Тері илеудің маңызы»

Бағыты: «Дені сау табиғи орта – «Қазақстан-2050»

стратегиясын жүзеге асырудың негізі»

Секциясы:  Химия

Зерттеу жұмысының авторы: Әділхан  Шерхан

Зерттеу жұмысының жетекшісі:

Зерттеу тақырыбы: Тері илеудің маңызы

Зерттеудің мақсаты:

Бұрынғы өткен ата – баба, шебер әжелеріміздің ұмытылып бара жатқан қолөнерін жаңартып  жаңғырту, бізге қалдырған асыл мұраны кейінгі ұрпаққа аманат ету. Табиғи терінің денсаулыққа пайдалы, жылулығы мол, ыстықтан, суықтан қорғайтын талшықтың қадірін білу. Тұрмыста қолдана білу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

– Тері  илеудің  пайдасы туралы білу

– Теріден жасалатын бұйымдар туралы толық мағлұмат беру

– Тұрмыста қолдана білу

Зерттеу әдісі:

Тақырып бойынша түрлі әдебиет көздеріндегі ақпаратты анализдеу, синтездеу, жүйелеу, зерттеуді салыстырмалы түрде сараптап, тұжырымдау.

 Зерттеу объектісі: Тері илеудің маңызы

Зерттеу көздері: кітаптар, ғаламтор желісі, энциклопедия

Зерттеу жұмысының құрылымы: Бұл ғылыми жоба 3 бөлімнен тұрады. Кіріспе, зерттеу бөлімі, қорытынды бөлім, пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Менің ғылыми жұмысымның жаңалығы тері илеудің адам өміріне пайдасы мен емдік қасиеті басым екені анықталады.

Аннотация

Бұл ғылыми жоба жұмысында «Тері илеудің маңызы» жайлы айтылып; қазіргі  өмір талабына  сай    адам өмірінің әртүрлі салаларында  қолдаылуы жалпы қасиеттерін, оны өңдеу, жинау, сақтау, түрлендіру және қолдану туралы айтылады. Жобаның І – тарауында  тері илеудің дамуы, қазіргі заманда  қолданылуы,  автоматтандыруы туралы баяндалады. Жобаның         ІІ – тарауы тері илеудің  атқаратын міндеттері, қазіргі заманда тері илеп пайдаланылуы, оның  пайдасы мен зияны қарастырылады.

Ұсынылған жоба  адам өміріндегі тері илеудің маңызын негізге ала отырып құрылғандықтан, жұмыс істеу тәжірибесі бар кез-келген пайдаланушы оны ешбір қиналмай-ақ қолдануына алатындығына айтылған.

Аннотация

В работе данного научного проекта речь идет о «важности дубления кожи»; о общих свойствах поддержки в различных областях жизнедеятельности человека, соответствующих современным требованиям жизни, его обработке, сборке, хранении, модификации и использовании .

В разделе I проекта излагается развитие дубления кожи, современное применение, автоматизация. Раздел II проекта предусматривает задачи дубления кожи, использование кожи в современном мире, ее польза и вред.

Так как представленный проект создан исходя из значимости дубления кожи в жизни человека, говорится в том, что любой пользователь, имеющий опыт работы, может использовать его без каких-либо затруднений.

Annotation

In the work of this scientific project we are talking about the «importance of tanning»; about the General properties of support in various areas of human activity, corresponding to modern requirements of life, its processing, Assembly, storage, modification and use .

Section I of the project outlines the development of leather tanning, modern applications, automation. Section II of the project provides for the tasks of tanning leather, the use of leather in the modern world, its benefits and harms.

Since the presented project was created on the basis of the importance of tanning in human life, it is said that any user with experience can use it without any difficulties.

Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназияның  4 «Ж» білім алушысы

Әділхан Шерханның   «Тері илеудің маңызы» тақырыбында

жазған ғылыми жобасына

Пікір

Әділхан  Шерхан  ғылыми жұмысын Жамбыл облысы фабрикаларындағы иленген терінің пайдасы жайлы нақты нәтижелері толық, жан-жақты жүйелі ізденіп жазылған.

Шерхан өзі дүниетану сабағын жақсы көреді, соның ішіндегі жануарлар әлемін жақсы көреді. Сол себептен биылғы оқу жылынан бастап жануарларды, одан алынатын терілерді зерттеуге кірісті. Шерхан  ғылыми жұмыспен айналысу барысында тері илеудің ерекшелігі мен қасиеттері, түрлері мен адамға тигізетін құпия сырларымен танысқандығы байқалып тұр.

Шерханның ғылыми жұмысы терінің құрылысына жеке-жеке тоқталып, терінің адам денсаулығына пайдалы болатыны жайлы саралап, зерттеп көрсетілген.

Шерхан  «Тері илеудің маңызы» жайлы айтылып; қазіргі  өмір талабына  сай    адам өмірінің әртүрлі салаларында  қолдаылуы жалпы қасиеттерін, оны өңдеу, жинау, сақтау, түрлендіру және қолдану туралы айтылады .

Шерханның өзі жасаған тәжірибесінде, тыңғылықты, орынды, тәжірибе жасағанда көп ізденгені анық көрсетілген.

Әділхан Шерхан  мектепішілік ғылыми жобаға қатысып, өзінің көп ізденіп жазған жұмысы нәтижелі  болып, бізге пайдасы тиетіндігіне толық сенімдімін. Себебі, Шерхан басқа оқушылардай емес, ізденімпаз, өз бетінше шығармашылық жұмыспен айналыса алатын оқушы. Бұл Шерханның ғылыми жұмысы жас ерекшелігіне және талапқа сай жазылған.

  Пікір жазған: Есенкелді БӘКІМБАЕВ

«Республикалық ветеринарлық зертхана»

Республикалық мемлекеттік ветеринариялық

зертхананың Жамбыл облыстық филиалы,

бас маманы

Мазмұны

 Аннотация

Зерттеу тақырыбы

Пікір

I.Кіріспе

  1. Тері илеудің даму тарихын зерттеу
  2. Алғашқы тері илеуге талдау
  3. Адам өміріндегі тері илеудің рөлі

II.Зерттеу бөлім

1.Қазір тері илеудің  қолданылуы

2.Теріден  тігілетін  киімдер

2.Тері-дертке шипа

III.Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Қазіргі жастардың көпшілігі қазақ халқының ұлттық мәдени мұрасы – енетін тері илеу.Тері илеу  – ата-бабаларымыз арғы ғасырларда өздері шұғылданған мал өнімдерінен күнделікті тұрмыс­тарына қажетті бұйымдарын жасап, қолөнерін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келген. Бұрынғы қазақ тұрмысына пайдаланатын тері, жүн, ағаш сияқты материалдан жасай­тын ыдыстар күннен-күнге сиреп барады.

