Түркістан облысы
Арыс қаласының білім бөліміне қарасты
Аманкелді атындағы жалпы орта білім беретін  мектебі 

ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Сексеуіл-шөл даланың падишасы»

«Сексеуіл – шөл даланың падишасы»
тақырыбында жазған
зерттеу жұмысына

Пікір 

Үсен Аружанның  «Сексеуіл шөл даланың падишасы» тақырыбымен ұсынып отырған ғылыми жобасында зерттеуші алдына қойған мақсатына жеткен деуге болады. Ізденуші жай ғана бар материалдармен шектелмей, өзіндік көзқарастарын да танытып отырған. Зерттеудің мақсаты – халқымыздың атадан балаға мирас болып жеткен, ұмытылып бара жатқан мәдени мұрасы қара сексеуілден «қара сабын» жасау салтын жаңғырту арқылы халқымыздың ежелден келе жатқан көне де, ізгі дәстүрін қазіргі заманымызға лайықтапжаңаша сапада ұсыну және сексеуіл өсімдігінің адамзат үшін маңыздылығын келер ұрпаққа насихаттау деп алып, жұмысты жазуда барынша тақырыпты жан-жақты ашуға тырысқан.Ғылыми жобаның тақырыбы мазмұнын аша алған, теориялық жағынан терең мазмұнды, тәрбиелік мәнін бүгінгі кезең талабымен сәйкес, анық бере алған.Жалпы алғанда ғылым жоба өз дәрежесінде жасалынған деуге болады.    Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын.

 

 

Мектеп директоры:               Б.Алиев

 

 

 

Қожатоғай ауылы Аманкелді атындағы
жалпы орта мектебінің 6«Б» сынып
оқушысы Үсен Аружанның
«Сексеуіл – шөл даланың падишасы»
тақырыбында жазған
зерттеу жұмысына

 

П І К І Р

Өзіне мақсат еткен  мектебіміздің оқушы Үсен Аружанның  «Сексеуіл – шөл даланың падишасы» деген тақырыпта ізденіс жұмыстарын жүйелі түрде жүргізе білген. Аталмыш тақырыптағы зерттеу жұмысы талапқа сай орындалған. Жұмысты жүргізу барысында Аружан жинақтау, бақылау, сипаттау, суреттеу сынды әдістерді тиімді пайдалана білген.

          Зерттеудің мақсаты – халқымыздың атадан балаға мирас болып жеткен, ұмытылып бара жатқан мәдени мұрасы қара сексеуілден «қара сабын» жасау салтын жаңғырту арқылы халқымыздың ежелден келе жатқан көне де, ізгі дәстүрін қазіргі заманымызға лайықтапжаңаша сапада ұсыну және сексеуіл өсімдігінің адамзат үшін маңыздылығын келер ұрпаққа насихаттау деп алып, жұмысты жазуда барынша тақырыпты жан-жақты ашуға тырысқан.

Зерттеу жұмысында зерттеу әдістерінің тиімді жүйесін дұрыс пайдаланылып,  тарихи деректерге ақиқат тұрғысынан талдау жасалынған.

Қорыта айтқанда, зерттеу жобасы өте жоғары деңгейде, барлық талаптарға сай орындалған деп бағалауға болады.

 «Сексеуіл – шөл даланың падишасы»
тақырыбында жазған
зерттеу жұмысына 

П І К І Р

      Үсен Аружан «Сексеуіл шөл даланың падишасы» тақырыбымен ұсынып отырған ғылыми жобасында зерттеуші алдына қойған мақсатына жеткен деуге болады. Жұмысты жазуда түрлі ғылыми көпшілік әдебиеттермен жұмыс істеу барысында сексеуілдің емдік, азықтық қасиеті басым екені анықталған. Ізденіс жұмысының нәтижесінде сексеуілдің бағалы қасиеттерін, оның табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын түсініп, табиғатты аялау қажет екенін дәлелдеген. Оның өмірдегі маңызды қасиеттерін жан-жақты тұжырымдаған.Қазақта: «Сабын кірді ашады, сабырсыз сырды ашады» – демекші сабынның жасалу жолдарын істеп үйренген.  Зерттеу соңында өзіндік ұсыныстарын берген.     Ғылыми жобаның тақырыбы мазмұнын аша алған, теориялық жағынан терең мазмұнды, тәрбиелік мәнін бүгінгі кезең талабымен сәйкес, анық бере алған.

Жалпы алғанда ғылым жоба өз дәрежесінде жасалынған деуге болады.    Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын.

Мазмұны 

Түйіндеме…………………………………………………………………………………………………1

Аннотация…………………………………………………………………………………………….

Зерттеу мақсаты,міндеті,болжамы,жаңалығы……………………………………

І Кіріспе…………………………………………………………………………………………………

ІІ Негізгі бөлім.

2.1 Сексеуіл өсімдігінің шаруашылықтағы маңызы 

2.1.1 Сексеуіл өсімдігінің сипаттамасы және оның түрлері………………

2.1.2 Сексеуіл өсімдігінің антропогендік жаулары…………………………

2.1.3 Сексеуілдің қоршаған ортаға тигізетін пайдасы…………………….

