«Халық ауыз әдебиетінде кездесетін металдар»

атты ғылыми жұмысына                                                              

ПІКІР

Қазақ халқының ерте заманнан бергі тыныс тіршілігі өмірлік болмысы пайдаланған құрал-жабдықтары, үй ішілік бұйымдарды, елін, жерін қорғаған қару-жарағы жайлы толық мағлұматты бізге халық ауыз әдебиеті береді.

Жұмыста металдар қазақ халқының батырлар жырында, ғашықтық дастандарында, мақал-мәтелдерінде, жұмбақтарында көрініс тапқандығы айтылған. Әр дәуірге жататын батырлар жырында, тұрмыста қолданылатын ыдыс-аяқ, әшекей бұйымдарын жасауда металдарды жиі қолданғаны қарастырылады. Ғылыми жұмыста оқушы қазақтың ұлттық ойындар арқылы оқушылардың тілін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеудегі мақсаты, міндеті, ерекшеліктері мен жүргізілу бағыттары жайлы жазылған.

Мақал-мәтелдерде де металдар көп айтылады, бірде оның қасиетіне қарай теңеумен келтірсе, бірде олардың қымбаттығы адам баласының ақылынан артық еместігі айтылады. Өйткені, сол асылды өңдеп пайдаға асырған адамзат. Жұмыста металдардың адамзат үшін, оның игілігі үшін пайдасы ұшан теңіз, осының барлығын халық ауыз әдебиетінің кез келген түрінен көруге болатындылығы жақсы ашылып айтылған.

Дүйсенқожа Балнұрдың «Халық ауыз әдебиетінде кездесетін металдар»

атты ғылыми жұмысы 7 сынып оқушысы үшін  құнды еңбек болып табылады және болашақта зерттеу жұмыстарын жалғастыру қажет екенін талап етеді. Сондықтан «Зерде» ғылыми-зерттеу жобасына қатысуға болады деп есептеймін.

Аннотация

Халық ауыз әдебиеті халқымыздың ертеден келе жатқан ұрпақтан ұрпаққа жеткен асыл қазынасы. Оның ішінде батырлар жыры, ертегілер, жыр-аңыздар, шешендік сөздер, мақал-мәтелдер, бесік жыры, өтірік өлең. Қайсысын алсақ та, олардың металмен байланысты екенін көруге болады. Атап айтсақ, батырлар жырында батырлардың үстіне киетін киімінен бастап, оның ұстайтын қару-жарағы барлығы металдан жасалған. Батырлар жырында металдар өзіндік құндылығына, қасиетіне қарай шебер өрнектелген. Ғашықтық жырларында сұлу қыздардың тағатын сәндік бұйымдары, күймесі, киімдері де асыл металдардан жасалған.

Осы қымбат металдан жасалған бұйымдар, қыздардың мәртебесін тіпті арттырып тұрғандай. Металл және оның құймалары адамзат пайда болғаннан бастап, бүгінгі күнге дейін өзінің құндылығын жойған емес. Өйткені, адам баласының тыныс тіршілігі, өмірі металдармен тікелей байланысты. Мақал-мәтелдерде де металдар көп айтылады, бірде оның қасиетіне қарай теңеумен келтірсе, бірде олардың қымбаттығы адам баласының ақылынан артық еместігі айтылады. Өйткені, сол асылды өңдеп пайдаға асырған адамзат. Қорыта келгенде, металдардың адамзат үшін, оның игілігі үшін пайдасы ұшан теңіз, осының барлығын халық ауыз әдебиетінің кез келген түрінен көруге болады.

Annotation 

Folk oral literature passed on from generation to generation to us. Of these epics, tales, proverbs, lullabies. Which ever of them we would take all of them bound to the metal. If say for example their poems heroes they always wear the armor of metal. In the poem the heroes metals have their value, they are decorated with very professionally.

In love poems beautiful girls wear beautiful jewelry from precious metal. These valuable jewelry enhanced authority girls. Metals used for a long time and even now do not lose their value

Because metal is associated with the life. Metals used in many proverbs. Wealth metals equated with the human mind. Because people knew his favor and use it. In conclusion I want to say to people use metals is very large, and they are always found in traditional oral literature.

Аннотация  

Устная народная литература – сокровищница, которая передавалась из поколения в поколения. Среди них эпосы, сказки, пословицы, небылицы, колыбельные песни. В их сюжетах одежда батыров, кольчуги, панцири были не просто изготовлены из металла, а ещё и украшены различными металическими украшениями, изготовленными народными умельцами. В украшениях девушек тоже присутсвовали украшения из драгоценных металлов.

