердің атын атамай басқа сөзбен ауыстырып қолданған. Мысалы, қасқырдың атын тура атаса, малға шабады деген қорқыныштан қасқыр сөзін ит-құс, ұлыма деген сөздермен алмастырып қолданған;

Жалпы табу сөздер қазақ ұғымындағы,мәдениетіндегі  дәстүрмен, ұлттың болмысымен астасып жатыр . Табу сөздерді қолдану арқылы да  ұлттық салт-дәстүрлеріміз ұлттық рухымызды  бойымызда мәңгі қалдырамыз дегім келеді..Президентіміз Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласынан мына сөзіне назарларыңызды аударғым келеді. «Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен  ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете оты­рып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сенім­мен бет алуын қалаймын». Ия, біз ұлттық сат –дәстүрлерімізді, жоралғыларымызды, өзіміздің тіліміз бен дінімізді берік ұстасақ мәңгілік «Қазақ елі» болып қала аламыз  дегім келеді.

«Т абу сөздердің киелілігі» тақырыбындағы ғылыми жұмысым әлі де ізденуді қажет етеді. Көркем шығармалардан тағы да көптеген табу сөздерді жинақтауға болады, адамдар арасында табусөздерді қолдануды насихаттау іс –шарасын да өткізуге болады деп ойлаймын.

1.1.Теориялық бөлім  

Табу дегеніміз не? (полинезиялық тайпалар тілінен аударғанда «тыйым салу») — алғашқы қауымдық құрылыс мәдениетімен тығыз байланысты діни негіздегі үзілді-кесілді тыйым салуды талап ететін ұғым. Табу сөздер жайында ғалым А.Айғабыловтың пікірін келтіре кетсек: «Табу о баста соқыр сенім мен тиым салу арқылы қалыптасса да, ол әйелдердің өзгеге көрсететін ілтипатын, сыпайылығын білдіретін әдет-ғұрыпқа айналып кеткен. Қазір табу жолымен атау тарихи шығармаларда, бірлі-жарым қарттардың сөзінде ғана кездеседі. Сондай-ақ қазақтың туған баласын ұл деп атаудан қорқып оны жаман, ат байлар деп атауы да табудан туған. Табу түрінде атау тіпті баланың негізгі атына да айналған» [1; 135].

Табу сөздердің жасалуының мынандай түрлері бар: ат қоюға, ауру аттарына, тотемдік нанымдар мен аңшылыққа, өлімге, анотомия мен физиологиялық процестерге, наным-сенімдерге байланысты сөздер.

Табуда екі ұғым — киелілік пен тыйым салынғандық, қасиеттілік пен қорқыныш тоғысады. Табу белгілі бір тұлғаларға да, белгілі бір қоғамдық ұжымдарға да қатынасты қолданылады. Табу қасиеттілік туралы түсінік қалыптасқан барлық мәдениеттерде кездеседі. Әр мәдениеттің өзіне сай заттарға, іс-әрекеттерге немесе сөздерді айтуға салынатын тыйым түрлері бар. Табуды бұзған адам қатты жазаланатын болғандықтан оны еш нәрсеге, еш жағдайға қарамай орындауға тырысатын болған. Қазақ мәдениетіндегі кездесетін ата-ене, қайынаға, қайын, қайын сіңілілердің атын атамау, отты, ошақты аттамау, белгілі киелі жануар тұрлерін қорғау т.б. Табулар қазақ халқының көне тотемистік, анимистік көзқарастарынан сыр тартады.Тыйым салынатын сөздерді бірнеше топқа бөлдік .Соның бірі:

1.Адамның есімдерін атамау,келіннің күйеуінің тума туысын атамауы осындай сөздерге тыйым салу біздің түркі халықтарында да кездеседі. Қазақтың әдет-ғұрпы бойынша жаңа түскен келін қайын жұртындағы адамдардың атын тура атамай, олардың бойындағы, мінез-құлқындағы ерекшелігіне орай әрқайсысына ат қойған. Мысалы, қыздарға, әйел адамдарға Ақылдас, Ерке қыз, Еркем, Шырайлым, Айнамкөз, т.б. десе, ер балаларға, ер адамдарға Шырақ. Мырза жігіт, Төре бала, Би аға, т.б. Ол жас келіннің қазақы тәрбиеге қаныққанының, ұят-ибасының белгісі. Ибалы келін қайын атасының, үлкен ата-балаларының, тіпті күйеуінің руын да атамаған. Оларды да өзгертіп, құрметіне, жасына лайықтап ат берген.

