Пікір 

         Мен  шәкіртім Фазылжан Інжудің ғылыми жұмысын оқып, мазмұнымен таныстым. Ғылыми жұмыстың  тақырыбы «Жануарлар санының азаюына әкеп соқтыратын әрекеттер».

Менің ойымша,  Інжу өзінің зерттеу жұмысының тақырыбын толығымен ашып, алдына қойған мақсаты мен міндеттерін орындау үшін көп ізденген. Ол өз тақырыбына қатысты көптеген  ғылыми әдебиеттермен қатар, тың мәліметтерді пайдалана отырып, қорытындылар, тәжірибелер жасау негізінде жұмыстың өзектілігін дәлелдеген. Негізінен, зерттеуге алған нысаны бойынша ойларын нақты баяндаған. Сондықтан да, өзінің жас ерекшелігіне қарамай ғылымға бет бұрғанын құптаймын және оның жұмысын бағалауға тұрарлық ғылыми еңбек деп есептеймін. Болашағынан зор үміт күтемін.

Аннотация 

Зерттеу мақсаты:

Жануарлардың саны не себепті азайып бара жатқандығын зерттеу, жануарлардың санының азаюына адамдардың тигізетін әсерімен  кеңірек танысу, оларды  қорғауға үлес қосу.

Зерттеу кезеңдері: Ғылыми әдебиеттер мен мақалаларды жинақтау, тәжірибеден өткізу.

Зерттеу әдістемесі: Ақпараттарды жинақтау, жинақтаған материалдарды сараптау.

Зерттеу жаңалығы: Халық ауызындағы аңыз әңгімелер мен нақты ғылыми деректерді біріктіре отырып, өзге ел мәліметтерімен салыстыру әдістерін ұтымды қолдана білген. Жануарларды қорғау мәселесінің өзектілігі айқындалған.

Зерттеу нәтижесі:

       Ғылыми жұмысты орындаушы өз жұмысын қорытындылай келе, жануарлар туралы мағлұматтарды жаратылыстану, дүниетану пәндерін оқытуда мектеп бағдарламасында зерттеу материалдарын кеңінен қолданса деп тұжырым жасады.

Теориялық және практикалық маңыздылығы:

Сыни тұрғыдан ойлап, өзіндік ой тұжырымдамасын жеткізе алу, нақты қорытынды жасау және зерттеу дағдыларының оқушы бойында қалыптаса бастауы.

Аннотация

Цель исследования:

Изучить почему исчезают животные, какое отнлшение к этому имеет человек и какую помощь в охране животных могу внести я.

Этапы исследования:

Сбор и знакомство с научной литературой, со статьями по теме.

Методика исследования:

     Сбор информации, изучение и анализ собранных материалов.

Новость в исследовании:  сравнение рассказов УНТ и научных фактов с информациями других стран и использовать  преемлимые  выгодные условия для охраны животных.

Результат исследования:  при выполнения данной научной работы сделала вывод о том , что в школьном программе  можно было использовать материалы исследования по познанию мира, есстествознанию.

Значимость в теории и практике:

Критически мыслить, доводить свою мысль до конца, уметь делать выводы и при этом у ученика развивать исследовательские способности.

Abstract

Purpose of research.

  1. Research why amount of animals are decline, the influence of people on reducing the number animals and shave them.
  2. Parts of research.

Collect scientific literature and article.

  1. Methods of research.

Collect information, to analyze the collected information

  1. News of research.

Combine stories and accurate scientific information, and compare with other information.

  1. Result of research.

Use wildly information about animals in biology and in school programs.

  1. Theoretical and practical value.

Critical thinking, develop it in a student, to make an accurate conclusion

Мазмұны

1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім:

1. Жануарлар санының азаюына адамдардың тигізетін әсері
2.Жануарларды қорғаудағы «Қызыл кітаптың» маңызы
1.2. Жәндіктерді қорғау
1.3. Балықтарды қорғау
1.4. Қосмекенділерді қорғау
1.5. Бауырмен жорғалаушыларды қорғау
1.6. Құстарды қорғау
1.7. Сүтқоректілерді қорғау

3.Қорытынды:

3.1 Жануарлар дүниесін қорғау заңдылығы 

Кіріспе

Менің  жобамның  басты мақсаты – жануарлардың саны не себепті азайып бара жатқандығын зерттеу, жануарлардың санының азаюына адамдардың тигізетін әсерімен  кеңірек танысу.

