Ең үздік ғылыми жоба «Ахмет Байтұрсынов – тіл білімінің атасы» Дайындаған: Жұмағали Данияр

Адамдық диханшысы

Жанын сала ұмтылды.

Болашақтың таңына

Қиялдап қана қойған жоқ.

Май тамызап, от берді.

Ой-сананың шамына.

Иә, қиялдап қана қоймай, жанын салып ұмытылған болашақтың таңы мен ой-сананың шамына май тамызып от берген Торғай қырандарының бірі — Ахмет Байтұрсынұлы.

Ахмет-қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар дарынды ақын, өз бетін танытқан мысалшыл,қазақ тілінің әліппесі мен оқулықтарының авторы, жаңашыл ағартушы. Ол шын мәніндегі нағыз күрескер-демократтық поэзияның негізін қалап, азаттыққа ұмтылған, азаматтық жыр үлгісін жасаған халқының қалаулы азаматы.

«Қазағым, елім!»,-деп,өз ұлтының бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы күресте бұқараның жүрегіне қозғау салып,ұйқысынан оятты. Қазақ халқының тағдыры, бүгіні мен ертеңгісі Ахмет поэзиясының өзегі болды. Ол өзінің ағартушылық, демократтық, гуманистік идеяларын халқына поэзия тілімен жеткізуді қалады.

Ахметтің өз өлеңдер жинағын «Маса» деп атауы да тегін емес еді. Ол ұйқыда, саясаттан тыс жатқан надан халқының құлағына маса боп ызыңдап оятуды ойлады.

Ақын арманы-«адамдық диханшысы» болып халқына қызмет ету. Ахмет бұл арманын орындады. Ол туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтықсыз қызмет етті. Халқының, елінің қалаулы сәулелі жұлдызына айналды. Шын мәнінде «адамдық диханшысы» атанды.

Негізгі бөлім

  • Ахмет-Ыбырай ізбасары

Ахмет Байтұрсынов – қыры мен сыры мейлінше көп адам. Ол қоғам қайраткері, өз заманындағы саяси басшы, дарынды ғалым-түрколог, ол -әдебиетті. Ол Абайдың кесек тұлғасын алғаш таныған, оның әдеби мұрасын алғаш жоғары бағалаған сыншы. Ол -әдіскер педагог.

Халық ағарту ісіне білек сыбанып, тікелей кіріскен, мектептер ашып, оқу құралдарын жазып,ұстаздықпен айналысқан Ы. Алтынсарин екені белгілі. Ол: «Мектеп- қазақтарға білім берудің басты құралы. Біздің үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы тек мектептерде»,-деп жазды. Ұлы ағртушы бастаған осы ойды, ұстазлық жұмыстарды дамыта жалғастырушы А. Байтұрсынұлы болды. Ол 1905 жылы педогогикалық учелицені бітірісімен Қазақстанның әр түрлі облыстарынан мектептер ашып,ұстаздықпен айналысты.

Кел балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!-деп балаларды оқуға шақырған Ыбырайдың ізімен Ахмет те:

Балалар оқуға бар, жатпа қарап,

Жуынып киініңдер шапшаңырақ.

Шақырды тауық мана әлдеқашан,

Қарап тұр терезеден күн сығалап,- деген өлең шумағынан балаларды мектепке, оқуға шақырады.

Ахмет «Айқап» журналының 1912 жылы төртінші санында жарияланған мақаласында балалардың тез өсіп жетілуінің бір кілті- оларды ана тілінде оқыту, ол үшін ана тілінде оқу құралдарын жазу, оны жазу үшін қазіргі қолданылып жүрген жазуымызды (араб жазуы) өз тіліміздің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіру деп жазды және айтқандарын бірінші болып өзі орындап шықты. Араб Әліппесін қазақ Әліппесі етіп өзгертті Төмендегі сурет Ахмет «Әліппесінің» суреті.

Қазақ тілінің дыбыстық, грамматикалық жүйелерін зерттеп, одан мектептерге арнап оқу құралдарын жазды. Бұл істердің қай-қайсылары болса да ана тілімізде жарық көрген тұңғыш туындылар болатын.

Ғалымның ғылыми -әдістемелік дидактикалық көзқарастары «Баяншы», «Тіл-құрал», «Әліппе астары», Әліпби сияқты оқулық, оқу-әдістемелік құралдарда да кең орын алған.

