Тақырыбы: «Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығын жазушылар зертеулерінде»

Пікір

Ыбырай Алтынсарин  қазаққа мерей-мәртебе тұтар ұлы тарихи тұлға. Ғылыми жұмыстың мақсаты  Ыбырай Алтынсариннің өмірін, шығармашылығын зерттеген                                                      И.Гаспринский Қырымның зиялы азаматы, саясаткері, ағартушысы, қаламгері және Чжан Фэннің Қытай дипломатының  ұлы бабамыздың еңбегін зертегендігін анықтау. Осы тақырыпты зерттеуде оқушы әр түрлі тарихи еңбектерге, ақпараттарға  сүйене отырып ғылыми жұмысын жазды. Бұл ғылыми жұмысында оқушы өз мақсатына жетті деп ойлаймын. «Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығын И.Гаспринский және Чжан Фэннің зертеулерінде» ғылыми жұмысы кең көлемде материалдармен жазылған. Аманжолова Махабат  үлкен жауапкершілігін, ізденімпаздылығын, табандылығын, белсенділігін көрсетті.

Аннотация

Есімі қазақ даласына мәлім болған азаматтар аса көптеп кездесе бермеген. Тарихта уақыттың сынынан мүлдірмей өткен сол азаматтардың бірі-Ыбырай Алтынсарин.  Бұл жұмыс Ыбырай Алтынсаринге және оның шығармашылығын зертеген И.Гаспринский мен Чжан Фэнге арналған. Жұмыстың негізгі мақсаты ұлы ағартушының өмірі, шығармашылығымен таныс болған И.Гаспринский мен Чжан Фэннің Ұлы тұлғаның басқа халықтардың өкілдерінің зертеулерінде қандай орын алатынын анықтау. Осы тақырапты ашу мақсатында ғалымдардың еңбектері, баспасөз бетіндегі және интернеттен алынған  материалдары пайдаланды. Ғылыми жұмыс кіріспе, үш  негізгі бөлім, қорытындыдан тұрады. Жұмыстың барысында пайдаланған әдебиеттерге сілтемелер жасалған және әдебиеттер тізімі көрсетілген. Оқушы өзінің алдына қойған мақсатына жетті. Ғылыми жұмыс жан-жақты ізденіспен, кең көлемде қосымша материалдармен толықтырылып жазылған. Келешекте ғылыми жұмыстан зор үміт күтудеміз. 

Аннотация

На научную работу по теме «Изучение творчества Ибрая Алтынсарина И.Гаспринским и Чжан Фэном» ученицы 6 А класса школы- интерната имени И.Алтынсарина Аманжоловой Махаббат. Одной из ярких страниц в истории казахского народа является жизнь и творческая деятельность Ибрая Алтынсарина – выдающегося просветителя, общественного деятеля, педагога-новатора, ученого-этнографа, поэта и прозаика, основоположника казахской письменной литературы и литературного языка, создателя казахского алфавита на основе русской графики. Эта научная работа посвящена Ибраю Алтынсарину. Главная цель этой работы – ознакомиться  с историческими личностями которые изучали творчество Ибрая Алтынсарина.  В целях раскрыть тему использованы труды историков, материалы из газет и журналов, а также интернета. Научная работа состоит из введения, основной части, состоящей из 3 частей, и заключения. В ходе работы сделаны ссылки на использованную литературу и список литературы. Ученик достиг цели, которую поставил перед собой. Научная работа написана с использованием множества материалов. Возлагаем много надежд на данную работу.

Мазмұны

Кіріспе

I-бөлім. Даланың алып қоңырауы      Ыбырай Алтынсарин.

II-бөлім.      Ыбырай Алтынсарин мен Ислам бей Гаспринскийдің шығармашылығындағы үндестіктер

ІІІ-бөлім. Елші Чжан Фэннің Ыбырай Алтынсарин шығармашылығын жіті зерттеуі.

IV-бөлім. Ильминский мен Ыбырай Алтынсарин арасындағы қарым-қатынасы.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Әр заманның өзінің дарынды өкілдері бар. Олар елдің мұң – мұқтажын көре біліп, халқының сол мұқтажына  махаббаттын арнаған, туған халқының

игілігі үшін бар күш жігерін жұмсаған ардақты азаматтар ретінде халық тарихынан орын алып отырған. Осындай қазақ халқының тарихында аса көрнекті орын алған тұлғалардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол дарынды ағартушы ғана емес, халқымыздың қамқоршысы. Өзі өмір сүрген дәуірдің мұрат – мүдделеріннің кәдесіне, ұрпақ тәрбиесіне жарата білген тұлға.

