Тақырыбы:

«Таңғы астың бала ағзасына пайдасы»                                                                              

 Бағыты: салауаттану

Мазмұны

Кіріспе  ————————————————————–

І.   Таңғы астың түрлері                ———————————

1.1  Мамандар айтқан кеңестер          ———————————

1.2  Дұрыс тамақтану жолдары               —————————

ІІ.   Зерттеу бөлімі   ——————————————

ІІІ.  Қорытынды               —————————————–

« Таңғы астың бала ағзасына пайдасы »  атты ғылыми  жұмысына

Пікір

Ахмадиева Айзеренің  аталған тақырыпты  таңдауы – мектеп жасындағы оқушылардың негізгі міндеті-сабақтарға дайындалу,сабақтан қалмау және жақсы бағалар алу болса да,  мидың жақсы жұмыс жасауы үшін тамақтың да ролін ұмытпағанымыз  абзал екендігі жөнінде  өз ой-пікірі мен зерттеу әрекеттерінің нәтижесін ұсынғысы келгені.

   Сондықтан да «Біздің балаларымыз қалай тамақтанады?» деген сұраққа жауап іздеп көрді.

Бала бақшадан бастап, таңертеңгі ботқалардың орнына бутербродтар,ал түскі сорпа немесе көженің орнына пицца өнімдері қолданыла бастайды .Оның бір себебі –«Әй»дейтін әжесінің алыста болуы, ал «Қой»дейтін көкелері-ата- анасының жұмыста болуы.

Мамандар таңғы астың маңызды екеніне қарамастан, мектеп жасындағы балалардың бұған немқұрайлы қарап жүргенін айтуда. Дәрігерлер аш күйде миға энергия беретін глюкозаның төмендеп түсіп кететінін айтқан. Глюкозаның жеткілікті мөлшерде болуы үйрену және есте сақтау жақсаратынын атап өткен. Таңғы астың миды энергиямен қамтамасыз етіп, оқушының сабағын жақсы үйренуіне әсерін тигізетінін айтқан мамандар ата-аналарға балаларын міндетті түрде мектепке таңғы асын ішкеннен кейін жіберуіне кеңес беруде.

Қайырбек Айдана  зерттеу  барысында  интернет  желісінен,  кітапханалардан, мектеп асханасының меңгерушісінен, балалар педиатрынан көптеген  мәліметтер  алды. Оқушылармен  сауалнама  жүргізді. Ал ата-аналармен  сұхбаттасты. Ізденіс  жұмыстарын  жүргізу  нәтижесінде  тақырыпты  ашып,  нақты көрсете  білді  деп  ойлаймын.

Ендеше  зерттеушілік,  ізденушілік  оқушы  табиғатына  тән  құбылыс. Қайырбек Айдананың    ғылыми  жұмысы  нәтижелі  болады  деп  сенем

Кіріспе 

Энциклопедиялардан, танымал ғылыми әдебиеттерден, ғаламтордан мәліметтер жинай отырып, қазіргі кезде тамақтану балалардың, оқушылардың және ата-аналардың басты мәселесіне айналғанын түсіндім. Балалар организмге керекті дәрумендер мен минералдарды  белгіленген мөлшерден аз қабылдағандықтан, мектепте үлгерімі төмендеп, тез шаршап, ми қабілеті баяу жұмыс істеп, орта мектепті аяқтағанда әртүрлі ауруларға шалдығады. Жақсы денсаулықтың басты факторы болып, әр түрлі аурудың алдына алу, жұмысқа деген қабілетті көтерудің басты факторы уақытында және баланстандырылған тамақтану болып табылады. Соңғы 10 жылда балалар арасындағы осы ауру түрі көбейіп келеді, соның ішінде анемия, зат алмасу, асқазан жолы; ішек-қарын ауруларына байланысты. Медицина- демографиялық зерттеу мәліметтері бойынша Қазақстанда анемиямен баллардың 36% ауырады, ол дегеніміз әрбір үшінші бала. Анемия- фоли қышқылының және ас қабылдау рационында дәрумендердің жетіспеушілігінекн пайда болған қазақстандықтардың жүрек ауруларына әкеп соғатын аурулардың басты себебінің бірі.Қазақстандық оқушылардың денсаулығы

Өткен оқу жылы 12-18 жас арасындағы 1,6 миллион мектеп оқушылары медициналық тексерістен өтті. Әр екінші оқушы ауру боп табылды. Оқушылар ауруларының арасфында бірінші орынға ие болған ас қорыту және асқазан аурулары- 16,7%, ол әр алтыншы оқушы. Кейінгі орындарда тері аурулары, көз және жүйке, деи алу органдары, зәр шығару органдарының қабынуы.