2.Қазақтар жас балаларды тіл-көзден, ауру-сырқаудан сақтау үшін нағыз есімдеріне тыйым салып, оның орнына жаман бала, жынды бала, ұры бала, ұзын шаш, қой көз сияқты лақап есімдерді пайдаланған. Түркі халықтарының біразына тән ат тергеу салтының қалыптасуына да әуелде сөздің сиқырлы қуатына сенушілік себепкер болған. Қазақ әйелдерінің Сүттібайды – Уыз, Сарыбасты – Шикіл шеке, Ақбайды – Қылаң ата, Қозыбақты – Кепе, Еламанды – Халық есен, Асаубайды – Тарпаң деп өзгертуі түптеп келгенде, ескі нанымның нәтижесі.

  1. Табиғаттың дүлей күшіне байланысты тұрмыс-тіршілікке қауіпті сөздердің атын атауға тыйым салынған. Мысалы, жай түсті десе, адамға қырсығы тиеді деген сеніммен жай сөзін жасыл сөзімен алмастырып қолданған;
  2. Адам өміріне қауіп-қатер төндіретін жыртқыш аңдар мен жәндіктердің атын атамай басқа сөзбен ауыстырып қолданған. Мысалы, қасқырдың атын тура атаса, малға шабады деген қорқыныштан қасқыр сөзін ит-құс, ұлыма деген сөздермен алмастырып қолданған;

1.2. Ауру атауларымен байланысты қалыптасқан табулар. Тез тарайтын әрі адамдар мен малдарды жаппай қырғынға ұшырататын қатерлі дерттердің атын атау сол ауруларды шақырады немесе олардың иесін шамдандырады деген нанымдар көптеген халықтарда кездеседі. Мұндай ауруларға оба, шешек, қызылша, безгек, топалаң т.б. жатады. Осы себептен ауру-індеттердің тура атаулары табуға айналып, көбіне тілдік айналымнан шығып қалып жатады. Ертеректе қазақтар шешек ауруын да тура атамаған. Бұл қатерлі дерттен адамдар жаппай қырғынға ұшырап, тірі қалғаны кемтар болып қалатын. Осы себепті үйде шешекпен ауырып жатқан адам болса, мейман, қонақ, қорасан, әулие, күл, бүбі сияқты сөздермен тұспалдап білдіретін болған. Тіпті онымен қоймай ондай үйден от бергізбеген, сырттан адам кіргізбеген. Тіпті ауру шыққан үйді жұртқа жалғыз тастап, аулаққа көшіп кететін болған. Сондай-ақ, ірі қара малды лезде жусатып салатын мәлік індетін қыз, кемпір, ақбайпақ, қойға келетін

1.2.Сөздің сиқырлы қуатына сенуден пайда болған табулар. Адам мен оның есімі арасында материалдық байланыс бар деген түсінік сөз магиясына деген сенімнің бір айғағы болып табылады. Бұл наным бойынша, кез келген адам басқа адамның есімін біліп алса, сол есімді жадылау арқылы оның иесін қинауға, дертке шалдыруға, кемтар етуге немесе мерт қылуға болады деп есептелген. Осы себепті адамдардың шын есімі құпия ұсталған. Керісінше, адам мен оның лақап есімінің арасында тікелей байланыс болмайды, одан ешбір зиян келмейді деп сенген. Қосалқы есімдер осылайша пайда болған.

Қазақтар жас балаларды тіл-көзден, ауру-сырқаудан сақтау үшін нағыз есімдеріне тыйым салып, оның орнына жаман бала, жынды бала, ұры бала, ұзын шаш, қой көз сияқты лақап есімдерді пайдаланған. Түркі халықтарының біразына тән ат тергеу салтының қалыптасуына да әуелде сөздің сиқырлы қуатына сенушілік себепкер болған. Қазақ әйелдерінің Сүттібайды – Уыз, Сарыбасты – Шикіл шеке, Ақбайды – Қылаң ата, Қозыбақты – Кепе, Еламанды – Халық есен, Асаубайды – Тарпаң деп өзгертуі түптеп келгенде, ескі нанымның нәтижесі.