Ахмет 1926 жылы өзінің әйгілі «Әдебиет танытқыш» кітабыни бастырып шықты. Бұл кітапты біз Аристотелдің «Поэтикасымен» қатар қойып салыстыруымызға болады.

А. Байтұрсыновтың «әдебиет » еңбегінің ең басты бағалылығы-әдеби терминдерді қазақша қалыптастыруы.

Әдеби терминдердің басым көпшілігінің аудармасын ойлап тапқанда Ахмет Байтұрсынұлы; көріктеу, айшықтау, алмастыру, түйіндеу, т.б.

Осылардың бәрі М.Әуезовтің «Ахаң түрлеген ана тілі дейтін еңбегінде айқын көрсетілген.

Ахмет қазақтың тұңғыш Әліппесі мен ана тілі ,әдебиет оқулықтарының авторы екенін, қазақ тілі грамматикасындағы сан алуан лингвистикалық терминдрдің авторы екенін білгеніміз жөн.

Кеменгер ғалымның оқу-әдістемелік еңбектері, мектеп жұмысына қосымша ой-пікірлері осы күні де өз құнын жоя қойған жоқ.

Ыбырай мен Ахмет-»Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болған» алғашқы ұстаздар. Олардың халық үшін, өнер-білім үшін, тәуелсіз, мәдениетті ел ету үшін күрескен қажырлы еңбектерін халық ешқасан ұмытпайды.

1.2 Ахмет Байтұрсынов — тіл білімінің атасы

Қазақтың ұлы ғұламасы Ахмет Байтұрсынұлының халық үшін істеген игі істерінің ішіндегі ең шоқтығы биік қызметінің бірі-араб жазуына өзгерістер енгізіп қазақ әліпбиін құрастыруы. Осы арқылы ғылым халқының тез сауаттанып хат тануына оқу білімге деген құштарлықтарының оянуына ерекше ықпал еттіАхмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады да, оны 1912 жылдардан бастап қолданысқа енгізді. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды- жіңішкелі үндестік заңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады. Сөйтіп, оқу- ағарту идеясына сол кезіндегі интелегенциясы жаппай мойын бұрды. Әрбір зиялы азамат халқына қара танытып, сауатын ашуды, ол әрекетті «Әліппе» құралдарын жазудан бастауды мақсат етті. Сол 1911-1912 жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларының баспаханаларында жарық көрген. Ахмет Байтұрсынұлының [7]әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 1912-1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым «Әліп-бидің» жаңа түрін жазды. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танып-танытудағы қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Осы тұста оның атақты «Тіл – құрал» атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазылды. «Тіл-құрал» тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының, іргетасы болып қаланды. Жалпы қазақ тіл білімін қалыптастырып, зерттеп, танып-білу тарихымызда Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» мен «Тіл құралдарының» орны айрықша. Қазақ тіл білімінің ана тіліміздегі іргетас қалаудағы Ахметтің тағы бір зор еңбегі — ғылымының осы саласының терминдерін жасауы. Ғалым қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атау ұсынды. Осы күні қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз деген сияқты сан алуан лингвистикалық атаулардың баршасы Ахмет Байтұрсынұлынікі. Бұлар не бұрынғы қарапайым сөздің мағынасын жанғырту арқылы, не жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге келген соны сөздер, сәтті шыққан атаулар екенің олардың күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқандығы.

А. Байтұрсыновтың өзі «Қазақ жазуы» деп, кейінгі зерттеушілер «Қазақтың тұңғыш ұлттық жазуы» деп аталған араб таңбалы жазуды ХХ ғасырдың алғашқы жартысынан бастап латынға ауыстыру науқаны басталды. Бұл қарекет, әрине, жеке-дара қазақ мәдениетінде емес, түріктер мен әзірбайжандарда басталып, Ресей қол астындағы түркі халықтарының (татар, қазақ, өзбек, қырғыз, ноғай т. т.) барлығының саяси-мәдени өмірінде белсенді түрде орын алғаны белгілі. Бұл құбылыстың алдыңғы кезеңдердегі алфавит, соған сәйкес жазу тәртібі – орфография мәселелерінің қойылуынан өзгешелігі сол – бұл кезеңде (1924 – 1929 жылдары) графика мен орфография үлкен саяси-әлеуметтік үн алды. Конференция, жиындар өткізілді. Бұл проблемаларға арналған ғылыми-практикалық негіздерге сүйенген баяндамалар жасалып, үлкен пікірталастар орын алды, қазақ ағартушылары мен ғалымдары арабшылар – латыншылар болып айқын екі жікті құрады. А.Байтұрсынов, М.Дулатовтар бастаған «арабшылар» (реформаланған араб жазуын ұсынушылар) азшылық болды. Сол кезеңнің саясатына қарай өзге түркі халықтары өкілдерінің көпшілігі латын жазуын жақтап, Кеңес Одағына қараған түркі халықтары үшін латын жазуына көшу ұйғарылды.