Тері илеудің  ерекшелігі – аңдар мен төрт түлік мал терілерінен илеп дайындайды. Тұрмыста қолай­лы, жеңіл түрлері де көп. Көлемі ықшам, салмағы жеңіл, алып жүруге икемді, сыйымдылығы жоғары, әркім өз қажетіне қарай жасап алуға болатын, көшіп-қонуда ат көліктерімен алып жүріп, тасымалдауға қолайлы, ұлттық мәдениетіміздің ертеден қалыптасқан түрі. Олар  теріден саз аспаптарын, ер тұрман жабдықтарын, ыдыс түрлерін жасаған, киім кешектер тіккен.Саз аспапатарынан қобыз, шертпе, адырна, ұрмалы;  ер-тұрман жабдықтарынан тоқым, құйысқан, өмілдірік, жүген, қамшы, торсық;  ыдыс бұйымдарынан торсық, кесеқап, саба, мес.т.б; киім-кешектерден сыртқы киім, мәсі, кебіс, т.б тіккен.

 Зерттеудің мақсаты: ата – бабабаларымыздың ұмытылып бара жатқан қолөнерін жаңартып жаңғырту. Табиғи терінің денсаулыққа пайдалы, жылулығы мол, ыстықтан, суықтан қорғайтын талшықтың қадірін білу. Тұрмыста қолдана білу.
   Жұмыстың нәтижесі және қорытындысы: тері илеу  күнделікті тұрмыста, өндірісте кеңінен қолданылуын көрсету.

ТЕРІ ИЛЕУДІҢ ДАМУ ТАРИХЫН  ЗЕРТТЕУ

Ғасырлар бойы уақыт елегінен өтіп ұрпақтан ұрпаққа жеткен қолөнер бабалардан қалған мәдени мұрамыздың ең асыл құнды қазынасының бірі. Қолөнер туындыларын жасау белгілі бір көркемдік ұстанымды сақтауға талап етілетіні белгілі.

Қазақ халқының өнер саласындағы тәлім-тәрбиесі, мақал-мәтелдері шеберлікке, ұстамдылыққа, жігерлілікке қолдау беріп әсерін тигізіп отырған. Мысалы: «Бай болмасаң бай болма, өнер-білімге сай бол»,-деген халық нақылы, «Ерінбеген өнер табар, шегіне берген соңына қалар», -деген даналық сөздері тегін айтылмаса керек. Халқымыздың ұлы ойшылы, дана-ақын Абай атамыз: «Демеңдер өнбес іске жұбаналық, Ақыл тапсақ, мал тапсақ қуаналық. Әуелі өнер ізделік, қолдан келсе, Ең болмаса еңбекпен мал табалық»,-дегендей қазіргі нарықтық экономикаға байланысты өнімді еңбекті жандандырып, ұлтымыздың баға жетпес қазыналарын жасап, әлем елдеріне,елімізге келген шет елдіктерге көрсетіп, біздің өзіндік өнеріміз бен дәстүр-салтымыздың қалыптасқандығын мақтанышпен айтатын кезіміз келді. Біз осындай өнерді бағалаған елдің ұрпағы екендігімізді мақтан тұтуымыз қажет. Адам баласы өте ерте заманннан бері жан-жануарлардың етін тамақ, терісі мен жүнінен киім тігіп, сүйегі мен мүйізінен еңбек құралдарын, тұрмысқа қажетті бұйымдар жасады.

Халық тұрмысында мал терілерін қарапайым жолмен ұқсату көптен бері келе жатқан тәсілдердің бірі. Сондықтан бұған байланысты турлі-түрлі ұғымдар туды. Мысалы, ірі қара малдың иленбеген терісін шылғи тері немесе шылғи қайыс, ал тері иленіп ұқсатылғаннан кейін оны қайыс деп атайды. Шылғи қайысты ұқсатудың екі түрлі жолы бар. Бірі — оның жүнін сылып тастап пайдалану, екіншісі — теріні жүнін сылымай-ақ пайдалану. Жүнді терілерден тулақ, тайтері, бөстек, тұлып, қауға, шанаш, мес, дорба, шарқай,т.б. жасалады. Жүнін алып тастаған терілерден көк, өкше сірі, көн, дабыл жасалады. Құрымға салынып, ысқа ұсталып, құмға қатырылған теріден саба, торсық, көнек, шанақ істеледі. Иленген теріден көксауыр, таспа, қайыс, қапшық, құлын, жарғаң, бота ішік, шідер, жүген, айыл, тартпа, тамақбау, құлақбау сияқты нәрселермен қатар, былғары, ұлтан, опайке, шегрен, көзел, етік, мәсі, кебіс, қоржын, тоқым, ертұрман, тон, шалбар, шамадан, тақия, көпшік, белдік, кісе, кейде тұс киіз сияқты келемді заттар да жасалады.

Ірі қараның терісі әрбір іске арнайы пайдаланылған. Соған қарай олардың әр түрлі атаулары бар. Мысалы, сиыр терілерін қолөнер шеберлері сиыр терісі, егіз терісі, тайынша терісі, бұзау терісі деп төртке бөліп атайды да, әр терінің өн бойы — жондың, қабырғалың, үйек бас тері, пұшпақ, мойын болып бірнеше түрге бөлінеді. Жылқы терісін — бие терісі, жабағы және құлын терісі деп үшке бөледі. Түйе терілерін атан терісі, бота терісі деп екіге ғана бөледі. Атан терісі, өгіз терісі және олардың жондықтары қол істеріне ең қолайлысы. Қой терілерін: жабағы тері, қырықпа тері, күздік тері, соғым терісі, тақыр тері, тоқтышақ терісі, сеңсең, елтірі, мари, жылбысқа тері деп он түрге бөліп атайды. Осы терілер киім түрлерінің бәріне жарай береді. Ешкі терілерін – жүндес тері, тақыр тері, түбітті тері, серке терісі, лақ терісі, лақ мариі деп бөледі. Ешкі терілері төзімді келеді. Сондықтан одан алуан түрлі киім тігеді, бөстек, тулақ, торсық, саба, қапшық жасайды.

Теріні ысқа әзірлегенде сиыр, жылқы, серке терілерінің пышақ кескен жері жоқ бүтінін таңдап алады да, жүнін ұстарамен сыпырып тастайды. Содан кейін 2—3 күн шошаланың төбесіне жайып не киіз қайнатқан құрымға салып қояды. Тері ашты құрымның күшімен иленген сияқтанып ширығып, шымырлана түседі және қара қошқыл өңге енеді. Содан кейін оны сорғытып, аз құрғатып үлгіге салып отырып сабаға, көнекке, иықты, емізікті торсықтарға, кеукеріндерге, қауғаға арнап пішеді де терінің қыртысын сыртына қаратып шуда жіппен жиі жөрмеп тігеді. Ертерек кезде жақсы торсықтарды тарамыспен тіккен.