Қазақ халқы арысын ұлықтаған халық. Ыбырай Алтынсарин есімі алтын әріппен жазылатын, ағарту саласында ұшан-теңіз еңбек сіңірген, даланың алып қоңырауы. Елбасы  Н.Ә.Назарбаев болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасында ұлт мақтанышына айналған бабаларымыздың тарихын өскелен ұрпақ жақсы білуіне аса мән берген. Ел тарихын әйгілі тұлғалар арқылы зерделеу-қазақтың дәстүрлі таным-түсінігінде ертеден қалыптасқан үрдіс. Қазақтың қария сөздерінде, яғни, шежірелік зердесінде тарих ұдайы жеке тұлғалардың өмір дерегі арқылы танылып отырады. Қоғамның саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани ахуалы ұдайы жеке тұлғалар болмысы арқылы көрініс табады.  Тақырыптың өзектілігі: кәзіргі таңда ұлттық тарихқа, туған өлкенің ұлы тұлғаларының тарихына деген қызығушылық артып тұрғанда  Ыбырай Алтынсарин туралы білімдерімізді кеңейту. Қазақстан тарихында елеулі орын алатын ірі тұлға Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы мен тарихтағы алатын орнын анықтап көрсету, атамыздың шығармашылығын тереңірек зерттеу.   Менің ғылыми жұмысымның негізгі мақсаты:

-Ұлы ағартушы, ұстаздардың ұстазы Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығын,  ғұмырын зерттеу.

-Ұлы тұлғаның басқа халықтардың өкілдерінің зертеулерінде қандай орын алатынын анықтау.

-Алып бәйтерегіміздің баға жетпес еңбегінің құндылығын анықтау.

Өзім оқып жүрген мектебім  Ыбырай  Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатын Ыбырай атамыз 1884 жылы негізін қалаған. Қазіргі кезде Қазақстанда Ыбырай  Алтынсаринді білмейтін адам жоқ шығар деп ойлаймын.  Ал «басқа халықтар Ы. Алтынсарин туралы білеме, шығармашылығын зерттейме, оның кітаптарын оқима екен» деген сұрақ мені мазалай бастады. Мектебіміздегі ыбырайтану факультативтік курсына баратын оқушылар арасында сауалнама жүргіздім. Сауалнама жүргізуімнің негізгі мақсаты оқушылар Ыбырай Алтынсарин туралы қаншалықты толық білетіндігін және ұлы ағартушының шығармашылығын басқа ұлт өкілдері зертегендігі туралы мәлімет алғым келді.

Сауалнаманың бірінші сұрағына, Ыбырай Алтынсарин ол кім, 100% дұрыс жауап берілді. Екінші сұраққа  Ыбырай Алтынсарин нешінші жылдары өмір сүрді, өған 82% дұрыс жауап болды. Ыбырай Алтынсариннің азан қойған есімі кім деген үшінші сұраққа 51% оқушылар жауап берді. Төртінші сұрақ ұлы ағартушының атасы ол кім деген сұрақтың жауабын 79% балалар біледі екен. Бесінші сұрақ даланың алып қоңырау Ыбырайдың алғашқы ашқан мектебі қай жерде ашылғандығын 88% балалар білетін болып шықты.  Оқушылар алтыншы сұраққа өздері оқып жатқан мектеп нешінші жылы ашылды деген сауалына 58% дұрыс жауабын біледі екен. Ұлы ағартушының алғашқы оқулығы жайлы жетінші сұрақта 56% жауап дұрыс болып шықты. Сегізінші сұрақ Ыбырай Алтынсарин еңбектерін шетелдіктер оқиды деп ойлайсыңдар ма деген сұраққа 66% ия, 34% жоқ деп жауап береді. Қандай шетел ғалымдары оқиды деген тоғызыншы сұраққа 54% дұрыс жауап беріледі. Оныншы сұрақ сендер Ыбырай Алтынсарин туралы толық мағлұмат білесіңдер ме сұрағына 72% балалар білеміз деп жауап берді. Сауалнаманың қортындысы бойынша Ыбырай Алтынсарин туралы жақсы біледі, ал қандай шетелдік қоғам қайраткерлері зертегенді туралы көп оқушылардың  білмейді екенін анықтадым. Жұмысымның соңында оқушыларға арнап бүктемелі кітапша  жасап шығарып үлестірдім.

Осы тақырыпты зерттеуде ыбырайтанушы ғалымдардың еңбектерін, баспасөз бетіндегі  және интернеттен алынған, музейден алынған материалдарды да қолдандым. «Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығын И.Гаспринский және Чжан Фэннің зертеулерінде» ғылыми жұмысым кіріспе, 3 тарау және қортынды бөлімнен тұрады. Мен осы ғылыми жұмыспен айналысып жүргеніме өте қуаныштымын. Қызығушылығымды оятып, көкейімді тескен көптеген сұрақтарға жауап берген тәріздімін. Мен өз жұмысымды әлі де болса да соңына шейін жүргізбекшімін.

І-Бөлім

Даланың алып қоңырауы Ыбырай Алтынсарин.