Кейін1929 жылықазақ халқы сан ғасыр қолданып келген араб жазуынан жаңа жазу – латынға көшті. Оның қолданылу тәртібі – орфографиясы 1929 жылы жеке талқыланып (Қызылордадаөткен конференцияда), осы кезден бастап іс жүзінде қолға алынды: мектептер мен баспасөз және баспа орындары енді латынша жазуға көшті.

Қазақ мәдениетіүлкен таластармен қабылданған латын жазуының да «қызығын» көп көре алмады. Тағы да коммунистік империялық саясаттың тегеурінімен латын жазуы аласталып,кириллица− «орыс жазуы» қабылданды. Бұл тұстағы «орыс жазуын» қостайтын ғылыми-теориялық негіздеме әлсіз болды, араб жазуындай (сан ғасырлық) қолданыстағы тарихи дәстүрі болған жоқ, не қазақ тілінің дыбыс құрылымына сәйкестену мүмкіндігі де (қазақ жазбасына қажет дыбыс әріптерінің болу-болмауы) өзге жазулардан (айталық, алдыңғы латын әліпбиінен) артықшылығы көрінбеді, не сауатты жазуға ұсынылатын емле ережелерінде үлкен өзгерістер болмады. Тек орыс тілінен және орыс тілі арқылы келіп жатқан интерсөздер орыс тіліндегі қалпында жазылатын ереже бел алды. Бұл ереже тіпті шет тілдік, әсіресе қазақ тіліне «орыс тілдік» сөздердің қалың нөпірін қазақ фонетикалық жүйесіне келтірем деп қиналмай- Орыс жазуына(кириллцаға) көшу процесі негізінен латынға көшкендегідей бүкілодақтық үлкен жиын-конференцияларсыз, ғылыми негізді пікірталастарсыз, көп дайындықсыз өтті,ССРО-ны мекендеген түркі халықтарының жазуы латыннан кириллицаға көшсін деген үкімет қаулысы алынды да, 1940 жылы күзде қауырт жаңа әліпбиді қолдануға жарлық шықты. Әрине, оған көшудің алдында да кейбір жиын-жиналыстар мен баспасөзде жаңа жазуға қатысты пікір айтылып жатты. Ол пікірлер негізінен жаңа жазудың емлесі жайында болды, өйткені графика түрін таңдау ғалымдар мен ағартушылардың (тіпті халықтың) құзырында болмай қалды: оныРесейлік(империялық) мүдде менкоммунистік идеологияөздері шешті, қабылдатты. Он-он бес жыл бұрынғы латынға көшу қарекетінен бұл іс-әрекеттің айырмасы – тоқпақ күштірек соғылды, ғылым мен ағарту мүдделеріне жол бермеді, оның үстіне ұлттық мүдде үшін жандарын сала күресетін, өздеріне замандас орыс және өзге ұлт білімпаздарымен сауатты түрде айтыса алатын А.Байтұрсынов,Ә.Бөкейханов,

М.Дулатов,Т.Шонанов,Қ.Кеменгеров,С.Омаров,Н.Төреқұлов,Б.Сүлеев

сияқты ғалымдар «халық жауы» болып атылып-айдалып кеткен-ді. Қазақ тілі мен жазуы үшін күресетін одан кейінгі ғалымдар легі өсіп, жетіліп, қайтпас қайсар рух дәрежесіне енді келе жатқан болатын. «Орыс жазуы» мен оның емлесіне қатысты пікірлердіС. Жиенбаев,М. Балақаев,Ш. Сарыбаев,С. Аманжолов,І. Кеңесбаев сияқты тіл мамандары айтты. Жаңа жазудың орфографиясына қатысты шешімі қиын тұстары баршылық болатын. Бұл қиын тұстар (ережелер) тек кірме сөздерге ғана емес, төл сөздерді дұрыс жазуға да қатысты болды. Жаңа жазуда қолданылатын емленің қиын тұстары жайында кейінгі тарауларда жеке-жеке талданады. Емлені талқылауда үлкен пікір таласы болмағанмен, жеке ережелеріне келгенде айтарлықтай екі-үш ұдайылық (қарама-қарсылық) сипат алған ұсыныстар мен дәлелдеулер орын алып отырды.