Тамақтану рационалы зертханасының жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Мұса Айтжанов мектепте оқушылар ең аз дегенде күндік калорийдің 1/5 бөлігін қабылдап, дәрумендер қабылдау керек деп айтқаны бар. Әрине, негізгі тамақтануды бала үйде алады. Дегенмен, егер бірінші сынып оқушыларының күндік калорий нормасы 1620-1820 калорий болса, мектепте олар а дегенде 330-380 калорий ас қабылдау қажет.

Ең жоғарғы сатыда алғаш табылған потология аурулары келесідей белгіленген:

  • Қан және қан алмасу орган ауруы- 32 %
  • Эндокрин жүйесінің аурулары-21%
  • Сүйек, бұлшықет аурулары-26 %

Соның ішінде:

  • ас қорыту аурулары- 16,7 %
  • қан алмасу аурулары-24 %

Ас қорыту орган аурулары, мектеп оқушыларының тамақтануымен байланысты.

Сонымен, мектептегі тамақтану үлкен мәселе, соның бірі-таңғы ас.

Мен, Қайырбек Айдана,  [1-сурет]   3 «Қ» сыныпта ,І ауысымда оқимын. Күнделікті таңертең анам таңғы ас әзірлейді. Бірақ менің асқа тәбетім болмайды. Ата-анам барлық дәрумендер таңғы астың құрамында екенін түсіндіреді…Олар мені неліктен күнде «Қинайды» деп ойлаушы едім. [3-4 суреттер]  Күнделікті осындай  оқиғалардан шаршап, мен бұл жөнінде зерттеу жүргізуді шештім. « Таңғы астың қажеттілігі» деген сауалға жауап іздедім.

Аңдатпа

Алдыма қойған басты мақсатым- бастауыш сынып оқушыларына таңғы астың қажеттілігін анықтау.

Қойылған мақсатқа жетуге арналған талаптар:

  • Таңғы астың мәнін және оның түрлерін анықтау;
  • Біздің сынып оқушылары үйде таңғы ас ішеді ме?
  • Мектеп асханасында таңғы ас ішетін балалар санын анықтау
  • «10 дәмді және көңілді ас» кітабын дайындау,   «Денсаулығыңызды қорғаңыз» атты анықтама- буклет оқушылар мен ата-аналарға дайындау.

Зертеу гипотезасы:

  1. Мысалы, таңғы асты, түсті және кешкі асты ақылды апалар мен ағалар ас этикетін сақтау үшін тапты.
  2. Егер таңғы асқа тек ұнайтын тамақты және қай уақытта бола да ішсек, не болар еді?

Зерттеу амалдары:  

  • Теориялық зерттеу
  • Бақылау
  • Оқушылар арасында сауал жүргізу
  • Әңгімелесу
  1. Таңғы ас деген не және қандай болуы тиіс?

   Таңғы ас- күндік ас қабылдаудың алғашқы сатысы: таңертеңгілік әзірленген ас. Ғалымдар мынадай шешімге келген: толық таңғы ас қабылдаған балалар оқуда жақсы, күштірек пысиды. Салауатты таңертеңгі асты күнделікті қолдану организмге орасан көп әсер етеді.

Таңғы ас жұмысқа әсер етеді, балалар миына негізгі күш береді. Бұл ғылыми дәлелденген факт. Кейбір азық –түліктер мидың жұмысын жақсартатыны белгіленген.Ең бастысы-ол глюкоза. Сондықтан баланың асының құрамында тәтті тағам болуы қажет: Қант пен шай, тәтті ірімшік, кішірек шоколад бөлшегі. Әрине, тәтті көп те жеуге болмайлы, бірақ үлкен жүктеме түскен кезде уақытында жеген дұрыс.

В 6 дәруменді диетологтар жадыға арналған дәрумен дейді, ол да өте көп қолданыста: назар аударуын көтереді, жүйке жүйесін тыныштандырады. Бұл дәрумен бидайда, кебек құрамында көп кездеседі. Ашытқы, жаңғақ, өрік, қызылша, сәбіз құрамында кездеседі.

  1. Таңғы ас қандай болу керек?

Мамандар балалардың таңғы асы 3 элементтен тұратынын айтады.: жеміс-жидек, бидайдан жасалған тағамдар, сүтті тағамдар.

Жеміс-жидектер. Иммунитетке арналған дәрумендер. Көктемгі авитаминоз уақытында цитрустық ( аллергия болмаған жағдайда ), анар, бүлдірген жеген дұрыс.

Бидайдан жасалған тағамдар. Күндік энергия беретін құрамында көмірсутек бар.

Сүтті тағамдар- сүт, йогурт, ірімшік- бала организмна керекті кальций беретін негізгі көз.

