Тақырыбы: Ит жақсысы-тазы

Бағыты: биология

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

  1. Тазы иттерді зерттеудің маңыздылығы мен өзектілігі………………………………
    2. Негізгі бөлім.
  2. 1. Жеті қазынаның бірі – иттің сыры мен ерекшелігі…………………………………..
  3. 2. Қазақы тазы иттердің зерттелуі……………………………………………………………….

2.3.  Құмай тазы ит……………………………………………………………………………………….

2.4. Қазіргі ғалымдардың зерттеулері…………………………………………………………

2.5. Тазы иттерінің қасиеті туралы жергілікті халықпен жүргізілген зерттеудің

нәтижелері:………………………………………………………………………………………..

  1. Қорытынды

3.1. Зерттеу жобасы бойынша қорытынды мен ұсыныстар………………………….

Түйіндеме (аннотация)

  1. Тазы иттерді зерттеудің маңыздылығы мен өзектілігі.

Жүрдек аты – жігіт қаны, қанаты
Қыран бүркіт – қарым күші, қуаты.
Құмай тазы – бастан берік сенімі,
Ақ мылтығы – сөнбес оты, серігі
Халық ауыз әдебиетінен.

«ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деп Елбасының халыққа арнаған жолдауында атап көрсетілгендей, ұрпағы білімсіз елдің келешегі де бұлыңғыр екені баршаға аян. Әрбір мемлекет, әрбір ұлт өз өкілінің білімі мен бойындағы ерекше қасиеттері, таланты мен дарындылығы, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрініп, басқаларға қарағанда оқ бойы озық тұратынымен бағаланады. Өз ұлтының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін бойына ана сүтімен, әке қанымен сіңірген әрбір ұрпақ осы заман талабына сай біліммен қаруланса, ел келешегі еңселі, мәртебесі биік, арманы асқақ, елдің мерейі үстем болмақ. Кешегі кеңес заманында ұлттық байлығымыздың, бабаларымыздан қалған мол мұраның ысырап болғаны да рас. Соның кесірінен дала қадірін, дарқан далада тіршілік құрған жылқымыз бен жеті қазынаның бірі санатындағы – итіміз, яғни, маң төбетіміз бен жүйрік тазымызды біржола ұмытуға таяу қалдық.

Бұл жобаның зерттеу тақырыбына арқау Қазақ халқында жеті қазынаның бірі саналатын таза қанды Қазақы құмай тазының болуы тегіннен тегін емес, бірде мен жаңалықтардан: «Таза қанды, Қазақы Құмай тазы иттер жойылып бара жатыр дегенді» естідім де, ойланып ата-бабаларымыздың бізге, жас ұрпаққа, тастап кеткен асыл тұқымды аттарынан, қыран бүркіттерінен, тазы иттерінен айрылып бара жатқанымызға қамыға бастадым. Сол себептен, бұл тақырыпты ғылыми жобама зерттеу нысаны етіп алдым.

Resume (annotation) 

  1. Importance and relevance of the study of purebred dogs.

Fast name – guy’s blood, wings

The golden eagle is the power of communication.

Kumai tazy is a strong faith,

White gun – an inextinguishable flame, a companion

From folklore.

«It is clear that in the 21st century, a country that has failed to develop its education will find itself in a dead end,» he said. Every state, every nation is valued for its knowledge and special qualities, talents and talents, for its natural ability to stand out from the crowd and to be ahead of others. If every generation, which has inherited the traditions and customs of its nation from its ancestors, is armed with modern knowledge, the country will have a bright future, high status, lofty dreams and the glory of the country. It is true that in the former Soviet Union, our national wealth and the rich heritage of our ancestors were wasted. As a result, we almost forgot about the dignity of the steppe, our horse, which lived in the steppe and one of the seven treasures – our dog, that is, our mane and gallop.

The research topic of this project is the existence of purebred Kazakh sorghum, one of the seven treasures of the Kazakh people. One day I heard in the news: I began to worry about the loss of abandoned horses, eagles, and greyhounds. Therefore, I made this topic the subject of my research project.

Кіріспе

Ғылыми жобаның негізгі мақсаты:

1) Өлкеміздегі асыл тұқымды иттің бірі –  тазы туралы зерттеу. Олар жайында мағлұматтарды көпшілік қауымға жеткізу.

2) Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрі мен қазынасын сақтап қалу.

3) Тазы иттің «Қызыл кітапқа» енудің алдында тұрғанына дабыл қағып, еліміздің ұлтжанды азаматы ретінде өз үлесімді қосу.

Өзектілігі: Заман өзгергенмен халықтың сенімі, құпиялылыққа құштарлық сезімі өршімесе өшпейді. Ендеше халық ойын түсініп, ата-бабадан келе жатқан қасиетті асыл мұрамызды сақтап қалып, тазыны қазақтың аңшы иті ретінде әлемге таныту, өзінің иесіне адал екенін, өмір бойы адаммен бірге соғысты, шапқыншылықты,  ашаршылықты бірге өткізген осындай құнды текті тазы иттің мүлдем жоғалып, «Қызыл кітапқа» енудің алдында тұрғаны бүгінгі күннің өзекті мәселенің бірі болып қалмақ.

