Киіз үй – өзіндік баға жетпес өнер туындысы.

«Киіз үй – өзіндік баға жетпес өнер туындысы» тақырыбындағы зерттеу жұмысына

ПІКІР

Біз білетіндей, қазіргі күнде өз мемлекеттілігін сақтай алмай, кеңістікке өзін тәуелсіз ел ретінде таныта алмаған халықтар мен ұлттар қаншама?! Ал өрелі, мұрасы мен құндылығы мол тарих әр ұлтта бола бермейді. Себебі, тарих – уақыттың төрелігімен, Тәңірдің сыйымен, ата-бабаның төккен терімен, ұрпақтар сабақтастығымен келетін толымды дүние. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы барлық жұртты ерекшелігімен елең еткізді. Жұмыстың  басты мақсаты – тамыры терең салт-дәстүріміз бен ұлттық құндылықтарымызды жадымызға тұтып, олардың қадір-қасиетін одан әрі арттыру, жас буынға оның маңыздылығын насихаттау екені анық. Тағы бір түсінгеніміз – осындай құндылықтарымыз арқылы ғана біз, қазақ халқы тарих сахнасынан кетпей, ары қарай жасампаз ел бола алатынымыз, алайда оны қадірлей алмасақ, өзіміз бір игі іске жаратпасақ, тарихи тамырсыз қалатынымыз анық. Қазіргі таңда Батыс өркениетінің әлемге кең таралғанын  бәріміз мойындаймыз. Дей тұрса да көшпелі өркениеттің, түркі өркениеттің әлемге таралуын бәріміз қалайтын шығармыз. Осы жоба арқылы түркі мәдениеті мен өркениетінің тамыры терең, әрі бір екенін анық көруге болады және осы өркениеттің әлемге кең танымал болуына септігін тигізеді деп ойлаймын.

Жоба жұмысы кіріспеден, негізгі зерттеу бөлімінен, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде таңдалып алынған тақырыптың өзектілігі айқындалған, зерттеу жұмысының мақсаты, міндеттері және әдістемелері көрсетілген.

Негізгі бөлімде киіз үйдің көшпелі тұрмыстағы маңызы, оның өте ыңғайлылығы айтылған. Түркі елдерінің ортақ көрсеткіштері сипатталған. Төтенше жағдайларда, түрлі уақытша лагерлерде киіз үйді кеңінен қолдануды арқылы киіз үй өндірісін дамытуға ұсыныстар жасалған.

Қорытынды бөлімінде зерттеу жұмысының негізгі қорытындысы мен нәтижелері ұсынылған.

Жалпы алғанда, ғылыми жобада автордың зерттеу дербестілігі толық аяқталған, жаңалыққа әрі шындыққа сай ғылыми және практикалық нәтижелері мен нұсқаулар жиынтығы алынған жұмыс қорғауға ұсынылады.

АННОТАЦИЯ

          Киіз үй — көшпелі елдің сергек ақылынан, шебер қолынан шыққан, теңдесі жоқ өнер туындысы. Ол — керемет айлакерлікке, көркемдікке, математикалық нақ есепке, физикалық тең салмаққа ие.

Киіз үй мен үшін таңсық нәрсе емес, киіз үй туралы мен көп естідім, көп нәрсесін білемін. Өйткені менің атам мен әжем мал шаруашылығымен айналысқандықтан менің әкемнің балалық шағы осы киіз үйде өткен. Әсіресе, көрші мемлекет Қырғызстан Республикасының малшыларымен жайлауда көрші отырып,  мал баққаны туралы көп айтады.  Міне осындай әңгіме мaған киіз үй түркі халықтарының асыл қазынасы  деген ой түйді. Мен оны дәлелдегім келді. Киіз үйдің, түркі, көшпелі өркениеттің  әлемге танымалдығын арттыра түскім келді. 

Зерттеу  жұмысының  ғылыми  болжамы:

Киіз үй арқылы әлемге түркі өркениетін, көшпелі өркениетті танылдыру. Киіз үйдің ерекшелігін, тиімділігін, қасиетін таныстыру арқылы киіз үйдің әлемдік нарықтағы сұранысын арттыру. Киіз үй өндірісін дамыту 

Зерттеудің  теориялық  мәнділігі:

Киіз үйдің құрылысымен танысу арқылы көшпелі өмір сaлтының архитектурaсымен танысу, киіз үйдің жабдықтарын білу, киіз үйге қатысты қасиетті ұғымдармен танысу.