Кейбір шеберлер оған сыздық салып отырып тебе тіккен. Тігіліп дайын болған торсықты (сабаны, көнекті) өзен судың жағасына апарып, ішіне ыстық құм толтырып, құмды келтекпен түйгілеп әбден нығыздау керек. Бұлай істегенде болашақ сабаның, торсықтың сырт өрнегі қалыптасады. Құм кептелген торсықтар ыстық пен желде 4—5 күн тұрып әбден кеуіп сіріленіп қатады. Содан кейін құмын төгіп тастап, ыдыстың іші тысын тұздалған сармаймен немесе жылқының сүр етінің майымен майлап тағы да күнге қояды. Енді май сіңген тері ыдыс ыстауға әзір тұрады. ЬІстық орнын не өзен жағасындағы жарқабақтан, не құдық маңындағы ескі апандардың шетінен дайындайды. Бұл үшін ені 40—45 см, тереңдігі 35—40 см, ұзындығы 10—15 м жыра қазылады. Мұның жар не апан жақтағы аузын шұқырлап оттық жасайды да, дала жақтағы аузын плитаның үстіңгі тесіктері сияқты етіп ашық қалдырады. Жыраның өн бойының екі жақ қабырғасына кезекпе-кезек кірпіш қалытқы қалап бұрма жасайды. Сонда оттықтан шыққан тобылғының жалыны мен ыстығы орта жолдағы қалытқыларда бөгеледі де, шұңқырдың аузына тек жылы түтін ғана келеді. Ал ысталатын терілерді ілетін күрке шұңқырдың осы дала жақ аузына тігіледі. Ол үшін бірнеше түзу ағаштардың басын түйістіріп, іргесін жая күрке жасайды. Оның сыртын терімен, ескі құрым киіздермен немесе жас шөппен қымтап жауып қояды.

Ысқа қойылатын ыдыстар осы күркенің ішіне ауыздарын төмен, яғни түтінге қаратып ілінеді. Ысқа онша қурамаған бүрлі тобылғы, ши, көк пішен жағады, кейде ысқа ерекше иіс сіңіру үшін жусан, адраспан, арша т. б. шөптерді қоса жағады. ЬІсты әдетте бір ауылдың ақсақалы, беделді адамы салады. Өйткені ыс дұрыс салынбаса өрт шығып кетуі мүмкін. Ыс әбден сіңген ыдыстардың түсі қызыл күреңденіп, кепкен мейіздей болып қатып қалады. Осындай тобылғы торы торсықтар 5—6 айға дейін жібімейді де,  көгермейді . Қажет жағдайда бес-алты айдан кейін оны тазалап кептіріп, майлап тағы да ыстайды. Ысталған ыдыстар ең алдымен қымыз, саумал, бие сүттері үшін қажет.

Мал терілерін илеу үшін үлкен күбіге немесе шелекке ашытқы ашытып, теріні соған салып илеу. Мұны малма дейді. Ал иді қатықтан, айраннан, не езген құрттан, не құрттың сары суынан, кейде ашытқан көжеден немесе ұнға тұз қосып та жасайды.

Теріні бір рет суық суға жуып тазартады. Одан кейін күбідегі иге салып, күн сайын бірнеше рет шайқайды. Иге салынған тері иге түгел батырылады. Олай болмаса терінің иге батпаған жері қара қайыстанып, бырысады да, кейін пішіп тігуге жарамайды. Қой, ешкі терілері иде 6—9 күн, ірі қара терілері 15—20 күн жатады. Терінің иі қанғанын білу үшін оны қолмен тырнап қарағанда тері қыртысы қалыңдап, ет қыртысы кәшіп тұрады. Иден шыққан теріні көлеңкеге бір рет кептіріп, соңынан сақармен жуып тазартады. Малмаға салған терінің жүні үйысып, білтеленіп қалады. Оны ажырату үшін кепкен соң жұмсақ шыбықпен сабап сілкеді. Кейде сирек тісті тарақпен тарайды. Теріні аз тобарсыған соң уқалай отырып, қолдың жылуымен кептірген. Теріні и жағып та илейді. Ол үшін иленетін заттың көлемі шағын болуы шарт. Сеңсең, елтірі, лақ елтірісі, бота терісі мен ұсақ аң терілерін жағып илейді. Бұларға жағылатын да жоғарыда айтылған и. Қоян, түлкі, бұлғын, қарсақ, тиін сияқты өңі жұқа аң терілері өте тез иленеді. Оларға и жағылғаннан кейін 1—2-ақ күн тұрады. Аң терілері бітеу сойылып, оның жүнін былғамай, өңін шыңылтырландырмай илеп алады. Мұны «сабаулау» деп атайды. Мысалы, жаңа сойылған түлкі терісін теріс айналдырып, құрт пен тұз жағады да, ішіне екі сабауды сұғып, кергілеп толғайды. Бұл тәсілмен ұқсатылған түлкі терісі 7—8 сағат ішінде тымақ тігуге әзір болады. Аң терісін қырғыштамайды, қалың көк еттері мен майларын қолмен алып тастайды.

Тері ұқсатушылардың арасында ең көп тарағаны және теріні ұқсатудың тиімді тәсілі — қабыққа салып бояу. Теріні қабыққа салып бояу үшін талдың, еменнің, қара мойылдың, кейде май қарағайдың қабықтары да жақсы. Оларды жасамалы ағаштардан күздігүні әзірлейді. Тік тұрған ағаштың қабығын сыдыру ағашқа үлкен зиян келтіреді. Сондықтан бояуға алынатын қабықты кесілген ағаштардан жинайды. Жиналған қабықты жылы сумен жуып, кепкен соң темір келіге салып түйеді немесе қол диірменмен тартады. 11-12 қойдың терісінен тігетін үлкен тонды бояу үшін осындай ұнтаталған 4—4,5 кг қабықты бір жарым-екі шелек суга салып, тұзын татытып қайнатады. Су аз құйылғандықтан бояуы шықпай, қабықтар құрғап бара жатса, үстеп су құяды. Мұның керісінше, кейде оның суы көбейіп, бояуы өте сұйылса, қосымша қабық ұнтағын салып қайнатады. Ал қайнауы қанып, қажетті түсі мен қоюлығы жеткен соң от жағуды тоқтатып, қабықтың ұнтағын сүзіп алып тастайды. Қайнатылған бояу тері күйместей қанжылым болған соң теріні бояй беруге болады. Бояудың қою-сүйықтығын бірқалыпты етіп, қыл сыпыртқымен немесе кірі жоқ киіз қырдасынмен теріге жағады. Боялған теріні бояуын бойына сіңіру үшін бір-екі сағат өңін ішіне келтіріп бүктеп қояды. Бүктеулі жатып дегдіген теріні желге, көлеңкеге, ыстық үйге жайып кептіреді. Кептіргенде ол шыңылтырланып құрғап қалмас үшін теріні тобарси бастаған соң-ақ қолмен уқалап созғылайды.

