Әлеуметтік желі

І Кіріспе

 Кез келген мемлекеттің болашағы жастар. Жастардың өмір сүру әдебін, қызығушылығы мен талпыныстарын, жетістіктері мен кемшіліктерін сараптай отырып мемлекеттің болашағын болжауға болады.

Әлеуметтік желі — ақпарат алмасу, қарым-қатынас жасау және уақыт үнемдеу құралы. Әлеуметтік желі мәдениеті — әлеуметтік желіні қолдану, кез келген әлеуметтік желі қолданушысы қандай әрекетті істеуге болатындығын немесе болмайтындығын айқындайтын, жасағалы отырған жұмыстың шегін белгілейтін жалпы қағидаттарының жиынтығы.

Қазіргі таңда әлеуметтік желінің жастар өмірінің күн тәртібінде алар орны орасан зор. Бұл бүгінде  қауіп боп тұр.

«Адамның күні адаммен» деп те жатамыз. Шамасы, адам баласының табиғатында бар қасиет болса керек, біз өзгелермен сөйлесуді, бейтаныс адаммен танысқанды, белгілі бір тақырыпта пікір алмасуды, өз ойымызды айтуды, басымызға түскен қуаныш пен қайғыны хабарлағанды, үйге қонақ келгенде фото-альбомдарымызды көрсеткенді жақсы көреміз. Шынайы өмірде біз мұндай әрекетті тек реті келгенде ғана жасасақ, қазіргі ақпараттық технология, әсіресе интернеттің қарыштап дамыған заманында бұл оңайлана түсті. Өйткені, біздің ұғымымызда «әлеуметтік желі», яғни «адамдардың бір-бірімен виртуалды байланысы» деген түсінік пайда болды. Демек, сіз өзіңіздің дәл қазіргі көңіл-күйіңіз қандай екенін жұртқа айту үшін немесе кешегі түнде болған досыңыздың тойындағы суреттерді өзгелерге көрсету үшін һәм өзіңіз сүйіп тыңдайтын әншінің шығармашылығы туралы достарыңызбен, не өзіңіз секілді фанатпен сөйлесу үшін, тіпті қалаға көшіп кеткен сыныптасыңызбен сырласып-сөйлесу үшін келесі бір туған күн кешін не басқа бір жиынды күтіп отырмайсыз. Бірден әлеуметтік желіге кіріп, жаңадан фото қосасыз, статусыңызды өзгертесіз, МайлРуАгенттегі сыныптасыңызбен сөйлесіп, соңғы хабарларды естисіз, сондай-ақ, өзіңіздің достарыңыздың туған күні келіп қалғанын, оның басқа біреумен танысқанын, атақты киноактердің қоғамдастығына мүше болғанын білесіз. Тиісінше, сіз де өзгелер секілді достарыңыздың санын көбейтіп, бұрынғы жұмыс орныңыздағы адамдарды тауып, олардың достарының ішінен бала кезіңіздегі досыңызды тауып, өз ортаңыздағы таныстық шеңберін кеңейте түсесіз. Осылайша, сіз әлеуметтік желінің мызғымас бір бөлігіне айналасыз. Тоқетері, әлеуметтік желі адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы үшін керек.

Зерттеудің өзектілігі. Ватсап, Фейсбук, Вконтакте, Истаграм, сыныптастар – бүгінде осындай әлеуметтік желілерге байланып, бар уақыты мен күш-қуатын, ақшасын жұмсап жататын адамдар көп және олардың бұл әрекетіне ешкім онша таңырқай қоймайды. Әлеуметтік желілердің жеке адамға, жалпы қоғамға, мемлекеттерге ықпалы барған сайын күшейіп барады. Ал, Иран, Ауғанстан сияқты ислам елдерін былай қойып, көрші Қытай да әлеуметтік желілерді бұғаттап, өз азаматтарының оны пайдалануына тиым салды. Ол неге?

Ғылыми жұмысының максаты. Әлеуметтік желілердің түрлері мен тарихын танып біле отырып, оның пайдалы жақтары мен зиянды жақтарын анықтап, өз қажетімізге тиімді пайдалану жолдарын жасау.

Ғылыми  жұмысының міндеттері:

– Әлеуметтік желілердің пайда болу тарихына сипаттама жасау;

– Олардың түрлеріне сипаттама жасау;

– Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зиянын анықтау;

– Практика жүзінде сауалнама жүргізу.

ІІ Негізгі бөлім 

  1. 1 Әлеуметтік желі тарихы мен түрлері

 Әлеуметтік желілер — қызығушылықтары бірдей адамдардың интернетте бірігетін қоғамдастық сайттары. Осы сайттарда адамдар жедел түрде мәліметтер алмасады және достар табады. Бірақ осы сайттар арқылы тек қатынасып қана қоймай, адамдар музыка, видео іздеуі де мүмкін.
Әлеуметтік желілерде адамдар өзі жайлы мәлімет тастап қалдыра алады (туған күні, оқыған мектебі, университеті, ермектері және т.б.), басқа қатынасушылар осы мәліметтерді пайдаланып сол адамды таба алады.
Жалпы, адамдардың әлеуметтік желіні қолдану мақсаттарын үшке бөліп қарауға болады. Бірінші, байланыс. Олар маркетингтік, сараптамалық, зерттеулік немесе жай ғана дос-таныстармен хат-хабар алмасу үшін қолданады. Өзі әлеуметтік желінің басты функцияларының бірі де осы. Екінші, ақпарат. Ақпаратты алу, бөлісу, тарату, жарнама жасау, құлақтандыру, хабарландыру, қоғамдық пікір қалыптастыру, пікірталас жүргізу тұрғысын көздейтіндер бар. Әлеуметтік желіні қолданушылар саны көбейген сайын мұның да маңызы артып келе жатыр. Өйткені, желілер түрлі мақсаттағы ақпараттарды қоғамға тез жеткізудің тиімді жолы. Бұған пайдалы да, арандату мақсатындағы ақпарат та кіреді. Басты бақылауға алынуы тиіс тұсы осы. Яғни, қадағаланбаса әлеуметтік желілер түрлі мақсаттарда үлкен қару болғалы тұр, болып жатыр да. Үшінші, психология. Бұл адамның ішкі қажеттілігін, яғни эгоны қанағаттандырудың ең қолайлы әдісі. Қоғамда өз орнын таба алмай, ойларын ашық жеткізуге шамасы жетпей, тұйық күйінде қалыптасқан жандар үшін керемет құрал. Осы желілерді пайдалану арқылы олар өздерін басқаша сезіне бастайды. Лайк жинау, пікір жазу, селфи жасау немесе құнды деп санайтын ойларын бөлісу арқылы ішкі эголарын қанағаттандырады. Оффлайн өмірде жасай алмағанын онлайнда жүзеге асырғысы келеді. Бірақ тым асыра пайдалану – психологиялық дертке соқтыруы мүмкін. Сондай-ақ, желіге тәуелділік арқылы қоғамнан одан сайын алшақтатуы да ықтимал. Қалай дегенде де интернет және әлеуметтік желілер қазіргі қоғам тіршілігінің ажырамас бөлшегі. Тек қолдану барысында дұрыс пайдалануды және шектен шықпауды қадағалаған жөн.