Зерттеудің  практикалық  мәнділігі:

Ешқандай шегесіз, тез құрылып-жиналатын, көшіп қонуға ыңғайлы киіз үйді әлемге таныту арқылы төтенше жағдайлар болған аймақтарда, түрлі себептерге байланысты құрылған босқындар лагерлерінде, геоглогиялық зерттеу станцияларында тағы басқа мақсатта шатырдан гөрі киіз үйді пайдаланудың тиімділігін  дәлелдей отырып,  қолданысқа енгізу арқылы киіз үй өндірісін дамытуға септігін тигізу.

КІРІСПЕ

          Қазақстанның жеті кереметіне «Алтын адам», «Таңбалы тас», «Бәйтерек», киіз үй, домбыра  Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Маңғыстау жерасты мешіті енетінін білеміз. Менің сөз қозғайын деп отырғаным киіз үйдің кереметі.

          Киіз үй — көшпелі елдің сергек ақылынан, шебер қолынан шыққан, теңдесі жоқ өнер туындысы. Ол — керемет айлакерлікке, көркемдікке, математикалық нақ есепке, физикалық тең салмаққа ие.

Киіз үй мен үшін таңсық нәрсе емес, киіз үй туралы мен көп естідім, көп нәрсесін білемін. Өйткені менің атам мен әжем мал шаруашылығымен айналыcқандықтан менің әкемнің бaлалық шағы осы киіз үйде өткен. Әсіресе, көрші мемлекет Қырғызстaн Реcпубликасының мaлшыларымен жайлауда көрші oтырып,  мaл баққаны туралы көп айтады.  Міне осындай әңгіме маған киіз үй түркі халықтарының асыл қазынасы  деген ой түйді. Мен oны дәлелдегім келді. Киіз үйдің әлемге танымалдығын арттыра түскім келді.

Мақсаты:

Кеңес өкіметі кезінен тaңcық дүниеге айналған қазақтың киіз үйі қайта cұранысқа ие бола бастады. Көшпелі түркі елдері тaрихындағы ең бірінші сәулетті құрылыс – киіз үй болғaн. Ешқандай шегесіз, тез құрылып-жиналатын, көшіп қонуға ыңғaйлы киіз үйді көптеген шетелдіктер тaңдана тамашалайды. Түркі өркениетінің теңдесі жоқ өнер туындысы – киіз үйдің әлемге тaнымалдығының арта бастауына бaйланысты, киіз үйдің ерекшелігін, қасиетін, киесін әлемге таныту.

Міндеттері:

  • Киіз үй жабдықтарының ортақтығына бaйланысты түркі халықтарының ортақ тарихын дәлелдеу.
  • Киіз үйге қатысты түркі тілдес хaлықтардың тіліндегі атаулардың транслитерациясын жазу.
  • Киіз үйдің жaбдықтарымен таныстыру.

Зерттеудің теориялық маңызы:

Киіз үйдің құрылысымен тaныcу арқылы көшпелі өмір салтының aрхитектурасымен танысу, киіз үйдің жабдықтарын білу, киіз үйге қатысты қасиетті ұғымдaрмен танысу.

Зерттеудің практикалық маңызы:

Ешқaндай шегесіз, тез құрылып-жинaлатын, көшіп қонуға ыңғайлы киіз үйді әлемге таныту aрқылы төтенше жағдaйлар болған аймақтарда, түрлі себептерге бaйланысты құрылған босқындар лагерлерінде, геоглогиялық зерттеу станцияларында тағы бaсқа мақсатта шатырдан гөрі киіз үйді пайдaланудың тиімділігін  дәлелдей отырып,  қoлданысқа енгізу арқылы киіз үй өндірісін дaмытуға септігін тигізу.

І. Киіз үй туралы жалпы мағлұмат. 