    2.2 Үй жағдайында сабын қайнату – шығармашылық процесс

2.2.1Сабын жасау технологиясы…………………………………………………..

2.2.2Қара сабынның емдік қасиеті………………………………………………..

ІІІ Қорытынды ……………………………………………………………………………….

Зерттеу күнделігі……………………………………………………………………..

Өмірлік ұстанымы:
Ғылым-теңіз,білім-қайық

АҢДАТПА 

Аманкелді атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 6«Б» сынып оқушысы  Үсен Аружанның «Сексеуіл шөл даланың падишасы» атты ғылыми жобасы табиғаттың ажырамас бөлігі саналатын сексеуіл өсімдігі, оның морфологиясы, шаруашылықтағы маңызы жайлы және бүгінгі нарықтық заманда қарапайым үй жағдайында сабын қайнату технологиясын қайта жаңғырту мәселелері қарастырылған.

«Шөл даланың падишасы» атанып кеткен сексеуіл қанша уақыт өтсе де өз құндылығы мен қасиеттілігін жоғалтқан емес. Тек әр заманның ұрпағы өз пайымы бойынша қадірін түсінбей сексеуілдің жер бетінен жоғалып кету қаупін тудыруда. Бұл әрине, алдымен табиғатқа, сосын адамзатқа жасалынған зор қиянат. Қазақ арасында сабын сөзі әлде қайда ертеректе пайда болғандығы дәлелді мысалдармен көрсетілген.

Сексеуіл егістік қорғау орман алқабын отырғызуда, құмға, әсіресе топырағы тұзданған құмдарға отырғызуға пайдаланылады.

Сексеуіл құмды шөлдің қорғаны болып табылады. Олай дейтініміз құмды бекітіп ұстап тұрады. Сексеуіл шөлдің тірі қазба байлығы болып табылады.

А Н Н О Т А Ц И Я

 Удивительное растение саксаул – главное дерево пустыни. Саксаул – это лучшее в мире топливо.Существует большое количество видов данного растения. При этом наиболее распространенными на территории пустыни являются черный и белый саксаул. В зависимости от вида, он может иметь тонкие иголочки-листья или же и вовсе не иметь лиственного покрова.

В этой работе рассказывается о том как делают мылу из золы. Всего 50 лет назад мыло делали вручную из натуральных материалов. Люди не знали о перхоти, бактериях, и последствиях химического производства мыла.Мыло из золы прекрасно и мгновенно отмывает кожу и голову мыть им одно удовольствие — ощущение необычайной чистоты и свежести.

Abstract 

The achievements in the 50-year^s research on the distribution characteristics, physiological characteristics, evaluation on site-matching condition of plantation, density and water balance of Haloxylon population, the techniques of Haloxylon regeneration and its benefits, were summarized. With the progress in sand control engineering and eco-environment construction in western China, selecting suitable plant species became urgent problems to be solved in sand control engineering. It was necessary to strengthen the research on seedling culture, fast-propagation technique and the population stability of Haloxylon, which will benefit the change of species lack in desertified region, increased the diversity of xerophilous species and improve the stability of deteriorated ecosystem.

Зерттеу жұмысымның басты мақсаты:  Халқымыздың атадан балаға мирас болып жеткен, ұмытылып бара жатқан мәдени мұрасы қара сексеуілден «қара сабын» жасау салтын жаңғырту арқылы халқымыздың ежелден келе жатқан көне де, ізгі дәстүрін қазіргі заманымызға лайықтап жаңаша сапада ұсыну және сексеуіл өсімдігінің адамзат үшін маңыздылығын келер ұрпаққа насихаттау.

Зерттеудің міндеті:

  • Сексеуіл өсімдігінің шаруашылықтағы маңыздылығын анықтау;
  • Қара сексеуілдің құпиясы жайлы білу;
  • Сабынның жасалуы жайлы мағлұмат жинақтау;
  • Қара сабынды жасау технологиясын үйрену;
  • Халқымыздың салт-дәстүрлерін қастерлеу және қайта жаңғырту;
  • Сексеуілмен жұмыс жасайтын білікті шебер-мамандармен кездесу.         

          Зерттеудің болжамы: Зерттеу жұмысымды жазу барысында жинақтаған мәліметтерді зерделей отырып, осынау жұмысты тоқтатпай әрі қарай үлкен жоба түрінде жалғастыру.

КІРІСПЕ 

Ілгеріде ата – бабаларымыз сексеуілдің бірер бұтағын немесе томарын үйдің үстіне шығарып қоятын еді. Үлкендердің сөзіне қарағанда бұл ырым «Жамандықтан сақтайды, найзағай ұрмайды» деген сенімді білдіретін көрінеді. Осыған қарап, сексеуілді  қасиетті ағаш деп санағанын ұғынамыз. Қай бiр жылдары жұрт сексеуiлдердi отқа тамызық ретiнде пайдаланатын. Нарықтық қатынастың алғашқы жылдары бұл жағдай күрт өзгердi.

