Тақырып: «ЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖЕЙДЕ»

Киім – тігін бұйымдары, адамзат қоғамының әрбір тарихи даму кезеніңде өзгеріске ұшырап отырады. Ол қоғамдық құрылыстың, техника мен экономика дамуының, сондай – ақ ұлттық мәдениеттің өзіндік ерекшілігін, халық тұрмысының, көркемдік талап – талғамы мен салт – дәстүрінің талаптарын бейнелейді. Жалпы киім ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғымын бейнелейтін сәнмен тығыз байланыста болады. Адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді,  яғни сән де үнемі жаңарып отырады. Адам болмаса киім өзінің мағынасын жоғалтады, оған тән қызметтер жойылады. Сондықтан, киім формасының даму заңдылықтары ылғи да, моданың сұрасына және дәуірдің көркемдік талаптарына тәуелді емес, адам тұлғасының тектоникасына тәуелді болып есептелінеді. Киімді әркім өз бетінше тандайды, таңдау барысында адам жеке талғамы мен сән ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білу де өнер. Киімге деген талғампаздық адамның өзіне сын көзбен қарай алатының белгісі болып табылады. Киімнің жоғары сапасы бәрінен бұрын қолданылатын материалдардың сапасына, оның дұрыс таңдалуына, модельдің көркемдік бейнесін және конструкциясын дайындау технологиясын жетілдіруіне байланысты болады. Әлемдік тоқыма және химия өнеркәсібінің дамуы және киім дайындауға арналған жабдықтардың жаңа түрлерінің шығарылуы заманға сай киім ассортиментін киімге арналған жаңа материалдарының ассортиментін жетілдіру мүмкіншіліктерін елеулі кеңейтті. Нарық еңбекке қабілетті әр адамнан терең тәжірибелік және теориялық білімді іске шығармашылықпен қарауды талап етеді. киімді құрастырмас бұрын, сәнді үлгі жинағынан, яғни «burda» сән журналынан үлгідегі киім модельдерімен таныстық. Сән ағымына сай дене бітімге қонымды сән үлгісін таңдау және сол бұйымды тігу мен өңдеу ерекшеліктерін ескерту. Осы мақсаттарды орындау барысында адам тұлғасының ерекшеліктерін және кемшіліктерін айқындайтын, тұлғаға сәнді сипаттама беретін модель ойлап табылады.  Осы мақсаттарды орындау барысында мынандай міндеттер орындалады: осы мерзімге сай мода тенденцияларын зерттеу; сән журналынан алынған дайындалатын тігін бұйымның сән үлгісін таңдау; бұйымды дайындаудың техникалық бірізділігі мен нұсқау картасын құрастыру; бұйымның өзіндік құнын анықтау. Өзіне дұрыс таңдалған үлгі табиғи эстетикалық қасиеттерін жоғалтпай, сәнді болады, киімді өте әдемі, көрнекті қылады.

Адам әрдайым қоғамда, ортада өмір сүреді, сондықтан да қоғамда болып жататын қозғалыстар жеке адамды айналып өтпейді. Моданы қоғамның күнделікті көріністерінің  белгісінің бірі десек, одан қателеспейміз. Рас, әл-ахуалына, дәулетіне, біліміне, сәулетіне, ой-өрісіне, мәдениетіне, жұмыс істейтін жері мен мамандығына байланысты біреулер моданың тереңіне деңдейді, енді біреулер болса мода  қуудың өз жағдайына сай келмесін көріп іштей тынады.

Жалпы сәнге бағыттамаға келетін болсақ сән, мода деген сөз біздің тілімізге шет тілінен енген термин сөз ретінде қабылданған. “Мода” сөзі француздың  “mode”  деген сөзінен алынған,  ал бұл сөз  латынның “modus”  сөзінен бастау  алған.

Ол белгілі бір өлшем, тәртіптің немесе образ деген  мағынаны білдіреді. Моданы өмірдің немесе мәдениеттің  белгілі бір саласында белгілі бір мәнердің аз уақытқа дәуірлеп тұруы  деп те аударуға болады. Талғам ұғымынан моданың айырмашылығы ол көркем туындыларға және күнделікті тұрмыста қолданылатын заттарымыздың сыртқы түрінің неғұрлым аз уақытта үстірт өзгеруін білдіреді.

