Жұмыстың атқырыбы:

Таңбалы тас

Бағыты: Өлкетану

«Таңбалы тас»   тақырыбындағы ғылыми

жоба жұмысына

Пікір

Оқушының  туылып өскен жеріне деген қызығушылығы  оның өз  елінің тарихына болған  сүйіспеншілігі  мен патриоттық  сезімін асыратыны сөзсіз. Осы ой тұрғысынан алып қарағанда Молгаждар Қарлыға  өзі  туған өлкесіндегі «Таңбалы тас»  тақырыбын өте дұрыс таңдап алып зерттеу жұмысын жүргізгені.   Ғылыми жоба  жұмысы  іздену   нәтижесінде жазылғандығы  байқалып тұр. Адамзат қоғамы  дамуының   мұраларының  бірі    тарихи  ескерткіштер болса,   оқушы  бұл  жобасында  Дардамты  ауылы  маңындағы     «Жалғызөрік»  шоқысындағы  жартастардағы  суреттерді  зерделеген. Ол жерде кездесетін  көне суреттерде   әр  түрлі   жануарлардың  бейнесі  мен   адамдардың аң  аулау  сәттері   бейнеленгенін,  ол бейнелерді  салуда  үш  түрлі  әдіс  қолданғанын    байқаған.   Бағзы заманнан  бері сақталып келетін   100-ге  жуық    суреттің  тасты   қашау,  сызу,  тесемен  тесу    арқылы  салынғанын  аңғарған. Сүлейменова Шұғыланың  өлкетану-  ізденіс  жұмысындағы  «Жалғыз  өрік»  шоқысындағы  жартастардағы  суреттер   туған өлкенің  өткен  тарихын  оқып –  үйренуге,  байырғы  тұрғындардың  тұрмысын,  шаруашылығын  анықтауға,  бейнені  зерттей  отырып   мәдени  мұра  ретінде  қорғауға   үйренетіндігін  білдірген.«Таңбалы  тас» зерттеуге   алуға  лайықты  орын.  Туған  өлкенің сырын,  маңызын ,  тарихын  танытады.

Оқушы  ғылыми  жұмыс  жүргізуге  бейім,  тіл  байлығы бар,  ой –  өрісі кең.

Аннотация

«Таңбалы  тас»  тақырыбында  жазылған  ғылыми жұмыс  оқушының  өзі  туып өскен  ауылы  Дардамты  ауылының  Кетпен  жотасы   Жалғыз өрік   шоқысындағы  ежелгі   қоныстар  маңындағы  жартастардағы  суреттер  жайында  жазылған. Оқушы  жазған  ғылыми жобадакөне суреттер  зерделенген.Онда   әр  түрлі   жануарлардың  бейнесі  мен   адамдардың аң  аулау  сәттері   бейнеленгені  туралы айтылған.    Бағзы заманнан  бері сақталып келетін   100-ге  жуық    суреттің  тасты   қашау,  сызу,  тесемен  тесу    арқылы  салынғанын  аңғарған.

Бұл  ғылыми жұмыс  туған  өлкенің  тарихын   тануға  арналған.Халқымыздың  қола,  сақ, ғұн, түркі  дәуірлерінен  бергі  бағзы  замандағы  тарихы  мен  тыныс тіршілігінен,  әдет –  ғұрпынан  сыр  шертетінін  байқаған.

Ғылыми жұмыс ұрпақтан –  ұрпаққа туған  өлкені  тануға  берілетін  қазынаның  бірі  болып саналады.