Көмiрдiң жетiспеушiлiгi мен қымбаттаушылығы елдi-мекендерде тұратындарға ауыр тиiп, сексеуiлдi таза отын ретiнде қолдана бастады.  Бұрын ауыл iргесiнде өсетiн сексеуiлдердi қазiр елу, алпыс шақырым қашықтықтардан ғана көре аласыз. Қалаларда кәуап (шашлык) орындары көптеп ашылып, сексеуiлге деген сұраныс барынша артқанда, жұрт пайдаға құныққаны соншалық оның дiңгек түбiне сым тростар байлап, тракторлармен түп тамырымен қоса жұлып алатынды да шығарды. Соның салдарынан сексеуiл алқаптары бұрынғы көлемдерiнен мүлдем кiшiрейiп кеткен. Тiптен тұқымы құрып кету алдында тұр десек асылық айтқандық болмас. Бұл қоршаған ортаға үлкен зиянын тигiзуде. Жалаңаш қалған өлкелерден құмдар көшiп, аңдары басқа жаққа ауып жатыр.

Осыған орай, табиғаттың ажырамас бөлігі саналатын сексеуіл өсімдігін, оның морфологиясын, шаруашы-лықтағы маңызы жайлы зерттеп зерделеп, бүгінгі нарықтық заманда қарапайым үй жағдайында сабын қайнату технологиясын қайта жаңғырту мақсатында зерттеу жұмысымды жүргіздім.

2.1 Сексеуіл өсімдігінің шаруашылықтағы маңызы

2.1.1 Сексеуіл өсімдігінің сипаттамасы және оның түрлері

Сексеуіл    бұта немесе кішкене ағаш түріндегі алабота тұқымдас өсімдіктердің бір туысы. Биіктігі 12 метрге дейін жетеді. Сексеуілдің «галаксилон» деген грекше аты «тұзды ағаш» деген мағына береді. Бұл атау сексеуілдің тұзға төзімділігіне байланысты шыққан. Сексеуіл –     діңі мен бұ- тақтары бұраң-бұраң боп келетін, құмды жерлерде өсетін, шөлге төзімді, морт сынатын  жапырақсыз қатты ағаш тұқымдас өсiмдiк.

Қазақстандағы орман қорының жартысына жуығын сексеуілді тоғай алып жатыр. Оның көлемі 5 млн шаршы метр деп есептелінеді. Өткен ғасырда  40-50 жылдары сексеуілді отын қоры ретінде пайдаланған. Бақанас, Сары-Үйшік-Отырар, Мойынқұм және Қызылқұмда сексеуілден отын дайындаған. Сексеуіл қорын сақтап қалу үшін бір жылдары көшеттер отырғызылыпты. Алайда, жылма-жыл сексеуіл отынға көп дайындалғандықтан, сексеуіл орманы сиреп кетті. Енді мүлде жойылып кету қаупі сексеуілге төніп тұр. Сондықтан сексеуілді қорғау шараларын күшейту қажет.

Мүшелер құрылысына сипаттама жасайтын болсақ:

Тамыры: Тамыр жүйесі өте күшті дамыған. Жанама тамырлары топыраққа 10  –  11 метрге дейін таралған.

 

Сабағы: Сабағы мен бұтағы бунақты, бұлардың діңі қисық, мықты, морт болып келеді. Бұжыр-бұжыр сабақ діңінің сүрегі ауыр, суға батып кетеді.

 

Гүлі: Сексеуілдің гүлі ұсақ, қосжынысты, бірүйлі, қабыршақ тәрізді гүл жапырақтың қолтығында 4-тен орналасады.

 

Гүлсеріктің күлте жапырақшалары бесеу, аталығыда бесеу болады. Аналығы  –  біреу.

 

 

Жапырағы: ұсақ қабыршақ тәрізді. Гүлдеу мерзімі:

Сәуір, мамыр айларында. Жемісі: – қанатты жаңғақша.

гүлдейді.

 

Жемістің пісіп жетілу мерзімі. Қыркүйек, қазан айларында

пісіп жетіліп, қараша айларында жерге төгіледі.

 

Көбеюі: Тұқымынан көбейеді.

Өсуі: Сексеуіл жас өркендерінен, өсіп жетіледі.

 

Қазақстанда сексеуілдің 3 түрі өседі. Олар мыналар:

  • Ақ сексеуіл
  • Қара сексеуіл
  • Зайсан сексеуіл

Сексеуіл туысы көбіне Маңғышлақ, Ақтау, Қызылорда облыстарының құм далаларында, Жамбыл облысының Шу аудандарында, Алматы облысының Балқаш ауданының жерлерінде, Балқаш, Зайсан көлдерінің айналасында кездеседі.

Енді сексеуілдің Қазақстанда кездесетін түрлеріне тоқталып өтейік.

Ақ сексеуіл (Саксаул белый).

Биіктігі 6 метрге жететін бұта немесе ағаш  тектес өсімдік. Діңінің диаметрі 10-20 см-ге жетеді. Қабығы жылтыр.

Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында ақ сексеуіл тараған. Ақ сексеуіл құрғақ борпылдақ немесе біршама тапталған құмды жерлерде өседі.

