Тақырыбы: Дарынды балалармен жұмыс жүргізу жүйесі

Мазмұны 

Кіріспе

Дарындылықты дамыту білім саласына қатысты заңнамалары.

Негізгі бөлім

I-тарау. Дарынды балалармен жұмыс жүргізу қағидалары.

  1. Дарындылық туралы жалпы түсінік.
  2. Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің жолдары.
  3. Баланың шығармашылық дарындылығының нәтижесі.
  4. Білім алушының дарынына қарай бағытталған жұмыстар.

II-тарау Бастауыш сынып оқушылары дарындылығын эксперименталды зерттеу.

  1. Зерттеу мақсаты, болжамы, әдістемелері.
  2. Дарынды балалармен жеке-дара жұмыс жүргізудің психологиялық-әдістемелік нұсқаулар.
  3. Дарынды оқушыларға арналған жылдық жұмыс жоспары.

Қорытынды

Зерттеу мақсаты

Жан жақты білімді іскер өздің ойлау жүйесі дамыған адамгершілігі жоғары дені сау барынша қабілетті жанды қалыптастыру. Бала даранының ашылуына өз қабілетіне сәйкестендіре дамыту, жетілдіру.Балалармен жұмыс істеу дарындылықты айқындаудан. Дарынды баланың өз қабілеттерін көпшілік алдында қысылмай көрсетуі үшін, оның бойында көшбасшылық қаситтерді дамыту . Дарынды балалармен жүйелі жұмыс ұйымдастыру.

 Зерттеу міндеттері

Оқушылардың ақыл ой қабілеттерін жетілдіру. Шәкірттердің шығармашылық жеке дарындылығын дамыту. Дарындылық, жеке қабілеттілікті  интеллектуалдық, шығармашылық мәселесіне педагогтар, психологтар, әдіскерлердің көптеген еңбектерін жасауда жұмысына көмек беру.  Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету

Зерттеу әдістері:

  • Балалардың дарындылығын бақылау.
  • Олардың ерекшелігін психологиялық анықтау әдістері.
  • Ата-ана,  балалармен жүргізілетін сұхбат,  сауалнама.
  • Дарындылық деңгейлерін анықтайтын әдістемелер кешені.

Аннотация

Дарынды балалармен жұмыс істеу дарындылықты айқындаудан басталады.Ол үшін алдымен бала бойындағы қабілеттікті, бейімділікті тани білуіміз қажет. Ғылыми зерттеулерде баланың әр кезіндегі қабілеті, белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі жас кезінен белгілі бола бастайтынын дәлелдеген.

Дарынды оқушыларды таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін арттырып, ата –ана, мектеп, оқушы, ұстаз байланысын жоғары ұстап, шығармашылықпен жұмыс істеп оқушының білімге ынтасын арттыру керек. Балаларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығының жоғарлығымен, қоршаған ортасына деген құштарлығының басымдылығымен түсіндіріледі. Дарынды баланың өз қабілеттерін көпшілік алдында қысылмай көрсетуі үшін, оның бойында көшбасшылық қаситтерді дамыту қажет.

Аннотация

Работа с одаренными детьми начинается с выявления талантов. Для этого мы должны прежде всего признать способности и склонности ребенка. Исследования показали, что способности и предрасположенность ребенка к определенным действиям в раннем возрасте проявляются с раннего возраста.

Необходимо найти талантливых учеников, посмотреть на каждого из них как на личность, повысить их уверенность в себе, поддерживать связь с родителями, школой, учениками, учителями, творчески работать и повышать мотивацию учеников к учебе. Необходимость использования исследовательских методов в обучении детей объясняется высоким уровнем их природного любопытства и интереса к окружающей среде. Чтобы одаренный ребенок проявил свои способности на публике, необходимо развивать лидерские качества.

Annotation

Working with gifted children begins with the identification of talent. To do this, we must first recognize the abilities and aptitudes of the child. Research has shown that a child’s abilities and predisposition to certain actions at an early age become apparent from an early age.

It is necessary to find talented students, to look at each of them as an individual, to increase their self-confidence, to keep in touch with parents, schools, students, teachers, to work creatively and to increase students’ motivation for knowledge. The need to use research methods in teaching children is explained by the high level of their natural interest and passion for the environment. In order for a gifted child to show his abilities in public, it is necessary to develop leadership skills.

Кіріспе

ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, керітартпалықты көтермейді. Сондықтан да еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат – ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан  тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, ізденімпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек.

Ғасыр талабына сай зерделі, ой-өрісі жоғары азаматты қалыптастыру- мемлекетіміздің стратегиясы болып отыр.  Дарындылықты дамыту білім саласына қатысты заңнамаларда жақсы көрініс тапқан. Мысалы, 1989 жылы 20 қарашада БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған «Бала құқықтары туралы» конвенцияның 29,31 баптарында қатысушы мемлекеттер баланың «… жеке тұлға ретінде дамуына, баланың бойындағы дарынын және ақыл-есін, дене бітімдік қабілеттерін барынша толық дамытуға, …келіседі», «…Білім алу тұлғалық, дарындық, саналық және шымырлық қабілеттің барынша дамуына бағытталуы керек » делінген. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 17 шілдедегі қабылданған «Білім туралы» заңында «жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту»   білім беру жүйесінің міндеттері деп көрсетілген.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.
Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс. Дарындылықты анықтаудың дайын үлгісі, әдіс-тәсілдері жоқ. Дарындылық, жеке қабілеттілікті дамыту, интеллектуалдық, шығармашылық мәселесіне педагогтар, психологтар, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой-пікірлер жинақталған. Бұл мәселенің түп тамыры ғасырлар тереңінде жатыр. Адамның психологиялық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтерінің еңбектерінде кездеседі. Қабілеттілік пен дарындылық мәселесі- Орта Азия мен Қазақстан ойшылдарын да толғандырған мәселе. Мысалы, Әл-Фараби «Бақытқа жету трактаты» еңбегінде этикалық мәселелермен қатар, адам қабілеттілігіне білім беруде түрлі озық әдіс-тәсілдерді қолдану жолдарына көңіл бөледі. Абай «жетінші қара сөзінде» баланың ақыл-ойы, қабілеттілігі туралы мынадай пікір айтады: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі- ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар- тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, таппайды. Біреуі білсем екен деп, не көрсе соған талпынып, жалт-жұлт еткен болса, оған қызығып, аузына салып дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан  ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да тұра жүгіріп, «ол немене?» «бұл не?» деп, «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп, көз көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені». Баланың білсем екен, үйренсем деген талабын ұштайтын, жеке ерекшелік қасиет, қабілеттерін ескере отырып оларды біліммен, іскерлік, дағдымен қаруландыратын, танымдық ой-өрісін және шығармашылық әлеуетін дамытатын мұғалім-ұстаздың ерекше мақсатты қызметінің қажеттілігі жоғары. Шәкәрім Құдайбердиевте «Насихат» атты өлеңінде өмірдің тұтқасы өнер мен білімде, өнерлі озады, білімді ғаламды билейді, ғылым таусылмас кен, оны жас күніңде үйрен деп насихаттайды.