1970-ші жылдардың соңында адамдар бір-бірімен әңгімелесе алатын алғашқы электронды хабарландыру тақталары пайда бола бастады. Әрине, сол кезде бүгінгідей ыңғайлы болған жоқ, бірақ адамдарды ғаламторда біріктірудің бұл алғашқы қадамдары еді. Келесі кезең, алғашқы «on-line» сервистердің пайда болуы еді. Әңгімелесуге арналған чатты жасаған бірінші компания «CompuServe» болды. Сервисте әңгімелесудің бір сағатына 30 доллар төлеу керек еді, бұл осы компанияның негізгі кемшілігі болды.
Кейін жедел хабарламалар жүйесі пайда болды.  Файлдарды жіберетін және чаттағы жедел әңгімелесудің бірінші сервисі, 1988 жылы «MultiUser Talk» программасын алмастырған  IRC (Internet Relay Chat) болды. 1991 жылғы «Шөлдегі дауыл» әскери операциясын «on-line» режимінде бүкіл әлемнен келген хабарламалар трансляциясынан кейін «IRC»-дің кең танымла болды. «IRC» – дің негізгі кемшілігі — шектеулі қолдану болды.
1990 жылдардың ортасында «ICQ» құрылды,  ол жеке компьюерлерге арналған жедел хабарламалар жеткізудің бірінші жүйесі болды. «ICQ»-дің негізін «Mirabilis» компаниясы қалады.  Бүгінгі таңда ICQ – «Mail.Ru Group»-тың құрамына кіреді, 2012 жылдың наурыздағы көрсеткіш бойынша әлем бойынша 23.4 млн. қолданушысы бар.Әлеуметтік желілердің құрылуына келсек. Әлеуметтік желілердің пайда болуының басты себебі, ол әрине, адамдардың бір-бірімен әңгімелесуді қалауы.Бұрындары адамдар әңгімелесу үшін бір-бірімен кездесетін. Ер жігіт қызбен танысқысы келсе, көшеде танысып, серуендеуге шақыратын, киноға, театрға апаратын. Ал бүгінгі күні жастар қалай танысады? Таныс емес адамдарды, әлеуметтік желідегі парақшасына қосып танысады.Интернеттің пайда болуымен және таралуымен барлығы өзгере бастады. Достарыңмен тілдесу виртуалды әлемге көше бастады. Бұл дұрыс па, бұрыс па, әркім өзі шешеді. Соңғы кездері адамдар бетпе-бет кездесуден гөрі әлеуметтік желілерде тілдесуді қалайды.
Әлеуметтік желілердің пайда болуы мен дамуына не түрткі болды? Әрине тез дамып келе жатқан интернет.

Интернеттегі әлеуметтік желінің бірінші аналогі 1995 жылы Рэнди Конрадс іске қосқан «Classmates» болып табылады.  Сайттың аудармасы «Сыныптастар». Сайттың мақсаты, сыныптастарды және мектептегі достарды табуға мүмкіндік жасау. Бастапқыда сайт танымал емес еді, өйткені профильді жасау және достарды қосу функциялары болмады. Ал сайт қолданушылары тек білім беру мекемелерінің және сонда оқыған оқушылардың тізімін ғана көре алатын. «Classmates» әлеуметтік желілердің пайда болуына түрткі болды.  Жоба нәтижелі болды, және де өз иелеріне табыс әкелді. Осыған қызығушылықпен қараған басқа адамдар өз әлеуметтік желілерін ойлап табуға кірісті. Бүгінгі күні сайт өз жұмысын жалғастыруда. Әлем бойынша сайттың қолданушылар саны 50 млн.Бүгінгі күні, біздің түсінігіміздегі бірінші толыққанды әлеуметтік желіні Эндрю Вейнрейх 1997 жылы іске қосқан «SixDegrees»-деп айтуға болады. Әлеуметтік желінің мақсаты «алты қолалысу» теориясын дәлелдеу еді.
Келесі әлеуметтік желілер «AsianAvenue», «MiGente», «BlackPlanet»  1997 және 1999 жылдары аралығында пайда болды. Функционалдығы жағынан алдындағылардан қатты өзгешелік болмады.1999 жылдың 18 наурызында америкалық студент-программист Брэд Фицпатрик «жанды журнал» — Livejournal-ды құрды. Ол ТМД елдерінде кең танымал болды. «Livejournal»» бірінші  болып топтарды құрып, хат алмасу мүмкіндігін еңгізді. Осыны біз бүгін барлық әлеуметтік желілерден байқай аламыз.
2004 жылы Марк Цукерберг «TheFacebook» әлеуметтік желісінің негізін қалады. 2005 жылдан бұл желі «Facebook» деп атала бастады.  2008 жылы «Facebook» әлеуметтік желісі әлемдегі ең танымал әлеуметтік желіге айналды, және де бүгінгі күнге дейін көштің басында. Бүгінгі күні «Facebook» әлем бойынша «Google»-дан кейін ең көп танымалдылыққа ие екінші интернет сайт.