2.1. Практикалық бөлім Көркем шығармалардан жинақталған табу сөздер

Ғалым Ә.Ахметовтың  еңбегі бойынша көркем шығармалардан мысалдар келтірейік. Бірінші, ат қоюға байланысты туған табу сөздерді келтіреміз. Бұлай ат қою түркі халықтарында, соның ішінде, қазақ халқында өте көп кездеседі. Қазақтың салты бойынша жаңа түскен келіндер күйеуінің туған-туыстарының, ауылдың үлкен адамдарының атын атамаған. Олардың әрбіріне арнап өзінше ат қойған. Мысалы: еркем, шырайлым, ерке қыз, шырақ, мырза жігіт, кенжем, момын қайын аға, тентек жігіт, ақ апа және т.б.  Мысалы, М.Әуезовтың «Абай жолы» романында ат қоюға байланысты туған табу сөздер жиі ұшырасады. Солардың бірі:

Жұманның қатыны Қалиқа деген бір жеңгесі:

Телғара! Айналайын Телғара! Соқталдай азамат болып кетіпсің –ау! – деп, мойынынан құшақтап алып, бетінен сүйді [5; 3].

«Еркем, не ғып тұрсың?»- деп қала жаздаған Айбала, сүйікті көретін қайын сіңлісінің қуанышты сезімін бұзбайын дегендей, аузына келіп қалған сөзді ернімен бөгей қойды [8; 6].

Телғара-  бала Абайға жеңгелерінің қойған аты. Еркем-жеңгесінің қайын сіңлісіне қойған есімі.

Келесі ауру аттарына байланысты туған табу сөздер. Бұл көптеген халықтарда кездесетін табу сөздердің бір түрі. Табу сөздердің бұл түрі магиямен тығыз байланысты. Себебі ауру аттарын тура атаса, ол міндетті түрде келеді деген сенім болған. Осыған байланысты ауру аттарын тікелей атамай, оның орнына табу сөздерін пайдаланған. Мысалы:

Ер Төлеген мүшесі.
Әулиеге ат айтып,
Қорасанға қой айтып,
Артынан қуып келіпті,
Өлгенде көрген шешесі [6; 102].

Түсіндірме сөздікте: әулие-шешек ауруының халықтық аты деген түсініктеме берілген.  Қорасан- шешек ауруын тұңғыш рет емдеп жазған әулие адамның аты. Сол адамның атымен аталған ауру аты [4; 78].

Тотемдік нанымдар мен аңшылыққа байланысты туған табу сөздерге тоқталамыз. Бұл тілімізде кең тараған табу сөздердің бірі. Бұндай табу сөздер бойынша аңдардың аттарын тура атамаған. Оларға жаңадан ат берген, себебі олар қайда жүрсе де естіп, малымызға түседі деген наным болған. Мысалы: аюды қария, жыланды түйме немесе ұзын жіп, қасқырды итқұс немесе ұлыма немесе бөрі, бұғыны мүйізді, жолбарысты қара құлақ немесе шері деп атағанын байқаймыз. Мысалы:

Қойға шабатын бөрі де, малын айдай қашатын ұры да көбейді.

Сыр бойына қарай жаяу шұбырған жұрт жоңғарды қойып, итқұсқа жем болды [9; 102]. Бөрі-қасқырдың екінші қосымша аты. Итқұс-қасқырдың бұрмалап айтылған аты [4; 28].

Сонымен қатар әйелдің аяғы ауырлағанын да тұспалдап, табу сөздермен жеткізген. Мысалы: тәжірибелі әйелдер келіннің жүкті екенін сезген сәтте көпшілікке «келіннің құрсағы  ақ айранға тойыпты, ақ алғысты болыпты» деп  тұспалдап жеткізген. Бұл көпшілік халық қолданысы.

Наным-сенімдерге байланысты туған табу сөздерді де кездестіреміз. Діни нанымдарға байланысты пайда болған табу сөздер біздің тілімізде көп кездеседі. Оларға санға, табалдырыққа, апта күндеріне, түнге, көкке, жол жүргенге т.б осы сияқты заттарға және құбылыстарға байланысты сөздер жатады. Қазақ халқында, әсіресе, санға байланысты табу сөздер жиі ұшырасады, себебі бай болсын, кедей болсын қазақтар құдайдың қарғысы тиеді деп, малының, балаларының санын нақты атамаған. Олай етуді жаман ырымға санап, тура санды атаудың орынына «баршылық», «бір соқыр, екі соқыр бар», « бар ғой» т.б. осылар секілді сөздерді қолданған.