Сондықтан қай уақытта да дарынды тұлғаны дамыту өзекті мәселе болып келеді.

Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады.

Дарынды балалармен жұмыс істеу дарындылықты айқындаудан басталады.Ол үшін алдымен бала бойындағы қабілеттікті, бейімділікті тани білуіміз қажет. Ғылыми зерттеулерде баланың әр кезіндегі қабілеті, белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі жас кезінен белгілі бола бастайтынын дәлелдеген.

Қабілет-дәреже әр адамда әр түрлі денгейде болады.Іс-әрекетті шығармашылықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттің түрін дарындылық деп атайды.Біреулер «Дарындылық-іс-әрекеттің белгілі бір салада ерекше жетістіктере жетуге жағдай жасайтын, адам қабілеті дамуының жоғарғы дәрежесі» десе, енді біреулер «Дарындылық үш қасиеттің – ортадан жоғары ақыл-ой қабілеттілігі, шығармашылық жол таба білу және мақсатқа құштарлықтың үйлесімділіг» дейді (америкалық педагог Дж.Рензулли).Ал педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі». Белгілі психолог Н.С. Лейтестің айтуынша : «Дарынды бала-бұл белгілі бір салада жетістіктері  айқын көрінетін немесе сондай жетістіктер   әлеуеті мол бала». Дарындылық – қабілеттердің жиынтығы, қызметтің бірнеше түрінен көрнекті нәтижеге жеткен, қоғамға пайдалы ісімен көзге түскен жеке адам.

Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз.
В.Крутецский өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеген еңбегінде: «Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтығының бірлігі деуге болады»,-деп тұжырымдады.
Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық ұғымдары да бар.

Шығармашылық-өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің болуы.
Талант-қабілеттіліктің ең жоғары деңгейі.

Данышпандық-қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі.

Баланың белгілі бір іс -әрекетке белсенділігі жас кезінен байқалады. «Дарындылық» термині «дарын» сөзінен шыққан, адамның ерекше қолайлы ішкі алғы шарты дегенді білдіреді. Дарындылық білім беру, тәрбиелеу жұмысының әсерінен ғана емес, балалардың өз қүштерін жүзеге асыру кезінде ғана дамиды.

 “…Қазіргі таңда оқушылардың білім деңгейлері мектеп бағдарламасымен шектелмей, оқушы жан-жақты жаңа технологияны меңгерген, жаңа заман талабына сай адам болуына міндеттелген…”  деп еліміздің президенті Н.Ә. Назарбаевтың жаңа Жолдауында “Қазақстан-2050” стратегиясында білім беру саласына аса үлкен назар аударғанын көріп отырмыз.       

Осы орайда мұғалімдерге жүктеліп отырған мақсаттардың бірі – шығармашыл, дарынды, талантты оқушыларды қолдау. Осындай оқушылардың деңгейлерін әрі қарай арттыру мұғалімдерге жүктеліп отырғаны баршамызға белгілі. Осы бағытта жұмыстанып келе жатқан жұмысымызды сіздерге ұсынғалы отырмыз.

         Мектептің алдындағы басты міндет әрбір оқушының жас ерекшелігіне, қабілетіне қарай, дарындылығын айқындау және дамыту әр түрлі әдістермен, оның ішінде ғылыми іздену қызметіне ұштасады. Оқушыларды ғылыми жұмысқа баулу кезінде, ғылыми жұмысқа қабілетті оқушылар іріктеліп, белгілі бір тақырып бойынша ғылыми жұмыстар беріледі. Ғылыми әдебиеттерде оқушылардың ізденушілік әрекетінде қолданылатын түрлі терминдер кездеседі: ғылыми-зерттеу жұмысы, ғылыми-ағартушылық жұмысы, зерттеу жүргізу, зерттей оқыту т.б. Сондықтан да жоғарыда аталған терминдердің мәні ғылым, зерттеу сияқты базалық түсініктерді қалыптастырған.

Жоба жұмысымен айналысудағы өз тәжірибемен бөліскім келеді Осы мақсатта ең бірінші ғылыми жұмысқа қабілетті оқушыны таңдап алдым. 4 «Б» сыныбына жаңадан келген Нұртаева Аружан қабілетін байқап, онымен жұмыс жасауды мақсат еттім. 4 сыныптың дарынды оқушыларын интеллектуалдық жарысқа апарып, осы жарыс кезінде Аружан алғырлығына әдебиет пәнінің мұғалімі де тәнті болып, екі мұғалім бірігіп осы оқушыны таңдадық. Барлығымыз кеңесе келіп, «Сүліктің емдік қасиеті»атты  тақырыбын қарастырдық. Оқушы өзі барып, емхана дәрігерлермен  сұхбаттасып, ерекше сезімде қайтты. Бұл жоба жасаушыға жігер-ерігін арттырды деп ойлаймын.

Интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті жоғары баланың өз бетімен білім алу мүмкіндігі болуы тиіс. Яғни жобамен жұмыс жасағанда бала өзі анықтайды, өзі басқарады, өзі жүзеге асырады. Сол кезде ғана баланың қызығушылығы басым болып, өзінің функционалдық сауаттылығын арттыруға үлкен мүмкіндік тудырады. Оқушы өз дүниетанымын кеңейтіп, танымдық ізденімпаздығын дамыта отырып жұмыс жасауға кіріседі. Бұл жолда жоба жетекшілері де бағыт-бағдар беріп, бағыттаушы сұрақтар дайындап беріп жол көрсетеді. Осындай жан-жақты еңбектің нәтижесінде ғана жетістікке жетуге болады

Әлемге жаңалық әкелетін ғалымның ақыл-ой әрекеті мен жаңаны тануға талпынатын баланың ақыл-ой әрекеті арасындағы ерекшелік бұрыннан танылған. Оқушы өзінің әлемге жаңалық әкелетін тұлға екенін түсінуі қажет. Осындай еңбектің нәтижесінде Нұртаева Аружан қалалық ғылыми жоба сайысынан 3 орынды иеленді. Биылғы жыл 1 орын алуға мақсат қойдық. Сол мақсатымызға жетеміз деп ойлаймын.

