Секция: География

Жобаның тақырыбы: Адам даму индексі «Халық денсаулығы мен өмір ұзақтығы»

Аннотация

В этой статье пишется о   «Индексе  развития человеческого потенциала» (ИРЧП) . Ожидаемая продолжительность жизни — оценивает долголетие. Информация о том, что люди переедают и потому полнеют не засекречена.Было сделано эксперимент на крысы.Кормили крыс жирными и не калориными продуктами. Для долголетие сделали выводы для  правильного питания.

Бұл мақалада  Адамның даму индексі (HumanDevelopmentIndex) әлемнің елдеріндегі маңызды элементтері – ұзақ және аман-сау өмір сүру қағидаларын ескере отырып, кемірушілермен эксперименттер жасалды.Басында майлы тағам түрлерімен артынан калориясы аз аспен көректендірілді. Қорытындылай келе адамның ұзақ өмір сүруі үшін дұрыс тамақтана білу туралы пікірлер айтылды.Дұрыс тамақтану үшін тағам түрлерін ұсынамыз.

This article writes about the Human Development Index (HDI). Life Expectancy – measures longevity. The information that people overeat and therefore get stout is not classified. An experiment was conducted on rats. The rats were fed fatty and non-calorie foods. For longevity, conclusions and recipes for proper nutrition have been drawn.

 Мазмұны

І Кіріспе : Адам Даму Индексі (АДИ)

  • Адам дамуының индексі (АДИ) адамдардың дамуы бойынша мемлекеттер.

ІІ Негізгі бөлім

  1. 1 Ұзақ өмір сүруді сипаттайтын көрсеткіштер

2.2  Салауатты өмір сүру мүмкіндігі.

2.3 Зерттеу жұмысы..

ІІІ. Қорытынды

Пікір

Қазақстан Республикасының халқының саны аз, тіпті оның ішінде қазақ халқы 68% құрап отыр . Әлемдік рейтингіде Қазақстан 74 орын алады. Әр мемлекеттің Адамның даму индексі көрсеткіші бойынша даму паритеті болады. Адамның даму индексі көрсеткіші бойынша еліміз 50  орынға шығып отыр. Ал халық ол мемлекет үшін үлкен капитал. Сондықтан көптеген елдер халықтарының санын көбейту мақсатында демографиялық саясаттар жүргізеді. Әлем елдерінің экономикалық және әлеуметтік прогресін бағалаумен  адамның даму ұғымын былайша қалыптастырды: «Адамның дамуы таңдау спектрін кеңейту процесі. Таңдаудың барынша маңызды элементтері – ұзақ және аман-сау өмір сүру, білім алу және лайықты өмір сүру деңгейіне ие болу. Таңдаудың қосымша элементтері саяси еркіндікті, кепілдендірілген адам құқықтарын және өзін-өзі сыйлауды қамтиды». Бұл көзқарастар жүйесі адамның өмір сапасын арттыруға, барлық салаларды оның мүмкіндіктерін кеңейтуге және жетілдіруге бағдарларанған. Адамның даму тұжырымдамасы жалпы ұлттық өнім көрсеткішіне негізделген, адамды тек қана экономикалық дамудың қозғаушы күші ретінде қарастырған және экономикалық өсуді қоғамдық прогрестің басты мақсаты деп жариялаған экономикалық дамудың «классикалық» деп аталатын теориясын ауыстырды.

Оқушылардың ғылыми жобасы жан-жақты терең теорияға негізделіп жазылған.Эксперименттік  деңгейде тышқандармен тәжрибелер жасалып әр адамға дұрыс өмір сүруге, ұзақ жасауға бағыт бағдар береді. Жоба барлық адамзат баласына пайда әкеледі. Оқушыларға да осы бастан өз өздерін күтіп денсаулығын сақтауға үлкен мүмкіншілік жасайды.

