Тақырыбы:  «Паразит құрттар және олармен күресу шаралары»

 Бағыты: Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру.

Секциясы: адам денсаулығы

Мазмұны:

І. Кіріспе……………………………………………………………………
1.1 Паразит құрттар және олардың тіршілігі……………….
ІІ. Зерттеу бөлімі
2.1  Жануарларда кездесетін паразит құрттар……………
2.2 Адам организмінде кездесетін паразит құрттар….
2.3 Құрттардың көбеюі мен дамуы…………………………
2.4 Паразит құрттарды анықтаудың әдіс – тәсілдері…….
2.5.. Паразиттік жұқпалардың айқын белгілері……………
2.6 Күресу шаралары……………………………………………..
ІІІ.Қорытынды………………………………………………………….

Аннотация

Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі деген осы.

(Елбасының Қазақстан халқына Жолдауынан. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру)

Бұл тақырыпты алып, зерттеу жұмысын жүргізіудің себебі, қазіргі кезде ең маңызыды әрі өзекті мәселе – адам денсаулығы.  Әрбір дені сау адам қоғам ның  басты байлығы. Денсаулық адамның  негізгі көрсеткіші болып санала -ды. Әрбір адам өз денсаулығын сақтау үшін салауатты өмір сүру керек. Сон – дықтан адам денесінде және жануарларда кездесетін  паразиттік құрттар туралы ізденіп,  бақылау жұмысын жүргіздім.

Зерттеу мақсаты: Паразит құрттардың даму ерекшелігін зерттеу және құрт – тардан пайда болатын  аурулардан сақтандыру шараларын айқындау.

Зерттеу барысында әртүрлі ғылыми әдебиеттер, кітаптарды пайдалана оты – рып, нақты материалдарды қорытындылау, салыстыру, талдау мен тұжырым- дау әдістері қолданылды.

Кіріспе бөлімінде гельминтология саласы зерттейтін жалпы паразит құрт -тар туралы ақпарат берілген. Ал негізгі бөлімде адам  және жануар органи –

змінде кездесетін паразит құрттар туралы, олардың көбеюі мен дамуы, жұғу жолдары  және   сонымен қатар олармен күресу шаралары көрсетілген.

Жұмыстың ең негізгі бөлігі біздің бақылау және зерттеу жұмысы болып табылады. Аудандық дәрігермен, зерттеушімен бірлесе отырып, балаларда кездесетін үшкірқұрт пен ішексорғы құрты туралы зерттелген.

Зерттеу гипотезеасы ретінде паразит құрттар және олардың тіршілік әрекет –  тері, адам және жануарға жұқтыратын ауру түрлері, олармен күресу және ал -дын алу шаралары, әдіс – тәсілдері арқылы  мектеп оқушылары бойында са – лауатты өмір салтын қалыптастыру, санитарлық – гигиеналық шаралармен таныстыру көзделді.   Зерттеу пәні: Адам денсаулығы

Зерттеу объектісі: Адамда кездесетін паразит құрттар

Зерттеу мақсаты: Паразит құрттардың даму ерекшелігін зерттеу және құрттардан пайда болатын   аурулардан сақтандыру шараларын айқындау.

Зерттеу міндеттері: Паразит құрттар туралы ғылыми әдебиеттерді жинақтау және  оларға шолу жасау;  Адам  денесінде паразиттік тіршілік ететін  құрт  – тардың құрылысы мен тіршілік айналымын анықтап,олардың тигізетін зиян – дарын айқындау. Олармен күресудің жолдарын және аурудың алдын алу ша – раларын меңгеру.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Ғылыми жоба кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдалынған әдебиеттер және қосымша тізімінен тұрады.

Зерттеу жаңалығы: Арнайы ұйымдастырылған зерттеу жұмыстары барысында паразит құрттар мен олар тарататын аурулармен күресу іскерлігі мен дағдысын оқушыларға үйрету.

Зерттеу жұмыстан шығатын қорытынды:

Бұл аурудың  жеке бастың гигиенасын (іш киім, төсек орынды таза ұстамау)

мен  күрес жүргізбей,  тамақтанар алдында  қолды жумау,  тырнақты  тістеу, үйді тазалықта  ұстамау кезінде жұғатындығы туралы айқын көрсетіледі.

Summary

The ability to live rationally with an emphasis on achieving real goals, with an emphasis on education, a healthy lifestyle and professional success – this is pragmatism in behavior.

(From the President’s address. «Looking to the future: the modernization of public consciousness.)

I chose this topic because health is currently the most important issue. Every able-bodied man – is the richness of society. Health is an important indicator of a person. In order to save the health you need to follow a healthy lifestyle. So I researched about parasitic worms , which are found  in humans and in animals.

The purpose of the study reveal features of the development of parasitic worms and find precautions. During the study used different scientific works, methods of analyzing , comparing .

The introduction provides information about the industry helminthology which explores parasitic worms . In the main part of the work is considered parasitic worms found in humans and animals , and the development and dessemination , on modes of transmission and how to control them . The main chat work –  observation and study . Together with a doctor, researcher studied ascarid and pinworms that occur in children.

As a hypothesis of research conducted in school hygiene measures, familiarization with parasitic worms , a disease that is transmitted to humans and animals , ways to fight and prevention techniques .

Subject of research: Human Health.

Object research: Parasitic worms founded in the human body.

The aim of research is a study of the peculiarities of the development of parasitic worms and methods of prevention.

Objective of research is to summarize and review of the scientific literature on parasitic worms; identifying buildings parasitic worms found in the human body and the harm ways to fight and how to prevent diseases.

Structure of the work consists of an introduction, main part , conclusion, bibliography.

Scientific innovation in the course of research to familiarize students about diseases that spread parasitic worms .

In conclusion of research revealed about the disease that occurs due to poor personal hygiene , unwashed hands before eating, maintaining of home in unclean conditions .