2006 жылы Джек Дорси — «Twitter» жобасын іске қосты. Ол тез дамып келе жатқан жаңа әлеуметтік желіге айналды. «Twitter»-дің  ерекшелігі, тек 140 символдан ғана тұратын хабарлама жаза аласыз. 2010 жылдан бастап сайттан видео, фото көруге мүмкіндіктері пайда болды. Бүгінгі таңда «Twitter» әлем бойынша ең көп қаралатын сайттардың 10-на кіреді.

M-agent- қазіргі кезде жастар ол әлеуметтік желіні қолданбайды. Тек қана почта арқылы жұмыстарын мұғалімдерге жіберіп отырады. Және үлкен мекемеде жұмыс істейтін адамдар іс-қағаздарды почта арқылы жіберіп,байланыс жасайды.

Whatsapp- қазіргі таңда жастардың көп қолданатын желілердің бірі. Тек қана жастар ғана емес, үлкен кісілерде қолданады. Оның пайдасы аудиомен сойлеп жіберуге болады. Өлең, видео, фото бір-бірімен алмасуға болады.

Instagramm- жастардың әлеуметтік желісі. Оның ерекшелігі күнделікті не істеп жүргеніңді фото арқылы достарына көрсетесің. Оның көмегімен қолданушылардың фотосуреттер жасауға, оларға фильтр қолдануға, сонымен қатар оларды өзінің сервисі немесе басқа да әлеуметтік желілер арқылы таратуға мүмкіндіктері бар.  Британдық ғалымдар Instagram-ды денсаулыққа ең қауіпті әлеуметтік желі деп атады.

Viber-кең қолданылып келе жатқан әлеуметтік желі.

Другвокруг-хат алмасуға арналған желі.Былайша айтқанда керек емес әлеуметтік желі.

Cacao Talk, Line-ол қазір көп қолданылмайды. Енді ғана келе жатқан желі. Ол дәл Whatssap  сияқты.

Imo, Skype- екеуі бірдей міндетті атқарады. Бірақ, Skype бұрыннан келе жатыр. Және шетелдегі халықпен байланыс жасай аласың. Хат алмасуға да болады. Ал, Imo енді еңген жүйе.Ол дәл Skype сияқты.
Қазақстанда қазіргі кезде ең көп қолданыстағы әлеуметтік желілердің бірі nur.kz сайты болып есептеледі. Одан Басқа да Birge.kz, Ilike.kz, on.kz, www.kazlife.com, Zhelide.kz сайттары жұмыс істеуде. Солардың ішінде Zhelide.kz сайтына келетін болсақ, Желіде.кз сайты 2011 жылдың тамыз айында ашылды, сондай аз уақыт ішінде 10000-нан аса қолданушы жинап үлгерді. Бұл ҚАЗНЕТ үшін өте жоғары көрсеткіш болып есептеледі.

Телеграм – 2013 жылы жарық көрген әлеуметтік желі. ВКонтактінің негізін қалаушы Павел Дуров келіспеушіліктерден кейін компаниядан кеткен соң қауіпсіз деп танылатын сервисті дүниеге әкелді. Әлемнің 50-ден астам мемлекетінде қолданылады.

Офисі Нью-Йорк штатындағы Буффало қаласында болғандығына қарамастан телеграм командасының орталығы ол жерде емес. Telegram-ның бас-офисі Берлинде орналасқан. Себебі, сервис өкілдерінің айтуынша, Германия аумағында орналасу оларды арнайы қауіпсіздік қызметтерінен тәуелсіз етеді.

WhatsApp-ты фейсбук сатып алғаннан кейін, қолданущылардың көбісі басқа ыңғайлы мессенджерге ауысу қажет деп тапты. Осы жылдың ақпан айының көрсеткіші бойынша Телеграм Чили, Мексика, Италия, Испания, Германия, Нидерланды және Таяу Шығыс елдерінде көш бастап тұр. Осылайша аз уақыт ішінде жаңа желі үлкен жетістікке жетті.

Telegram-ды барлық хабарламалар бұзып кіруден қорғалған. Осы функциясы арқылы кеңінен танымал болды. Қолданушыларының мәліметтерін америкалық бақылау қызметіне ұсынады дейтін Facebook тәрізді жанжалдарға жолай қойған жоқ. Террористік ұйымдардың көпшілігі де Telegram каналдары арқылы байланысады деседі. Дегенмен мамандардың сөзінше, сервис барлық хабарламаларды құпияландырмайды. Сіз тек белгілі бір фунцияны қосқаннан кейін ғана ақпаратыңыз сақталған болып есептеледі.

Қазіргі таңда ақпарат тарату мүмкіншілігі бойынша Интернет торабы алдыңғы қатарға шығып отыр. Газет, теледидар, радионың түгелге жуығы Интернет торабында сайт немесе өз парақшаларын ашып, электронды ақпарат құралдарының саны күннен-күнге өсуде. Ал, Интернеттегі әлеуметтік желілердің қолданушыларының орта жасы 7-ден 48-ге дейін болып отыр. Қазір кез-келген ұялы телефонда әлеуметтік желілерге қосылу үшін қосымша бағдарламалар орнатылатын болды. Кез-келген компанияның өз тауарларын жарнамалау мақсатында әлеуметтік желіде парақшалары бар. Тіпті, Үкімет мүшелері, көптеген лауазымды тұлғалар Интернетте өз парақшалары, блогтарын ашып, сол арқылы өздерінің қызметіне байланысты ақпарат беріп отырады.