Таңғы ас ыстық тағамнан және ыстық сусыннан тұрады. Мәзірдің әр түрлі болуы азықтың түрлі болуынан, дайындау тәсілдеріне байланысты болады.

Оқушыға қажетті тәуліктік орташа азық- түлік нормасы.

Азық-түлік

 

 

 

 

Оқушының жасы  
7-10 жас 11-13 жас
Бидай наны

 

150гр 200гр
Қара бидай наны

 

70 гр 100 гр
Жарма, бұршақ, макарон өнімдері

 

45 гр 50 гр
Картоп

 

200 гр 250 гр
Көкөністер

 

275 гр 300 гр
Жаңа піскен жемістер 150-300 гр 150-300 гр

 

Қант 60 гр 65 гр

 

Кондитер өнімдері 10 гр 15 гр

 

Қаймақ майы 25 гр 30 гр

 

Өсімдік майы 10 гр 15 гр

 

Жұмыртқа 1 дана 1 дана

 

Сүзбе 40 гр 45 гр

 

Қаймақ 10 гр 10 гр

 

Ірімшік 10 гр 10 гр

 

Ет, құс еті, шұжық 140 гр 170 гр

 

Балық 40 гр 50 гр

 

Оқушының тамақтану тәртібі күн тәртібіне байланысты. Оқушылар мектепте көп уақыт өткізеді, осыған байланысты миға түсетін ауыртпашыықты демалыспен кезектестірген жөн. Сондықтан, тамақ жеңіл әрі бөлшекті болу керек.

Берілген слайдтан І және ІІ ауысым оқушыларының тамақтану тәртібін көреміз.    [4-5 суреттер]

І ауысым

7:30-8:00 Үйдегі таңғы ас

10:00-11:00 Мектептегі ыстық таңғы ас

12:00-13:00 Үйдегі немесе мектептегі түскі ас

19:00-19:30 үйдегі кешкі ас

ІІауысым

8:00-8:30 Үйдегі таңғы ас

12:30-13:00 Үйдегі түскі ас ( мектепке барар алдында)

16:00-16:30 Мектептегі ыстық ас

19:30-20:00 Үйдегі кешкі ас

  1. Берілген сұрақты талдау

Мен мектеп жасындағы балалар мен жас өспірімдердің тамақтануына байланысты тексеру өткіздім. Біздің мектеп оқушыларының таңғы асқа көзқарасы қандай?     [7-сурет ]

Тамақтану туралы асхана меңгерушісінің ойы:

Асхана меңгерушісі Касенова Рымбала Ашубасаровна мына сұрақтарға былай жауап берді:    [6-cурет]

  1. Мектеп бойынша қанша оқушы мектепте таңғы ас ішеді?

( І ауысымда 226 оқушыдан 226 оқушы тамақтанады).

  1. Ыстық таңғы ас рационы туралы не айтасыз?

( Біздің мектепте ыстық таңғы ас рационы әртүрлі және санитарлық-гигиеналық талапқа сай. Бізде 2 апталық мәзір түрі бар, осыған байланысты оқушылардың күнделікті тамақтану рационы есептелген)

  1. Оқушыларға, ата-аналарға тілектеріңіз.

( Оқушыларға толық бағалы және толық жарамды ас қажет. Таңғы ас-бір күндік көңіл-күйдің ықпалы. Астан пайда алу керек.)

Сондай-ақ мен оқушыларға сауалнама жүргіздім. Барлығы 70 оқушы сауалнамадан өтті.

  • Әрдайым мектепте тамақтанады- 52 оқушы (74 % )
  • Күнделікті үйде таңғы ас ішуге үлгермейді ( әр түрлі үйірмелерге қатысатын балалар)- 8 оқушы (12 % )
  • Тамақтанудан бас тартады -10 оқушы (14% )

Сауалнама мәліметтерін қорытындылай келе, мынандай шешімге келдім: 

  • Үйде тамақтанғанды ұнатамыз, себебі ата-анамыз бізге тәтті ас әзірлеуге тырысады.
  • Кейбір балалар әрдайым үйде тамақтанбайды ( музыкалық мектепте, үйірмелерге асығады, тамаққа тәбеті болмайды)
  • Мектепте ыстық ас болғанымен, балалар көбінесе беоген асты ішпейді, асханадан тәтті бәліш немесе шоколад алуға асығады. Мен де сөйткен едім!!!
  • Сынып жетекшісінің әңгімесінен мектепке таңғы асын ішпей келген балалардың көңіл-күйі төмен, сабаққа қатысқысы келмей, жұмысқа қабілеті төмендейтінін, бас ауру, іш ауруларына жиі шалдығатынын білдім.
  • Уақытсыз тамақтану, тамақтанудан бас тарту, құрғақ тамақтану асқазан ауруларына әкеледі.
  • Атам мен апам да «Таңғы ас-тәңірден, қай адам болмасын таңертең өз шаңырағынан, өз дастарханынан дәм татып шыққаны дұрыс » дегенді үнемі  айтып, ескертіп отырады.    [8-сурет]

Мектеп дәрігері Иманалиева Дана  апайға осы тақырыпта бірнеше сұрақ қойдым:

Ол кісінің берген жауаптары:   

  1. Бастауыш сынып оқушылары арасында асқазан ауруларына шалдыққандардың сандары қанша?