КІРІСПЕ

Адамзат қоғамы дамуының өнер мұраларының бастауы болып табылатын  тарихи  ескерткіштерге Дардамты ауылының маңындағы  Кетпен жотасының сай-салаларындағы көктеулер маңында жиі кездесетін жартастағы  суреттер жатады. Олар жан-жағы көрінетін аласа таулардың биік  бөліктерінде шоғырланған. Тәуелсіздік алғаннан бері әлі толық ашылмаған өткен тарихымыз азды-көпті түгенделіп, олжамызға марқайып, айналаға асқан құмарлықпен қарайтын болдық. Осыдан болар, талай ғасыр ашық аспан астындағы қараусыз қалған тау мен үңгір қабырғаларындағы бедерленіп, қашалып жазылған суреттер мен бел­гілерге деген қызығушылық арқылы ата-бабалардың өткен өмірі мен тіршілігінен хабардар болғанымыз. Даламыз қандай кең болса, ондағы құнды жәдігерлер де жеткілікті.  Олардың жер жағдайына байланысты өз атаулары да бар.

Тарих өткен мен бүгінгінің арасындағы алтын көпір деп тегін айтылмаған. Осылайша ежелгі адамдардың табиғатпен ара қатынасы, тұрмысынан, өмір тіршілігінен хабар беретін жәдігерлер тас дәуірінен (палеолит) бастап, қола дәуірін қамтитынын тарихшылар, зерттеушілер айтып та, жазып та жүр.   Ел тарихының терең тамыры болған құнды жәдігер ата-бабалардың кезінде жазба белгілері болғанының дәлелі. Ең бастысы, мыңдаған жыл бойы тарихи мәнін жоғалтпай келе жатқан петроглифтер кешеннің ең маңызды буыны болып саналады. Ал оның шатқал шектелген жерде орналасуының өзі де тау бедеріне байланысты, петроглифтерді жасаушылар аспан астындағы жартасты өте шеберлікпен пайдалана білген. Соған қарағанда, Таңбалытас қасиеті де адам мен табиғаттың бірлескен еңбегінің жарқын көрінісі. Мұның өзі адамзат қоғамының табиғи жағдайымен үндестік тауып келе жатқан эволюциясы десек қателеспейміз.

Өлкетану-ізденіс жұмысы  нысанында  алынған  Дардамты ауылының оңтүстік-батысындағы Кетпен жотасындағы ежелгі қоныстар мен көктеулер маңындағы жартастағы суреттердің мән-мағынасын  тани отырып  салыну ерекшеліктерін, қазіргі бейнелеу өнерімен байланысын оқып-үйренуге негізделген.

Кетпен жотасы, Жалғыз өрік шоқысындағы жартастағы суреттер  арқылы  өлкенің  өткен тарихи маңызы, байырғы тұрғындардың тұрмысы, шаруашылықта  алатын орынын анықтау, мәдени мұра ретінде қорғаудың  маңызын  көрсетуге бағытталады..

Өлкетану-ізденіс жұмысының мақсатына сай алға қойған төмендегі міндеттерді  шешуді көздейді:

Бірінші жартастағы суреттерге талдау жасап олардың негізгі түрлерін, салыну ерекшеліктерін айқындау;

Екінші Дардамты ауылының маңындағы  Жалғызөрік шоқысына танымдық жорықтар ұйымдастыру барысында жиналған нақты мәліметтерді жинақтап жүйелеу.

Өлкетану-ізденіс жұмысының нысаны ретінде Дардамты ауылының маңындағы, Кетпен жотасы, Жалғызөрік шоқысы ежелгі қоныстар маңындағы  жартастағы суреттер  алынған.