Қазіргі заман — жаңа серпілістер кезеңі. «Бұл серпіліс Қазақстанды да айна­лып өткен жоқ. Бізде де халық тиімді деп таныған әлеуметтік желілерін пай­даланып жүр. «Internet World Stats»-тің есептеуі бойынша, Қазақстанда 5,6 мил­лион адам әлеуметтік желілерді күн­делікті пайдаланады. «Астана ақшамы» газетінде көрсетілген мәліметке қарасақ, Қазақстанда 5,6 миллион адам әлеуметтік желілерді күнделікті пайдаланады екен. Ең танымал әлеуметтік желілердің қатарында күніне 1 млн. 125 мың рет қаралатын «ватсап», 558 мың рет қаралатын «инстаграм», 252 мың рет қаралатын «В контакте», 410 мың рет қаралатын «Facebook»-ті жатқызуға болады.   Әлеуметтік желілердегі әрбір екінші адам өзі жайында өтірік мәлімет жазатын көрінеді. Тарқатып айтсақ, олардың 29 пайызы есімі мен жасын, 23 пайызы отбасылық жағдайын, 22 пайызы түр-әлпеті және қызығушылықтары туралы, 17 пайызы білімі мен жұмысына қатысты жалған ақпарат беретін болып шыққан».

Күніне 1 млн. 125 мың қазақ­стандық ұялы телефонмен ватсапқа кіреді екен. Шын мәнінде, ватсап — ақпарат алмасудың әрі тиімді, әрі арзан жолы. Дегенмен күні ватсаппен өтіп жатқандар да табылады. Біз бұл өмірге өзгелер өмірін білу үшін немесе тек ақ­парат алмасу үшін емес, ең ал­дымен, шын өмір сүру үшін келдік.

  1. 2 Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны

Әлеуметтік желілердің пайдасы неде?

Ең алдымен, бұрын танымайтын, білмейтін адамдармен араласып танысуға, пікір алмасуға және өз пікірлестеріңді табуға жәрдемдеседі. Кез-келген сәтте танысыңмен байланысқа шығып, тегін пікір алмасып, хал-жағдай сұрасуыңа, соңғы жаңалықтармен бөлісуіңе мүмкіндік бар.

Әлеуметтік желі арқылы соңғы жаңалықтар мен оқиғалардан әрдайым хабардар болып отырасың. Жәй хабардар болып қоймай, сол оқиғаға қатысты адамдардың пікірлерімен де танысуға мүмкіндік болады. Үшіншіден, әлеуметтік желіден түрлі көңіл көтеретін музыкалар мен әндер, фильмдер, суреттер, мақалалар табасың және бәрі тегін. Оған қоса, білім беретін деректі фильмдер мен кітаптар, лекциялар мен мақалаларды да қалағаныңша тауып оқуға болады.

Қазақтың көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар» атты өлеңін оқып отырып, еріксіз таңданасың.

Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып-жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды, – деп келетін жолдары бар. Өлеңін нақ бір қазіргі технологияның мүмкіндігіне тамсанып жазып отырғандай.

Рас, қазір үйде отырып-ақ әлемнің кез келген түкпіріндегі адаммен әп-сәтте хабарласа аласыз. Байланыстың түрі де көп. Телефонмен, интернет арқылы, тіпті бейнебайланыс арқылы өзімен тікелей сөйлесе бересіз. Бұл бүгінгі технологияның адамзатқа сыйлап отырған мүмкіндігі. «Бұрын ұялы телефон, интернет болмаған кезде адамдар қалай өмір сүрген а?!» деп таңданып қоятынымыз бар. Иә, жұмысымызды жеңілдеткен технологияның мүмкіндіктері мол.

Сонымен бірге, өз бизнесіңді дамытуға, сатып алушы клиенттерді тартуға да мүмкіндік жасалған. Егер сіз шығармашылықпен айналысатын болсаңыз, кітаптарыңызды әлеуметтік желіні пайдаланушыларға ұсынып, сатып алушы оқырмандар табуыңызға болады.

Қазіргі таңда ақпарат тарату мүмкіншілігі бойынша Интернет торабы алдыңғы қатарға шығып отыр. Газет, теледидар, радионың түгелге жуығы Интернет торабында сайт немесе өз парақшаларын ашып, электронды ақпарат құралдарының саны күннен-күнге өсуде. Ал Интернеттегі әлеуметтік желілердің қолданушыларының орта жасы 7-ден 48-ге дейін болып отыр. Қазір кез-келген ұялы телефонда әлеуметтік желілерге қосылу үшін қосымша бағдарламалар орнатылатын болды. Кез-келген компанияның өз тауарларын жарнамалау мақсатында әлеуметтік желіде парақшалары бар. Тіпті Үкімет мүшелері, көптеген лауазымды тұлғалар Интернетте өз парақшалары, блогтарын ашып, сол арқылы өздерінің қызметіне байланысты ақпарат беріп отырады.

Әлеуметтік желілердің жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға пайдасы зор. Интернеттен музыка, фильм, ойындардан басқа ғылыми мақалалар, аудиокітаптар, тіл үйрену курстарын, тамақ істеу, би үйрену, дене шынықтыру тәсілдерін көшіріп алуға, қарауға болады. Көптеген оқулықтар мен рефераттар, түрлі суреттер де Интернетте жетерлік. Кез-келген мемлекеттік органдар, түрлі компаниялар мен дүкендер, кафе, мейрамханалар туралы ақпарат алу, олардан анықтама алу, тапсырыс беру сияқты көптеген жұмыстарды үйде отырып Интернет арқылы бітіре беруге болады.  Сонымен қатар, әлеуметтік желілер арқылы кез-келген адам өзінің пікір алмасатын, мүдделестер ортасын қалыптастыруға, жаңа таныс, дос табуға да мүмкіншілігі бар. Сол сияқты кез-келген фирма өзінің өнімдеріне қызығушылық танытқан клиенттерін топтастыра алады.

Әлеуметтік желілердің мүмкiндiгi шексiз. Талғамыңыз бен көңiл күйiңiзге қарай одан сiздi қызықтыратын көп нәрсе табуға болады. Yйден шықпай газет беттерін парақтағыңыз келеме, мейiлiңiз, тек WWW немесе Web деп аталатын әлемдiк шырмауықты қолдансаңыз жетедi. Гиперсiлтеме жүйесi арқылы қажеттi басылымыңызды санаулы минуттар iшiнде тауып аласыз. Планетамыздың кез келген нүктесiндегi ауа райын, ақпараттық агенттiктiң соңғы жаңалықтарын бiлгiңiз келсе Әлеуметтік желілер жәрдем беруге әзiр. Шалғай елдерге сапар шексеңiз сiзге қажет елмен, қаламен және т.б. таныса аласыз. Әлеуметтік желілерден ғалым да, бизнесмен де, компьютерлiк ойын әуесқойы да, бәрi-бәрi қажет ақпарат таба алады. Әлеуметтік желілер күнделiктi тұрмыс пен жұмыстың айнымас құралына айналып келедi.

