Аннотация

2017 жылы 12 сәуірде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарық көрді.  «Рухани жаңғыруды» жүзеге асырудағы басым бағыттардың бірі – Қазақстанның киелі жерлерінің географиясын әзірлеу. Басты мақсат – туризмді дамыту.

Аталған жоба аясында Қазақстан өлкетанушыларының «Туған жер» деген бірлестігі құрылды. Олар киелі орындарда далалық зерттеу жұмыстарымен айналысуға атсалысып, ғалымдарға қажетті ақыл-кеңестерін берумен айналысатын болады.

Далалық зерттеу жұмыстары 6 бағытта жүргізіледі:

  1. Солтүстік Қазақстан: Қостанай, Петропавл, Көкшетау;
  2. Оңтүстік Қазақстан: Қызылорда, Шымкент, Тараз;
  3. Қарағанды облысы: Қарағанды, Жезқазған;
  4. Шығыс Қазақстан: Павлодар, Семей, Өскемен;
  5. Батыс Қазақстан: Маңғыстау, Атырау, Орал, Ақтөбе;
  6. Алматы облысы: Алматы, Талдықорған.

Осы алты бағытта зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін археолог, этнограф, мәдениеттанушы, өлкетанушылардан және өзге де ғалымдардан құралған топ зерттеу жұмыстарын бастап кетті.

Мен де ғылыми жұмысым арқылы Шығыс Қазақстан облысының тамаша табиғаты, киелі орындары, аты аңызға айналған жерлерімен таныстырғым келеді.

Шығыс Қазақстан облысы – еліміздің экономикасының дамуына үлес қосып отырған алпауыт өнеркәсіптері, аты аңызға айналған тарихи жерлері, тамаша табиғаты бар өлке. Мен үшін «Шығыс Қазақстан облысы» деген сөз бен «Табиғат» деген сөз – егіз ұғым. «Шығыс Қазақстан облысы» деген сөзді естігенде көз алдыма таңғажайып табиғат елестесе, «табиғат» деген сөзді естігенде көз алдыма Шығыс Қазақстан елестейді.  Себебі бұл өлкеде Алтаймен қол ұстасқан Тарбағатай таулары, аты аңызға айналған Толағай тауы, көрген жұрт екінші Швейцарияға теңейтін Марқакөл, Зайсан көлі, Алакөл, әлемдегі ең ұзын өзендердің бірі – Ертіс өзені, Қызыл кітапқа енген аң-құстар мекендейтін Катонқарағай ұлттық паркі бар. Сондай-ақ, қазақтың ақын, философтары Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайберді де Шығыс өңірінің тумасы болса, махаббат символына айналған Қозы Көрпеш-Баян Сұлу, Еңлік-Кебектің кесенелері де Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. Облыс орталығы – Өскеменнің іргесінде Алтай Альпісі, Нұртау, Алтай барыстары секілді тау-шаңғы базалары бар. Алтай Альпісі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасында ең үздік 10 шаңғы курортының қатарына енеді. Шығыс Қазақстан жері бай болғанын, ол жерде мәдениет, өркениет болғанын, ата-бабаларымыз алтынмен апталып, күміспен қапталып жерленгенін дәлелдейтін Алтын адамның бесеуі дәл осы Шығыс Қазақстаннан табылған. Бұл өлкеде мал шаруашылығы да, балық шаруашылығы да, бұғы шаруашылығы да жақсы дамыған.

Ғылыми жобада Алтын адамның бірі табылған Шілікті қорымы, шипалы бұлақтары бар Рахман қайнары, қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың ата қонысы – Жидебай, халық «Жердегі Марс» деп атап кеткен Қиын-Керіш шатқалы, тылсым сырға толы Қара Ертіс өзені, әлемдегі ең ірі суқоймалардың бірі – Бұқтырма суқоймасының тарихы және жыл өткен сайын демалушылар көптеп келіп жатқан Алакөл туралы бұрын еш жерде жарияланбаған тың деректер, аңыз-әңгімелер айтылады. Сондай-ақ, «Шығыс Қазақстанға келген қонаққа ең алдымен не себепті басқа емес, дәл осы жерлерге баруға кеңес беру керек?», «Шығыс Қазақстанның басқа емес, дәл осы жерлері несімен ерекше?», «Не себепті дәл осы жерлер Шығыс Қазақстанның кереметі деген атауға лайық?» деген сұрақтарға жауап іздейміз.

