Мақсаты :

«Физика – ғылым» және ол ер адамдарға  қалай қажет болса әйел адамға да соншалықты қажет екенін дәлелдеу.

Міндеті:

Физика мен математиканы дамытуға елеулі үлес қосқан әйелдер бар ма екенін анықтау.
Әйелдер  арасында сауалнама жүргізу. Физика бойынша әйел адамның бір күнін сипаттау
Әйелдің  өмірінде физиканың рөлі туралы қорытынды жасау.

Жұмыстың өзектілігі :

Мені әйел адамның физикамен тығыз байланысы қызықтырды. Күнделікті физикалық құбылыстар мен процестер қалай жұмыс жасайды?  Әйел күнделікті қандай құбылыстармен кездеседі? Осы аталған жағдайларды жан – жақты зерттеу.

Гипотеза

Әйел адам тек үй шаруашылығында ғана емес, сонымен қатар жұмыста,далада,шаштаразда да физикалық құбылыстармен кездесуі мүмкін.

Жаналығы

Аталған жұмыста  әйелдің өмірінен алынған бір күнде физикамен тығыз байланысы анықталады.

«Физика – әйел адамның ғылымы емес» және «Барлық  блондинкалар ақымақ» деп ер кісілер жиі айтады.

Физика мен математика аймағында жаңалық ашқан әйелдер аз емес.

Мысалы : Софья Васильевна Ковалевская

Софья Васильевна Ковалевская (1850 – 1891жж)  – әйгілі орыс математигі,  әлемдегі бірінші профессор әйел. Петербург ғылым академиясының коррреспонденті . Қажырлы еңбек жылдар Ковалевская үшін үш дербес ғылыми жұмыспен аяқталды. 1874 жылы бұл жұмыстар үшін Ковалевскаяға «ең жоғары» доктор дәрежесі

Мария Склодовская – Кюри

Ерекше қабілет пен еңбекқорлықтың нәтижесінде математика мен физикадан екі диплом алады. 1985 жылы  Пьер Кюримен отасқаннан кейін  физика Институтында  лабораторияда қызмет етеді. 1903 жылдың 12 қарашасында Мария Склодовская  Кьюри радиоактивтілік құбылысын зерттегені  үшін Нобель премиясы берілді.

Әйел  адамзаты  физика заңдарын дұрыс пайдаланса жас, сұлу және сымбатты бола ала ма? Сауалнаманың қорытындысы:

2.Опадалаптағы физика:
Сұлу, көрікті және әдемі болу үшін әйел   адам эпиляция сияқты түбегейлі шараларға жүгінеді. Қазіргі жаңа технологиялардың бірі «Ионофорез» , иондар транспортировкасы : электр тогының көмегімен беттің терісіндегі мембрана биологиялық процесте иондалған пайладалы компоненттердің арқасында үлкен эффект алады. Ионофорез кезінде электрлі ток иондалған косметикамен бірге терінің нервтік соңын ынталандырады.

Әйел адам таңертен сағаттың шырылынан ұйқыдан тұрып, бірден  жуынатын бөлмеге барып, жұмысқа жиналады. Айнаның алдында жуынып тұрғанда  айна алдындағы  көрініс – ол физиканың жұмыс принципі. Ал физиканың жұмыс принципі – көріністен тұрады. Тіс тазарту үшін қыз ұзын сабы бар тіс щеткасын қолданады.Мұнда қыздың қолы рычаг қызметін атқарады. Тіс жуғаннан кейін салқындатылған душ қолданады. Душ кабинасында тұрып ән салады, ол толқынды дыбысқа жатады. Дыбысты толқын – серпімді толқын. Ол     адамның есту қабілетін арттыруы мүмкін. Дыбыстық толқын қабырғаға ұрынып, ауаның молекулалары кенет тоқтап, жиырылады, содан пружина сияқты итеріліп, қайтадан қозғалысқа енеді.

Асханадағы физика:
Душ қабылдаған соң міндетті түрде асханаға тамақтануға барады. Таңғы ас үшін ол амлет жасайды. Ол үшін: жұмыртқа – 2, массасы: 50,5 гр, осы тағамдар  адам организімінде энргияны бөліп шығарады:
Шамалы жұмыртқаны араластырып, шойын табаны отқа қойды. Сол кезде бір ой келді: неліктен жұмыртқаны араластырғанда көбі бөлігі көпірікке айналады. Көпіршіктің пайда болуы жұмыртқанын ағында молекулалар шатасқан, ағын араластырғанда молекулалар бір – бірін  тартады.