І. Кіріспе

Қазақстан Республикасы «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жөніндегі» кодекс бойынша айналадағы орта мен халықтың денсаулығын сақтау жөніндегі өзге де заң құжаттары санитарлық – эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы қатынастарды реттеудің құқықтық негізі болып табылады. Зерттеудің өзектілігі: «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын қайтыс болатын 50 млн. адамның ішінде 16 миллионының өлім себебі инфекциялық және паразитарлық аурулар». Бұл аурулар-  дың тобы қазіргі адамзат өлімі себептерінің ішінде жетекшілердің бірі болып отыр. Әлемдегі аурулар саны бойынша, ішек гельминтозының жұғуы дүние жүзінде үшінші орын алады. Балалардың психикалық және физикалық дамуының тежелу себептері  паразитарлық аурулар болып табылады, ересек тұрғындардың еңбек қабілеттілігін төмендетеді.  Ауру жұққан адамның ағзасында аллергия туғызып, паразиттер жұқпалы және соматикалық ауруларға қарсы тұруды төмендетеді, акцинопрофилактиканың нәтижелілігін төмендетеді. Көптеген елдерде паразитарлы аурулармен күресудің маңыздылығын ескере отырып, 2001ж. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының елу төртінші сессиясында 2010ж. дейін геогельментоздармен күрес стратегиясын мақұлдады». Зоология ғылымының паразитті құрттарды зерттейтін  саласы гельминтология деп аталады. Гельминтология (грекше helmіnts – құрт және logos – ілім) – паразит құрттар және олар тудыратын адам, жануар, өсімдік аурулары туралы ғылым; паразитология саласы. Гельминтология XVIII ғ – дың екінші жартысында қалыптаса бастады. Оның негізін салушы неміс ғалымы К.А.Рудольфи болды. Гельминттер фаунасы, жүйеленуі, даму саты –

лары туарлы алғашқы деректер дания зоологі И.Стенструп неміс ғалымдары Р. Лейкарт, Г. Кюхенмейстер тағы басқа ғалымдар еңбектерінде баяндалған. Ал, ғалым К.Н.Виноградов1891 жылымысық сорғышынан туындайтын опис-

торхоз ауруын сипаттап жазды. Қазақстанда Гельминтологияны дамыту ісіне  әйгілі гельминтолог, академик К.И.Скрябин (КСРО – дағы гельминтология негізін салушы) маңызды нәтижелерге ие болды, Республикада Гельминто –

логия саласындағы жүйелі зерттеулер Қазақ өлкелік малдәрігерлік – бакте –

риология институтында, П.Г.Панова мен Н.В.Баданиннің ғылыми жұмыс –

тарынан басталады. Зоология институтында, Тараз қаласындағы К.И. Скрябин  атындағы гельминтология лабораториясында жүргізіледі. Сондай-ақ Гельминтологиялық зерттеулер адамның, жануарлар мен өсімдіктердің паразит құрттармен зақымдануы, олардың патологиялық әсері, олардан емделу және қорғану тәсілдерін жасау бағытында жүргізілуде. Ішқұрттар адам мен жануарлардың, өсімдіктердің ағзасында паразиттікпен тіршілік етеді, олар арқылы пайда болатын аурулар ішқұрт ауруы немесе гельминтоз деп аталады. Ішқұрттың әсерінен жануарлар жаппай қырғынға ұшырауы мүмкін. Ішқұрттар адамдар үшін де өте қауіпті. Сондықтан елімізде ішқұрттарға қарсы күрес жүргізу шаралары қолға алынған.

  • Паразит құрттар және олардың тіршілік әрекеттері

Біздің ғаламшарымызда құрттардың 95000 – ға жуық түрі бар. Құрттар – жануарлардың өте кең таралған тобы. Бұлардың денесі созылыңқы пішінді, аяқтары   болмайды, алайда басын ажыратуға болады, ирелеңдеп қозғалады. Құрттар – қосжынысты жануарлар. Қос жынысты жануарларды ғылымда гермафродиттер деп атайды. Гермафродиттерге жалпақ құрттар мен кейбір жұмыр құрттар жатады. Паразиттік аурулар паразиттердің сан алуан түрлерінен туындайтын аурулар. Паразитті тасымалдаушы – аурудың клиникалық белгілерісіз паразиттік аурулар қоздырғыштарын тасымалдаушылар. Барлық паразиттік аурулар мен паразитті тасымалдау жағдайы олардың анықталған жері бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында тіркелуге, мемлекеттік есепке алуға жатады және Қазақстан Республикасы санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мемлекеттік органдары мен ұйымдары олардың есебін жүргізеді.

Таспа құрттар класы жануарлар мен адамның ішегінде, кейде басқа мүшелерінде тек паразиттікпен тіршілік ететін өте қауіпті жәндіктер. Бұлар –  дың сыртқы пішіні таспа тәрізді әрі жалпақ, әрі ұзынболғандықтан, таспа құрттар деген атауға сай  келеді. Таспа құрт, сорғыш құрттар денесінің сырты тегумент  деп аталатын  кутикулалы қабықпен қапталған. Паразитті тіршілік ететін жалпақ құрттардың терісіндегі эпителий клеткалары кутикула қабығын түзетін ерекше заттар бөледі.Таспа құрттардың дене тұрқы мм – ге же – тер жетпес, кейде 30 метрге дейін жетеді.  Таспа құрттардың 3000 – нан ас –  там түрі белгілі.  Паразиттік тіршілікке байланысты таспа құрттарда аcқоры –  ту мүшесі жоқ, сондықтан иесі пайдаланатын қоректі бүкіл денесі –

мен сіңіреді. Паразиттік тіршілікке негізгі бейімділігі:

  • денесін қорғаныш қабықша қаптайды
  • иесінің денесіне бекінетін арнаулы мүшесі – сорғышы мен қармақшалары бар.
  • жүйке жүйесі нашар дамыған, сезім мүшелері болмайды.

Таспа құрттардың көбею айналымы:

жұмыртқа –  қармақшалы дернәсіл  –  финка (екінші дернәсіл)  – ересек таспа  құрт.  Финка негізгі иесінде дамиды, оның қармақшалы және сорғышты басы, қысқа мойны,  көпіршік тәрізіді денесі болады. Финканың мойнынан буылтықтар пайда болып, олардың саны 1000 – ға жетеді. Адам денесінде паразиттік ететін,  ұзындығы 15 – 20 м жалпақ қияққұрттың 3000 – 4000 буылтықтары болады екен.Таспа құрттар өте көп жұмыртқа салады.