Діңіндегі қыртысының түсі сұрғылт, сары болып келеді. Дихотомиялы бұтақтанып кеткен морт және буындаған жас өркендері күзде қатаяды да, түсіп қалады. Ұзындығы 2 миллиметрдей ғана қабыршақ немесе ине тәріздес ұсақ жапырақтары сұрғылт жасылдау бұтақшаларға қарама-қарсы орналасады. Қос жынысты, гүлдері қысқарған өркенге шығады.

Негiзiнен ақ сексеуіл құмдауыт әрi сортаңдау жерлерде өседi. Құрғақшылыққа бейiм. Оның жас бұтақтарын түйелер құмарта жейдi. Ғалымдардың айтуына қарағанда, бұл жануарлар сондай 3 метрлiк бұтақты жесе 12 кг. азықтық масса алады екен. Ал ұсақ малға оның жердегi жiңiшке сынық бұтақтары мен қураған жапырақтары тоя жеуiне жарап жатыр. Соған қарағанда бұл сексеуiлдiң азықтық жұғымдылығы жоғары болса керек.

Кездесетін жері: Ақ сексеуіл Арал теңізінің, Алакөл және Балқаш көлінің Сырдария, Іле өзендерінің жағалауларында, Бетпақдалада, Қызылқұмда және Мойынқұмда, құмды шөлдерде, көшпелі құмдарда өседі. Қара сексеуілге қарағанда ол құм басуға, құрғақшылыққа төзімді, бірақ тұзға аса шыдамды емес, сондықтан ойпат жерлерде аз кездеседі. Қатты және үгітілгіш ағашы отқа жақсы жанады. Шөлді аудандарда егістің айналасына, ауыл шетіне құмнан қорғану үшін өсіруге болады.

Қара сексеуіл (Саксаул черный).

Биіктігі 10-12 метрге жететін бұта немесе ағаш тектес өсімдік. Сұрғылт қоңыр түсті діңінің диаметрі 35 см.

Оның ұшында жоғары қарай тік өскен әжептеуір шырынды жас бұтақтары бар. Жетілмеген жапырақтары сүйел тәрізді. Жер асты суы жақын бекіген тығыз құмы бар. Жазық алқаптағы ойпаттарда жақсы жетіліп, онда көбіне тығыз тоғай құра алады. Әсіресе, республиканың құмды, сорлы және тақыр жерлерінде өседі. Қара сексеуiл аққа қарағанда жуандау әрi iрi келедi. Оның тамыры 11 метрден де тереңдiкке кетедi. Бұлар шоғырланып өседi.

Алыстан қарасаң қалың жынысты орман тәрiздi. Өз ұрығы есебiнен табиғи түрде өсуге бейiм. Орта Азияның шөлдi, құмды, сортаң жерлерiнде көп кездеседi. Сондай-ақ, тақыр жерлерде де өсуге бейiм. Қара сексеуiлдiң де жас әрi жұмсақ бұтақтарын, жапырақтарын түйелер мен ұсақ малдар сүйiсiнiп жейдi. Оның үстiне сексеуiлдi аймақтар мал жайылымына қажеттi шөптердiң өсуiне пайдасын көп тигiзедi.

Ағаш бар жерде, өмiр бар. Адам тiршiлiгiне де қолайлы орта.

Таралу аймағы:  Қара сексеуіл Үстіртте, Арал теңізі, сырдария, Шу, Іле өзендерінің жағасында, Бетпақдала мен Қызылқұмда тараған.

Республиканың солтүстігінде және таулы аудандарда кездеспейді. Топырақтың тұздылығына төзімді. Тұқымдары және түбірінен шыққан сидам шыбықтары арқылы көбейе алады. Өте мықты қатты ағаштары сұрғылт қоңыр түсті.

Ағашының көлденеңінен сынуы өте қиын, оның есесіне ұзынынан жақсы қақырап сынады. Отын үшін пайдаланылады. Бұтақтары ерекше болғандықтан одан әр түрлі бейнелер жасауға болады.

Шөлді аудандардағы ауылдарды құм басудан сақтау үшін өсіруге болады. Қара сексеуілдің көп бөлігі Алматы, Жамбыл облыстарында өседі.

Қара сексеуіл ылғалы жеткілікті ортада да, жер асты суы немесе одан да көп тереңдікте орналасса да өсе береді. Алыстан қарасаң қалың жынысты орман тәрiздi. Қара сексеуiлдiң жас, әрi жұмсақ бұтақтарын, жапырақтарын түйелер мен ұсақ малдар жейдi. Оның үстiне сексеуiлдi аймақтар мал жайылымына қажеттi шөптердiң өсуiне де пайдасын көп тигiзедi.

Зайсан сексеуілі (Саксаул зайсанский) немесе бұта сексеуіл.

Биіктігі 4,5 метрге жететін бұта тектес өсімдік. Кәрі діңінің түсі ашық қоңыр, жас бұтақтары ақ сұр түсті, Редукцияға ұшыраған жапырақтарының пішіні сүйел немесе үш бұрышты төмпешік тәрізді. Олар бұтақта қарама  –  қарсы орналасады.