Тақырыптың өзектілігі:                                

Еліміздің басты байлығы ол – адам. Бұл индекс елдердегі адам дамуының жиынтық көрсеткішін мазмұндайды және ел азаматтарының денсаулығы мен өмір жастарының ұзақтығын, білім алулары мен лайықты тұрмыс деңгейлері.

Әр адамның бірінші байлығы- денсаулығы . Ұзақ жасау индексі – ұзақ өмір сүру мен салауатты тұрмыс мүмкіндігін мазмұндайды. Тәжирбелер жасау арқылы адамға ұзақ өмір сүру мүмкіншіліктерін құр жібермеу қажеттіліктері жазылады. 

Зерттеу проблемасы

Адамның барынша маңызды құндылықтары  – ұзақ және аман-сау өмір сүру, білім алу және лайықты өмір сүру деңгейіне ие болу.Салауатты өмір салтымен ұстануға бағыт бағдар береді. Дұрыс тамақтана білу де мәдениет екендігі насихатталады.

Зерттеу мақсаты

Ұлттың болашағы адам денсаулығына тікелей қатысты болғандықтан, әр адамның өз денсаулығына дұрыс көңіл аударуы міндетті екені үйретілді.Дұрыс тамақтану жолын зерттеу арқылы адам ағзасына қажетті тағамдарды және олардың қолданылу тәсілін тышқандармен жасалған тәжирибе арқылы насихатталады.

Кіріспе

Адам Даму Индексу (АДИ) адамдардың дамуы бойынша мемлекеттерді салыстыратын индекс. Ол бойынша мемлекеттің даму дамымағандығы өлшенеді.Көбінесе АДИ индексіне қарап мемлекеттерді  дамыған, дамушы

және дамымаған болып бөледі.

АДИ адамның өмір ұзақтығын, білімін, әріп тану және адам басына шаққандағы ЖІӨ өлшемдерін біріктіреді. Индекс адамның жалпы даму деңгейін көрсетеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы АДИ-дың даму деңгейін адамдардың таңдау қыбілеті, білім алу мүмкіншіліктері, денсаулық сақтауға арналған, табыс табу мен жұмыс жағдайлары сияқты факторларды есепке алатын үрдіс деп атайды.

АДИ үш басты қағидалардан тұрады:

Өмір Ұзақтығы – Халық денсаулығы мен ұзқтығын өлшейді

Білім деңгейі мен білім бері жүйесі

Өмір сүру стандарты, адам басына шаққандағы жалпы ішкі өніммен өлшенеді.

дамның даму индексі (HumanDevelopmentIndex) әлемнің елдеріндегі және өңірлеріндегі адам материалының даму дәрежесін сипаттайды. Индексті Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) жасады және БҰҰ адамның дамуы туралы баяндамаларының арнайы сериясы шеңберінде пайдаланылады.

АДИ-ды жыл сайын Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) өзінің жұмысында талдамалық әзірлемелермен қатар ұлттық институттар және халықаралық ұйымдардың статистикалық деректерін пайдаланатын тәуелсіз халықаралық сарапшылар тобымен бірлесіп есептейді. Индекс БҰҰ адамның дамуы туралы баяндамаларының арнайы сериясында жарияланады.

Әлем елдерінің экономикалық және әлеуметтік прогресін бағалаумен бірінші баяндама адамның даму ұғымын былайша қалыптастырды: «Адамның дамуы таңдау спектрін кеңейту процесі. Таңдаудың барынша маңызды элементтері – ұзақ және аман-сау өмір сүру, білім алу және лайықты өмір сүру деңгейіне ие болу. Таңдаудың қосымша элементтері саяси еркіндікті, кепілдендірілген адам құқықтарын және өзін-өзі сыйлауды қамтиды». Бұл көзқарастар жүйесі адамның өмір сапасын арттыруға, барлық салаларды оның мүмкіндіктерін кеңейтуге және жетілдіруге бағдарларанған. Адамның даму тұжырымдамасы жалпы ұлттық өнім көрсеткішіне негізделген, адамды тек қана экономикалық дамудың қозғаушы күші ретінде қарастырған және экономикалық өсуді қоғамдық прогрестің басты мақсаты деп жариялаған экономикалық дамудың «классикалық» деп аталатын теориясын ауыстырды.