ІІ. Зерттеу бөлімі

2.1. Жануар организмінде кездесетін паразит құрттар

Төрт  түлік әсіресе қой мен сиыр ылғалды жайылымда жайылған кезде оттыға алмай, денсі қызып, ісініп, арықтау салдарынан бауыршірік  ауруына (ғылыми атауы – фациолез) шалдығады. Бұл ауру тудырушы паразит – бауырсорғыш мал бауырында тіршілік етеді. Дене тұрқы 3 – 4 см, жапырақ пішіндес жалпақ құрт. Бауырсорғыштың алдыңғы сорғышында аузы болады, ол жұтқыншаққа жалғасады да,одан әрі ішек тармақтарына айналады, ал екінші – құрсақтағы сорғышымен иесіне бекінеді. Бауырсорғыш иесінің қанымен және бауыр жасушалырамен қоректенеді.

Омбы қаласында 1884 жылы мысықта, ал 1891 жылы адамда табылғын

Мысық сорғышы көбінесе мысық пен иттің бауырында паразиттікпен тір –

шілік етеді. Сол себепті ол мысықсорғыш немесе сібір қосезуі деп аталады. Дене тұрқы 1 мм, жұмыотқасы өте ұсақ сары түсті.

Онша қауіпті болмаса да ірі қара  мен ұсақ малдарды аздыратын дикро -целиоз ауруының қоздырғыш – таспаша сорғыш та шөпқоректі жануар –  лардың бауырын зақымдайды. Таспаша сорғыштың негізгі иесі (шөппен қректенетін жануар), аралық иесі (құрлық ұлуы) және қосымша аралық иесі (құмырсқа)  болады.

   Сиыр цепені (Taeniarynchus saginatus)   паразиттік тіршілікке  ерекше бейімделген құрттардың бірі. Ересек цепень адам  ішегінде мекендейді де, дернәсілдері мүйізді   ірі қараның денесінде дамиды, сондықтан сиыр цепені  деп аталады. Сиыр цепенінің дене тұрқы 10 метрге дейін жетеді.Оның таспа тәрізді ұзын денесі 1000 – нан астам бунақтардан құралады. Денесінің алдыңғы жағында кішкене басы және қысқа мойны болады. Басында ішекке бекінетін бұлшықетті 4 дөңгелек сорғыштары бар. Сиыр цепенінің бунақта -рының үлкендігі дененің әр бөлігінде бірдей болмайды. Мысалы, мойнында – ғы бунақтар – қысқа, дененің ортаңғы бөлігінде – шаршы, дененің соңғы бө – лі гіне қарай бунақтар ұзарып, ені тарыла түседі.

   Эхинококк – көпіршік тәрізді финкасы қой, сиырда, кейде адамның бауыры, өкпесі, ,үйрегінде паразиттікпен тіршілік ететін таспа құрттың бірі. Оның көпіршік тәрізді дернәсілінің мөлшері жаңа туған баланың басындай болады. Бұдан пайда болған ауру шемен немесе эхинококкоз деп аталады. Эхинококкозбен ауырған сиырдың бауырындағы көпіршік тәрізді финканың салмағы 12 кг жеткені әдебиеттерден мәлім.Демек, бұл –  қауіпті ауру. Ересек эхинококк қасқыр тұқымдас жыртқыштардың қарнында тіршілік етеді және иесіне залалы жоқ. Оның тұрқы 2 – 6 мм аспайды.

  Мида тіршілік ететін құрт. Етпен қоректенетін ит тұқымдастардың: иттің, қасқырдың, түлкінің тағы басқаларының ішегінде  дене пішіні 40 – 100 см болатын, ені 5см таспа құрт тіршілік етеді. Оның 200 – 250 бунағы, 22 – 23 ілмектермен қаруланған сорғышы бар басы болады.

Паразиттің дернәсілі қойдың миында немесе жұлынында тіршілік етеді. Сондықтан бұл құртты ми

құрты деп атайды. Ми құртының личинкасы ценур деп аталады. Ценур кей – бір жұп тұяқтыларда кездеседі.

Жыртқыш жануарлардың ішегіндегі құрттың дернәсілі  қой миынан табы – луы еріксіз көңіл аударады. Өйткені қойлар тек шөппен қоректенсе де, сол шөптің үстімен ит тұқымдас жануарлардың жүріп өтетіндігі екінің біріне аян.    Аурудың сыртқы белгісі ценурозаның  миға орналасқан жеріне, көпіршіктер санына және қойдың қандай күйге түскеніне байланысты анықталадыЕгер ценур мидың маңдай бөліген орналасса қой екпіндей жүгіреді немесе басын кез келген затқа тіреп, ұзақ тұрып қалады. Егер мидың самай және төбе бөліміне орналасса, онда қой тынымсыз айнала береді. Қойдағы ценуроз ауруын халық «айналма» деп атайды.  Айналмамен ауырған қойға ем қонбайды, сондықтан аурудың алдын алу үшін ауырған қойдың басын ит немесе басқа жыртқыштар жей алмайтындай етіп жерге терең көму керек.

2.2 .Адам организмінде кездесетін паразит құрттар.

        Таспа құрттар класы – жануарлар мен адамның ішегінде, кейде басқа мүшелерінде тек паразиттікпен тіршілік ететін өте қауіпті жәндіктер. Бұлар –  дың сыртқы пішіні таспа тәрізді әрі жалпақ, әрі ұзынболғандықтан, таспа құрттар деген атауға сай  келеді. Таспа құрттардың дене тұрқы мм – ге же – тер жетпес, кейде 30 метрге дейін жетеді.  Таспа құрттардың 3000 – нан ас –  там түрі белгілі.  Паразиттік тіршілікке байланысты таспа құрттарда аcқоры –  ту мүшесі жоқ, сондықтан иесі пайдаланатын қоректі бүкіл денесімен сіңіре –  ді. Паразиттік тіршілікке негізгі бейімділігі:

  • денесін қорғаныш қабықша қаптайды
  • иесінің денесіне бекінетін арнаулы мүшесі – сорғышы мен қармақшалары бар.
  • жүйке жүйесі нашар дамыған, сезім мүшелері болмайды.