Эти ценные украшения подчеркивали национальный колорит и красоту казахской девушки. Металлы использовались очень давно и сейчас не теряют свою ценность, потому что металл тесно связан с жизнедеятельностью людей. Название металлов много используются в пословицах. В работе несметное богатство металлов уподобляется неизмеримому человеческому разуму. Человек знало пользе металлов и умело применял его в жизни. В заключении хочу сказать, что роль металлов значительна не только в жизни человека, но и в литературе.

Мазмұны

1.КІРІСПЕ БӨЛІМІ 1-2 БЕТ

2.НЕГІЗГІ БӨЛІМІ 3-15 БЕТ

3.ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ 15 БЕТ

КІРІСПЕ

Ауыз әдебиеті  – халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”,  ”халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады. 1846 жылы ағылшын Вильям Томс ұсынған “фольклор”(ағылшынша «folk» – халық,  «lore» – білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылым атау ретінде орныққан. Ауыз әдебиеті көне тас дәуірінде пайда болып, түркілік тұтастықты бастан кешірген, одан бері де қазақ халқының қалыптасу тарихымен біте қайнасып, бірге жасап келе жатқан теңдесі жоқ рухани мұра. Байырғы ата-бабаларымыздың наным – сенімдерінен, тарихына, тұрмыс – тәрбиесінен, жақсы мен жаман туралы түсініктерінен асыл арманы, биік мұратынан жан-жақты мағлұмат берді. Әрі ұлттық рухани мәдениетін ғасырлар тізбегіндегі тарихы өзгерісін, этикалық санамен қарайлас жүріп өткен жылында көз алдымызда елестете алды. Ауыз әдебиетінін шығарушысы да, таратушысы да, тындаушысы да – халық. ХХ-ғасырдын басына дейін көшпелі қоғамда туып, көшпелі қоғамның талап талғамы мен әлеуметтік қажеттілігіне толық жауап берген ауызша сөз өнері өзінін барлық даму жолдарында айрықша жүк арқалады. Көркемдігі мен әлеуметтік қоғамдық қызметі бойынша ең биік тұғырға көтерілді. Қазақ халқының ерте заманнан бергі тыныс тіршілігі өмірлік болмысы пайдаланған құрал-жабдықтары, үй ішілік бұйымдарды, елін, жерін қорғаған қару-жарағы жайлы толық мағлұматты бізге халық ауыз әдебиеті береді.

Ауыз әдебиеті жанрлық құрамы жағынан да сан-салалы болып қалыптасты. Тұрмыс-салт өлеңдері, ертегілер, аңыздар, әпсаналар, мифтер, эпостық жырлар, тарихи өлең, лирикалық өлең, драмалық үлгідегі шығармалар – міне, ауыз әдебиетінің негізін құрайтын осы бір жанрлардың өзі әрі қарай түр-түрге бөлініп кете береді. Бұлардың қай-қайсысы болса да сөзбен айтылатын шығармалар және олардың негізгі құралы сөз. Сондықтан ауыз әдебиеті, ең алдымен, сөз өнері.

Қазақ халқының батырлық жырлары біздің заманымызға дейінгі сақ дәуірінде өмірге келген туынды десек, онда сол кездің өзінде төмендегі аталатын металл бұйымдар өмірге терең енгенін байқауға болады. Сақтарда қолөнермен зергерлік өнер жақсы дамыған. Олар әр алуан жануарларды: бұғыны, жылқыны, түйені, бұланды, барысты, тауешкіні өте шебер бейнелеген.

Киімдерін жануарлар бейнесі бар алтын жапсырмалармен сәндеген. Ежелгі үйсіңдер темір, мыс, қоладан еңбек құралдары, қару-жарақтар, сәндік бұйымдар жасаған. Тоқыма, жіп иіру, тері илеу, асыл тастар, бағалы тастар мен бағалы металл, сүйек өңдеу ісі де дамыған.

III-V ғасырларда зергерлік өнерге түсті металдардың ішінен алтынды көп қолданған. Осы кезде Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың арасында зергерлік өнерде «полихромдық стиль» кең тарады. Қазақстанда б.з. VII-V ғасырларда бұл стильдің екі түрі дамыды: безендіру, зерлеу әдістері. Сондықтан да «полихромдық стиль» б.з. 1-мыңжылдықтың басында туды деген болжам бар.

Алтын ең алғашқы табылған металл болғандықтан ертедегі өнер туындыларының көбінде алтынмен байланысты.

Біздің заманымызға дейін алтын, күміс, мыс,темір, сынап, қалайы, қорғасын пайда болғанын, оған дәлел V-VII ғасырларда өмір сүрген алтын киімді адам (1969 жылы Есік қорғанынан табылған) екені түсіндірілді. Адамзат тарихында тұтас бір дәуірлер мыс, қола, темір дәуірлері деп аталуы оларды адамның игеру кезеңімен байланыстылығы, қазбадан табылған қару-жарақтар, әшекей бұйымдардың, еңбек құралдарының металдардан жасалғаны да сөзге тиек болады.