Ең маңызды және пайдалысы, алыс-жақыннан, ағайын-тума, таныс-білістен хат-хабару алмасу үшін қолданылады.

Қазіргі жастар сандық технологияға жақын. Олар барлық ақпаратты тезірек үйренеді. Сандық сауаттылық деген компьютерді қалай қосудан бастап, онымен қалай тиімді пайдалану керек соны меңгертуге көмектеседі. Мысалыға айталық, үйден шықпай-ақ, 3-4 айдың ішінде Колумбия, Гарвард университетін бітіріп шығуға да болады. Ол үшін сіз арнайы сайттарға немесе әлеуметтік желідегі топтарға тіркелсеңіз, олардың үнемі шығарып отыратын ақпараттарын күнделікті көруге болады.

Иә, … қазір, шынайы өмір мен жасанды кеңістік, әлеуметтік желі мен кітап, адами қарым-қатынас пен онлайн қатынас бәсекеге түскен заман.

Іздеу жылдамдығы. Әлеуметтік желілердің көмегімен іздеген адамыңды жылдам тауып алуға болады (егер тіркелген болса).

Мейрамдар, туған күндер жайлы еске салады. Әлеуметтік желілер арқылы дер кезінде достарыңыздың туған күнін, айтулы мерекелерді біле аласыз. Біліп қана қоймай, арнайы құттықтау қағаздары, стикерлер арқылы құттықтауыңызға болады.

        Әлеуметтік желінің зияны

Таяқтың екі ұшы болатыны сияқты, әлеуметтік желілердің залалы да жетерлік. Ол, тіптен пайдасынан көбірек болып жатады. Сондықтан, әр адам әлеуметтік желіні пайдаланбас бұрын оның пайдасы мен залалын таразылап алғаны дұрыс.

Әлеуметтік желі ең алдымен, адамның алтын уақытын жейді. Уақыт – Алланың адамға берген ең үлкен байлығы және баға жетпес құндылығы. Жоғалтқан уақытты ешқандай жолмен қайтара алмайсыз. Әлеуметтік желіде күн сайын жеті-сегіз, тіпті одан да көп сағаттап отыратындар алтын уақыттарын жоғалтып жатқандар.

Екінші залалы – әлеуметтік желі адамды белсенді емес тұтынушыға, яғни көк жалқауға айналдырады. Әрине, әлеуметтік желіні адамдар әртүрлі мақсатта пайдалануына болады, оның ішінде жаңа нәрселерді жасап, соны жұртқы ұсынуға да мүмкіндік бар. Дегенмен, оны тұтынушылардың көбі жаңаны жасағаннан гөрі,  ұсынылып жатқан ақпараттарды тұтынғанды жөн санайды.

Әлеуметтік желі ақырсында адамды тәуелді етеді. Араққа, есірткіге тәуелді болған сияқты, адамдар көп ұзамай әлеуметтік желіге де тәуелділікке түседі. Енді олар күндіз-түні компьютерде отырып, әлеуметтік желіге қараудан жалықпайтын болады. Бүгінгі күні, әсіресе жасөспірімдер арасында әлеуметтік желіге тәуелділік белең алып барады.

Әлеуметтік желі адамды бақытсыз етеді. Иә, әлеуметтік желіге байланған адам үшін бақыт деген жұрттың өзі ұсынған ақпаратқа немесе суретке лайк басып, сүйсінуі болып саналады. Олар өзгелерді тамсандыру үшін, тіпті өмірлеріне қатер төндіріп биік үйлердің төбесінде, жүріп келе жатқан пойыз көрінісі аясында суретке түсуге ұмтылып жүріп, мерт болып немесе жарақат алып жатады. Жұрт лайк баспаса, ол үшін нағыз үлкен бақытсыздық болып табылады.

Сондай-ақ, әлеуметтік желі адамдарды жақындарымен, таныс-достарымен тірілей байланыс жасауына кедергі келтіреді. Жәй кедергі келтірсе жарайды ғой, олардың еркін алып, айналасындағылармен қарым-қатынастарын үзуге еріксіз мәжбүрлейді. Әлеуметтік желінің қызығына түскен адам туыстарын да, отбасын да, тамыр-таныстарын да естен шығарады.

Күніне сағаттап интернетте отырып, айналасындағы дүниені ұмытатын, адамдармен қарым-қатынасын үзетін, әлеуметтік желіге тәуелді болған пенде ақыр-соңында денсаулығын жоғалтып, түрлі ауруларға шалдығады. Бар уақыты мен күш-қуатын, қабілет-қарымын интернетте сағаттап отыруға жұмсайтын ондайлар күнделікті өмірдегі отбасы, еңбек ұжымы, жалпы қоғам алдындағы міндеттерін ұмытып, содан қолайсыз жағдайларға тап болады және тұрмыста да ауыртпалықтарға ұшырайды.

Әлеуметтік желілерде байланыс орнатудың түрі көбейген сайын оған қызыға түскендердің қатары артуда. Әлеуметтік желіде мың досы бар жандардың шынайы өмірде сыр бөлісе алатын жалғыз жолдасы да жоқ. Оған өкінбейтіндері де кем емес. Виртуалды әлемді өзі танымайтын, өзі көрмеген досының мақтауына семіріп, өзін керемет жан сезінетіндер жұртпен араласудан қалып барады. Қалай сөйлесу керектігін де ұмыта бастағандай.
Әлеуметтік желі деген де аурудың бір түріне айналып бара жатқан секілді. Көбінесе жастар ешкім кедергі келтірмесін деген оймен интернетке, әлеуметтік желіге түнде көбірек қосылады. Соның салдары-нан күндіз меңіреу, селқос жанның күйіне түседі. Ұйқысы қанбай, күн тәртібі бұзылады. Уақтылы тамақтануға, жеке гигиенаға көңіл бөлуге де уақыт жетпейді. Интернетке бір күн қосылмай қалса, әлемнің үлкен жаңалығынан құр қалғандай мазасыздана бастайды, тіпті қолы немесе аяғы жоқ жарымжан адамдай күйге түседі. Әрине, көпшілігі компьютер немесе ұялы телефонға ұзақ телмірудің денсаулыққа зиян екенін біледі. Бірақ оны қолданудан бас тартатындары өте сирек.