АДАМ ӨМІРІНДЕГІ ТЕРІ  ИЛЕУДІҢ  РӨЛІ

Мал терісін илеудің ел арасында кең тараған көптеген түрлері бар. Мал терісі негізінде жондық, сауыр, бауыр, қабырғалық, үйектік, пұшпақ, мойын деген бөліктерге бөлінеді. Терінің ең сапалы тұсы  малдың жоны мен сауырында, қабырғалық деп аталатын қос қапталында болады. Мойын терісі олардан сәл жұқалау келеді.

Ал бауыр терісі мен пұшпақтары өте жұқа болады.

Мал терілерінің түрлері

Қой терілері Сиыр терісі Жылқы терісі Түйе терісі Ешкі терісі
Тоқтышақ Тайынша Бие Атан Тақыр
Тықыр Бұзау Құлын Бота Жүндес
Сеңсең Өгіз Жабағы Лақ мари
Соғым Түбітті
Мари Серке
Жылбысқа Лақ
Қырықпа
Күздік
Жабағы

Терісі ең қалың мал-сиыр, содан-соң түйе  терісі, ал ең жұқа тері-жылқы терісі. Аң терілерінің  ( түлкі, қарсақ, қоян,т.б) төрт түлік малдың терілерінен айырмашылығы-жұқа.  Терілері жұқа болғандықтан иіні жылдам қабады. Олардан бас киім, жаға, т.б. заттар тігеді. Терінің өзі негізгі үш қабаттан түзіледі.

Теріні тазалау үшін жаңа сойылған мал, әсіресе ешкі терісінің ішіне қоймалжың әк борды (ізбес) жағып, теріні тұмшалап орап, арнаулы жылы су құйылған ыдысқа батырып, салып қою керек. Бұл әдіспен даярланған терінің иісі мүлдем шықпайды. Майлы терінің майын сорғыту үшін оған ашытқыны немесе қызыл кірпіштің ұнтағын, бор, сор, күл сеуіп бірнеше тәулік бүктеп тастайды. Оны халық тілінде «былжыр» дейді. Терінің жидігеніне әбден көз жеткізгеннен кейін тері жиырылып кеуіп қалады. Оны екінші мәрте жылы суға жібітіп,қолмен созып, талқымен еттерін қырып тағыда керіп тастайды. Бұтағы аша болып өскен, ашасының арасына көлденең ағаш бекітіліп, кәдімгі А әріпіне ұқсатып жасалған, жануарлардың терісін кигізіп, керіп кептіру үшін кергіш құралын қолданады.

Тері қолөнер бұйымдарының ішінде айырбасталмайтын шикізатқа айналды. Мал терісін илеудің ел арасында кең тараған көптеген түрлері бар. Солардың ішінде негізгі екеуіне тоқталайық. Біріншісі, ағаш күбіге немесе басқа кең ағаш ыдысқа айранның сарысуына, ашыған іркітке ұн, кебек, тұз салып ашытады да, теріні соған салады. Екіншісі, терінің бетіне ұн, тұз араластырылған іркіт жағу арқылы орындалады. Бұларды иі жағып илеу дейді. Мал терісін өңдеу тәсілдерінде көптеген ерекшеліктер бар. Олар қай түліктің терісінен қандай бұйым жасалатынына  байланысты. Мәселен, сырт киім, бас киім тігуге арналған қозы, лақ, құлын терілерінің немесе әр түрлі аң терілерінің жүнін алмай илейді. Аяқ киім не басқадай үй бұйымын жасауға немесе оларды көркемдеуге арналған теріні талқыдан соң қолмен уқалап, қырып өндейді де, қара қоңыр түсті бояуға бояйды.

Теріні кептіру жүннің қалыңдығына және ауаның ылғалдылығы мен ауа алмасуының уақытына байланысты терінің кебу процестері де әр түрлі болады. Егер ауаның жылылығы 20-25 градус болса, онда 48-64 сағатта, ал 15-18 градус болса шамамен 72 сағатта кебеді.

Теріні бояу үшін көп қолданылатын шикізат-ағаштардың қабығы мен өсімдік тамырлары.

Тері бояудын екі түрлі мақсаты бар: біріншісі – теріге өң беру, екіншісі – теріні неғұрлым су өтпейтін етіп ширықтыру. Тері бояудын ең көп тараған әдісі – ағаштың қабығына салып бояу. Бұған талдың, теректің, еменнің қабықтары қолайлы, сондай-ақ жер қынасын, томарбояуды, шөп тамырын, шеңгелдін, көк тікеннің бүрлері де кеңінен пайдаланады.

Теріні талдың, еменнің, қара мойылдың, май қарағайдың қабықтарымен бояйды. Оларды көбінесе күздігүні әзірлейді. Тік тұрған ағаштың қабығын сыдыру ағашқа үлкен зиян келтіреді. Сондықтан бояуға алынатын қабықты көбінесе кесілген,қураған ағаштардан жинайды. Жиналған қабықты жылы сумен жуып, кепкен соң темір келіге салып түйеді немесе қол дирменге салып тартады. Оны суға салып, тұзын татытып қайнатады. Бояуы шығып, қайнауы қанғаннан кейін ыдыстағы қабықтарды сүзіп алып тастайды. Қайнатылған бояу қанжылым болып суыған соң, теріні бояуға қолданады.

Тері бояудың екінші түрі-томар бояу.

Тамыздың басында қурайдың түбін қазып алады да, оны жуып ыдысқа салып қайнатады. Бояуы шыққаннан кейін теріге қолданады.Теріні қынаменде бояйды. Қына жерге жабыса өсетін өсетін өсімдік, мұны күздігүні жинап әкелісімен тазартып, жылы сумен жуып алады да, қайнату арқылы бояуын шығарады. Қынаның басытқысына тұз, ашудас, мүсәтір, аздап май құяды. Қына бояуы жүн жіптерге, теріге жақсы жұғады. Осы әдіспен боялған теріден неш түрлі бұйымдар жсауға болады.

Илеуі қанып, бояуы сіңген теріні немесе қазіргі кезде де химиялық және механикалық әдістермен өңдеу арқылы алынған материалды былғары дейді. Одан жасалған бұйымның тігісі ыдырамайды және тұтынуға төзімді әрі әдемі. Былғарының бірнеше түрлері бар. Олар көксауыр, опайке, былғары, хром, көзел, шегірен, сақтиян, ұлтан.

Ата-бабаларымыз теріден саз аспаптарын, ер тұрман жабдықтарын, ыдыс түрлерін жасаған, киім кешектер тіккен. Саз аспапатарынан қобыз, шертпе, , ұрмалы; ер-тұрман жабдықтарынан тоқым, құйысқан, өмілдірік, жүген, қамшы, торсық; ыдыс бұйымдарынан торсық, кесеқап, саба, мес.т.б; киім-кешектерден сыртқы киім, мәсі, кебіс,т.б тіккен.

(тақтадағы көренкіліктер арқылы түсіндіреді)

Саба-қымыз құятын ыдыс. Жаңа сойылған жылқы терісін кептіріп, құрымға салып қатырып, ыстайды. Сыйымдылығы 100 литрге дейін болады. Сабаны той-думанда және үлкен астарда пайдаланады.