Міндеттері:

  • Жануалар әлемімен кеңірек танысу;
  • Жануарлар тіршілігі туралы танысу;
  • Жануарлар түрлерін анықтап білу;
  • Жануарлардың санының азаюына әкеп соқтыратын әрекеттерді оқып-білу.

Зерттеудің өзектілігі– табиғатта жануарлар мен өсімдіктер бір-бірімен тығыз байланыста сондықтан, жануарларды қорғау, оның көптеген пайдасын және ерекшеліктерін білу.

 Зерттеудің болжамы-егер біз жануарлар жайлы көбірек оқып білсек, онда жануарлардың  көптеген сырларын ашар едік.

Зерттеу  нысаны– жануар

Зерттеу заты жануарлардың санының азаюына  әсер ететін әрекеттер

  Зерттеу әдістері

– ғылыми әдебиеттердегі анықтамалармен танысу;

– бақылау;

–  зерттелген нәтижеге талдау жүргізу.

Мен табиғатымнан  жануарларды өте жақсы көремін.Теледидардан әртүрлі жануарларды көрген сайын қызығушылығым арта түсті деуге де болады. Теледидардан көрген жануарлардың барлығы не себепті бір жерде жүре бермейді деген ой мазалайтын еді. Дүниетану сабағында жануарлар тақырыбын бастаған кезден-ақ жануарлардың тіршілігі,табиғатта жануарлардың белгілі бір түрінің жойылып кетуі туралы білдім. Олар не себепті жойылып кетіп бара жатқандығы туралы тереңірек түсіну үшін,сұраққа нақты жауап алу үшін мен осы тақырыпта ғылыми жоба жазуға бекіндім. 

2.Негізгі бөлім

Жануарлар әлемі

Жер бетінде жануарлардың түрлері өте көп. Ғалымдардың зерттеуі бойынша олардың 2 млн-дай түрі белгілі болды. «Жануар» сөзі парсының «джан-джанвар» деген сөздің екінші бөлігінен алынған. «Джан-джанвар» қазақша-жануар әлемі, яғни дүние жүзіндегі тірі мақұлықтар дегенді білдіреді.

Жануарлар – тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі – өсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты организмдер. Жануарлар құрылысына қарай бір клеткалы организмдер және көп клеткалылар болып екі топқа бөлінеді. Жер бетінде жануарлар прокариоттар (ядросыз организмдер), балдырлар, саңырауқұлақтардан кейін пайда болған. Палеонтологиялық зерттеулерге қарағанда олардың жасы – 0,8 млрд. жылдан аспайды (1998). Жануарлардың дамуы да қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасқан. Эволюциялық өзгерістер сыртқы ортаның өзгерісіне организмдердің бейімделуімен ұштасады. Ал қоршаған ортаға бейімделе алмаған құрлық жануарлары бұрынғы тіршілік ортасында қалып қойған. Дүние жүзінде жануарлардың 1,6млн – дай түрі, 17 типі бар. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы өте зор: көпшілігі пайдалы болып табылады. Азық – түлік, әр түрлі өнеркәсіп шикізатын: ет, май, сүт, тері, жүн, бал, жібек, мүйіз, бақалшақ, т. б. береді. Сондай – ақ, олар – ауыл шаруашылық дақылдарының тозаңдатушылары, топырақ түзушілері, басқа жануарларға азық қорлары, органикалық заттардың ыдыратушылары болып табылады. Жануарлардың өнімділігін арттыруды, тиімді пайдалануды және табиғаттағы қорын сақтауды зоология ғылымы мен оның салалары зерттейді.

Жануарлардың адамның әсерінен кұри бастауы ерте заманда басталған. Адам жер бетінде тіршілік ете бастағанына 40 мың жыл өтті. Мал және ауыл шаруашылығымен айналыса бастағанына 10 мың жыл. Яғни 30 мың жыл бойы адам тек кана аңшылықпен айналысқан. Қөне заманда аңшылык құралдары мен әдісінің жетілуі көптеген жануарлар түрінің құрып кетуіне себепші болды.