Адам дамуының индексі (АДИ) адамдардың дамуы бойынша мемлекеттер.

2018 жылғы мәліметтерге сүйене отырып адам дамуының индексі БҰҰ бағдарламасы бойынша қорытынды  2019 жылғы 9 желтоқсанда шықты. Тізімге БҰҰ 193  елінің 187 елі  мен Гонконг пен Палестина да кіреді. БҰҰ 6 елі КХДР, Монако, Науру, Сан-Марино, Сомали және  Тувалу мәліметтердің жеткіліксіздігі салдарынан тізімге енбеді.

Бұл индекс елдердегі адам дамуының жиынтық көрсеткішін мазмұндайды және ел азаматтарының денсаулығы мен өмір жастарының ұзақтығын, білім алулары мен лайықты тұрмыс деңгейлері тұрғысынан елдің жетістіктерін есептейді. Мәселен, ұзақ жасау индексі – ұзақ өмір сүру мен салауатты тұрмыс мүмкіндігін мазмұндаса, білім индексі – білімге қолжетімділікпен, мектеп жасындағы балалардың күтілетін орташа оқу ұзақтығымен және ересек азаматтардың орташа оқу ұзақтығымен мазмұндалады.

Индексті 1990 жылы пакистандық экономист Махбуб уль-Хак пен үнділік экономист Амартьей Сен ұсынған. 2010 жылы индекс өзгерді.

Адам дамуының базалық көрсеткіштері адам дамуының үш негізгі компонентінде – көп жасау білімділік және тұрмыс деңгейіне сәйкес келеді.Тұтас алғанда адам дамуының осы компоненттерінің әрқайсысы адамның бірнеше маңызды мүмкіндіктерін қамтиды.Мәселен көп жасау – ұзақ өмір суру мен салауатты тұрмыс мүмкіндігін білдіреді. Білімділік білім алуды, араласуды, қоғам өміріне қатысуды, тұрмыс деңгейі лайықты тұрмыс құрып, салауатты өмір сүруге, аумақтық және әлеуметтік икемділік жағдайдың болуына қажетті ресурстарға қол жеткізу болып табылады. Соңғы уақытта әлемдік практикада адам өмірінің сапасын бағалау барысында бірінші орынға олардың денсаулығын қояды.

Адам дамуының индексі 2020 ж мәліметтер бойынша қазіргі таңда ең жоғары елдер

Елдер АДИ көрсеткіші Тулары
Норвегия I орын
Швейцария II орын
Ирла́ндия III орын
Германия IV  орын
Гонконг IV  орын
Австралия VI орын
Исландия VIорын

Ұзақ өмір сүруді сипаттайтын көрсеткіштер

Ұзақ өмір сүруді сипаттайтын көрсеткіш тағам құрамының сапасына байланысты және дұрыс тамақтана білу сауаттылықта. Адам тағамының көрсеткіші энергиямен толыққанды және қажетті ингредиенттердің ақуыз, майлар, дәрумендер, минералды заттар болуы.  Тағамның энергиямен толыққанды калориясы тағам өнімдерінде: белоктарда, майларда, углеводтарда жинақталған энергиямен анықталады.Тағам адамның ағзасында тотыққанда босап шығатын және ағза жұмыс істегенде пайдаланылатын бұл энергия калориямен немесе килокалориямен өлшенеді. БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшарушылық ұйымы ФАО мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ВОЗ мамандарының пікірінше, орташа тәуліктік тағам рационында кемінде 2500 килокалория болуға тиіс. Әрине, ол көбінесе адамның жасына түсетін физикалық күшке, сол жердің табиғи жағдайларына және т.б. факторларға байланысты. Мысалы, ересек адамның дұрыс тамақтануы үшін оның 1 кг дене салмағына 43 килокалория, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарға -50 килокалория, 10 жасқа дейінгі баланың өсіп келе жатқан ағзасына -100 килокалория керек. Бірақ кейінгі мәліметтерге сүйенсек, тәулігіне 2500 немесе соған жақын килокалорияны Жер шары  халықтарының 35%-ы ғана алады. Халықтың 15%-ы  калорияны қажетті мөлшерде алғанмен, қандай да бір құнарлы заттың, әсіресе жануар текті протеиндердің тапшылығын тартуда.Халықтың бестен бір бөлігі ешқашан тойып тамақ ішпейді.