Таспа құрттардың көбею айналымы:

жұмыртқа –  қармақшалы дернәсіл  –  финка (екінші дернәсіл)  – ересек таспа  құрт.  Финка негізгі иесінде дамиды, оның қармақшалы және сорғышты басы, қысқа мойны,  көпіршік тәрізіді денесі болады. Финканың мойнынан буылтықтар пайда болып, олардың саны 1000 – ға жетеді. Адам денесінде паразиттік ететін,  ұзындығы 15 – 20 м жалпақ қияққұрттың 3000 – 4000 буылтықтары болады екен.Таспа құрттар өте көп жұмыртқа салады.

Адам ішегінде тіршілік ететін таспа құрттардың

бас бөлігі мен бунағы:

1.Шошқа цепені (Taenia solium)

а – қармақша, ә – сорғышы, б – мойны

  1. Сиыр цепені (Taeniarynchus saginatus)
  2. Жалпақ қияққұрт (Diphyllobothrium latum)

Тазалық сақтамайтын, салақ адамдар қолайсыз жағдайларда өздеріне сиыр цепенінің жұмыртқасын жұқтырып, оның дамуына жағдай туғызады. Бұл адам үшін өте қауіпті, егер жұмыртқа қан арқылы көзге дейін жетіп, одан финка дамыса, адам соқыр болып қалады. Жұмыртқаның мида дамуы да ықтимал, ондайда дамыған финканың әсерінен адам кенеттен дүние салуы да мүмкін. Мұндай жағдай көбінесе шала пісірілген шошқа етінен жиі жұғады, пайда болған ауру цистицеркоз немесе финноз деп аталады.

Ішексорғы (аскарида – (ascarididae)) – нематода класына жататын паразиттік жәндік. Ересектерден гөрі жасөспірімдер мен балалардың аш ішегінде орнығатын,екі ұшы да сүйірленіп келген, дене тұрқы 20 см – ге дейін жететін ақшыл немесе сарғыш түсті жұмыр құрт ішексорғы деп аталады. Ішексорғының адамда паразиттік тіршілік ететін бір түрі  –

Ascaris lumbricoides.

Ішексорғының алдыңғы ұшында аузы, соңғы бөлігінде аналь тесігі (артқы тесік) болады.Аналь тесігінен кейінгі дене бөлігі құйрық деп аталады. Ішексорғының аузында үш ерні бар, құрт сол еріндері арқылы ішектің қабырғасына қадалып, зақымданған жерінен қан сорады.   Ішексорғының қорегі түтік тәрізді ішекке өтеді. Ішек үш бөліктен құралады: алдыңғы, ортаңғы және соңғы. Қорытылған қоректі ішектің қабырғасы сорып, дене қуысын толтырып тұрған  сұйықтыққа жеткізеді де, оны дененің жасушалары сіңіреді.   Ішексорғыда қанайналым және тынысалу мүшелері болмайды.Сезім мүшелері өте нашар дамыған, дененің алдыңғы жағында терілегі ойықта химиялық сезім мүшесі болады. Ішексорғыда көз болмайды.

Ішексорғылар – дара жынысты жәндіктер. Аналығынан аталығы қысқа болады және аталығының құйрық бөлігі ішке қарай имектеніп тұрады. Ішексорғының аналығында екі  Жұмыртқабез, ал аталығында бір аталықбез  орналасады. Ұрықтанған жұмыртқалар ішекке бөлініп шығып, қорытылмаған тамақ қалдығымен бірге сыртқа шығып қалады. Ондай ортаға түскен жұмыртқалар (олардың саны 200 000 – ға дейін жетеді) бірнеше күннен соң қолдың кірі немесе жуылмаған көкөністерден, су, тамақ арқылы адамның аузына түсіп, ішекке өтеді. Ішекте 10 -20 күнде дернәсілдері  жұмыртқаларды  жарып дамиды. Ол ішек қабырғасын тесіп өтеді де, қанмен бірге бауырға өтіп, жүректің оң жартысына барады, одан өкпе артериясы арқылы өкпе альвеолдарына келеді. Альвеолдан кеңірдекпен көтеріліп ауызға шығады. Сілекеймен жұтылып, екінші рет ас қорыту жолына түскен соң,  аш ішекке бекініп 2 – 2,5 айда ересек ішексорғыға айналады. Адам ішінде бірден бірнеше жүзге дейін ішексорғы кездеседі. Ішексорғының паразиттік

тіршілігінен болатын ауруды адамда бөсір (аскаридоз) деп атайды.

Адамға өте қауіпті. Жұмыр құрттарға жататын анкилостома дуоденале (кривоголовка) құрты – адам өмірі үшін өте қауіпті.

Бұл паразиттің дернәсілі топырақтың жылы қабатында тіршілік етеді. Егер қыздырынуға жатқан адам

денесінің жылуы паразит дернәсіліне әсер етсе, онда дереу топырақтан шығып, адамның терісіне енгенін кісі сезбей қалады. Бұл құрттың әсерінен болған ауруды анкилостоматоз деп аталады. Адам денесінде 3500 анкилостома жайлайтын болса, бір тәулікте адам қанының 250 грмаы жойылады. Егер паразиттің өте көп мөлшері адамға жұққан болса, онда қандағы гемоглобин саны 75% – 82% дейін кемиді. Сөйтіп қан азаю салдарынан адам өліп кетуі мүмкін.

Үшкірқұрт (Enterobius vermicularis)  – адамның тоқ және тік ішегінде болатын паразит құрт. Үшкірқұрттың денесі кутикуламен қапталған. Аналығының ұзындығы 9 – 12 мм, үш қабат ерінмен қоршалған аузы болады.

Жұмыртқасы түссіз, ұзындығы 0,05 – 0,06 мм, ені 0,02 -0,03 мм. Аталығының ұзындығы 2 -5 мм, құйрығы шиыршықталып тұрады. Ұрықтанған үшкірқұрт тік ішекке жұмыртқа (12 мыңдай) салады. Бұл кезде жұмыртқа толық жетілмегендіктен жұқпайды. Сыртқа шыққан жұмыртқа 4 – 6 сағатта (34º – 36ºС – та және ылғалды жерде) жетіледі де, денені қышытады. Оны қасығанда тырнақ астына жабысып, қайтадан ауызға түседі. Ол аш ішекке,

бүйенге  және соқыр ішекке өтіп, оларды қабындыру арқылы соқыр ішек ауруына шалдықтырады.Үшкірқұртты дер кезінде жоймаса, адамды энтерибоз ауруына шалдықтырады. Ауырған адамның ұйқысы қашып, ашуланшақ болады, асқазан, ішек қызметі бұзылады.  Үшкірқұрт ауру адам және шыбын арқылы  жұғады. 