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе  …………………………………………………………………………………………1-2                                                                                   І.Рухани жаңғыру: Туризм ……………………………………………………………..3-4

ІІ. Негізгі бөлім.  Шығыс Қазақстанның жеті кереметі

2.1 Жер кіндігі – Жидебай ……………………………………………………………..5-8

2.2 Шілікті қорымы ………………………………………………………………………8-11

2.3 Қара Ертіс – Шығыс Қазақстанның күретамыры…………………….11-13

2.4 Қиын-Керіш шатқалы ……………………………………………………………13-15

2.5 Бұқтырма су қоймасы ……………………………………………………………15-18

2.6 Шығыс Қазақстан облыстық қорық-мұражайы ………………………18-19

2.7 Алакөл…………………………………………………………………………………..19-21

ІІІ Қорытынды бөлім ………………………………………………………………….21-22

ІІ. Негізгі бөлім.  Шығыс Қазақстанның жеті кереметі

2.1. Жер кіндігі – Жидебай

Жидебай – Абайдың ата қонысы. Қарауыл өзенінің жайылмасында жатқан қалың қорық, шұрайлы жер. Жидебайды Тобықты руының Жігітек атасы мекен еткен.

Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданына барсаңыз Жидебай ескерткіш-мемориалын көресіз. Бұл кешен уақыт өткен сайын түсі ағарып, салмағы ауырлай беретін тастан қашалған.

Ол жақта Құнанбай әулетінінң қара шаңырағы еш бүлінбеген күйі сақталып тұр. Ұлы ақын 1895 жылы өз жобасымен әдейі салдырған үй ол кезде қазақ даласына әлі келе қоймаған. Кірген кездегі сол жақ бөлмедегі голланд пешіне дейін қаз-қалпында сақталған. Жидебайға барсаңыз Құнанбайдың құдығын, Абай қолданған заттарды көре аласыз.

Семейден Абай ауданының орталығы – Қарауылға барған кезде мың метр жоғары көтерілгеніңізді байқамай да қаласыз. Абайдың өмір жолы, поэзиясы дәл осы жерден басталған. Шыңшыстау да дәл осы жерде. Бұл жер шығысқазақстандықтар үшін киелі жер, себебі Еуразияның географиялық орталығы осы жер. Бұл ақпаратты растайтын белгітас орнатылған және жергілікті халық Жидебайды «Жер кіндігі» деп атайды.

2.2. Шілікті қорымы

Шілікті жазығы – Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы маңында орналасқан. 80 шақырымға созылған жазықты Тарбағатай, Маңырақ, Сауыр-Сайқан, Жүрек таулары қоршап жатыр. Бұл шынымен патша алқабыү мұнда 200-ден астам қатар-қатар үлкен қорғандар оналасқан. Табиғаттың үйлесімді әсерімен және адамның ғасырлар бойы жасаған жұмысы нәтижесінде пайда болған тарихи-мәдени ландшафт аймақтың басты құндылығы болып саналады.

1960 жылы археолог С.Черников №5 қорғанды қазып ашқан. Оның ішінен 524 алтын зат табылған. «Ұшып келе жатқан бұғы» түріндегі қапсырмалар, бүркіт, балық, қабан бейнелері қалай шебер жасалғаны таң қалдырады. Шіліктіден табылған бұғылар кескіні көркемдігімен, эстетикалық керім сипатымен көз тартады.

Шілікті мұрасын ары қарай ашуды қазақстандық археолог Әбдеш Төлеубаев жалғастырған. Ол 2003 жылы көлемді және орналасуы ерекше №1 қорғанды қазып ашқан кезде көптеген заттар табылды. Биіктігі 8 метр үйме астынан балқарағай бөренелерінен салынған қабыр табылды. Сол кезде қорғанның тоналғаны, зират бұзылғаны расталды. Антропологтар табылған адамның бас сүйегін зерттеп, патша тұлғасының сырт келбетін бұрынғы қалпына келтірді. 4333 алтын бұйым табылды, олар: барыс, бүркіт, бұғы, бөлтірік, арқар түріндегі қапсырмалар.

Шілікті туризмді дамытуға өте қолайлы жер. Қаңтар айының өзінде ауа-райы жып-жылы болып тұрады. Далада осы қазір мен киіп отырған жұқа киіммен жүре беруге болады. Ашық музей болса қираған қорымдар қараусыз қалмас еді. Тіпті жан-жақтан туристер келуші еді. Ол жерде екі жүзден астам сақ қорымдары бар. Бұл бұрын соңды болмаған жағдай. Негізі екі мыңға жуық қорым бар екен, бірақ сан жылдар бойы қаншама егін егіліп, шөп шабылды. Қаншама мал жайылып, қорымдарды жермен жексен етті.