Мұғалім ретінде оқу мен тәрбие саласындағы аса маңызды міндет – талабы таудай дарынды жеке тұлғаны іздеп тауып, оны жетілдіріп шығару. Ал мақсаты – тәрбие мен білім халықтық бола отырып, ұлттық дәстүрді ұстаушы, дені сау, адамгершілігі мол, қабілеті дамыған, жан-жақты, саяси сауатты, өресі биік азаматтарды тәрбиелеу.

Дарынды балаларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығының жоғарлығымен, қоршаған ортасына деген құштарлығының басымдылығымен түсіндіріледі.

Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мақсаты

 

1. 1.Баланың шығармашылық қабілетін және өз  бетінше шығармашылық ізденісін дамыту.
2. 2.Пәнге терең қызығушылығын арттыру.
3. 3.Оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру.
4. 4.Оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту.
5. 5.Жалпы білім – білік дағдыларын дамыта оқыту.
6. 6.Білімнің бағасын арттыру.

 

Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстың міндеті

 

1 Оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру.
2 Шығармашылық қабілеттерін дамыту, жан-жақты дамуына жеке адамдық ерекше көңіл бөлу.
3 Оқушыны қоршаған ортаны аялауға, ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыруға тәрбиелеу.

 Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жоспары 

1. Дарынды баланы іздеп табу және іріктеу.
2. 2.    Тереңдетілген бағдарлама бойынша оқыту.
3. 3.     Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу.
4. 4.     Проблемалық оқыту әдістерін пайдалана отырып оқыту. Ізденіс жұмыстарын (реферат, баяндама, сөзжұмбақ, ребус, шығарма, өлең шығару т.б), өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту.
5. 5.     Мектепішілік және аудандық, пәндік олимпиадаларға, конкурс- сайыстарға қатыстыру.
6. 6.     Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып оқыту.

Оқу – тәрбие жұмысында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың түрлері

1.        Оқушыларды мұражайға апару
2.         Өнер қайраткерлерімен, ақын – жазушылармен кездесу өткізу.
3.        Түрлі тақырыптарда әңгіме, пікірталас, кездесу өткізіп, алған әсерлері бойынша шығарма жазу, ауызша және жазбаша түрде өз ойын еркін жеткізе білу.
4.        Ақпараттық құралдар жаңалықтармен таныс болу.
5.        Ғылым мен техниканың озық үлгілерін пайдалану.
6.        Күрделі тапсырмаларды орындау

 Осындай жұмыстардың үнемі жүргізілуі оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашуға, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Біреуі сурет салуға әуестенсе, екіншісі спортты, үшіншісі ән – күйді т.б. өнер салаларын таңдайды.  Мұндай жағдайда тәртібі нашар балалардың да жақсы қасиеттерін танып, оларды сынып ұжымымен байланыстыру да ұстаздың біліктілігінде.

Баланың шығармашылық дарындылығының нәтижесінде мына ситапттамаларды атап айтуға болады:

–         зерттеу кезінде білімге ерекше құштарлық танытатын жоғары қажеттілік;

–         ақыл – ойдың жоғарғы қажеттілігі;

–         тек кешегі мен бүгінгі ғана емес, болашақ абстрактылы идеялар мен теорияларға қызығушылық;

–         белгілі бір іс — әрекетке, кәсіпке аса қызығушылық таныту, бір іспен шұғылдану;

–         өз бетімен белгілі бір мақсатқа жетуге табандылық көрсете білу;

–         тапсырмаларды өз бетімен ойлай және шеше білуге ұмтылу.

Дарындылыққа барар жолдың басты міндеті:

–         оқушының жеке ерекшелігімен қабілетін зерттеп- зерделеу;

–         шығармашылық ғылыми ізденіске өзіндік зердесінің дамуын назарда ұстау;

–         оқушының өз бетінше әрекет етуіне мүмкіндік беру.

Осы міндеттерді жүзеге асырудағы оқу – тәрбие үрдісін ғылыми зерттеу негізінде жүргізіп, оқушылардың дарындылығын дамытатын арнайы жоспармен жұмыс атқару керек. Осындай қабілетті, дарынды оқушыларды таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін арттырып, ата –ана, мектеп, оқушы, ұстаз байланысын жоғары ұстап, шығармашылықпен жұмыс істеп оқушының білімге ынтасын арттыру керек.

Табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйын одан әрі дамытып, ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыра білейік!

Дарынды балаларды анықтау-баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды:

  1. Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу.
  2. Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану.
  3. Баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау.
  4. Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-аналардың сипаттамалық бағалары.
  5. Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты. Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр.

Осы айтылған тұжырымдарды қорыта келе, дарынды балалардың қабылетін дамытудың келесі жолдарын іріктеп алуға болады:

  1. Сабақтар, ОҚҒ-ның жұмысы;
  2. Пәндік үйірмелер;
  3. Тіл мерекесі;
  4. Абай оқулары;
  5. Олимпиадалар;
  6. Интеллектуалдық ойындар, дебат (пікір сайыс) клубы;
  7. Ғылыми-практикалық конференция (ізденімпаздық жұмыс, зерттеу жұмысы, рефераттар қорғау, жоба қорғау);
  8. Оқушылардың білім деңгейлерін арттыру (мұражайға бару, белгілі адамдармен кездесу);
  9. Шеберлер байқауы (ақындар айтысы, шешендер сайысы, би үйірмесі, шебер қолдар үйірмесі);
  • Оқушылардың аудандық, облыстық, республикалық шығармалар, жобалар байқауларына қатысу.

Біздің мектепте дарынды оқушылар аз емес.