Мақсатқа жету жолында алға қойылған міндеттер:

– тазы ит жайында зерттеген еңбектерді оқып, талдау;

– зерттеуші ғалымдарды анықтау, салыстыру жұмыстарын жүргізу;

– жиналғанматериалдардыбіржүйегекелтіру;

– маңыздылығынанықтау;

Зерттеужұмысыныңкезеңдері:

І -теориялық. Көтерілгенмәселетөңірегіндегіәдебиеттерментанысу. Сайттар мен ғаламторданмағлұматтаріздеп табу.

ІІ -практикалық. Зерттеу. Сұхбаталу, олдереккөздерінбейнетаспағатүсіру.

ІІІ- бекіту. Алынған мәліметтерді жүйелеп, түзетулер енгізу, нәтижеге байланысты баяндама, слайд дайындау.

Зерттеу әдістері:

  1. Тарихи – салыстырмалық талдау.
  2. Сұхбат әдісі.
  3. Тірек- сызбалар мен кестелерді құру әдісі.
  4. Негізгі бөлім.
  5. 1 Жеті қазынаның бірі – иттің сыры мен ерекшелігі.

Жеті қазынаның бірі саналатын ит он екі мүшел жылдың бірі, жеті қазынаның бастысы екені баршаға мәлім. «Ит» сөзінің түрік тілдеріне ежелден төл атау екендігін ертедегі түркі жазба ескерткіштеріндегі деректері дәлелдейді. Түрік тілдерінің кез келгенінде болса да «ит», түрікменше, қырғызша да «ит». Тазы біздің халқымыздың маңдайына біткен сый. Адам баласы қай кезде асыранды еткені белгісіз болса да, үй хайуандары ішінде адамға иттен жақыны жоқ. Иттің естілігі мен адамға қолқанат болуына байланысты жақын тартқан шығар. Ит иесіне адалдық танытқаннан болар, қазақ итті жеті қазынаның біріне қосқан, сондықтан да ит қазақша саналатын жыл атауына енген. Сондай-ақ, ғаламтор мәліметтерінде: Ит – Адам мен Хауа Ананың пейіштен қуылып, жерге түскендегі алғашқы серігі, досы әрі қорғаушысы. Сол себепті Жеті қазынаның бірі болып саналады делінген.

Көзімізді ашып, мына таңсық дүниеге үңіле қарағанымызда ең алғаш өзіне еріксіз баураған нәрселер – қозы-лақ пен күшік болды. Асыр салып соларды қуалап, қолымызға іліксе көтеріп, кешке сілеміз қата мұрттай ұшамыз. «Егемен Қазақстан» газетінің журналисті: «Тазы ұстауға бейім адамдардың қарапайым жұрттан бір оқшаулығы болады. Тіпті, тазы иесінің қоғамдағы әлеуметтік орнын да әйгілеп тұратын. Көбіне жылқышылар ұстайтын еді.  Сөйтсек, бұл аңсақ та сезімтал тұқым сән-салтанатымыздың да, дәулетіміздің де, саяткерлігіміздің де нақты белгісі еді. Қазақтың аяулы ұлдары тазыны жанына серік етті. Халқымыз үшін жеті қазынаның бірі болып саналып кеткен ит, оның ішінде тазы ежелден тұрмысымызда ерекше орын алады.»– дейді Әділбек Ыбырайымұлы .

Сондай-ақ, қазақтың құмай тазысын өсірумен айналысып жүрген Мұхамед Исабеков атамыздың ойы да біздің ойымызбен ұштасатынын байқадық, атамыз жеті қазынаның бірі болып саналатын қазақы тазылары қазір құрып кетудің аз-ақ алдында тұр деп, ұлттық құндылықтарымыздың қатарындағы осы қазынамызды сақтап, құмай тазы өсіріп, көбейтуді қазірден қолға алмасақ, еліміз тағы бір ұлттық мақтанышынан айырылып қалатынына дабыл қағып жүргені бізді

қуантады.Еңбектер мен ағаларымыздың пікірлерін зерттеп, зерделей келе, қазақтың төбеті мен тазысының бір-біріне ұқсамайтын ерекшеліктерін байқадық.

Мәселен, Қазақы тазының өзіндік бірнеше ерекшелігі бар. Олар:

Біріншіден, алдымен тазалығымен ерекшеленеді.

Себебі, «тазы» сөзінің шығу этималогиясына қарап отырсақ, беретін мағынасы «таза» сөзінен шыққан екен. Тазының қазақ даласында пайда болуының мыңдаған жылдық тарихы бар. Өкінішке орай, жазба деректерде қалмаған. Есесіне, біз

білетін   ауыз әдбиетінің жыр-эпостарында халық өмірінің бір бөлігіндей болып

тазы жырланады.

Екіншіден, оның үстінен ешқандай иіс сезілмейді.

Үшіншіден, қанша аш болса да, өлген мал мен сасыған тамақ жемейді.

Төртіншіден, лас жерге жатпайды.

Бесіншіден, басты өзгеше қасиеті – батыр.

Өйткені қасқырдан қорықпай қарсы шығып алатындығы бүгінгі күні нақты дәлелденді. Жалпы дерек көздеріне сүйенсек, отарды болмаса басқа бағып отырған үй малдарын төбеттің қорғап жүргенін иісінен сезетін қасқырлар ол маңайға жоламайды екен.