Ал қазақ ұлты ұзақ тарих көшінде сан алуан жазуды қолданып келгені белгілі.

Бүгінгі таңда елімізде латын әліпбиіне көшу әлі де екі жақты тартыс пен талас тудырып отырған мәселе болып табылады. Латын әліпбиіне көшуді жақтаушылар бұл мемлекеттік тілдің өзінің күшіне енуіне оң әсерін тигізеді десе, латынға қарсылық білдірушілер халық арасында сауатсыздық бел алады деп шошуда. Кейбіреулер Ахмет Байтұрсынов бастаған қазақтың ардақтылары латын әліпбиіне қарсы болған деген пікірлерін де алға тартады. Ахмет Байтұрсынұлының латын жазуына қарсы шыққандығы негізгі ойлағаны-елдің мәдениеті мен экономикалық жағдайы еді. Ахаң латынға көшу арқылы бүкіл қазақ халқы біріншден, рухани-мәдени дүниесінен айырылатындығын, екіншіден, оқулық шығару, баспа ісі, т.б. латындандыру үшін орасан көп қаржы керек болатындығын, қатты ескертумен болған.(«Еңбекші қазақ», 1926,№282. 19 желтоқсан) Сол кездегі жазуға қатысты пікірталастар «Әліппе айтысы«деген атпен 1927 жылы Қызылорда қаласында кітап болып басылып шыққан. Бұнда А.Байтұрсынұлының пікірін М.Дулатұлы, Е.Омарұлы, а. Байтасұлы, І.Ахметұлы қолдап, сөз сөйлейді.- Қазіргі ғалымдар пікіріне қарасақ Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру елімізге саяси жағынан да, ғылым-білім тұрғысынан да, заман талабына сай даму үшін де өте маңызды. Сондай-ақ, бұл шараның қазақ тілінің дамуына, қолданысының кеңеюіне қосар үлесі де қомақты. Себебі бүгінге дейін өзіміз әбден үйренісіп, қолданып келе жатқан кирилл жазуы да аса жетілген, кемел емес екені белгілі. Мұны түсіндірме сөздікпен жұмыс істеуде, әсіресе сөздердің орфографиясы, орфоэпиясына келгенде анық байқадық. Жазуымызда қазақ тілінің дыбыс жүйесіне бағынбайтын кемістіктер, көпшілік үйреніп кеткенімен, кірме сөздердің орыс тіліндегі заңдылықтар бойынша сақталып жазылуы, басы артықь, ъбелгілері,в, ф, ц, ч, щ, ю, яәріптері, т.б. қиындықтар кездеседі. Латынға көшуде өзге себептермен қатар, тілдік тұрғыдан осы бір қиындықтарды шешуге, қазақ тілінің дыбыс жүйесін сақтайтын, табиғатына сай жүйелі, жетілген әліпбиді түзу мүмкіндігі туып тұр.

  • «Байтұрсынов жазуы» 

Ұлағатты ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы туған тіл туралы өзекті мақалаларында: «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. …Біздің заманымыз – жазу заманы, жазу мен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман» деп жазған екен. Шындығында, ол қазақ әліпбиін түзеп, түрлеудің, ана тілінде оқулықтарды жазудың мәні зор екенін , ұлт тілінің келешегі үшін күрескен кемеңгер. Кемеңгерлігі сол, әркімнің тіліне еріп, адасып жүрген жұртына «Қазақ әліпбиін» тайға таңба басқандай жасап берді. Ахмет түрлеген әліпбиді күллі түркі жұрты, сонымен бірге орыс ғалымдарының «…енді түзетуді қажет етпейтін, тарихи тұрғыдан алғанда кемелденген, жетілген ұлттық графика» деп бағалағаны тарихи шындық.

Ахмет Байтұрсынұлы өз заманының ағысына қарсы тұра білген қайраткер. Қазақ халқының рухани көсемі болып, болашақтың жарық, тыныш, көк аспан астында өмір сүруіне өзінің ақылын арқау еткен. Өз достарының алды бола білген Ахмет өткір, алмас қылыштай адамның ойын осып өтетін сөздерімен өлең арқылы ой-сезімін білдірген. Қазақтың қазақ бола білуіне кеудесіндегі жанын да аямаған. Қарусыз-ақ сөзбен адам өлтіретін Ахмет қазақ елінің келешегін тәуелсіздікке жетелеген халықтың рухани жетекшісі. Халық үшін, халықтың мәдени-әлеуметтік болмысын көтеру үшін қызмет еткен.

