Балдың пайдасы

Зерттеудің мақсаты: Жобамның басты мақсаты балдың адам ағзасына пайдасы және оны қандай жағдайларда қолданатындығы жайлы кеңірек танысу.

 Кіріспе:

Мен барлық жас балалар секілді кішкентайымнан тәттіге құмар бала болып өстім.Сонда үйде анам: тәттіден гөрі бал жеші қызым деп жиі айтатын.Неге деп сұрағанымда қанттан гөрі бал пайдалырақ деп айтқаны бар. Қазір маған өсе келе сол балдың қандай пайдасы бар екенін білгім келіп жүр. Осы сұраққа жауап іздеп ең алдымен кітап,энциклопедияларды,ғаламтордан түрлі мұқалаларды оқып,осы тақырыпта ғылыми жоба жазуға бекіндім.

1.Балдың шығу тарихы

2.Балдың түрлері

3.Балдың құрамы

4.Балды жинау

5.Емдік қасиеті және қолданылуы

Балдың шығу тарихы:

Археологтардың зерттеуіне қарасақ,аралар алғашқы адамдардың пайда болуына дейін 56 миллион жыл бұрын пайда болған дейді.Ежелгі мәдени ескерткіштердің сақталу негізінде алғашқы адамдар балды тәтті,нәрлі өнім ретінде қолданған  екен. Испания мемлекетінің Валенсия мекенінде табылған ежелгі ескерткіште адамның балды алып жатқаны бейнеленген. Адамның балды аралар арасынан алып жатқан таңбасы тастарда сақталған екен.

Балдың бұл қасиетін ежелгі адамдар да бағалаған екен. Барлық елдегі халық балды емдік мақсатпен қолданған. Египет папирусында 3000 жыл бұрын ауруды емдеу үшін пайдаланғаны жазылған. Ежелгі Кытай,Үнді жазбалалырында да бал туралы көп мәлімет жазылған екен.Ежелгі Үндістер бал адамға зор денсаулық,ұзақ өмір сыйлайды деп санаған.Ежелгі Грецияда бал жастықтың сусыны деп табиғаттың керемет сыйы деп есептеген. Олар құдайға құрбандыққа бал жағылған жемістерді қойған. Ұлы грек-математигі Пифагор,өзінің ұзақ жасауының себебі балда екенін айтқан. Сол сияқты философ Демокрит та балдың көмегімен 100-жасағанын айтқан.Ресейде бал туралы 945 жылдың Лаврантьев жазбаларында жазылған екен. Бірақ тамақ түрінде емес сусын түрінде. Осыдан бір жарым ғасыр бұрын Өскеменнің іргесіне алғашқы араларды әкеліп,қолға үйрете бастаған.

Балдың түрлері:

Өмірде табиғи балды ажырату оңай емес. Қантты бал араны қант шырынымен қоректендіру арқылы алынады. Сатышуылар оны табиғи балға араластырып сатады. Бұл орайда табиғи,жасанды балды ажыратуға ешқандай анализ көмек бере алмайды. Жасанды балдың құрамында:қант крахмалы,ұн,желім,гипс болады. Оның кейбірін үй жағдайында анықтауға мүмкідлік бар.Гүлдейтін қаншама өсімдіктер бар болса,соншама балдың түрлері болады.

Түйебұршақ-балы 1-ші сұрыпты балға жатады. Ақ немесе ашық –янтарь түсті болып келетін хош иісі бар балдың бұл түрі глюкозаға бай. Түйебұршақ балы ішек ауруларына пайдалы.

Шайқурай-балы мөлдір жасыл сары түсті сұйық бал. Балдың бұл түрін әлсіздікке,жараны қайтаруға пайдаланылады.

Жөке-балы жақсы сұрыпқа жатады. Сары жасыл түсті балдың бактерияға қарсы қасиеті бар. Жөке балының таиақ ауруларына пайдасы мол. Сондай-ақ ,тыныштандыратын қасиеті бар.

Шабындық-балы 1-ші сұрыпқа жатады. Сары қоңыр немесе алтын түсті балды шабындықтағы түрлі гүлдерден алады. Бұл бал арқылы тыныс алу,жүйке,жүрек ауруларының алдын алуға болады.

Таңқурай- балы ақ түсті болып келеді. Жоғары сұрыпқа жататын балдың бұл түрі суық тигенде тұмаудың алдын алу ушін пайдаланылады.