Жер қыртысында металдардың таралуы әр түрлі. Металдар табиғатта көбінесе қосылыстар түрінде кездеседі. Белсенділігі тым төмен металдар (Cu, Ag, Au, Pt,) ғана сол күйінде кездеседі.

Қазақстан жері асыл металдарға бай. Соңғы деректер бойынша Қазақстан алтын қоры бойынша дүние жүзінде 9- орында, ал ТМД елдерінде 3-орын алады. Алтыны көп жерлер Васильев (Көкшетау маңы), Бақыршық (Семей), Ақбақай (Жамбыл облысы), Майқайың (Павлодар).

Қазақстандағы күміс қорының мол жері – Лениногорск, Зырян, Жезқазған, Алтай өңірлері. Қазақстан мыс қорын өндіріп, оны қорытатын әлемдегі ірі аймақтардың бірі. Мыс Балқаш, Жезқазған, Бозшакөл, Қоңырат, Жаманайбат өңірлерінде көп кездеседі. Сынап кендері Семей өңірі (Шар, Қызылжар, Қызыл еспе), Жоңғар Алатауында (Салқынбел), Мағаджарда (Аралтөбе) кездеседі. Вольфрам қоры жөнінен Қазақстан әлемде бірінші орын алады. Вольфрам кенінің басым типтері – кварц желілі – грейзенді және штокверкті, оларға Қараоба, Ақшатау, Жоғарғы Қайрақты, Боғыты кен орындары жатады. Қаратау, Байқоңыр, Кіндіктас, Жоңғар тауларында ванадий кен орындары, Батыс және Солтүстік Қазақстандағы титан кендерінің маңызы өте зор.

Алтынның қосылыстары металға дейін еркін қайта қалпына келе алады. Қалпына келтірушісі болып жоғарғы қысымдағы сутегі, алтынға дейінгі жүктемеде тұрған көптеген металлдар, мысалы, сутегі асқын тотығы, екі хлорлы қалайы, күкіртқышқылды темір, үш хлорлы титан болып табылады. Алтынды қалпына келтіру үшін әртүрлі органикалық қосылыстарды да пайдаланады: құмырсқа қышқылын, гидрохинон, гидразин, метанол, ацетил және т.б.

Жалпы, металдарды химиялық жағынан қарастырсақ, металдар – электр тоғы мен жылуды жақсы өткізетін, пластикалық қасиеті жоғары, жылтыр заттар. Мұндай қасиеттердің болуы металдардың ішкі құрылымымен байланысты. Металдардың кристалдық тор көздерінде металл атомдары орналасқан. Олар бір-бірімен металдық байланыспен байланысады. Металдардың иондану энергиясы аз болғандықтан олардың валенттік электрондары оңай бөлініп, бүкіл кристалдың бойында еркін қозғала алады. Сондықтан олардың жиынтығын электрон газы деп те атайды. Су ерітінділеріндегі реакциялар үшін металдың активтілігі оның активті қатардағы орнына байланысты.

НЕГІЗГІ  БӨЛІМ

Металдардың қаттылығы, температураға төзімділігі күнделікті тәжірибеде шешуші рөл атқарады. Егер шыны хроммен кесілсе, ал цезийді адам тырнағымен-ақ кесе алады. Кейбір металдар жұмсақ болғандықтан таза металдардың орнына олардың бір-бірімен құймалары қолданылады. Ең алғаш алынған құймалардың бірі – қола.

Темір мен оның құймалары қара металдар, ал қалғандары түсті металдар; алтын, күміс, платина химиялық реактивтерге төзімділігіне байланысты асыл металдар; сумен әрекеттесіп сілті түзетін металдарды сілтілік (Li, Na, K, Rb, Cs), ал жер қыртысының негізін құрайтындарын сілтілік жер металдар; массалық үлесі 0,01%- дан аспайтындарын сирек металдар деп атайды. Өнеркәсіпте металдарды негізінен  пирометаллургия, гидрометаллургия және электрметаллургия әдістерімен алады. Металдар электр сымдарын, тұрмысқа қажет бұйымдар жасауда, т.б. кеңінен қолданылады.