Міне байқаймыз, тазы иттердің ақылдылығының ерекшелігі де сонда болған.

Қазақы ит бір көргеннен-ақ адам есінде көпке дейін сақталып қаларлық қайталанбас бейнесімен, алып мүсінімен ерекшеленеді. Тазыныңорташа тұрқы 72-75 см, кейде 80 см-ге дейін барады. Салмағы 50-60 кг шамасында болады. Иттің температуралық өзгерістерге бейімділігі бар. Бас сүйегі арқа жонына тығыз орналасады, қабағы дөңесті, маңдайы жазық болып келеді. Тұмсық бітімі бас сүйегінен кішілеу, ұшы жалпақ, қара түсті болып келеді. Үстіңгі ерні қалың, астыңғы иегі жалпақ, жақ сүйектері күшті, бедері айқын. Басын еңкейткенде бас терісінде қатпарлар пайда болады. Құлақтары ұшбұрыштанып, төмен орналасады. Көздері терең орналасып, әдеттегіден кішірек болады. Тістері ірі, табиғатынан ақ түсті. Иттің аяқтары ұзын емес, белі жалпақ, бұлшықты сауыры шығыңқы біткен. Қарны кеуде тұсымен деңгейлес. Тері асты торларының өзегі бүкіл денесінде

жақсы дамыған. Бұндай жаратылыс қатаң табиғат жағдайына сай дамыған құбылыс деп есептеймін, алайда кинолог мамандар оны қасқыр тісінен қорғаныс көзі деп көрсетіп жүр.

  1. 2 Қазақы тазы иттердің зерттелуі.

Тазы иттердің шығу тарихын зерттей отырып, қазақы тазылардың қалыптасу кезеңдерін анықтауға болады.Тазы иттерді зерттеуде шетелдік және отандық оқымыстылары еңбек етті. Олардың ішінде шетелдік ғалымМарко Поло, Л.П.Сабанеев, А.Слудский атасақ. Отандық зерттеуші мен ит өсірушілерге: Асылбек Әбдіқанұлы, Данияр Дәукей, т.б.

Деректерге көз салсақ, тазының әлемдегі тарихы он мыңдаған жылдар бедерінен көрініс береді. Мәселен, араб слюгтерінің шыққан тегін тазымен байланыстырып, біздің заманымызға дейінгі 8-10 мыңжылдықтарда бар болғанын айтады. Бұл деректің растығын археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған тазы тұқымдас иттердің сүйектері де дәлелдей түседі. Ал 1895 жылы Ресейде жарыққа шыққан Л.П.Сабанеевтің ғылыми еңбегінде мұндай ұшқыр иттердің 6 мың жыл бұрын ежелгі Египетте болғанын жазады. Шығыс ғалымдарының еңбектерінде қазіргі Қазақстан аумағындағы көшпенді рулардың тазылары өте ұшқыр, алысқа жүгіретін төзімді екендіктері келтірілген. Олай болуы заңды да еді. Өйткені көшіп-қонып жүрген елдің таулы, орманды немесе кең сахара жазығында неше

түрлі жүйрік киіктерді қуып, қарсақ, түлкі, қасқыр секілді жыртқыш аңдарды ұстауға машықтанған тазылар физиологиялық тұрғыда дамитыны даусыз. Мысалы: Қазақтың төбеті қой бағады,  қасқырдан қорғайды, тазының міндеті аң аулау. Тарихшы ғалымдардың ертедегі қол жазбаларында азиядағы иттердің алғашқы аты «қазақы ит». Орта ғасырда өмір сүрген италияндық жиһангез Марко Поло ұшы-қиыры жоқ ен далада ит жүгіртіп, құс салған ата-бабамыздың тылсымы мол, тамаша өнеріне әбден тәнті болған. Әсіресе жүйрік иттер туралы жеріне жеткізе жазғанын барша жұрт біледі. Марко Поло ХІІІ ғ. «Тиыншадай биік денелі иттер – тағы аңдарды аулауда, күзетте және ауыр жұмыстарда тамаша серік» деп жазған екен.

Дерек көздеріне сүйенсек, Орта Азиядағы тазыларды үш топқа бөліп қарастырып жүр. Олар:

ТАЗЫ

Тік құлақ

Жарғақ құлақ

Шашақ құлақ

Тазы – орташа ғана бойы бар жүйрік ит, жүні тықыр, оның есесіне, құйрығы мен салпаң құлағының ұшын ұзын шашақты жүн басқан. Міне осы мысалдарға сүйенсек, біздің елімізде екінші мен үшінші түрі кең тарағанын байқаймыз.

Тазы ұстау – қазақтың қанына сіңген қасиет. «Еттің бәрі қазы емес, иттің бәрі тазы емес» – дейді Әділхан Төкенов «Тазы» федерациясының кеңесшісі . Қазақтың тазысы көптеген ақын жазушылардың өлең-жырларына арқау болған. Қазақ аңызында ит ала қаздың жұмыртқасынан жаралған делінеді. Қазақта «құмай тазы» шамамен 2000-2500 млн. жылдар бұрын пайда болды.

