Сабақтың мақсаты:

  • «Азаматтық құқық », «Неке және отбасы туралы» ұғымы мен қағидаларын,
  • Мемлекет және құқық,конституциялық құқық бөлімдерін еске түсіру
  • Адами құндылықтарды қалыптастыру.

Сабақтың түрі: қашықтық сабақ

Сабақтың типі: дәстүрлі емес-сабақтан тыс

(конференция)

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,

сыни тұрғыда ойлау.

Ресурстар: АКТ, суреттер,

Сабақтың жоспары:

  • Сабақтың басы:Сұрақтармен,слайдпен жұмыс
  • Сабақтың ортасы:Жаңа заңдылықтармен танысу.
  • Сабақтың соңы:оқушылардың пікірлерін тыңдау.
  • Рефлексия

Бүгінгі сабақтың өзекті мәселелері:

*Неке және отбасы

*Азаматтық құқық

  • Некеге тұру шарттары:некеге тұрушы ер мен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі қажет.
  • Қазақстан Республикасында неке жасы ерлер мен әйелдер үшін 18 жас болып есептеледі.
  • «Неке және отбасы туралы» Заңының 11-бабында араларында неке қиюға жол берілмейтін адамдар санаты берілген:
  • Егер жұбайлардың біреуі басқа тіркелген некеде болса, біздің елімізде заңды түрде некесі бұзылмаған адамның жаңа некесін тіркеуге жол берілмейді.
  • Қандас туыстар арасындағы неке
  • Асырап алғандар арасындағы неке
  • Психикалық ауру немесе ақыл есі кем адамдар арасындағы неке

Некенің бұзылуы

  • Отбасы өміріне ғана емес, қоғам өміріне де кері ықпалын тигізетін жағымсыз әрекет.
  • Әр отбасының ажырасу тарихы, себебі әртүрлі. Алайда әр отбасында оның себептері әр түрлі болуы мүмкін:
  • Тұрмыс жағдайының ауыртпалығы (материалдық қажеттіліктер, тұрғын үй қиыншылығы, т.б);
  • Тұлғааралық келіспеушіліктер (өзара сүйіспеншілікті жоғалту, дөрекілік, маскүнемдікке салыну);
  • Ішкі жағдайлар (жаңа отбасының пайда болуы, жаңа сезімдердің пайда болуы).
  • Заң тұрғысынан алғанда, некенің бұзылуы дегеніміз- жұбайлардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастардың тоқтатылуы. Бұл ерлі зайыптылар арасындағы құқықтық қарым-қатынастардың тоқтатылуы. Бұл ерлі зайыптылар арасындағы құқықтық қарым- қатынастардың тоқтатылғанын білдіреді.
  • Көптеген адамдар «отбасы құрудың негізі-махаббат» деп есептейді. Дегенмен ерлі-зайыптылар арасындағы қатынастарда жауапкершілік пен сенімнің де атқаратын рөлі аз болмаса керек.
  • Сенім – отбасы шеңберінде әрекет ететін азаматтық құндылықтардың маңыздылардың бірі.Сенім болған отбасының шаңырағы биік, босағасы берік болады.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары

  • «Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сөзсіз сақтау және тану әрбір мемлекеттің құрметті борышы мен міндеті болып табылады» деп жариялаған.
  • Қазақстан Республикасының Конституциясы біздің мемлекетіміздің құқықтық жүйесін халықаралық құқықтық жүйенің құрамдас бөлігі деп таниды.
  • БҰҰ-ның Бас ассамблеясы 1948 жылы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын қабылдаған болатын. Қазір бұл құжат өркениетті адамзат түгел мойындаған, адам атаулының бәріне бірдей, дүниежүзінің прогресшіл күштері түгел таныған, адам құқықтары туралы негізгі құжат болып табылады.
  • Адамның өмір сүру құқығы, оның жеке басының бостандығы, құлдықтан азат болу құқықтары.
  • Азаматтық алу, еркін жүру, тұрғылықты жерін тандау, некеге отыру, отбасын құру, баспана иесі болу, ұждан бостандығы, шерулерге қатысу, мемлекет істерін басқаруға қатысу құқықтары.
  • Адамның еңбек ету, өз қалауы бойынша жұмыс тандау, еңбегіне сай ақы алу, меншік иесі болу, кәсіптік одақтарға бірігу, білім алу, демалу, адамға лайық тұрмыс құру құқықтары.
  • 1966 жылы БҰҰ Бас асамблеясы экономикалық, саяси және мәдени құқықтар туралы шарттар қабылдады. Бұл шарттар Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының ережелері негізінде қабылданды.

Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясын бүкіл халықтар мен

мемлекеттердің  ұмтылыстары арқылы әр адаммен қатар,қоғамның әр органы

осы декларацияны үнемі жадында тұтып, білім беру және ағарту жұмыстары

арқылы осы құқықтар мен бостандықтарды қадір тұтуға ықпал жасап, ұлттық

халықаралық шаралар арқылы

Ұйымның мүше-мемлекеттерінің халықтарымен қоса, олардың юрисдикциясына қарасты

территориялардың халықтары арасында да, жалпыға бірдей тиімді түрде танылып, жүзеге

асырылуы үшін алға қойылған мақсат ретінде жария етіп отыр.

1 бап

Барлық адамдар тумысынан азат және қадір-қасиеті мен құқықтары тең болып

дүниеге келеді.Адамдарға ақыл-парасат, ар-ождан берілген, сондықтан олар

бір-бірімен туыстық, бауырмалдық қарым-қатынас жасаулары тиіс.

You May Also Like

Қарттардың денсаулығы, сабақ жоспары

Классикалық музыка, сабақ жоспары

Табиғат лирикасы, қазақ тілі пәнінен 6-сынып сабақ жоспары

Пәні Қазақ тілі мен әдебиеті Мұғалімнің аты-жөні Оқулық Қазақ тілі мен әдебиеті.…

Өнер-білім бар жұрттар, сабақ жоспары