Қазақ әліпбиінің атасы – Ахмет Байтұрсынұлы ұлт әліпбиін негіздегенде алдымен оның дыбыс өлшемін, яғни қазақтың сөйлеу мақамындағы дыбыс санын анықтаған. Әлбетте, ол сол кезгі қазақ тіліндегі ұғым-танымдар өресіндегі сөз қолданылысына, яғни тұтынудағы сөз қорына байланысты болатын. Белгілі бір атауларды атап, танымдарды түсіндіре алатын сөз қолданыстарының жиынтығындағы дыбыстар түзілімі – мағына құрайды. Қажет болған жағдайда, бұл дыбыстарды морземен де, эсперантомен де, тіпті сан түрінде де бейнелеуге болады. Алайда, бұлар әліпби болып шықпайды, орайға қарай шартты қолданыс түрлері ғана. Бұлар ұлттық ерекшеліктері жоқ, бұқаралық емес, шектеулі қолданыстағы жазу түрлері.

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің өзіне дейінгі хат тілін де, халық әдебиетін де, сөйлеспелі сөз қолданылысын да зерделей келе, Қазақ тілінде 24 түрлі дыбыс бар. Оның бесеуі дауысты, он жетісі дауыссыз, екеуі жарты дауысты… Бұл дыбыстардың ішінде қ һәм ғ ылғи жуан айтылады. К мен г һәм е ылғи жіңішке айтылады. Өзге 19 дыбыстардың әр қайсысы бірде жуан, бірде жіңішке айтылады. Егерде бұл 19 дыбыстың жуан айтылуы үшін бір белгі, жіңішке айтылуы үшін бір белгі керек десек, .. онда 19 дыбысқа 38 белгі керек болар еді. Бұған дайым жуан айтылатын қ мен ғ-ны қосқанда, дайым жіңішке айтылатын к мен г, е-лерді қосқанда, бәріне 43 белгі (харіп) керек, – деп анықтай келе, араб таңбасының қазақ дыбыстарына жеткіліксіздігіне байланысты 38 белгі қажет ететін жуанды-жіңішкелі 19 дыбысқа айырымдық дәйекші белгісін қолдана отырып, 19 таңба үнемдейді. Сөйтіп, жіңішкелік үшін жалғыз ғана белгі алып, 43 түрлі дыбысты 25 белгімен дұрыстап жазуға болады, – деген қорытындыға келіп, осы негізде тұңғыш қазақ әліпбиін жасайды.

Қазақ тілін ана тілімізде тұңғыш зерттеуші Ахмет Байтұрсынұлы өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойғанға ұқсайды: ол әуелі қазақтың ұлттық жазуын графикасын жасауды мақсат еткен, бұл үшін араб алфавиті негізіндегі «Байтұрсынов жазуы» (Төте жазу) дүниеге келген, екінші – сол жазумен сауат аштыруды ойлаған, бұл үшін «Оқу құралы» атты әліппе оқулығын жазған, одан соң қазақ тілінің грамматикалық құрылымын ана тілінде талдап беру мақсатын қойғаң бұл үшін «Тіл құралды» жазған.