Сонымен нашар дамыған елдердегі халықтың тағамының құнарсыздығы тек калорияның жеткіліксіздігіне ғана емес, олардың рационында жануар текті белоктар, А витамині, кальций және т.б жетіспейді. Мысалы, Азияның күріш өсірумен айналысатын елдерінде жануар (ет,сүт, жұмыртқа, балық) текті протеиндердің тағамдағы тапшылығы байқалады.Астықтардағы белоктарда кейбір маңызды аминқышқылдар жоқ. Маниок, ямс,картофель сияқты крахмалды өсімдіктерде де осындай. Тағамдары негізінен, углеводқа бай тамыр жемістерден тұратын тамақты тойғанша жейді, бірақ калорияға, белоктарға деген мұқтаждығын толықтай қанағаттандыра алмайды.

Халқының едәуір бөлігі қажетті мөлшерде калория ала алмайтын зоналар үлкен аумақты алып жатыр. Оған Сахараның оңтүстігіндегі Африка түгелдей (ОАР- дан басқа),Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия, Кариб теңізі алабы,Оңтүстік Американың негізгі бөлігі (Аргентина,Уругвай,Бразилияның оңтүстік –шығысынан басқа) кіреді. Олардың күнделікті жейтін тағамдарында протеиндер, дәрумендер,кальций және т.б. жетіспейді.

Латын Америкасының белгілі қоғам қайраткері Эдуардо Галеано өзінің «Латын Америкасының күре тамырын ашу» деген кітабында: «Бразилияның солтүстік-шығысында баяғы отаршылдық кезеңінен бері келе жатқан, әлі сақталған топырақ жейтін әдет бар. Темірдің ағзада жетіспеуі анемия тудырады.Өздерінің күнделікті рационында, яғни маниоктан және ірі бұршақтардан пісірілген шелпектерінде жоқ органикалық емес элементтерді алу үшін балалар топырақ жеуге әдеттенген»- деген.

Тропиктік Африка-ғаламшардың «аштық полюсі» деп саналады.Мұндағы азық-түлік жағдайы «өте ауыр».Халықтың табысы өте төмен, олардың 90%-ы ресми танылған кедейлік деңгейінен төмен тұр. Сахельдің (Сахара мен саваннаның арасындағы елдер) солтүстік- шығысында және Африканың оңтүстігінде тұрақты «аштық зоналары» пайда болды.

БҰҰ мәліметтері бойынша 90-жылдардың ортасында Африканың 26 мемлекеті ,яғни құрлық елдерінің жартысына жуығы азық-түлік тапшылығын көрді.Олар:Буркина Фасо, Гвинея Бисау, Нигер ,Бенин, Чад, Габия, Гана, Гвиея, Мали, Мавритания, Сенегал, Того, Орталық Африка Республикасы, Эфиопия, Сомали, Уганда, Танзания, Ангола, Боствана, Лесото, Мозамбик, Замбия, Зимбабве және басқалар.

Муссондық Азия елдерінің күрішпен ғана тамақтанатын аймақтарда оның үлесі 75%-ға дейін жетеді.Батыс Яваның кейбір аудандарында, тіптен, адамдар 90%-ы соның салдарынан «бери-бери» ауруына ұшырайды. Сонымен қатар дамушы елдер халқына,әдетте белгілі бір тағам түрін көбірек пайдалану түрі тән. Гватемала тұрғындары тіршілікке қажетті энергияның 70%-ын жүгері өнімдерінен алса,Батыс Явада күріштің үлесі тіпті 90% шамасында болады.

