Тақырыбы:   «Су өсімдіктердің тіршілік көзі».

Орындаған:   Талғатов Жантемір Рахатұлы

Мазмұны

Кіріспе………………………………………………………………………3

1.Су өсімдіктер үшін қаншалықты қажет……………………………………………..5

1.1 Тәжірибе №1……………………………………………………………..5

  1. Өсімдіктер суды бойына қалай сіңіреді?…………………………………………..8

2.1 Тәжірибе №2…………………………………………………………….8

2.2 Тәжірибе №1…………………………………………………………….

Аннотация ( Қысқаша мазмұны)

Бұл ғылыми жобада судың пайдасы мен қасиеті, маңыздылығы туралы ақпараттар беріледі. Әлемдегі судың мөлшері және оның адам қажеттілігіне жарайтын үлесі туралы мәліметтер жинақталып, суды қорғау, күнделікті судың қолданылу мөлшері, оны үнемдеу жолдары ұсынылады.Судың өсімдіктер үшін маңызы туралы және өсімдіктер суды қалай сіңіретіні туралы жоба жұмысы ұсынылады.

Аннотация

Этот исследовательский проект предоставляет информацию о преимуществах, свойствах и важности воды. Были собраны данные о количестве воды в мире и ее доле для потребления человеком, предложены способы сохранение водных ресурсов, ежедневное использование воды, способы ее экономии. Представлена ​​работа по проекту о важности воды для растений и о том, как растения поглощают воду.

Annotation

This research project provides information about the benefits, properties and importance of water. Data on the amount of water in the world and its share for human consumption will be collected, water protection, daily water consumption, ways to save it will be proposed. Project work on the importance of water for plants and how plants absorb water is presented.

КІРІСПЕ

Су.  Екі ғана əріптен құралған осынау мөлдір сұйықтықта тіршіліктің көзі жатыр. Бірақ күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған судың пайдасы мен қасиеті туралы біріміз білсек, біріміз біле бермейміз.

Мен Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында тұрамын. Біздің өлкеміз көлдерге, өзендерге өте бай. Мемлекетіміздің ірі өзендерінің бірі -Ертіс, мен тұрып жатқан қала арқылы өтеді. Ол өте әдемі, әрі қыста қатпайды. Жазда апамдардың ауылына барғанда, мен олармен бірге Сібе көлдерінің біріне барып суға түсемін. Мен суды жақсы көремін, және де тіршіліктің барлығы суға байланысты екеніне күннен-күнге көзім жетіп келеді. Сондықтан мен «Су -тіршілік көзі» деген тақырыпты таңдадым.

Өткен оқу жылының соңғы тоқсанында біз жаратылыстану, әдебиеттік оқу пәндерінен суға байланысты көптеген тақырыптарды өткен болатынбыз. Сол кезде алған біліміме сүйеніп және жан-жақтан ақпарат жинап, мен бұл тақырыпты зертей бастадым.

Су түсі, иісі, дәмі жоқ зат. Судың химиялық формуласы H2O. Ол  сутегі мен оттегіден тұрады. Ол дыбысты, токты жақсы өткізеді. Су жануарлар, балықтар, өсімдіктер, мына біздер адамдар үшін өте қажет.

Мына жобада мен судың өсімдіктерге қандай әсері бар екенін көргім келді. Өсімдіктер суды бойына қалай сіңіреді?  Су жапырақтарға қалай барып жетеді? Барлық өсімдіктер суды бойларына бірдей сіңіріп ала ма? Осы сұрақтарға жауап беру үшін мен тәжірибелер жасадым.

Зерттеу мақсаты: Судың  өсімдіктер үшін атқаратын рөлі.  Ғылыми жобаның басты мақсаты – судың адам өмірі үшін маңызы мен қажеттілігі, пайдасы туралы түсінік бере отырып, суды үнемдеуге, қорғауға үйрену. Мақсатқа жету жолында төмендегі міндеттерді алға қоямыз: • Жер шарындағы судың қоры туралы білу; • Еліміздегі су көздері туралы ақпарат жинау; • Суды үнемдеу жолдарын анықтау және оны қолдануға үйрену.

