Шығармашылық жоба
 “Қазіргі заманғы киіз басу өнері”

Жобаның мақсаты:

Киіз басу туралы түсінік беру, онымен қатар киізден сәндік бұйымдар жасау, қазақ  халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дүниетанымдық, тәлім-тәрбиелік құндылықтарын насихаттау, халқымыздың   асыл   мұраларын, салт- дәстүрін,   өнерін   құрметтеуге   тәрбиелеу,  оқушылардың ой – өрісін кеңейту,   білімін   жан- жақты   дамыту.

Өзектілігі:
 
Өзге тілді ұлт өкілдеріне қазақ өнерін  насихаттау.
 
Мазмұны
 
Мазмұны____________________________________2
Кіріспе  _____________________________________3
Киіз басу деген не ?  __________________________3
Киіз бұйымдары  және оның түрлері   ___________3
Негізгі бөлім
Тәжірибеммен бөлісемін_______________________ 4
Киізден сөмке басу технологиясы_______________4
Киіз басу кезіндегі еңбек қауіпсіздік
ережелері
___________________________________4
Қорытынды _________________________________5
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі______________5

Кіріспе
 
Киіз басу – қазақ халқының мәдени мұраларының бірі, ұлт өнерінің төл туындысы, тәрбие құралы. Халқымыздың жүнді пайдаланып киіз басу, арқан, жіп есу, құр ызу сияқты қолөнерінің тарихының әріден басталғанын көреміз. Киіз үй біздің заманымыздан бұрынғы VII –ші ғасырда кеңінен пайдаланғаны жайлы жазба деректерде жазылған.
Киізді халқымыз көшпенді тұрмысының барлық қажетіне жаратты. Баспанасына жабынды, басына сая, еденіне төсеніш, үстіне киім, сән-салтанат бағыштайтын аса қажетті тұтыну материалы ретінде қадірледі..

Киіз түрлері :кесек киіз ,текемет , талдырма , иман киіз .

Кесек киіздер-екі,төрт,алты,шилік,тоғыз шилік етіліп басылып шыққан киіздер. Олар үй жабуға, мал жабуларына, ат жабдығына істеледі.

            Талдырма-жүнді шиге шабақтап салып, ыстық су сеуіп шимен қоса орап аз домалатып, біріне-бірін іліндіріп қана алынған жүн қабаты.

Текемет– боялған жүннен  түр салынып басылған киіз түрі. Текеметті  үй еденіне төсейді.

Тәжірибеммен бөлісемін
 
Таңдап алынған үлгі   «Сәнді сөмке»деп аталады. Бұл суретте сөмкені киізден жасау технологиясы көрсетілген. Сөмкеге боялған жасыл жүн мен көк жіп пайдаланылады. Бұл сөмке жүнді сумен басу тәсілімен басылады . Өңдеу, сәндеу мақсатында бетіне жіптен түр салынады.
Бұл сөмке басылуы оңай, өрнегі ерекше, әдемі көрнекті. Түстері ашык, бір-біріне жақсы үйлеседі. Сыртта ұстауға , сыйлыққа беруге ыңғайлы.

Керекті құрал-жабдықтар мен материалдар:
 
1)  ши немесе бедерлі жібек жіптен тоқылған төсеніш
2)   су бүріккіш, өсімдік майы қосылған  сабын, капрон орамал, оқтау
3)   керекті басылатын бұйымның суреті салынған техникалық карта
4)   боялған   көк  түсті жіп (дүкенде сатылады)
5)  жуылған  және жасыл түске боялған жүн.
6)  уксус

Киізден сөмке  басу  технологиясы

1.  Алдын –ала жүнді бірнеше рет жуу, жасыл түске бояп кептіру
2.  Шиді немесе төсенішті дайындау
3.  Киіз сөмкеге салынатын өрнек (түр) түрлерін анықтау.
4.  Керекті материалдар мен құрал-жабдығын дайындау.
5.  Шиге жіптен түр салу
6.  Өрнекті айналдыра жүн тарту (тігінен, көлденеңінен)
7.  Су бүрку, бетін орамалмен жауып сабын жағу
8.  Шиге орап бірнеше рет шиыршықталып орап, басу(төрт жағынан қайталау)
9.  Тағы жүн салып су бүрку, сабын жағып орау, басу, шетін тегістеу (сөмке түріне келгенше)
10. Оқтаумен оқтаулау
11.Таза сумен шаю, сосын уксус тамызылған сумен шаю, кептіру

Киіз басу  кезіндегі еңбек қауіпсіздік ережелері

1. Жүнді бояғанда, жуып  дайындағанда қолғап, мұрыныңа маска ки.
2.  Киіз басу кезінде бір-біріңді алаңдатып көңілін бөлме.
3. Жұмыс барысында тәртіп сақтау керектігін  ұмытпа.
4.Керек заттарды алдын-ала дайындап ал.
5.Алдыңа алжапқыш байла.
Қорытынды
 
          Қазақтың ұлттық өнері – киіз басу қазіргі заманда көптеген басқа ұлт өкілдерінің де сүйікті ісіне айналып үлгерген. Қазіргі кезде мұны «валяние из шерсти» деп  өз ермегіне айналдырған адамдар аз емес. Сол себепті ата-бабамыздан келе жатқан қолөнеріміз – киіз басу өнерін біз де дәріптеп,  жүннен қазіргі технологияға сай өзімізге қажет бұйымдарды жасайық.

 

 

You May Also Like

Ферросилиций өндіру технологиясы, ғылыми жоба

Жоспар Кірісе……………………………………………………………………………………3 1  Əдеби шолу 1.1 Ферросилиций өндіру технологиясы………………………………………..5 1.2 Көміртекті ферромарганец…

Су өсімдіктердің тіршілік көзі, ғылыми жоба

Тақырыбы:   «Су өсімдіктердің тіршілік көзі». Орындаған:   Талғатов Жантемір Рахатұлы Мазмұны Кіріспе………………………………………………………………………3 1.Су…

А. Байтұрсынов және қазіргі қазақ тілі фонетика саласындағы жаңа бағыттар, ғылыми жоба

ҒЫЛЫМИ ЖОБА ТАҚЫРЫБЫ: А. Байтұрсынов және қазіргі қазақ тілі фонетика саласындағы жаңа…

Мағжан Жұмабаев өлеңдеріндегі символдық бейнелер, ғылыми жоба

Зерттеу жұмысының авторы  Қаржаубаева  Ақмейірім  бұл тақырыпқа мейлінше мол дайындықпен келген. Өйткені…