Алма құрамындағы дәрумендер

Мақсаты:  Адамдардың өмірінде пайдаланып журген алманың құрамындағы дәрумендерді анықтау

Тәжірбиелік маңыздылығы:    Елімізде өсірілетін алманың құрамындағы дәрумендерді анықтап, адамның ағзасына өте көп пайдалы дәрумендерді зерттеліп ашылуы.

Зерттеу болжамы:

  1. Алма қандай өңірлерде өсіріледі
  2. Алманың құрамында қандай дәрумендер бар?
  3. Алманың шығу тарихы қандай

Алма өсірілетін өңірлер

«Түлкібас» десе, алма, «алма» десе, Түлкібас еске түседі. Түлкібас – алмасымен аты шыққан өңір. Ауданның орналасу аймағы да ерекше. Таулы аймақтың ауа райы қоңыр салқын, алма бау, жеміс ағаштарын өсіруге өте қолайлы. Кеңес үкіметі кезінде мұнда алманың «жеті атасы» өсірілді. Таулы өңірдің тәттілігі тіл үйірер апортынан дәм татқан ата-апаларымыз әлі күнге тамсанып отырады. Бұл сортты өсіру үшін таңдап алынған алқап теңіз деңгейінен 900 метр биікте орналасқан.    Бұл талапқа тек Алматы қаласы мен Түлкібас ауданының таулы өңірі ғана жауап бере алады екен. Қазіргі таңда Түлкібас өңірінде «Апорт» сортын өсіріп жүрген шаруашылықтардың саны аса көп емес. Өйткені, бұл сорт қысқа мейлінше төзімді болғанымен, 7-8 жылдан кейін ғана өнім береді. Десек те, түлкібастық бағбандар апорт өсіруден қол үзбепті. Бүгінде ауданда апорт алқабы 200 гектарға жетіпті. Апорттың жемісі ірі келеді. Бір алманың салмағы шамамен 500-600 грамға дейін жетеді, түсі алқызыл болып келеді. Бұл сорттың жемісі қыркүйек айында піседі, қаңтар, ақпан айларына дейін еркін сақтауға болады екен. Жеміс өсіру шаруашылығында алма сортының ерекше маңызы бар. Сондықтан, бау ағаштарын еккенде сорттарды дұрыстап іріктеп алу мәселесіне ерекше назар аудару қажет екен. Сорттың аса маңызды сапалы қасиеттеріне: қысқа төзімділігі, жеміс беру кезеңі қолайлы, өнімділігі мен жемістері сапасының ірілі-ұсақтығына, түсіне, дәміне, тасуға жарамдылығына, сақталғыштығына мән берген жөн. Биыл «Көктал» шаруа қожалығы 230 га алма бауынан 5 мың 100 тонна өнім жинапты. Оның 2 мың тоннасы қоймада сақтаулы тұр екен. Алдағы уақытта қожалық барлық өңірді экологиялық тұрғыдан таза, жергілікті сапалы өніммен қамтамасыз етіп, мол табысқа қол жеткізбекші. Негізгі өнімді облыс аумағында саудалайды екен. 2004 жылы құрылған шаруа қожалығы 220 га алма бауын алғашқыда тамшылатып суару әдісімен жайқалтса, қазір кәдімгі арықпен суаруды қолға алыпты. Өйткені, алма дарақтарының діңгегі үлкейіп кетіпті.  Алма ағашы ерекше күтіп-баптауды қажет етеді.  Минералды тыңайтқыш пен дәрі-дәрмекті талаппен бермесеңіз, өлтіріп алуыңыз әбден мүмкін.  Ал Сарытөр ауылындағы «Зерде Агро» шаруа қожалығы 2011 жылы құрылыпты.  Қожалық меншігінде тамшылатып суару әдісімен өсірілген 180 га алма бағы бар. Серіктестік 2012 жылы 48 га жерге, 2013 жылы 107 га алқапқа алма көшетін отырғызыпты. Бүгінгі таңда Түлкібас ауданында жеміс ағашының алқабы 3115 гектарға жетіпті. 2007-2015 жылдар аралығында мемлекеттік бағдарламаға сәйкес алма бау мен жүзімдік көлемі ұлғайтылып, жаңа 1429 га жер алқабына алма бау егілген. Жергілікті билік 2020 жылға дейін алма бағын 3 600 гектарға жеткізуді жоспарлап отыр екен