Таралу аймағы: Қазақстанда Зайсан көлінің жағасы мен Алматы облысындағы Торайғыр тауының құмды және тасты топырақтарында өседі. Жергілікті жерде отынға пайдаланылады.

Сексеуілдің бұл түрі республикада өте аз жерде өседі, сондықтан оның табиғи тоғайын қорғап өсіруді кеңейту қажет.

Ақ және қара сексеуілге тән ерекшелiктер Зайсан сексеуiлiнде де бар. Жалпы айтқанда үшеуi де тарғылданып, иiр-иiр болып өсетiн және өңдеп құрылыс материалдарын жасауға келмейтiн, тұрмыста тек отыннан басқа қажетке жарамайтын ағаш тұқымдастар. Олардың отқа жанғыштығы және шоғының қызуын бойында ұзақ уақыт сақтағыш қасиетi көмiрден артық болмаса, бiр мысқал да кем емес. Өткен ғасырларда адамдар оны жағып, қоламтасын көмiр ретiнде сатқанын тарихи әдебиет шығармаларынан жақсы бiлемiз.

Сексеуiлдер қоршаған ортаның тепе-теңдiгiн сақтап тұруда ерекше роль атқарады. Дүлей соққан желден құм көштерiн тоқтатады. Сексеуiлдердi қорғаныш ететiн жан-жануарлар мен жәндiктер қаншама. Әсiресе түз тағылары киiктерге сексеуiлдер арасы өсiп өнулерiне өте қолайлы.

2.1.2 Сексеуіл өсімдігінің антропогендік жаулары 

          «Шөл даланың падишасы» атанып кеткен сексеуіл елімізде қатты азайып кеткен және ерекше қорғауды қажет етеді. Қорғауды айтасыз, бір кездері аяусыз оталған отынның обалы ұрды ма, бүгінде қасиетті өсімдікті қайта өсіру орманшыларға да оңай болмай тұр. Жылда қаншама гектар жерге сексеуіл ұрығы себіледі, бірақ тамыр алып көктеп кеткені шамалы. Өйткені табиғи түрде өсіп-өніп жататын дала өсімдіктері тым сиреп қалғандықтан, құла дүздегі азынаған желге қалқан бола алмай қалды. Салдарынан жаңа себілген дән жерсінбей жатып желге ұшады.

Рас, көмір қымбаттап, нарықтың нар қыспағы жағадан алған жылдары сексеуілге жаудай тигендер оны тамырымен қопарып тастады. Балтаның тісі батпайтын қатты отынды көбірек олжалағысы келгендер тракторға трос байлап, жас шыбығына дейін дымын қалдырмай отады. Күніне мыңдаған гектар жерді жайпап өтетін трактордың артынан ілескендер ірі томарларын ғана алып, қалғаны рәсуа болған күйі жайрап жатты. Соның кесірі бүгін білініп жатыр. Аяусыз оталған өсімдіктердің орны құла дүзге айналып шыға келді.

Тіпті кейбір аймақтарда құм көшкінінен арақатынас жолдар жабылып, ауылдар азынақ желден көз ашпай қалды.

Сексеуілді кесуге тыйым салу туралы ҚР Үкіметінің қаулысы шыққанына да он жылдан асты, бірақ бұл қаулы қасиетті өсімдіктің қатарын көбейтуге қауқарсыз болып тұр. Себебі, сексеуіл жағып дәніккендер әлі де айылын жияр емес. Бағалы отынды барымталап қолға түскендер жеңіл-желпі айыппұлмен құтылып кететін көрінеді. Оған орманшылардың «бармақ басты, көз қыстылығын» қосыңыз. Ең негізгісі, қыруар ақша шығындап егілген дән жаңа жоғарыда айтқанымыздай жерсінбей жатып желге ұшады.          Сар далада сыңсыған сексеуіл біткенді ақша өсіп тұрған алқаптай көріп, балтасын сайлап, көлігін майлап келгендерге қарсы тосқауыл әрекеттері де күшейтілген.

Бағалы өсімдіктің өсіп-жетілуі де оңай емес. Сол себептен де қай жылдары тамырымен қоса жұлынған аймақтарды қалпына келтіру әлі де мүмкін болмай келеді. Сексеуілдің Орталық Азия мен Араб елдерiнде онға жуық түрi болса, елімізде соның ақ, қара және Зайсан сексеуiл деген үш түрі ғана өседі екен. Ақ сексеуіл құмды төбелерді таңдаса, қарасы тегіс жазықтарда жақсы өсетін көрінеді. Тамыры 10-11 метр тереңдікке дейін кететін өсімдік жиырма жылда бар болғаны 1,5 метр ғана өседі. Сол себепті де оған баяу бой көтерер кірпияздық тән. Кейде, бұтақтарының биіктігі 5 метрге дейін өсетіндері де кездеседі. Бірақ басым бөлігі бойға емес, жанына қарай жайылып өскенді жөн көреді екен. Ал, қарасы ақ сексеуілге қарағанда жуандау, әрі ірі келеді. Биіктігі жеті метрге дейін жетеді. Тамырын тереңге жаяды. Осы екеуiне тән ерекшелiктер Зайсан сексеуiлiнде де бар. Жалпы айтқанда үшеуi де тарғылданып, иiр-иiр болып өсетіндіктен құрылыс материалдарына қолдануға қолайсыз. Қызуы жақсы, бықсу дегенді білмейтін сексеуіл кәуап жасайтындар үшін таптырмайтын отын ретінде жоғары бағаланады. Қалалы жерлерде бір құшағы пәленбай мыңға бағаланатыны да содан. Өсіп-жетілуі көп жылды керек ететін сексеуіл міне осындай қасиеттерге ие екен.