Ұзақ өмір сүруді сипаттайтын көрсеткіштер  қатарына дұрыс тамақтана білу режимдерін де жатқызуға болады.

  • Ұзақ өмір сүретін адамдар қалай тамақтанады?

Адамның ұзақ өмір сүру жағдайының 30% -ы  генетикалық тұқым қуалау негізгі ролді атқарса,70%-ы адамның өмір сүру жағдайына, дұрыс демалуына, физикалық қимылына,қызметіне және сауатты тамақтана білуіне байланысты.Атақты дәрігер Гиппократ 100 жасаған. Медицинаның негізін қалаған.Гиппократ «Маған не жейтініңді айтсаң, мен немен ауыратыныңды айтамын» деген екен.

Егер дұрыс тамақтана білсең өмір жасың бірнеше жылға созылары сөзсіз.Диетологтардың пікірінше жеміс-жидектер,қызанақ,түрлі-түсті орамжапырақ, баклажан т.б. денсаулықты арттырып қана қоймайды көңіл күйді көтереді. Түскі ас кезінде дастархан басында көкөністер болғаны абзал.

  • Күніне қанша көкөністі аста пайдалану қажет?

Ғалымдардың пікірі бойынша көкөністің бес порцисын күнде пайдаланса өмірге қауіп қатер 29% азаяды. Көкөністің құрамында антиоксиданттар мен дәрумендер бар, жасушаның қалпына келуіне зор ықпал етеді. Көкөністер рак, жүрек ауруын болдырмайды. 400 грамм көкөністі пайдалану нәтижесінде холестерин азаяды. Әлемде ең ұзақ өмір сурушілер жапондықтар. Олар төмен калориялы асты пайдаланады. Көпшілігінде мұхит өнімдерін көрек етеді.  Омега-3 қышқылы балықта кездеседі, жүрек ауруын болдырмайды, адамның ұзақ өмір сүруіне мүмкіншілік жасайды. Капиллярдағы қан айналымы жақсарады,тромбты болдырмайды. Мұхит балықтарын аста пайдалану кезінде атеросклероз, инфаркт және инсульт болмайды, артериальды қысым қалыпты болады.Жапондықтар майлы тамақты аста пайдаланбайды, әсіресе ет жемейді. Негізгі көректері семіз емес тауықтар мен балықтар және балдырлар. Асты тоя ішпей аздан ішеді. Аптасына 100түрлі тамақты пайдаланады. Азаматтарының денсаулығы мен өмір жастарының ұзақтығын АДИ көрсеткіштерінің бірі болып отыр. Біздің қазақстан халқының саны аз. Бірақ бізде ең негізгі астың түрі ет болып табылады.

Салауатты өмір сүру мүмкіндігі

АДИ қағидалары бойынша ,әлеумет себепші болған аурулар санының өсуіне, адамның әлеуметгік биологиялык мәні арасындағы қарама — қайшылықтардың шиеленісуіне байланысты — салауаттанудың пайда болуы заңдылық. Салауатгану  денсаулықты сақтау және нығайту амалдары мен әдістерін зерттейтін салауатты өмір салтын қалыптастырудың  негізі болып табылады. Кез келген адам өмір жасын ұзарту үшін  шылым шекпей, спортпен айналысып, құнды қажетті тамақтарды пайдалану. Өз өзіне күтім жасап шектен тыс денсаулыққа зиян келтірмейтін шектен тыс жұмыс атқарған да үлкен зиян әкеледі.

Салауатты өмір салтын ұстану мақсатында біз күніне  7 минуттық «Тибеттік гимнастиканы» ұсынар едік. Егер бұл гимнастиканы үзбей 6 ай бойы жасаса  онда пдпм ағзасындағы көптеген дерттерден құтылуға болады. Гимнастиканың  пайдасы эндокриндік бездер қалпына келеді.