Ыбырай Алтынсарин – Ұлы педагог- ғұлама ағартушы, жаңа үлгідегі демократ тәлімгер, дарынды жазушы, қоғам қайраткері, жаңашыл ұстаз, публицист, ғалым – этнограф, орыс графикасының негізінде қазақ алфавитін құрастырушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушыларының бірі, ақын және прозашы. Ыбырай Алтынсарин – қазақтың ұстаздық-тәлімгерлік (педагогикалық) ұлағатын әлемдік деңгейге көтерген ұлы тұлға. Ыбырай Алтынсарин қазақтың тұңғыш педагогы, қазақ даласында мектептер ұйымдастырып, қазақ жастарына білімнің есігін ашты. Ыбырай бабамыз өз халқын жан-тәнімен сүйген, халқының мәдени көркейіп өсуі үшін бойындағы бар күш-жігерін аянбай жұмсаған нағыз патриот еді. Ұлы ағартушы  кең қазақ сахарасында мектеп ашып, ағарту саласында ұшан – теңіз еңбек сіңірді.  Әр дәуір, әр тарихи кезең әлеуметтік құбылыстар өзінің дарынды өкілдерін жарыққа шығарып отыратыны мәлім.  Олар елдің мұң-мұқтажын көре біліп, халқының сол мұқтажына өмірін  арнаған, сондай тарихи нар тұлғалардың бірі Ыбырай Алтынсарин.  Білімге деген құштарлық, халқына қалтқысыз қызмет ету Ыбырай Алтынсариннің негізгі ұстанымы болды. Ол мәдениет пен білімнен артта қалған ел-жұртын көрші елдің өнер-білімін,  техникасын игеруге шақырып қана қоймай, сол игі істі тікелей жүзеге асыруға да өлшеусіз үлес қосты. Қазақ даласында тұңғыш рет орыс үлгісіндегі пәндік білім беретін мектептер ашып, оған орыс алфавиті негізінде оқулықтар жазды, өзі сабақ беріп, жаңа талапка сай келетін мұғалімдер дайындауға күш салды. Қазіргі өркениетті қазақ халқы  Ыбырай атамызды ұлы ұстаз, педагог, ғалым, ірі қоғам қайраткері деп бағалап құрмет тұтады. Артына өшпес із қалдырған, қалайда қазақ балаларын оқу – білімге, өнерге, мәдениетке жұмылдырып, қазақ сахарасында тұңғыш рет дүниетану мектебін ұйымдастырған Ыбырай Алтынсарин саналы өмірін оқытушылық, ағартушылық ісіне жұмсады. Тарихи тұрғыдан алғанда қазақтың жазиралы кең даласында тұңғыш рет қоңыраудың соғылуы күллі ұлтымыз үшін ерекше есте қаларлықтай оқиға болды. Ыбырай Алтынсарин 1879-1882 жылдар қазақ қоғамының мәдениет пен экономика жағынан аса мешеу кезінде өмір сүріп,  халқының демократиялық мәдениеті мен өнерінің бірсыпыра салада жаңадан өсіп өркендеуіне айқын жол ашып, баянды негіз жасаған.

