Ең үздік ғылыми жоба «Қарбыз және қарбыздың пайдасы» Орындаған: Жарылқасын Анель

Кіріспе:  Қарбыздың құрамындағы дәрумендер

Жаз мезгілі келер келместен асыға күтіп, сүйіп жейтін жемістің бірі-қарбыз. Бала күнімізден қарбыз жемісінің дәмі тіл үйретінін жақсы білеміз. Қарбыз адам денсаулығына өте пайдалы. Адам ағзасын тазалайды. Қарбыздың  92 пайызы судан тұрады. Құрамында  А, В6, С дәрумендері және ликопин бар. Сонымен қатар, аминоқышқыл және антиоксидант секілді компонентер де бар. Қарбыз мидың белсенділігін арттырады. Ақыл-парасаттың дамуына қарқынды үлес қосатын В6 дәрумені. Қарбыздың құрамында су көп мөлшерде болғандықтан ағзаға пайдасы зор. Ликопин адам ағзасындағы қауіпті заттарды сыртқа шығаратын антиоксидант. Қарбыз көзгеде пайдалы. Адамның көру мүшесінің жұмысын жақсартатын А дәрумені қызмет атқарады.

Негізгі бөлім:Адам ағзасына пайдасы

Қарбызды тұтыну қызанаққа қарағанда1,5 есе пайдалылырақ.Адам денесінің терісін күн сәулесінен қорғайды,яғни ультракүлгін сәулелерден.Қарбыз диетасын ұстаған адам денедегі артық салмақтан арылады.Дене шынықтырумен айналысатын адамдар үшін де пайдалы.Құрамында цитрулин ауырсынуды басады.Қарбыздың шырыны бұлшықет ауруларын басады.

Қарбыз шырыны көптеген ауруларды емдеп,алдын алады.Қант диабеті,атеросклероз,қан қысымы жоғары болуынан,простатин,цистит,артрит секілді аурулармен ауыратын адамдарға қарбыз шырынын жиі қолдану керек.Жүрек ауруларына,сүйек ауруларының да алдын алады.Бүйректің қызметін жақсартады.Несеп жолдарын тазартады.Қарбыздың кепкен қабығынан тұнба,қайнатпа жасап несеп жол ауруларына пайдаланады.Дәрігерлер бүйректегі тастары бар науқастарға қарбыз жеуді ұсынады.Қарбыздың дәні де пайдалы.Ол құнарлы,нәрлі заттармен байытылған.Ішінде магний,темір және де минералды тұздар бар.Қарбыз дәндерінің ішек құрттары мен қан тоқтататын қасиеттері бар.Қарбызды сары ауруға қарсы пайдаланады.Қарбыз шөлді қандырады.Қарбыз дәмді ас болып табылады.Ішсең сусын,жесең ас.

Қорытынды:Қарбыздың  сырты жасыл,іші қызыл жемісін білеміз.Алайда,қарбыздың сырты жасыл болғанымен,іші сары түсті түрі кездеседі екен.Қарбыздың Отаны-Оңтүстік Африка екен.Ал,біздің Қазақстан Республикасы бойынша Қазақстанның Оңтүстік аумағы.Атап айтсақ,Жамбыл,Шу,Алматы Қапшағай.Түркістан облысында өте кең өсіріледі.

You May Also Like

Қазақ әдебиетіндегі әйел болмысы, ғылыми жоба

Ғылыми жоба тақырыбы: Қазақ әдебиетіндегі әйел болмысы (Б.Нұржекеев шығармаларындағы «әйел» тақырыбы) Ғылыми…

Атқа міну мәдениеті, ғылыми жоба

ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: АТҚА МІНУ МӘДЕНИЕТІ. «Ер-тоқым» Аннотация Зерттеу ер-тұрман туралы толық…

Балаларға арналған жуғыш заттардың құрамы және олардың бала ағзасына әсері, ғылыми жоба

Тақырыбы: « Балаларға арналған жуғыш заттардың құрамы және олардың бала ағзасына әсері…

Балдың пайдасы, ғылыми жоба

Балдың пайдасы Зерттеудің мақсаты: Жобамның басты мақсаты балдың адам ағзасына пайдасы және…