Мазмұны

І. Кіріспе ——————————————————————-

ІІ. Негізгі бөлімі ———————————————————-

  Қызыққа толы әлем

  Құмырсқаның көздеріндегі компас

  Құмырсқаның пайдасы

ІІІ. Қорытынды ———————————————————-

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер ————————————–

Аннотация

Зерттеудің өзектілігі: Құмырсқалардың өзара қауымдасып, азық қамдап, қалай тіршілік жасайтындарынан бастап, дене құрылысының ерекшеліктеріне дейін нақтылап жеткізуді жөн санап отырмын. Зерттеу мақсаты:Қоршаған ортаның бір бөлігі- құмырсқаның қызыққа толы әлемін зерделеу, адам баласына тигізетін пайдасын саралау. Зерттеу міндеттері:

  тақырыптың өзектілігін дәлелдейтін деректер жинау;

  құмырсқаның тіршілік процесін бақылау, тану;

  құмырсқаның емдік қасиеттерін тану;
Сипаттама, жүйелеу, әңгімелеу, суреттеу, талдау жасау, жиналған материалдарды салыстыру, интернет жүйесінен ақпараттар іздеу, алынған материалдар негізінде қорытынды жасау.
Зерттеу кезеңдері:2017-2019 оқу жылы
Жұмыс нәтижесі мен қорытынды:Құмырсқаларға жүргізілген зерттеу нәтижесінде олардың жұқпалы аурулармен ауырмайтындығы анықталды. Құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын, қант диабетін емдеуде, қан қысымын реттеуде қолданылады. Табиғаттың әр бөлшегін соның ішінде жәндіктердің де бұл проблеманы шешу жолында пайдасы анықталып отыр.

Кіріспе

Адам бұл өмірде жаңаны білуден, біле отырып, тамсанудан, таңырқаудан жалықпайды. Мен осы мақсатта құмырсқаның тіршілігі жөнінде зерттеу жұмысын бастадым. Қазіргі өзгермелі қоғамда таза табиғат аясы ластанып, экологиялық өзгерістерге ұшырап отырған заманда, адам баласының денсаулық деңгейі төмен, оған әсер етіп отырған факторлар көп. Ғалымдар, дәрігерлер бүкіл қоғам жабылып осының себебін іздеуде, оған дауа болатын жолдарды табуда. Қарап отырсақ, табиғаттың әр бөлшегін, соның ішінде жәндіктердің де бұл проблеманы шешу жолында пайдасы анықталып отыр. Адам мен құмырсқа арасын байланыстырар ортақ не бар? Ештеңе де болып көрінуі мүмкін. Өйткені адам саналы. Ал құмырсқаларда бір жасушаға татыр бастапқы сананың болуы туралы әңгіменің өзі қисынсыз.Әрине , адамдық өлшеммен есептегенде. Тіпті адам құмырсқаны мыжып өткенін қаперіне де алмауы мүмкін. Бірақ, құмырсқалардың өмір сүру тәсілін микроскоп астына алып зерделейтін болсақ, адам мен олардың қоғамдық құрылысында таңқалдырар ұқсастықтар бар екенін байқауға болады. Бірден-бір ұқсастығын алса олардың еңбекқорлықтарын, тынымсыз еңбек етуі.Шөп арасындағы жіңішке соқпақпен бірдеңелерді тістеп, әлек боп сүйреп жатқан құмырсқаларды сан рет көрдім. Бірақ «Олар не тасып жүр, қайда апарады?» деп сұраса, мен оған жауап бере алмас едім. Себебі мен оны білмеймін. Сонда ғана мен де «Е, расында оны білу керек екен!» деген ой туды. Сөйтіп, мен құмырсқаларды бақылауға алдым. Зерттеу жұмысы арқылы құмырсқалардың тіршілігін, еңбекқорлығын, ұйымшылдығын, адамға пайдасын жеткізгім келеді. Зерттеу мақсаты:Қоршаған ортаның бір бөлігі- құмырсқаның қызыққа толы әлемін зерделеу, адам баласына тигізетін пайдасын саралау. Зерттеу міндеттері:

  тақырыптың өзектілігін дәлелдейтін деректер жинау;

  құмырсқаның тіршілік процесін бақылау, тану;

  құмырсқаның емдік қасиеттерін тану;Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:

  құмырсқалардың ерен еңбегінің қыры танылды;

  бұл жәндіктің неше түрлі ауруларға таптырмас ем екенін білдік;

Негізгі бөлім
Қызыққа толы әлем
Сіз білесіз бе? Жер бетіндегі ең ежелгі жәндік (жасы жағынан) құмырсқа болып табылады. Осындай бір қызықты деректер тастардың арқасында анықталып, көпшілікті таңғалдырды. Сонымен ежелгі құмырсқалардың жасы жүз миллион жылдың кемерінен бір-ақ асып шықты.Құмырсқа- жарғаққанаттылар отрядының бір тұқымдасы. Құмырсқа жер шарында кеңінен таралған. Тек Қиыр Солтүстікте және Антарктидада ғана кездеспейді. Құмырсқаның он мыңдай түрі бар. Олардың көпшілік түрі тропиктік аймақтарда кездеседі. Құмырсқалар кез келген дүниені қорек көзіне айналдыру мен өндірісті жүргізіп кетудің жолдарын жетік меңгерген бірден-бір тіршілік иесі болып саналғаны. Олардың шындығында физикалық қуаты орасан болғаны соншалықты, өздерінен жүз есе үлкен затты еш қиналмай тасымалдай береді.Құмырсқалардың ұясында бәрі өз орнымен, белгілі бір дәрежелермен яғни жүйелермен іске асады: біреулері сауда-саттық қатынасын реттеп, күн тәртібіне қойып жатса, енді екіншілері қорғау қызметінің барысымен күзетте тұрады; ал үшіншілеріне ұрпақ жалғастыру мен аналық құмырсқаларға күтіммен қарау міндеттелген; ал, тіпті, кейбірі «мал шаруашылығымен» тұрақты айналысады; «сауын сиыр» есебінде шіркейлер (өсімдіктің шырынын қорек ететін зиянды ұсақ жәндік) пайдаланылып, олардан балшырын алынады (кейде өздері де азық орнына жұмсалады).
Балшырын құмырсқасы
Өзінің жұмыстарына немкетті қарайтын құмырсқалар ішінде жазалылар болса, олар ағайын-тумаластарының «табалауына» ұшырайды. Бір қызығы, біз ойлағандай құмырсқалардың барлығы еңбекқор болып шықпады. Дәрежелері мен қоғамдық орындарына байланысты, құмырсқалардың 20 пайызы «қара жұмысшылар» тобы еңбекті күні-түні атқарады. Ал ерігіп бос жүрген құмырсқалардың бос тобы жұмысқа кіріскен күннің өзінде де, » қара жұмысшылардың» қалған бөлігін еріксіз жұмыс істеуге мәжбүрлейді.Құмырсқалар өмірін зерттеп,бір күні қызық тәжірибе жасадым. Тез жүгіріп келе жатқан құмырсқаның жолында көлденең олжа бір түйір ет тастадым. Ол түйсігіне бағып, жаңағы азықты сүйреп, ары-бері болмаған соң, тұрып қапаланды. Өз денесінен он шақты есеге дейін үлкен олжаны көтеріп те, сүйретіп те алмағансоң, ол дереу барып көмекке басқаларын шақырды.Етті тығып, байқап отырдым. Олар шыр айналып, ары бері іздеп, таппады. Ана құмырқаға ұрысқандай болып, атыла жөнеледі. Бәрі кетіп қалып, әлі де болса жаңағы құмырсқа сол маңайды қайтадан іздейді. Мен етті жерге қойып тығылып қалдым.Қуанған құмырсқа шапқылап барып, қайтадан шақырады. Осылай құмырсқаны төрт рет алдадым. Қасындағы құмырсқалары ең соңында алдаусыратқан деген оймен жаңағы құмырсқаны парша-паршасын шығарып тастады. Аянышты оқиға. Құмырсқалар қауымы жалпыға бірдей қатаң тәртіпке түгелдей бағынышты. Қауымдағы әр бір мүшенің өзіне тиесілі міндеті бар. Аса жауапты міндеттермен ұйымдасқан жәндіктер кез-келген көңіл-күйді сезініп, жұмыс барысында аянбай еңбек етуден ешқашан қашпайды. Жай ғана жыбырлап жүріп, не болса соны кеміріп жеп, басы ауған жаққа қаңғып жүре беретін көп жәндіктің бірі болса құмырсқа тіршілігіне ешкім де қызықпас еді. Ең қызығы құмырсқаның бір жылдық азығын бидайдың 3 дәні ғана құрайды. Егер қыс ұзап кетсе, болмаса, ұяларының шығар аузы бітеліп қалса, не болмаса басқа жағдай болған кезде, азықтарын үнемдеу керек болса, үш түйір дәнді олар 2 жыл азық етіп сақтайды

     Құмырсқаның көздеріндегі компас. Біз тұрғылықты жерімізден басқа елге немесе басқа бір қалаға барар кезімізде бағытымызды табуға көмектесетін көмекшілер қажет болады. Әсіресе  баратын жеріміз біз білмейтін  жер болса міндетті түрде бір компас және карта болу керек. Карта біздің қай жерде екенімізді, ал компас қай жаққа баратынымызды, яғни бағытымызды көрсетеді. Біз осы нәрселерді қолдану арқылы және білетін адамдардан сұрау арқылы жолымызды таба аламыз. Ал бірақ басқа жанды заттар жолдарын қалай табатынын біройлап көрдіңдер ме? Мысалы:бір шөлде тамақ іздеп шыққан құмырсқаның әр сапарында өз ұясына қалай оралатыны туралы ойланып көрдіңдер ме? Ақтеңіз жағасында өмір  сүретін шөл құмырсқасы шөлде ұя құратын жәндіктердің бірі. Бұл құмырсқа ешқандай компас та, карта да қолданбай өз жолын қиналмай, қателеспей тауып, ұясына қайта алады. Шөлдерде температура 70 градустық ыстыққа дейін   көтеріледі.

Құмырсқа өте ыстық шөлдегі құмда ұясынан азық іздеу үшін шығады. Ұясынан бастап көлемі 200 метрге дейін баратына алаңдап жиі-жиі тоқтап, тұрған жерінде айналмалы жол жүріп, азық  іздейді.

Құмырсқаның пайдасы.Бір қарағанда өте қорқынышты көрінгенімен, ормандағы адамдар бұларды өте жақсы көреді. Себебі көшпелі құмырсқа адамдардың бау-бақшасында еркінсіп, дәнді-дақылды ойрандап жүрген зиянды жәндіктің бәрін жылан жалағандай қылып әп-сәтте жеп тауысып кетеді. Олар бір айдың ішінде бір футбол алаңындай жердегі жәндікті түгелдей теріп жеп, ада қылады. Жүріп өткен жайлауына екінші мәрте қайта айналып соққанша адамдардың да бау-бақшасы жайқалып, көкөніс тамырлары жуандап қалады.Құмырсқаның кереметі айта берсе таусылмайды.Ұлы Құдірет тарапынан құмырсқаларға орманның тазалық қызметі жүктелген. Жарты гектарлық орманды алқапты мекендейтін құмырсқалар бір сағаттың ішінде-ақ жүз мың жапырақ жәндіктері мен 2000 жұлдызқұртты жинап ұяларына таси алады…

Артық болмас  бiлгенiң

Құмырсқа ісікті қайтарады

Балтыр сыздағанда оның илеуіне аяғын салып отырып, ем қабылдауға болады. Сол кезде адамның бойындағы ауруды құмырсқа өзіне тартып алатын көрінеді. . Егер балаңыздың алқым безі жұқпалы ісінуге ұшыраса немесе басқа да ісіктердің алдын алғыңыз келсе, онда таңертең ерте тұрып, құмырсқа илеуінен керегінше алыңыз. Оны қайнатып, суыған соң шүберекке орап, ісінген жерге таңасыз.Құмырсқа тұнбасын жасап көріңізҚұмырсқа тұнбасын суықтағанда, тұмауратқанда, ревматизммен ауырғанда терлеу үшін пайдаланады. Оны дайындау да өте оңай. Бөтелкеге жартысына келетіндей етіп құмырсқа саласыз. Үстінен толтыра спирт құясыз. Арақ болса да болады. Оны бірнеше күнге жылы жерге қоясыз. Бұл тұнбаны күніне үш мезгіл 20-60 тамшыдан ішіп тұру керек. Немесе осы тұнбаға дәкені батырып алып, ауырған жерге басуға болады.

ІІІ.Қорытынды

Құмырсқаларға жүргізілген зерттеулер нәтижесінде олардың жұқпалы аурулармен ауырмайтындығы анықталды. Құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын, қант диабетін емдеуде, қан қысымын реттеуде қолданылады. Әрбір илеудегі құмырсқа топтарының бір-бірімен қарым-қатынасы, негізінен, өздерінен бөлінетін ерекше химиялық заттар феромондар арқылы реттеледі. Олардың иіс, дәм сезуі өте жақсы жетілген. Құмырсқалар илеуін қураған өсімдік сабақтарымен жапырақтарының қалдықтарынан жасайды. Тропиктік аймақтарда илеу жасамай жеке дара тіршілік ететін құмырсқалардың түрлері де бар. Негізгі қорегі басқа жәндіктер, олардың дернәсілдері және өсімдіктердің жапырақтарымен тұқымдары, шырындары. Мысалы, Қытайда бұдан 5000 жыл бұрын жазылған «Бың Цау Гаң Му» кітабында құмырсқаның қасиеті туралы қызықты деректер келтірілген. Құмырсқа денесінде 70-тен астам микроэлемент, 20-дан астам амин қышқылы, витаминдер бар. Қазіргі кезде Қытайда құмырсқадан аса бағалы азықтық, дәрілік қасиеті бар препараттар дайындалады. Оңтүстік Азия елдері, Мексика тұрғындары құмырсқаны тағам ретінде де пайдаланатынын білдім.

Зер салып қарасаңыз,көзге көріне бермейтін табиғат тамашалары көп екен.Тіпті,олардан үлгі алуға болады.Мен осыны түсіндім.

You May Also Like

Қазақ әдебиетіндегі ақын-жыраулар поэзиясындағы «жалған дүние» концепциясы, ғылыми жоба

Тақырыбы : Ақын-жыраулар поэзиясындағы «жалған дүние» концептісі  Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және…

Алма құрамындағы дәрумендер, ғылыми жоба

Алма құрамындағы дәрумендер Мақсаты:  Адамдардың өмірінде пайдаланып журген алманың құрамындағы дәрумендерді анықтау…

Нан мен бауырсақтың пайдасы, ғылыми жоба

Ғылыми – зерттеу жұмысы Жоба «Нан мен бауырсақтың пайдасы» Секция: қазақ тілі…

Әйел өміріндегі физика, ғылыми жоба

Мақсаты : «Физика – ғылым» және ол ер адамдарға  қалай қажет болса…