( төменгі сыныптарда 6-7 оқушы болса, мектеп бітіргенше саны 12-15 болады)

  1. Мектепте ыстық астың сапалылығын, азық-түліктерін, талаптарын қадағалайсыз ба?

( тамақ дайындалу процесін міндетті түрде қадағалаймыз)

  1. Оқушылар мен ата-аналарға қандай кеңес айтар едіңіз?

( Тамақтану тәртібін сақтау. Тек бастауыш сыныпта ғана емес, одан да жоғары сыныптарда және оқу орындарында сақтау. Ата-аналар бала денсаулығына назар аударып, тиын-тебендерін аямай ыстық тамақтануына көңіл бөлуі тиіс. Себебі оқушыларға жүргізілген ғылыми зерттеулер таңғы ас ішетін балалардың есте жақсы сақтайтынын және олардың сабақ оқуда проблемалары аз болатынын көрсетті)      [9-сурет]

  1. Мәселені қалай шешу қажет?

Менің ойымша:

  • Ата-аналар назарын балаларының тамақтану рационына аудару;
  • Таңғы асты күніне 2 рет ішуді ұйымдастыру;
  • Мектеп медбикесімен таңғы ас жөнінде әңгімелесу;
  • Оқушылармен таңғы аастың қажеттілігі мен пайдасы тақырыбында әңгіме-диспуттар өткізу;

Жоғарыда талқыланған болжамдарға орала отырып, жүргізілген зерттеу негізінде алғашқы болжам дәлелденбеді деген қорытынды жасауға болады. Ол зерттеудің соңына жетпей-ақ ыдырап кеткен еді. Таңғы астың қажеттілігі дәрігерлер мен ғалымдар көзқарасы жағынан талқыланып қана қоймай, тәжірибе жүзінде де ашылды. Өткізілген сауалнамадан көргеніміз бойынша, көп оқушылар мен ата-аналар ыстық таңғы астың мағынасын түсініп, толық қолдауға тырысып келеді.

Екінші дәлелді мен тамақтану мәдениетіне жатқызар едім. Тамақтану мәдениетіне тәрбиелеуді бала жастан бастау керек. Тіпті оқушыға да күндік норма бойынша таңғы ас, түскі ас, кешкі ас деген ұғымдар белгілі. Дұрыс өнім, дұрыс тағам таңдау-жеке мәселе. Әрине, сұлы жармасының ботқасынан гөрі әрбір бала шоколад немесе тәтті кәмпитті таңдайды. Дегенмен, дұрыс тамақтану мәдениетін тәрбиелап, қалыптастыру қажет!

Қорытынды 

Өзімнің зерттеу жұмысымды аяқтай отырып, мен мынандай қорытындыға келдім: егер біз бала кезімізден денс аулығымыздың маңыздылығын бағалап, баптап күтуді үйренсек, өз үлгімізде басқаларына дұрыс өмір салтын жүргізуді көрсетсек, біздің болашақ  ұрпақтарымыздың  денсаулығы бізден гөрі тым берік әрі мықты болады. Мен тек «Таңғы астың қажеттілігі» мәселесін ғана қозғадым. Ал сіздердің араларыңыздан алғашқы тағамның қаншалықты қажеттілігі бар деген сұраққа жауапты кім біледі? Күнделікті тек бір уақыт тамақтанған дұрыс па? Осы сұрақтар жөнінде де ойлануға болады. Бұл менің келесі жұмысымның тақырыбы болуы әбден мүмкін.

You May Also Like

«Forte & Piano» музыка орталығы. Ғылыми жоба

1.Кіріспе  Музыка әлемі түрлі ғажайыптарға толы, өзіндік ерекшеліктері мен қызығарлық дүниелерден тұрады.…

Тегісшілдік ауылы маңындағы «Қособа қорымы», ғылыми жоба

Тақырыбы: Тегісшілдік ауылы маңындағы «Қособа қорымы» ПІКІР «Қособа қорымы» тақырыбында жазылған ғылыми…

Қазіргі заманғы киіз басу өнері, ғылыми жоба

Шығармашылық жоба  “Қазіргі заманғы киіз басу өнері” Жобаның мақсаты: Киіз басу туралы…

Ұзын шаш – адам көркі, ғылыми жоба слайд