Металл аққыштығы – жүктеме берілу кезінде металдың пластикалық  пішінсіздену қасиеті. Металл аққыштығы – жартылай өңделген өнімдерден дайындамалардың сырт пішінін құру кезінде, қысыммен өңдеуге қабілеттілігінің барлығын анықтайтын металдардың қажетті технологиялық қасиеті. Суықтай созу кезінде металл аққыштығын анықтау үшін технологиялық сынама түріндегі сынақтардан өткізеді. Металл аққыштығы балқытылған металдың құйма қалыпты толтыру қабілеттілігі болып табылады. Ол құйма-қорытпалардың ең маңызды технологиялық қасиеттерінің бірі. Металл аққыштығы жоғары болғанда құйма қалыптың құрама пішінін неғұрлым дәл қайталайды; жұқа қабырғалы бұйымдар дайындауда бұл ерекше маңызды рөл атқарады. Мұндай қасиет алтында өте жоғары, сондықтан болар оны пайдалану аясы кең.

Металдар қазақ халқының батырлық жырында, ғашықтық дастандарында, мақал-мәтелдерінде, жұмбақтарында көрініс тапқан. Әр дәуірге жататын батырлар жырына көз салсақ, тұрмыста металдарды жиі қолданғанын көреміз.

«Адамзат ашқан бірінші металл – алтын болған», деп К.Маркс айтқандай, қазақ елінің баға жетпес байлығының ішінде күні бүгінге дейін алтынның алатын орны ерекше. Ол бүкіл еліміздің күш-қуатының балама эквиваленті ретінде мемлекеттік қорда сақталады.Үш мың жылдық тарихы бар көшпенділердің тұяғының астында жатқан сом алтыннан бастап, жер қойнауындағы кенінен бөліп, тазалап алған түріне дейін кездескенін жер аттарынан-ақ білуге болады. Орталық Қазақстандағы алтын қазған, Алтынсу, Балқаш маңындағы Алтынтапқан, Алматы маңындағы Алтынтау,т.т соның дәлелі.Ал, Есік обасынан табылған «Алтын адамның» бойында 4 мың алтын бұйым, алтын жүзік, алтын жалатылған тостағанның болуы біздің бұдан 2,5 мың жыл бұрын өмір сүрген ата- бабаларымыздың арасындағы зергерлердің алтынды балқытып, әшекейлік тұрмыстық мақсатта кеңінен қолданғанын көрсетеді.

Шебер қыздың қолында

Балдағы алтын қайшыдай

Ер салды атқа батырлар

Алтынмен тұрман тағынып.

Алмас қылыш сартылдап,

Алтын жүген жарқылдап

Өмілдірік  сом алтын.  (Қобыланды батыр жырынан үзінді)

Жоғарыдағы жыр жолдарына қайшы, ер тұрман, жүген тәрізді бұйымдар ертедегі қазақтардың харакетін айқындап тұр.

Ертедегі қазақтар көшпелі өмір кешкен, соған байланысты оның ер қанаты ат болған. Батырлар жырындағы ат әбзелдерін де қымбат металдан жасаған.   Батырлар ұстайтын қару да металдан жасалған. «Ер қаруы – бес қару» -деген сөз бекер айтылмаса керек. Оған аталған қарулар мен батыр киетін киімдерді Қобыланды жырындағы жыр жолдарынын көре аламыз.

Үстіне сауыт кигізді,

Жанына байлап болатты.

Қарнына найза іледі,

Беліне садақ ілгізді.

..Алтын қалпақ дулыға

Асылдан соққан сүңгімді

..Қанжармен қармасты

Семсерменен серместі – делінген.

Металдар тек батырлар жырында ғана емес, ғашықтық жырларда да кездеседі. Мысалы: «Қыз-Жібек» ғашықтық жырына келсек,

…Тұрманының барлығын алтындатып

Күміспенен төрт аяғын тағалатты

..Ақ маңдайы жалтылдап

Танадай көзі жарқылдап,

Алтын шашбау шашында

..Орта бойлы дембелше

Алтынды кемзал жейдеше,

Сипатына қарасаң

Бұрыңғы қыздан өзгеше

Алтын шыны кеседей

Екі көзінің шарасы

..Екі қастың арасы

Сымға тартқан күмістей,

Екі көзі жалтылдап –

Патшаның алтын тонындай.

..Аузынан шыққан лебізі

Сары алтынның буындай,

..Көш алдында бәйбіше

Сары алтыннан жабдығы,

Екі жүз түйе казине

Қызыл алтын сандығы.

..Танадай көзі жалтылдап

Алтынды кебіс сартылдап,

Алмас қылыш сартылдап,

Алынды жүген жарқылдап,

Өмілдірік сом алтын

Омырауда алқылдап

Танадай көзі жарқылдап

Алтын шашбау шашында-ай

Үстіңе баса киіп ал.

..Алтынды сауыт, шөже көз

Түймеден кетті дегейсің

Алтынды сауыт көбені!

