ҒЫЛЫМИ ЖОБА ТАҚЫРЫБЫ:

А. Байтұрсынов және қазіргі қазақ тілі фонетика саласындағы жаңа бағыттар

Мазмұны:

І.Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Ахметтің қазақ тілін дамыту саласындағы еңбектері

2.2 Ахметтің оқу-ағарту идеясы

ІІІ. Зерттеу бөлімі

3.1 Ахмет фонетикасы

3.2 Ахметтің әліппесі

3.3 Ахметтің Заманауи әліппесі

IҮ.Қорытынды

Аннотация

ХХ ғасырдағы қазақ рухани мәдениетіндегі көшбасшыларының бірі болған Ахмет Байтұрсынұлы – өмірі аңызға, шығармашылығы үлкен маңызға ие болған көрнекті тұлға. Ол өзінің құдай берген талантын туған халқына деген сүйіспендікпен суғарып, толассыз еңбекпен шыңдаған қайсар да қаһарман ғалым. Ол – қараңғылық тұңғиығынан жарық жұлдыздай жарқырап шығып, айналасына нұр, шуақ себумен өткен ағартушы. Жастайынан тағдыр талқысын көріп өскен Ахметті өсірген де, ғылым мен мәдениеттегі көсегесін көгерткен де халық үшін еткен еңбегі, елі үшін еңсере жасаған қызметі. Ұлт маңдайына біткен тұлғаның туған тіліне деген құрметі жоғары болды. Оны бәрінен биік қойды. Ғылыми жобада Ахметтің фонетика саласына қосқан зор үлесі жан-жақты зерттеліп, әліпбиі туралы құнды деректер беріледі.

Аннотация

Ахмет Байтурсынов, один из лидеров казахской духовной культуры ХХ века, выдающийся деятель, о жизни которого ходят легенды, и чье творчество имеет большое значение. Это мужественный и героический ученый, который с любовью к родному народу и трудолюбием взрастил данный Богом талант. Он просветитель, сияющий яркой звездой из бездны тьмы и сияющий светом и солнечным светом. Именно его работа для людей и своей страны вырастила Ахмеда, который вырос с чувством судьбы и сделал свою карьеру в науке и культуре. Человек, стоявший в авангарде нации, очень уважал родной язык. Он поставил это превыше всего. Исследовательский проект обеспечивает всестороннее изучение значительного вклада Ахмеда в область фонетики и предоставляет ценную информацию об алфавите. 

Annotation

Akhmet Baitursynov, one of the leaders of the Kazakh spiritual culture of the 20th century, an outstanding figure, whose life is legendary, and whose work is of great importance. This is a courageous and heroic scientist who, with love for his people and diligence, nurtured the talent given by God. He is an enlightener, shining as a bright star from the abyss of darkness and shining with light and sunlight. It was his work for the people and his country that raised Ahmed, who grew up with a sense of destiny and made his career in science and culture. The man who stood at the forefront of the nation had great respect for his native language. He put it above all else. The research project provides a comprehensive study of Ahmed’s significant contributions to the field of phonetics and provides valuable information about the alphabet.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі:Ахмет- қазақ әліпбиінің атасы,түркі тілтану ғылымының ағартушысы.Ахметтің мұрағаты жаңа уақыт,жаңа заманға,халқына қызмет етуде.Ахметтің ілімдері-әлі зерттелетін үлкен ғылым.Ахмет Байтұрсынұлының ұлтым деп соққан жүрегі ,үлгі-өнегесі-қазіргі заманға өте керек. Ахмет Байтұрсынұлының туғанына – 150 жылдығы 

Зерттеудің мақсаты:А. Байтұрсынов  қазіргі қазақ тілі фонетика саласындағы еңбектерін насихаттау, ғалымның қазақ тілі фонетикасына қосқан ғылыми еңбектеріне тоқталу, Әліппенің шығу тарихын анықтау

Зерттеу жұмысының негізгі міндеттері:

  • Ахметтің тіл саласындағы еңбектеріне тоқталу
  • Оқу-ағарту саласындағы идеяларын қарастыру
  • Ахмет фонетикасын зерттеу
  • Ахмет әліппесіне талдау жұмыстарын жүргізу 

Зерттеудің кезеңдері:   Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты әдеби-тарихи, жүйелі-сипаттамалық, баяндау, салыстырмалы талдау мен жинақтау, жүйелеу және оны түсіндіру әдістері қолданылды.

Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты сипаттама, салыстырмалы талдау мен жинақтау, жүйелеу және оны түсіндіру әдістері қолданылды.

Зерттеудің маңызы:Ахметтің тіл білімі саласындағы еңбектері баға жетпес асыл қазынамыз

Жұмыстың негізгі нысанасы ретінде Ахмет Байтұрсынұлының шығармалар жинағы, газет-журнал материалдары, «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы басшылыққа алынды.

Зерттеудің жаңалығы: Қазіргі әліппенің Ахмет Байтұрсынұлының әліпбиі негізінде жасалғандығы

І. Кіріспе

Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл – қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Біз де осындай жолдан өтіп келеміз. Азаттығымыздың айшықты белесіне шыққанда әрбір саналы азаматты «Отыз жылда біз қандай жетістіктерге жеттік?», «Келер ұрпаққа қандай елді аманаттаймыз?», «Мемлекеттігімізді нығайта түсу үшін тағы не істейміз?» деген сауалдар толғандырары анық. Осы тұрғыдан алғанда, бұл – арман-мақсаттарымызды тоғыстырып, болашаққа тың серпінмен қадам басу үшін өткенге тағы бір мәрте оралатын, жетістіктеріміз бен кемшіліктерімізді ой елегінен өткізетін маңызды мезет.

Түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйектe қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген.

Атасы Шошақ немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Ал әкесінің інісі – Ерғазы кішкентай Ахметті Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебіне оқуға берген.

Тоғыз жасында орыс-қазақ мектебін бітіргеннен кейін Орынбордағы төрт жылдық мұғалімдер мектебіне оқуға түседі. 1895 жылы педагогикалық кеңестің шешімімен «бастауыш училищенің оқытушысы» деген атақты алып шығады.

1895 жылы жас Ахметтің оқытушылық қызметі басталады. 1909 жылға дейін ол Ақтөбе, Қостанай мен Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде сабақ беріп, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші мен оқытушы қызметін қоса атқарып жүрді.

Омбыда екі жыл бойы Торғай облысы Халықтық училище директорының іс жүргізуші лауазымында жұмыс істеді.

Ахмет Байтұрсыновтың замандасы әрі қаламдасы Мұхтар Әуезов 1923 жылы Ахметке арнаған мақаласында, оның тегі жөнінде былай жазған:

«… Сүйегі-Арғын, оның ішінде Үмбетей болады. Бергі аталары Үмбетейден шыққан Шошақ, Түбек. Ақаң Шошақтың немересі. Өз әкесінің аты —Байтұрсын».

Ахметтің саяси жолы 33 жасында басталды. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде жазылған Қарқаралы петициясы авторларының бірі Ахмет Байтұрсынұлы болды. Осы құзырхатқа 14500 адам қол қойған.

Онда жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару, баспахана ашуға рұқсат беру, қазақ даласына орыс шаруаларын қоныс аударуды үзілді-кесілді тоқтату талап етілген болатын.

Сол кезеңнен бастап Байтұрсынұлы жандармдық бақылауға алынды. 1908 жылы саяси көзқарасы үшін Қарқаралы абақтысына қамалып, екі жылдан кейін Орынборға жер аударылады. Семей түрмесіне де жабылды.

Жалпы, 1915 жылға дейін әлеуметтік ахуалды баяндаған цензура көтермейтін мақалалар жариялағаны үшін Ахмет Байтұрсыновқа бірнеше рет айыппұл салынды. Абақтыға үш рет қамалды.

Байтұрсынұлы өмірінің Орынбордағы кезеңі оның қоғамдық-саяси қызметінің аса құнарлы шағы болды.