Жоспар

1) Өсімдіктердің қоректенуі туралы ақпарат жинау;

2) Судың өсімдіктер үшін қаншалықты қажет екенін білу;

3) Тәжірибе жасап, қорытынды жасау.

Болжамдар:

1) Сусыз өсімдік өледі;

2) Өсімдік суды бүкіл денесімен сіңіреді;

3) Өсімдіктің жапырағы неғұрлым көп болса суға деген сұранысы көбейе түседі.

Зерттеу объектісі:  Бөлме өсімдіктері, жапырақтар, гүлдер.

Зерттеу пәні: Жаратылыстану пәні бойынша судың өсімдіктердің тіршілік етуіне әсері.

  1. Судың пайдасы мен қасиеттері .
  2. Адам өміріне жеткіліксіздігі .
  3. Өсімдіктер мен жануарларға судың қажеттілігі туралы ақпарат жинақтау.
  4. Күнделікті өмірде 1 тәулік ішінде қажетті су мөлшерін анықтау үшін тәжірибе өткізу.
  5. Суды үнемдеу жолдарын іздестіру.

Зерттеудің кезеңдері: 

I кезең – дайындық: ғылыми жобаның тақырыбын анықтау, мақсатын, зерттеу болжамын құру, зерттеу және талдау үшін материалдар іріктеу.

II кезең – теориялық: зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми әдебиеттерді оқу және талдау жасау, бақылау жүргізу.

  • Кітап оқу, интернет желісі арқылы мәлімет іздеу;

III кезең:

1) Тәжірибе жасау;

2)  Бақылау;

3)  Сараптама жасау және қорытындылау;

4) Тәжірибе жасау арқылы судың өсімдіктерге қаншалықты қажет екенін дәлелдегім келеді.

  1. Су өсімдіктер үшін қаншалықты қажет? 
  • Су. Екі ғана əріптен құралған осынау мөлдір сұйықтықта тіршіліктің көзі жатыр. Бірақ  күнделікті  тұрмыстың ажырамас  бөлігіне айналған судың пайдасы мен қасиеті туралы біріміз білсек, біріміз біле бермейміз.

Адам ағзасы 70% судан тұрса, өсімдіктер- 80 % судан тұрады. Су өсімдіктің барлық жерінде кездеседі: тамырында, жапырағы мен сабағында,  гүлдерінде, тұқымдарында (сурет1).

сурет 1. Өсімдіктің бөліктері

Сонымен қатар топырақтың құрамына  кіретін минералдар, тыңайтқыш заттар өсімдіктің бойына су арқылы жеткізіліп тұрады.  Ыстық күні өсімдіктің бойындағы су жапырақтары арқылы буланып, өсімдікті осылай салқындырады. Судың өсімдіктер үшін қаншалықты қажет екенін мен тәжірибе арқылы көзімді жеткізгім келді.

1-ші тәжірибе:

Дайындық: Мен  сау бөлме өсімдігі хлорофитумды таңдап алдым. Оны суарып, топырағын қопсытып қойдым. Сол уақытта оның жапырағының түсі қою жасыл боп тұрды. Негізі, хлорофитум күй талғамайтын өсімдік. Жұмасында бір рет суарсаң да, ол өсе береді (cурет 2).

Сурет  2. Бөлме өсімдігі хлорофитум.

Зерттеуді сипаттау: Өсімдіктің жағдайын мен екі жұманың ішінде қадағалап, бақылауларымды күнделікке жазып отырдым. Сол уақытта өсімдікті суармай, топырағын қопсытпай қойдым. Бірінші жұманың соңында хлорофитумның жапырақтары ашық жасыл бола бастады. Екінші жұманың ортасында өсімдіктің астыңғы жапырақтары сарғайып, құрай бастады (сурет 3). Үстіңгі жапырақтары да солыңқы бола бастады.

Содан кейін мен хлорофитумге қайтадан су құйып, топырағын жақсылап қопсытып қойдым. Сол күннің ертесінде өсімдік қайтадан өз түсіне ене бастады. Екі күннен кейін жаңадан екі жапырақ өсе бастады.