Барлық киген киімі, тіпті көзінің шарасы, аузынан шыққан лебінің өзі, аяғына киген кебісі– бәрі алттыннан, осының өзі алтынның қаншалықты таза екенін, оның сұлулығын, қыздың көркін одан әрі нұрландыратынын көруге болады.

Қазақ ауыз әдебиетінде алтынмен бірге көбінесе күміс жүреді. Мұның себебі, адам баласы алтыннан соң күмісті өңдеген.

«Алтынмен аптатып,

Күміспен күптетіп

Зәулім сарай үй берген» Ж.Жабаев

Жоғарыда аталған алтын мен аптап, күміспен күптетіп алсақ алтын күміспен қатар жүретіні соның айғағы.

Т.Өмірзақовтың айтуы бойынша, алтынмен аптау, алтынға қандай зат қосып, жоғары қызумен балқыту, буландыру және сол буды қандай да қатты бетке үрлеу немесе затты сол бу ортасында ұстау арқылы жүзеге асады. Алтынға зат қосу дегеніміз бір түйір алтынды сынапқа қосады, бұны сынапқа алтынды жұтқызу үшін деп немесе «алтын су» деп атайды. Әрі қарай  бұйымның күптелген бетіне алтын жұғып қалады. Ата-бабаларымыз бұрынғы кезде заттың бетін әшекейлеу үшін қаптаған, сол арқылы затты бүлінуден сақтаған. Соның дәлелі ретінде Қобыланды жырынан үзінді келтіруге болады.

«Алтынды зермен көмкерген,

Жел соққандай жалпылдап» (Қобыланды)

Келісті сөз-күміс

Жемісті жұмыс – алтын. Екеуі де асыл болғандықтан жыр теңеулері де орынды қолданылып, күміс пен алтынға теңеліп, екі асыл затты қатар қойып отыр.

«Тағасының күмісіне мақтанба

Атыңның жүрісіне мақтан»

Сонымен қатар жылқыны қашан да қазақ халқы пырақ ретінде қолданған қандай асыл заттан да жылқы малын жоғары қойған. Соның бірден бір дәлелі біздің Елтаңбамызда да алтынмен апталған алтын пырақ бейнеленген.

-Бұл күнде алтын азып, жез болыпты,

Дүниеде жақсы – жаман сөз болыпты. (Ғибратнама)

«Балдағы алтын, құрыш болат

Ашылып шапса дем тартар» (Қазтуған жыры)

Алтын ала, ақ күміс,

Қырық олжаға батқан жер,

Алтыннан тұрман таққан жер.(Үш қиян)

Енді бірің кім десең

Сырты қызыл күймелі

Омырауы алтын түймелі.(Шалкиіз жырау)

«Ақыл арымас

Алтын шірімес»

Жоғарыда айтылған үзінділерде алтынның қазақ халқы үшін маңыздылығын көрсеткен

Қонақ таңертең – алтын

Түсте – күміс

Кеште – мыс»

Бұл қазақ халқы қаншалықты қонақжайлы болса да қонақ та өз орнын білу керек екенін тағы да металдарға теңеу арқылы көрсетіп отыр, яғни, алғашқыда келген қонақтың қадірі алтынға тең болса, ол металдың ең асылы екенін көрсетеді.

Химиялық тұрғыдан қарасақ, Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінде алтынның мыс пен күміспен бір топта орналасқанымен оның химиялық қасиеттері мүлдем ұқсамайды, оның химиялық қасиеті  платина тобындағы металлдарға ұқсас болып келеді. Жұптың электрондық потенциалы Au – Au (111) – 1.5 B тең. Алтын концентрлі тұз және азот қышқылдары қоспасында да жеңіл ериді. Химиялық қатынаста алтын – аз белсенді металл. Ол ауада өзгермейді, тіпті қатты қыздырған кезде де.

«Алтын қару болса да жанға даруы бірдей»

«Алтын кілт ашпас есік жоқ»

1- мақалда қару болғандықтан алтын болса да, жаралайды, екіншіде алтынның алмайтын қамалы жоқ екенін көрсеткісі келген.

Қыз үйінен ұзатылып бара жатқанда қоштасуын «сыңсу» дейді.

«Алтын да менің босағам,

Аптап бір шығам деп пе едім.

Күміс те менің босағам,

Күңіреніп шығам деп пе едім»

Мұнда да аптап сөзі алтынмен бірге, алтын күміспен бірге қолданылып тұр.