Аңшылық әдісінің жетілуімен жер бетінде соңғы мұздану бір мезгілге тура келді. Бұл жануарлардың тіршілік ететін ортасын қолайсыздандырды. Мұның әсерінен Европадағы ең ірі шөп қоректі жануар — мамонттар, жүнді мүйізтұмсықтар (носорог), алып маралдар құрып кетті. Сол кезде осы аңдармен қоректенетін үңгір арыстаны, үңгір аюлары сияқты жыртқыш аңдар да жойылды. Америкада бұл кезде мамонттармен бірге мастодонт, мегатерии, неникл, түйе сияқты жануарлар да тіршілік етуден қалды.

Мамонт – піл текті қазып алынған жануарлардың түрі.

Мүйізтұмсықтар (лат. Rhinocerotidae) – тақтұяқтылар отрядының бір                тұқымдасы.

Мұндай ірі жануарлар кұрыған соң адам баласы аңшылыкты тастап мал және ауыл шаруашылығымен айналысуға көшті. Бұған қарамастан адамдардың жабайы аңдарға шабуылы жалғаса берді. Аңшылық қарулары мен жол қатынасының жетілуі адам баласына жер шарының алыс түпкірлеріне баруға мүмкіндік берді. Ол жерлерде жабайы аңдарға аяусыз шабуыл жалғаса берді, түрлердің кұруы тоқтаған жоқ.

Мысалы, XIX ғасырдың басында аумақты жерді қамтитын қанатты гагарлар сол ғасырдың ортасында су жолы қатынасының көбеюіне байланысты түпкірдегі аралдардың өзінде кұрып кетті. 1741 жылы Беринг экспедициясы теңіз немесе Стеллер сиырын тапқан еді. Бұдан бар болғаны 27 жыл өткеннен кейін Стеллер сиыры кұрып кетті. Осы жолмен Португалия және Голландия теңізшілері аралдардағы дронт құсын да құртып жіберді. Аңшылықтың әсерінен Европа жабайы жылқысы—тарпан, қазіргі ірі қара малдың ата-тегі жабайы сиыр — тур, қараказ (очковый баклан), лабрадар гагасы, бенгал удоды сияқты жануарлар жер бетімен мәңгілік қоштасады. Дамыған техникасы бар капиталистік қоғамның пайда болуы және адамдардың аяусыз қырып-жоюы жануар түрлерінің құру процесін өте тездетіп жіберді. Бұл процесс әсіресе соңғы екі ғасырда шарықтау шегіне жетті.
Кұрама Штаттарда каңғыбас көгершінді еті үшін көп мөлшерде аулады. Осы ғасырдың басында кит аулайтын пушка және кит өңдейтін жүзгіш кемелер шықты. Бұл киттің жеке популяцияларының жойылуына және жалпы санының азаюына әкеп соқты. Қосымша пайда қуған капиталистік мемлекеттер егістік жер үшін жерді көптеп игерді. Бұл Солтүстік Америкада бизондардың жаппай қырылуына әкеп соқты. Отаршылдар Американың
Жергілікті халқы индустарды тамағынан айыру үшін әдейі қаскүнемдікпен де көптеп жойды. Нәтижесінде 1886 жылы Америкада бар болғаны 600 бизон қалды.

Табиғатта жануарлардың белгілі бір түрінің жойылып кетуі немесе екінше түрдің пайда болуы табиғи заңдылық. Мұның бәрі тарихи дамудың барысында климат жағдайының, ландшафтың өзгеруінең және өзара тіршілік үшін күресетің нәтижесінде пайда болған құбылыс. Д.Фишердің (1976) есебі бойынша жер бетінде адамдар пайда болғанға дейін құстардың тіршілік ету ұзақтығы шамамен 2 млн жыл, сүтқоректілердің өмірі – шамамен 600 мың жыл болған.

Тікелей әсер етуге жануарларды қуалау, құртып жою және бір жерден екінші жерге көшіру жатады. Жануарлардың ішінде көбірек азап шегетіндер кәсіптік маңызы үшін ауланатындары. Олардың терісі, еті майы т.б. шикізаттар алу үшін аулайды. Нәтижесінде олардың саны азаяды, тіпті кейбір түрлері жойылып та кетеді.

Адамдардың жануарларға тигізетін жанама әсері техникалық прогреске тікелей байланысты. Өзендерде тоғандарды салынуы, ағаштарды кесу, тың жерлерді жырту, батпақты кептіру, қалаларды, жолдарды салу, ауаны, топырақты, суды ластау т.б. Міне жоғарда айтылғандардың бәрі кәдімгі табиғи ландфашты және жаруарлардың тіршілік жағдайын өзгертеді.