Тәжірибе барысында су өсімдік үшін қаншалықты қажет екенін анықтадым. Өсімдікке қажетті мөшерде су барып тұрмаса  ол сола бастайды. Өсімдіктің ары қарай өсуі тоқтатылып, жапырақтары сарғайып түсе бастайды.Топырақтың құрамындағы минералды заттар өсімдікке жеткізілмей, ол біраздан соң өле бастайды.

Сонымен, сусыз өсімдік өледі деген тұжырым расталды.

  1. Өсімдіктер суды бойына қалай сіңіреді?

Интернет желісі арқылы мен өсімдіктер ылғалды бүкіл денесімен сіңіретінін оқып білдім. Өсімдіктердің сабақтары мен жапырақтарында капиллярлар (жіңішке түтікшелер) орналасқан. Осы капиллярлар арқылы су және судың бойындағы ерітілген минералды заттар төменнен жоғары қарай жүреді. Бұны капиллярлы эффект деп атайды. Бұл құбылыс барлық өсімдіктер үшін ортақ. Өсімдіктегі су төменнен жоғары қарай қалай жүретінін көру үшін мен орамжапырақтың жапырағын пайдаландым.

2-ші тәжірибе:

Мен шыны ыдысқа су қүйып, оған қызылша шырынын тамыздым. Біраздан соң суым қою қызыл түске айналды (сурет 4).

Сурет 4. Бояуы бар шыны ыдыс.

Орамжапырақтың жапырағын кесіп алып, оны жартылай боялған суға батырдым. Уақытты белгілеп  қойдым (сурет 5).

Сурет 5. Орамжапырақтың суға салыну уақыты.

Сурет 6. Жарты сағаттан соң жапырақтың боялуы.

Біраз уақыт өткен соң жапырақтың төменгі жағы қызыл түске бояла бастады (сурет 6).

Келесі күні жапырақ түгел қызыл түске боялып шықты. Демек су төменнен жоғары қарай жүреді. Жапырақты ұлғайтқыш арқылы қарасам оның тамырлары  қызыл түске боялыпты (сурет 7).

Сурет 7 Орамжапырақтың  қызыл түске түгел боялуы.

Ол –жапырақтың капиллярлары. Осы түтікшелер арқылы өсімдік суды бойына сіңіріп алады. Осы тәжірибенің арқасында өсімдік суды бүкіл денесімен сіңіреді деген болжам расталды.

3-ші тәжірибе:

Дайындық: Екі пластикалық құмыраға бірдей етіп су құйдым. Оларға екі қалампыр гүлін салып қойдым. Біреуінің жапырақтарын алып тастадым. Су деңгейін қызыл фломастермен белгілеп қойдым (сурет 8).

Зерттеуді сипаттау:  Осы екі құмырадағы су деңгейін мен бір жұма  бойы бақылай бастадым.  Біріші тәулікте су деңгейі екі құмырада бірдей азая бастады. Бұл өсімдіктердің суды сіңіріп жатқанын көрсетті.

Үшінші күні  екі ыдыстың суы әртүрлі деңгейде екені байқала бастады. Бесінші күні су айырмашылығы анық көрінді. Жапырағы жоқ гүл тұрған құмырада су көбірек болды. Өсімдіктің жапырағы неғұрлым көп болса суға деген сұранысы көбірек болады деген болжам расталды.

Қорытынды

Зерттеу жүргізу арқылы мен келесі қорытындыларға келдім. Өсімдіктер сусыз өмір сүре алмайды. Олар ылғалды бүкіл денесімен сіңіреді. Су арқылы өсімдіктер топырақтан қажетті қоректі заттарды ала алады. Су өсімдіктің капиллярлары арқылы төменнен жоғары қарай жүреді және де өсімдіктің суға деген сұранысы жапырақтардың мөлшеріне байланысты. Су тіршілік көзі деген тақырып маған ұнады. Зерттеу барысында менің тағы да басқа сұрақтарым туындады. Сондықтан  мен бұл тақырып бойынша  зерттеулерімді жағастырғым келеді. Табиғаттағы тірі ағза – өсімдік. Өсімдік өсу үшін су қажет. Мысалы 1 кг бидай өсіру үшін -1200 литр, 1кг картоп өсіруге  300 литр су қажет.  1 кг қарбыздан 20 грамм құрғақ зат алынады, ол 98% судан тұрады. Бұл өсімдік құрамында  85-95 пайызға дейін су бар екенін көрсетеді.