2016 жылы бұл ескерткіш облыс әкімдігінің жобасына еніп, қазба жұмыстары №16 қорғанда жалғасты. Қорғанда тоналған балқарағай мазары табылған. Оның әртүрлі бөлікттерінде табақ алтыннан жасалған екі мыңнан астам әшекей табылған. Аңдық стильде жасалған әшекейлер көп кездескен.

Сақтар басқарушысы маңызды меркелер кезінде алтын қапсырмалармен безендірілген киім киген. Ғалымдар бұл мерекелік костюмді қалпына келтірген. Бұл тек Қазақстанда емес, бүкіл Еуразиялық кеңістіктегі бірегей «Алтын адам».

Жалпы, Шығыс Қазақстан облысында 5 алтын адам табылған. 

2.3. Қара ертіс

Қазақ даласының төсімен көсіле созылған Ертіс – Миссури өзенінен кейінгі әлемдегі сағасы ең ұзын өзен. Ұзындығы 4280 шақырымға созылатын өзеннің 618 шақырымы Қытай елінің, 1835 шақырымы Қазақстан, 2 000 шақырымы Ресей аумағында жатыр. Ертістің «Қара Ертіс» деп аталатын бөлігі батыс Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі екі жарым мың биіктіктегі моңғол Алтайының мұздақтарынан бастау алады. Ал Қазақстан аумағында Зайсан ойпаты арқылы ағып, Зайсан көліне келіп құяды. Дәлірек айтқанда, қасиетті Қара Ертіс еліміздің шығыс өңірінің күретамыры. Бір кездері дәл осы Қара Ертісте қызыл балық, ақ балық, сазан, шортан, алабұға, майбас сияқты бағалы балықтар болған екен. Қызыл балық, ақ балық, алабұға сонау Солтүстік мұзды мұхитын артқа тастап, дәл осы Қара Ертісте уылдырық шашатын көрінеді. Мұндай құбылысқа қалайша таң қалмауға болады?! Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары көксерке, табанбалық, қарабалықтар пайда болған. Қазіргі уақытта осы аталған балықтардың көбісі құрып барады.

Қара Ертіс тіркесіндегі «қара» сөзі заттың түсін емес, «жер» деген мағына береді. Яғни, Қара Ертіс – жердегі бұлақтан бастау алған өзен.

Қазақстанда Қара Ертіс көпірінен өтетін жалғыз көпір бар. Ол 1976 жылы салынған.

2.4. Қиын-Керіш шатқалы

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында Қиын-Керіш шатқалы бар. Оны жергілікті халық «Аруақтар қаласы» немесе «Марстың жердегі бөлшегі» деп атайды. «Марстық төбешіктер» жанар таудың аузындағыдай ойпаңда орналасқандықтан, жолдың бойынан Қиын-Керіш шатқалы жақсы көрінбейді.

Аумағы 300 гектарды құрайтын шатқал қызыл топырақты жарлардан, түйенің өркешіне ұқсас және киіз үй пішіндес қызғылт, ақ түсті адырлардан тұрады. «Керіш» сөзі түркі тілінде «тау», «жота» деген мағынаны білдіреді. Бұл жердегі топырақтың түсі де сан алуан. Кей жері қызғылт түсті болса, кей жері ақ, сұр түсті және жұмсақ. Ол жердің топырағы қар еріген кезде немесе жауын жауған уақытта тіптен жұмсақ болып, сол маңнан өтетін көліктер тайғанақтап немесе батып қалып, қиындықтар тудырады екен. Сол себепті де Қиын-Керіш деп аталса керек.

Күршім ауылының кейбір тұрғындары «Қиын-Керіш» деген атау қате екендігін, негізі «Қызыл-Керіш» деп аталатынын айтады. Алыстан қарағанда ол шатқалдың түсі қызғылт, күлгін түсті болып құбылып тұрады. Күршімнен 120 шақырымдық жерде орналасқан Қиын-Керішке қарасаң – көз тоймайды.

Түрлі түске боялған топырақтың арасынан өсіп тұрған өсімдіктерді байқауға болады. Ыстық ауа райы мен судың жоқтығы бұл жерде ерекше мистикалық атмосфера тудырады.