Қорытынды

Қорыта айтқанда, А.Байтұрсын­ұлының қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсаған тұлға болғандығын оның қаламынан шыққан қыруар еңбектері дәлел болады. Мәселен, «Оқу құралы» (Қазақша әліппе) атты кітабы алғаш рет 1912 жылы Орынборда жарыққа шықты. Бұл еңбегі 1912-1925 жылдар аралығында 9 рет қайта басылып, қазақ қоғамында ұзақ қолданыста болды. Сондай-ақ «Оқу құралының» (Әліппеге жалғасы) 2 кітабы 1913 жылы жарық көріп, 1924 жылға дейін 4 рет басылып шығады. Одан кейінгі «Оқу құралының» (Әліппеге баяншы) 3 кітабы 1913-1921 жылдар аралы­ғын­да 2 рет жарық көреді. Ал ғалымның тек оқушыларға ғана емес, ересектердің сауатын ашуға арналған «Оқу құралы» 1921 жылы, «Сауаташқыш» 1924 басылып шықты. Ал методикалық құрал «Баяншы» 1920 жылы жарыққа шыққан. Сонымен қатар «Әліппе астары» 1924 жылы, ал «Жаңа әліп-би» атты жаңа оқулықты 1926 жылы ұсынады. «Тіл жұмсардың» бірінші бөлімі 1928 жылы, екінші бөлімі 1929 жылы жарық көрді. Ал ғалымның «Тіл – құрал» атты үш кітаптан тұратын еңбегі қазақ мәдениетінде бұрын болмаған тың дүние болды. Себебі бұл кітап – қазақ тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымын талдап, жүйелеп, танытып берген, қазақ тіліндегі тұңғыш ғылыми еңбектің басы еді. «Тіл – құралдың» фонетикаға арналған І бөлімі алғаш рет 1914 жылы жарық көріп, 1927 жылға дейін 7 рет басылып шығады. Бұл кітаптың морфология саласына арналған ІІ бөлімі 1914 жылы баспадан шыққан. Ол да 1927 жылға дейін 8 рет басылып шығады. Синтаксиске арналған ІІІ бөлімі де 1923 жылы жарыққа шығып, 1928 жылға дейін 6 рет қайтадан басылады. Қазақ халқы үшін осыншама қыруар еңбек еткен ұлы тұлға есімін артында қалған ұрпақтары мәңгілікке ұмытпайтыны хақ.

Мазмұны

 Кіріспе……………………………………………………………………………………………………………3

Негізгі бөлім

  • Ахмет-Ыбырай ізбасары…………………………………………………………………………4-5
  • Ахмет Байтұрсынов — тіл білімінің атасы…………………………………..6-8
  • «Байтұрсынов жазуы»…………………………………………………………………………..9-10

Абстракт

Зерттеу мақсаты:

Менің таңдаған ғылыми жобамның тақырыбы Ахмет –тіл білімінің атасы.

Бұл тақырыпты зерттегендегі негізгі мақсатым Ахмет қазақ қоғамындағы еңбегін терең қарай отырып, ақынды жан-жақ қырынан танып, білу. 

Зерттеу міндетім:

Тақырыбымның мақсаты негізгі жоспарға сәйкес төмендегі зерттеу міндеттерімен толықтырылып, айқындалды.

  • Ахмет-Ыбырай ізбасары
  • Ахмет Байтұрсынов — тіл білімінің атасы
  • «Байтұрсынов жазуы»

 Гипотеза-болжам:

Тақырыпты таңдағаннан кейін келешекте орындауы мүмкін болжамым:

  1. Біз қазақ жастары Ахмет ағай қазақтың тұңғыш Әліппесі мен ана тілі ,әдебиет оқулықтарының авторы екенін, қазақ тілі грамматикасындағы сан алуан лингвистикалық терминдердің авторы екенін білгеніміз жөн.
  2. Қазіргі ғалымдар пікіріне қарасақ Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру елімізге саяси жағынан да, ғылым-білім тұрғысынан да, заман талабына сай даму үшін де өте маңызды. Сондай-ақ, бұл шараның қазақ тілінің дамуына, қолданысының кеңеюіне қосар үлесі де қомақты болмақ деп ойлаймын.

Нәтежелер мен қорытындылар

  1. Ахмет Байтұрсынұлы аңсаған егемендіктің құны мен қадірін бағалауымыз, ары қарай дамытуымыз керек!

Олар бастап беріп кеткен түбегейлі жаңаруды заман талабына сай дамытуға міндеттіміз.

  1. Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармалары, саяси ағартушылық қызметі-ұрпақтар үшін қазыналы мол мұра.
You May Also Like

Жұмбақтар және оның түрлері, ғылыми жоба

КІРІСПЕ Жұмбақтар – қазақ халық ауыз әдебиеті ішінде атадан балаға мұра ретінде…

Тарбағатай ауданының рекреациялық-географиялық дамуының алғышарттары мен даму болашағы, ғылыми жоба

ҒЫЛЫМИ ЖОБА   ТАҚЫРЫБЫ: Тарбағатай ауданының рекреациялық-географиялық дамуының алғышарттары мен даму болашағы МАЗМҰНЫ …

Жастарымның болашағына ұялы телефонның кері әсері, ғылыми жоба

Ғылыми жоба тақырыбы: Жастарымның болашағына ұялы телефонның кері әсері Мазмұны  Ұялы байланыстың…

Жылқы, ғылыми жоба

Жоспары: І Кіріспе.      ІІ Негізгі бөлім 2.1. Қан және қан айналымы…