Ол осы қалада өзінің ең жақын сенімді достары – Әлихан Бөкейханов және Міржақып Дулатовпен бірігіп, сондай-ақ қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарып тұрды. Алдымен Абай туралы көлемді мақала жариялады.

Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақ» газетінің бірінші санындағы халыққа арнауын былай деп аяқтады:

«Аталы жұртымыздың, адуынды ұлтымыздың аруақты аты деп газетіміздің есімін «Қазақ» деп қойдық. Ұлт үшін деген күштің ұлғаюына күшін қосып, көмектесе қызмет ету қазақ баласына міндет. Қызмет етем десеңдер, азаматтықтың зор жолының бірі осы».

Жетістіктері:

Ахмет Байтұрсынұлы Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды;

Алаш Орда құрамын бекіткен 2-жалпықазақ съезі Оқу-ағарту комиссиясын құрып, оның төрағасы етіп Байтұрсынұлын бекіткен;

1919 жылы наурызда Ахмет Байтұрсынұлы Алашорда үкіметі атынан Мәскеуге Кеңес үкіметімен келіссөзге аттанды;

Ахмет Байтұрсынұлы Халық Комиссарлар Кеңесі мен Қазақ әскери-революциялық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды;

Байтұрсыновтың ықпалымен Алашорда басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметінің кешірімі жарияланды;

1920 жылы Ленинге үкіметінің Қазақстанды басқару ісіндегі алғашқы қадамын қатал сынға алған хатын жолдады;

Қазревком мүшесі ретінде Қазақстан – Ресей шекарасын бекіту ісіне белсенді түрде араласты;

Бүкілресейлік ОАК-нің 1919 ж. 27 тамызда Қостанай уезін Челябинск облысына қосу туралы шешіміне қарсы Байтұрсынұлының жазған саяси наразылығы Қостанай уезін Қазақстан құрамына қайтаруға негіз болды;

Ахмет Байтұрсынұлы 1920 жылы тамызда құрылған Қазақ АКСР үкіметінің құрамына еніп, 1920–1921 жылы Қазақ АКСР Халық ағарту комиссары қызметін атқарды;

1922 жылы Өлкелік халық комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың, 1922–1925 жылы Халық ағарту комиссариаты ғылыми-әдеби комиссиясының, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болып қызмет атқарды.

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Ахметтің қазақ тілін дамыту саласындағы еңбектері

Ахмет Байтұрсынов – қазақтың тілі мен әдебиетін зерттеген үлкен ғалым.1929 жылы 1 мамырда өз қолымен орыс тілінде жазған өмірбаянында: «1901 жылдардан бастап, бала оқытқан кездерден бос уақыттарымда, өз бетіммен білімімді толықтырдым, әдебиетпен шұғылдандым. Ал Орынборға келгеннен кейін ,ең алдымен , қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім. Одан кейін қазақ афавитін және емлесін ретке салып, жеңілдету жолында , қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің әсерінен тазартуға әрекеттендім.Төртіншіден, қазақ прозасын (яғни іс қағаздар тілін публицистика мен ғылыми тілін ) жасанды кітаби сипаттан арылтып, халықтың сөйлеу тәжірибесіне икемдеу үшін ,ғылыми терминдерді жасауға кірістім және стильдік өңдеу үлгілерін көрсетумен шұғылдандым »,-деп жазады.Бұл сөздер Ахметтің ғылыми жұмыспен қашан ,қалай ,қандай мақсатпен шұғылданғанын көрсетеді.

Ахмет Байтұрсынов елдің санасын көтеруден бұрын сауатын ашу қажет екеніне мектепке мұғалім болып жүріп әбден көзін жеткізеді. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі мен оны таңбалайтын әріптер туралы пікірін ол 1912 жылы бастап, «Айқап »журналында ,1913 жылы «Қазақ» газетінде білдірді. Қазақ тілі дыбыстарына қажеті жоқ араб таңбаларын әліпбиден алып тастауды, сөздің жіңішкелігін білдіретін дәйекше деген белгі енгізді ,қазақ тіліндегі төл дыбыстардың әр қайсысына жеке таңба белгілеуді ұсынады.1912 жылдан бастап, ол ұсынған жаңа емле мұсылман медреселері мен орыс-қазақ мектептерінде қолданыла бастайды. Сол арқылы Ахмет жаппай сауаттандыру ісіне үлкен үлес қосады. Оның бұл тәжірибесін көрші халықтар, өзбектер мен татарлар да өз жазуларында қолданды.
Ахмет Байтұрсынов ең әуелі қазақ балаларына ана тілінде сауатын ашатын әліппе жазды. Ол әліппе «Оқу құралы» деген атпен алғаш рет 1912 жылы Орынборда басылды. Бұл «Оқу құралы» 1912-1925 жылдар арасында жеті рет қайта басылып, ұзақ пайдаланылды.

Ахмет 1914 жылы «Бастауыш мектеп» атты көлемді мақала жариялайды. Мұнда автор қазақтың бастауыш мектептері қандай болуы керектігі жайында мәселе қозғайды. Бастауыш мектеп бес жыл болсын.
Алғашқы үш жылда балалар ана тілінде, кейінгі екі жыл орысша оқысын, бірақ бастауыш мектеп миссионерлік саясаттан аулақ болсын деген ұсыныстар айтады. Сол кездегі ауыл мектептерінің жағдайы төмен екенін ,оларда бағдарлама, оқу құралдарының жоқтығын, мұғалімдердің жетіспейтіндігін жазады. «Білімнің басты құралы –кітап » деп келіп, балаларға арнап оқу құралдарын жазу ,мұғалімдер даярлау ісіне көңіл аударады.

1926 жылы ол әліппенің жаңа түрін жасады. Бұл осы күнгідей суреттермен жабдықталған оқулықтың үлгісі еді. Кейін мектеп оқушыларына ғана емес, ересектердің сауатын ашуға арналған
«Әліп-би» де жазады. (1924-1926)
Енді Ахмет мектепте қазақ тілін пән ретінде оқытатын оқулық жазуға кіріседі. Оны «Тіл-құрал» деп атап ,үш кітап етіп жазды. Ол кітаптары 1914-1916 жылдары басылып шықты . 1928 жылдарға дейін өңделіп, 6-7 рет қайта басылды . «Тіл құрал» оқулығы қазақ тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымын талдап, жүйелеген ғылыми жұмыстың басы болды.

Ахмет Байтұрсыновтың тәжірибесін сол кезде түркі халықтары үлгі етті. Олар да өз жазуларына реформа жасай бастады. Ахмет жасаған жаңа жазуды күні бүгінге дейін Қытай Халық Республикасы, Ауғанстан , Иран елдеріндегі қазақтар қолданады.

Ғалым латын алфавитіне көшуге қарсы болды. Өйткені араб жазуы қазақтың мәдени талаптарына әбден өтейді деген көзқараста болды.
Ол қазақ әдебиеті мен мәдениетін зерттеуші тұңғыш филолог-ғалым болды. Ол Қазақстан ғылымын алғашқы ұйымдастырушылардың бірі еді.
ХХ ғасырдың басындағы демократтық бағыттағы қазақ зиялыларының ең ірі, ең беделді өкілі Ахмет Байтұрсынов екі рет жазықсыз жазаланды. Ұлтшыл, түрікшіл, халық жауы деген жала жабылып, сталиндік режимнің құрбаны болды.

Ахмет Байтұрсынов қайта құрудың арқасында ақталды.Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым акдемиясының Тіл білім институтына Ахмет Байтұрсынов есімі берілді.

Қазақ тіл білімінің атасы , Қазақстан ғылымын алғашқы ұйымдастырушылардың бірі- Ахмет Байтұрсыновтың : «Шығармалардың да сөздері бәрі жақсы бола бермейді… . Әр ақын ,әр жазушы сөздің басын өзінше құрастырады . Сондықтан әрқайсысында өзіндік айырма белгілер болады. Ол айырма-белгілерін жай айтып түсіндіру қиын, олар әрқайсысының шығармасын оқып, әбден танысып болғанда ғана сезілетін белгілер… »деген еді.