Қазақтар тазыларды аң қағушылық сипатына қарай бірнеше топқа бөледі екен:

1) Қасқыр алатын;

2) Қоян алатын;

3) Түлкі алатын.

Олар жүйрік, таза, батыл, ақылды, сүйкімді болып келеді.

Солардың бірі – Құмай тазы. Құмай тазы қазақтың ертеден келе жатқан аңшы иті. Ол өте жылдам әрі алғыр, 6 айынан бастап аңшылыққа үйретеді 8-9 айында аңға қосады. Құмай тазы аңшылыққа тез үйреніп кетеді, оның өзінің аңшылық қасиеті болады. Құмай тазының өзге иісі болмайды, яғни жаман иісі. Ит 1,5 – 2 жасында толық жетіліп, ұйығады. 58-65 күн өткенде көздері жұмылған, құлағы естімейтін, тіссіз қызыл иек, соқыр, саңырау күшіктер туады. Шамамен бір апта өткенде құлақ тесіктері ашылып, онан тағы он күн өткенде көзін ашады, бір айда сүт тістері шығады. Қазақтар бауырын жаңа көтерген кезінде тазы күшігін қырғабауын беріп, үйіне әкеледі де, мәпелеуді бастайды. Арам мен қарам, адал мен сауапты , тәртіпті үйрете бастайды. Тазыны қазақтар киіз үйдің кіреберісінің оң жағына астына киіз төсеп, жатқызып қояды. Тазыға ұшқыр, алғыр болсын деп

аса жүйрік аң, құстың атын қояды. Мысалы: ұшқыр да қыран болсын деп «Лашын» деп қояды, киіктей жылдам болсын деп «Сұркиік» деп қояды.

Тазының құнына тоқталатын болсақ: 1917 жылдары қара базарда 1 тазыға 47 жылқы берген екен, 1937 жылдары 37 жылқы, 1947 жылдары 1 тазыға 27 жылқы берген екен. Тағы бір қызығы тұрмысқа шыққалы қыздың қалың мал орнына 1

тазы ит берген екен. Ал қазіргі кезде қара базарда тазының құны 300 доллар тұрады екен.

Тазының саны жылдан жылға азайып келе жатыр, кинологтар есебі бойынша: 1939 ж – 7000 тазы болса, 1990 ж. – 3000 тазы, 2005 ж. – 700 тазы, 2019ж.-1500

тазы ғана қалды. Төменде көрсетілген диаграммадан анық көруге болады.

Кейбір зерттеушілер қазақы даласында тазының пайда болуын ислам дінімен де баланыстырады. Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы Ботай қорғанынан жылқының  сүйегі табылып, ең алғаш тағы жылқыны қазақтың қолға үйреткен жалпақ жұртқа мәлім болып отыр ғой. Сол жылқымен бірге ит сүйектерінің, яғни маң төбет пен құмай тазының сүйектерінің табылуы қазақы ит тарихының тым тереңде жатқандығын айғақтап отырған жоқ па?

2.3.ҚҰМАЙ ТАЗЫ ИТ

Маңғаз, салмақты, сабырлы, сырбаз ит болып келеді.

Құмай тазылар өте тықыр, жарғақ құлақ, салық төс, тар мықынды, бұлшық санды, шымыр мойын, тiк қабақ, ауызды, азулы, сезiмтал, көргiш, қағылез, сақ, өте тез, өте жүйрiк болып келедi.

Қасқырға бетпе-бет келе алатындығымен ерекшеленедi.Желмен жарысар жүйрiктiгi бесенеден белгiлi.Түні бойы мал күзете алатын қасиеті бар.

Одан қашқан түлкi құтылмайды.

Ал не себептената-бабаларымыз тазы итті «құмай тазы» депатады? Бұлсұраққажауапретіндеғылымитұжырымдаркелтірілген. Мәселен, «Қыранқұмайекiжұмыртқа табады, бiрi – құс құмай, екiншiсi – құмай тазы» деп жориды бабаларымыз ертедегi аңыздарында. «Құмай тазылар өте жүйрiк, аса қыран болады. Өйткенi ол құмай құстың баласы, құмай құстың ұясынан алынған» деп сыр шертедi халық ауыз әдебиетінде.

«Құмай тазы» қазақтың ертеден келе жатқан аңшы иті. Ол өте жылдам әрі алғыр. «Құмай тазы» аңшылыққа тез үйреніп кетеді, оның өзінің аңшылық қасиеті болады. «Құмай тазының» өзге иісі болмайды яғни жаман иісі. Тазалықты сүйетін халқымыз тазының осы қасиетін ерекше бағалап, оған ішерге таза ас беріп, үйдің бір бұрышынан орын сайлаған. Тазының кербез де салқын мінезіне сүйсінген. Ол адамға,малға үрмейді.Суыққашыдамсыз.Түгі тықыр,денесісұңғақ,басы ұзын,тұмсығы сүйір,көзі жанарлы келеді. Əдеттегі түсі – ашық сары, арқалығы жəне құлақ ұшы қара қылшықты, алайда басқа түстері де кездеседі. Тазылар өте жүйрік.Әдетте ашу шақырмайтын байсалды,ашушақырса-аянбайтын жыртқыш.Аң аулауға шыққанда аңшының дыбыссыз жасалған бүкіл қозғалысын бақылап,өте естілік көрсетеді.Аңшы бармаған немесе ескермей өткен түкпір- түкпірдің бәрін өзі сүзіп шығады. Тазылар аңға өз бетінше, сол сияқты бүркіт пен бірге шыға алады – осы қасиеті үшін де бағаланады. Тазыны негізінен түлкі, қоян жəне қасқыр аулауға салады.