Сексеуіл жайлы сөз қозғалғанда оның амандығы үшін түн ұйқысын төрт бөліп жүрген қорықшылар жайлы сөз қозғамай кетуге болмайды. Сонымен бірге, оны күтіп-баптайтын арнайы мамандардың еңбегін де естен шығармаған жөн. Орманшылар мен бағбандардың басым бөлігін жасы жер ортасынан асып қалғандар құрайды. Айталық, жоғары оқу орнын бітірген жас мамандардың мұнда жұмысқа тұрмағанына он жылдан аса уақыт болыпты. Орман шаруашылығы мамандарының саны жыл өткен сайын кеміп барады. Қорықшы мамандардан бөлек, орман ағаштарының биологиялық ерекшеліктерін зерттеп, оны күтіп-баптаудың, өсірудің қыр-сырын білетін мамандар жоқтың қасы. Барының өзі шалғайдағы ауылдарға барып жұмыс істеуге құлықсыз.

Қорыта айтқанда, бір бойынан бірнеше қасиет табылып, құла дүзді құм көшкінінен сақтайтын сексеуілді қалайда бұрынғы қалпына келтіру керек-ақ. Айналдырған жиырма жылда төрт есеге дейін азайып кеткені алаңдатпай қоймайды. Мамандар мәселе көтеріп, экологтар дабыл қаққаннан кейін үкімет қаулы қабылдаған болды. Бірақ әзірге оның да берері шамалы болып тұр.

2.1.3 Сексеуілдің қоршаған ортаға тигізетін пайдасы.

Сексеуіл – даланың байлығы, жайылымдық қоры. Оның топырақ қорғау қасиеттері бар.  Оңтүстік аймақтардағы елдімекендерді қорғап, құмдарды көшірмей ұстап тұратын да сол.

Қазақстанның оңтүстік өңірінде қалың, жуан ағашты отқа жақпайды. Алматы маңайы мен Оңтүстік Қазақстан аймағындағы халықтар түгелімен сексеуіл жарады. Сексеуілді бұтауға ара мен өткір балтаның керегі жоқ, қолға түскен қарумен ұсатуға болады. Оны бұтау оңай, әрі тез бітеді.

Алғашқыда, ертеректегі қазақ ауылдарында жай ғана тамызық ретінде пайдаланған. Кейіннен нарық заманында көмір бағасы қымбаттағанда, сексеуіл таза отын ретінде айналымға түсті. Сатушылар, сатып алушылар көбейді. Бұрын ауыл жанында өсетін бұта тектілерді қазір 50-60 шақырым алыс жерлерден ғана көруге болады. Заңмен тыйым салынса да сексеуіл саудасы тоқталмай отыр.

Жыңғылды балтамен шауып алатын болса, ал сексеуілді қатты томармен отындық сексеуілді ұрып сындырып дайындайды. Жыңғыл мен сексеуілді күздің аяғында, қыстың басында мол етіп жинайды. Басқа уақытта жинаса құмдағы тіршілік иелеріне обал деп ырымдайды. Қураған ағаш, сынып түскен бұтақты тереді. Ыңғайлылығы да сонда. Сексеуілді бұтау оңай.

Сексеуіл «Қызыл кітапқа»  енгізілген, оны қорғау үшін көптеген шаралар жүзеге асырылуда. Орманшыдан тығылып, «Сенде жазық жоқ, менде отын жоқ» деп сеңгір сексеуілді шаба бермей, оны сарқылатынын ескерейік деп ойлаймын.

Сексеуілдің қоршаған ортаға тигізетін пайдасы:

  • Құмды шөлдің қорғаны болып табылады. Олай дейтініміз  құмды бекітіп ұстап  тұрады.
  • Сексеуілдің жас өскіндері түйеге, қойға жақсы азық. Оның себебі жас бұтақ жапырақтың қызметін атқаратын болғандықтан құрамында малға қажетті барлық органикалық заттар болады. Және көп суы бар. Бұл малға бір жағынан азық болса, екіншіден сусын.
  • Сексеуіл шөлдің тірі қазба байлығы болып табылады. Оның себебі Отқа жаққандағы қызуы жағынан нағыз қазба байлық тас көмірден кем түспейді.
  • Сондықтан да Қазақстан мен Орта Азия халықтары сексеуілді мақтанышпен жасыл көмір деп те атайды.  Сексеуіл ағашынан сапалы көмір дайындайды
  • Сексеуіл күлінен сақар ( тыңайтқыш) өндіріледі

      Қорғау шаралары:

  • Сексеуілді ұрлап сататын қарақшыларға тыйым салу
  • Әлі жас өскін сексеуілден 4 түлік малдарды алшақ жаю
  • Шөлді жерге әр гектарға қалып бойынша 5 келіден сексеуіл ұрығын себу
  • Сексеуілді сындырып бүлдірушілерге орман қорғау мемлекеттік мекемесі бекіткен штраф ( айыппұл) салу
  • Орман қорғау мекемесі жұмысшыларына құм ішінде еркін жүре алатын көліктер (мотоцикл) бөлу

Енді тек сексеуіл жайлы емес, жалпы ағаштар турасында а  йтар болсам, әрбір ағаш табиғаттың бір бөлшегі іспеттес. Демек әрбір ағашқа сүйіспеншілікпен әрі құрметпен қарағанымыз абзал деп есептеймін. Мәселен, ағаштардың сыртқы түр-тұрпаты, өсетін мекенінің ерекшелігі адамдардың ежелгі тіршілігін еске түсіреді. Ұзын қарағай тәкаппар адам, мықшиған сексеуіл жазықсыз жапа шегуші, қара түсті баялыш сиықсыз, таста өсетін арша тасбауыр, қызыл тобылғы ұялшақ кейіпкерлер ретінде сомдалып, халқымыздың қалыңмал төлеп неке салтының көріністері айқын бейнеленеді.

Осындай мифтік түсініктен туған ағаштардың араздығы мен татулығы, құдаласу сарыны «Ағаш өлең» деп аталатын кейбір халық өлеңдері мен жұмбақ айтысқа да жиі арқау болады. Мысалы,

Тобылғы қарағанның қызын алып,

Ұялғаннан қалыпты қызыл болып.

Тобылғы шегіршіннің қызы екен ғой,

Сондықтан да бұралып түзге біткен.

Тағы бір аңыз бойынша сексеуіл мен балқарағай туысқан, әрі бойлары бірдей болған екен. Ал тобылғы болса сексеуілді баялыш бұтасымен атастыруға әрекет жасайды. Сексеуіл мұндай әрекеттен қорқып, тығылып қалмаққа құмды алапқа қарай қашып барып сонда орын теуіп қалады. Сонан сексеуілдің діңі қыңыр қисық болыпты. Сексеуілдің қайда тығылып қалғандығын бақылауға тауға шыққан қарағай мойынын созып, сонан бойшаң ұзын болған. Баялыш ашуға булығып сонан тікенекті бұтаға айналған екен. Мұның бәріне айыпкер тобылғы ұяттан қызарғандықтан оның қабы қызыл түске айналып кетіпті. Соған байланысты мынадай өлең жолы шыққан дейді.

Қарағай Сексеуіл құда болған,

Бойлай-бойлай қарағай ұзын болған.

Елшілікке Тобылғы жүремін деп,

Бітіре алмай ұялғаннан қызыл болған (ТС).

Әйткенмен қуаң далада мал өсірумен айналысатын көшпелі халықтары тек қана өз өлкесінде өсетін белгілі ағаштар мен шөптерді аңызға қосып, ерекше ардақтайтыны байқалады. Шынтуайтында, оларда жер емген диқаншы халықтардағыдай өсімдіктер туралы «өлу қайта тірілу» желісіне құрылған мифтер мен маусым сайын атқарылатын ғұрыптар қалыптаспаған.

Ертеде дәстүрлі ортада ағаштың тұрмыс пен шаруашылыққа жарамдылығына қарай отындық ағаш және кәделік ағаш деп екі топқа бөлген. Ал, ағаштардың өсу, даму сатысына байланысты да екі түрге бөледі: жас ағаш және тіршілік циклы аяқталуы жақын кәрі ағаш. Балғын жас ағашты кесуге қазақтар «көктей соласың» деп тыйым салады. Сондықтан жас, толық өсіп жетілмеген ағашты қажетіне қарай ғана кеседі. Өсіп жетілген ағашты шірімей, құрт жемей тұрып қажетке жаратады. Кәрі қуарған ағашты жығып, шауып отынға пайдаланған. Қарап отырсақ, халқымыздың тек адамдарға ғана емес, табиғатқа деген құрмет қорғау сияқты сезімдері түрлі шығармалар арқылы сан мыңдаған ұрпаққа тәрбие көзі ретінде беріліп отырған. Ертеректе апаларымыз сексеулдің күлін қайнатып тұндырып бас жуған екен.

2.2 Үй жағдайында сабын қайнату – шығармашылық процесс 

2.2.1 Сабын жасау технологиясы

Ерте кезде халық сексеуілдің шырпысынан сақар қайнатқан.

Сақар – қазақтың кәдімгі қара сабыны одан да ертерек пайда болған. Сақар сөзі тілімізге парсының (шэхар) сөзінен кіріккен.