  • Жаттығу 1. Қолдарымызды үйкейміз.

5-7 секунд төсекте жатып алақандарымызды үйкелейміз, алақан ысуы керек.Егер алақаныңыз ыстық әрі құрғақ болса онда сіздің денсаулығыңыз жақсы болғаны.Алақаныңыз жылы болса сіздің биополиялыңыз аздап төмендеген. Ал алақаныңыз жылынбай терлейтін болса онда денсаулығызда проблема бар деген белгіні білдіреді.

  • Жаттығу 2. Пальминг

Алақанымызды үйкелеп болғаннан кейін көзімізге басамызда 1секунд ұстап тұрамыз.Осындай қимылмен 30 секунд жасау қажет.  Көзі нашар көретін адамдар 2 минут ұстағаны абзал. Көзіңіздің көруі жақсарады және шаштың  табиғи түсі қалпына келеді.

  • Жаттығу 3. Құлақты қалпына келтіру.

Құлағымызды қолымыздың жұмсақ бөлігімен жауып, саусақтарымызды желкемізге қарай бұрып ұстаймыз. 1секунд ұстап тұрамыз.Осындай қимылмен 30 секунд жасау қажет. Жұмсағырақ жасау нәтижесінде 6 айдан кейін көптеген дерттерден құтылып, есту мүмкіншілігіңіз жақсарады.

Осындай сияқты ғаламтордан көптеген қажетті жаттығуларды пайдаланып әр адам өзіне пайдаласын алып отырса, өмірлерін дұрыс бағытта ұстаса әрине жасын ұзартып мақсатына жететіні әбден мүмкін.

Зерттеу жұмысы..

Адамның өмір жасын ұзартып жас әрі әдемі болып қалу барлық адамдардың арманы. Жасару элексерин өте ертеден бері көптеген оқымыстылар іздестіру үстінде. Кейбір мемлекеттің көшбасшылары ұзақ өмір сүру мақсатында Тибетке әскерлерін жіберіп «тірі су» (живая вода) алдыртқан кездері де болған. Қазіргі таңда да осы тақырып ешкімді бей жай қалдырмайды. Бізді де осы тақырып қатты қызықтырады.

Қазіргі таңда біз сияқты оқушылар көпшілігінде қандай заттарды жегенді ұнатады? Әрине барлық ересектер мен жастар жейтін тағам түрлерін біздер қатты ұнатамыз. Мысалы, жол жүргенде немесе үйде теледидар алдында отырғанда өзімізді комфорт сезіну үшін анамыздан ципсы мен кириешки сатып беруін өтінеміз. Қалаға келгенде гамбургерлер  мен  картошка  фри сатып аламыз, бізге қатты ұнайды.Кәдімгі булочка ішінде сосискасы бар, бірақ дәмі ерекше. Гамбургерлер , чизбургерлер  және  бигмактарға тоймайсың тағы да сатып алсам деген пікірлер тұрады. Фастфудты жиі пайдаланған адамдарда салмақтары өсіп денсаулықтарына қауіп қатер туғызары сөзсіз.Қазіргі таңда біздің ұнатып жейтін астарымыз пайдалы ма әлде зиянды ма деген сұрақтарға жауап іздей отырып, біз мынадай тәжірибе жасадық.

Қалаға барып бірнеше кемірушілер сатып алдық. Екі клеткаға орналастырдық . Бірінші клеткадағысына ципсы мен кириешки бердік.Екіншісіне жемістер мен арнайы өз дәнді тағамдарымен көректендірдік. 15-20 күннен асқан соң ципсы мен кириешки жегендері әлсірей бастады.Дұрыс тамақтанғандары активтілігін сақтап қалды.Осы тәжірибені біз де өзімізге жасадық Рахат мен Айбиби үш күн қатарынан  тек ципсы жегенде қатты ауырды. Құсты , іштері қатты бүріп ауырды, ішкі ағзалары қатты қызып дене температурасы көтерілді және ішіміз өтті. Екі күн бойы денемізде бір жайсыз жағдай орын алды. Осыдан кейін біз ципсыға сақтықпен қарайтын болдық.