Әлеуметтік желіге тіркелгендер көп жағдайда өзі туралы мәліметті ашық жаза береді. Ал мұндай мәліметті қылмыскерлер пайдаланып кетуі ғажап емес. «Ертең мен ауылға кетемін, дүйсенбіде кездескенше, достар!» деп парақшасына жазып кеткен бір аңқау жігіт ауылдан оралса, үйін тонап кетіпті. Дүние кетсе мейлі, өмірімен қоштасып жатқандар да жоқ емес. Әлеуметтік желі арқылы өзіне ұқсайтын жалғызбасты әйелді тапқан қылмыскер онымен достасып алған. Кейін әбден сеніміне кіріп алған соң үйіне барып өлтіреді, аты-жөнін, дүние-мүлкін иемденеді. Статистикалық мәліметтерге сенсек, жыл сайын әлемде шамамен 100 адам әлеуметтік желіде қалдырған хаты үшін өмірден озады екен.

Компьютердің, ұялы телефондардың зияны туралы мақалалар өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап жарық көрген. Әсіресе, ондағы алуан түрлі ойындар жеткіншек балалар мен бүлдіршіндердің денсаулығына, жүйке жүйесіне зақым келтіретінін сол кезден-ақ ғылыми негізде дәлелденген.

Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім “жабық әлем” қалыптасады. Тек компьютермен шектелетіндіктен мұндай бала ерте ме, кеш пе әйтеуір қатарластарымен тілдесе алмайтын халге жетеді. Тіпті, бұған дейін достасып жүрген жолдастарын жоғалтады…

Интернет пен ұялы телефонның білім сапасына кері әсері. Телефон ең алдымен, байланыс, яғни сөйлесу құралы. Бірақ, неге екенін білмедік, көптеген бала-шаға оны ойын, уақыт өткізу құралына айналдырып алған. Осылайша олардың бар уақыты осы телефонмен өтеді. Шыны керек, тәулігіне 24 сағат болса, олар соның 12-13 сағатын осы қалта телефонымен өткізеді.

Cонымен қатар интернетті және әлеуметтік желілерді шектен тыс қолдану білім сапасының төмендеуіне де әсері бар екен. Сондықтан Интернеттің тек жақсы жақтарын пайдаланып керегімізге жаратайық.

Осы саладағы көптеген зерттеулер ұйықтар алдында әлеуметтік желіні пайдаланудың күндізгі уақытқа қарағанда әлдеқайда зиянды болатынын көрсетеді. Диод лампасының жарығы (телефон, ноутбук, планшет) мидағы табиғи ұйқы процесі мен мелатонин ұйқы гормонының бөлінуін тежейтін көрінеді. Тіпті мектеп жасындағы жасөспірімдер түнде әлсін-әлсін оянып, әлеуметтік желідегі жаңа хаттарды бірнеше рет тексереді екен. Бұл жағдай оларды әдеттегіден үш есе артық шаршатады. Ал ұйқы қанбаудың соңы қан қысымына, диабетке, семіздікке, жүрек-қан тамырлары ауруына, депрессияға ұласады. Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтiк проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы («НМӘП РҒПО» РМҚК – ред.) мамандарының 2013 жылы жүргізген зерттеуі бойынша, қазақстандықтардың 5 пайызы ойынқұмарлық пен интернет тәуелділікке ұшыраған.

Қазақстанда ата-аналардың 57%-ы балалары интернетте жасына сай емес ақпарат алуы мүмкін деп қауіптенеді екен. Десек те, ата-аналардың көбісі интернет қауіпсіздігі мәселесіне көп көңіл бөлмейді. Себебі, ата-аналардың 18%-ы балаларының ғаламторда не істеп отырғанын мүлде қадағаламайды екен.

Заман солай деген желеумен баламыздың компьютер, планшет, ұялы телефон және теледидар секілді сандық техникалармен бар уақытын сарп етуіне мүмкіндік беріп қойдық. Жарты күнін экран мен суперзаманауи гаджеттердің алдында өткізетін бүгінгі баланың ертеңіне ертерек алаңдасақ, ұтылмасымыз анық. Ол үшін баламыздың түрлі гаджеттерді қолдану уақытын шектеп қана қоймай, көріп отырған дүниесінің мазмұны дініміз бен діліміздің салт-санамыздың құндылықтарына қайшы келмеуін де қадағалап отырған абзал.

Мұның салдары қандай жағдайға апарып соғарын болжап білу мүмкін емес.

  • Көп уақытын шығындау. Әлеуметтік желілерде сағаттап отырамынымыз өтірік емес. Алайда бұл уақытыт пайдалы әрі тиімді өткізуімізге де болар еді. Бос әңгіме, жеңіл әзіл-қалжыңдармен уақыт өлтіргеннен гөрі, білім алу, тіл меңгеру – әлдеқайда пайдалы.
  • Шынайы өмірден алыстау. Әлеуметтік желілерде біздің мінез-құлқымыз, өзімізді ұстауымыз шынайы өмірге қарағанда өзгерек. Нәтижесінде шынайы өмірден алшақтап, қиялыңыздағы виртуалды кейіпкеріңізге әбден беріліп кетуіңіз мүмкін.
  • Жеке тұлғаның азуы. Егер әлеуметтік желілерге көп уақытын жұмсайтын адамдардың сөзіне, пікіріне назар салсақ, олардан мағынасыздықтың лебі еседі. Тіпті, бірқатарының сөздері көпшілікке түсініксіз.
  • Әлеуметтік желілер – алаяқтар мен арам пиғылды адамдардың алаңы. Өкінішке орай, көпшілігіміз әлеуметтік желіге өзіміз жайлы басы артық мәлімет берудің артынан болар зардабын біле бермейміз. Көбіне онда толық аты-жөнімізді, мекен-жайымызды, телефон нөміріміз бен жұмыс орнымызды жазып жатамыз. Мысалы, бүгін әлеуметтік желіде достарыңызбен ноутбук немесе қымбат тон сатып алғаныңыз жайлы мәліметпен бөлістіңіз делік. Біраз уақыттан соң өзге қалаға не мемлекетке саяхаттап бара жатқаныңыз жайлы жаздыңыз. Дәл осы уақытта сіздің жоқтығыңызды пайдаланған алаяқтар тоныңыз бен ноутбугыңызбен қатар, одан бөлек құнды дүниелеріңізді тонап кетуі мүмкін екен.