Астындағы ақбоз тұлпарының тоқпақтай кекілінің үстіне көне заман ғұрпымен «бақ құсы» — аппақ сүттей тұрымтайды отырғызып алған. Егер тұрымтай жау көргенде қорқып ұшып кетпесе, батырдың жолының оң болары хақ. Ал жау қарасын көргеннен тұрымтай қаша жөнелсе, онда батырға бұл айқас қауіпті. Бақсы-балгерлер заманында жаман ырымнан сескеніп батырлар атының басын кейін бұрады… [7; 372].

Жоғарыда айтылғандай тыйым сөздер қазақ халқында өте көп, және олар күнделікті өмірде де көркем әдебиетте де кездеседі. Көркем шығармалардан алынған табу сөздерге тағы да тоқталатын болсам:

\Заула отым, заула! Мазда отым, мазда! Қорқақ аңдар, тілсіз жаулар! Қаш, маңыма жолама! Күйдіремін, өртеймін!»— дегендей Ақбілек от тәңірге сүйініп, таң атқанша маздатып, жаны аман қалды.   Ақбілектің өртті «тілсіз жау» сөзіне ауыстыруы табу сөзді қолдануы.

Ұрқия, бәйбіше өлгелі, Мамырбай ақсақалдың туған келініндей боп, үйін ұстап тұра қалып еді. Осы Ұрқияға бір күні Ақбілек дөң астында отырып, қайғысын сөйледі. Ұрқия тыңдады да:— Шырайлым-ау! О кісі апамның өліміне қайғыратын шығар. Сені неге жек көрсін?..— деді. «Шырайлым-ау»-Ақбілекке Ұрқия жеңгесінің қойған аты.

Бұл күрсінген Ұрқия еді. Жаңа камзол киген кішкене Сараның гүл-гүл жайнаған ажарын көргенде, ішкі дерті тағы бір қозғалып, еді. Ой, дүние-ай! Тым болмаса, жасаған осындай бір жалбыр шашты қимады ғой! — «Еркежан, бері келші! Сен маған бала болсаң қайтеді?— деп Ұрқия Сараны алдына алып, қысып-қысып сүйді.  «Еркежан» -Ақбілектің сіңілісі ,Сараның, Ұрқия жеңгесінің қойған аты.

Шырайлым-ау, саған жорытайыншы. Бүгін мен бір түс көрдім… түсімде біздің ауыл көшкен екен дейім. Шырайлым-ау! Бейуақта неғып жатырсың; Шам жағатын уақ болды ғой,— деп еді. «Ақбілек» романында жеңгесі үнемі қайынсіңілісіне атын атамай, «Шырайлым» деген есіммен атайтынын байқадық. Осы «шырайлым» сөзі шығармада көп кездеседі.

Обал ғой: қалай атайын?

— Оның обалы жоқ, бауырым. Жәй сөз. Айта бер.

— Ана аттың мойнына салатын имек ағаш.

— Қамыт па?

— Жоқ одан жоғарылауы.

— Доға ма?

— Е, сол, сол.

Осы диалогтан Камилә есімді Ақбілектің нағашы апасы өзінің атасының атын атамай, «аттың мойнына салатын имек ағаш» деп тура атай алмайтынын ббайқадым.

Бекжан начальниктен тағы естігенін сѳйлей бастағанда,

әлгі топтанып отырған халыққа бір жігіт шауыл келіп:

– Сүйінші, Сәрсеке! Шолпан жеңге аман-есен босанып,

тақия тігіп беретін тапты, – деді.  Бұл үзінді М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романынан алынды.Бірінші әйелі Қалампырдан бала көрмей, екінші әйелі Шолпан дүниеге қыз әкелгенде Сәрсенбайға айтылған сөз.