Гардеробтағы физика :

Бірақ бұл көйлек неге   жылтырайды деген сұрақ туындады. Матаның жылтырауы ондағы жіптердің дұрыс орналасуы. Бір – біріне паралель орналасуы болды. Содан кейін қандай аяқ киім таңдасам деген сұрақ туды. Оның каблугы қандай болу керек деп, төмен каблугы бар аяқ киім таңдады. Аяқ киімді таңдай отырып, оның физикадағы онадаған заңының , математикалық формулалар мен бірге Пифагор теоремасынан бастап Ньютонның бірінші  заңымен аяқталатынын білді.

Шаштараздағы физика :

Шаштараз  маңайынан өтіп бара жатып , бет – әлпетін жақсартайын деді. Шаштың түсін өзгерту үшін «эллюминирование» деген сияқты жаңа технология пайда болды. Бояудың өзі физикалық мөлшерде жұмыс атқарады: элюменнің зарядталған молекулалары шаштың зарядталған молекулаларына тартылады.Оның ішкі клеткалары жабылып, шашқа қанық түс беріп, жалтырайды.

Біріншіден шашын кептіріп жатқанда шаштың қандай механикалық , физикалық құбылыстарға бай екенін ойлады: шаштың 18 % дымқылдан тұрады. Суды және майды жұта алады, мықтысы соншалықты химиялық , механикалық, физикалық опрацияларды көтереді.

Кеңседегі физика:

Біздің кейіпкер ауыл әкімдігінің бас маман қызметін атқарады.Сондықтан таңертен бастығына кофе дайындауға кіріседі. Алдымен ыстық қара кофе құяды, содан кейін салқын сүт құяды. Ол термодинамика заңын жақсы біледі: денелер арасындағы жылу алмасу олардың температурасына қарағанда әлдеқайда тезірек болады . Кофенің барлық энергиясы сүтке ауысады. Чашкаға қарағанда оның бетінде түсініксіз суреттер пайда болған сияқты көрінді. Алайда сұйықтың астындағы температура жоғары болады,ал төменгі қабатында сұйықтық салқындау болып келеді. Мұнда конвекциялық құбылыс: яғни салқын сұйықтық төмен қарай ал ыстық сұйықтық жоғары қарай бағыттайды.

Кір жуудың физикасы:

Күн әлі аяқталған жоқ. Жұмыстағы дақ болып қалған киімін жууға кірісті. Киімді ләгенге салып ыстық су құйып, аздаған кір сабын салды. Сабын кірдің матадан шығуына көмек береді, ал жуғыш сұйықтық матаның ең кішкентай бөліктердің арасына батады.  Матаны үйкелеген кезде сабынның көпіршіктері матаның кірленген орындарына еніп кірді шығарады. Сабынның молекулалары жұқа пленка  сияқты болып қалып жоғары механикалық құбылысқа ие болады.

 Физика және машина:

Әйел адам машинаға отырып жұмысқа барады. Ол үйкеліс күшінің машинаны қозғалтатынын , ал жылдамдықты Ньютонның бірінші заңы сақтайтынын біледі.  Машина қозғалған кезде оның доңғалақтары жолға байланысты сырғанайды. Шинамен жердің арасында үйкеліс күші пайда болады. Егер тайғақ кезде жылдамдықты арттырып ,газды басса  ол жүре алмай сырғанайды. Тежегішті басса сырғанау тоқтайды. Ньютонның заңына жүгінсек инерциямен қозғалған машинада тежеугіш күші жұмыс атқарады.

Қорытынды:

Бір қатар зерттеулерден кейін әйел адамның интелектісінің коофициенті оның шашының түсіне байланысты емес екндігіне көз жеткіздік. Ер адам сияқты, әр әйел адам физикамен тығыз байланысты. Әйел адам күнделікті физикалық құбылыстар мен процесстермен жұмыс жасайды. Бірақ өкінішке орай ондаған әйелдер ғана өмірде математика мен физиканың жаңа танымдарын аша білді. Физика білімі әйел адамның сыртқы көрінісін жақсартып,уақытты үнемдеп ,сұлулықпен жасты ұстануға көмек береді. Бірақ ғылымда аз болса да әйел адамдар ештеңе  түсінбейді деп айтуға хақылары жоқ.

You May Also Like

Тұщы судың қасиеттері мен географиялық және экологиялық жағдайына зерттеу жүргізу, ғылыми жоба

Авторы: Сыныбы: Жұмыстың тақырыбы: Тұщы судың қасиеттері мен географиялық және экологиялық жағдайына…

Информатика сабағын басқа пәндермен кіріктірілген сабақ түрінде өткізудің тиімділігі, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба»Информатика сабағын басқа пәндермен кіріктірілген сабақ түрінде өткізудің тиімділігі»…

Шертпе күй шебері–Тәттімбет Қазанғапұлы, ғылыми жоба

ШЕРТПЕ КҮЙ ШЕБЕРІ – ТӘТТІМБЕТ ҚАЗАНҒАПҰЛЫ ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ Ж О С П…

Жұмбақтар, ғылыми жоба