Қиын-Керішке қону мақсатында барудың қажеті жоқ. Түнде соққан жер құрып қойған палатканы ұшырып әкетеді. Туристердің айтуларынша, бұл жерде бұдан да басқа құбылыстар болып тұрады. Бұл жерге жаңын да өте сирек жауады.

2.5. Бұқтырма су қоймасы

Бұқтырма суқоймасы Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы Алтай тауларында орналасқан. Алтайдан Ертіске келіп құятын Бұқтырма ГЭС-і 1960 жылы салынған. Көлемі бойынша Бұқтырма – әлемдегі ең ірі суқоймалардың бірі.

Көлемі үлкен болғандықтан, жергілікті тұрғындар оны теңіз деп атайды. Суқойманың көлемі – 5490 шаршы шақырым. Ұзындығы  – 425 км, ал жалпақтығы – 35шақырым. Ең терең жері шамамен 60 метр болса, орташа тереңдігі – 9,6 метр. Бұқтырманың жағасында отырсаңыз айнала қалың орман мен түррлі-түрлі өсімдіктерге толы екенін байқайсыз. Суқойманың жағалаулары құмды болып келеді, ал суы шомылуға қолайлы. Оның бір шеті аспанмен астасып жатады.

Бұқтырма суқоймасының жағалауларында демалыс базалары бар. Олардың жайлылығы да, қызмет көрсету бағасы да әртүрл, сондықтан қалтаңыз көтеретін бағаға демалуға болады.. Бұл жерге әлемнің түкпір-түкпірінен балық аулаушылар келеді. Мұнда аққайран, шортан, сазан, мөңке, алабұға, нәлім балықтары бар.

2.6. Шығыс Қазақстан облыстық қорық мұражайы

Шығыс Қазақстан облысының орталығы – Өскеменеде «Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы» бар.

Кешен ішінде ботаникалық саябақ, хайуанаттар бағы, әскери кешен, этнографиялық кешен, отбасылық демалыс аймағы және «Жібек жолы» саябағы орналасқан.

Ботаникалық саябақтың аумағы 14 гектарға созылып жатыр. Онда түрлі табиғи-климаттық аймақ флорасының өкілдері орналастырылған.

Хайуанаттар бағында сүтқоректілердің 10 түрі, дала тасбақасы, құстардың 24 түрі бар. Зообақтағы жануарлардың көпшілік түрлері: қоңыр аю, теңбіл бұғы, бүркіт, қолға үйретілген қутұмсық қаз, ақбас тырна, тазқара, дала қыраны Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Әскери кешеннің аумағы  3 гектар. Ол 2010 жылғы 8 мамырда салтанатты түрде ашылды. Кешен аумағында 2 павильон және 1938-1970 жылдар аралығындағы үлгідегі әскери техника аллеясы бар.

Аумаңы 10 гектарды құрайтын Этнографиялық кешен орналасқан. Қала тұрғындары оны «этноауыл» деп атап кеткен. Этнографиялық кешеннің аумағында 2010 жылы  ШҚО халықтары мен азсанды этнотоптары халықтық сәулетшілігінің 16 қонысы мен жеке тұрған 3 нысаны салынды. Бұл жерге барған кезде әртүрлі ұлттың үйлерін көріп, ішіне кіріп, олар қандай заттарды қолданғанын өз көзіңізбен тамашалауға болады.

2.7. Алакөл

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданында су дертке дауа Алакөл бар. Алакөлдің суы да, батпағы да шипалы, сол себепті әлемнің түкпір-түкпірінен келген адамдар мұнда суға шомылу үшін ғана емес, саз батпағымен емделу үшін де келеді.

Алакөл – Қазақстандағы Алматы және Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан емдік қасиеті мол, жартылай тұзды, тұйық көл. «Алакөл» атауы ежелгі түрік және моңғол сөздерінен аударғанда «ұлы көл» немесе «таулы көл» деген мағынаға ие. Көл суының түсін алғаш рет қарағанда анықтау қиын. Ұсақ көлдердің түсі алуан түрлі болады. Мысалы, Сасықкөл – көгілдір, Қоржынкөл – сұрғылт, Қылытұз – сары түсті. Жергілікті тұрғындар көлді пішінінің, түсінің, көлемінің әртүрлі болғаны себепті «Алакөл» деп атап кеткен. Оның түсі құбылып тұрады: таңертең түсі сүттей аппақ болса, түске қарай мәрмәр түсті болып кетеді, ал кешке қарай аспанмен астасып кетеді.