Үңгір аюы (лат. Ursus spelaeus) – аюлар тұқымдасына жататын қазбадан табылған аю түрі.

Мұндай ірі жануарлар құрыған  соң адам баласы аңшылықты тастап мал және ауыл шаруашылығымен айналысуға көшті.Бұған қарамастан адамдардың жабайы аңдарға шабуылы жалғаса берді. Аңшылық қарулары мен жол қатынасының жетілуі адам баласына жершарының алыс түпкірлеріне баруға мүмкіндік берді. Ол жерлерде жабайы аңдарға аяусыз шабуыл жасау жалғаса берді.

Аңшылықтың әсерінен Еуропа жабайы жылқысы -тарпан, қәзіргі ірі қара малдың ата тегі жабайы сиыр -тур, қарақаз  ( очковый баклан), лабрадор гагасы сияқты жануарлар жер бетімен мәңгілік қоштасты.Дамыған техникасы бар  капиталистік қоғамның пайда болуы және адамдардың аяусыз қырып жоюы жануарлар түрлерінің  құру процесін өте тездетіп жіберді.

Жануарларды жаппай жою басқа жерлердеде қарқынды жүрді. Мысалы, Австралияда ұсақ малдың жайылымына жер кеңейту жолында кенгуруді қырып жойды.Нәтижесінде Австралияда кенгурудің жеті түрі жойылып кетті.Антропогендік факторлардың әсерінен жер бетінде түгелдей құрып кетпеген , белгілі бір үлкен аймақта немесе мемлекетте құрып кеткен жан-жануарларда баршылық.Нәтижесінде көптеген мемлекеттер ғылыми-практикалық  жағынан бағалы түрлерден айырылып қалды.Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатындағы 52 қалталы жануарлар түрлерінің 11 түрі, Шотландияда құстардың 14 түрі, Алабама штатында (АҚШ) жыланның 3 түрі, Луизиана штатында бақаның 4 түрі, Солтүстік Америкада балықтардың 7 түрі жойылып кетті. Россиялық Кавказда адамның қатысуымен тоғыз хайуанат құрыды, олар: арыстан, тур, құлан, гепард, құндыз, бұлан, тарпан, зубр, жолбарыс.Кейінгі жылдары техниканың жақсы дамуына байланысты адам әсерінен жануарлар тіршілік ететін ортаның өзгеруі күшейді.Егістіктің механикалануы жертесерлердің жаппай қырылуына әкеліп соқты. Улы химикаттардың себілуінен пайдалы жәндіктер жаппай қырылды. Арал, Каспий теңіздерінің суының азаюы, ондағы тіршілік ететін жан-жануарлардың тіршілік жағдайының нашарлауын және біраз жануарлар түрлерінің күрт азаюын туғызды.

Жабайы өгіз немесе Тур – (лат. Bos primigenius, немесе лат. Bos taurus primigenius)  – антропоген дәуірінің екінші жартысында тіршілік етіп құрып кеткен жабайы сиыр, мүйізді ірі қараның тегі.

Еуропаның ең ірі қара сиырларының ата тегі. XVII ғасырда жойылып кеткен. Көне заманда турлар тек қана Еуропада емес Сібірде, Орта Азияда, Кіші Азия және Солтүстік Америкада тіршілік еткен. Аңшылықтың көбеюі және егістік үшін орманның кесілуі турды ығыстырды. XV ғасырдан бастап Польша мен Россияда тіршілік ететін ортасы тарылып, XVI ғасырдан бастап саны азайып кетті. Аздаған табыны Висла, Буга, Нарева өзені аңғарларында ғана қалған. Бул жануардың ең сонғысы 1927 жылы жойылды.

Тарпаң (Equus gmelіnі) – жойылып кеткен жабайы жылқы.

Тарпаң-Еуропа жазықтарында тіршілік еткен жабайы жылқы. Жазықтарды егістік үшін игеру, дәмді ет үшін жаппай аулаудың салдарынан бұл бағалы аң жойылып кетты. Польшада тарпаң 1813 жылы жойылып кетті. XIX ғасырдың 30-шы жылдары Азов және Қаратеңіз жағалауларындағы жазықтарда табындары көп болып, XIX ғасырдың аяғында түгелдей жойылып кетті.