Әрине, егер шегін біліп қолдансаң, әлеуметтік желінің зияны жоқ деуге болады. Әлеуметтік желіге күніне 1 сағат уақытыңызды ғана бөлгеніңіз жөн дейді мамандар. Баланың ғаламтор желісінде ұзақ уақыт отыруға әуес болуынан туындайтын зияндар:  

  • Көзінің көруі нашарлайды;
  • Айналасымен байланысы жоғалып, мінезі тұйықталып кетеді;
  • Денсаулығына кері әсерін береді;
  • Ойынға тәуелді болады;
  • Психикасы бұзылады.

Ғаламтор желісіндегі бейтаныс адамдар тарапынан келетін зияндар:

  • Балаңызға тіл тигізуі;
  • Баланы заңсыз әрекеттерге тартуы;
  • Жеке ақпарат алуы;
  • Балаңызды қорқытуы;
  • Рұқсат етілмеген контентті жіберуі мүмкін.

Балалар ғаламторға әртүрлі: компьютер, планшет, мобильді құрылғылардан кіреді. Олардың ол жерде немен айналысып жүргені бір Аллаға аян.

Статистикаға сүйенер болсақ, соңғы 12 ай ішінде әрбір бесінші бала әлеуметтік желіде төтенше жағдайдың құрбаны болған көрінеді. Әрбір бесінші ата-ана баласының ғаламторда нені көріп, не тыңдайтынын әр уақыт қадағалап отыра алмайтынын біледі. Олай болса, балаңызға төнген қауіптің алдын алу үшін, онымен әр сәтте байланыста болу маңызды.

Тәрбиесінде кем-кетік болмауы үшін түрлі тыйымдардың орнына балама зат, әрекет ұсынып, соған қызықтырған өтімдірек болатынын да ескерген жөн. Баланы виртуалды ойындардан шынайы физикалық ойындарға, спортқа баулудың тиімді тетіктерін қарастырған дұрыс.

Осы ретте, жасөспірімдердің ғаламтордағы белсенділігін бақылауды жеңілдететін бағдарламаларды (мобильдік қосымшаларды) да тиімді пайдалануға кеңес береміз. Мәселен, балаңыз қолданатын барлық құрылғыларға орнатуға болатын және оның желідегі әрекеттері жайлы біліп отыруға мүмкіндік беретін, сонымен бірге, балаңызды ғаламтордың зиянынан қорғайтын Kaspersky Safe Kids программасын (мобильдік қосымшасын) айтуға болады. 

ІІІ Практиалық бөлім 

Осы жұмыс барысында әлеуметтік желілердің жасөспірімдерге әсерін анықтау мақсатында мектеп оқушылары арасында сауалнама жүргіздім. Сауалнамаға 115 оқушы қатысты. 

  1. 1 Сауалнама жүргізу

Мен нәтиже көрсетудің екі жолын пайдаландым: диаграмма құру және жауаптардың орташа деңгейін анықтау.

Нәтижеде, мен сауалнама жүргізген оқушылардың барлығы әлеуметтік желіге кіретінін, әсіресе, в контакте жүйесінде отыратынын анықтадым. Ал мұғалімдердің ішінде әлеуметтік желіде өз аккаунты  барын, ал көпшілігі интернет пен әлеуметтік жүйені айырып жатпайтыны белгілі болды.

Сауалнама жүргізілгендер арасында орташа есеппен барлығы күніне бір сағаттай жұмсайтын болып шықты. Оқушылар, әрине, 3-6 сағат арасында интернетте отырса, мұғалімдер, 1-1,5 сағат аралығында.

Алғашқы сұрақ:  «Әлеуметтік желіге тіркелгенсіз ба?»

Екінші сұрақ:  « Әлеуметтік желіде қаншалықты көп отырасыз?»

Үшінші сұрақ: «Қандай әлеуметтік желіге тіркелгенсіз?»

Төртінші сұрақ: «Әлеуметтік желілерде күніне қанша уақыт отырасыз?

Пятый вопрос: «Әлеуметтік желіде не мақсатта отырасыз?»

Алтыншы сұрақ: «Әлеуметтік желіде қанша досыңыз бар?»

Жетінші сұрақ: « Әлеуметтік желіде әрдайым жалған ақпарат қалдырасыз ба?»

Сегізінші сұрақ: «Әлеуметтік желінің артықшылығы неде деп ойлайсыз?»

Тоғызыншы сұрақ: «Әлеуметтік қатынас шынайы өмірді алмастыра алады деп ойлайсыз ба?» 