Ыбырай Алтынсарин — «Қазақ хрестоматиясы»  деп аталатын ана тіліміздегі тұңғыш оқулықтың авторы. «Қазақ хрестоматиясының» қазақ мәдениетінің тарихындағы өзіндік үлкен орны мен маңызын айқындайтын факт. Өйткені хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай-ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Баршамызға бастауыш сыныптардан етене таныс, әрі ыстық «Кел, балалар, оқылық! » — «Қазақ хрестоматиясының» беташар өлеңі. Жазылғанына бір ғасырдан астам уақыт өтсе де, жас жеткіншектерді білімге, өнерге шақырған бұл өлеңнің маңызы, бір кезде Ыбырай армандаған «өнер-білімі бар жұртқа» — терезесі тең, шаңырағы биік, мәдениеті озық елге айналып отырған бүгінгі заманда да еш төмендемек емес. Қайта халқымен бірге жасасып, ұлы ағартушының арман-сәлемін жақсы күндерге жеткізген бұл тарихи туынды ұлы дала елінің, мәңгілік елінің жастарын білім бағына шақыра бермек. Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин туған халқының тамаша болашағына сенді. Халқын озық орыс мәдениетінен үлгі алуға, үйренуге шақырды. Ыбырай Алтынсарин ер балалармен қатар қазақ қыздарын да білімге тарту, оларға түрлі кәсіптік мамандық беру жөніндегі жұмыстарды алғаш ұйымдастырушы болған. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда Қостанай облысының Затобол ауданында Тобылдың оң жақ сағасында Балғожа бидің қыстауында дүниеге келген. Әкесі Алтынсары ауыл молдасынан оқығаны болмаса, ешқандай оқу қумаған, момын үй шаруасымен ғана айналысқан адам.Ыбырай үш жасқа келгенде әкесі Алтынсары қайтыс болады. Оны Кенесары шапқыншылығында өлтіріп кетеді. Ыбырайды әкесінің досы Жетібай Өтемісұлы құтқарып қалады. Әкесі қайтыс болғаннан кейін тәлім-тәрбиені атасы Балғожа биден алады. 1846 жылы Балғожа би Орынбордағы Шекара коммиссиясы жанынан ашылатын мектепке Ыбырайды жаздырып қояды. 1850 жылы 22-тамызда сол мектепке Ыбырай алғашқы 30 баланың бірі болып қабылданады. Ол уақытын жан-жақты білім алуға ерекше ынтамен кіріседі. 1857 жылы жазда мектепті үздік бітіреді, осыдан кейін екі жылдай атасының хатшысы болып қызмет істейді. 1859 жылдың тамыз айының 1-нен бастап, Орынбор облысының басқармасына кіші тілмаш болып тағайындалады. Осы кезде шекаралық комиссияның төрағасы, ориенталисі, белгілі ғалым, профессор Василий Васильевич Григорьевпен жақын танысады. Атасы Балғожаны жақсы білетін және сыйлайтын Григорьев Ыбырайға аса ілтипатпен қарап, өзінің бай кітапханасын пайдалануға береді. Осы кітапханада Ыбырай орыс жазушыларының шығармаларын, орыс және дүниежүзі ағартушыларының еңбектерін, ұлы адамдардың өмірі жайлы көп оқыған.Сол жылы «Шығыс халқының тілі мен мәдениетін» әдет-ғұрпын терең білетін ориенталисі Николай Иванович Ильминскиймен танысып, дос болады.1860 жылы Орынбор өлкесінің басқару орыны Орынбор бекінісінен  «Торғай қаласы» қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуға рұқсат алған Ыбырай Алтынсарин Торғай қаласына барады. Ондағы мақсаты мектеп ашу еді. Бірақ жергілікті органдардың жәрдемі жеткіліксіз болып, мектеп ашу ісі ұзаққа созылады.1860 жылы Орта жүздің қадірменді биі Балғожа Жаңбыршин қайтыс болады. 1861-1863 жылдары Ыбырай үшін ауыр жылдар болды. Бұл Ыбырайдың мектеп ашу жұмысын жүргізген кезеңі еді. Орынбор басшылығы мектеп десе, салғыртсып, қырын қарап, қойылған мәселелерді соза шешіп, уақытты ала берді. Кейіннен Торғай бекінісі коменданты Барон Мергден жұмысынан босатылып, оның орнына Яков Петрович тағайындалады.Ол бірден Ыбырайдың мектеп ашу ісін қолдап, барынша жәрдемдесті. Сол жылдары Ыбырай Алтынсарин ел ішін аралап, оқудың пайдасын түсіндіріп, мектеп құрылысына ақша жинайды. Бұқара халық Ыбырайдың игілікті талабын қарсы алып, барынша көмек көрсетеді. 1863 жылы Қостанайда тұрып жатқан семьясын біржолата Торғайға көшіріп алды. Сол жылдың аяғына қарай мектеп құрылысы аяқталып, жүйелі оқуды бастауға әзір екенін Ыбырай Алтынсарин Орынбор әкімшілігіне хабарлайды. Ыбырай Алтынсариннің армандаған мектебі 1864 жылы 8 қаңтарда бекіністің барша адамдарымен 200-ден астам сыйлы қазақтардың қатысуымен салтанатты түрде ашылады.1866-1868 жылдары Ыбырай Алтынсарин Торғай уезінде уақытша судья болып істейді. 1868 жылы Торғайдағы қазақ мектебі бір класстық орыс-қазақ училищесі болып қайта құрылады. Сол жылы Ырғыз қаласында екі класстық орыс-қазақ училищесі ашылады. 1869 жылы  уезд бастығының аға жәрдемшісі болып тағайындалады. 1871 жылдар аралығында  Торғай уезінің судьясы болып жұмыс істейді. 1873 жылы халық ағарту министрлігі орыс графикасын қазақтың жазу тілінде пайдалануды түбегейлі шешу үшін Қазан қаласында әдейі комиссия құрылған еді. Сол комиссия мүшелігін Торғай облысынан Ыбырай Алтынсарин қабылданады. Бірақ әр түрлі себептермен бұл комиссия өз жұмысына кірісе алмайды.1874 жылы Ыбырай Алтынсарин орыс географиялық қоғамына мүше болып сайланады. 1875 -1876 жылдарда Ыбырай Алтынсарин Қазан, Петербург қалаларына сапар шекті. Қыркүйек айларында Торғайға оралып, Орынбор, Қазан, Петербург қалаларынан қажет деген оқулық методикалық, т.б. кітаптарды мол әкеліп, жұмыстарына қызу кіріседі.1876 жылы орыс графикасын  пайдаланып, «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі.1879 жылы қыркүйек айының 1-ші жұлдызында Ыбырай Алтынсарин Торғай облысындағы мектептердің инспекторы болып тағайындалады. Қараша айында Ыбырай Алтынсариннің орыс-қазақ мектептеріне арналған оқу-құралы «Қазақ хрестоматиясы» Орынборда басылып шықты. Сонымен бірге Ыбырайдың Торғайда екі кластық орыс-қазақ училищесі салынады.1881 жылы қараша айында Бөрте болысында бір кластық орыс-қазақ училищесі ашылады. 1882 жылы Ыбырай Алтынсарин барлық мектептеріне ән-күй сабақтарын енгізеді. Жергілікті,ауқатты ел азаматтарынан ақша жинап, кітапхана ашады. 1883 жылы 15 қарашада Торғай қолөнер мектебін ашты. Торғайдағы өз үйін осы мектепке беріп, Қостанайға көшіп келеді. Сол жылы сәуір айының 10-шы жұлдызында Орск қаласында тұңғыш рет қазақ мұғалімдерді даярлайтын мектеп ашады. 1884 жылы Қазан қаласында Ыбырай Алтынсариннің «Шарайтль-Ислам» (тәңірі заңдарының ережелер) деген кітабы басылып шықты. 1887 жылы 15 қарашада Ыбырай Алтынсарин Ырғыз қыздар училищесін ашады. Ыбырай Алтынсарин қазақ халқы тарихында әйелдердің теңсіздігін көре білген және оны сол ауыр халден шығарып, өнер-білімге тарту жолында алғаш қол ұшын берген жаңашыл қайраткер еді. 1888 жылы 28 қазанда қазақ қыздарына арналған 12 орындық мектеп интернат ашылды. Тамыздың 21-ші жұлдызында Қостанайда 1-ші кластық ер балалар үшін орыс мектебі ашылды. 1889 жылы Ыбырай Алтынсаринге суық тиіп ауырып қалады. Сол жылдың ақпан, наурыз айларында Ақтөбе, Ырғыз, Илик, уездеріндегі мектептерді аралау үлкенді-кішілі кезек күттірмейтін мәселелерді шешу, бұрында ыңқыл-сыңқылмен жүрген Ы.Алтынсариннің денсаулығын одан әрі нашарлата түсті.1889 жылы шілде айының 17-ші жұлдызында сағат 11-де халқының сүйікті жаңашыры, дарынды ұлдарының бірі, ағартушы ұстазы, этнограф -ғалым, қазақ әдеби және жазба әдеби тілінің негізін қалаушы, ақын әрі жазушы Ыбырай Алтынсарин мәңгілікке көз жұмды. Сол күні сансыз халық жиналып қазақтың дәстүрі бойынша Тобыл өзенінің жағасына әкесінің қасына жерледі.  Ұлы педагог ағартушы Ы. Алтынсарин бар болғаны 48 жас ғана өмір кешсе де, артына өшпес із қалдырды.