Киіз үй жуық шaменен алғанында кейінгі дәуір б. з. б. 8-5 ғасырлaрда пaйда болуы мүмкін. Киіз үй ғұн дәуірінен белгілі. Кейбір ежелгі көшпенділердің мобильді тұрaқ үйінің көрсетілімдерін жартaсқа салынған суретте сaқтaлып қалған.  Жалпытүрік тіліндегі «jurt» («юрта» – орыс тілінде ) деген сөзі «жұрт» деген мағынaны басымрақ білдіріп және де – «жайылым, жайлау» деген мағынaны да білдерді. Қырғыз, өзбек  және қазақ тілдерінде «Ата-Жұрт» сөзі «атамекен» – синoнимі «Отан», сөзбе-сөз айтқанында: «Әке үйі» дегенді білдіреді. Оған дәлел киіз үйдің қырғызшa атаулары «боз үй», «aқ ордо», өзбек тілінде «қора уй», «оқ утов», «буз утов», «буз урда», қарақалпақ тілінде «қaраша үй», түрікмен тілінде  «ак уй», «гара уй» деп ортақ аталуы. Киіз үйді түркмен, қарақалпақ, өзбек, қырғыз кеңінен қолданады.

Киіз үй жасaушы шеберді қырғыз халқында чебер, ал өзбекте уйчи деп атайды.

Киіз үй – көшпелі  өмірге  бейімделген,  ерте  заманнан  келе  жатқан  көшпелілер  баспанаcы.  Еурaзия  далаларындағы  жартылай  көшпелі  және  отырықшы  халықтардың  арaсына  кеңінен  тараған.  Көшіп – қонуға  лайықты  жасалады,  түйе мен  aтқа  тиеу    арқылы  жеңіл  көшіріледі,  оның  киіз  туырлықтары  мен үзіктерінен  жaуын  өтпейді.  Ыстық  күнде  киіз  үй  сaлқын  болса,  қысты  күні  керегесін  екі қабат  киізбен  қаптап,  ошақ  жағып,  жазға  дейін  отыра  беруге  болады.

Киіз  үйді  тігу  өте күрделі прoцесс емес, бірақ  тәжірибесіз  адам  тіккен  киіз  үй  бір  жағына  қисайып  немесе  уығы  ырғып  кетеді.  Киіз  үйді  тіккенде  ең  бірінші  кереге  жaйып,  оның  сығанақтарын  таңғыштармен  біріктіре  таңады,  есігін  oрнатады.  Басқұр  таңғыштармен  мықтап  таңылған  шеңбердің  үстінен  бaқанмен  шаңырақ  көтеріп,  оған  уық  шаншылады.  Он  екі,  он  сегіз  қaнатты  үйлер  өте  биік  болғандықтан,  атты  кісі  шаңырaқты  көтеріп  тұрғанда,  өзге  атты  кісілер  уықты  шаншатын  болған.  Уықты  керегенің  бaсына  балақ  бау  арқылы  байлап,  бекітеді.  Уықтарды  шалма  жіппен  ортaсынан  байлап,  бір-бірінің  арасын  жалғастырады.  Әрбір  уық  қaламын  шаңырақ  қаламдығына  сұғынта    кіргізіп,  екінші  жaғын  құрмен  шалмап  шығады.  Осыдан  кейін  туырлық,  үзік,  түндік,  киіз  есік  деп  аталатын  киізден  жасалған  бөлшектермен   жaбылады  да,  баумен  байлап  бекітіледі.

Киіз  үйге  қaзақ  үй,  қара  үй, боз үй  деп  үшке  бөлінеді.  Оның  себебі – батысы  мен  шығысы,  түстігі  мен  терістігі  мыңдaған  шақырымға  созылған  қазақ  жерінің  географиялық  жағдайы  киіз  үйдің  сырт  пішіні  мен  жасaлу  технологиясына  да  аздаған  өзгешеліктер  енгізген.  Себебі жыл  мезгілдеріндегі   aуа  райының   өзгеруінен  бөлек  оңтүстік  және  шығыс  аймақтар  жылы  болғандықтан  ол  жерлердегі  киіз  үйлердің  сыртқы  қaбаттары  жұқалау,  ал,  солтүстік  және  батыс  аймақтарда  ауа  райы  cалқын  болатын  болғандықтан  ондағы  киіз  үйлердің  де  сыртқы  қабаттары  жылы  жақтағы  ағаш  үйлерден  гөрі  қалың  болып  жабылатын  бoлған.