Ыс дегеніміз-түтін тозаңнан байланатын қара дақ. Ыс салу жұмысы тобылғы бүршіктенісімен жүзеге асырылады.

Көксауыр –жылқы мен серке терісінің сауырынан (жонынан) жасалады.

Көнек-бие саууға арналған ыдыс(көнек шелек) шәугінге ұқсас келеді. Оны түйенің мойын терісінен тігіп, бедерлі өрнекпен әшекейленген, бие саууға қолайлы,сыйымдылығы 3 литрге дейін.

Қазақ шеберлерінің ішінде ел арасында тұрып, тері илеуді кәсіп еткендер аз емес. Ондай іскерлер негізінен Орал, Өскемен, Семей, Омбы, Орынбор, Ақтау, Алматы, Тараз, Қызылорда т.б. өңірлерде теріні кең көлемде кәсіп еткен. Олар ер-тұрман жабдықтарының ішінен тоқым, құйысқан, өмілдірік, жүген, қамшы, тартпа т.б. бөліктерін теріден жасаған.

Машықтық кезең

Қамшы ер-тұрман жабдығы. Атқа мінген адамды қамшысыз елестету мүмкін емес. Қамшы – біріншіден атың жылдамдығын арттыру үшін қажетті құрал болса, екіншіден қару ретінде де пайдаланылған. Басына қорғасын құйылып өрілген бұзаубас қамшылармен дәлдеп ұрғанда қасқырдың тұмсығын қақ бөлуге де болады. Қамшы түрлері: дүре қамшы, дырау қамшы, бәйге қамшы, көкпар қамшы алты өрім, сегіз өрім, тоғыз өрім т. б. Ата – бабаларымыз қамшының сабын тобылғыдан, өрімін таспалап тілінген қайыстан өрген.
Қамшының білекке киілетін ілмек бауын бүлдірге деп атайды.

Халық әніндегі:

Қолымда бір қамшым бар бүлдіргелі.

Бір сөз айтқым келеді күлдіргелі – деген жолдар осы сөзімізге дәлел бола алады.

Қамшы  киелі бұйымның бірі, оны сыйға  тартуға болады.

Мәлімет:

Жануарлар терімен бірге ланолин шайырын бөледі. Ланолин – бағалы өнім, ол түрлі майлар мен кремдердің негізі ретінде қолданылады. Ланолин 35 – 37 градус температурада ериді, әрі теріге тез сіңеді. Бұлшық етке, тамырларға, омыртқаға, тыныс алу жүйесіне оң әсер етіп, қан айналысын жақсартады.       Тері үш қабаттан тұрады.

  1. Эпидермис – терінің сыртқы берік, жылтыр қабаты. Ол ылғалды клеткалардан түзіледі де ұсақ қан тамырлары мен тері тесіктері арқылы қорек алады. Терінің түгі эпидермис қабатын тесіп өтіп негізгі қабатынан басталады.
  2. Терінің негізі – өте серпімді коллагенді талшықтардан түзіледі. Коллаген талшықтары әр түрлі бағытта тұтаса орналасқандықтан терінің серпімді әрі өте берік болуын қамтамасыз етеді.
  3. Шел – деп аталатын қабаты көк етпен астасып жатады. Терінің астындағы клетчаткалардан түзіледі. Иленген терінің шелі түгел алынады.

Жасыратыны жоқ, жеңіл өнеркәсібіміздің өркендеп дамыған заманда синтетикалық бұйымдардың көбейіп кетуі, адам ағзасына кері әсер етуі табиғи жүндердің жоқ болып кетуіне себепші болып отыр. Осыған орай тері илеу технологиясын  сіздердің назарларыңызға ұсынғым келіп отыр.

Мал терілерін илеу үшін үлкен күбіге немесе шелекке ашытқы ашытып, теріні соған салып илеу. Мұны малма дейді. Ал иді қатықтан, айраннан, не езген құрттан, не құрттың сары суынан, кейде ашытқан көжеден, немесе ұнға тұз қосып та жасайды. Теріні бір рет суық суға жуып тазартады. Одан кейін күбідегі иге салып, күн сайын бірнеше рет сапсиды (шайқайды). Иге салынған тері иге түгел батырылады. Олай болмаса терінің иге батпаған жері қара қайыстанып, бырысады да, кейін пішіп тігуге жарамайды. Қой, ешкі терілері иде 6—9 күн, ірі қара терілері 15—20 күн жатады. Терінің иі қанғанын білу үшін оны қолмен тырнап қарағанда тері қыртысы қалыңдап, ет қыртысы кәшіп тұрады. Иден шыққан теріні көлеңкеге бір рет кептіріп, соңынан сақармен жуып тазартады. Малмаға салған терінің жүні үйысып, білтеленіп қалады. Оны ажырату үшін кепкен соң жұмсақ шыбықпен сабап сілкеді. Кейде сирек тісті тарақпен тарайды. Теріні аз тобарсыған соң уқалай отырып, қолдың жылуымен кептірген жақсы. Иленіп, кептірілген теріні қырады.Теріні қыру үшін жұмыр ағаштың бір басын қабырғаға, не діңгекке сүйеп, бір басын көлбете жерге тіреп қояды да, оның үстінен биязы шекпен, не брезент жабады. Оның үстіне ет жағын сыртына қаратып теріні салып қырады. Терінің еті тез көшіп түсуі үшін, оған не ұн, не ұнтақталған бор сеуіп қырады. Қырғы шалғы орақтан немесе жүзді темірден жасалады. Теріні и жағып та илейді. Ол үшін иленетін заттың көлемі шағын болуы шарт. Сеңсең, елтірі, лақ елтірісі, бота терісі мен ұсақ аң терілерін жағып илейді. Бұларға жағылатын да жоғарыда айтылған.  Қоян, түлкі, қарсақ, тиін сияқты өңі жұқа аң терілері өте тез иленеді. Оларға и жағылғаннан кейін 1—2-ақ күн тұрады. Аң терілері бітеу сойылып, оның жүнін былғамай, өңін шыңылтырландырмай илеп алады. Мұны «сабаулау» деп атайды. Мысалы, жаңа сойылған түлкі терісін теріс айналдырып, құрт пен тұз жағады да, ішіне екі сабауды сұғып, кергілеп толғайды. Бұл тәсілмен ұқсатылған түлкі терісі 7—8 сағат ішінде тымақ тігуге әзір болады. Аң терісін қырғыштамайды, қалың көк еттері мен майларын қолмен алып тастайды.

Жаңа сыпырылған тері буы бурқыраған деп аталады. Былғары үшін жаңадан сыпырылып алынған, қан мен кір жұқпаған  теріден артық зат жоқ. Алайда көбінесе теріні бірден зауытқа жеткізуге немесе өздігінен өңдеуге мүмкіндік болмай жатады. Ал жатып қалған тері тез арада бүлінеді. Ол алдымен кеуіп, содан кейін мыжырайып, мүйізденіп кетеді. Одан кейін көгеріп, жүні түсе бастайды. Содан соң мүлдем шіриді. Сондықтан да тері бүлініп кетпеуі үшін одан түрлі нәрселер жасауға тура келеді.