Қарақаз Очковый  баклан (Phalacrocorax perspicillatus).

Алғашқы рет 1741 жылы Стеллер Беринг аралынан тапқан құс. XIX ғасырдың ортасында құрып кеткен. 1826 жылға дейін Командор аралында адам жоқ кезде өте көп тараған құс. Құрып кетуіне негізінен аралға қоныс тепкен адамдардың аулауы себеп болған.

Ақбөкен, киік (лат. Saiga tatarica) – жұп тұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары.
Ақбөкендер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Олардың қоныс өзгертуі ауа райына, Ақбөкен жұп тұяқты жануарлардың ішіндегі ең өсімталы, жылына бір рет төлдейді. Жаппай төлдеуі мамырдың 1-жартысында өтеді. Бұл кезде күн салқындап, жауын-шашын көп болады да, оны қазақ халқы «Құралайдың салқыны» деп атайды. Көбіне егізден, кейде 3 лақ та туады. Ақбөкендер өсімдіктердің 80-нен астам түрімен қоректенеді. Олардың басты жауы – қасқыр, ал жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қарақұстар да шабуыл жасайды. Ақбөкен аусыл, пастереллез ауруларымен ауырады. Ақбөкен – дәмді еті, құнды мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін ауланатын кәсіптік маңызы бар жануар. Қазақстанда 1921 ж. Ақбөкенді аулауға тыйым салынған. 1957 – 58 ж. олардың жалпы саны 2 млн-нан асқаннан кейін, кәсіптік жолмен аулауға рұқсат берілді.

Республикамызда Ақбөкендердің бір-бірінен жеке дара бөлінген Бетпақдала – Арыс, Үстірт және Еділ – Жайық деген топтары мекендейді. Текелерінің дене тұрқы 126 – 150 см, салм. 37 – 49 кг, ал ешкілері кішірек, дене тұрқы 109 – 127 см, салм. 22 – 37 кг-дай болады. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады, тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады, сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін пайдаланады.

Киікті қазақ киелі жануар деп есептейді. Ел арасында оларды атқан адам бақытсыздыққа ұшырайды деген сенім бар. Киік  өте ақылды және қандай табиғи ортада болмасын, тез бейімделіп кететін жануар екендігі анық. Ақбөкендердің басына қаншама зобалаң заман туғанмен, миллиондаған жылдар бойы тұқымын сақтап қала алды. Осының өзі ақбөкендердің өмірге өте бейімділігін, өсімталдығын аңғартады. Киіктер мамыр айының 10-15 аралығында жаппай төлдей бастайды, осы кезде ауа райы бұзылып, міндетті түрде жауын-шашын болады. Киік әдетте төлді егізден әкеледі. Алдын ала шыбын-шіркей болмайтын, үнемі жел есіп тұратын беткейді таңдап алып, лақтарын түрегеп тұрып туады. Құралайдың енесі басқа жануарлар сияқты лағының шаранасын жалап аршымайды, шарана жауынның суымен шайылып кетеді немесе жел қағып, кеуіп барып түседі. Жаңа туған лақтар жарты сағаттан кейін енесін еміп, екі-үш сағаттан соң аяқтанып кетеді, ал туғанына екі күн болған құралайды машинамен қуып жете алмайсыз.
Қазақ елінде ежелден бері аңшылыққа көп көңіл бөлініп келген. Ақсақалдардың айтуынша, ертеректе бір бүркіт үшін аңшылар 5-6 түйеге дейін берген жайттар болған екен. Совет одағы кезінде Қазақстанда әсіресе қасқырға көп аңшылар шығатын, өйткені Қазақстандағы қасқырлар саны әлемдегі ең көбі. Бірақ, қазір олардың да саны азайды.

Мамандардың есебінше, Қазақстан тәуелсіздік алғалы елдегі миллионға жуық бөкендерден тек 30 мың бас қалған. Табиғатта аязды қыстарда және эпидемия кезінде бөкендердің 100 мыңдап қырылып қалатын оқиғаларын еске түсірсек, онда олардың жуық арада мүлде жойылып кету қаупі тұрғандығын байқаймыз.