Балдың құрамы:

Гүл балының құрамында: 12-13 пайыз су,0,4 пайыз белок,0,3 пайыз көмір сутегі, глюкоза, жүзім қанты, сахароза, мальтоза және т.б. бар. Және де В3, В5, А, С, Н, Е, К, дәрумендері, минералды тұздар, ферменттер, сондай-ақ, химиялық элементтер, (кальций, фосфор, хлор, күкірт, натрий, темір, марганец, мыс және т.б) кездеседі. Бұлардан басқа алма,жүзім,қымыздық тәрізді қышқылдар да болады. Ара балының сапасын, негізінен, хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдылығы, қоректік, жабысқақтық қасиеттері арқылы анықтайды. Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5 градустан 10 градусқа дейінгі температурада сақтайды.

Балды жинау:

Бал аралары өте еңбекқор жәндік. Бал жинауда жыл мезгілі, ауа-райы, ара ұясының күйі, өсімдік түрі және оның омартаға қашықтығы, шірненің бөліну дәрежесі, маңызды рөл атқарады. Бал арасы балға қажетті гүл шірнесі мен тозаңын жинау үшін тынбастан гүлден гүлге қонады. Негізінен бұл істі жұмысшы аралар ғана атқарады. Аралар жайылған кездері 10-даған шақырымға дейін алаңсыз  ұшып кете береді. Және адаспай  өз ұяларын тауып қайтады. Әр ара өзінің қоржынына өз салмағының жартысына жететіндей шірне жинай алады. Олар жинаған шірнесін ұядағы жас араларға жеткізеді .Жас аралар шірнені тор көзшелерге салады. Іле қанаттарымен желдетіп, артық ылғалын жояды. Араның бал жинауы өсімдіктердің жаппай гүлденуіне тұстас келеді,сондықтан әсіресе көктемде жиналған балдың сапасы өте жоғары бағаланады. Араның сілекей безі шірнедегі қант құрамын өзгертіп,оны балға айналдырады. Мұндай бал ұзақ сақталады. Барлауға шыққан ара ә дегеннен шырынды гүл мен шүйгінді шөпті көп іздейді. Тапқан кезде өздеріне тән белгілермен кейінгілерге хабар береді. Көзшелер балға толғаннан кейін ара оны балаусыз қақпақшамен жабады.

Емдік қасиеті және қолданылуы:

Бал керемет, бірегей қасиеттерге ие болғандықтан,адамдар оны кеңінен қолданады. Мысалы кулинарияда, косметологиялық, медицинада қантты балмен алмастырып,түрлі-тағамдар жасауда пайдаланады. Түрлі бақылаулар,тәжірибелер өткізілу барысында, балдың тағам түрінде кеңінен қолданылатыны анықталған. Ол адамның тәбетін ашады,имунитетті жақсартады. Бал әсіресе балаларға және қарияларға өте пайдалы. Медицина саласында да балды кеңінен қолданады. Оның ерітіндісі инфекциялық жағдайда, мұрын бітелуде қолданған жөн. Балды массаж жасауға, түрлі сусабындар мен сабындарға қосады.

Қорытынды:

Біз бұл мәліметтер арқылы балдың адам денсаулығына, медицинада, косметология да және т.б. жағдайда көмек беретінін білдік . Осы күннен бастап мен балдың пайдасы туралы көптеген мәліметтер алдым. Біз балдың пайдасы жайында біліп жүретін болдық. Балдың пайдасы зор. Оны тіпті ертедегі адамдардың да қолданғанын білдік. Мен алдыма қойған мақсатқа жеттім. Осы тақырып төңірегінде көптеген мағлұматтар ала отыра, жұмысымызды жүргізіп,көзімізбен көргендей болдық. Оның емдік қасиеттеріне байланысты кеңінен қолдану керектігін білдік. Балдың құрамында адам ағзасына пайдалы барлық химиялық қоспалар бар екенін аңғардық. Осы жұмысты жалғастыру әлі ойымда бар.

You May Also Like

Дұрыс тамақтану, ғылыми жоба слайд

Асық – ұлттық ойын, ғылыми жоба уорд

Түз тағысы-қасқыр Ғылыми жоба

Бағыты: экология  Орындаушы:Мұхамеджанова Айым                 …

М.Мақатаев поэтикасындағы метафораның қолданыстық сипаты, ғылыми жоба

ҒЫЛЫМИ БАҒЫТЫ: ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ Жұмыстың тақырыбы: «М.Мақатаев поэтикасындағы метафораның қолданыстық…