Алтын адамзат үшін бағалы болғанымен басқа тіршілік иелері үшін оның маңызы жоқ. Оны мынадай мақал-мәтелдерден көруге болады. «Құсқа алтын тордан қу батпақ артық», немесе «Алтын тасыған атанның да жейтіні алабота». Алтын, сонымен бірге, байлықтың символы. Металл ақша – алтын, күміс немесе биметалл стандарттары кезеңінде асыл металдардан жасалған ақша белгілері. Олардың атаулы құны мен нақты құны сай келеді. Металл ақша Қазынаны құрайды әрі ақша функциясын атқарады.

Қазіргі кезде мәнетті, яғни, қағаз ақша белгілерінен өзгеше түрде металдан шекілген ақша белгілерін металл ақша деп атайды. Әдетте, ұсақ мәнет түрінде кездеседі. Сонымен бірге, коллекциялық мәнеттер, мұндай мәнеттердің атаулы құнына сәйкес заңды төлемдік күші болады, бірақ олар рынокта нумизмат құны бойынша сатылады.

Асыл металдан шекілген мәнеттер, көбінесе қазына ретінде жиналады, бұл орайда олардың бағасы тайтұяқ алтынның бағасына бағдарланады.

Зергерлік өнер қазақ халқында ерте заманнан басталған. Бұған дәлел – Кеген ауданындағы Ақтас қыстауынан табылған алтын сырғалар.

Археологтардың пікірінше бұл біздің заманымыздан бұрынғы I-II ғасырда Жетісу бойын мекендеген Үйсін елінің зергер шеберлері қолынан шыққан. Ол кезде зергерлер, көбінесе, алтын, күміс ақшаларды балқытып немесе сол күйінде қайта созып балқытқан. Алтынның сыртқы ортаға тұрақтылығынан болар ақша ретінде де қолданылған.

Ақыл арымас

Алтын шірімес.

Заманның талабына сай алтынның  өз орны болғанымен, білімнің маңыздылығы одан да жоғары екендігі дәлелденіп отыр.

Ақылмен алтын табылар,

Алтынмен ақыл табылмас.

Б.Момышұлының Алтын басты болсаң да, ардан артық емессің.

Қазақ халқының тұрмыс тіршілігінде металдардың ішінде асыл металдармен бірге темірдің де рөлі зор. Темір – латын тілінен аударғанда «қамал» деген мағынаны білдіреді. Темір металын Қазақстан жерінде ертеде б.з. дейін 204 жылға дейін өмір сүрген сақтар мен біздің заманымыздағы 216 жылға дейін өмір сүрген ғұндар пайдаланған. Себебі, темір алтын мен күмістен кейінгі өңделген металл.

Тарихтан қола дәуірінен кейін темір дәуірі келгені белгілі. Бұл кезең Месопотамия, Египет, Греция, Индия, Қытай елдерінде 4-5 мың жыл бұрын басталған. Қазақ даласында темірдің кейініректе орта ғасырлардан – ақ адам қажетіне жаратыла бастағаны еш күмән тудырмайды. Оған топонимиканың өзі-ақ дәлел бола алады. Ақмоладағы «Шойынды көл», Арқа мен Бетпақдаланы бөліп тұрған «Болаттау», т.б аты темірден туындағанында сөз жоқ. Аңыз бен жырдың бейнелі сөздерін келтірсек, Шалкиіз жырау айтқан:

«Көгілдірдің жез қанатын сындырған,

Тегеуірінді болат темірдің тегеуіріні өзіңсің» немесе Үмбетей жыраудың: «Темір жұмсап оқ атқан,қорғасындай Бөгенбай…» деген жыр жолдары қазақ елінің темірмен етене жақын болғанын айғақтайды.Қазақ жеріндегі көшпенді елдің құр шойын немесе темірдің өзін қолданумен шектелмей, болаттың түр-түрін ала білгенге ұқсайды. Орта ғасырдағы қару-жарақ пен кәдімгі үй бұйымдарына жататын: кетпен, балталардың, әсіресе, қылыштың жүзінің қаттылығы болатқа ғана тән екенін көрсетеді. Осының өзі – ақ қазақтың «алмас қылышы» тат баспайтын, мұқалмайтын аса бағалы болаттан құралақан емес, «Қарабек батыр» жырындағы «Шалкиіз» жырындағы «болат темір» тіркесі, халық мақалына айналған: «Болат қайнауда шынығады,батыр майданда шынығады» деуі көп нәрсені аңғартқандай.

Алпамыс батыр жырында

«Темір шынжыр арқаны

Ұстап берді баланы

Ауырлығы бір батпан

Бұршақтай шоқпар ұрады»

«Балдағы алтын, құрыш болат

Ашылып шапса дем тартар.» (Құзтуған жырау)

-Темір қазық жастанған

Терлік тоқым төсенген (Шалкиіз жырау)

Өтпейтін өмір жоқ,

Сынбайтын темір жоқ.