Кей күндері кемірушілер берген ципсы мен кириешкиді жемей қойған кездері де болды. Осыдан соң біз бес күн бойы калориясы аз  тамақ іштік. Өзімізге қол жетімді капуста, мандарин, құс еттері, қызылша,сүт  пен овсянка жедік. Кемірушілерге де солай тамақ бердік. Осыдан соң өзімізді жеңіл сезіндік. Бірақ аздап салмақ жоғалттық 0,5 кг . Негізі калориясы аз тамақтардың пайдасы бар екен. Кемірушілер  активті өмір сүрді.Калориясы аз тамақтар адамдарды жасартады  және еңбек белсенділігін арттырады екен. Жыл сайын біз үй ішімізбен ораза ұстанамыз, әрине пайдасы өте зор. Біздің ата бабаларымыз ағзаны тазарту үшін оразаның пайдасын ертеден білген. Ағзадағы артық заттардан арылып денсаулықты жақсартады. Ораза кезінде барлық адамдардың бет әлпеттері мен тері түстері жақсарады.

Бұл эксперимент не үшін қажет, біздің сыныптастарымыз қандай тағам түрі пайдалы, қандай тағам түрлері зиянды екенін мүлдем білмейді. Осы бастан дұрыс тамақтанып денсаулығымызды сақтау мақсатында бізге ғана емес барлық адамзат баласына қажет екенін жеткізу болатын.

Адам денсаулығына қауіпті тағам түрлерін ұсынамыз:

  • Чипсы мен картофель фри

Құрамында бояғыш заттары өте көп және дәмдеуіштер де қосылған.Картофельдары пестицидтармен өсірілген.Таза экологиялық асқа жатпайды.

  • Шұжықтар тұздалған (Колбасы и копчености)

Құрамында  бекон, ветчина, колбаса, сосиска белгілі бір өңдеуден өтеді. Сондықтан құрамында нитраттары мен ,гормонды қоспалар болады.Бір қарағанда таза болып көрінетін шұжықта : сіңірлер, ет кесінділері, шошқа майы мен терісі, 25-30% трансгендік  соя, бояғыш заттар, дәмдеуіштер, консерванттар мен  ароматизаторлары болады..

Газдалған сусындар, фаст-фудтар,  майонез, кетчуптар, чупа-чупстар, леденцы, попкорн ,шоколадтар мен попкорндар, сорпалық  кубиктар , маргариндар  мен  рафинатталған өсімдік майы, тұз, қант , май зиянды тағам болып табылады. Қазіргі ғылым мен білім дамыған заманда өзімізді күтіп жүрейік. Тағам құрамы өзгеріп ГМО көбейіп кеткендіктен мүмкіндігінше таза экологиялық тағам түрлерін мейлінше пайдалануға тырысу қажеттілігі туындаған  кез келген іспетті. Тағам түрлерінде көпшілік жағдайда химиялық заттармен мен қоспалардың көбейіп кеткендіктен әрдайым естен шығармау қажет .

Сіздерге адамды жасартатын тағам түрлерін ұсынамын

1.Авокадо.

Жемістің етті бөлігінде дәрумендер мен минералдар  өте көп, фолиевті қышқыл мен пайдалы өсімдік майлары да бар . Осы заттар әжімді жазып, бетіңізді тегістейді. Құрамында қартаюды болдырмайтын антиоксидант пен бета-каротин жасушада қалпына келтіретін регенерация ролін атқарады. Салмақ қосуға кедерігі жасайды және зат айналымды жақсартады.

2.Ананас

Жемістің етті бөлігі макро-  микроэлементтерге  : калий, магний, темір, мыс, цинк  пен йод, дәрумен С бай. Ананас адамды жасартады. 

Банандар

Банан құрамында пайдалы дәрумендер көп.Банан көңіл күй көтереді. Себебі құрамында «бақыт гормоны»- серотонин бар. Банан құрамындағы калий сүйекті бекітеді, тері коллагенін жақсартады.