Теріні өңдеу. Теріні тазалап алғаннан кейін, оны тұзбен өңдейді. Өңдеутерінің шіріп кетпеуі үшін ғана емес, жүнінің мықтап тұруына да септігін тигізеді.

Тазаланған теріні келесі әдіспен тұздаған жөн: майда тұз алынады. Қыс айларында әр 1 кг  теріге 200 г, ал жаз мезгілінде 300 г тұз пайдаланылады. Үлкен өгіздің терісіне қыста 5,7-6,6 кг, ал жазда 8,2-10,2 кг тұз, ал сиыр терісіне қыста 3,3-5 кг, ал жазда 5-6,2 кг. тұз жұмсалады.

Өңдеу тәсілі. Теріні жүн жағымен таза жерге немесе еденге жаяды. Терінің астына шыққан ылғалын сіңіріп алатын бір нәрсе қоюға болады. Терінің ішкі жағына біркелкі етіп тұз себеді, тұз теріге дұрыс жағылуы үшін тұзды қолмен жаққан дұрыс. Егер тұз дұрыс жағылса, онда 3 күннен кейін оның бетінде қатты тұз көрінетін болады. Ал егер барлық тұз сіңіп кетсе, онда тұзды жаңадан қайта жағу керек. Тері тұздалғаннан кейін, бас пен құйрық жағын ішке қарай иеді. Одан кейін бас пен басқа да бөліктерді тұзбен өңдейді.

Содан кейін теріні буып қояды. Оның әдісі мынадай: бастан басталған терінің төрттен бір бөлігі ішке қарай иіледі, одан кейін оң және сол жақтары ортаға қарай, тері арқа бойымен, одан кейін басынан бастап оралады, құйрықпен немесе жіңішке арқанмен байланады.Бес күннен кейін оралған тері шешіледі. Ылғалын ағызып, тағы да аздап тұздап, қайтадан орап қояды. Егер бәрі дұрыс жасалса, онда тері ұзақ уақыт бойы бүлінбей сақталады.

Терілер көп мөлшерде жиналып қалғанда, қатарларда тұздауға болады.

Бірінші теріні еденге жайып тұздайды. Одан кейін бас, аяқ жақтарын дөңгелетіп ішке қарай орайды. Барлық бөліктерді, әсіресе басын жақсылап тұздайды. Одан кейін екінші терінің басын бірінші терінің үстіне емес, жанына түсетіндей етіп қояды. Бәрін бірінші терідегідей жасайды. Екіншісіне үшіншісін, сосын төртіншісін, бесіншісін, осылай кете береді. Бастар бір-бірінен кейін жатады. Осындай ретпен 200 шақты теріні қоюға болады. Қатардағы тұздық терілердің дұрыс орналаспағандығынан бір жақа ағып кетпеуі керек. Егер тері дұрыс тұздалмаса, ол бүліне бастайды. Тері шіри бастағанда оның жүні түседі. Жүнін анда-санда қолмен тартып көру керек. Жақсы теріден жүн түспейді, ал бүлінген теріден жылдам сыдырылып кетеді. Ондай теріні қолдануға болмайды. Одан кейін терінің сыртқы жағын ішке қарай орналастырып, сосын көлеңкеде кептіру керек. Теріні кептіру үшін іліп қояды. Оны күннің астында не ыстық пештің қасында кептіруге болмайды. Кәдімгі бөлме температурасы болған дұрыс.Тері кепкеннен кейін (қатты кептірудің қажеті жоқ), оның жүнін ішке  қаратып, соңғы рет кептіреді. Мұндай жағдайда тері көпке дейін сақталып тұрады.

Терілер отандық жеңіл өнеркәсіпте кеңінен қолданылады. Онда қосымша өңдеу жасалып, белгілі мемлекеттік сапа стандарттарына сәйкес қайта өңдеу жүргізіледі. Мекеме сатып алатын шикізат мемлекеттік стандарт бойынша қатаң бақылаудан өтеді. Стандартқа сай емес шикізат былғары жартылай фабрикат өндірісіне жіберілмейді. Баға шикізаттың көлемі мен сапасына қарай белгіленеді.

Тері өңдеу кәсіпшілігі қолөнерлердің арасында жетекші орын алған.  Қазақтар баяғыдан-ақ тері илеуді және оны әртүрлі түске бояуды білген, теріге батырма салу, өрнек тігу техникаларын меңгерген.  Бояуларды өсімдіктерден және жергілікті жерде өндірілетін түрлі минералдардан алған.  Сары, қоңыр, тоқсары, қызыл, күрең қызыл, қан қызыл және басқа бояғыштар алынатын негізгі өсімдік риян мен оның тамырлары болған. Мысалы, қанық сары бояғыш алу үшін ашудастан жасалған арнайы ертіндіге тамырды көп мөлшерде салып қайнатқан. Көптеген шебер әйелдер бояудың нілі шықпас үшін ерітіндіге қойдың майын қосқан.

Қазақтар өз даласынан өндірілетін бояғыш минералдардың қасиеттерін жақсы білген. Бояулардың өңін қанықтыра түсу үшін олар селитра, тотияйын, жанғыш күкірт, мүсәтір, жоса қолданған.

Халық шеберлері қою қызыл, күрең қызыл, қан қызыл реңдер беретін жоса мен киноварь қоспасын пайдаланған.

Тері өңдеу – қазақ қолөнерінің дәстүрлі түрлерінің бірі. Былғары және тері илеу ашыған сүт өнімдерінің көмегімен жасалған.

Сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарына ірі малдың (жылқының, ірі қараның және түйенің) жүні жидітілген терісі жаратылған.

Сонымен тері илеу технологиясы бұрынғы ата-бабамыздың  заманында иленген терілердің адам денсаулығына пайдалы екендігін әр түрлі тәжирбелер жасап, зерттеу жұмыстарын жүргізе келе пайдалы екенін аңғаруға болады. Келесіде  алға қойған мақсатым  заводтардағы  тері илеу технологиясын зерттеп адам денсаулығына тигізер пайдасы және зияны жайлы зерттеуді жалғастыру ойымды жүзеге асырамын

Қазақстан жерінде теріні илеп,өңдеп ұқсату, олардан бұйымдар жасап, көркемдеп безендіру, оюлап өрнектеу ертеден қалыптасып келе жақан өнер. Қазіргі таңда олардан көркем заттар жасау биік деңгейге көтерілуде.