Браконьерлердің киікті мүйізі үшін аулайтыны белгілі. Олар көбінесе мүйізі шаңырақтай киік текесін нысанаға алады. Даланы қызыл қанға бояған қатыгездер көбіне киіктің басын ғана кесіп алып, денесін лақтырып кетеді. Бейресми деректерге жүгінсек, аңшылар киік мүйізін 35-40 мың теңгеге сатады. Алматыда бұл одан да жоғары бағаланады екен. Онда мүйіздің келісі 200 мың теңгеден асып жығылса, Қытайда 4 мың доллардың төңірегінде. Қытайда дәстүрлі медицина үшін киіктің мүйізіне дәрілік шикізат ретінде сұраныс мықты. Қытай медицина индустриясының мүйізге деген сұранысы жыл сайын 8 тоннаға дейін барады екен. Қазір көрші мемлекеттегі жинақталған қор 80 тонна көрінеді. Қаскөй браконьерлердің бөкендерді не үшін баудай түсіретінін осыдан-ақ бағамдай беріңіз. Ақшаға құныққандар киіктің киесін ойлап жатқан жоқ.
Ауылшаруашылық министрлігінің орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің өкілдері осылай деп отыр. Мұны зертхана қорытындысы көрсетіпті. Естеріңізге сала кетейін, Батыс Қазақстанда ақбөкен басы өсіп келеді деп ауыз жиып үлгермедік. Былтыр ғана саны 26 мыңға жеткен киіктер  түсініксіз себептермен қырылып жатыр. Соңғы есеп бойынша, 3 200 астам өлексе табылған. Қазір қынадай қырылған Ақбөкендердің мәйіттері жиналып, аумақ залалсыздандырылып жатыр. Ал, жұқпалы аурудың жаппай таралуы мен одан келген зиянды анықтап, дертті жоюмен министрлік жанынан құрылған арнайы комиссия айналысатын болады.Ол үшін біздің жағдайдағы ең қолайлы шара – киіктер келгенше олар жейтін қауіпті аймақтағы шөпті орып тастау керек.
Ал орылған шөпті киіктер жемейді. Олар шабылған шөпке қарағанда, өсіп тұрған шүйгін шөпті іздейді. Қауіптің алдын алудың тағы бір тәсілі – шөпті гербицидтермен залалсыздандырып, басқа шөп егу. Бұл әрине мемлекетке қымбаттау түсуі мүмкін. Ал жануарларды қауіпті аймаққа жолатпау, оларды өзге өңірлерге айдау сияқты шараларды жүзеге асыру іс жүзінде мүмкін емес», деп ойлаймын      

«Қызыл кітаптың» маңызы
      Жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің алғашқы тізімін 1963 жылы Халықаралық табиғат және табиғат ресурстарын қорғау одағының (ХТҚО) арнайы комиссиясы құрастырды. Бұл комиссияға әлемдегі әр түрлі елдердің ғалымдары енді. Тізім жарияланып, «Деректердің Қызыл кітабы» («Red Date book») деген атау алды. Қазіргі кезде көптеген елдерде Қызыл кітап жарық көрді. Қазақстанда Қызыл кітап жасауға құлшынушылардың бірі белгілі ғалым-зоолог

A.А.Слудский болды. Оның еңбектері Қазақстан жануарлар әлемін қорғауға арналды.

“Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымы қайта өңделіп, әрі толықтырылып, қазақ тілінде шықты. Бұл үшінші басылымның бірінші томы “Жануарлар”, оның бірінші бөлімі “Омыртқалылар” деп аталды. Онда омыртқалы жануарлардың 125 түрі мен түр тармағы туралы деректер берілген.“Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымында тіркелген жануарлар түрлері 5 категория бойынша:

  • 1-категория – жойылып бара жатқан;
  • 2-категория – саны жылдан-жылға күрт азайып бара жатқан;
  • 3-категория – сирек кездесетін;
  • 4- категория – ғылыми тұрғыдан толық зерттелмеген;
  • 5-категория – қалпына келтірілген түрлер деп берілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымында тіркелген омыртқалы жануарлар түрінің қандай отрядқа, қандай тұқымдасқажататыны және әрбір жеке түрге қысқаша қазақша, ағылшынша деректер берілген. Сонымен бірге әрбір тіркелген түрдің суреті, Қазақстан аумағында таралуын көрсететін карта және сол жануардың түріне қатысты ақпарат көздері (кітаптар, мақалалар) көрсетілген.