Атап кетсек соның ішінде ерекше мектепте көзге түсетін мына оқушылар: Әлжан Шұғыла, Сағындық Ерасыл, Қуандық Дана т.б

Осы оқушылар өз дарынды қабілеттерін дамыта білетін оқушылар. Адам өмірге өзіндік қасиеттері мен қабілеттерімен келеді. Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын — тәрбие мен оқыту. Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады. Бала бойында ерекше қасиеттерді оған жақын жасы үлкендер дұрыс жеткілікті бағаламаса, оның «өзгелер» сияқты болып қалып қоюуы мүмкін. Сондықтан мектебіміздің оқушыларына дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп, тәлім-тәрбие беру мектеп ұжымының басты міндеті деп санаймыз.

Мектебімізде дарынды оқушылармен жұмыс практикалық тұрғыда негізінен төрт бағытта ұйымдастырылады. Олар: интеллектуалдық, спорттық, өзін-өзі басқарушылық-ұйымдастырушылық, көркемөнерпаздық.

Мектеп оқушылары қабілет-қарымына, дарынына қарай өз қабілеттерін осы бағыттағы жұмыстарға қатынаса отырып дамыта алады. Енді аталған бағыттағы жұмыстарға жеке-жеке тоқталсақ.

  1. Ақыл-ой, тіл, интеллектілік жағынан дарындылармен жұмыс оушыларды ойлауға, есте сақтау қабілеттерін арттыруға, сөйлеу өнеріне, ғылыми тұрғыда ізденуге, жадын дамытуға, пікір таласып ойталқыға түсуге, көркем сөйлеп қисындауға үйретеді. Бұл бағытта мектепте төмендегідей шаралар дәстүрлі өткізіліп отырады. Олар: оқушылардың ғылыми жобалар сайысы, көркемсөз оқу шеберлері додасы, интеллектуалдық марафон және тағы басқалар. Бұл шаралардан негізінен оқушылардың ой-өрісі жоғары деңгейде дамиды. Жадта сақтау қабілеттері шыңдалады. Нағыз шығармашылық деңгейге көтеріледі. Осы бағыттағы шараларға қатынасып жоғары деңгейде көрсеткіштер көрсеткен (аудандандық «Мұқағали» оқуларының ІІІ орын жүлдегерлері Зинько Д., Байрактар А.), (аудандық «Абай-Шәкәрім» оқуларының І орын жүлдегері Цекова А.), (Облыстық оқушылардың ғылыми жобалары сайысында Блажевич К. ІІІ орын) сияқты оқушылардың шығармашылығы мен қарымын, дарындылығын атап өтуге болады.
  2. Спортпен шұғылдану салауатты өмір салтын ұстанудың маңызды бағыты. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүргізуде волейбол, жеңіл атлетика,баскетбол, шахмат, футбол,тоғызқұмалақ, дойбы, сияқты ойын және спорт түрлерінен сайыстар мен жарыстар, сыныптан тыс шаралар өткізіліп отыр. Оқушылар спорттық шараларға жоғары деңгейде атсалыса отырып жоғары көрсеткіштерге де жетуде. Арнайы тоқталар болсақ: ( Акмол а. өткен жарыстарда баскетболдан- 4 орын, волейболдан- 3 және 2 орындарға ие болды) . Сакольский Р., Олейник А., және  Кошкинбаева А.  сияқты оқушыларымыз облыстық жарыстарға да  белсенді қатысып, жоғары көрсеткіштер көрсеткен.
  3. Өзін-өзі басқарушылық-ұйымдастырушылық бағытында атқарылған шаралар да оқушылардың қарым-қабілетін, дарыны мен шығармашылығын дамытады. Мектепте оқушылардың өзін-өзі басқаруы бағытында құрылған «Мир» қоғамдық ұйымының өзіндік орны бар. Ұйым оқушылардың мектеп бойынша өз ойларын жүзеге асыру алаңы. Оқушылар ортаға салған тың идеяларды жүзеге асыруға кең мүмкіндік береді. Ұйым өз жұмысын мектептегі оқушылардың барлық қоғамдық басқа ұйымдарымен, бірлестіктерімен атқарады. Ұйым мүшелерінің өзіндік атқаратын қызметтері өзара бөлінген және айына бір рет өздері мектепішілік шара ұйымдастырады.
  4. Көркемөнерпаздық .

Мектебімізде жоғарыда айтқандай бірнеше қоғамдық негіздегі үйірмелер жұмыс жасайды. Олар: «Қызғалдақ» би үйірмесі. Үйірме оқушылардың жас ерекшелігіне қарай үш топқа бөлінген. 1-4 сыныптар «кіші топ», 5-7 сыныптар «орта топ», 8-11 сыныптар «жоғары топ».Би үйірмесі мүшелері, сияқты оқушылар ерекше қабілеттерін көрсете білді. Үйірме бірнеше рет аудандық, облыстық би додаларынан бас жүлде және І орындарға ие болады.

Дарынды және шығармашылық қабілеті жоғары балалармен жұмыс істейтін мұғалімге қойылар талап та, көтерер жүк те ауыр.Ол қалыпты деңгейден ерекше, өзі де ізденуші, зертеуші, шығармашылық тұлға болуы керек.

Дарынды балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдерге төмендегідей талаптар қойылады:

 

1. — кең пейілді, нақты болу;
2. — интеллектуалды дамуының жоғары болуы;
3. — іскерлігімен, қызықтыратын тақырып ауқымы кең болуы;
4. — белсенді, тынымсыз, мінез-құлық икемі;
5. — әзілдесе білуі;
6. — өзін-өзі жетілдіру барысында көзқарасын өзгертуге әзір болуы;
7. — өзіндік дүниетанымдық көзқарасы болуы;

 

Орташа балалармен салыстырғанда,дарынды балалардың

даму деңгейі

 

1. §  үлкен тіл байлығына
2. §  және сөз қорына ие
3. §  абстраттік ойлау
4. §  қабілеттері ертерек қалыптасады,
5. §  тапқыр, қажырлы,
6. §  шығармашылыққа бейім
7. §  өзгенің ұстанымын қабылдауы қиын келеді
8. §  жоғары әлеуметтік мұраттарымен ерекшеленеді
9. §  адамдардың көңіл-күйін байқағыш келеді
10. §  әділетсіздікке ерекше ұшқыр жауап береді
11. §  абстраттік ойлау

 

Дарынды  оқушылармен жұмыс барысында  қолданылып жүрген  психологиялық әдістемелер: 