Сондықтан «Өнер алды- қызыл тіл»деген қазақ мақалын естен шығармайық. Мұны қазақ сөз қадірін білгендіктен айтқан.
Өнер алды – қызыл тіл» деп мақалдап өткен қазақ ақындары, жазушылары осы күнге дейін қазақ поэзиясында биік орын алады. Солардың бірі Ахмет Байтұрсынұлы. Өз заманының ағысына қарсы тұра білген қайраткер. Қазақ халқының рухани көсемі болып, болашақтың жарық, тыныш, көк аспан астында өмір сүруіне өзінің ақылын арқау еткен. Өз достарының алды бола білген Ахмет өткір, алмас қылыштай адамның ойын осып өтетін сөздерімен өлең арқылы ой-сезімін білдірген. Қазақтың қазақ бола білуіне кеудесіндегі жанын да аямаған. Қарусыз-ақ сөзбен адам өлтіретін Ахмет қазақ елінің келешегін тәуелсіздікке жетелеген халықтың рухани жетекшісі. Халық үшін, халықтың мәдени-әлеуметтік болмысын көтеру үшін қызмет еткен.
Халықты ағарту баладан, мектептен бастау алады. Тек қана кітап жазумен тоқтамаған Ахмет, орыстың белгілі жазушыларының еңбектерін ана тілімізге аударып, өзінің халыққа, шамшырақ екенін дәлелдеп өткен. Халықтың білімді болуына, сауатын ашуға көп көмек көрсеткен. Бұрынғы қарапайым қара сөздерді жаңғыртып, халық санасына қалыптастыру басты мақсаттарының бірі. Көкейіндегі түйілген ойды ана тіліндегі асыл, ұтқыр сөздермен жеткізе білген. Өлеңдеріндегі сөздердің өзі адам көңіліне талпыныс, алға қарай жол бастап, көш артында қалып қоймауға себепші болған. Қазақ тілін болашақ ұрпақтарға дамыта түскен қалпында, басқа тілдерден биігірек ұстап, тазалығын сақтауға демеу болды. Қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танудағы қызметі қазіргі мектептерде қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Қазақ тілін әсем сөздермен әшекейлей білген Ахмет өз еңбектерімен басқа да елдерге танымал бола білді. Өзі де басқа халық ақындары мен жазушыларының жақсы деген өлеңдері мен мысалдарын өз ана тілімізге аударып кетті. Артына өшпес із қалдырды.

Ахмет қазақ әліпбиінің атасы, түркі тілтану ғылымының ағартушысы. Ахметтің мұрағаты жаңа уақыт, жаңа заманға, халқына қызмет етуде. Ахметтің ілімдері — әлі зерттелетін үлкен ғылым. Ахмет Байтұрсыновтың ұлтым деп соққан жүрегі, үлгі-өнегесі — қазіргі жаңа заманға өте керек.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ балаларын ел қатарына қосылып, білім алуына 1896 жылдары көңіл бөле бастады. 1905 жылдары Ресей «Кіндік үкіметіне» жазылған петициядан, редакторы болып «Қазақ» газетін шығарып, оның бетінде мәселелер көтеруінен, қазақ балаларын ана тілінде сауаттандырып, әрі ана тілінде оқыту үшін жүргізген күресінен, ең соңғысы сол ана тілінде оқытатын оқулықтар жазуынан, халық ағарту кадрларын дайындап, жас қазақ интелегенциясы өкілдерін баулуынан танылады.

2.2 Ахметтің оқу-ағарту идеясы

Оқу-ағарту идеясы – Ахмет Байтұрсынұлының әлеуметтік қызметінің арқауы, азаматтық борышының негізі, идеологиялық платформасының тіреуі. Бұл платформаны мықтап ұстауға итермелеген- оның туған халқының тағдырын ойлаған қамқор- әрекеті.ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамы жатқан отар ел болатын.Халқы үшін сол кезде белең қаққан ойшылдардың көзімен көріп, сөзімен айтқанда, бұл тұстағы қазақ халқы «көгі қараңғы, көңілі ұйқылы, еспесі жоқ қайығы қалтылдақ, малы талауда, жаны қамауда» болған «қайран ел, қайран жұрт» еді. Қазақ халқын әлеуметтік теңдікке, азаматтық мәдениетке жеткізетін, амал- әрекеттің бастысы «түгел қазақты» сауатты етіп, көзін ашу, «наландық, өнерсіздік ата жолдасымыз болған соң, олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты».

Халықты ағарту мектептен, баладан басталады. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ балаларының әйтеуір көзі ашылып, сауатты болуын, ғана емес, тек ана тілінде сауаттануын, содан соң барып өзге ұлт мәдениетіне, тіліне қол созуды принципті талап етті. 1913 жылдың өзінде ол «Қазақ» газеті мінбесін пайдаланып, қазақ қоғамына оқу- білімнің қажеттігін халықтың экономикалық тұрмыс жағдайымен байланыстырып дәлелдейді. Ахмет бұдан 80 жылдай бұрын байқап- түйгендері, айтқан пікірлері дәл бүгінгі күні айтылып жатқан мәселелерімізбен үндес келеді. «Қазақ жерінде өндіріс жоқ, шикізатын сатады, сол шикізатынан жасалған өнімді екі- үш есе қымбат түрде сатып алады. Бұл надандықтан келген кемшілік» деп жазды «Қазақ» газетінде. Надандық деп отырғаны — халқының білім- ғылымнан қалыс келе жатқандығы. Қалыс қалуға үлкен себеп — қазақ жерінде мектептер аз, сол аз мектептердің өзінде мұғалімдер жетіспейді, ұлт кадрларын даярлайтын орындар жоқ дейді. Демек, қазақ халқы қараңғы дегенде, кінә халықта емес, сол қараңғылықтан ққтқаратын мүмкіндіктердің жоқтығында екендігін «алты миллион қазаққа алты ат жегіп, тарта алмады деп өкпелеу жөн бе!» деп бейнелі түрдегі тілмен білдіреді.

Қазақ тіл білімінің ана тіліміздегі іргетас қалаудағы Ахметтің тағы бір зор еңбегі — ғылымының осы саласының терминдерін жасауы. Ғалым қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атау ұсынды. Осы күні қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз деген сияқты сан алуан лингвистикалық атаулардың баршасы Ахмет Байтұрсынұлынікі. Бұлар не бұрынғы қарапайым сөздің мағынасын жанғырту арқылы, не жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге келген соны сөздер, сәтті шыққан атаулар екенің олардың күні бүгінге дейін қолданылып

Ахмет Байтұрсынұлының 1928 жылы Қызылордада жарық көрген екі бөлімнен тұратын екі кітапты «Тіл жұмсар» деген еңбегі белгілі.
Ол методика саласында 1910 жылдардан бастап 1927-1928 жылдарға дейін бірнеше материалдар жинаған. Жазу таңбаларын үйрету амалдарын түсіндіретін «Баяншы» атты кітапшасы 1912 жылы жарық көрген. Жалпы сауат аштыру әдістерінің жөн-жобасын «Әліп-би астары» атты методикалық еңбегінде тағы көрсетеді. 1927-1928 жылдары «Жаңа мектеп» журналында қазақ тілі методикасына арналған бірнеше мақала жариялайды.
Қазақ тілін ана тілімізде тұңғыш зерттеуші Ахмет Байтұрсынұлы өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойғанға ұқсайды:ол әуелі қазақтың ұлттық жазуын (графикасын) жасауды мақсат еткен, бұл үшін араб алфавиті негізіндегі «Байтұрсынов жазуы» дүниеге келген, екінші-сол жазумен сауат аштыруды ойлаған, бұл үшін «Оқу құралы» атты әліппе оқулығын жазған, одан соң қазақ тілінің граматикалық құрылымын ана тілінде талдап беру мақсатын қойған, бұл үшін «Тіл құралды» жазған.