Тамақтанудағы 10 қателік

Бірінші қателік. Тамақты көп жейміз.
Екінші қателік. Қашанда майлы тамақты жақсы көреміз..
Үшінші қателік. Қандай тағамды ішіп – жегеніміз жөн, оны таңдап – талғай білмейміз. Содан дастарханға не әкелсе, соның бәрін пайдаланамыз.
Төртінші қателік. Әр түрлі сұйық асты көп ішеміз.
Бесінші қателік. Өз уақытында тамақтанбаймыз. Дастархан үстіндегі тамақты тез ішіп, тез жейміз. Тамақтану мерзімімен санаспаймыз. Негізінен, күніне 3 рет тамақтанған абзал.
Алтыншы қателік. Тәттіні көп жейміз. Қант, конфет, торт, т. б. асыра ішіп – жейміз.
Жетінші қателік. Тамақты жақсы әзірлеп, дұрыс сақтай білмейміз. Біз көбінесе қуырған тағамды, тұзы көп асты дайындаймыз.
Сегізінші қателік. Кешкілік теледидар көріп отырып тамақ ішкенді ұнатамыз.
Тоғызыншы қателік.
Міндетті түрде әр тамақтың құрамында қанша белок, май, дәрумендер мөлшері бар екенін білген жөн.
Оныншы қателік. Тамақты жасқа қарай ішіп – жеуге тиістіміз. Және де кәрі адамдар әліне қарай аз – аздап тамақтанғаны дұрыс.

Қорытынды

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы (ДДСҰ) – 1946 жылы БҰҰ-ның жанынан құрылған халықаралық медициналық мекеме. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жарғысында бекітілген негізгі мақсаты — жер бетіндегі барлық халықтардың денсаулығын жақсартуға қол жеткізу.

Есепте ұсынылған Адамның даму индексі (АДИ) бойынша елдердің рейтингісіне сәйкес, 2018 жылы Қазақстан 189-елдердің ішінен 50-орынға ие болды және адам дамуы өте жоғары елдер тобына кірді. 1990 жылдан 2018 жылға дейінгі кезеңде Қазақстандағы АДИ 18,5% -ға, жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыс 61,8% -ға өсті. 28 жыл ішінде Қазақстанда бала туудың орташа ұзақтығы 6,5 жасқа, орташа білім ұзақтығы 3,7 жылға, өмір сүру ұзақтығы 2,9 жылға артты.

АДИ үш басты қағидалардың бірі -Өмір Ұзақтығы – Халық денсаулығы мен ұзақтығын өлшейді . Осынын негізге ала отырып халықтың денсаулығын жақсарту халықтың физикалық дамуы және жұмысқа қабілеттілігін арттырудың және тиісінше өнімдерді және қызметтерді жасау, білімдер жинау және т.б. үшін мүмкіндіктерді кеңейтудің маңызды факторы ретінде қарастырылады, сондықтан адамның денсаулығы жақсарту саласындағы жетістікті көрсететін күтілетін өмірдің ұзақтығы көрсеткішін таңдау кездейсоқ емес. Дұрыс тамақтанып жасарып, өмір жасымызды ұзартып аман сау жүрейік.

You May Also Like

Бейнелеу өнері арқылы мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудың жолдары, ғылыми жоба

Бейнелеу өнері арқылы мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудың жолдары.         Қазіргі адам…

Әртүрлі былғарылық тері шикізатының тауарлық сипаттамасы

Әртүрлі былғарылық тері шикізатының тауарлық сипаттамасы Әртүрлі үй жануарлары мен жабайы аңдар…

Математика сабағында компьютерлік бағдарламаларды пайдаланудың тиімділігі, ғылыми жоба

Сексеуіл – шөл даланың падишасы, ғылыми жоба

Түркістан облысы Арыс қаласының білім бөліміне қарасты Аманкелді атындағы жалпы орта білім…