  • “Дарындылық картасы” әдәстемесі (Савенков)
  • Джонс креативтілігі сұрақнамасы
  • Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің диагностикасы
  • Оқу мотивін анықтау сұрақнамасы
  • Баланың профильдік қызығушылығын анықтау әдістемесі
  • Жалпы дарындылықты анықтау әдістемесі ( ата аналарға сауалнама)

Оқушының дарындылығын  анықтауда қолданатын   әдіс тәсілдер :

  • Баланың отбасылық жағдайын зерттеу
  • Шығармашылық қабілетін анықтау
  • Сауалнамалар, тренингтер өткізу
  • Пәндік олимпиадаларға, ғылыми жоба сайыстарына қытысу 

Дарындылықты дамыту жолдары

 Әдістемелік бірлестік

 

  Әдістемелік кеңес

  Мектеп әкімшілігі 

Нәтижелерінің  көрсеткіштері 

  • -оқытуда белсенді шығармашылық
  • -алдағы іс-әрекетке мотив/себеп/қалыптастыру
  • -білімнің түрлі қайнар көздерін пайдалану
  • -оқушының күшті жақтарына сүйену
  • -оқушының дербестігіне және дербес іс-әрекет жасауына сүйену
  • -жеке тұлғаға бағытталған тәсіл

Жұмыс жоспары мынадай жүйелеу кезеңдеріне бөлінеді:

І. Ерекше қабілетті  оқушыларды анықтау

ІІ.  Оқушы қабілеттілігінің бағытын анықтау

ІІІ.  Ой өрісін дамыта түсу үшін  жұмыс жүйесін құру

ІV .  Дарынды оқушылармен жекелеген жұмыстар жүргізу 

Жеке тұлға ретінде баланың ашылуы үшін педагог-мұғалім қолдауы:

  • -пән олимпиадасындағы жетістіктері
  • -ғылыми-жоба жарыстарындағы жетістіктері
  • -интеллектуалдық бәсекеге қатысуы
  • -шығармашылық байқауларға қатысуы
  • -балалардың жетістіктерін ерекше тіркеп көрсетіп отыруы

Олимпиадаға дайындық жоспар шаралары.

Тестілеу тапсырмалары

  • Мәтінді аудару жұмысы
  • Өлеңді мәнерлеп оқу
  • Шығармаға дайындық
  • Мазмұндама дайындық
  • Грамматикалық жұмыстарға талдау жасау

Оқу үрдісі балаларға арналған жоспар ( үлгі) :

Аты-жөні Өтілетін тақырыптары Мерзімі
1 Әлжан Шұғыла Фонетика,сөз таптары Жыл бойы
2 Жақыпбек Албина Мәнерлеп оқу,жаттау Жыл бойы
3 Жолшы Іңкәр СҚС,лексика, тест Қыркүйек-қазан,жыл бойы
4 Қуандық Дана Ғылыми жоба Қыркүйек-қазан

Дарынды балалармен жұмыс жоспары 

Жұмыстың мазмұны Мерзімі
1 Әрбір сыныптағы дарынды балаларды анықтау қыркүйек
2 Сыныптағы оқушылардың ерекше қасиеттерін іріктеу қазан
3 Дарынды балалардың бейініне қарай шығармашылық ізденіс жұмысына тарту қазан
4 Оқушылардың ойын жүйелі жеткізуге үйрету үнемі
5 Дарынды балаларды пәндік олимпиадаға дайындау жыл бойы
6 Дарынды балаларды мектепішілік аймақтық, қалалық, облыстық пән олимпиадасына қатыстыру жыл бойы
7 Өз қабілеттеріне қарай үйірмелерді таңдай білу қараша
8 Шығармашылық ұжымдық іс-шарада басты пәндерге қатыстыру үнемі
9 Түрлі байқаулар, фестивальдарға, спорттық жарыстарға қатысуға ықпал жасау қаңтар
10 Дарынды балаларды баспасөз беттерінде жарық көрген материалдар мен таныстырып отыру үнемі
11 Оқушы нәтижесін баспасөз беттеріне жарыққа шығару. жыл бойы

  Жұмыс жоспары мынадай жүйелеу кезеңдерден тұрады .

Бірінші кезең. Ерекше қабілетті оқушыларды анықтау

Екінші кезең. Оқушы қабілеттілігінің бағытын анықтау

Үшіші кезең. Ой өрісін дамыта түсу үшін жұмыс жүйесін құру

Төртінші кезең. Дарынды оқушылармен жекелеген жұмыстар жүргізу 

Дарынды оқушылармен жұмыс барысында қолданылып жүрген психологиялық әдістемелер

Дарындылық картасы әдәстемесі (Савенков) Джонс креативтілігі сұрақнамасы

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің диагностикасы

Оқу мотивін анықтау сұрақнамасы

Баланың профильдік қызығушылығын анықтау әдістемесі

Жалпы дарындылықты анықтау әдістемесі ( ата аналарға сауалнама)

Кім неге бейім? әдістемесі

Оқушының дарындылығын анықтауда төмендегідей әдіс тәсілдерді қолданамыз

Баланың отбасылық жағдайын зерттеу.

Шығармашылық қабілетін анықтау

Сауалнама лар, тренингтер өткізу

Пәндік олимпиадаларға, ғылыми жоба сайыстарына қытысу

Дарындылықты дамыту жолдары

Жеке тұлға

Олимпиада резертерін дайындау

Оқушылардың ғылыми қоғамы

Әдістемелік бірлестік

Әдістемелік кеңес

Мектеп әкімшілігі

Дарынды тұлғаны дамытудың әдістер кешені

Шығармашылық дарындылық

Көркемдік дарындылық

Интеллектуалдық дарындылық

Психомоторлық дарындылық

Академиялық дарындылық

Ғылыми практикалық конференциялар жобалар

Шығармашылық сайыс, ән, би театр үйірмелері

Интеллектуалы ойындар ақбота, кенгуру

Спартакиадалар, турслеттер, президенттік тест

Факультатив, таңдамалы, қолданбалы курстар, олимпиадалар

Дарынды балаларға қолдау көрсету

-Сынып ішінде психо-эмоционалды климатты қалыптастыру;

-Әлеуметтік жағдайы төмен отбасының дарынды балаларына мектеп тарапынан материалдық көмекпен қамтамасыз ету (мұражай, театр, қаланың көрнекті жерлеріне саяхат ұйымдастыру т.б.)