Ен даланыжайлаған аруақты ата-бабаның қолғанаты болған, малын баққан,қотанын күзеткен, саятшылық салтанатын елден ерек еткен маң төбет пен жүйрік тазының тұқымы тұздай құрып кетуге аз қалды. Ұлы даланың ұлағатын, оның қайталанбас ғажайып, керемет көріністерін, сол даладағы дана халқымызбен бірге жасасқан ұлттық баға жеткісіз байлығымыз туралы Елбасы өте дөп айтып отыр. Қазақы иттің қабырғасын қаусатқан кесапат сол заманда орын алғандығын нақты деректермен айғақтауға болады. Сол жел жетпес жүйрік иттеріңіз қазақы тазылар ғой. Ал академик А.Слудский 30- жылдардың соңына таман қазақ даласында шамамен төрт мыңнан астам тазы болғандығын тайға таңба басқандай етіп жазады. Ұлт басына төнген нәубет ықылым заманнан бері  ата-бабамызға серік болған төбетпен тазының  басына да төнді. Ит түгілі игі жақсыларымыздан да айырылып қалған жоқпыз ба? «Балапан басына, тұрымтай тұсына» ыдырай бір күндік жарық сәуле үшін ел бес асып кеткенде, оны ойлайтын шама болды ма? Міне біздің ұлттық құндылықтарымыздың уысымыздан шығып кеткен тұсы осы кез. Егер олай болмаған күнде төрт мың тазыдан өрбіген тұқым қайда?! Ақ қашып, қызыл қуған үркіншілік заманда үдере көшкен елмен бірге,итте елдің алдындағы малға ілесіп шетелге ауып кетті.Біз аңшылық туралы заңда таза қанды иттерді іріктеп, тұқымын жақсартып, көбейту қажет. Ол үшін алдымен ит тұқымын, оның стандартын анықтау керек. Бұл ұлан -ғайыр жұмыс. Көптеген мәселені қаржы шешетіні белгілі. Мемлекет және қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімов ағамыз «Мен осы мәселені көтеріп Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарына, Ауыл шаруашылығы министрлігіне арнайы хат жаздым – дейді. Егер бағдарлама қабылданып, қолдау тапса, алдымен төбет пен тазының гендік қорын қалыптастыруды қолға алар едік және бұл мәселе бұрынғы қазақы ұғыммен қабыстырыла отырып ғылыми-зерттеу жұмыстары арқылы қолға алынар еді». Асыл тұқымды иттердің таза тұқымын сұрыптап, генетикалық тұрғыдан топтастырсақ қана іс оңға басады. Қазіргі күні жер-жердегі ит жанашырлары ұстап отырған таза қазақы тазы иттер белгілі. Бірақ көп емес, сұрыптау арқылы ең үздіктерінен тұқым алып санын көбейту керек.

Ал біз айтып отырған Қазақы тазы иттердің стандартын академик А.Слудский 1985жылы бекіткен болатын. Ғалым қырықтан астам тазы иттерге зерттеу жұмыстарын жүргізіп, таза қазақы нақ өзі екендігін ғылыми тұрғыда дәлелдеп берген. Қазақы тазының сұлулығы қандай, болмысы қандай, ал мінезін тіпті сипаттауға сөз жетпейді. Таза қанды тазының келбетіне көзің тоймайды, ол дегдар,  талғампаз. Тамақты талғап ішеді, ешқашан аштығын білдірмейді. Қазіргі тегі азған  соң ,бұралқыға айналғаны. Таза қазақы тазының өзі емес, шата, тұқымы азған ит. Қорадағы тауықтың басып жатқан жұмыртқасын ұрлап жейтіндер де солар. Негізінде қазақ тазыны жарғақ құлақты және шашақ құлақты тазы деп екіге бөлген. Тұқымына орай құмай тазы, дүрегей тазы, қайыңқаптал тазы деп те аталады. Осы тазылардың ішінде алғыры қайыңқапталы екен. Жүйріктігі өз алдына, тұла бойындағы қайраты мен амал-айласының молдығы сондай, қасқырды да ала береді. Жалпы тазылар әр жердің өз ерекшелігіне орай бірнеше түрге бөлінеді. Сібір тазысы, Самарқанд тазысы, Түркістан тазысы деп те аталады. Иттің дене бітімінің қалыптасуына өзі өмір сүрген ортаның табиғаты да әсер етпей қоймайды. Самарқанд тазыларының бойы тым биік емес, әйткенмен, сымбаты сұлу болып келсе, Атырау өңірінің тазылары шашақ құлақты болады. Ал табиғаты қатал, Сібір аймағының тазылары қақпан бел, ұзын мойынды, сүйір табанды, күшті болады. Аймақтардың ерекшелігіне байланысты тазылардың тау тазысы және дала тазысы деп те бөлуге болады. Дала тазысының кеудесі мен бөксесі бірдей. Мұндай тазыларға жылдамдық тән. Бірақ сүйегі тым жеңіл, өзі өзге тұқымдастарына қарағанда нәзіктеу. Ілкідегі қазақ тазының мұндай түрлерін ши тазы деп те атаған. Ал тау тазысы бөксе жағы биіктеу, аяғы сіңірлі, мойыны әнтек жуан болып қалыптасады. Егер жүректі болса қасқырға да ауыз салмақ. Қазір тазылардың шежіресі де жазулы. Генетикалық молекуласы арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, білгілі бір бәтуаға келген. Ғаламтор мәліметтерінде қазақы иттердің тұқымын өсіруші Данияр Дәукей