Ал тар мағынада “Мода” дегеніміз салыстырмалы түрде аз ғана уақыттың аралығында киімнің сыртқы түрі мен үлгісінің өзгеріп отыруы.

Жалпы моданың екі бағытын айқындауға болады:

Жеке адамдарға арналған, ерекше сәнді  және салтанатты сән үлгілері;

Жалпы халыққа арналған сән үлгілері.

Бұлардың біріншісі екіншісінен қымбатырақ болады. Бірақ сән үлгілерін жасаушылардың міндеті осы екі категорияға дабірдей.     Аталарымыздың “Ағаш көркі – жапырақ, адамкөркі – шүберек” деген  мақалының мағынасы тереңде.  Оның философиялық мәні біздердің бүгінгі қызметімізді толық сипаттап береді.

Байқап отырсақ, мода барған сайын қоғам өмірінің  барлық жақтарына-саясатқа, экономикаға, социологияға және басқаларына  дендей еніп келеді. Сол себепті де қоғамдық өмірдің барлық жақсылықтары мен қарама-қайшылықтары сән үлгілерінен өзіндік көрінісітерін тауып отырады.

Қазіргі кезде кез келген адамның өз қалауынша сәнді киінуіне мүмкіндігі бар. Тіге білетін және осы іске қызыққан адам өзіне ыңғайлы және сәнді бұйым тігіп кие алады. Киім өзінің бастамасын алғашқы қауымдағы шөптен жасалған белдік байламдардан, жануар терісінен денесіне жапқан жабулардан алады. Киімді суықтан, ыстықтан, жараланудан, сырып кетуден сақтап қалу үшін киді. Киім үшін тек тікелей табиғаттан алынатын, өңдеуді қажет етпейтін материалды ғана пайдаланған. Мұндай киім қарапайым болған және не жыныстық не әлеуметтік жағынан айырмашылығы болмаған. Тарихи кезеңдерде байланысты адам қауымдарға бөліне бастағаннан кейін, киімді түрлі: жыныстық,  әлеуметтік, мүліктік белгілері бойынша бөліп қарау туындады.

Қазіргі заман жеткіншектерінің киім үлгілері, көңіл-күйде көтеріңкі етіп  көрсететін қанық түстермен және спорттық, фольклорлық еркін стильде болуымен сипатталады.

Жылдаң  жылы ауа рай ыстық күндері  жеңі қысқа жеңіл киім кигенді  ұнатамыз. Сондықтанда ұзақ киілетін жарасымды, әрі сәнді болғанын қалаймыз.

Жалпы ерлерге арналған  жейденің небір түрілері  сәнге шығып жатыр. Қысқасы, ұзыны,  ілгексіз тек, денемен бітісіп жатқаны, таңдау мол. Сондай–ақ ұзын жеңді, қысқа жеңді, жеңсіз, жағалы, жағасыз, қалталы, қалтасыз де көруге болады.

Жейденің  тік қынамалы, жартылай қынамалы, бір өңірлі түймелікті немесе қаусырмалы өңірлі түймелікті және жасырын түймелікті, тағы басқа түрлері бар. Қалталар жармалы, тігіске түскен, жапсырма және ішкі қалтамен, әр түрлі сәндік тігіс не бөлшектермен әрленеді.

Киімдерді модель сурет немесе фотосурет түрінде тапсырылады. Суретшінің ойын байқап білгеннен кейін, құрастырушы қазіргі замандағы барлық талаптарға сай, дайын базалық негізінен таңдайды: сәндік сұлба, киімнің сәндік түрпішінін жасайтын қосымшалар. Мұнда конструкция негізі болмаған жағдайда оны жобалап жасайды.

Дипломдық  жобада таңдалынып алынған  бұйым ұзын қондырмалы  жеңді ерлерге арналған жейде. Қазіргі заман талабына сай  ерлерге  арналған жейде. Ашық көк түсті қынамалы силуэтті.