Ахметтің қазақша әліппе жасауы, араб жазуына кіргізген реформасы, қазақ тіл білімінің негізгі терминдерін жұртымыздың образды ойлау мүмкіндігімен сабақтастырып өз топырағымыздан тауып, оларға тұңғыш анықтама бергені, дыбыс жүйесін (фонетика), сөз жүйесін (морфология), сөйлем жүйесін (синтаксис) қалыптастырып шығарған ұлы еңбегі өз кезінде де айтылған болатын. «Ахметтің Октябрь төңкерісіне шейін қазақ халқын ояту ретінде көп еңбегі сіңді. Қазақ мектебі, қазақ тілі секілді орында оның еңбегі мол… Әр тілдің айдауында жүрген қазақ балаларына қазақ тілімен кітап жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргесін қалаған алғашқы адам – Ахмет. Ахметтің бұл тарихи еңбегі бағаланбай қалмақ емес. Бұны пролетариат та бағалайды»-, деп жазды Сәбит Мұқанов, 1929 жылы 5 мамырда Ахмет Байтұрсыновтың өз қолымен жасап берген газет және журналдарда жарияланғаннан басқа ғылыми, ғылыми-методикалық, еңбектердің тізімі» деген құжат ҚазПУ архивінде сақталған.

Ғалым бұрын айтқан пікірін тағы келтіріп, үдетіп беру машығынан таймайды. Ахмет Байтұрсыновтың азамат, қайраткер ретінде қалыптасуына зор ықпал еткен ХХ ғасырдың о жақ, бұ жағындағы қоғам дамуы мен оның қайшылықтары, ұлт аймақтарындағы езгінің күшеюі, сол уақыттағы қазақ халқының тағдыры жөнінде ой қорытудан бастады.

Байтұрсынұлы қазақ балаларын ел қатарына қосылып, білім алуына 1896 жылдары көңіл бөле бастады. 1905 жылдары Ресей «Кіндік үкіметіне» жазылған петициядан, редакторы болып «Қазақ» газетін шығарып, оның бетінде мәселелер көтеруінен, қазақ балаларын ана тілінде сауаттандырып, әрі ана тілінде оқыту үшін жүргізген күресінен, ең соңғысы сол ана тілінде оқытатын оқулықтар жазуынан, халық ағарту кадрларын дайындап, жас қазақ интелегенциясы өкілдерін баулуынан танылады. Ахмет Байтұрсыновтың қазақша әліппе жасауы, араб жазуына кіргізген реформасы, қазақ тіл білімінің негізгі терминдерін жұртымыздың образды ойлау мүмкіндігімен сабақтастырып өз топырағымыздан тауып, оларға тұңғыш анықтама бергені, дыбыс жүйесін (грамматика) қалыптастырып шығарған ұлы еңбегі өз кезінде де айтылған болатын. «Ахметтің октябрь төңкерісіне шейін қазақ халқын ояту ретінде көп еңбегі сіңді. Қазақ мектебі, қазақ тілі сықылды орындарда оның еңбегі мол… Әр тілдің айдауында жүрген қазақ балаларына қазақ тілімен кітап жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргесін қалаған алғашқы адам – Ахмет. Ахметтің бұл тарихи еңбегі бағаланбай қалмақ емес. Бұны пролетариат та бағалайды”, — деп жазды Сәбит Мұқанов. Ғаббас Тоқжанов пікірі де осымен сабақтас. «Бір кезде сары маса боп ызыңдап оятқан Ахметті қазақ еңбекшілері де қадірлей біледі, сөзін оқып сүйсінеді”.

Өз қолымен жазған «Өмірбаянында” (1929, 8 наурыз) Ахмет Байтұрсынов былай дейді: «Орынборға келгеннен кейін, біріншіден, қазақ тілін фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік тұрғыдан зерттеумен; екіншіден, қазақ алфавитін (шрифтін емес), орфографиясын жеңілдету және реттеу үшін реформа жасаумен; үшіншіден, қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен; ақыры, ең соңында, төртіншіден, проза (іс-қағаз, публицистика, ғылыми жазба тіл) тілін кітаби тіл арнасынан стилистикалық өңдеу, қазақ сөздерінен термин жасау арқылы халықтың жады тілінің арнасына көшіру істерімен айналыса бастадым. Бұлар өзім жасаған оқулықтар және өзім редакциялаған «Қазақ” газеті арқылы іске асты”.

Бұл жолдарда ғалымның өмір бойы жасаған істері тиянақты, жүйелі түрде айтылған. «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Осы дүниедегі адамдар тілінен айрылып, сөйлеуден қалса, қандай қиындық күйге түсер еді, осы күнгі адамдар жазудан айрылып, жаза алмайтын күйге ұшыраса, ондағы күйі де тілінен айрылғаннан жеңіл болмас еді. Біздің заманымыз жазу заманы – жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман…”, – деп жазды ол.
Бұдан кейін жазуға үйрету, хат таныту мәселелері сөз болады. Қазақ мектептеріндегі оқыту жайлы, олардың қиындықтарын таратып айта келіп, автор өзінің оқыту әдістерін ұсынады. Жалпы ғылыми мәні бар пікірлерді де айтып отырады. Мына тұжырымға көңіл бөліп, ой жүгіртіп көріңіз:
«Дүниедегі жұрттардың тілі негізінде үшке бөлінеді:

1) түбіршек тіл

2) жалғамалы тіл

3) қопармалы тіл.

Түбіршек тіл түпкі қалыбынан өзгерілмей жұмсалады, мәселен: қытай, жапон тілдері. Жалғамалы тіл сөздің аяғына жалғау қосылып өзгерілетін тіл, мәселен: түрік, финн тілдері.

Қопармалы тіл сөз түбірімен қопарылып, өзгертілетін тіл, мәселен: орыс тілі, араб тілі” Дәл бүгін айтылғандай әсер қалдыратын бұл пікіріне таңданбасқа шара жоқ.

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды-жіңішкелі үндестік заңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды.

Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын, өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады.

ІІІ. Зерттеу бөлімі

3.1 Ахмет фонетикасы

Ахмет Байтұрсынұлы – өзінің бүкіл саналы өмірін қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесін арнайы зерттеп, қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен айналысып, қазақ тілі ғылымын дамытқан ірі ғұлама.

А.Байтұрсынұлы қоғам, ғылым және мәдениеттің өркендеуі жазу арқылы іске асатынын жақсы түсінді. Ғалым сауатсыздықты жою үшін әріп, оқулық мәселесін кезек күттірмейтін мәселе екенін біліп, 1910 жылдан бастап, араб жазуының қазақ тілі үшін қолайлы емес жақтарын түзеп, оны тілдің дыбыстық ерекшеліктеріне сай етіп, сингармониялық ұлттық әліпби түзеді. Бұған дейін, Х-ғасырдан бері парсы-араб жазуын өзгеріссіз қолданып келгенбіз. Сөйтіп, А.Байтұрсынұлы полиграфиялық жағынан қолайлы-қолайсыз жерлерін, оқыту процесіндегі тиімді-тиімсіз жақтарын таразылай отырып, қазақ тілінің төл дыбыстарына ғана тән 28 әріптен тұратын әліпби құрастырды.

Нақтысында, әліпби 24 таңбадан және дәйекшеден тұрады. Егер, «ء» дәйекше сөз алдына қойылса, сол сөздегі барлық дауысты дыбыстар жіңішке деп түсінілген. Мысалы: تۇردى – тұрды, ءتۇردى – түрді.