  1. 2 Әлеуметтік желіде жұмыс жасауға қойылатын кеңестер

 Сауалнама жүргізу және ақпараттар алу барысында әлеуметтік желілерге қатысты мәселелерді шешудің жолдарын қарастырдық:

  • Әлеуметтік желіде отыру уақытын шектеу;
  • Уақытты тиімді өткізудің балама жолдарын іздеу, мысалы, спортпен, тігумен, сурет салумен, кітап оқумен т.б. айналысу)
  • Шынайы өміріңе көбірек көңіл бөлу (сабаққа, отбасыңа, достарыңа);
  • Достарыңның арасында көбірек болу;

Қарапайым жас (ол мектеп оқушысы, студент, жас маман) таңертең ұйқысынан тұрған сәттен-ақ әлеуметтік желіге қосылуға мүмкіндік беретін аппаратқа (телефон, планшет, ноутбок және т.б.) қарай беттейді. Содан сабақта, жұмыста, көшеде, үйде де желіде отырады. Түсте, кешке тамақтанғанда, үй тапсырмасын орындағанда, үй шаруасымен айналысқанда жастардың барлығы аталған істермен бірге, әлеуметтік желідегі шаруасынан қол үзбейді. Соңында, негізгі жұмыстары аяқталмайды және назар аударып орындамаған үй тапсырмасын көңіліне толық түймейді. Шәкәрім Құдайбердіұлы: «Еріншектен — салақтық, салақтықтан — надандық, Бірінен-бірі туады, Жоғалар сөйтіп адамдық» дегендей, еріншектікке таң атқаннан жіпсіз байлайтын осы әлеуметтік желі.

Осы орайда әлеуметтік желі мәдениетін қалыптастыруда ең басты ескеретін 3 мәселені ұсынамыз:

  1. Қолдану уақытын белгілеу. Тәулігіне өтетін 24 сағаттың 8 сағатын – күнкөріс жұмысқа, 8 сағатын – ұйқыға, 8 сағатын – өзімізге пайдалы өзге ісімізге жұмсауымыз қажет. Ал әлеуметтік желіні тұрақты қолданушылар 24 сағаттың 6 сағатын – күнкөріс жұмысқа, 6 сағатын – ұйқыға, 6 сағатын өзіне пайдалы деп санайтын өзге істерге, ал қалған 6 сағатын әлеуметтік желіге арнайды. Бұл – қазіргі заманда үйреншікті жағдай.
  2. Ақпарат қабылдау, тарату, түсіну жолдарын үйрететін арнайы курстар ашу. Өйткені жастар ақпараттың 90 пайызын дерлік әлеуметтік желіден алады. Алынған ақпараттың оң, солын ажырата алмай адасып жүреді. Оны желі арқылы таратады. Сонымен өздері адасып қана қоймай, қоғамды адастырады. Сөйтіп, «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді».
  3. Тіл тазалығын реттеу. Тіл сауаттылығының сақталып қалуы үшін әлеуметтік желі қолданушыларына арналған, қарым-қатынас жасау нормаларын үйрететін интернет-нұсқаулық жасау керек.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні деп түйгеніміз, кез келген жас азамат өзінің күн тәртібіндегі әлеуметтік желінің әкелер пайдасын пайымдап, зиянын зерделеп, онымен жүйелі түрде айналысу керек.

Қорытынды

Интернет қарым-қатынас жасаудың кеңінен таралған түрі. Адамдар техниканың дамығандығы мен интернеттің кеңінен етек алуынан көп уақыттарын әлеуметтегі желідегі қарым-қатынаста өткізетін болған. Осы әлемде олар өздерін сенімді сезініп,  мұнда өзіңді жасырын таныстырып, өз сезіміңді көрсетпеуге болады. Тақырыппен жұмыс жасай отырып, төмендегідей шешімге келдім:

  1. Жасөспірімдердің көбі бос уақытын интернетте өткізеді.
  2. Интернетті әлеуметтік желілерде сөйлесу үшін қолданады.
  3. Олардың ішінде кең таралғаны: ватсап, в контакте, инстаграмм.

4.Жасөспірімдер күніне шамамен 3- 4 сағатын әлеуметтік желіге арнайды.

  1. Көпшілігі интернетпен өздерін жасырын таныстырады.
  2. Көпшілігі виртуалды қарым-қатынас шынайы қарым-қатынасты ауыстыра алмайтынын айтты.

Виртуалды әлем қызық. Онда біз шынайы мәселелерден, өз-өзімізден қашуға тырысамыз. Осы әлемде шынайы өмірде айта алмағанымызды еркін айтып, емін еркін көсіліп жазамыз. Дегенмен, виртуалды әлем тірі қарым-қатынасты айырбастай алмайды, ол шынайы әлемнің бір бөлшегі ғана.

Әлеуметтік желіні бүгінде жұрттың бәрі дерлік пайдаланады. Дегенмен, оны шектен тыс пайдаланамын деп тәуелділікке түсіп, уақытыңызды, денсаулығыңызды құртып, айналаңыздағы адамдардан аулақтап, тұрмыста, отбасында қолайсыз жағдайларға тап болмайын десеңіз, оған көп үйір болмағаныңыз жөн. Ең бастысы: әлеуметтік желі маған не береді? -деп, оның тек пайдалы жағына ғана назар аударған жөн.  

Ұсыныстар:

  1. Отандық әлеуметтік желілерді дамытып, оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсету;
    1. Интернеттің ұлттық ресурстарын, әсіресе қазақ тілінде балаларға арналған ресурстарды дамыту;
    2. Педагогог ғалымдар тарапынан компьютерлік оқыту формаларын зерттеп, әдістемелік нұсқаулар жасау, сонымен бірге балалар, жасөспірімдер, ата-аналар арасында жүйелі түрде компьютерлік ойындармен, әлеуметтік желілермен аса әуестенудің зияндығы туралы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
    3. Жасөспірімдер арасында ақпараттық мәдениет тақырыбына зерттеулер, арнайы курстар өткізу қажет деп есептейміз.
You May Also Like

Анализ собственных наименований продовольственных товаров, научная работа

Тема:    «Анализ наименований продовольственных товаров на примере  магазина «Роза» Рецензия На конкурсную…

Туған өлкем – Атбасар, ғылыми жоба

Мазмұны І.  Кіріспе: Туған өлкем – Атбасар! Тарихтың  асыл бетін парақтасақ… ІІ.…

Қарағанды, ғылыми жоба слайд

Қазақ таныған қарлығаштың қасиеті, ғылыми жоба

Аннотация Зерттеу жұмысымызда Рухани жаңғыру бағдарламасының басты мақсаты –  атадан балаға ұласып…