ІІ-Бөлім.

      Ыбырай Алтынсарин мен Ислам бей Гаспринскийдің шығармашылығындағы үндестіктер.

Зерттеу жұмысымның барысында ислам мәдениеті музейі 2014 жылдың 9 қазан күні өткізген «Ислам бей Гаспринский және ресей мұсылмандары» атты көрме жайлы ақпарат мені өте қызықтырды. Бұл «Қазандағы Кремль» қорық музейі мен И.Гаспринский музей-үйінің (Бахчисарай тарихи-мәдени және археологиялық музей-қорығы) бірлескен жобасы болды. «Ислам бей Гаспринский және ресей мұсылмандары»  көрмесінің мақсаты И.Гаспринский мен Крымнан тыс тұратын ресей мұсылмандарының (Жайық өзені, қазақ даласы, Санкт- Петербург және Мәскеу жерлері) жан-жақты әр –алуан байланыстарын (жеке,  отбасылық, тікелей, жанама және ғылым саласындағы байланыс) көрсету болды. Экспонаттар И.Гаспринскидің «Терджиман» газеты арқылы  өзінің ой-пікірлерін таратқандығын, Бакчисарайда Зынджирлы медресесінде дәріс бергендігін  және ғалымдармен байланыс жасап хат жазысқандығын, (хаттар Ризаэтдин, Ыбырай Алтынсарин, Вали сұлтан тағы басқаларымен) тығыз байланысын көрсетеді.