Осы жоба барысында жануарлар мен өсімдіктерге де су қажет екенін білдім. Су бүкіл тірі жан иесінің бойында бар. Түйе сусыз 10 күнге дейін шыдайды, бірақ бір ішкенде 10 шелекке дейін , яғни 100 литр су іше алады екен. Піл суды өте жақсы көреді. Ол күніне 200-300 литр су іше алады.

Пікір

Талғатов Жантемір Рахатұлы өзінің ғылыми жобасында судың  адам өміріне және өсімдіктерге  пайдасы туралы жазған.Жантемір өз жұмысында өзін толғандырып жүрген судың өсімдіктерге калай сіңірілуі туралы  жүйелі ой қозғайды. Ол өсімдіктер сусыз өмір сүре алмайтынына көз жеткізді. Олар ылғалды бүкіл денесімен сіңіреді. Су арқылы өсімдіктер топырақтан қажетті қоректі заттарды ала алады. Су өсімдіктің капиллярлары арқылы төменнен жоғары қарай жүреді және де өсімдіктің суға деген сұранысы жапырақтардың мөлшеріне байланысты. Су тіршілік көзі деген тақырып маған ұнады. Зерттеу барысында менің тағы да басқа сұрақтарым туындады. Сондықтан  мен бұл тақырып бойынша  зерттеулерімді жағастырғым келеді. Табиғаттағы тірі ағза – өсімдік. Өсімдік өсу үшін су қажет. Мысалы 1 кг бидай өсіру үшін -1200 литр, 1кг картоп өсіруге  300 литр су қажет.  1 кг қарбыздан 20 грамм құрғақ зат алынады, ол 98% судан тұрады. Бұл өсімдік құрамында  85-95 пайызға дейін су бар екенін дәлелдеді.

Осы жоба барысында жануарлар мен өсімдіктерге де су қажет екенін білді. Су бүкіл тірі жан иесінің бойында бар. Түйе сусыз 10 күнге дейін

Оның кейбірін үй жағдайында бөлмеде өсетін гүл жапырақтарын анықтауға мүмкіндік барын атап көрсеткен.Жалпы оқушымыздың ой-санасында адам денсаулығы  үлкен мақсат болып жүрсе, болашақта ел тағдырын ойлайтын, қорғайтын, қолдайтын ел азаматы болатынына сенімдімін.Осы жобаны қорғауға бірден бір ықпал еткен   нағашы апасы.Жазғы демалысқа барған жиен немерелеріне судың өсімдік бойына қалай сіңірілетіні, туралы өзімен бірге алып жүріп көрсетіп,үйретіп баланың қызығушылығын оятып, білімге еңбекке тәрбиелеуде үлкен үлес қосып отырған атасы мен апасына айтар алғысым шексіз.

You May Also Like

Анимация, ғылыми жоба

КІРІСПЕ Барлық елдердің балалары сәби кезінен мультфильмге құштар болады. Мультфильм баланың ата-анадан…

Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларының тәрбиелік мәні, ғылыми жоба

МАЗМҰНЫ  І. КІРІСПЕ  ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ  2.1. А.Байтұрсынов ұлы тұлға 2.2. А.…

Көпмүшені көбейткіштерге жіктеудің тиімді тәсілдері, ғылыми жоба

Жоспары 1.Кіріспе бөлім 2.Негізгі бөлім 2.1 Көпмүшеліктерді жіктеу әдістері. 2.2  Горнер схемасын…

Сөйлейтін әліппе, ғылыми жоба

Секциясы:Информатика Тақырыбы:Сөйлейтін әліппе Тақырыбы: “Сөйлейтін әліппе” —Жетекші пікірі Flash технологиясы Shockwave Flash…