Теріден тігілетін киімдер

Боялған теріден әсем киім,тұтынуға қолайлы түрлі мүліктер жасалады. Соның ішінде әсіресе төрт түлік малдың терілерінен көп киім тігіледі. Бұларды өң киімдер деп атайды. Өйткені бұл киімдер өте жылы болады. Қой мен ешкінің терісінен тон, шалбар, үлкен қойдың терісінен ішік, сеңсең ішік, елтірі ішік, лаң терісінен ішік, бөкебай ішік тігіледі. Қозы, лақ терлерінен тымақ, бәрік, құлақшын тігеді. Сондай-ақ жүнін сыртына қаратып, құлын терісінен тіккен ішікті (доханы) «құлын ішік» деп, ал жүнін ішіне қаратып бота терісінен тіккен ішікті «бота ішік» деп атайды. Қойдың, ешкінің, тайлақтың пұшпақтарынан құрап тігілетін ішіктер де бар. Мұндай құрама киімдерді көбінесе балаларға арнап тігеді. Олар әрі жылы, әрі жеңіл келеді.

Мал терісімен қатар, аң терілерінен де түрлі бас киімдер мен ішіктер тігіледі. Мысалы: қасқыр ішік, түлкі ішік, сусар бөрік, жанат ішік, бұлғын ішік аң терісінен тігіледі. Кей де мұндай киімдерді аң терісінің жонынан, тамағынан немесе пұшағынан құрап істейді. Бұл киімдерді тамақ ішік, пұшпақ бөрік, пұшпақ ішік деп атайды. Аң терілерінен әр түрлі төсеніштер жасайды. Оларды бөстек дейді.

Теріден тігілген киімдерді кестелі немесе кестесіз маталармен тыстап, әдіптейді, жаға-жеңдерін кестелеп жұрындайды немесе сыздың жүргізу арқылы әшекейлейді (құндыз бөрік, қамқа тон т.б.).

Мал терілерін илеп, бояп, ең беру ертеден келе жатқан ең жақсы дамыған және жетілген өнер. Илеуі қанып, бояуы сіңген былғары су тартып езілмейді. Одан жасалған мүлік шегені берік ұстайды, тігісі де ыдырамайды және өзі тұтынуға төзімді, әрі әдемі. Былғарының бірнеше түрі бар. Олар: көксауыр, опайке, былғары, құрым (хром), көзел, шегірен, сақтиян, ұлтан т. б.

Көксауыр – жылқы терісі мен серке терілерінің сауырынан (жондығынан) жасалады. Көбінесе ол көкпен, кейде қызыл, сары, жасыл түстермен боялып, өң беті жалтырап тұрады. Көксауырдың әр түстілерін өзара мүйіздеп, өюластыры немесе бір түсті көксауырдың әзін әр түрлі жібек жіппен кестелеп, өрнектеп, кебіс, мәсі, етік, кісе, аттұрман тігеді. Бұл заттарды да көксауыр деп атай береді. Көксауырларға алтын, күміс, жез шегелер қағып, кейде маржаннан моншақ жүргізіп, өкше сірінің артына, тұмсығына, қоныштың әр жеріне неше түрлі жарқырауың асыл тастар отырғызып әсемдейді. Мұндай заттар өте жарасымды және бағалы жиһаз саналады. Көксауырдан тоқым, қорамсақ, дулыға сияқты заттармен қатар тұскиіз, тон, сәукеле сияқты өте сәнді мүліктер де жасалған. Сондықтан көксауыр ісі кебінесе зергерлер қолына тән.

Былғары – қазақ арасында былғарыдан ең көп тігілетін киімнің бірі етік болғандықтан былғарыны өңдеумен айналысатын шеберлерді етікші дейді. Тоқым, шілия, белдік, жүген, құйысқан сияқты былғарыдан жасалатын мүліктерді де сол етікшілер тігеді. Халық арасына көп тараған былғары аяқ киімдерінің қазақ атауында мынадай түрлері бар:

Саптама – бұл қонышы ұзын, кең, киіз байпақпен, шалбардың балағын іштен салып киетін аласа өкшелі етік. Оның ішкі табанына киіз ұлтарақ салып және байпақтың ішінен қалың шұлғау орайды, кейде киіз байпақтың ішінен шұлғаулы мәсі киеді. Саптамалардың қонышы бітеу қусырылады да, тізеден асыңқырап тұрады. Тақымға қарайтын жағы әнтек төмен ойылып келеді. Оны кобінесе қыстыгүні алыс сапарға шыққанда, жылқы баққанда, шанамен жол жүргенде киеді.

Шоңқайма – саптаманың бір түрі. Оның өкшесі биігірек, өкше сірісі аласа, тұмсығы үшкір, қонышы тізеден аспайды. Кеңдігі саптаманың кеңдігіндей. Қонышы екі жақ жанынан жармаланып тігілген. Сондықтан оны кейде «жарма қоныш» деп те атайды.

Мықшима — өкшесінің түбі жуан, жер басар жағы жіңішке, тұмсығы жоғары қарай қайқы келген биік өкшелі саптама етік. Мықшиманы бұрын жас жігіттерге, ойын сауықшыл серілерге арнап тігетін. Оның қонышын, өкшелігін көксауырлап, тұмсығына қатырғы салады.

Көк етік – көксауырдан оюлап тіккен жеңіл, үшкір тұмсық етік. Оны көксауыр етік деп те атайды. Көк етіктің қонышы, ойындысы, күлшіні оюланып, кестеленіп жасалады. Көк етікті көбіне серілер, батырлар, салдар киетін. Қазақтын: «Көк етікті кез келмей, көк етіктіге бармай отырған қыз» дейтін мәтел сөзі осыдан қалған.

Кебіс – көбінесе былғарының сауырларынан тігіліп, қалыпқа қатырылады. Шажамайы мен ернеуі жақсы былғарымен астарланады. Сыны бұзылмау үшін кебістің ұлтарақшасы мен өкшеліктеріне ең шымыр ұлтандар мен тоздар (қайыңның қабығы) салынып, кепкен қайың шегемен шегеленіп, тарамыспен қайып тігіледі. Кебіс атаулары да көксауыр, мықшима, жезөкше, қазықөкше, үшкір бас деген сияқты бірнеше түрлерге бөлінеді. Кебістің өкшелігіне мық қағып, өкшесіне жезден, мыстан нәл орнатып, шажамайларын күміспен өрнектеп, ернеуіне сызықты ою батырып әшекелейді.

Мәсі – мұны кей жерлерде іш байпақ, іш етік (ичиги), былғары байпақ, көзел, сақтиян дейді, өйткені мәсі құрымнан, шегіреннен, көзелден, жұмсақ былғарыдан тігіледі. Көбінесе мәсінің қонышы астарланып, көмкеріліп, машинамен жүргізеді. Мәсінің ұлтаны жалаң қабат болады. Ол тек тарамыспен ішкі жағынан жөрмеп, немесе жара шаншып өбістіре тігу арқылы ұлтарылады. Мәсінің өкшелігі бір қабат қана оюлап жапсырған былғарыдан жасалады, оны мәсінің күлшіні дейді. Күлшін көбінесе басқа түсті былғарыдан тігіледі. Мәсілерді көк, қызыл шегірендермен оюлап, әр түсті жіппен кестелейді. Мәсіні етіктің ішінен киеді.