Шыңғысхан жорыққа шығар алдында осы жерге атты әсерімен келіп, жарақаттарын жазып, емделіп алатынын туралы аңыз бар. Бұл аңыздың түбінде ақиқат бар екенін ғылым да дәлелдеді. Алакөлдің суында Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің бәрі бар.

Аралдармен бірге есептегенде көлдің ауданы – 2696 шаршы шақырым, су көлемі – 58,56 куб шақырым, ені – 52 шақырым, ұзындығы – 104 шақырым, жағалау сызығының ұзындығы – 348 шақырым. Көлдің орташа тереңдігі – 22 метр, ең терең жері – 54 шақырым.

ІІІ. Қорытынды бөлім

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Қазақстардың және Еуразияның басқа да халықтарының тарихында Алтайдын алар орны ерекше. Осынау асқар таулар ғасырлар бойы Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі саналды. Дәл осы өңірде біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының орта шенінде Түркі дүниесі пайда болып, Ұлы дала төсінде жаңа кезең басталды» деген болатын.

Адамзат тарихында алтынды алғаш болып илеген көне түркі өркениетінің ошағы осы шығыста тұтанған. Қазақстанның қылқанды орманының 70 пайызы, тұщы судың 40 пайызы Шығыс Қазақстанда шоғырланған.

Ғылыми жұмыста жазып өткен жерлер – Шығыс Қазақсттан облысының бір бөлігі ғана десек болады.

Осы ғылыми жобаны жазу барысында туған өлкемнің керемет жерлерін танып білдім.

Ұсыныс ретінде Шығыстың – жеті кереметі атты кітапшаны дүниетану сабағына қосымша құрал ретінде қолдану.

Ақын Ұлықбек Есдәулет Қара Ертісті:

«Қара Ертіс, менің қақпамсың,

Құтпан боп құйып жатқансың.

Қара Ертіс, маған ай-күнсің,

Қарқара толқын айбынсың,

Қазаққа қызыр айдынсың,

Қай күні бізден айнырсың,

Қай күні теріс ағар деп,

Қан жұтқан менің қайғымсың?!.

Қара Ертіс – қара қайғымсың!..» деп өлең жолдарына қосқан. Басын Қытайдан алатын Қара Ертісті көрші алпауыт мемлекет тасадан бұрып алу қаупі тұрғанын сезген ақынның көңілі осылай алаңдайды.

Марстың жердегі «бөлшегі» – Қиын-Керіште бағзы заманда динозаврлар өмір сүрген деседі. Аңыз бен ақиқатын айыратын бұл жерде де зерттеуді қажет ететін дүниелер көп.

Жазғы мезгілде Бұқтырма суқоймасына барып демалушылар саны артып келеді. Көрікті жерді ары қарай насихаттап, елімізде осындай керемет жерлер бар екенін дәріптеуіміз керек.

Облыс орталығы – Өскеменге келген әрбір адам міндетті түрде баратын жері – облыстық қорық-мұражай. Адамның қолымен жасалған, ауқымды жерді алып жатқан кешек кімді болсын таң қалдырмай қоймайды. Сондықтан ол да Шығыс Қазақстан облсының бір кереметті деп атауға лайық.

Алакөл халыққа ежелден таныс ат. Үржар Алакөлімен ғана емес, алмасымен де мақтана алады. Бұрын алманың атасы – Алатау деген түсінік болса, үржарлықтар олай ойламайды. Жоңғар Алатауымен иектесіп жатқан Барқытбел баурайынла да Сиверс алмасы өседі.

Қанша зерттесек те, табиғаттың біз білмейтін құпиялары көп. Ашылған жұмбақтарды көбірек дәріптеп, өңірге көптеп туристер шақыруды мақсат ету керек.

You May Also Like

Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығын жазушылар зертеулерінде, ғылыми жоба

Тақырыбы: «Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығын жазушылар зертеулерінде» Пікір Ыбырай Алтынсарин  қазаққа мерей-мәртебе тұтар…

Алтын адам, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Алтын адам» Авторы: Еркінжанқызы Фатима Кіріспе Алтын адам…

Әлеуметтік желі, ғылыми жоба

Әлеуметтік желі І Кіріспе  Кез келген мемлекеттің болашағы жастар. Жастардың өмір сүру…

Облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің экспонаттар тарихы, ғылыми жоба

Тақырыбы: «Облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің экспонаттар тарихы» Мазмұны: Аннотация……………………………………………………………………………………… ………………                                                                                                           Кіріспе…………………………………………………………………………………………………………….                  …