Алма құрамында қандай дәрумендер бар

Алма құрамында 83-88 % су, 7,5-16 % қант, 0,2-0.8 % қышқыл, 9,5-18,5 % құрғақ қалдық, 0,28-1,0 % илік заттар, А, В1, В2, В6, С, РР витаминдері, көптеген минералды заттар бар. Шырынынан шарап, сусын дайындалады, жемісін емдік дәрі ретінде де, адам организмін ауыр металл заттардан тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады.Ежелгі данышпандар күніне 2 алма жейтін адам, ешқашан ауырмайды деп айтқан. Олар қателеспеген, өйткені оның құрамында; B, C, E, калий, кальций, магний, йод және пектин дәрумендері бар. Алма раушан гүл тұқымдасына жататын, өте кең тараған ағаштарының жемісі.Табиғи алманың жер шарында бізге 36 түрі белгілі,олардың 10-12-сінің шаруашылықтық маңызы бар.Алма жемісі тасымалдауға,сақтауға жарамды,тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді. Алма құрамында 83-88 пайыз су, 7,5 – 16 пайыз қант, 0,2-0,8 пайыз қышқыл, 9,5-18,5 пайыз құрғақ қалдық,  Шырынынан шарап, сусын дайындалады, жемісі емдік дәрі ретінде де пайдаланады. Алма жемісінен шырын, тосап, компот, джем, қақ жасалады. Сондай-ақ тамақ, кондитер және иіс су өнер кәсібінде қолданылады. Алманы күнделікті тағамға, салаттарға қосып дайындайды.

 Алманың тарихы

Алманың тарихы  мыңдаған жылдар бұрын басталған. Бұл жеміс көптеген мемлекеттердің мәдениетінде ерекше орын алады. Алма (лат. Malus – раушангүл тұқымдасына жататын, өте кең тараған ағаштарының жемісі. Табиғи алманың жер шарында бізге 36 түрі белгілі, олардың 10- 12-сінің  шаруашылықтық маңызы бар. Қазақстанда, негізінен, Алматы апорты, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сұрыптары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20-100 жыл, биіктігі 4-10 м болады. 3-12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100-300 ц өнім алынады. Тұқымынан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Тұқымынан көбейту бұлама алуда және селекцияда қолданылады. Әр түрлі тұқымдастары кездеседі. Алманы көбейту кейде ұластыру арқылы да жүзеге асады. Қазақстанда алманың 40-тан астам сұрыптары аудандастырылған, оның 20-сын  Іле, Алатау шапағы, Алматы  қазақ селекционерлері өсіріп шығарған. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді. Алма құрамында 83-88 % су, 7,5-16 % қант, 0,2-0.8 % қышқыл, 9,5-18,5 % құрғақ қалдық, 0,28-1,0 % илік заттар, А, В1, В2, В6, С, РР витаминдері, көптеген минералды заттар бар. Шырынынан шарап, сусын дайындалады, жемісін емдік дәрі ретінде де, адам организмін ауыр металл заттардан тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады.Ежелгі данышпандар күніне 2 алма жейтін адам, ешқашан ауырмайды деп айтқан. Олар қателеспеген, өйткені оның құрамында; B, C, E, калий, кальций, магний, йод және пектин дәрумендері бар. Алма өзегі ішектің  жиырылуына себеп болып, жүректің  жұмысын жақсартады  әрі холестериннің мөлшерін азайтады. Ағылшындарда  мынындай мақал бар «Күніне бір алма жеген адам дәрігердің алдына бармайды» сондықтан күніне 1 алма жеу керек.

Қорытынды:«Білгенің 9 білмегенің 99» деген сөз бекер айтылмапты алманың осыншама пайдасы,зияны бар екенін білмепін.Алма тәтті және пайдалы жеміс. Оның құрамында, адам қажет ететін дәрумендер мен минералдар бар екені,бұрыннан белгілі.Алайда алманыңда зиянкестері бар, олар алма жегіші,алма биті, шие бізтұмсығы,гүл жегіші. Алманың бізге беретін пайдасы да зияныда бар.

You May Also Like

Әртүрлі былғарылық тері шикізатының тауарлық сипаттамасы

Әртүрлі былғарылық тері шикізатының тауарлық сипаттамасы Әртүрлі үй жануарлары мен жабайы аңдар…

Поликультурные языковые связи на примере сравнительно-сопоставительного анализа казахского, русского и английского языков

Электр тогын үнемдеу, ғылыми жоба

Сараптама Бұл ғылыми шығармашылық жұмыс оқушылардың тілін, шығармашылығын, дүниетанымдылығын дамытуға өте қолайлы.…

Мектеп сөмкесінің бала ағзасына тигізетін кері әсері, ғылыми жоба

ҒЫЛЫМИ ЖОБАНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: «Мектеп сөмкесінің бала ағзасына тигізетін кері әсері» Мазмұны: І.Кіріспе…