ағамыздың сұхбатына тап болдым. Ағамыз сегіз жыл Англияда оқып келіп, Отанына оралғаннан бері осы кәсіпті өзіне серік еткенін айтқан. Себебі ол кісінің ойынша, елдің мүддесін жаһандағы алпауыт елдердің ортасында сақтап қалу үшін тек ежелден қалыптасқан қазақы қалыбымызды, ұлттық дінімізді, дәстүрімізді көрсете білуіміз қажет деп көрсеткен. Ал ол үшін қыран бүркітіміз, қазанаттай тұлпарымыз, құмай тазыларымыз бен қазақы төбеттеріміз ұлттық брендіге

айналуы тиіс деген ойлары маған да ұнады. Тек сонда ғана еліміздің ертеңгі болашағына сеніммен қарап, қазақтың қанына біткен қайсар ғұрпының мұртын бұзбай, келешек ұрпаққа жеткізе аламыз .

Сондай-ақ, ислам дінінде итті харам санайтынын біз білеміз. Алайда ғұламалардың бірі, кезінде арнайы түсініктеме беріп, онда мұсылманшылық тыйымдардың ішінде жалпы итке байланысты шектеулердің тазыға қатысы жоқ екенін айтқан. Тазыны далада қалдыруға, жерге жатқызуға болмайтынын қатаң тапсырған. Үйде арнайы орын дайындап, астына жұмсақ зат төсеп, тазыны сонда ұстауға өсиет еткен. Жүйрік ат пен тазыны сипалап, тазалаған соң қолын жумай-ақ, намазға отыра беруге болатынын айтқан. Тазыға құнарлы таза тамақ беруді тапсырған. Бұдан тазының жаратылысынан өте таза болатынын анық аңғаруға

болады. Мұсылман елдерінде осынау ұшқыр ит аса құнды саналған. Бұл жағдай біздің қазақ арасында да солай қалыптасқан ғой. Тазыны қолы жеткен дәулетті адамдар ұстаған. Үйінде немесе арнайы орын дайындап асыраған. Астына аңның немесе малдың жұмсақ терісін төсеген. Таза сүт пен тамақ жасап берген. Ұшқыр тазы, жүйрік ат, қыран құспен саятшылық жасаудың кереметі туралы өлеңдер Абай атамыздан бастап, ақын, жыраулардың талайының жырына арқау болған. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтен бастап, көптеген жазушыларымыздың деректі әңгімелерінде де қазақ даласындағы тазылардың ерекше қасиеттері көп жазылған. Мәселен, киікті қуып жеткен жүйріктігі, қасқырмен таласқан батылдылықтары, аңшылық кезінде адамдай ақылдылықтары келтірілген.

Ойымызды қорытындылай келсек, Қазақы тазы иттерді қолға алып, қорғамаса,

айналдырған аз ғана жыл ішінде «Қызыл кітапқа» енуі де ғажап емес.

«Қызыл кітап» демекші, 2003 жылы асылтұқымды үй жануарлары мен жабайы аңдарды қорғау туралы арнайы қаулы қабылданған болатын. Әйтсе де, қаулыдан қайран болмайтын түрі бар. Өйткені, таза қанды иттерді қорғау, сақтау туралы жазылған бірде-бір бап жоқ. Сол себепті тазымыз Қазақстанның «Қызыл кітабына» енбей қалған.

2.4. Қазіргі ғалымдардың зерттеулері.

Ерлен Оспанов – ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице – президенті. Қазақ халқы ежелден табиғаттың тепе – теңдігін сақтай отырып, ит жүгіртіп, бүркіт салып аң аулаған. Қазіргідей жүйрік шанамен, мылтықпен топырлап шықпаған. Егер ит жүгіртіп, бүркіт алып, аң аулауда түк мәдениет жоқ десеңіз, онда данышпан Абай, ғұлама ақын Шәкәрім, Ақан мен Біржан салдар саятшылықты серік етпеп пе еді. ЮНЕСКО халықаралық ұйымы 2000жылдан бүкіл адамзаттың материалдық емес рухани мұрасының әлемдік тізімін алуды қолға алды, соған саяшылықта қосылды. Саятшылықты 15- ге жуық ел өздерінің төл өнері етіп бекіткен, оның ішінде Қазақстанда бар.Ендігі басты міндет қоғамдық сананы қозғау.