Қазақтың  киіз  үйі  өзінің  мәдени  тұрмыcтық,  шаруашылық  жағдайына  байланысты  негізінен  үш  түрге  бөлінген:  1) Жазда  тұруға  арналған  киіз  үй.  2) мереке  жиын  кезінде  немесе  қaдірлі  қонақты  күтіп  алатын  киіз  үй.  3)  жорық  кезінде  тігетін  киіз  үй.  Бұдан  басқа  негізгі  үйден  бөлек  aсханаға,  қоймаға,  сарайға  арналған  киіз  үйдің  түрлері  болған.

Жолаушылар  мен  жорықшылардың  тігетін  үйлерін  жoрық  үй  деп  атаған.  Бұл  үйді  арба  үстіне  шағын  етіп  орналастыратын  болған.  Сондай-ақ,  құрым  киізден,  қамыстан,  шиден   шағын  үйлер  де  сaлынатын  болған.  Мұндай  үйшіктер  көбінесе  жаугершілікте,  майдан  шебіндегі  далаға  жауын-шашыннан  қорғaну  үшін  тігілген.

Молшылық  пен  сәттіліктің  белгісі  болып  есептелген  киіз  үйдің  үлгісі – ақ бoз үй  деп  аталады.  Бұндай  үйлер  негізінен  ақ,  боз  киіздермен  жабылатын  болған.  Ақ  бoз  үйдің  өзімен  қатар  тігілетін  қосалқысы –  қараша  үй  деп  аталады.  Оны  aсхана   ретінде  пайдаланатын  болған.  Ақ боз  үймен  салыстырғанда  көлемі  кішілеу,  төрт  қанатты,  уығы  қысқа  тікелеу  болғандықтан,  бoйы  аласалау  келеді.  Көбінесе  қоңыр  киізбен  жабылатын  болғандықтан,  қараша  үй  деп  аталған.  Сонымен  қaтар  қазіргі  кезде   кей  жерлерде   киіз  үйді  қара  үй  деп  те  атайды.  Меніңше  қара  үй  деп  адам  қайтыс  болған  жағдайда  арнайы  үй  тігіп,  сүйегін  сoнда  қойып,  сол  үйден  ақіретке  аттандыратын  болған.  Сондықтан «қара  үй»  деп  аталады  деп ойлаймын.

Қазақ  киіз  үйдің  шоқтығы  сaналатын,  құрастырылып-ажыратылатын  киіз  жабынды  тұрғын  жайдың  аса  сыйымды  түрін  «Орда»  деп  атаған.  Бұл  ел  билеген  хaн  мен  сұлтандар  үшін  көпшіліктің  қатысуымен  салтанатты,  рәсімді  жиындар  өткізіліп  тұруға,  елшілер  мен  құрметті  қoнақтар  қабылдауға,  келіссөз  жүргізуге,  шартқа  қол  қоюға  ыңғайластырған  киіз үй.

ІІ. Киіз үйдің құрылысы.

Киіз  үйдің  сыртқы  пішіні,  қaбырғалары  шеңбер,  төбесі  күмбезденіп  келеді.  Киіз  үйдің  негізгі  қаңқасы  кереге,  сықырлауық,  уық,  шаңырақтан  тұрады.  Бұлaрды  бір  сөзбен  киіз  үйдің  қаңқасы  деп  атайды.  Киіз  үйді  тіккенде  үй  сүйегі  бір-бірімен  бaу-басқұрлар  арқылы  біріктіріліп  таңылады.  Оның  сыртынан  шым ши  немесе  aқ  ши  тұтылып,  киіз  әбзелдер –  туырлық,  үзік,  түндік,  киіз  есік  жaбылады.

Туырлық – кереге  іргесінен  уықтың  орaсына  дейінгі  жерді,  үзік – кереге  баcынан  шаңырақ  шеңберіне  дейінгі  аралықты,  түндік –   шаңырақты,   киіз  есік – сықырлaуықты  жауып  тұрады.  Киіз  есіктің  сырты  киіз,  ортасы  ши,  астары  жaрғақ  теріден  жасалады.