Жоғарыдағы үзінділерде жырауларымыздың темірдің қасиеті жөніндегі теңеулері өте орынды темірдің қасиеті қай ғасырда да өз мәнін жоғалтпақ емес

«От – көмір жейді,

Тот – темір жейді»

«Тат темірді күл қылар

Жалқаулық адамды жүн қылар» Тат темірдің сыртқы орта әсерінен бүлінуі, яғни,  химиялық жағынан алсақ теңдеуі төмендегідей;

4Fe(OH)2 + O2 +2H2O→4Fe(OH)4↓  тат темірді жарамсыз еткендігі сияқты жалқаулық та адамды аздыратыны белгілі.

«Темірді кеннен ізде

Бақытты жерден ізде» дегендей, Қазақстанда темірдің бірнеше кен орындары бар. Олар магнетит, сидерит, лимонит, гематит. Осылардың құрамында темір бар. Ендеше бұлардың бәрі темірдің кендері.

Зергерлік өнерден кейін тұрмыстағы керек-жарақты мол қамтыған шебер темірші. Бұл өнерді халық «қара темірді қамырша илеген», «темірден түйін түйген» «Теміршінің қолында, темір еріп су болар» «Темірге тіл, жаңқаға жан бітіретін» деп мақтан тұтқан .

«Ағаш кессең ұзын кес, қысқартуын оңай; темір кессең қысқа кес, ұзартуын оңай» деп сымдай соза алатын ұсталықты ептілікті айтқан қазақтың «Батырлар» эпосында басынан аяғына дейін осы теміршілер соққан сауыт- сайманға разы болып, мақтап, марапаттап «Мұздай темір құрсанып» деп бекерге жырламаса керек.

«Ер Төстік» ертегісіне және Байсерке шешеннің сөздеріне жүгінсек, «Темір етіктен теңгедей, темір таяқтан тебендей қалғанда, алыстан сағым көтерген бел көрінді. Мұнда да темірдің де ұзақ уақыт пайдаланғаннан кейін тозатынын көрсеткен болу керек.

Байсерке шешен де

Аңдып жүрген көкбөрі

Ақсақ қойдан үміткер,

Ақ сөйлеген ақсақал

Осының жайын біліп бер – деп қобызына үн қосыпты да, оны іздеген адам – темір етігінен теңгедей қалғанда, темір таяғы  тебендей болғанда табады деген екен.

Қазыбек би 14 жасында қалмақ ханына елшілікке барғандағы

«Сен қалмақ болсаң, біз қазақ,

Қарпысқалы келгенбіз,

Сен темір болсаң біз көмір,

Еріткелі келгенбіз,

Қазақ қалмақ баласы

Табысқалы келгенбіз» дегеніне риза болған Қонтайшы дауды мойыңдап, қазақтар жағына шешкен. Бұл жерде темірдің балқитын қасиетін көре аламыз. Қазіргі кезде темірдің құймаларын алуда кокстелген көмір пайдаланатынын білеміз. «Батыр майданда шынығады, болат қайнауда шынығады» дегендей, кокстелген көмірдің қызуының арқасында темірдің құймалары алынатыны осының дәлелі.

Жоғарыдағыларға көз жүгіртсек темірдің өзімен бірге құймасы болат, темірдің қасиетін көруге болады. Химиялық жағынан қарастырсақ темірдің латынша атауы Ferrum, таңбасы Fe. Темір екі жағдайда кездеседі. Оның бірі – жердің өзінен пайда болған жерлік темір, екіншісі – аспаннан метеорит түрінде жерге түскен космостық темір. Химиялық құрамы: Теллурлық темірдің қоспалары көбінесе Ni, Co, Cu; аздаған Mn, C, S, P, Pt, As т.б. болады. Табиғатта химиялық құрамы өте күрделі болып кездесетін элементтердің бірі – темір. Бірақ кейін жүргізілген химиялық анализге қарағанда теллурлық темір, көбінесе, таза болып шыққан. Оның қоспасында орта есеппен 0,6%-ке дейін никель, 0.4%-ке дейін  мыс, 0.3%-ке дейін кобальт болған.

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

Темірдің қаттылығы 4-5; меншікті салмағы 7-8. Куб формасы бойынша жымдастығы бар. Сынығы созылыңқы. Жылтырлығы металл типтес. Түсі қара-қоңыр. Магниттік қасиеті бар.

Халық ауыз әдебиетінде металдардың өзімен бірге, олардың құймалары болат пен бірге жез де бар. Жез мыстың мырышпен құймасы. Оның құрамында 40% мырыш бар. Ал болат пен шойын темірдің құймалары. Болат темірдің көміртекпен құймасы, одан басқа аз мөлшерде марганец, кремний, күкірт, фосфор кіреді.