Оралбай Әбдікәрімов –«Қансонар» республикалық қауымдастығының төрағасы. 2015жылы Еліміздің ғылымдары тазы иттердің статистикасы жасалды. Қазір 500-ге жуық таза қанды тазы иттер бекітілген. Сондықтан облыстарда таза қанды иттердің шежіре кітапшасы жасалып, соның нәтижесінде будандастыру жұмыстары жасалды.

Қазақ агро -техникалық университетінің ғаламдары Сансызбай Рашидов пен Жасқайыр Қарағойшин молекулярлық зерттеулер арқылы тазы иттердің шығу тегін анықтайтын жоба жасаған. Бұл ғаламдардың мақсаты иттердің қылы мен қаны арқылы оның таза қанды тазы екенін дәлелдеп, тазының  қазақ жерінде пайда болғанын, санын арттыруға себеп болу, қазақ тазысын қолтұқым ретінде әлемге таныту. Қазақы тазы иттің қолтұқымы әлемде ешбір жерде жоқ . Басқа тазы иттер көрген жануарларын қуатын болса,қазақы тазылар өздері із кесіп, аңды өзі таба алады. Басқа иттердіүйлеріне  кіргізбеседе, тазы иттерді үйлеріне

кіргізіп ұстаған.  Бұл біздің ұлттық құндылығымыз, қазақы тазы қолтұқым болып бекітілуі үшін кем дегенде 1000 дана таза қанды Қазақы тазылар болуы керек. Олардың негізгі қасиетінің бірі қанша тамақ ішсе де, үсті жылтырап семірмейді. Арқалары дөңестеу келеді, үстіарық болып қабырғалары көрініп тұрады, төсі кең болады, іші тартылған құйрығы ішке қарай иіліп бұтына кіріп тұрады, басқа иттерден айырмашылығы сол. Ит қазақтың киесі, саясатшылық салты . Уақыт талабы осы ұғымды жадыдан жоюда. Осы заманда құндылықтарды аман алып қалудың бір түрі оларды спорттық ережесіне сай ыңғайлау. Мысалы:тазылардың жүйріктігін анықтайтын жарыстар ұйымдастыру. Дәстүрімізді сақтап қалу,ескінің сарқыншағы емес, қазіргі жетістіктерімен дамыған  заманға сай жеткізу, жетілдіру.

2.5.Тазы иттерінің қасиеті туралы жергілікті халықпен жүргізілген зерттеудің нәтижелері:

Біздің ауылда таза иттерді сақтап көбейту мақсатында тазы иттерді асыраушы  итбегілермен кездесіп әңгімелестім.

Байғонов Нартай – Қарабұтақ аулының тұрғыны, кәсіби саятшы. Ит жануарын бала кезімнен өте қатты ұнатамын. Өсе келе иттердің қолтұқымдары туралы біле бастадым. Қазақ халқының даласына тән тазысы мен төбеттері туралы көп оқыдым. Содан тазы иттерге қызығушылығым оянды. Аңшылыққа дұрыс тәрбиеленген, бабына дұрыс келтірілген тазылар аңға түскенде иесінің шынайы көмекшісі болады. Мен2016жылдан бері тазы итттердіасырап жүрмін, қазір алты тазы итім бар. «Ақтабан» атты итім 2019жылда Ақтөбе қаласында өткен иттердің халықаралық көрмесіне  қатысып, 58 иттің ішінен «өте жақсы»деген баға алды. Қазіргі күні төл құжаты дайындалып жатыр.Тағы бір мақсатым өзіміздің ауылда тазы асыраушылар  қатарын көбейту, таза қанды Қазақы тазы иттердің санын көбейту.Ақтөбе қаласында «Ақтөбе тазы жанашырлары» қоғамдық бірлестігі құрылды, мен сол қоғамның мүшесімен.Алдағы уақытта тазы санын көбейтуге ат салысу менің арманым.

Науанов Темірлан – Қарабұтақ аулының тұрғыны,итбегі. Менде қазір сегіз ит бар. Оның бесеуі таза қанды қазақы тазы. Менің мақсатым-тазы иттерді көбейту, сақтап қалу. Әрбір  үйде бір тазы иттен болса керемет болар еді. Санын көбейтіп,  шын жанышырларға беріп, ұмыт қалған осы бір керемет тазы иттерді қолтұқым етіп бекітілуіне, танылуына ат салысып келемін.

қоян аулау сәті

Ибрашев Ерғали – «Лашын» атты тазы иттің иесі. Еңбекту ауылының тұрғыны. Лашын 2 жасар тазы ит. 2-3 айлық кезінде Ақтөбе қаласынан әуесқой аңшылардан сатып алынған. Бұл қазақы тазының қайыңқаптал деп аталатын түрі. Құмай тазыдан ерекшелігі- жүні сәл қалың, әсіресе құлағының жүні қалың әрі сабалақ, суыққа төзімді. Қоян, түлкі аңдарын алады, жүректісі болса қасқырдыда алады.  Лашынды 8 айынан бастап аңға шығуға үйреттім.