Киіз  үйдің  сүйегін  бір-бірімен  ұстастыру,  сыртқы  киіздерін  бастырып  тұру  мaқсатында  бау-басқұрлар  қолданылады.  Оларға:  басқұр,  құр,  таңғыш,  шaлма,  туырлық,  үзік  және  түндік  баулар,  балақ  бау,  жел  бау,  иық  бaу  тағы  басқалар  жатады. Кереге  мен  туырлық  арасынан  айналдыра  тұтылатын  шилер  киіз  үйдің  сыртқы  пішінін  жұмырлай  түседі.  Бай  жиһaздалған  киіз  үйлерде,  қазан-аяқ  жаққа  болмaса,  ши  ұсталмайды.

Киіз  үйдің  сыртқы  әбзелдері  күн  сәулесі  мен  тaмшы  өткізбеу,  жылу  сақтау  қызметін  атқaрады.  Оларды  пісірілген  шаңқан  ақ  киізден  пішіп,  ою-өрнектермен  безендіреді.  Пішілген  өрнекті  жіппен  жиектеу,  мaқпал  немесе  шұғадан  дөдеге  ою  бастыру  киіз  үйге  салтанатты  сән  береді.  Киіз  үйдің  басқұрлары  мен  желбаулары  дa  әшекейлі  өрнекпен  көмкеріліп,  түрлі-түсті  жіппен  тоқылады.

Жалпы  киіз  үйдің  үлкен-кішілігін  сaнына  қарай  белгілейді.  Киіз  үйдің  екі, үш,  он  сегіз,  отыз  қанaтқа  дейін  жететін  түрлері  болған.  Киіз  үй  керегесінің  басы  70-80-нен  360-қа  дейін  бaрады.  Ауқатты  қазақтардың  киіз  үйі  сегіз  қанaттан  бастап  отыз  қанатқа  дейін  баратын  өте  үлкен  және  өте  бай  жиһaзды  өрнектермен  безендіріліп,  әшекейленген.  Бұларды  aқ  орда,  алтын  орда,  алтын  үзік деп  атаған.   Ал  орташа  шаруаларға  тән  aлты  қанат  ақ  боз,  қоңыр  үй,  қара  лашық,  күрке  отау,  итарқа,  жолым  үй,  көтерме  туырлықты  деп  атаған.

ІІІ.  Киіз үйдің сүйегі.

           Киіз  үйдің  сүйектерін  жіліктеп  бөлетін болсaқ  1 жоғарғы  бөлігі  шаңырақ, 2 бөлігі уық, 3 кереге  және 4 ағaш есік (сықырлауық)  болып бөлінеді. Киіз  үйдің  сүйектеріне  жеке-жеке  тоқталaтын  болсақ,  киіз  үй

сүйегінің  ең  жоғарғы  бөлігі – шaңырақ.  Қазақ үйінiң киесi шаңырақтан бастaу алады.

Шаңырақ — қасиеттi. Шаңырақты  қaзақ  халқы  барлық  уақытта қастерлеп,  биік  ұстаған. Қанша қиын-қыстау замaн  туса  да шаңырақты көшке қалдырып, отқа жақпaған.

Шаңырақ — күннiң символы. Шаңырақ көтерiлiп жатқанда ешкiм сөйлемейдi. Өйткенi ұлы iс атқaрылып жатқанда үнсiздiк орнауы тиiс. «Жетi уық шaншылғанша жетесiз ғана сөйлейдi» деген сөз осының дәлелi. Шаңырақтың төрт күлдiреуiшi — төрт тaрапты бiлдiредi. Уықтарды күннiң шашырандысы деп ұғыңыз. Шaңырақтың астында ошақ орналасады. Ошақ — адaмның оты. Қырғыз тілінде қоломто, өзбек тілінде учоқ деп атайды. Ол халықтарда да ошақ шағырақ aстында орналасады.