-Физиологиялық денсаулығын бақылап отыру

-Демалыс кезінде тегін сауықтыру орындарына жіберу;

-Психологиялық қызмет қолдауы (психологиялық тұрғыда денсаулығын бақылау,консультация, профилактика, тренинг, қабілетіне қарай іс-шаралар ұйымдастыру, ақпараттандыру,жинақтау,тарату,т.б.)

-Қажетіне қарай жағдай туғызу

-Кітапханамен тығыз байланыс,қажетті материалдар қарастыру. 

Дарындылықтың түрлері :

Интеллектуалдық  дарындылық – ерекше шапшаң дамиды (ойлауы,байқағыштығы өте жоғары, білімге, жаңалыққа құмар, оқуы жеңіл, өз ойын жақсы жеткізе алады, алған білімдерін кез-келген уақытта еске түсіріп, пайдалана алады және құрдастарынан көп біледі);

академиялық   дарындылық  білім алуға ерекше құмар (оқуды есте ұзақ сақтап, жаңғырта алады, жаңалықтар ашады, құбылыстар зерттейді, берілген тапсырманы зор қызығушылықпен орындайды, қоршаған дүниені танып білуде сұрақтар қояды);

көркемдік  дарындылық  – шапшаң ойлайды, тез нәтижеге жетеді, тез ілгерілеуді, сауалды көп қояды, әдеттен тыс қызығушылығы бар, кең көлемді білімді меңгереді, есте сақтау қабілеті жоғары;

шығармашылық  дарындылық – көздеген мақсатына жете білетін, ізденіс белсенділігі жоғары.  Өз бетінше ойлап істеуге  қабілетті, зерттеу жұмыстарының нақты нәтижесіне жете біледі;

әлеуметтік  дарындылық  –  өз талап-тілектерін қатал, әділдік, адамгершілік сезімі   жоғары.

Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мақсаты:

баланың жасырын, тым тереңде жатқан қабілеттерін ояту;

қиындықты жеңе білге , оқулықтан  материалды сұрыптап ала алуға үйрету,

баланы шығармашылыққа баулу және өз бетінше ізденіске бейімдеу;

білімді құзіретті деңгейге жеткізу;

теориялық білімді практикада қолдана білуге үйрету.

Дарынды балалармен жұмыс істемес бұрын оларды топ ішінен анықтап алуымыз қажет. Олардың дарындылық белгілері қандай ?

Дарынды балалармен жұмыс жүргізу үшін:

Дарындылықтың түрлері анықталған соң оларды топқа бөліп , әрқайсысымен жеке жұмыс жүргізген жөн.

Біріншіден, талантты балаларға әрдайым жаңа, күрделі тапсырмаларды беріп отыру қажет, өйтпесе оларың пәнге деген қызығушылығы төмендейді. Сондықтан, оларды оқыту жүйесі дәстүрлі оқыту жүйесінен ерекшеленіп отыруы тиіс. Олар ғылыми, энциклопедиялық әдебиеттермен,күрделі сөзжұмбақтарыменен жұмыс істейді, қызықты тапсырмаларды шешеді, химиялық тәжірибелерді орындайды, арнайы қосымша сабақтарға қатысады. Дарынды балалармен жұмысты жүйелі түрде жүргізген жөн. Берілген тапсырмалардың шешімін баланың өзі тапса , күтілген нәтиже мол болмақ.

Екіншіден, дарынды баланың өз қабілеттерін көпшілік алдында қысылмай көрсетуі үшін, оның бойында көшбасшылық қаситтерді дамыту қажет. Осы мақсатты іске асыру үшін сабақ барысында рөльдік ойындар, брейн -рингтер, викториналық сұрақтар, интеллектуалды ойындар жүргізіліп отырғаны дұрыс. Дарынды оқушының жеке тұлғасын дамыту, олардың бос уақытын, өз қабілетін, шығармашылығын дамытуға бағытталған шаралар комплексін ұйымдастыру:

дебат жұмысы;

пікірталастар;

интеллектуалды ойындар;

ғылыми жоба жарыстары;

конференция;

олимпиада;

Ғылыми зерттеу жұмысы – бұл  қол  жеткен білімді кеңейту және жаңа білімдер алу , ғылыми топтамаларды тексеру, ғылыми негіздеу мақсатында зерттеулер, тәжірибелер жүргізу болып табылады. Ғылыми зерттеу жұмыс–бұл оқушыны қызықтыратын тақырыбы бойынша жобалау, зерттеу барысында өзінің және басқаның тәжірибесінен үйрену, сабақ алуға негізделген. Ғылыми жобаны жасау барысында оқушылар көп нәрсеге өзі көз жеткізеді, қосымша және ғылыми материалдармен жұмыс істеуге, рефераттар, баяндамалар жазуға, сол еңбектерін ғылыми-практикалық конференцияларда қорғауға үйренеді. Яғни, бұл оқушылардың танымдық қасиеттерін арттырудың, өз еңбектерінің нәтижесіне толығымен қанағаттанып, оқудағы жетістіктерін сезінудің бірден-бір жолы болып табылады.

Тақырып түрліше болуы мүмкін :

қиялға негізделген, құбылыстарға бағытталған фантастикалық тақырып;

өзіндік бақылаулар мен эксперимент жүргізу және практикамен тығыз байланысты эмприкалық тақырып;

түрлі қайнар көзден алынған деректермен материалдармен танысу жұмыстарына бағытталған теоретикалық тақырыптар.

Жобалардың тақырыбы мынадай болуы мүмкін: « Ауыз су проблемасы», «Темекінің ағзадағы бос-радикалды тотығу реакциясына әсері», «Адам ағзасында қышқылдық- негіздік балансты сақтау », «Азот тынайтқыштары», «Химия тұрмыста», «Химия ауылшаруашылығында», «Химиялық элементтер адам ағзасында», «Ағымдағы сулардың экологиялық проблемалары», «Су өсімдіктеріне ауыр металдардың әсері».

Ғылыми жоба мынандай бөлімдерден тұрады: -кіріспе бөлімі;

-негізгі

эксперимент нәтижесі;

-қорытынды/бөлім;

-әдебиеттер тізімі.

Зерттеу жұмыстарының негізгі кезеңдері:

I кезең – тақырыпты таңдау:

а) ғылыми – зерттеу орындарына саяхат жасау;

ә) пайдаланылатын әдебиеттерді іздестіру.