Жәндіктерді қорғау

Насекомдардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы мен рөлі орасан зор. Бұлардың түрінің көптілігі соншалық, кез-келген жануарлардың түрлерінен асып түседі. Табиғатта тек зиян немесе тек пайдалы түрлер болмайды, болған да емес.Зиянды насекомдар бір жағдайда зиянды болып, бір жағдайда үлкен пайдасын тигізеді. Насекомдардың табиғаттағы маңызды әрекеті-ең алдымен гүлді өсімдіктерді тозаңдандыру.Белгілі бір гүл топтарын арнайы насекомдар тозаңдандырады. Топырақ өңдеуде де насекомдардың тигізетін пайдасы өте жоғары, яғни олар өздеріне үңгі жол жасау арқылы топырақты қопсытады.Осының нәтижесінде топырақ арасына ауа кіріп,топырақ ылғалданып, қара шірікпен байытылады.

Балықтарды қорғау

Балық – ірі өзен, көл, теңіз бен мұхитты жағалай орналасқан елдердің басты өнімі болып табылады. Және теңіз жағасында тұратын адамдардың аз ауырып, ұзақ өмір сүретіні дәлелденген. Өйткені теңіз бен мұхиттың өсімдік және жануарлар әлемі – табиғат қорындағы ең пайдалы заттардың қайнар көзі.Өзенде, теңіз немесе жасанды жағдайда өсірілгені болсын – кез келген балық – жүрек, қан тамырлары, иммунитетке жақсы әсер ететін көптеген пайдалы заттардың қайнар көзі. Теңіз балығы құрамындағы маңызды антиоксидант – омега-3 поли қанықпаған май қышқылы онкологиялық аурулардың алдын алуға көмектеседі. Балық құрамындағы пайдалы заттар:

– ақуыз;

– липидтер;

– аминқышқылдар;

– йод; – фтор;

– кальций;

– марганец;

– цинк;

– селен;

– темір;

– магний;

– фосфор;

– бром;

– A дәрумені; – D дәрумені; – F дәрумені; – E дәрумені; – С дәрумені;

– PP дәрумені; – B тобының дәрумені; – H дәрумені;

– балық майы; -Омега-3қышқылы.

Қосмекенділерді қорғау

Қосмекенділер — алғаш құрлықта өмір сүруге бейімделген төртаяқты омыртқалы жануарлар. Олар екі ортада: суда да, құрлықта да кездесетіндіктен, қосмекенділер деп аталады. Қосмекенділер суда көбейеді және дернәсілдері сулы ортада дамиды. Қазіргі кезде қосмекенділердің 4 000 – нан астам түрі Жер шарының тропиктік, субтропиктік және қоңыржай аймақтарында кездеседі. Қазақстанда қосмекенділердің 12 түрі таралған. Оның 3 түрі сирек кездесетіндіктен, Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.

Бауырмен жорғалаушыларды қорғау

Бауырымен жорғалаушылар – салқынқанды жануарлар. Бұл олардың денелерін қыздыру үшін күн сәулесі қажет екенін білдіреді, сондықтан да оларды өте суық климатта кездестіре алмайсың. Ауа райы суық кезде олар көбінесе тәтті ұйқыға кетеді.

Бауырымен жорғалаушылар теңізде, тұщы суда және құрлықта тіршілік етеді.

Бауырымен жорғалаушылардың 6500-ден астам түрі бар. Олардың ішінде ең көбі – 3700 түрі бар кесірткелер. Онан кейінгі орында – жыландар (2800). Тіршілік етіп жатқан жорғалаушылардың ең ірісі жорғалаушылардың ең аз тұқымтобына жататын тәмсақтар болып табылады. Олардың не бары 25 түрі бар.                                                                                       