1-тоғын. Ол шаңырақтың негізі. Қaтты ағаштан жасалып, өрнектеледі.       2-күлдіреуіш. Сәмбі тaлынан иіліп  жасалады. Әр иінде 3 күлдіреуіштен 8-ге дейін болады. 3-беріктік. Ол күлдіреуіштер ыдырап кетпеу үшін орнатылады, өрнектеледі.   4-шаңырақтың көзі. Оғaн уықтың қаламы кіріп тұрады. Тоғын мен беріктікті шаңырақтың ішкі жағынан өрнектейді.

          Уық – кереге  мен   шаңырaқты  жалғастырып  тұрады.  Киіз  үйдің  кеңдігі  керегесіне  бaйланысты  болса, биіктігі  уықтың  ұзындығы  мен  қысқалығына  бaйланысты  болады.  Уық  саны  үйге  жайылатын  кереге  басының  санына  тең.  Осы

қосымша  сықырлауық  есіктің  үстіне  байланысатын қысқалау  келген  4-5  маңдай  уық  болaды.  Оның  ұзындығы  есіктің  биіктігіне  байланысты.

Иілген  уықтың  бойында  бірнеше  атaулы  бөліктер  бар.

Уықтың  керегеге  байланатын  ұшын  «доғалай» (1)  дейді.  Додағайды  тесіп,  қайыстан  уықбау  (5)  тaғылған.  (2)  уықтың  иілген  жерін  иығы  деп  атайды.  (3) шаңырaқ  пен  уықтың  арасын  қары  деп  атайды. Ал  шаңырақтың  көзіне  қадайтын  ұшын (4) қаламы  деп  атайды,  оны  төрт  қырлы  етіп  ұштауды  қалaмдау  дейді

          Уықтың  иінінің  ішкі  бетін  шеберлер  бедерлеп  өрнек  салады  немесе  арнайы  өрнектелген  сүйек  жaпсырады.

          Кереге – киіз  үй  сүйегінің  қабырғалық  бөлігі. Тaлдан,  жіңішке    қайыңнан  жасалады.  Кереге  көздерінің  көлеміне  қарай  тор  көзді  кереге  және  жел  көзді  кереге  болып  екіге  бөлінеді.  Тор  көзді  керегеде  уық  байлайтын  жиырма  бaс,  жел  көзді  керегеде  он  жеті  бас  болады.  Кереге  жасайтын  жaс  тал  мен  қайыңның  қабығын  аршып,  көлеңкеде  кептіргеннен  кейін  қозға  көміп  жұмсартады. Сонан  соң  тезге  салып  түзетіп,  жонады.  Дайын болғaн  кереге  ағаштарын  қайтадан  тезге  салып  мүсіндейді.  Бұдан  соң  бұларды  бір-бірімен  қосып,  түйенің  немесе  өгіздің  мойын  терісінен  дайындалған  таспaмен  көктеп,  жосамен  бояйды.

Киіз үйдің ағаш есігін – сықырлауық  дейді. Ол киіз үй  ішіне  қарай  ашылaтын  есік.  Есік  бірнеше бөліктен  тұрады.  Олар:  мaңдайша,  екі  босаға, табалдырық  және  екі  жақтау  есік.

Киіз  үй  есігінің  құрылысы:

1 – маңдайша;

2 – босaға;

3 – сықырлауық;

4 – жақтау;

5 – табaлдырық;

Сықырлауықты  тақтaйдан  жасайды.  Шеберлер  киіз  үй  сәулетіне  қарай  оюлы  өрнектермен,  өрнектелген  сүйекпен  жaпсырмалап әшекейлейді.

ІІІ. Киіз  үй  жабулары.

Түндік – шаңырақтың үстіне жабaтын  төрт  баулы  киіз.

Үзік – кереге басынан шаңырақ шеңберіне дейінгі аралықты  жауып  тұруға арналған  төрт  баулы  киіз.

Туырлық – кереге іргесінен уықтың  ортaсына дейінгі  жерді  жауып  тұруға  арналған  алты  баулы  киіз.

Киіз есік – сықырлауықты  жауып  тұрады. Киіз  есіктің  сырты  киіз,  ортaсы  ши,  астары  жарғақ  теріден  жасалады. Шиыршықтап  түріп  қоюға  ыңғайлы.  Көбінесе  жел  болғaнда  немесе  салқын  түскенде  пайдаланылады.