Өлкетану ізденіс жұмыстары бойынша  көне замандардан қалған петроглифтер Кетпен жотасындағы, Жалғыз өрік шоқысында, Дардамты ауылынан 5 шақырым қашықтықта, оңтүстiк батыс бөлігінде шоғырланған.  Бұл шатқалдарда  қалың  бұта өсiп кеткен, сусыз сайлар болып келедi. Осы өңірді зерттеу үшін  Елбасымыздың «Туған жер» бағдарламасын басшылыққа ала отырып, мектеп директоры В. Усманов,мектеп оқушылары және педагог -ұйымдастырушыА. Онласынов, география пәні мұғалімі  Б. Абижановтар  танымдық жорықтарды ұйымдастырды. Осы жорықта биік жар тастарда салынған көне суреттерді анық көзбен көруге мүмкіндік туды. Сонымен  қатар  сол  Таңбалы  тастағы  бейнелерге  зерттеу  жасау  мақсатымен   жетекші  пән  мұғалімімен   бірнеше  танымдық  жорық  жасай  алдық.Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында баса назар аударған байырғы киелі орындардың қатарына жататын жартастағы суреттердің еліміздің өткен  тарихын, тұрмыс тіршілігін оқып-үйренуде маңызы зор екеніне көзжеткіздік. Шатқалдар шығыстан батысқа қарай созылып жатыр.   Ол жерде кездесетін көне суреттерде көбінесе жануарлардың cypeттepi салынған, аң аулау cәттepi де  бейнеленген. Су­реттер шағын жартас тақталарының оңтүстiк және оңтүстiк-батыс беткейлерiне қашап салынған. Жалпы саны 100-ге жуық. Олар негiзiнен тасты қашау әдiсiмен салынған.Суреттердiң арасында адамдардың және жануарлардың бейнелерi кездеседi. Көп бейнелi үлкен композициялар жоқ, ешкi және арқар аулау көpiнicтepiнде көруге болады.

Жыртқыш аңдардың шөпқоректi жануарларға шабуыл жасағаны суреттелетiн сюжеттер де бар. Біз таңбалы тасқа қарай отырып сол кезде қандай жануарлар болғандығын білуге болады. Петроглифтердiң көпшiлiгiнде бұғылар, бұқалар, ат мінген адамдар, түйелер, текелер менжеке дара арқарлар көптеп бей­неленген.

Бұл суреттер биiк жартастардың бетiне салынған.  Қазiргi кезде белгілі бiр петроглифтiң пайда болған уақытын дәл анықтауға мүмкiндiк  жоқ.  Алайда тарихшылардың мәліметтеріне сәйкес онда біздің жыл санауымыздан  шамамен 2-3 мың жыл бұрынғы қола, сақ кезеңдерінің  тасқа қашап салған суреттері деген болжам жасадық. Аталған аласа таулы алқаптағы тасқа қашап салған суреттер, осы өңірдің көне дәуірдегі шаруашылығын, халықтың  тұрмыс мен тыныс тіршілігінен сыр шертетін  жартастағы суреттерден аңғаруға болады. Осы жорық барысында біз ежелгі қоныстар маңындағы жартастағы суреттермен  танысып оларды  жеке-жеке суреттерге түсіріп алдық. Аса жоғары орындалу шеберлiгiмен ерекшеленетiн жоғарыда аталған Жалғыз өрік шоқысындағы жартастағы аң бейнелi суреттері осы өңiрiнде мекендеген халықтардың тұрмыс-салтын ғана емес, көркем өнердiң дамуын ашып көрсететiн рухани-материялдық құндылықтардың қатарына жататынын айтуға болады. Жаяу  жорық барысында жиналған мағлұматтарды  жазба дерек көздерімен салыстыра отырып салыну ерекшелігіне негізделіп Кетпен жотасының  баурайында халқымыздың қола, сақ-ғұн, түркi дәуiрлерiнен бергi бағзы замандағы тарихы мен тыныс тiршiлiгiнен, әдет-ғұрпынан, салт-санасынан сыр шертетiн ең көне мұралардың қатарына тастарда салынған суреттер петроглифтер жататынына көз жеткіздік.  Суреттер негiзiнен судың, желдiң ауа температурасының эрозиялық әрекетiне берiк ұсақ кристаллды тастардың жылтыр тегiс бетiне сызып салынған.

Мұндағы тастағы суреттер қашау және сызу арқылы салынған, сондай-ақ осы тәсiлдер үйлестiре қолданылған суреттерде бар. Оларда жануардың басы мен дене тұрқы қашалып, ал, құйрық-жалы, аяқтары өткip құралмен сызып келтiрiлген. Жаяу таным жорық барысында бізге Кетпен жотасының  терең тілімдеген шатқалдарындағы сурттердің  ішіндегі бірегейлігімен көзге түсетін түйелердің бейнелері ұнады. Бұл бағзы замандағы адамдардың дүние танымына сай түйе алып күштiң, құнарлықтың символы болған. Жазба дерек көздеріне сүйенсек сақ кезеңдеріндегі халықтың тұрмысымен жеке  тайпалар осы түйелерді жүк көлігі ретінде пайдаланғанын аңғаруға болады.

Біздің пайымдауымыз бойынша  тастағы суреттер кешенiндегi бейнелер үш түрлi әдiспенсалынғанын көрсетеді. Олардың біріншісі тесемен ұрып, екiншiсi тастың бетiне қашап сызып, үшiншiсi жоғарыдағы екi әдiстi қатар қолдану тәсiлiмен салынған бедерлі бейнелер екенін білуге болады.

Жаяу жорық барысында осы аймақта орналасқан Жалғыз өрік шоқысына 2 шақырым жетпей күн шығыс бөлігінде Асан деген атаумен  аталатын үңгір орналасқан. Үңгірдің ұзындығы шамамен 10 метр болады. Ол үңгірдің атауы үлкендердің айтуынша, ертедегі аңыз әңгімелер бойынша қойшы шопан атауымен аталған деп айтады. Бұл үңгірде ертеден қалған нақты дәлелдер жоқ. Алайда үңгір қабырғалар түтін қақтарынан қарайып кеткен. Біздің пайымдауымыз бойынша, ерте замандағы адамдар да осы үңгірді паналап мекен еткен болуы мүмкін деген болжамдар келтірдік.

Жартастағы суреттерді қашау үшін қаншама күш, құрал-жабдық қажет екені айтпаса да түсінікті. Демек, Таңбалытас талай дәуірлерден бізге жеткен құнды тарихи орын, жәдігер, салт-дәстүр, мәдени құндылықтар жалғасы. Бұрынғы замандағы адамдар жазу білмегендіктен өзінің жан дүниесін сурет арқылы жеткізген.   Жазба деректер бойынша «Таңбалы тасқа» назар аударған ғалымдардың ішінде академик К.И.Сәтпаев атына ерекше назар аударғанымыз дұрыс. Себебі Қ.И.Сәтпаев «Жезқазған ауданының көне ескерткіштері» деген мақаласында аңыздарға сүйеніп, қазақтың қазақ болған, ту тіккен жері осы Таңбалы тас өңірі деп атап көрсетеді. Белгілі ғалым Ж.О.Артықбаев: «Қазіргі күнге дейін шежіре білетін ақсақалдар Таңбалы тасты осы Қ.Сәтбаев жазған мазмұнда айтып келеді. Олардың айтуына қарағанда Алтын Орда ыдырап, оның құрамындағы елдер сергелдең жағдайда жүргенде алты алаш тобына кіретін елдер осы Таңбалы Нұрада бас қосып, өздерінің жеке мемлекет болатынын жария еткен. Қазақтың «Таңбалы тастың» түп тамырындағы Алаша хан атымен байланыстыруы да осы себепті деп ойлаймыз. Сонымен қатар «Жалғыз өрік» шоқысындағы жартастағы суреттерді зерттеу үшін Талдықорған қаласындағы Жетісу Гуманитарлық Университетінің аға оқытушысы, жаратылыстану ғылымының докторы Тоқпанов Еркін ағай Дардамты ауылына келіп тастағы суреттерді суретке түсіріп, бізге таңбалы тас жайында мәліметтер қалдырды. Осыдан кейін осы жартастағы суреттерді көруге «НұрОтан» партиясының қызметкерлері және аудандық жастар ресурсының ұйымдастыруымен бір күндік танымдық жорықтарға шықтық.

«Таңбалы тас» – аялап, қадірлейтін киелі мекен. Өйткені, ол келешек ұрпаққа ұлы рухтың мәңгілік символындай өткен мен бүгінгінің арасын жалғап жатқан ашық аспан астындағы тарихи құнды кітап.  Осының бәрі Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында қолға алынғанын атап айтқанымыз артық болмас.                                                      Қазақ халқы ғасырлар бойы тарихи даму барысында көптеген әдет-ғұрпы, тілі, діні бір туыстас ру-тайпалардан құралып, халық болғандығы байқалады. Қасиетті «Таңбалы тас» бабаларымыздың сан ғасырлық ұлтты қалыптастыру жолындағы қажымай-талмай күрескен ерлік ісінің жемісі.

Өлктану-Ізденіс жұмыстарын жүргізу барысында Кетпен баурайындағы  жартастағы суреттер  мектеп оқушыларының  ой-өрістерін кеңейтіп, салауатты өмір салтын насихаттауға қолайлы оқу –танымдық және туризмді дамытуға мүмкіндік беретін төмендегі  алғышарттарды анықтадық:

  • арнайы туристік бағыттар мен арнайы жоспарлар құрыпмауы;
  • тарихи ескерткіштер сақталған орындар жөнінде ақпараттық деректердің аздығы;
  • ғылыми-танымдық және экотуризмді дамыту бағытындағы жарнамалар жүргізілуі;
  • қаржы тапшылығына байланысты табиғи тарихи археологиялық ескерткіштер орналасқан ауылдық елдімекендер мен аудан орталықтарында туризм мен демалысты дамытуға мүмкіндік беретін инфрақұрылымдардың қалыптаспауы (қонақ үй, қоғамдық тамақтандыру мен ойын сауық нысандарының жол қатынасының).

Алдағы уақытта біз осы тарихи нысандарымызды кеңінен  насихаттауға, таныстыруға одан әрі дамытуға жұмыс жасайтын боламыз.

Әлемнің тоғыздан бір бөлігіне тең, сарқылмас бай қазыналы өңірді ұрпағына мирас етіп қалдырған бабалар рухына борыштар екенімізді әрдайым ұмытпай, олардың рухын мәңгі қастерлеу келешек ұпақтың қасиетті борышы болмақ.

Таңбалы тастар – Қазақстанның көп ғасырлық тарихының куәсі. Барша қауымды көне дәуірдің ашық аспан астындағы асыл мұраларын тамашалауға шақырамыз.

Қорытындылау

Қазақстан мен Орта Азияның аумағында жартасқа сурет салу өнepiнің сақ зама­нына тән екенін білдік.

Жартастарға скиф-сақ өнерiнiң негiзгi бейнелерi: атты адамдар, бұғылар, арқарлар, ешкілер, түйелер,  және аң аулау сәттері салынған.

Кейбiр оймыш суреттерден жануардың түpiн айыру қиын, бiрақ сақ өнepiнe тән мәнеp мен тәсiлдерiне қарап, мұндай петроглифтердi сенiмдi түрде ерте тeмip дәуiрiмен байланыстыруға болады.

Ежелгi суретшiлер тасқа қашап салған тауешкі мен бұғының  бейнесін неғұрлым толық әрі көп бейнелегенін байқадық.

Өлкетану-ізденіс жұмысының нәтижесін қорытындылай келе Кетпен жотасындағы сай салаларда  тарихи-археологиялық және   ғылыми-танымдық және экологиялық туризмдi дамытуға жол ашуға үлес қосамыз деп сендіреміз.

You May Also Like

Құмырсқаның тіршілігі, ғылыми жоба

Мазмұны І. Кіріспе ——————————————————————- ІІ. Негізгі бөлімі ———————————————————-   Қызыққа толы әлем   Құмырсқаның…

Ұсақ жануарлардың гельминттерін капрологиялық әдіспен зерттеу, ғылыми жоба слайд

Халық ауыз әдебиетінде кездесетін металдар, ғылыми жоба

«Халық ауыз әдебиетінде кездесетін металдар» атты ғылыми жұмысына                                                               ПІКІР Қазақ халқының ерте…

Алматының апорты, ғылыми жоба

Аннотация Зертеу жұмыстары барысында апорт алмасының түрлері өте көп. Олар жаздық, күздік…