II кезең –тақырыппен жұмыс жүргізу:

а) тақырыпқа байланысты жоспар даярлау;

ә) мұрағат материалдары;

б) баспасөз материалдары;

в) әдебиеттер тізімі.

III кезең – тақырыпқа байланысты зерттеу жүргізу:

а) зерттеу жүргізу;

ә)жаңа ақпараттар жинау;

б) талдау жасау;

IV кезең – тақырыпты қорғау:

а) нәтижелерді, ұсыныстарды қорытындылау, есеп беру

Дарынды оқушыны дамытуда ғылыми жоба жұмысының ролі:

  1. Ғылыми және қосымша әдебиеттермен жұмыс жасауды үйренеді:
  2. Өзіндік ізденіске бағыт алады;
  3. Қоғамдық өмірге бейімделген интеллектуалды жеке тұлға бола алады.
  4. Еліміздің ғылыми дәрежесін жоғары деңгейге жеткізуге өз үлесін қосады.

Ғылыми жұмысқа тартудағы іс-шаралар:

  1. Ата-анамен алдын-ала әңгіме жүргізу;
  2. Кездескен проблемаларды жасырмай, келісіп шешім қабылдау;
  3. Баланың көңіл-күйі, денсаулығы жайлы білу;
  4. Ғылыми жұмыс жасауға ата-аналардың келісімін алу;
  5. Ата-ананың рухани сауаттылығын білу.

Менің дарынды оқушымен жұмыс жоспарым бойынша ғылыми жобамен

жұмыс жасай алады-ау деген, яғни шығармашылық дарындылығы бар бірнеше

оқушыларды іріктеп алдым

Олар: Маратбекова Ақерке, Орынбасаров Абзал және Сабыралиева Айнұр. Әр оқушым ғылыми жұмыс тақырыптарымен ізденіп, мектепішілік ғылыми жоба байқауына қатысты.Осы оқушылардың ішінен дарындылығы жоғары болып, жұмысы жоғары дәрежеде қорғалып, ауданда ғылыми жоба жарысында жүлделі 1-ші орынды иеленіп, дипломмен марапатталды.

Дарынды балалармен жеке-дара жұмыс жүргізудің психологиялық-әдістемелік нұсқаулары

  1. Практик психологтың дарынды  балалар және мұғалімдермен жұмыс  істеу бағдарламасы.  (Матюшкин  А.М. бойынша)

Бұл  бағдарлама практик психологқа дарынды балалармен түрлі даму кезеңдерінде жұмыс жүргізуде үлкен басшылық рөл атқарады.

Дарынды балалардың жанұяда дамуы.

Мақсаты:  баланың шығармашылық мүмкіндігін дамытуға қажетті ата-ана мен тәрбиешілер үшін психологиялық дайындықты қамтамасыз ету.

Жүзеге асыру:  ата-аналар үшін дарынды балалар жайлы кеңес беру материалдарын дайындау:  баспа,  теледидар мен радиохабарларда психологиялық материалдарды үнемі жариялап отыру.

Дарынды балалар проблемалары.

Лета Холлингуарт дарынды балалар алдында тұрған бейімдеу проблемаларын түсінуде үлкен елеулі үлес қосты.  Ол проблемалар төмендегілер:

  • мектепке немқұрайлылық.  Мұндай қарым-қатынас оқу бағдарламасы дарынды балалар үшін қызықсыз әрі жалықтыратын болғандықтан пайда болады.
  • Ойынға қызығу.  Дарынды балаларға күрделі ойындар ұнайды, ал құрбылары ойнайтын ойындар қызықсыз болады.  Сондықтан да, дарынды бала оқшауланып, өзіне-өзі терең бойлайды.
  • Философиялық проблемаларға шолу.  Дарынды балаларды өлім, өлімнен кейінгі өмір, діни дәстүрлер мен философиялық проблемалар сияқты құбылыстар толғандыратын болады.
  • Дене, интеллектуалды және әлеуметтік даму арасындағы сәйкессіздік.  Дарынды балалар әдетте өзінен үлкен балалармен араласып, достасқанды ұнатады.  Сондықтан да, оларға лидер болу қиындық келтіреді.
  • Жетіліп кемелденуге ұмтылыс.  Дарынды балалар үшін жетіліп кемелденудің ішкі қажеттілігі тән болады.  Осыдан барып, қанағаттанбаушылық, өзін-өзі төмен баға беру өріс алады.

Зерттеулер дарынды балалардың жаңа жағдай-ситуацияларға аса сезімтал болады.  Сондықтан да, дарынды оқушылармен жұмыс істейтін мұғалімдер келесі қадір-қасиеттерге ие болуы тиіс.

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫ

ЖҰМЫСТЫҢ ТҮРІ МЕРЗІМІ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ
1 Дарынды оқушыларға арналған жылдық жұмыс жоспарын құру 03.09 Жоспар
2 Сынып жетекшілер және педагог – психологімен кеңесе отырып қабілетті

 (өте ерекше) оқушылар тізімін алу.

07.09 Тізімін құру
3 Білім деңгейінің игеру қабілеттері мен психологиялық ерекшеліктерін анықтау 10.09 Оқушылардың ерекшеліктері
4 Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу Жеке жоспар бойынша Жоспар
5 Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын жүйелеу (рефераттар, суреттер,  шығармашылық жұмыстар) Жоспарға байланысты Оқушылардың шығармашылық жұмыстары
6 Өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту. Жоспарға байланысты Сабақ жоспарлары
7 АКТ технологиялар элменттерін пайдалану Қажеттілігіне қарай Презентациялары
8 Деңгейлік тапсырмалар дайындау Қажеттілігіне қарай Деңгейлік тапсырмалар
9 Тест және басқа да тапсырмалар арқылы танымдық қабілеттерін нығайту Қажеттілігіне қарай Тест тапсырмалары
10 Сабақ сайын озық тапсырмалар беру Жыл бойы Тапсырмалар
 

11

Пән бойынша білім-білік дағдыларының қалыптасуын үнемі бақылып, өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру  

Сабақ сайын

 

Өздік бағалау

5-7  СЫНЫПТЫҢ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН ЖЕКЕ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ.