Суыртқы – жұмыр құрттың тағы бір түрі.Оның ұзындығы 150 см, жуандығы 1,5 мм. Бұл адам үшінөте қауіпті паразит, бұрын Бұхара маңында өте көп таралған. Суыртқының аналығы көбінесе адамның аяқ терісінің астында тіршілік етеді, солкезде аяқтың терісі қышып, қызарады және ісініп, соңы іріңді жараға айналады. Суыртқыны жарадан жіңішке шырпыға орап суырып алады, сондықтан құртты суыртқы деп атайды.

Бұл Иранда, Үндістанда және Африкада көп кездеседі. Оның көбею айналымы: адам аяғын хауыздағы суға жуғанда, аналық суыртқының дернәсілі суға түседі де, оны циклоп жұтып  (циклоп – суыртқының аралық иесі) ал ішінде дернәсілі бар циклопты су ішкен кезде адам жұтуы мүмкін. Адамның ішіне түскен дернәсіл қан арқылы аяқтағы терінің  астына жетіп, 8 -10 айда  ересек суыртқыға айналады. Бұл ауру адамды әбден қажытады. Ауру  дракунлез деп аталады.

Трематодтар класына жататын құрттардың көпшілігі адам мен жануарларда паразитті тіршілік етеді. Трематод грек сөзі, оның қазақша баламасы  “сорғыштары бар”  деген сөз. Шистозоматид тұқымдасы құрттардың негізгі белгілері: олар ең алдымен дара жынысты болып келеді. Бір қызығы аталығы мен аналығы үнемі бірге болады. Трематодтың шистозоматид деп аталуы да сондықтан, яғни шисто – қосарланған, зома – дене, сонда бұл құрттартұқымдасын қосарланған денелілер десе де болады. Бұлардың тіршілік етуінде де ерекшелік бар. Аталығының бауыры денесін бойлай тілік сай сияқты болады да, аналығы сол сайға орналасады. Аналығы аталығынан едәуір ұзын болады. Шистозоматидтерде бір ғана ірі жұмыртқа болады. Жұмыртқаның бір жақ ұшында   қылтанағы бар, сол қылтанағының көмегімен иесінің денесін тесіп сыртқа шығады.

Адам қанында паразиті тіршілік ететін қос денелі құрттың бірі қан шистозомасы немесе айыр дене деп аталады. Оны неміс ғалымы Бильхард 1852 жылы Египетте жұмыс істеп жүрген кезінде сипаттап жазған. Қан шистозомасы көбінесе құрсақ қуысы мен қуық вена тамырларында орын тебеді. Сөйтіп, қантамырлардан ішекке немесе қуықтан зәр шығару жолына түскен жұмыртқа нәжіс немесе несеппен бірге сыртқа шығып қалады. Кірпікшелі дернәсілге айналған күйінде тұщы су ұлуының денесіне (аралық иесі) өтіп, дами келе   құйрықты дернәсіл  күйінде ұлу денесінен суға шығады да, негізгі (адам, құс т.б.) иесінің денесіне қадалады.  Олардың әсерінен зәр шығару мен тыныс алу жүйесінің жұмысы бұзылады. Қуықта тас пайда болып,науқастың несебімен бірге қан ағуы мүмкін. Әсіресе күріш егетін адамдардың қолының немесе аяғының  терісіне еніп алып, құйрығын тастайды да, ересек айырденелі сорғышқа айналады. Бұл ауруды шистозомоз

ауруы деп атайды. Шистозомоз ауруы Азия, Африка  және Оңтүстік Америка елдерінде кең тараған. Мысалы,  біздің эрамызға дейінгі 1300 жылдан бері сақталған египет мумияларынан ізбестенген шистозом жұмыртқасы табылған. Оның тұрқы 10 -15 мм.

Табиғатта қосарланған денелі қан паразитінің тағы бір көңіл аударатын түрі тіршілік етеді. Бұл түрі дерматит деген ауруды тудыруға себепші болады. Бұл аурумен көбінесе балықшы лар, суда жүзгіштер, жалпы суда жұмыс істейтін адамдар жиі ауырады. Халық бұл ауруды “су қышымасы”деп атайды. Өйткені суға шомылған адам денесінде бұл аурумен ауырса, терісіне қызыл бөрткендер қаптап, қышитын болады. Әсіресе су құстары көп жүретін су қоймаларына шомылғанда дененің қышуын жиі байқауға болады.      Дерматит ауруы АҚШ – та кең таралған. Қазақстанның кейбір аймақтарында кездеседі. Әсіресе оны тоспа су қоймаларынан кездестіруге болады.

2.3. Паразит құрттардың көбеюі мен дамуы

Сиыр цепенінің тіршілік айналымы өте күрделі: көпшілігі бірнеше иелерді алмастыру арқылы өтеді. Негізгі иесі адамнан жерге түскен құрттың жұмырт қалары шөпке жабысып, оны жеген сиырдың қарнына түседі де, өте ұсақ  дернәсілдерге айналады. Сиыр – сиыр цепенінің аралық иесі. Дернәсіл дердің өткір алты қармақшасы болады, сол қармақшаның жәрдемімен қарынның қа – бырғасын тесіп, қанға өтеді де, сиырдың бүкіл денесіне тарлады. Бұлшықет -терге орныққан дернәсілдер мөлшері кішірек асбұршақтай көпіршікке – финкаға айналады.

                   Шошқа мен сиыр цепенінің даму айналымы

Бауырсорғыш көбею барысында екі иеге: негізгі ие – сиыр, қой және аралық ие – кішкене тоспаұлу денесінде тіршілік етеді.

Бауырсорғыштан мысық бауырсорғышының ерекшелігі  – негізгі иесінен басқа екі  ара – лық иесі болады. Сорғыштың жұмыртқасы судағы былқылдақдененің (бірін –  ші аралық ие) ішіне түсіп, дамиды да, құйрықты дернәсілі суға шығысы мен тұқы тұқымдас балықтардың (екінші аралық ие) терісіне қадалады. Осылай зақымданған балықты жеген мысық,ит (негізгі иесі) сорғыш құрттың әсерінен описторхоз ауруына шалдығады.

Балықтан жұғатын белдікқұрт та, жалпақ қияққұрт та адам үшін қауіпті паразиттер. Белдікқұрттар шағалада, ал жалапақ қияққұрттар адамда паразиттік тіршілік етіп, ауруға душар етеді. Бұлардың аралық иесі балық. Балық кейде негізгі иесі де болады.
Миқұрттың даму айналымы. Жыртқыштар ішегіндегі құрттың жұмыртқа -сын нәжісі арқылы таратады. Жұмыртқа шөппен бірге қойдың қарнына түседі де, оның қабырғасындағы қантамырларын қуалай жылжып миға жетеді. Миға барған жұмыртқа  ми құртының личинкасына – ценурға айналады. Ценур дегеніміз үлкендігі кептердің жұмыртқасындай, ішіне сұйықтық толған көпіршік. Оның ішкі жағында ақшылдау келген білеушелер болады, бұл ценурдың бастары, олардың саны кейде жүзден асады. Мұндай ауруды ценуроза деп атайды.

2.4. Паразит құрттарды анықтаудың әдіс – тәсілдері

Паразит құрттар адам организмі үщін өте қауіпті. Сондықтан бұл құрттар кез келген адамда кездесуі мүмкін, бірақ біз оларды байқамай өз алдымызға өмір сүріп жүре береміз. Сондықтан да өз денсаулығымызға немқұрайлы қарамайық,  өз уақытында дереу дәрігердің көмегіне жүгінуіміз қажет. Жыл сайын тексеруден өтіп отырған абзал. Олардың санын жыл сайын азайтып отыру керек, ол үшін мектеп қабырғасында оқып жүрген оқушылар арасында осы құрттар туралы мәліметтер беріп, ең бірінші жеке бастың гигиенасын,  тазалықты сақтау керектігі жайлы да айту керек.

Мені  осы құрттар туралы қызықтырғаны, адамда кездесетін паразит құрттарды қалай анықтайтындығы болды. Ол үшін мен Қордай ауданы тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының паразитолог – зерттеушісі Адильчеева Рита Абдильдахановнаның жасаған тексеру жұмыстарына қатыстым. Ол балалардың организмінен  ішексорғы мен үшкір құрттардың жұмыртқалары бар ма екенін тексерді. Ол үшін олар Рабинович әдісін қолдана екен. Гельминттердің жұмыртқасын ағаш шпательмен тік ішек айналасынан алып, микроскоп астында қарайды.

Осы зертханалық жұмысты мынадай  құрал – жабдықтармен жасайды:

Шыны таяқшалар, арнайы желім (клеол – 10г, кастерленген май – 2,5г, этил эфирі 96,5 % – 2,5г)

Тексеру барысы:

Шыны таяқшаларды желімге батырып, мөлдір желімді жабын пайда болғанға дейін ауада құрғатады;

Таяқшамен тік ішек айналасына тигізіп, заттық шыныға жағып екі жағынан микроскоп астында тексереді.

Келесі әдіс – Калантарян – Фюллеборн әдісі бойынша жұмыр құрттарға жататын анкилостома, ішексорғы т.б. құрттарды анықтайды екен.

Бұл  зертханалық жұмысты мынадай  құрал – жабдықтармен жасайды:

Мөлшерлік көлемі көрсетілген шыны банка, заттық шынылар, ағаш шпательдер, шыны таяқшалар, флатоционды арнайы ертінді, 50% глицерин ерітіндісі. NaNO3 ерітіндісін мынадай қатынаста дайындайды: 1л ыстық су,  NaNO3 – 0,9 кг: NaСІ ерітіндісі : 400г ас тұзын 1л суға ерітіп, қыздырады және фиьлтрлейді.

Тексеру барысы:

  • 2,5 – 5г нәжісті тұзды ерітіндімен араластырады (1 : 20)
  • Оған заттық шыныны салып, қосымша ерітінді қосып құяды. Жұмыртқалар заттық шыныға қалқып шығады.
  • 45 минуттан соң NaСІ ерітіндісін, 25 минуттан соң NaNO3 ерітіндісін пайдаланып, заттық шыныны алады.
  • Заттық шыныға жағылған жабынды пленкаға глицериннің бір тамшысын тамызып, микроскоп астында зерттейді.

Нәтижесі: алғашқы 10 минутта анкилостома жұмыртқасы 40 – 50% дейін, ішексорғы жұмыртқасы 50 – 80 % дейін қалқып шығуы мүмкін екен.

2.5. Паразиттік жұқпалардың айқын белгілері:

Паразит құрттарды адам өзіне жұқтырғанын қандай белгілерден білуге болатынын аудандық балалар емханасының дәрігері Батырова Жанна Жұмәділқызының қабылдауына қатысып білдім. Зерттеу әдістерінің талдамасынан кейін науқас адамдар дәрігердің қабылдауында болып, кеңестер мен емдеу шараларын алады.

Іш қату. Құрттар өздерінің пішіндері мен мөлшерлері арқылы ішектің өту жолдарын жауып қалады.Олардың көбеюі өт пен ішектің өзектерін бітеп тастауы мүмкін, ал бұл үлкен дәретке отыруды қиындатады.

Іш өту. Кейбір паразиттер, әсіресе, қарапайымдар  гормонтектес заттар бөледі, ал бұл натрий және хлоридтерді  жоғалтуына әкеледі.

Іштің кебуі. Ал кейбір паразиттер аш ішектің жоғары бөлігінде кездесуі іштің кебуіне әкеліп соқтырады. Бұл бұршақ түрлерін, жемістер немесе көкөністерді пісірмей жеу барысында байқалады.

Бұлшықет және буындардың ауруы. Паразитті құрттар адам организмінде өздеріне қолайлы орындар іздеп, мысалы, буын сұйықтығына немес бұлшықеттерге де орнығады. Мұндай жағдайда  буынның ауруы байқалып, артрит ауруы пайда болады. Буын мен бұлшық еттердің ауруы мен қабынуы, паразиттік құрттардың ұлпаларды зақымдануынан  болады.

Дене терісін зақымдау. Ішек паразиттері теріде бөртпелер, экземалар және тағы да басқа аллергиялық ауруларды тудыруы мүмкін.

Қаназдық (анемия) ауруын кейбір ішек паразиттері ішектің сілемейлі қабығына жабысып,өз иелеріндегі дайын тағамдық заттармен қоректеніп, у бөледі. Олардың өте көп мөлшерде болуы, қан жоғалтуға және темірдің жетіспеушілігін тудырады. Қаназдықты қан жасушаларымен қоректенетін  трихомонада немесе басқа құрттар да тудыруы мүмкін. Трихомонада сперматозоидтармен  қоректенуі мүмкін, ал бұл бедеулікке әкеліп соқтырады.

Жүйкенің қозуы. Паразит құрттардың зат алмасу өнімдері  мен токсиндік заттары орталық жүйке жүйесін тітіркендіреді.

Ұйқының бұзылуы. Түн ұйқысының бөлінуі, әсіресе түнгі сағат 2 мен 3 арасында. Кейбір паразит құрттар тік ішектен сыртқа шығып, жағымсыз жағдай немесе қышынуды туғызады. Гемморой ауруының бір себебі, паразит құрттың (үшкірқұрт) тік ішек қабығында дамуы болып табылады.

Тісті қайшылау. Бруксизм – тісті тістеніп қайшылау паразиттер әсерінен болады. Бұл көбінесе, ұйықтап жатқан балаларда кездесетін жағдай.

Созылмалы шаршау. Созылмалы шаршау белгілері: тұмаумен ауырған кездегі белгілерге ұқсастық, зеректік пен есте сақтаудың төмендеуі.

Иммундік жүйенің бұзылуы. Паразиттер иммуноглобулин А бөлінуін төмендету арқылы иммундік жүйені әлсіретеді. Сонымен қатар  олар артық салмақтық, ауыздағы жағымсыз дәм мен  иіс, безеулердің шығуы, астма, диабет, эпилепсияның болуына да әсер етуі мүмкін. 

2.6. Күресу шаралары

Адам мен ауыл шаруашылығы малдарын паразиттік құрттардан құтқарудың мынадай әдістері белгіленді:

  1. Ішқұрт таратушыларды паразиттерден құтқару, яғни ішқұрттарды жою;

2.Сыртқы ортадағы ішқұрттарды жою; ол мыналарды қамтиды;

а) көңді биотермиялық жолмен зиян келтірмейтіндей ету, мұндайда көң     дұрыс төгілсе, бактериялардың тіршілік әрекетінен температура +50ºС тіпті +70 ºС – ге дейін көтеріліп, ішқұрттардың жұмыртқасы мен дернәсілі өледі;

ә) адам нәжісіне шымтезек немесе жылқының тезегін салып өңдеу;

б) мал жайылымын жүйелі түрде алмастыру;

в) сойылған малдың ұшасымен ет өнімдерін малдәрігерлік тексеруден өт       кізіп, тазалығын анықтау.

Мектептерде ішқұрттардың жұмыртқасы таралмас үшін ай сайын оқушыларды дәрігерлік тексеруден өткізу – міндетті іс. Сондай – ақ тазалық сақтау: тамақтану алдында міндетті түрде қол жуу, көкөініс пен жеміс – жидектерді 5 минут ағынды судың астында  жуған соң ғана тамаққа пайдаланып, суды қайнатып ішу. Әжетханаға әр бір барғаннан кейін міндетті түрде қол жуу керек. Жерге түскен ойыншықтарды балаға аузына салғызбау керек.

Паразиттің аралық иесі ұлу болғандықтан, оны да жою аурудан сақтандыру тәсілі болып табылады. Организмдегі паразитті тазарту үшін ем жасау, ішекқұрттарды жою (дегельминитизациялау) құрттардың зиянды әрекетінен құтылудың негізгі тәсілі.

Ішек құрты ауруына шалдыққан бала қасынғанда ішек құрты жұмыртқаларын саусақтарына ілестіріп алып, оны көрпе – жастық арқылы басқаларға жұқытрудан сақтандыру үшін, ұйықтаған кезде балаға ауы ашық  киім кигізбеу керек. Әр күні іш киімін ауыстырып тұру, сондай – ақ  қайнаған сумен іш киімін дезинфекциялау арқылы алдымен ішек құртының жұмыотқаларын жойып, одан соң іш киімін жуған жөн. Төсек кірлік, көрпе – жастықтарды үнемі жуып, жел қақтырып күнге жайып тұру керек. Бала таңертең орнынан тұрған соң   қолын тазалап жуып, ішек құртының жұмыртқаларымен жұғудың орайын азайтуымыз керек.

Ішекқұртына қарсы әсер ететін халық медицинада қолданылатын дәрілер:

Анар тамыры (Pomeqranate)

Жинау және өңдеу әдістері: күзде тамырын қазып алады.

Емдік қасиеті: ащы дәмді, жылы райлы келеді. Құрт өлтіреді. Басты ем болатын аурулары: жұмыр құрт, таспа құрттарды түсіреді, іш ауруға, дизентерияға ем болады.Жұмыр құртты түсіруге анар тамыр қабығы18 г – ды қайнатып 3 – ке бөліп ішеді.  Әрбір жарты сағатта бір рет ішу керек.

Басты құрамы: қабық сілтісі және майлы заттар бар.

Асқабақ еті. Құрт түсіруге; шикі асқабақ етінен ересектерге 500г, балаларға 350г жегізеді.  2 сағаттан кейін іш айдайтын дәрі ішкізсе, құртты айдап түсіреді.  Жалғасты 2 күн ішу керек.

Асқабақ тұқымы.Таспа құртты түсіруге: асқабақ дәнінен 60 – 120 г- ды суға қайнатып ашқарында  дәнімен қоса ішеді.

Жұқпалы аурулармен ауырғандар, жұқпалы аурулармен ауырады деп күдік туғызатындар және бактерия таратушылар оқшауландырылуға және ауруханада емделуге жатады, жұқпалы аурулармен қарым-қатынаста болған адам медициналық қадағалауға алынады, қажет болған жағдайда оқшауландырылады және емделеді. Халықтың денсаулығын қорғау жұқпалы және паразиттік ауруларды болдырмау кәсіптік аурулар мен уланулардың, бақытсыз оқиғалардың алдын алу мақсатында кәсіпорындардың, мекемелердің , ұйымдардың қызметкерлері мен азаматтары алдын ала және мерзімдік бақылаулардан, арнайы медициналық тексерулерден өтеді.   Сонымен қатар топырақ пен суды нәжіспен ластамау, тамақтарды шыбыннан қорғаудың да  ролі зор.

Гельминтозға күдіктенген жағдайда міндетті түрде дәрігерге көріну.

                Ішекқұртына қарсы кең ауқымда әсер ететін дәрілер

Ішек құртарының тіндік тыныстауын бұзады және ішек құртының цитоплазматикалық микротүтікшелерінің  дегенерациясын туындатып, глюкозаның жойылуын кедергі жасайды, энергоалмасуды төмендетеді. Тіндерде АТФ түзілуін азайтады, сол арқылы бұлшықеттердің қайтымсыз салдануын және паразиттердің қырылуын туғызады.

ІІІ. Қорытынды бөлім

Ұрпақ салауаттылығы – ұлт болашағы. Еліміздің әрбір  азаматы өз ұрпағының салауатты өмір салтын қалыптастырғанын қаласа, ең алдымен әрбір адам денсаулық жайында білімді болғаны абзал. Адамның денсаулығына қоршаған орта жағдайларының әсері зор. Адамға дем алатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамының таза  болуының маңызы ерекше. Адамның мұқият ойланбай жасаған кейбір іс – әрекетері денсаулығына зиянды.

Ішекқұрттарының көпшілігі жабайы және үй жануарларының ішкі мүшелерінде тіршілік етеді. Ішек құрт аурулары кейде сырттай білінбегенімен,  адам ағзасына көп нұқсан келтіреді. Тамаққа пайдаланатын жануар немесе балық еттерін толық пісіргенде, ауру таралмайды. Мұндайда аурудың алдын алу – ең маңызды іс. Паразит құрттардан сақтану жолы – тазалық сақтау: тамақтану алдында міндетті түрде қол жуу, көкөністер мен жемістерді тек жуған соң ғана пайдаланып, суды қайнатып ішу. Адам денсаулығына өмір сүру салтын ұстануы да әсер етеді. Дұрыс тамақтанбау, жеке бастың гигиенасын сақтамау және т.б. жағдайлардан адам  денсаулығы бұзылады. Сонымен бірге көпшілік орындарда (мектепте, аулада т.б.) да гигиеналық талаптар қатаң сақталуы тиіс.

Денсаулық – адам өмірінің бағалы заты. “Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде” – демекші, өз денсаулықтарыңызды сақтаңыздар!

Микроскоппен жұмыс. Таспа құрттың жұмыртқасын зерттеп, бақылау.

-«Паразит құрттар және олармен күресу шаралары» деген тақырыптағы ғылыми – шығармашылық жұмысы туралы

Пікір 

«Паразит құрттар» тақырыбы мектеп бағдарламасында оқушылардың ұғым – түсінігіне сай терең, жан – жақты талданбайды. Паразит құрттардың тіршілігі, құрылысы, кездесуі және зияндылығы жайлы зерттеген Қ.Е.Арғынованың  өз зерттеу жобасының арқау етіп алған жұмысының маңыздылығы мен құндылығын арттыра түседі.

Жұмыста паразит құрттардың жануар және адам организмінде кездесетін түрлері, көбеюі мен дамуы, жұқтырудың айқын белгілері, олар тудыратын әр түрлі аурулардың пайда болуы, зерттеу әдіс – тәсілдері, күресу шаралары туралы нақты материалдарды  келтіре отырып өзекті мәселерді  көтере жазған.

Қ. Арғынова  арнайы мамандармен кездесу жүргізіп, көптеген ғылыми әдебиеттер мен кітаптар  оқып шығып, оны талдап, тұжырымдап қорытқандығы көрініп тұр.

Жұмыс мазмұны мен қорытындылары паразит құрттарды зерттеген көптеген ғалымдар еңбегімен сәйкес келеді. Оқушы жан – жақты ізденіс жасап, қорытынды жасай білген. Оның келтірген әрбір мәліметі дәйекті түрде дәлелденіп, зерттеу жұмысында көрсеткен.

Бұл жұмыстың тағы бір артықшылығы – мектеп оқушылары бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру, санитарлық – гигиеналық шаралармен таныстыруға мүмкіндігі мол.

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ  КҮНДЕЛІГІ

Мерзімі Жүргізілген жұмыстар Ескерту
қыркүйек Тақырыпты таңдау, мақсаты, өзектілігі, бағытын жоспарлау Жалпы құрттар типі бойынша мәліметтер жинақталып, тақырыбына талдау жүргізілді.
Қазан

қараша

Паразит құрттар және олардың тіршілік әрекеттері туралы мәліметтер жинау

 

Ақпараттарды сараптау кезеңінде материалдардың жазылу негіздеріне көңіл аударылды
Желтоқсан

қаңтар

Аудандық орталық балалар емханасының дәрігері мен СЭС мамандарымен кездесу Паразит құрттардың жұғуы және әртүрлі аурулардың пайда болуы, оларды тексерудің әдіс – тәсілдері  жайлы мәлімет жиналды.
Қаңтар Зерттеудің нұсқасын құру Зерттеудің нұсқасын құру кезінде паразит құрттардан сақтану шараларына назар аудардық. Зерттеуші – паразитологтың әдіс – тәсілдері, педиатр дәрігердің кеңестері толық енгізілді. Елбасының халыққа Жолдауындағы басты сөздеріне тоқталдық.

 

You May Also Like

Анализ собственных наименований продовольственных товаров, научная работа

Тема:    «Анализ наименований продовольственных товаров на примере  магазина «Роза» Рецензия На конкурсную…

Жанкент қаласы, ғылыми жоба

Тақырыбы:  Жанкент – ұлылар өмір сүрген қала Жоспары  Кіріспе: Ортағасырлық Жанкент қаласы.…

Кәрібай Мүрсәлімұлының ақындық жолын зерделеу, ғылыми жоба

Тақырыбы:                       …

Тәттінің пайдасы мен зияны, ғылыми жоба

Тақырыбы:  Тәттінің пайдасы мен зияны  Бағыты:  медицина                                            ПІКІР Оқушының   «Тәттінің…