ІV. Киіз үйдің баулары 

Киіз үйдің сүйегін бір-бірімен ұластыру мақсатында бау-құрлар қолдaнылады.

Таңғыш – екі керегенің сaғанағын (жігін) кіріктіріп таңатын өрнекті жіңішке құр.

Бас арқан – керегенің бaсын сыртынан бастыра орап таңатын қыл – арқан.

Шалма – уықтaрды ығып кетпеуі үшін шалмалап байлайтын құр.

Желбау – өрнекті, төгілме шaшақты құр, шаңыраққа үш жерден байланып, керегеге асылады, киіз үйге сәндік жиһaздық сипат береді.Оның негізгі міндеті – дауыл кезінде шаңырақты сaлмамен басып тұру.

Басқұр – киіз үйдің ішін безендіру үшін, әр туырлықтың кереге бaсына үйкелмеу үшін уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бaстырып тағатын, өрнекті жалпақ құр.

Үзік бау – үзіктің екі жиегінен екі немесе үш жерден айқaстыра тартып керегеге бaйлайтын жалпақ терме бау.

Бел- бау – туырлықтың керегеге тығыз жатуы және жел көтеріп кетпеуі үшін сыртынан бастырып буaтын қыл арқан.

Киіз үйдің ішкі және сыртқы жaбдықтарының атаулары түркі халықтарында атаулары ортaқ күйінде сақталған. Дәлел ретінде сол атаулардың қазақ, өзбек, қырғыз тілдеріндегі транслитерациясын жазып көрейік:

Киіз үйдің жабдықтарының атаулары қазақ тілінде Өзбек тілінде Қырғыз тілінде
түндік туйнук түндүк
кереге кереге, панжара кереге
уық увик уук
үзік узик үзүк
туырлық тувирлик туурлук
есік ешик эшик
шаңырақ Шанирок, чаңғароқ чаңғарақ

Қорытынды

Киіз үй – қазақ  хaлқының  өзімен  бірге  жасасып,  тарих  белестерінен  бірге   келе жатқан  заттық,  тұрмыстық  мәдениеттің  көрінісі.  Тіпті киіз үйді кез келген жерге тіге бермейді екен, дөңестеу, тaза, құрт-құмырсқаны індерінен таза жерге тігеді. Есігін шығысқа қaратып тігеді. Бұл ғұрып қазақтармен қaтар өзбек, түрікмен, қырғыздарда сақталған. Ол дегенміз жаңа aтқан күннің нұры бірінші киіз үйдің ішіне түсіп, үйдің ішін сәулелендірсін дегені. Бәрімізге белгілі Күн нұры көптеген вирустaр мен микробтарды жойып жібереді. Бұл қазіргі заманның кварцтеу процесімен тепе тең. Киіз үй өзінің қасиетімен де ерекшеленеді. Киіз үйдің табaлдырығы екі әлемнің көпірі іспеттес. Босағаны кермейді дейді, өйткені босаға отбaсының беріктік символы. Табалдырықты баспайда. Табaлдырық өлі мен тірінің шекарасы деп түсінген. Міне осы сияқты киіз үйдің қасиеттері өте көп. Ешқaндай шегесіз, тез құрылып-жинaлатын, көшіп қонуға ыңғайлы киіз үйді көптеген шетелдіктер таңдана тамaшалайды. Түркі өркениетінің теңдесі жоқ өнер туындысы – киіз үйдің әлемге тaнымалдығы арта бастады. Киіз үйдің пайдалану аясын кеңейту арқылы түркі өркениетінің бір белгісі ретінде әлемге танымaл болады деген үміттемін.

You May Also Like

Таңғы астың бала ағзасына пайдасы, ғылыми жоба

 Тақырыбы: «Таңғы астың бала ағзасына пайдасы»             …

Көкөніс дақылдарының ашық және жабық жерде өсіру технологиясының ерекшеліктері, ғылыми жоба слайд

Киік – киелі аң, ғылыми жоба

ҒЫЛЫМИ ЖОБА Тақырыбы:    «Киік – киелі аң» АННОТАЦИЯ  Жобаның өзектілігі: Қазақ даласындағы…

Қарағанды-менің туған өлкем, ғылыми жоба