Алдыңғы бойы тұтас пішілген, кеуде тұсында жапсырма қалталары бар. Алдыңғы бойыдың конструкциялық қиықтарын сақтау мақсатында, өңір іштігін алдыңғы боймен сырып тігіледі. Артқы бойында  кесінді иініш бар. Жағасы тік қайырмалы.  Ерлер жейделерінің жағалары тұтас пішілген, астыңғы жағымен бірге пішілген, екі бөлікті және жалаң қабат жаға болуы мүмкін. Сондай-ақ жоғарыға дейін немесе лацканға дейін түймеленетін бұйымдарға арналған болуы мүмкін. Жейделердің жеңдері қондырмалы, реглан, бір тігісті немесе екі тігісті болады. Жеңнің  аузы қаттамамен және тілікпен  өнделеді. Қаттама бір немесе екі түймелі болады.

Бұйымның  төменгі  бөлігі алдыңғы бойына сәйкес солдан оңға қарай көлбеу пішілген.

Жасанды жіптерден тоқылған маталар – жібек маталардың ең көп тобы: олар вискоза және ширатылған ацетат жіптерінен, әр құрамды креп және мооскреп жәптерінен әр түрлі қосылыстарының айқаспаларымен тоқылады. Сонымен қатар басқа да  талшықтары бар жібек  жіптерден тоқылған  маталарды алу үшін таза жібек жіптері мен таза жібектен иірілген  жіптерге мақтадан иірілген жіптерді немесе жасанды  құрама, не синтетикалық аумақты жіптерді қосып пайдаланамыз. Маталар ассортиментінің басым бөлігі  сырықтық тығыздығы  18-17 текс жіптерден, ең  жұқа маталар 6-8,5  жіптерден тоқылады. Маталардың  1м2массасы 80-200г. Таза талшықтардан тоқылған маталармен салыстырғанда жасанды талшықтардан тоқылған маталар қалыңдау, қаттылау, ауырлау болып келеді. Бұл маталарды тігу үшін №90-100 инелер мен  №50-60 мақта тігін жібін пайдаланған жөн. Жасанды  жіптентоқылған маталар крептік, сәтендік, атластық, стрейч-атластық болып бөлінеді. Стрейч-атластық маталар, созылғыш гигиеналық, эстетикалық талаптарға толығымен жауап береді, сәтендік-атластық айқаспамен тоқылған маталардың оң бетінде сопақ, ұзын жапқышы болады, сондықтан да  олардың оң беті тегіс және жылтыр. Сәтеннің оң бетінде арқау жіптері, ал атласта–негіз жіптері басым. Сәтендік және атластық айқаспаларының раппортында кемінде 5 жіп болуы тиіс. Жібек маталар ассортиментінде синтетикалық маталардың өзіндік салмағы жыласқан сайын артуда. Жаңа асырдың бастауымен қатар, маталардың жаңа үлгілері де ұсынылуда, соның ішінде органза. Жаңадан шығып жатқан маталар: қолайлылығы қолданылуының көп түрлілігінде экологиялық таза қарапайымдылық және денеде жеңіл сезінуде. Синтетикалық  маталардың басым көпшілігі сызықтық тығыздығы 3,8-6,5  текс жіптерден тоқылады; ең жұқа әрі жеңіл маталар 1,7-2,2 текс дара  талшықтардан алынады. Текстурленген немесе бұл жіптердің тегіс,  жатық жіптермен құрамасын пайдаланып тоқылатын маталарды шығаруда кең өрісалуда.

Конструкциялау – мұның өзі нәтижесінде киімнің сыртқы пішіні мен құрылымы анықталатын процесс үлгілер, есептеулер тігудің нәтижесі болып табылады.

Конструкциялау  бұйымның техникалық құрылымы творчестволық жағынан алдын-ала анықтайды.

Киім тігілетін материал қасиеті мен әсемділігіне  қойылар талапқа орай,  матаның үнемді жұмсалуын, тігу технологиясының қолайлылығы мен келешектің  талабына сәйкес келуі ескере отырып  киім үлгісін жасау. Үлгіні жасағанда киімнің адам тұлғасына жарасымды  болуына көңіл бөлінеді. Бұл  жұмыс ең алдымен  оны  кім және  қандай мақсатқа киетінін, қандай материалдан тігілетінін  анықтаудан басталады.

Матаның түрі  мен түсі тігілер киімнің  үлгісін және конструкциясына (пішіміне) байланысты таңдалып алынады.

Киім үлгілеу  деп – киімнің үлгісін жасап,  матаны сол үлгі бойынша пішіп, тігіп шығаруды айтады.