2015-2016 ОҚУ ЖЫЛЫ

І модуль: «Логикалық тапсырмалар» 

Тақырыбы Сағат саны Мерзімі
1 «Математика» сөзі қалай пайда болды? Ауызша есептеу әдістері. Алғашқы адамдардың есептеулері 1
2 Кесте көмегімен шешілетін логикалық тапсырмалар. «Қателеспеймін» математикалық ойыны 1
3 Ауызша есептеу әдістері: екі таңбалы сандарды 11-ге көбейту. Әртүрлі халықтардың сандары. Логикалық тапсырмаларды шешу. 1
4 Көбейтудің қызықты тәсілдері. Үлкен сандар әлемі. 1
5 Арифметикалық әдіс арқылы олимпиадалық есептерді шешу. 1
6 5-ке аяқталатын сандарды квадраттарға жіктеу. Биографиялық миниатюра. Пифагор 1
7 Олимпиадалық есептерді бөлуді шешу. 1
8 Өлшемнің метрикалық жүйесі. Олимпиадалық есептерді геометрияның алғашқы түсініктерін қолданып шешу. 1
9 Гулливер геометриясы. Геометриялық басқатырулар. 1
10 Олимпиадалық есептерді шешу (натурал сандарды қолдану арқылы). Лабиринттер. 1
11 Логикалық есептерді матрицалық әдіс арқылы шешу. Жеңілмеу үшін қалай ойнау керек? 1
12 25-ке аяқталатын үш таңбалы сандарды квадраттарға жіктеу. Олимпиадалық есептерді әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы шешу. 1
13 Қосындының және көбейтіндінің жұптылығы. Олимпиадалық есептерді жұптылыққа шешу. 1
14 Көбейту белгісі. 1
15 «Кенгуру» ойын тапсырмаларын шешу. 1
16 Жұптарға бөлу. «Кенгуру» ойын тапсырмаларын шешу. 1
17 Олимпиада есептерін шешу. Қорытынды. 1

 

ІІ модуль: «Қызықты математика»

 

Тақырыбы Сағат саны Мерзімі
1 Жай сандар. Олимпиадалық есептерді шешу (математикалық ребустар) 1
2 Биографиялық миниатюра. Архимед. Олимпиадалық есептерді шешу (бірлесе орындауға жұмыс) 1
3 Ежелгі өлшемдер. 1
4 Биографиялық миниатюра. Ферма. Олимпиадалық есептерді шешу (сандардың бөлінгіштігіне байланысты). 1
5 Ауызша есептеу әдістері. Математикалық белгілеулердің пайда болуы. 1
6 Олимпиадалық есептерді шешу. 1
7 155 және 175-ке көбейту. Биографиялық миниатюра. Б. Паскаль. 1
8 Геометриялық иллюзиялар. 1
9 100-ге жақын екі таңбалы сандарды көбейту. Олимпиадалық есептерді шешу (инварианттар) 1
10 Ауызша есептейміз. Олимпиадалық есептерді шешу (бассейндер, жұмыс және т.б.) 1
11 5 (50), 25 (250) –ке бөлу. 1
12 Олимпиадалық есептерді шешу (геометриялық фигуралардың қасиеттерін пайдаланып). 1
13 Мәтін есептер 1
14 Математикалық ребустар. Олимпиадалық есептерді шешу. 1
15 Геометриялық тапсырмалар 1
16 Тест тапсырмалары 1
17 Логикалық тапсырмалар. Қорытынды. 1

Дарынды оқушылардың тізімі

4 «   » сыныбы

Оқушылардың аты-жөні Пәні
1
2
3
4

Дарынды оқушылардың жұмысын бағалау,талдау парақшасы

Оқушының аты-жөні:………………………………………………………………..

Пәні:……………………………..          

    Күні

Баға

                 
«5»                  
«4»                  
«3»                  

 Сыналушының аты,  жөні  М.А.

Жасы   7 жас     Сынып  1 к.

Он сөзді жаттау әдістемесі көмегімен есті зерттеу.

Экспериментке дейін                        Эксперименттен кейін

 

Сөздің айтылу реті Сөздердің айтылу реті
1  2  3  4  5  6  7  8  9  10 2  3  4  5  6  7  8  9  10
+ +         х

n – қыз,  гүл

х  х  х         х     х

n – гүл

Қайта жаңғырған сөздерінің жалпы саны 3 Қайта жаңғырған сөздерінің жалпы саны  5

Анаграмманы шеш ж/е  артық сөздерді тап:

АЧТПО – почта

АЙДРО -радио

ФАГРЕЛТЕ -телеграф

АШУНРА – раушан

Қорытынды

– Әр жұмыс түрлері талданып, сараптама жасалып отырылады:

-Дарынды балаларды мектепішілік, қалалық, облыстық, республикалық іс-шараларға қатыстырып, қабілеттерін дәлелдеу.

-Әр дарынды баланың ынтасын, дарындылығын қамти отырып,шығармашылық жұмыстарын таратуға мүмкіндіктер бар;

-Осы жағдай дарынды баланы бақылауға, дұрыс бағыт беруге, жеке тұлғалық дамуына мүмкіндік туғызады:

-Жас ерекшелігін ескере отырып қабілетіне қарай баланы жүйелі дамытып, қолдау көрсетіп отырса келешек жастардың мемлекетімізге әкелер үлесі зор болады.

Күтілетін нәтиже

Келешектегі кәсіби мамандық таңдауда өздері шешім қабылдайды. Мектеппен ғана шектелмей, жоғары оқу орындарымен байланыс жасау; Болашақ бағдарламасын қолдап шетелдермен тәжірибе алмасу Шапшаң ойлау, тез нәтижеге жету, тез ілгерлеу

You May Also Like

Ақын Серікбай Оспановтың сан қырлары, ғылыми жоба

Ақын Серікбай Оспановтың сан қырлары АННОТАЦИЯ  Бұл ғылыми жұмыста Серікбай Оспановтың ақындығы мен…

Жануар санының азаюына әкеп соқтыратын факторлар. Ғылыми жоба

Пікір           Мен  шәкіртім Фазылжан Інжудің ғылыми жұмысын оқып, мазмұнымен таныстым. Ғылыми…

Лимон жемісінің таңғажайып әлемі, ғылыми жоба

 Аңдатпа  Оқушының «Лимон жемісінің таңғажайып әлемі» атты ғылыми жобасы лимон жемісінің өзіндік…

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ СУРЕТ САЛУҒА ҮЙРЕТУДЕ ӘР ТҮРЛІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНЕ БАУЛУ, ғылыми жоба

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ СУРЕТ САЛУҒА ҮЙРЕТУДЕ ӘР ТҮРЛІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ…