Пәні Қазақ тілі мен әдебиеті
Мұғалімнің аты-жөні
Оқулық Қазақ тілі мен әдебиеті. Учебник для 6 кл. общеобразоват. шк. с рус. яз. обуч. / Косымова Г., Сатбекова А., Берденова К., Рахимжанов К. – Алматы: Мектеп, 2018. – 168 с., илл.
Сабақ №  3  , сабақ тақырыбы Табиғат лирикасы
Оқу мақсаты

(қысқаша)

6.3.4.1 -Мәтіндердің тақырыбына, мазмұндық құрылымына сүйене отырып, түрлерін салыстыру
Оқушының аты-жөні

(оқушы толтырады)

 

Іс-әрекет реті Ресурстар

 

Орындалуы

(оқушы толтырады)

Мағынаны таны Табиғат лирикасы 

2-тапсырма. Кітап, 134-бет. Мәтінді мәнерлеп оқыңдар. Мазмұнын түсініңдер.

Абай өлеңдерінің бір алуаны – табиғат лирикасы. Табиғат – адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Абай асқан шеберлікпен жылдың төрт мезгіліне де арнап өлең жазды. «Жазғытұры», «Жаз», «Күз», «Қыс» атты өлеңдерінде табиғаттың тылсым құбылыстарын шынайы өмірмен астастыра суреттейді. Жаратылыстың жайдары жазын, түсі суық тұманды күзін не болмаса сақылдаған аязы мен қарлы боранын өзің көріп тұрғандай боласың.

Абайдың өлеңдерінде күнделікті өмір, адамдардың күнкөрісі мен іс-әрекеті және өзінің де көңіл күйі анық көрінеді.

«Абайтану» кітабынан.

+  белгісімен танысқан ресурстарыңды белгіле
Орында  3-тапсырма. Өлең жолдарын толықтырып жазыңыз.

Сұртүсі суық қаптайды аспан,

болып, дымқылжерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

ойнап,қашқан, тай жарысқан.

Жасыл шөп,жоқ бұрынғыдай,

күлмес, жүгірмесшулай.

Қайыршы-түсі кетіп,

Жапырағынан айрылған,.

 

Қажетті сөздер: тұман, ағаш, құрай, жылқы, бала, шал-кемпірдей, бие, бәйшешек, жастар, бұлт, күз.

6-тапсырма. Кітап, 135-бет. Сөз тіркестерін пайдаланып, табиғат көрінісін суреттеңдер.

Жайдары жаз, тұманды күз, сақылдаған аяз, қарлы боран, желсіз түн, терең сай, тасыған өзен, жасыл жержүзі.

 
Рефлексия Мен бүгін … білдім

 

+ немесе – белгілерін қой
Мен енді … білемін

(бағалау критерийлеріне сәйкес)

 

 

Үй жұмысы 7-тапсырма. Кітап, 135-бет. Кім жылдам? Бұл қай мезгілде болады?  Жұмысты дәптеріңізге жазып, мұғалімге көрсетіңіз.

Дескриптор.  Абай Құнанбайұлы өлеңінің мазмұнына талдау жасайды. Ақынның айтпақ ойын 5-7 сөйлем арқылы айшықтайды.

 

 

Мұғалімнен кері байланыс

(ауызша кері байланыс немесе жазбаша ұсыныс)

 

 

You May Also Like

Атом құрамы мен құрылысы, сабақ жоспары

Ж ж дыбысы мен әрпі, сабақ жоспары слайд

Индустрияландыру: ұлттық өндіріс, сабақ жоспары

Қазақтың ұлттық киімі. Этностиль. Ою-өрнек стилизациясы. сабақ жоспары