Зерттеу жұмысының аясында облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейі И.Гаспринский музей-үйімен (Бахчисарай тарихи-мәдени және археологиялық музей-қорығы) ынтымақтастық орнатқандығын анықтадым. Музей әкімшілігі И.Гаспринский музей әкімшілігіне өтініш хат жазып, онда облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейіне ұлы ағартушының қолымен жазылған  құнды артефактарды беруді сұраған, Ресей әріптестері құнды құжаттарды берген екен, Ыбырай Алтынсарин музей  қоры өте маңызды құжатпен толығыпты. 2016 жылы Исмаил Гаспринскидің туғанына 165 жыл болса, Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл толғалы отыр.  Он тоғызыншы ғасырдың соңында әл-Курсави мен әл-Маржаниден тәлім алған Исмаил Гаспринский күллі Ресей мұсылмандарын оқу-білімге шақырып, «ұйықтап» жатқан халықты оятуға тырысты. Ол түркі халықтарының арасынан бірнеше оқу орындарында оқығандардың бірі болды. Білімі мен білігін Ресей мұсылмандарына үйретуге бар күш-жігерін жұмсаған кемеңгер тұлға еді. И.Гаспринский күллі түркі жұртына, оның ішінде қазақ халқына да кеңінен танымал болды. 1881 жылы Ресей өкіметінің орыстандыру саясатын, білім беру жүйесін сынға алып, Ресей империясы мұсылмандарының рухани өсуіне мүмкіндік беруді талап еткен «Орыс мұсылмандығы» еңбегін жариялады.

Мұсылмандық мектептер мен медреселерде оқытудың мазмұнын, әдістерін жетілдіруді жақтап, оларға діни сабақтармен қатар математика, география, тарих, биология секілді пәндердің оқытылу қажеттігін насихаттады. Араб әліпбиінің дыбыстық естілу ерекшеліктеріне қарай түркі халықтарының тіліне лайықталуы керектігін айтты. Араб әліппесін дыбыстап үйретуді қолға алды. «Усул жәдид» деп аталатын жаңаша оқыту әдісімен мұғалім болып шәкірттер оқытты. Ресей империясындағы мұсылман түріктерінің артта қалуын жою, қараңғылықтан шығарып, бір-бірін жақындастырып, біріктіру үшін ортақ білім беру жүйесін ұсынды. И.Гаспринский 1883 жылы 10 сәуірден  «Тәржіман» газетін шығарады. «Тәржіманда» қазақ халқының мәдениеті мен тарихына, экономикасына қатысты көптеген материалдар жарияланды. «Қазақтар», «Торғай һәм Орал облыстарындағы қазақтардың жағдайы», «Орыс қоныстанушылары мен жергілікті қазақтардың құқы», «Қазақтар және отарлау саясаты», «Тұтас халықтың қырғыны» сынды мақалалары Гаспринскийдің қазақ халқының тағдырына бауырластық жанашырлықпен қарағанын танытады. Исмаил Гаспринский қазақ халқын отырықшылыққа шақырып, жерге ие болуды ескертеді. Бұл ісінен оның ұлтты бөліп-жармай, барлығына тең қарағанын байқаймыз. Осындай асыл азаматтың өлімі түркі жұртымен қатар қазақ халқының да қабырғасын қайыстырып кетті. Бірнеше алаш зиялылары Гаспринскийдің дүниеден озуына байланысты қазанамалар жазып, газет беттерінде жариялады

И.Гаспринский 1851-1914 жылдар аралығында өмір сүрді.Қырымның зиялы азаматы, саясаткері, ағартушысы, қаламгер, газет редакторы, баспахананың құрушы мен бастығы.

Ресейдің бүкіл мұсылмандарының және дүниежүзілік түркі тілдес халықтары арасында қадірменді адам ретінде тірі кезінде де еді, қайтыс болғаннан соң да түркі әлемінің ерекше азаматы ретінде тарихта қалды. Түркі тілдес халықтарының бірлігі және дамуы үшін, демократиялық өзгерістер үшін, халықтың сауатын ашылуы үшін шыққан, халықтың қамын ойлаған азамат, жәдитшілік қозғалысының қайраткері.

ІІІ-Бөлім.

Елші Чжан Фэннің Ыбырай Алтынсарин шығармашылығын жіті зерттеуі.

Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы Қазақстанда ғана емес одан тыс жерлердегі зертеушілердің қызығушылығын туғызуда. Қазақпараттың хабарлауы бойынша Қытайда Шаньси аймағының ірі кәсіпкері Чжан Фаннің жеке кітапханасында 1957 жылы басылып шыққын Ыбырай Алтынсариннің кітабі бар.