«Сәрсеке, бұл заманның ѳзі қорыққанды

сыйлайтұғын заман болды, азырақ дәреже біткен кісі –

бай қара кісіні кісілікке алудан кетіп барады. Сол себепті

біздің сізге айтқалы келген сѳзіміз – алла тағала сізге

біреуден артық, біреуден кем дәулет беріп, екінші мынау

бір жаман немеңіз бар. Бұл жаман екі айналып келмес,

бір күндерде малың шағын болып, басқа да зар болдыңыз,

«қубас» деген сѳзді естіген күніңіз болды. Бұл үзінді де «Бақытсыз Жамал» романынан алынды. Сәрсенбайдың екінші ұл баласын көз тимесін деген оймен «Жаман немеңіз» деп ауыстырып айтып тұр.

Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» ромаынан алынған табу сөздер:

Ұлпан тым болмаса шай құйып беретін болар-ау… Бала кезінде еріндері қып-қызыл, саусақтары салалы, көзі отты болушы еді. Байғұс бала қорасанға ұшырамаған екен әйтеуір… Құдай-ай, сақтай көрші!.. Бұл жерде «қорасан» ауру аитауын жасырып қолданып тұр.

Қорытынды

Ғылыми жұмыс мақсатына жетті. Көркем шығармалардан табу сөздер жинақталып, табу сөздердің бүгінгі күні қолданылуын ұсындым.  Тілімздіегі табу сөздер туралы мәліметтер жинақталып, олардың қасиеттілігін,кмелілігін түсіндіруге тырыстым. Сондай-ақ көркем шығармалардан табу сөздер жинақтадым.  Алдағы уақытта тағы да көркем шығаормалардан табу сөздерді жинақтаймын деген ойдамын. Әсіресе, қазіргі уақытта жас отбасылар  арасында  ұрыс-кикілжіңдер болып жататынын естіп жатамыз. Олардың бір-бірінің ата-анасын сыйламауы-ол да бір осы ықазақы тәрбиенің жетіспеуінің бір көрінісі болуы мүмкін. Сондықтан да осы табу сөздердің қолданылу аясын кеңейту керек деген ой түйдім.  Қорыта айтар болсақ, табу сөздер дегеніміз әдет-ғұрыппен, діни наным-сеніммен, тарихпен, магиямен өте тығыз байланысты сөздер. Байқағанымыздай табу сөздерді көптеген ғалымдар зерттеп, әр түрлі пікір айтылып, тұжырымдамалар жасағанын байқадық. Жоғарыда айтып өткендей табу сөздерді жіктеу бойынша, кейбір ғалымдар наным-сенімдерді табу сөздерге жатқызатын болса, кейбір ғалымдарымыз пікірлерінде кездеспейді. Табу мәселесі әлі де толыққанды зерттеуді қажет етеді. Тіліміздегі табуды зерттеу тіл білімі, тарих, этимология, этнолингвистика, этнография үшін маңызды мәселелердің бірі болып қалады.Табу сөздер-ұлттық тіліміздің жоғалмауының бірден-бір көрінісі. Түрлі-ауру-сырқаулардан, апаттардан сақ боламыз, Ұлттық салт-дәстүрімізді өркендетеміз

Аннотация

Маркабаева Мөлдірдің «Табу сөздердің киелілігі» тақырыбындағы ғылыми жұмысында табу сөздердің бүгінгі күні қолданылу керектігін дәлелдеді. Көркем шығармалардан табу сөздерді жинақтады.  Табу сөздер-ұлттық салт-дәстүрлеріміздің жоғалмауының бір көрінісі екеніне тоқталды.

You May Also Like

Қызылша және оның пайдасы, ғылыми жоба

Тақырыбы: «Қызылша және оның пайдасы» Аннотация Зерттеу мақсаты:  Қызылша туралы  мәліметтер жинақтап,…

Компьютерлік ойындардың адамның мінез-құлығына әсері қандай? ғылыми жоба

Жобаның тақырыбы:  Компьютерлік ойындардың  адамның мінез-құлығына әсері қандай? Бағыты:    Информатика Мазмұны КІРІСПЕ…

Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі, ғылыми жоба

Дұрыс тамақтану- денсаулық кепілі Біздің тамағымыздың пайдасы мен зияны Мазмұны: Кіріспе І.…

Экология және энергия үнемдеу, ғылыми жоба

Экология және энергия үнемдеу Біздің мақсат : Электр энергиясын алудың әртүрлі тәсілдерін…