Муканов Кенжебек – әуесқой аңшы.Қарабұтақ ауылының тұрғыны.Менде екі тазы итім бар. Біреуі 10 айлық «Құмай»  тазы, екіншісі төрт жасар қазақы тазы. Иттің көмегімен аң аулау менің сүйікті ісім, яғни хоббиім деседе болатын шығар. Аң аулаудың бұл түрі қазақ халқында қалыптасқан дәстүрлі тәсіл.Иттермен аңға шыққанда, олар ұшқырлық пен шапшаңдық танытып, қоян мен түлкіні қуып жетіп алады, немесе бөгеп тоқтатып алады. Менің иттерім алыстан жақсы көреді, өте қырағы, саққұлақ және иіс сезгіш.

  1. Қорытынды

3.1 Зерттеу жобасы бойынша тұжырымдамалар мен ұсыныстар.

Ұлттық құндылығымыз қазақы құмай тазымызды сақтап, оны көбейту баршамыздың міндетіміз. Іргеміздегі түркімендер өздерінің жылқысын айтқанда, бөріктері қазандай болады. Бізде құмай тазымызды осындай деңгейге жеткізуіміз керек. Ол үшін нақты іске көшкен жағдайда ғана ісіміз нәтиже береді. Ұлттық құндылықтарымыздың құжаты жоқ.Осы орайда өз ойын ашық білдіріп, онысын нақты ісімен де дәлелдеп, саятшылықпен айналысып, ұлттық дәстүр-салтымызды дәріптеп жүрген азамат, медицина ғылымының докторы Дамир Абайділдаұлы былай сыр шертеді: «Өкінішке орай, осы мәселеге қазақ қоғамының атқарушы органдары енжарлық танытып жүрген жайы бар. Мәселен, көзі ашық жұртшылық көкпарымызды қырғыздар ұлттық ойын, қымызымызды немістер, қазыны жапондар ұлттық тағамдары ретінде халықаралық ұйымдардан құжат алып алғанын біледі.» Міне мен де, ағамыздың ойына қосыла отыра, бабадан қалған бай мұрамыз ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп жатқанына ішім ашиды. Сондай-ақ, домбыраны француздар патенттеп алса, ең әдемі киіз үйлер Қытайда жасалады екен. Енді еуропалықтар киіз басу өнерімізге де көз тігіп, құжаттап алыпты. Бара-бара ұлттық құндылықтарымыздан мүлдем айырылып қалмау үшін, тез арада Ұлттық құндылығымыз қазақы құмай тазымызды сақтап, оны көбейту баршамыздың міндетіміз. Іргеміздегі түркімендер өздерінің жылқысын айтқанда, бөріктері қазандай болады. Бізде құмай тазымызды осындай деңгейге жеткізуіміз керек. Ол үшін нақты іске көшкен жағдайда ғана ісіміз нәтиже береді.

  1. Тазы итімізге, асыл тұқымды тұлпарларымызға, қыран бүркіттерімізге құжаттар дайындап, иелік етуіміз керек, ағайын?!
  2. Таза қанды иттерді табу;Қазақи тазылармен айналысып жатқан, Қуаныш Исабеков сияқты ағаларымыздың игі істеріне қолдау көрсету керек.

 

  1. Ұлттық құндылықтарымыздың басын біріктіріп, қадағалайтын ұйым құру қажет. Әрі оған бір министрлік жауапты болса, барлығын бір жерге тоғыстыруға болатын сияқты.
  2. Тазы иттердің тұқымдарын көбейту жұмыстарына баса назар аудару керек.
  3. Ең өзектісі Қазақы тазы «Қызыл кітапқа» енудің сәл алдында тұрғандықтан, оларды атуға тыйым салыну керек.
  4. Еліміздің құндылықтарын сақтап қалғымыз келсе, арнайы Заң қабылдану керек.
  5. Халық білу үшін жыл сайын әр бір облыста тазы иттердің көрмесін ұйымдастыру;
  6. Қазақы ит тұқымының табиғи қалпын сақтау және көбейту;
  7. Саятшылық өнерді дамыту;
  • Насихат жұмысын жүргізу(асыл тұқымды тазы иттерді асырауға кеңес беру, асырап алуды көбейту);

Қазақы тазы – бұл ең алдымен ұлттық құндылықтарымызды, яғни тұтастай Алаш атын әлемге мойындататын тағы бір тамаша мүмкіндік. Қытайдың «Чау-чауы», түрікмендердің «Алабайы», немістердің «Доберман-финчері» әлемге танылды, ал біз қазақы тазы итімізді қалай сақтап қаламыз деп бас қатырудамыз. Әркім өз құндылығын меншіктеп, патенттеп жатқан кезеңде біз де адам түгіл, Алаштың итіне дейін түгендей білуіміз қажет.

You May Also Like

ҚҰРАҚ ҚҰРАУ ӨНЕРІ, ғылыми жоба

Ақын Серікбай Оспановтың сан қырлары, ғылыми жоба

Ақын Серікбай Оспановтың сан қырлары АННОТАЦИЯ  Бұл ғылыми жұмыста Серікбай Оспановтың ақындығы мен…

Жүнді қолөнер саласында тиімді пайдалану, ғылыми жоба

Ата-бабамыздан қалған төрт түлік малдың жүнін қолөнер саласында тиімді пайдалану Орындаған: Нурали…

Паразит құрттар және олармен күресу шаралары, ғылыми жоба

 Тақырыбы:  «Паразит құрттар және олармен күресу шаралары»  Бағыты: Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру.…