Бұл кітаптің иесі  Ыбырай Алтынсарин еңбегін жіті зерттеген, кітаптің бетінде қытай және орыс тілдерінде  белгіленген жазулар бар. Чжан Фаннің әкесі Чжан Фэн елші болған, орыс, жапон, ағылшын тілдерін жетік білген. Қытайда «мәдени революция» кезінде (1966-1976 жылдары) «зиялы» деген жазуы бар белгі тағып жүретін, сиан мектебінің біреуінде ағылшын пәні мұғалімі болды. (Чжан Фан суреті Ыбырай алтынсарин кітаптары қоса тіркелген)

ХХ ғасыр ортасында  Қытай дипломаттары Ыбырай Алтынсариннің өмірбаяны мен еңбектерін оқыған. Шэьси провинциасының ірі кәсіпкері Чжан Фэн кітапханасында 1957 жылы Қазақ ғылым Академиясынан басылып шыққан Ыбырай Алтынсариннін таңдаулы шығармасы бар. Әкесі Чжан Фэн көптеген кітаптармен бірге мұраға қалдырған.

IV – бөлім.

      Ильминский мен Ыбырай Алтынсарин арасындағы қарым – қатынасы.

Ильминский мен Ыбырай 1859 жылы Орынбор шекара комиссиясының сол тұстағы төрағасы В.В.Григорьевтің пә­терінде жолығысады. Ыбырай ол кезде Орынбордағы оқуын бітіріп, атасы Балғожа бидің іс жүргізушісі болып жүрген. Оның білімге құштарлығын байқаған Василий Васильевич өзіне жұмысқа аудармашы етіп алып, Ыбырай қызмет бабымен, не­месе арыз-шағыммен келген қазақтардың айтқанын аударып, тілмаштық қызмет атқарады. Оның отыратын бөлмесімен қабырғалас бөлме кітапқа толы болатын. Ыбырай сол кітаптарды бас алмай оқи бас­тайды. Кейбір сөздерді түсінбей, Василий Васильевичтен сұрайды, алғашқы кезде мән-мағынасын айтып жүреді де, кейін ол түсіндіруден жалыға бастайды. Ыбырай түсінбеген сөздерін дәптерге жазып, енді, амалсыз Ильминскийден сұрауына тура келеді.
«…Байғұс бала менен көмек сұрауға мәжбүр болды, – дейді естелігінде Николай Иванович. – Осы дәптер Алтынсарин екеуі­­міздің арамызда таусылмас әңгіменің ар­қауына айналып, таныстықтан достыққа ұласуына себепші болды». Бұл достықтың соңы трагедиямен аяқталатынын ол кезде кім білген. Дегенмен, Ыбырайдың орыс тілін меңгеріп, таза сөйлеуіне Ильминскийдің көмегі зор болғаны да шындық.
Н. И. Ильминскийдің 1869 жылы Ағар­ту министрлігіне: «Алтынсарин қа­зақтардың арасында өзі мектеп ашса, орыс алфавитін сонда қолданса, оны орыс елінің адамдары істетіп отыр дегізбей, өзі ашқан болса… оны орыс бастықтарының инициативасы деп халық ойлайтын түрде жүргізсе… ең әуелі жаңа идея Алтынсариндікі болады»– деп жазуының өзінен-ақ оның негізгі мақсат-мүддесін түсіну қиынға соқпайды. Патша өкіметі қазақ халқының мемлекеттік рухын, тілін жойып, надандықта ұстап, орыстандыруды көздеді. Н.И.Ильминский осы жолда табандылықпен еңбек етіп, өзінің миссионерлік идеясын жүзеге асы­руда Ы.Алтынсарин сияқты дарынды жастарды пайдаланды. Бұл жайында ғалым Мекемтас Мырзахметов «Ыбырай және проф. Ильминский» деген мақаласында егжей-тегжейлі түсіндіріп, Ыбырай мұрасын зерттеушілер бүгінгі күнге дейін Ыбырай тұңғыш рет орыс графикасы негізіндегі жаңа алфавитін жасаушы деген пікірден алшақтай алмай келе жатқанын айтады. Бұл мақала 1991 жылы жазылса да, кейбір зерттеушілер әлі де сол жаңсақ пікірде. Сондықтан да, Ыбырай мен Ильминскийдің бір-бірімен арақатынасын анығырақ білгісі келетіндерге Мекемтас мақаласын кітабынан оқып шығуды ұсынды.

Қорытынды.