Әліпбиде қазақ тіліне тән, төл дыбыстарға ғана орын беріліп, кірме дыбыстар алынбайды. Ғалым гетерогенді сипат алған емлені, әліпбиді жалпыхалықтық, ұлттық негізде қарастырады. Ғалымның реформалауынан кейінгі араб жазуын бүкіл түркі жұрты ұлттық жазу жүйесі деп таныйды. Сондықтан А.Байтұрсынұлының бұл жазу жүйесін ұлттық қазақ жазуы деп атаймыз.

Байтұрсынұлының әліппе жүйесі өте керемет қой. Сол кездің өзінде әріп үйретудің неше түрлі жаңа әдістері болған. Ол жүйе бойынша бастапқыда мысал ретінде айтайын, «А», «Р», «З» әріптерін үйреткен. Сосын «араз», «ораз» деген сияқты бірден үйреніп бастаған.

Байтұрсынұлы жүйесі бойынша бастапқыда үйренген әріптерге жаңа әріптерді қосып отырып әріп үйреткен. Сөйтіп бала жаңа сөздер қорын ұлғайтып отырған. «Қазіргідей ретімен «А», «Ә», «Б» деп үйретіп отырмаған. Себебі бұлай тізе берсе бала сөз үйренбейді. Ал бұрынғы жүйеді бірден сөз құрастыратындай әріптерді алып үйретіп отырған. Сөйтіп бала ойнап отырып-ақ үйреніп алған.

Сондай-ақ, ғалымдардың  айтуынша, Ахмет Байтұрсынұлының әліппе үлгісі бойынша балаға әріпті бірден үйретпеген екен. Алдымен баланың құлағын үйретіп, мақал-мәтел, жаңылтпаштар айтқызып, түрлі суреттерді ойын ұйымдастырып отырып үйреткен. Сосын барып қана әріп үйретуге көшкен.

Қазақ қоғамына жаңаша оқыту жүйесін енгізе отырып, ежелеусіз төте жазу мен оқуды қалыптастырған қазақтың ғұламасы А.Байтұрсынұлы: «Қазақша оқу дегенде мен осы күнгі мұсылманша оқып жүрген жолмен оқуды айтпаймын, қазақтың тіліменен оқуды айтамын», – деген болатын. Мұсылманша, яғни ескі оқу жолы былай болғаны белгілі: «Әуелі әліпті тегіс жатқа оқытады және де оқытқанда әрбір харфтің өз үнімен оқытпай, әліпбиде қалай аталса, сол атымен әліп, би, ти, си, мим, ха, дал дегізіп оқытады. Соны оқып болған соң астын, үстін, үтірін оқытады. Мұны оқытқанда да харфтің өз дауысын оқытпай … бисын ба, тисын та, сисын са дегізген соң харфтің анық дауысы қалай екенін білмей баланың басы қатады». Міне осы себептен А.Байтұрсынұлы 1910 жылдардан бастап араб әліпбиін қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне икемдеп, ыңғайластыруды қолға алғаны белгілі және ғалым реформалаған әліпби 1912 жылдардан бастап қолданысқа енді. Сол әліпби негізінде тұңғыш «Әліппе» оқулығы жарыққа шықты. А.Байтұрсынұлының бұл «Әліппесі» сол кезеңдегі қазақ қоғамын сауаттандыру ісінде теңдессіз қызмет атқарған болатын.

Айта кетейік, Ахмет Байтұрсын­ұлының қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсаған тұлға болғандығын оның қаламынан шыққан қыруар еңбектері дәлел болады. Мәселен, «Оқу құралы» (Қазақша әліппе) атты кітабы алғаш рет 1912 жылы Орынборда жарыққа шықты. Бұл еңбегі 1912-1925 жылдар аралығында 9 рет қайта басылып, қазақ қоғамында ұзақ қолданыста болды. Сондай-ақ «Оқу құралының» (Әліппеге жалғасы) 2 кітабы 1913 жылы жарық көріп, 1924 жылға дейін 4 рет басылып шығады. Одан кейінгі «Оқу құралының» (Әліппеге баяншы) 3 кітабы 1913-1921 жылдар аралы­ғын­да 2 рет жарық көреді.

3.2 Ахметтің әліппесі

Қазіргі таңда А.Байтұрсынұлы «Әліппесін» қайтаруымыз керек деген мәселе көтеріліп, биыл 1 сыныпқа Әліппеміз салтанатты түрде таратылды.

Өте орынды, себебі бастауыш сынып үшін «Әліппе» оқулығы ауадай қажет. Алайда А.Байтұрсынұлы «Әліппесінің» дәлме-дәл көшірмесін жарыққа шыққан  «Әліппе» оқулығына икемдеу мүмкін бе деген заңды сұрақ туары сөзсіз. Біз бұл жерде мына мәселелерге басты назар аударуымыз қажет:

1) А.Байтұрсынұлы «Әліппесі» араб жазуының құрылымы мен ерекшелігіне негізделген;

2) Араб әліпбиінде бас әріп жоқ және баспаша түрі мен жазбаша түрі ұқсас болғандықтан, бұл ерекшелік сөзсіз сол күйінде «Әліппеде» сақталған;

3) Араб әріптерінің сөз басы, сөз ортасы, сөз аяғы және жекеше түрде жазылатын көріністері бар, яғни араб әріптерінің 2 және 4 көріністе жазылатын заңдылығы бар. Осыған сәйкес «Әліппеде» ең бірінші 2 көріністе жазылатын а, р, з әріптері берілген, одан кейін 4 көріністе жазылатын л, с, т әріптерін берген, одан кейін қайтадан 2 көріністе жазылатын о әрпін береді де, қайтадан 4 көріністе жазылатын н, қ, б әріптерін үйретеді. Яғни, әріптердің әріптермен тіркесу (қосылу) қабілеті ескерілген.

4) А.Байтұрсынұлы әліпбиінде бес дауысты дыбыстың ғана таңбасы бар (а, о, ұ, ы, е),  қалған төрт дауысты (ә, ө, ү, і) дәйекші арқылы берілетіні мәлім. «Әліппеде» таңбалары бар әріптер бірінші үйретіліп, дәйекшімен берілетін ә, ө, ү, і әріптері соңында берілген.

5) А.Байтұрсынұлы «Әліппені» әр басылымында жетілдіріп, толықтырып отырған. Мәселен 4-ші басылымында қазақтың 28 дыбысына арналған 24 таңбаны үйретіп біткеннен кейін «Өзге тілдердегі дыбыстардың таңбалары» деген тарау беріліп, онда араб әліпбиінен шығарып тастаған 12 таңба мен араб тіліне тән харакат, сукун, тануин, хамза белгілері үйретілген. Ал 7-ші басылымында «Қазаққа басқа тілден қатысқан сөздер үшін алынған дыбыс таңбалары» деген тарау беріліп, онда араб әліпбиінен шығарып тастаған 12 таңба емес, соның 4-еуі (х, һ, ф, ш) ғана үйретілген,  яғни бұл төрт таңбаны қазақ жазуына қажет деп танып, іріктеген. Ал харакат, сукун, тануин, хамза белгілеріне мүлде тоқталмаған. А.Байтұрсынұлы әліпбиінде төл сөздерде кездесетін ш дыбысы парсының че (چ) таңбасы арқылы берілгені мәлім. Ал арабтың ш (ش) таңбасы шаһар, шифа, шарбат, х таңбасы хажы, хакім, хүкім, хайуан, хайран, хайыр, хайыршы, хұлық, ф таңбасы офат, файда, фарман, саф, жафа, фақыр, фасық тәрізді араб, парсы сөздерін жазу үшін, ал һ таңбасы аһілеу, үһілеу сөздерімен қатар гауһар, жауһар, һауа, һеш, һәр, һәман, баһа, қаһарман, жаһат тәрізді сөздерді таңбалау үшін алынғаны «Әліппеде» арнайы бөлек көрсетілген.

6) «Әліппенің» 4-ші басылымында үйретілетін 11-ші әріп ретінде ұ таңбасы алынған, ал 7-ші басылымында 11-ші әріп ретінде у таңбасы берілген және 4-ші басылымдағы арұу, азұу, табұу, танұу мысалдарын, 7-ші басылымда ару, азу, табу, тану деп өзгерткен.

7) «Әліппенің» 4-ші басылымындағы и таңбасына қатысты берілген айұу, байұу, тайұу мысалдарын, 7-ші басылымында айу, байу, тайу деп өзгерткен.

8) А.Байтұрсынұлы ыі дауыстылары «бас буында һәм барша бітеу буында жазылмайды, ашық буында қалмай жазылады» деген принцип ұстанғаны мәлім. Бұл жүйе  4-ші басылымында да (арқ, азқ, қанқ, алтн, салқн, жртқ, жл, жлы, жлқы, үйдң, дәрм т.б.), 7-ші басылымында да сақталған (арқ, қазқ, қабқ, балшқ, ырм, шлмінм, тс, ісм т.б.). Бұны араб жазуындағы харакат белгісіне негізделген принцип деуге болады, өйткені араб тілінде шешуші нәрсе дауыссыз дыбыстар жүйесі, қысқа дауысты дыбыстар айрықша таңбамен белгіленбей, харакаттар арқылы беріледі.

«Әліппенің» 4-ші және 7-ші басылымдары арабша жазылған түпнұсқадан   қаралды.

Ахмет Байтұрсынұлы әліпбиінің кестесі

Сонымен реформатор-ғалым әліпбидің ғылыми сипаттамасын: «Қазақ тіліндегі дыбыстар һәм олардың жазу белгілері (харіфлері). Қазақ тілінде 24 дыбыс бар. Оның бесеуі дауысты, он жетісі дауыссыз, екеуі жарты дауысты» деп жіктеп жүйелейді. Дауыстыдыбыстар: ا(а), و(о), ﺅ(у), ى(ы), ه(е). Дауыссыздыбыстар: ب(б), پ(п), ت(т), ج(ж), چ(ш), د(д), ر(р), ﺯ(з), س(с), غ(ғ), ق(қ), ك(к), گ(г), ڭ(ң), ل(л), م(м), ن(н). Жарты дауыстыдыбыстар: ؤ(у)±, ى(й)±. Бұлдыбыстардыңішінде қ һәм ғ дәйімжуанайтылады, г, к, һәм е дәйімжіңішкеайтылады. Өзге 19 дыбыстыңһәрқайсысыекітүрліайтылады: бірдежуанайтылады, бірдежіңішке. Егерде«…бұл 19 дыбыстыңжуанайтылғанынабірхаріф,жіңішкеайтылғанынабірхаріфкерекдесек, мысалы: «تـ ،سـ»сықылды, онда 19 дыбысқа 38 харіфкерекболареді, бұғандәйімжуанайтылатұғынقмененغ-ларды, дәйімжіңішкеайтылатұғын«ك, گ»һәмхаріптердіқосқанда, һәммасына 43 харіфкерекболареді» деп жазған алғашқы ана тілінің жүйесін салушы. Міне, осы қазақ тілінің табиғатына қарай оның дыбысталу жүйесін басшылыққа алған Байтұрсынұлы пайымын кейбір жазушылар «42 әріпті түзген» деп бұра тартып жарнамалап жүр.

Реформатордың зерттеуіндегі тереңдетіле түсіндірелетін танымдарға зерде-зейін дұрыс қоя білсек, араб әліппесінде 43-ке жететұғын харіф жоқ екенін, өзге жұрттың әліппелерін қазақ қабыл алмайтынын жазады. Ислам әліпбиінің қазақ арасына қалай келгеніне тоқталады. «…Араб әліппесі қазақ арасына дінменен бірге таралған, сіңген, дінменен бірге байласқан әліппені алып тастап, басқа әліппені алдыру қиын жұмыс. Бұлай болған соң араб харіфлерін қазақ дыбыстарына жеткізу амалын табу керек. Араб харіфлерінің түрін тым бұзып өзгертуге болмаса, қалай амалын таппақкерек? деген өзекті сауалды өзі көтереді, әрі оның жауабын да өзі айтады.Мұның амалы менің ойлауымша мынаудеп дыбыстарды жүйелеп береді. «…Дауысты дыбыстарға дауыссыз дыбыстар бағынбақшы.

Яғни, дауысты дыбыстар жуан айтылса – олардың қатарындағы дауыссыз дыбыстар да жуан айтылмақшы; дауысты дыбыстар жіңішке айтылса – дауыссыз дыбыстар да жіңішке айтылмақшы. Бұлай болғанда дауысты дыбыстардың харіфлерінің жуан иа жіңішке айтылмағын белгілеп айырсақ, дауыссыз дыбыстардың да жуан иа жіңішке айтылмағын айырғанымыз жөн» дейді. 

3.3 Ахметтің Заманауи әліппесі

Әлемдегі кез келген ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің бас­ты белгісі – ғылым, білімінің даму дәрежесі. Халқымызбен ғасырлар бойы бірге жасасып келе жатқан «білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген қанатты сөз осының айқын дәлеліндей. Әуелі ұлт білімді болуы тиіс. Сосын: «Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез», деп данышпан Абай айтқандай, білімдінің сөзі талапты ұрпаққа жетуі керек. Сонда ұлт та, ұрпақ та ғаламдық ақыл-ой бәсекесінің алдына шығатын болады.

Білім негізі мектепте қаланады, ал мектеп табалдырығын аттаған жас шәкірттің қолға ұстайтын алғашқы кітабы – «Әліппе». Ендеше «Әліппе» «бар кітаптың атасы» деуге әбден лайық.

Осыдан бірнеше жыл бұрын «Әліппенің» оқу бағдарлама­сынан шығып қалғандығы туралы жағымсыз хабар тарады.Білім атаулының бастауында тұрған «Әліппе» қай заманда болсын қазақ қоғамының ерекше назарында болды.

Ұлы реформатор-педагог Ах­мет Байтұрсынов әуелі 1912 жылы «Оқу құралы» деп ұсы­нып, кейін ұдайы толықтыру, жетіл­діру нәтижесінде 1927 жылы «Жаңа Әліпби» деген атпен мек­теп табалдырығын аттаған бүл­дір­шіндердің бас кітабы бұдан кейінгі кезеңде жарық көрген барлық «Әліппелерге» берік іргетас болды.

Байтұрсынов репрессияға ұшырап, оның есімін атауға мүлде тыйым салынған жылдарда да Ахаңның «Әліппесі» ғана емес, ол қалыптастырған тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының 500-ге жуық терминдері қазақтың талай буынын ұлттық рухта тәр­биелеуге өлшеусіз үлес қосты.

Ахаңнан кейін жарық кө­рген Телжан Шонановтың «Жаңа­лы­ғы» мен Молдағали Жол­ды­баевтың «Жаңа арнасы» Бай­тұрсынов түзген, қалыптаған «Жаңа Әліпбидің» шеңберінде жасалды.

«Әліппені» Ленинград Шығыс­­тану университетін бітіріп келген соң бізге ұстаз болған, ол кезде жас ғалым, кейін мәшһүр академик Ісмет Кеңесбаев та жазды. Жиырма жылға жуық уақыт бойына оқытылған оның «Әліппесімен» 30, 40-жылдардың оқушылары білім алды. Бұдан кейінгі жа­рық көрген Н.Миршанов пен М.Төре­жанов­тың «Әліппелерінің» мазмұ­нына сол кездегі коммунис­тік идеология мен кеңес заманы сая­сатының салқыны тигенімен құрылымы мен терминологиясы жағы­нан алғанда Ахмет Байтұрсынов сал­ған сара жолдан алысқа ұзай алған жоқ.

Байтұрсынов ұлы ғалым ғана емес, Қазақ автономиялық рес­публикасының алғашқы Халық ағарту комиссары, бүгінгі тіл­мен айтқанда Оқу министрі де болды. Осы қызметті атқару өт­кен ғасырдың сексенінші жылдары біздің де маңдайымызға жазылды.

«Әліппе» туралы әңгімені әріден қозғауымның тағы бір сыры – мектептің бас кітабы әрқашан әрбір Оқу министрінің басты назарында болды. Біз де осы дәстүрді ұстанып, кезін­де «Әліппенің» әр басылымын мұқият парақтап, ақыл-кеңесі­мізді айтқанбыз.

«Әліппенің» маңыздылығы соншалық еліміз тәуелсіздік ал­ғаннан кейін жарық көрген жаңа буын «Әліппесіне» Тұңғыш Елба­сы­мыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алғысөз жазып, мектеп табалдырығын аттаған жас буынды өзі арнайы құттықтаған еді. Сол «Әліппенің» оқу бағдар­ламасынан шығып қалуы барша ата-аналардың, ұстаздар қауымының, бүкіл қазақ қоғамы­ның наразылығын тудырды.

Енді Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов аяулы кітапты оқушыларға қайтарып, көптің ризашылығына бөленді. Жас министрімізге біз де «Бәрекелді!» деп, енді жас оқушылармен қайта қауышқан «Әліппенің» ерекшеліктеріне арнайы тоқталайық.

  • Әрине, Байтұрсынов «Әліп­песін» тура сол күйінде бүгінгі мектеп оқушыларына ұсынуға бола қоймайтыны белгілі. Бізге керегі – Ахаң қалыптаған үлгі арқылы жас ұрпаққа ана тілінің бар әуезін сіңіріп, ата дәстүрінің бар қасиетін дарыту. Бұл мақсатқа жетудің педагогикалық, дидактикалық және әдістемелік негізін де кезінде А.Байтұрсынов жасап берген еді.
  • Ахаңның пайымдауынша, әріп – дыбыстың таңбалануы, дыбыстан – буын, буыннан – сөз, сөзден сөйлем құралады.

Осының бәрін ұлт ұғымына сай үйлестіру арқылы ана тіліміз­дің асыл қасиеттерін меңгереміз. Ал ол бізді ұлтты тануға, ғылым-білімді игеруге, халыққа қызмет етуге бастайды. Ә.Жұмабаева, Н.Құрман, Б.Сабденовалар даяр­лаған жаңа «Әліппе» Ахаңның осы концепциясын ерекше бас­шылыққа алған.

Әліппе шартты түрде үш бөлім­нен құралған.

  • Алғаш­қы беті жас достарына: «Білім жолын­дағы алғашқы қадамың құтты болсын!» деген ұлт ұстазы­ның мейірбан бейнесімен ашылатын кітап өз оқырманын бірден білім әлеміне жетелей жөнеледі.
  • Бірінші бөлім ұстаз бен шәкірт­тердің сурет арқылы бір­лесе жұмыс істеуіне құрылған. Бірінші сабақта-ақ жас бүл­діршіннің мұғалім көмегі­мен Мемлекеттік Ту, Елтаң­ба, Әнұран сияқты киелі рәміз­дері­мізбен танысуының өзі оқу­лық­­тың отаншылдық рухта жа­зыл­­ғанынан хабар береді. Бұдан кейінгі «Сәлемдесу», «Мек­тептегі бір күнім», «Мен әдепті баламын» атты суретті сабақтар жас буынды ата-баба дәстүріне адалдыққа шақырады.

Кітап авторлары бұдан ке­йінгі сабақтарда шәкірттерді қор­шаған орта, табиғат, қала мен даладағы алуан түрлі дыбыс­тар әлемін аралатып, балалар­дың коммуникативтік, таным­дық қабілеттерін ұштай түседі. Осылайша 12 сабақтан тұратын бірінші бөлімде шәкірт суреттер арқылы дыбыс, буын, сөз әлеміне саяхат жасап, біртіндеп әріптер өлкесіне келеді.

«Әліппенің» екінші және бас­ты бөлімі жас оқырманды дыбыс пен әріптің ара жігін ажыратуға үйретеді. Әріпті қолдану арқылы біртіндеп сөз бен сөйлем құрауды меңгертеді.

Кеңес заманында жасал­ған «Әліппелерде» орыс «Букварь­ларының» әсері аз болған жоқ. Орыс алфавитіне сәйкес әріп үйрету қазақ ұғымына лайық сөз құрауда көп қиындықтар ту­ғызды. Мұны өз тәжірибесінен ерте кезден-ақ аңғарған Ахаң әріптерді үйретудің мүлде жаңа, таза қазақи ұғымға негізделген озық үлгісін ұсынды. Жаңа «Әліп­пенің» авторлары дәл осы үлгіні басшылыққа алыпты.

«Әліппе» атаулы «А» әрпін үйретуден басталатыны баршаға белгілі. Ахаң екінші әріп ретінде «Ә» немесе «Азбукадағыдай» «Б» емес, «Р» әрпін алған.

Мұның екі түрлі себебі бар. Біріншіден, «а» мен «р» әрпі арқылы қазақша сөз құрауға болады. Екіншіден, «р» дыбысын үйрету арқылы баланы дұрыс дыбыстауға, артикуляциялауға, сол арқылы дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейді. Оқулық авторлары Ахаңның дәл осы тәсілімен екінші әріп «р» дыбысы мен әрпін үйретіп, осы екі әріптің қосындысынан балаларға бірден «ар», «ара» сөздерін айтқызады. Мұнымен де шектелмей шәкірт­тер мұғалім көмегімен басында, ортасында, аяғында «р» дыбысы бар «қар», «қарға», «раушан», тіпті осы заманғы «радио», «робот» сөздері арқылы «р» әрпі кездесетін талай сөзге қанығады. Бұл – әбден құптарлық әдіс.

Ахмет Байтұрсынов қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне ерекше мән берген. Ол бір ғана да­уысты дыбыстардың өзін: аң­ғал, босаң, қысаң, тұйық, өткел­ді, қымқырулы деп жіктейді. Қазақ тілінде ғана кездесетін ды­быстардың өз ерекшелігіне орай дұрыс айту арқылы сауатты сөй­леуге, сөйлеу мәдениетін қа­лып­тастыру арқылы тіл мә­дениетін орнықтыруға ерекше мән берген. Түптеп келгенде қазақты өзге ұлттардан өзге­шелеп, даралап тұратын Ахаң түрлеген ана тіліміз емес пе?

«Әліппе» авторлары алғашқы «А», «Р», «Л», «У» «Н» әріптерін меңгерген шәкірттерге алған білімдерін жіктеп, жүйелеп, еске сақтау үшін «не үйрендім?», «не білдім?» деген арнайы бөлім қосып, онда балаларға үйренген әріптері арқылы өздері таныған жаңа сөз бен қысқа сөйлемдерді пысықтайды.

Кітап авторлары әріптерді сөз құрау қабілеті және дыбысталу ерекшелігіне қарай меңгерту арқылы шәкірттерді біртіндеп білім әлемінің төріне қарай жетелей түседі. Алфавиттің ортадан төмендеу тұсында орна­ласқан «П» әрпіне келгенде оқушылар осыған дейін үйренген әріптерінің көмегімен «Кітап – адамның ақылшы досы. Кітапты ақындар, жазушылар жазады. Суретшілер суретін салады. Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек», деген қысқа болса да тағы­лым мен тәрбиеге толы мәтін жазып үлгереді. Әрине, мәтінді бұдан да толығырақ етіп жазуға болар еді, бірақ балалар онда кездесетін әріптерді әлі толық өткен жоқ. Сол себепті үйренген әріптер саны көбейген сайын мәтін де күрделене, айшықтала түседі. Мұны бұдан кейінгі сабақтардан айқын аңғарамыз.

«Әліппе» жазу оңай емес. Әуелі авторлар ұсынған методика бала ұғымына лайық таңдалуы керек. Ондағы мәтін мағыналы, мәнерлі, көркем болуы шарт. Авторлар «И» әрпіне келгенде шәкірттеріне жай сөйлем ғана емес, сол әріптер көмегімен өлең оқуға да мүмкіндік береді. Оған ақын Абдрахман Асылбектің: «Ұзын құрық инелік, инелікке тимелік. Ұшақтарды жасадық, инеліктен үйреніп», деген шағын әрі шымыр, жатталуы оңай өлеңі дәлел болады. Ең бастысы, қысқа ғана шумақта балалар әлі өтпеген бір әріп те жоқ. Бәрі тап-тұйнақтай, өз орнында тұр.

«Әліппе» – әріп үйретіп, сөз, сөйлем құрауға баулитын оқулық қана емес, ұлттық тәлім-тәр­биеге, ғылым-білімге, алуан түрлі мамандыққа шақырып, спорт­қа дейін баулитын таным­дық мәні зор әмбебап кітап. Бұл оқулықтың әр бетіндегі бала ұғымына сай таңдалып, тақы­рыпқа сәйкес сұрыпта­лып берілген мәтіндерден анық бай­қалады.

Бір кездері мектеп оқулы­ғына кіру әдебиетіміздің үл­кен классиктері үшін де әжептәуір мәртебе еді. Кейінгі кез­дері жарық көрген әдебиет оқу­лықтарының кейбірінде есімін біз білмейтін ақын, жазушылар қаптап жүр. Оқулықтың өзінде және сол үшін жасалған оқу бағдарламасында алдағы уақытта мұндай шалағайлыққа жол бермеген жөн. Осы тұр­ғыдан келгенде «Әліппе» автор­лары онда есімі аталып, шығар­маларынан үзінді келтірілген авторларды дұрыс іріктей білген.

Кітаптың үшінші бөліміндегі шәкірттердің өз бетінше оқуына арналған мәтіндер мен олардың авторлары Өтебай Тұрман­жанов, Мұзафар Әлімбай, Шона Смаханұлы, Фариза Оңғарсынова, Ермек Өтетілеуұлының Отан, ұстаз, білім, мектеп, «әліппе» туралы өлеңдері өткен сабақ, қам­тыл­ған тақырып және оқулық маз­мұнымен қабысып тұр. Осы тұрғыдан келгенде «Әліппенің» өн бойында кездесетін басқа да есімі елге танымал балалар ақындары мен жазушыларының шығармалары, «Негеш» энциклопедиясынан алынған ұтымды үзінділер оқулық ажарын ашып, мазмұнын байыта түскен.

Аяулы Ахаң өзінің алғашқы «Әліппесін» жас оқырмандарға ұсына тұрып, суреттеріне көп кө­ңі­лі толмайтынын, оның қа­зақ­та кәсіби суретшілердің аздығынан туындаған олқылық екенін қынжыла жеткізген еді. Бұл жолғы «Әліппенің» кәсіби суретші Бағдагүл Ералиева сал­ған әдемі суреттері оқулық маз­мұнын көркемдеп, кітап кел­бетін айшықтап тұр.

Еліміздегі барлық қазақ мек­теп­теріне жол тартқан жаңа «Әліппені» қайтарған министр А.Қ.Аймағамбетовке, оның автор­лары: педагогика ғылым­дарының докторлары, профессор Ә.Жұмабаева мен Н.Құрманға, әдіскер ұстаз Б.Сабденоваға, әсем безендіріп, сапалы қағазға басып шыққан «Атамұра» баспасына алғысымызды білдіреміз.

ІҮ. Қортынды

Халықты ағарту баладан, мектептен бастау алады.Ең алғаш қазақ тілінде әліппе кітабын жинақтаған Ахмет еді.Қазақ балалары көзі ашық,сауатты азамат болып шығуға септігін тигізген.Қазақ тіліндегі әліпби осы сөздердің бәріне дәлел.

Тек қана кітап жазумен тоқталмаған Ахмет ,орыстың белгілі жазушыларының белгілі еңбектерін ана тілімізге аудауып өзінің халыққа шамшырақ екенін дәлелдеп өткен.Халықтың білімді болуына,сауатын ашуға көп көмек көрсеткен.

Бұрынғы қарапайым қара сөздерді жаңғыртып ,халық санасына қалыптастыру басты мақсаттарының бірі.Көкейіндегі түйілген ойды ана тіліндегі асыл,ұтқыр сөздермен жеткізе білген.Өлеңдеріндегі сөздердің өзі адам көңіліне талпыныс ,алға қарай жол бастап көш артында қалып қоймауға себепші болған. Қазақ тілін болашақ ұрпақтарға дамыта түскен қалпында басқа тілдерден биігірек ұстап ,тазалығын сақтауға демеу болады. Қазақ тілінің табиғатын ,құрылымын танудағы қызметі қазіргі мектептерде қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады.

Қортындылай келе  Ахмет қалыптастырған әдеби-теориялық терминдер осы күнге дейін өмірін жалғастыруда.Бұның бәрін әдебиетші Ахметтің қымбат, алтын, гаухардай асыл сөздері мен тәлім-тәрбиеге толы адамдық қасиеттерді сипаттап жазған өлеңдері бәрі-бәрі болашақ ұрпаққа келешегіне керек нұсқау болатын түзу жол емес пе!? Қазақ тілін әсем әшекейлей білген Ахмет өз еңбектерімен басқа да елдерге танымал бола білді.Өзі де басқа халық ақындары мен жазушыларының жақсы деген өлеңдері мен мысалдарын өз ана тілімізге аударып кетті. Артына өшпес із қалдырды.

Ғылыми жобаны зерттеп, Сіздерге ұсынатын Ұсынысым:

  • Ахмет Байтұрсынұлының шығармалары тәрбие бағытында зерттеліп, әдістемелік көмекші құрал ретінде ұсынылса;
  • Ахмет шығармалары рухани құндылығымыздың негізі болғандықтан, тәрбиенің әр бағыты бойынша шығармаларын оқытуды міндеттесе;
  • Қазақ халқының ақыны Ахмет шығармаларын бүгінгі жас ұрпақ білуі тиіс деп ойлаймын. Олай болса, мектеп оқушыларына әр сыныпта жас ерекшеліктерін ескере отырып қазақ тілі саласындағы еңбектерін оқытуды міндеттесе;
  • Мектептің оқу бағдарламасында Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы бойынша сағат саны көбейтілсе;
  • Мектеп оқушылары мен жастар үшін ақын шығармашылығына арналған танымдық сайыстар міндеттеліп жоспарланса;
  • Мектеп және орта, жоғары оқу орындары бағдарламасына «Ахметтану» факультативтік курстарын өткізуді ұйымдастырса;
  • Мектептің тәрбиелік жоспарына Ахмет шығармашылығы бойынша әр түрлі шаралар енгізсе;
  • Ахметтің тілі біліміне қосқан еңбектері оқушыларға әдістемелік құрал ретінде 3Д кітап форматында баспа беттерінен жарық көрсе
You May Also Like

Жастарымның болашағына ұялы телефонның кері әсері, ғылыми жоба

Ғылыми жоба тақырыбы: Жастарымның болашағына ұялы телефонның кері әсері Мазмұны  Ұялы байланыстың…

Вич инфекциясы туралы түсінік, ғылыми жоба

Ғылыми Конкурс DARYN.ASIA : «Вич инфекциясы туралы түсінік» Бағыты: Биология Секциясы: Медицина…

Шағын орталықта қолданылатын денсаулық сақтау технологиясы, ғылыми жоба

Жобаның өзектілігі: Бала денсаулығы деңгейін нығайту және көтеру, тәрбиешілерді, ата –аналарды және…

Адам даму индексі «Халық денсаулығы мен өмір ұзақтығы» ғылыми жоба

Секция: География Жобаның тақырыбы: Адам даму индексі «Халық денсаулығы мен өмір ұзақтығы»…