Құстарды қорғау

Омыртқалы жануарлар ішіндегі ең үлкен топ — құстар. Бүкіл дүние жүзінде олардың 10—12 мың түрлерінің тіршілік етуі де құстардың кең таралғанын көрсетеді. Қазақстан территориясы да қанаттыларға өте бай. Онда құстардың 481 түрі мекендеп, күз айларындағы саны шамамен 18—20 миллионға жетеді. Соңғы жылдары құстардың тек Қазақстанда ғана емес бүкіл жер шарында кейбір түрлерінің саны азайып бара жатқаны байқалады. Сондықтан да ел-елде оларды қорғау шаралары жүзеге асуда. Сол сияқты қазірде біздің республикамызда да осындай жұмысты жүргізу кең қолға алынды. Саны күрт азайып кеткен аң-құстарды шұғыл зерттеу арқылы келешекте олардың таралған аймағы анықталып, кей жерлерде қорғау шаралары жүзеге асырылатын болады. Қазақстан ғалымдары осындай құстардың тізімін алып, табиғаттың «Қызыл кітабын» жасауға кірісті. Бұл тарауда республикамызда саны аз құстардың қай аудандарда таралғаны, биологиясы, мінез-қылық ерекшеліктері жан-жақты әңгімеленеді. Өйткені, бұл мәліметтердің оларды қорғау шараларын жүзеге асыру үшін үлкен мәні бар.

Сүтқоректілерді қорғау

Сүтқоректілердің шаруашылық маңызы зор. Жабайы аңдардан тері, былғары, ет, май, панта (дәрілік мүйіз), мускус, т.б. өнімдер алынады. Бұлардың бірқатар түрлері (суыр, тиін, ондатр, түлкі, бөкен, т.б.) кәсіптік және әуесқойлық мақсатта ауланады. Кейбір сүтқоректілер (кемірушілер, жыртқыштар) адам мен мал арасына түрлі аурулар (оба, аусыл, құтыру, туляремия, сарып) таратады. Тышқан, тоқалтіс, егеуқұйрық, т.б. – аңдар және орман зиянкестері. Республикадағы аса бай сүтқоректілердің фаунасымал шаруашылығының аса бағалы генофондысына айналды. Соңғы кездерде халық шаруашылығының қарқынды дамуына байланысты қоршаған ортаға төнген экологиялық апаттар жан-жануарлар дүниесінің азаюына, тіпті кейбір түрлерінің жойылып кетуіне әсер етуде. Республикада сүтқоректілердің 40-тан астам түрі қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына”, ал соның ішінде жұпартышқан, қызыл қасқыр, қабылан, барыс, қарақал,  құлан, Мензбир суыры Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген. Зоология ғылымының сүтқоректілерді зерттейтін саласын  териология  деп атайды.

Қорытынды     

Қорыта  айтқанда,ізденіс жұмыстарын жасай отырып,адамның табиғатқа әсерінен жануарлар мен өсімдіктер қырғынға ұшырауда, соның салдарынан ағзаның көптеген түрлері жойылып кету шегіне жетті.

Саны өте аз қалғандықтан кұрып кетуге жақын тұрған жануарлар ерекше корғауға алынуды қажет етеді. Бұрын біраз жылдар бұрын қазіргі аз кездеседі деп журген жануарларымыз көп тараған және саны да жеткілікті болатын. Жануарларды қорғаудың негізгі міндеті, оларды тіршілік ететін жерлерінде қолайлы жағдай туғызу арқылы санын көбейтіп, қайтадан кәсіптік жануарлардың қатарына енгізу болып табылады… Бұрын аз деп есептелген ақбөкен қәзір  Қазақстанда жыл сайын тонналап ет және бағалы мүйіз беріп  отыр.Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінше бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы орны қайта толмайды. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе-теңдіктің бұзылуына әкеп соғады.

Жер бетіндегі әрбір аңның, өсімдіктің адам өміріне тигізетін зор әсері болады. Сондықтан оларды сақтап, қорғау біздің алдымызда тұрған негізгі міндеттердің бірі. Адамзат өркениетінің қарышты өнеркәсібі, қуатты техникасы дамып, климаттың күрт құбылысы кезінде табиғаттың берген сыйынан айрылып қалмау – біздің негізгі борышымыз.

You May Also Like

Мектеп өмірінде қолдануға бағытталған жылулық құбылыстарды зерттеу нәтижесі, ғылыми жоба слайд

Ұлттық ою-өрнектер, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Ұлттық ою-өрнектер» Орындаған: Өмірбаев Дильшат Шайзат Қинаятқызы Құрмашева…

Симметрия ғажап әлем, ғылыми жоба

— «Симметрия – ғажап әлем» атты ғылыми жұмысына  Пікір Оқушы — бұл…

Есім құраудағы дыбыс пен әріптің маңызы, ғылыми жоба

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ Есім құраудағы дыбыс пен әріптің маңызы — «Есім құраудағы…