Киім үлгісін жасарда үлгіні суреткер әдетте оның адам денесіне қонымды болуын,  киілетін орын мен  тігін өндірісінің  ерекшеліктерін ескереді.  Киімнің  негізгі үлгісі дайындалғаннан кейін,  оның бөлшектерінің үлгілері қағаздан жасалады.

Оның екі әдісі бар:

Техникалық  конструкциялау әдісі(мұнда дене өлшемдерін қағаз бетіне аудару. Бұл әдістер киімнің сыртқы пішімі мен үлгісіне байланысты таңдалып алынады. Егер киімнің сыртқы пішімі мен  үлгісі күрделі  болса, екінші әдіс, ал өзгесінде киім бөлшектерінің үлгілері бойынша пішеді. Үнемділігін арттыру  үшін үлгілерді матаның  үсітне салып пішу керек.

Тиянақты үлгі алдымен орта бойлы адамдарға  лайық орташа өлшеммен (әйелдер және ерлер үшін 48 өлшеммен, сәбилер үшін 28- өлшеммен) дайындалады. Содан кейін өзге өлшем үлгісі жасалады. [8; 459]

ТМД елдері үшін бұйымды конструкциялаудың бір іңғай әдісі, орталық зерттеу техникалық тігін зертханасы (03ГТ3) зерттеп дайындаған және тігін өндірісінің орталық ғылыми зерттеу институтыны (ТООГ3И) зерттеп дайындаған әдістері бар.

Бір іңғай әдіс 1980 жылы тұрғындардың размерінің типологиясында елеулі өзгерістердің байқалуына байланысты қайта қарастырылып (салалық стандарт) ОСТ 17-326-74 стандартына негізделеді.

Бұйымдар бөлшегінің сызбасын тұрғызудың бұл әдісі киімді конструкциялаудың есептеу-талдау әдісіне негізделген. Онда қолданылатын есептеу формулаларды киім пішімі және адам тұлғасының антропометриялық мәліметтерін математикалық зерттеу нәтижесінде бекітілген. [9; 36-38].

Қарастырылып отырған әдістер екшелігі – әр алуан, әр мақсаттағы түрлі пішін мен пішімдегі киімді конструкциялау үшін бастапқы сызбаның құрылымы әмбебап жөнінен тұрғызудың есептеу формулалары  мен графикалық әдісітү бегейлі өзгертуді қажет етпейді.

Адамның тұлғасын өлшеу. Киімді тікпес бұрын әуелі станоктар мен машиналар секілді жобасын жасап, құрастырылады. Қазіргі заманда киім өнеркәсібінің негізін жасағанда қатаң инженерлік есеп керек. Бұл фабрика өнімдеріне ғана емес, әркім өз қолымен жасайтын ең алғашқы, ең қарапайым  бұйымдарға да қатысты. Ол үшін ең алдымен сантиметрлік таспамен өзіңіздің немесе өзіңіз киімін тігетін адамның тұлғасын өлшеу керек.

Бұл жұмыс кезінде адам екі аяғына салмағын тең түсіріп, денесін босаң, табиғи қалпында ұстап, тыныш тұруы керек.  Өлшем алғанда денені қыспайтын іш киіммен, мәселен іш көйлек киген қалпында  болуы керек. Есептеу үшін әуелі денедегі басты нүктелерді-бел сызығын және басқаларын белгілеп алу қажет.  Кәдімгі резеңкені қолданымыз:  бел үшін – 80-90 см, кеуде бөлімі -100-110см; резенкелерге ілгек пен бірнеше ілмек жасау керек. Бір резеңкені белге көлденеңінен байлайды, екіншісінен иықтан асырып кигізеді.  Резеңке орнына бау,  таспа жіп қолдануға болады.

You May Also Like

Абай шығармашылығындағы сын

«…Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ,барды ертегіден термек үшін. Көкірегі сезімді, тілі…

Таңғы астың бала ағзасына пайдасы, ғылыми жоба

 Тақырыбы: «Таңғы астың бала ағзасына пайдасы»             …

Алматының апорты, ғылыми жоба

Аннотация Зертеу жұмыстары барысында апорт алмасының түрлері өте көп. Олар жаздық, күздік…

Ең үздік ғылыми жоба «Жүннен жасалған бұйымдар»

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі  №75  мектеп-гимназиясы Ғылыми Жоба  Тақырыбы: Жүннен жасалған…