Етікшілер етікті, кебісті, мәсіні сондай-ақ былғарыдан жасалатын басқа да заттарды тарамыспен тігеді. Тарамыс дегеніміз — ірі қараның жіліншік сіңірінен ширатылып алынған жіп. Тарамыс былай жасалады. Сойылып жатқан ірі қараның сирағындағы көк етпен аралас тұрған сіңірлерді алып кептіреді. Әбден кепкен сіңірді ағаш тоқпақпен ұрып жаныштайды. Сіңір тарамданып, шашақталады, оны тарамыс есуші тарамдап, талшықтарын бір-бірімен жалғастыра екі тін етіп ширатады. Тарамыстың жуан-жіңішкелігіне қарай қаю тарамыс, бүрме тарамыс, тігіс тарамыс деген үш түрі бар. Тарамыс біздің ізімен өткермелеп немесе жұлдызға сабақтап тігуге ыңғайлы. Тарамыс жіп өзге жіптерден берік, ол шірімейді де, езілмейді де.

Былғары— мал терілерін химиялық және механикалық әдістермен өңдеу арқылы алынатын материал. Одан аяқ киім, сырт киім, айыл-тұрман, галантерея, техникалық бұйымдар т.б. жасалады. Мал терісі 3 қабаттан — шелден, өзеңнен, қыртыстан тұрады. Былғары жасау үшін терінің жүні жидітіледі, шелі сылынып, қыртысы жазылады. Терінің өзеңін (ортаңғы қабатын) өңдей отырып былғары алынады. Өзең айқыш-ұйқыштанып тығыз байланысқан коллогенді талшықтардан құралады. Теріні жүннен арылту үшін сілті (күл мен әк ерітіндісі) және фермент жағылады, күкіртті натрий, әк ерітіндісі бүркіледі. Бірнеше сағаттан кейін қылшық пен босаң қыртыс арнаулы машина арқылы оңай ажыратылады. Мұнан соң шелдеу машинасымен терінің шелі сылынады. Осыдан шыққан шикізат көн деп аталады. Көндегі сілті және басқа қосылыстар кетіріліп, әк сумен жуылып шайылады. Шикізат талқымен жұмсартылады. Арнаулы машинамен ылғалдан арылтылған соң, қалыңдығы бір тегіс болу үшін былғары сүріледі де, қандай мақсатқа пайдаланатындығына және жағылатын бояу түсіне қарай сұрыпталады. Тікелей бояу, қышқылды бояу, т.б. тәсілдермен боялған былғарының қатпарлары жазылып, керу машинасына жіберіледі. Керіліп кептірілген былғарының пұшпақтары кесіледі, сығылады және оған жылтыр өң беріледі. Пайдалану мақсатына қарай былғары 4 топқа бөлінеді: аяқ киімдік былғары, қайыс немесе айыл-тұрмандық былғары, сырт киімдік және галантереялық былғары, техникалық былғары Аяқ киімдік былғары қасаң және жұмсақ былғары түрінде болады. Аяқ киімнің үстіңгі бөлігіне жұмсақ былғары, ал табан бөлігіне (ұлтан, өкше, сірі өкше, т.б.) қасаң былғары жұмсалады. Қасаң былғары ірі мал терісінен жасалады, өңделмеген терінің орташа салмағы  23 — 26 кг-нан кем болмайды.

Қайыс немесе айыл-тұрмандық былғарыдан белдік т.б. бұйымдар (қалыңд. 2,5 — 3,0 мм), сондай-ақ, айыл-тұрмандар (қалыңд. 2,2 — 4,0 мм) жасалады. Сырт киімдік және галантереялық былғары ұсақ мал терісінен жасалады, қалыңдығы 0,5 — 1,2 мм-ден аспайды. Галантереялық бұйымдар жасау үшін ірі балықтың, жылан мен кесірткенің терілері де пайдаланылады. Техникалық былғары ірі малдың жон терісінен жасалады, ол әрі қалың, әрі төзімді болады. Оны өндірістік машиналардың кейбір бөлшектерін жасауға пайдаланады.

Әділхан Шерханның  «Тері илеудің маңызы» тақырыбында

жазған ғылыми жобасының зерттеу журналы.

Орындалған

Жұмыс тәртібі

Орындаған

орны

Mepзімі
1 Бал ара туралымағлұматіздеу.

Мақсат, міндеттерін айқындау

Мектеп

кітапханасы,

үйде

сәуір-мамыр

2019 ж

2 Әдебиеттерді іздеу және

Олармен танысу.

Абай және

Ш.Уәлиханов

атындағы

кітапханалар,

ғаламтор

шілде

2019ж

3 Тері илеу Фабрика маусым, шілде
4 Негізгі бөлімді аяқтау Кітапханада,

үйде

тамыз-қыркүйек

2019 ж

5 Жинақталған материалдарды жүйеге келтіру. Мектепте,

үйде

қазан

2019 ж

6 Жобаны  қорытындылау Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназия қараша

2019 ж

 Зерттеу бөлімі

Қорытынды

Қорыта келгенде, тері илеу  ерте заманнан келе жатқан ата-бабамыздың негізгі кәсібі. Сонымен тері илеу технологиясы бұрынғы ата-бабамыздың  заманында иленген терілердің адам денсаулығына пайдалы екендігін әр түрлі тәжирбелер жасап, зерттеу жұмыстарын жүргізе келе пайдалы екенін аңғаруға болады. Келесіде  алға қойған мақсатым  заводтардағы  тері илеу технологиясын зерттеп адам денсаулығына тигізер пайдасы және зияны жайлы зерттеуді жалғастыру ойымды жүзеге асырамын

Қазақстан жерінде теріні илеп,өңдеп ұқсату, олардан бұйымдар жасап,көркемдеп безендіру,оюлап өрнектеу ертеден қалыптасып келе жақан өнер. Қазіргі таңда олардан көркем заттар жасау биік деңгейге көтерілуде.

Пайдалы кеңестер:

Теріден жасалған бұйымдар –  аурудың мыңнан бір  емі.

                           

You May Also Like

Ит жақсысы-тазы, ғылыми жоба

Тақырыбы: Ит жақсысы-тазы Бағыты: биология МАЗМҰНЫ Кіріспе Тазы иттерді зерттеудің маңыздылығы мен…

Ғұмар Қараштың өмірі мен шығармашылығы, ғылыми жоба

Талдықорған қаласындағы сулардың құрамында нитраттардың мөлшері, ғылыми жоба

Тақырыбы: Талдықорған қаласындағы сулардың құрамында нитраттардың мөлшері Аннотация Жобаның тақырыбы Жобаның мақсаты…

Киіз үй – өзіндік баға жетпес өнер туындысы, ғылыми жоба

Киіз үй – өзіндік баға жетпес өнер туындысы. «Киіз үй – өзіндік…