Егемендігімізді алғаннан кейін өз еліміздің тарихына көп көңіл бөлінуде. Тарих жазбасында,  халықтың рухани қазынасында айтулылардың айтулысы, жүріктердің жүйрігі ғана мәңгі ұялап қоныс тебеді. Уақыттың қатігез сынынан мүдірмей өткен тарих перзенттерінің бірі- Ыбырай Алтынсарин. Оның жанына мият, бойына қуат, жүрегіне  күш берген киелі де қасиетті туған жері, елі, халқы. Мен ғылыми жұмысымның барысында алдыма қойған мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Ыбырай атамыздың шығармашылығын зертеген шет елдердің тарихи тұлғалары мен де таныстым. Көкейімде жүрген сұрақтарға жауап та таптым. Осы жұмыстың негізінде шағын бүетемелі кітапша жасадым.  Фарабитанушы энциклопедист ғалым Ақжан Машанов айтқандай:-«Еліміздің егемендігін алып,өз туымыздың астына біріккен өмір тарихыда талай ауыртпалық пен асуларды,тартыстар мен белестерді басынан кешкен халқымыздың болашағын алға апарар үміт кемесі-білім»дегендей, жастар осы данамыздан үлгі-өнеге алу керек деп есептеймін.  Біздің заманымыз, ғылымның дамыған заманы, адам баласының рухани, діни ой-өрістерінің оянған заманы. Сонымен бірге адам баласы шындық іздеуге түскен заман. Даналардың даналығы да сонда, олар сол шындық іздеу жолында болған, сол жолдан мирас қалдырған. Демек, даналар біздің замандастарымыз, ақылшыларымыз. Олай болса тәуелсіздігіне қолы жеткен халқымыздың рухани өркендеуіне даланың алып қоңырауы Ыбырай атамыздың артына қалдырған мол мұрасы ел кәдесіне жарары анық. Ұлы ағартушы халқымен бірге жасайды, еңбектері ғасырлар асқарынан өтіп, уақыт шыңына көмілмей, жарық жұлдыздай жарқырай бермек.   Мен бұл ғылыми жұмысымды әлі де жалғастырамын. Келешекте бұл жұмыстың ашылмай қалған қырларын терең зерттеу, негізгі мақсатым болып табылады.

(«Шариат-аль-ислам» кітабінің 1884 жылы шыққан төлнұсқасының көшірмесі, Ыбырай Алтынсариннің Исмаил Гаспринскиге сыйға берген кітабындағы жазу және Қостанай облыстық Марал Ишан мешітінің иманы жасаған аударма осыған қоса тіркелген).

 Марал Ишан мешіті найб – имамы Бақытжан қажы аударған.              

Ислам  шарттары

Мұсылманның тұтқасы

Осы кітап  баспанасына

Рұқсат берді Питербурда

24 – ші октябрь  1883 ж.

Осы кітап Қазан университетінің  баспаханасында басылып  шықты  1884 ж

­­­­­­­­­­­————————————————————————–

Ислам  шарттары

Бірінші  басылым

Қазан қаласы

1884 ж.

—————————————————

Атадан бері  қадірлісің

саид төре сұлтаным

Панасында  сақтасын

Сіздерді қадыр субканым

Жәрдем сізге бұл кітап

Сағынғаннан  төреміз

Хатр үшін сақталым

 

Өзімізден шыққан асыл деп

Асылдан қалған нәсіл деп

Сыртыңнан бата  берейін

Ағайынға  болмадың

Нәсіп болып бір сыбай

Сағынады ағайын

Арғын,қыпшақ жұртыңай

Хайыр қайдан болған сұлтаным

Жарың  болсын бір құдай

Жәдігер  болып қалмаққа

Есінізге  алмаққа

Бұл кітапты жіберді

Қарашуның  Ыбырайы

8- ші  мизанда 1884 жылда

Шахар Орынбурғ

ҚХР ірі Шэньси провинциясының кәсіпкері  Чжан Фан

1957 жылы Қазақ ССР ғылым Академиясының баспасынан шығарылған, ұлы ағартушының таңдаулы шығармалары.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Ардақ Мұқашева «Өмірі мен шығармалары» А 2013 жыл «Рауан»

2.Ламашев Әсет «Ыбырай Алтынсарин  және оның орыс достары мен ізбасарлары»А 1988 жыл «Қазақстан баспасы»

3.Молдағалиев Жайсанбек «Алғашқы қоңырау» А 1978 «Жалын»

4.Оразалы Жақсанов «Қайталанбас  тұлғалар» Қостанай 2009 жыл

5.Серікпай Оспанұлы «Сонбес шамшырақ» Қостанай 2016 жыл «Қарлығаш»

  1. . Источн – See more at: http://www.milli-firka.org/content/DBAGJGFA/title/%D0%91%D0%B0%D1%85%D1%87%D0%B8%D1%81%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%B9/#sthash.647Jme5K.dpuf
  2. http://www.inform.kz/ru/kitayskie-diplomaty-v-seredine-xx-veka-izuchali-tvorchestvo-i-altynsarina-foto_a2775329
You May Also Like

Адамзатқа төнген қауіпті дерттің бірі-туберкулез ауруы, ғылыми жоба

Тақырыбы:Адамзатқа төнген қауіпті дерттің бірі-туберкулез ауруы Биология және медицина бірлестігі Мазмұны І. …

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ БӨЛІМІНІҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫС ОРНЫ, ғылыми жоба

Обскура камерасы, ғылыми жоба

Жантақ өсімдігінің маңызы, ғылыми жоба

Жантақ өсімдігінің маңызы Аннотация Ғылыми жұмыста жантақ өсімдігіне және жантақтың түрлері мен…