«Манас» батыр жырында

Темір тұяқ жез білек,

Ырғай мойын Көкала

Балдағы алтын, сабы жез

Шын бадана, торғай көз

Жағасы алтын, жүлгір жез.

Аталған өлең жолдарында жездің де металдар мен бірдей өзіндік қасиеті бар екенін көруге болады

Бесік жырында

… Жездей-жездей қолыңнан

Жезделерін айналсын.

… Балдағы алтын, құрыш, болат

Ашылып шапса дем тартар. (Қазтуған жырау)

Сонымен бірге күміс көмей, жез таңдай даусы ерекше әншілер мен сөз саптаулары терең ақын, жазушыларға арналған теңеу.

Алтын-күміс жинаған адам бай емес – сөз жинаған адам бай.

Қолына күміс қонса – алтын өзі келер

Алтын пышақ өтпесе,

Алтынын ал да отқа жақ

Кітап – алтын қазына

Алтын алма, білім ал.

Жоғалған пышақтың сабы алтын.

Алтын базарында бағалы.

Алтын тыққан адам аштан өлер.

Алтын көрсе періште жолдан таяды.

Көп сөз – көмір,

Аз сөз – алтын.

Алтын тапсаң, санап ал.

Өтпейтін өмір жоқ

Сынбайтын темір жоқ.

Көп жасап күміс болғанша,

Аз жасап, алтын бол!

Арғы заманнан адамның асыл қасиеттерін, бойындағы ізгіліктерін саф алтынға теңеген. Әйтсе де, металл ретіндегі алтынды тек сәндік үшін тағып қана қоймай, заман ағымында байлық пен қазынамыз ортаймас үшін, ел мен елдің арасындағы негізгі байлық көзі ретінде де ғана  қарамай, халық ауыз әдебиетінің жанрындағы металдардың рөлі болашақ ұрпақ үшін де маңыздылығын жоғалтпақ емес.

Қорыта айтқанда, ұрпағымыз халық ауыз әдебиетіндегі металдарды химия пәнінде оқи отырып, еліміздің қазба байлықтарын игеріп, өз ұлтының жарқын болашағын гүлдендіруге жұмсаса, өркениетті елдермен теңесуіне апарар сара жол болар еді. Ұрпағымыз сөз маржанын еліміздің байлығымен ұштастырса, ақылды да өнегелі бойына ұлттық қасиеттердің құндылығы дарыған дара тұлға болар еді. Ата заңымыздың өзінде «Халық мемлекетіміздің ең басты байлығы» делінген. Бүгінгі біздің іздеген тақырыбымыздың өзі соның қайнар көзі екеніне сенімдіміз. Геология мен металлургияның негізін салған белгілі металл зерттеушісі Георгий Агрикола XҮI ғасырда былай деп жазды. «Адамдар металдарсыз өмір сүре алмайды … егер металдар болмаса … адамдар жабайы аңдардың арасында ең аяныштысы болар еді».

Ертедегі ата–бабаларымыздың осы металдарды өмірде кең қолданылғаны мақал – мәтел, өлең – жырларынан байқалады. «Алтынды еріте білмеген – ірітер, теріні илей білмеген – шірітер», «Арпа бидай ас екен, алтын – күміс тас екен», т.б. Металдардың көбісі адам қоғамымен бірге туып, бірге жасасып, адам қажетіне қызмет етіп келеді. Адамды алғашқы қару – жарақ, сауыт-сайман жасаудан бастап, бүгінгі ғарыш кеңістігіне дейін көтерген. Металдарды медицинада, химиялық өндірісте, техникада, өнеркәсіптің басқа салаларында кеңінен қолданады. Сондықтан жеріміздегі бар байлығымызды қадірлей білейік.

You May Also Like

Абай және дін, ғылыми жоба

Абай және дін МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ………………………………………………………………….. Абайдың лирикасы………………………………………………. 2.1 Абай және дін…………………………………………………….. ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………….…

Құмырсқа қышқылының адам ағзасына пайдасын анықтау тақырыбында ғылыми жоба

Тақырыбы:        Құмырсқа қышқылының адам ағзасына пайдасын анықтау                                               АННОТАЦИЯ Ұсынып отырған  жобамыз …

Итмұрын өсімдігіне металдардың жинақталу ерекшелігі, ғылыми жоба

Тақырыбы: Итмұрын өсімдігіне металдардың жинақталу ерекшелігі  Бағыты: Таза табиғи орта – Қазақстан…

Аққу, ғылыми жоба

Андатпа Зерттеу тақырыбы: «Қазақ әдебиетінде аққу бейнесін белгілі нышан ретінде пайдалануы» Зерттеудің мақсаты: Аққу…