Қазақи әдіспен сақар алу мынадай жолмен жүзеге асырылады:

  • сексеуілдің шырпысын қазан айында жинап алып оны кептіреді.
  • Кепкен шырпыны алдын ала су себіліп, тапталып, сыпырылған тегіс әрі тақыр жерге мол етіп үйіп өртейді.
  • Күлін су сеппей суытса, ол қорып, байланып қалады.
  • Содан соң қазанға су құйып, күл қосып, сақырлатып қайнатады.
  • Сақар қайнатқанда ұзын сапты былғауышпен басып араластырып отырады.
  • Сақарды күні бойы қайнатып, түн асырып тұндырып қояды. Тұнбаны сілті деп атайды.
  • Әрі қарай сақар алу үшін, түн асқан сілтіні ертесіне отты баяу жағып, былғауышпен араластырып, әбден қоюланып, құрғақ ұнтаққа айналғанша қайнатады.
  • Ұнтаққа айналған сілтіге (сақарға) ірі қараның сүйектерінен алынған майды немесе балықтың майын қосып, араластырып әбден қайнатады
  • Қоюланған кезде шүберекке орап, немесе қалыпқа құйып, белгілі

бір кейіпке келтірсе, сақар яғни қара сабын дайын болады.

2.2.2 Қара сабынның емдік қасиеті 

              Кезінде күнделікті тұрмыста кеңінен қолданылып,бұл күндері ұмыт бола бастаған қазақтың қара сабыны – сақардың емдік, шипалық қасиеттері де көп болған.

  • Малдың сүйегін қайнатып, оған сәл сілті қосып, майын қалқып алып, іш ауырғанда, тұмау тигенде аздап ішкізген.
  • Бас ауырғанда адамды қара сабынмен басын жуып, жылы бүркеп жатқызып қойса, бас ауыруы қояды.
  • Бөртіп, қызарып шыққан денедегі жараны, теміреткіні сақармен жып емдеген.
  • Көз, құлақ іріңдеп ауырғанда қара сабынмен жуады.
  • Жас нәрестені бір күн қара сабынмен, бір күн тұзды сумен жуындырады.

 

  • Денеге шыққан шиқанның ауызына қара сабын тартады.
  • Бұзаушықпен беті-қолын жуған баланың тәні таза болып, дерт жуымайды.
  • Ертеректе сексеуілдің сақарынан жасалған қара сабынды уланған кезде іш айдатуға, құстыруға пайдаланған деген дерек бар.
  • Ал құрт болған жылқыға 9-11 сықпа сақар жұтқызу арқылы ем жасаған. 

 Үй жағдайында да пайдалануға болады.Мысалға  ыдыс жууға ,қазанның күйесін кетіруге ,киімнің дағына сабынмен ас содасын қосып   кетіруге де болады

Бүгінде сабынды тазалыққа болмаса емге пайдаланып жүргендер шамалы.

Қорытынды

«Шөл даланың падишасы» атанып кеткен сексеуіл қанша уақыт өтсе де өз құндылығы мен қасиеттілігін жоғалтқан емес. Тек әр заманның ұрпағы өз пайымы бойынша қадірін түсінбей сексеуілдің жер бетінен жоғалып кету қаупін тудыруда. Бұл әрине, алдымен табиғатқа, сосын адамзатқа жасалынған зор қиянат деп білемін.

Жұмысты жазуда түрлі ғылыми көпшілік әдебиеттермен жұмыс істеу барысында сексеуілдің емдік, азықтық қасиеті басым екені анықталды. Қазақ арасында сабын сөзі әлде қайда ертеректе пайда болғанын мына мысалдан аңғаруға болады:

Қара қойдың терісін

Сабындап жусаң ағармас…

Бұқар жырау (1666-1791)

Ізденіс жұмысының нәтижесінде сексеуілдің бағалы қасиеттерін, оның табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын түсініп, табиғатты аялау қажет екенін ұқтым. Оның өмірдегі маңызды қасиеттерін жан-жақты тұжырымдадым.

Қазақта: «Сабын кірді ашады, сабырсыз сырды ашады» – демекші сабынның жасалу жолдарын істеп үйрендім. Сексеуілдің адамзат пен Табиғат-Анаға берер пайдасы көп екеніне көзіміз жетті. Бос жатқан жерлер қаншама… Осы жерлерге сексеуіл ексек, сары даламыз жасыл желекке айналар еді деген ұсынысым бар.

Ауылымыздағы сексеуілді қоршап  кең етек жайып өсуіне қолайлы ауа райы мен жері мол. Қолымыздан келгенше Табиғат-Ананы аялап, қадірін дер кезінде түсініп, пайдалы іс-әрекеттеріміздің көп болғанын қалаймын.

You May Also Like

Дарынды балалармен жұмыс жүргізу жүйесі, ғылыми жоба

Тақырыбы: Дарынды балалармен жұмыс жүргізу жүйесі Мазмұны  Кіріспе Дарындылықты дамыту білім саласына…

Ерлерге арналған жейде, ғылыми жоба

Тақырып: «ЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖЕЙДЕ» Киім – тігін бұйымдары, адамзат қоғамының әрбір тарихи…

Шудың адам ағзасына зияны, ғылыми жоба

Ғылыми жоба: «ШУДЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ЗИЯНЫ»                                                        Мазмұны І Кіріспе ІІ Негізгі…

Қазақ халқының жеті кереметі, ғылыми жоба

Қазақ халқының жеті кереметі Секция: қазақ тілі мен әдебиеті  Жобаның авторы: Артемьева…